Задорин Александр Дмитриевич (1935-2012) – биолог-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, КазССР-ның еңбек сіңірген агрономы.
1935 жылы 27 наурызда ШҚО, Лениногорск қаласында (қазіргі Риддер қ.) дүниеге келген. М. Горький атындағы Казань ауыл шаруашылық институтының агроном мамандығын аяқтайды. Осы ЖОО-да аспирантураны тәмамдап, «Приемы основной обработки почвы под яровую пшеницу в сухостепной зоне Восточного Казахстана» кандидаттық диссертациясын қорғайды. Егіншіліктің теориялық негізі мен практикалық мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылық мәдениет өнімін арттыруға барынша үлес қосқан. Әр жылдары ШҚО «Багратионовский» астық совхозында бөлім басқарушысы, бас агроном, директоры, ШҚ мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе стансасына жетекшілік еткен. 1970 жылдары В. Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, кейін КазССР Ауыл шаруашылық министрлігінде басқарма басшысы қызметтерін атқарған. 1988-2002 жж. А. Д. Задорин Бүкілресейлік Ғылыми зерттеу институтын басқарады, «Совершенствование системы земледелия (полеводства) в условиях вертикальной зональности Восточного Казахстана» докторлық диссертациясын қорғайды. Директор ретінде ғылыми жетекшілік жасап, таяу және шалғай шетелдегі кешенді зерттеу жұмыстарына қатысқан.
200-ден астам ғылыми жұмыстың, соның ішінде монографиялар, кітаптар мен брошюралардың авторы, бірқатар еңбектері шетелде жарияланған.
Ғылыми, педагогикалық әрі қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері үшін А. Д. Задорин Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, КСРО-ның «Қажырлы еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен, Ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесінің екі қола медалімен марапатталған. Корреспондент мүшесі А. Д. Задориннің ғылыми еңбектері отандық егіншілік теориясы мен практикасына үлкен үлес қосқан.
Александр Дмитриевич Задорин 2012 жылы 23 мамырда қайтыс болды.
А. Д. Задоринның ғылыми еңбектері
Научные труды Задорина А. Д.
Кітаптар - Книги
Задорин, А. Д. Ғалымдар мен мамандардың кеңесi [Мәтін] / А. Д. Задорин. - Алматы, 1972. - 4 бет.
Задорин, А.Д. Борьба с ветровой и водной эрозией в Восточном Казахстане[Текст] / А. Д. Задорин.- Алма-Ата, 1979.- 21 с.
Задорин, А.Д. Увеличение производства зерна на Востоке Казахстана[Текст] / А. Д. Задорин.- Алма-Ата, 1979.- 66 с.
Задорин, А. Д. Совершенствование систем земледелия (полеводства) в условиях вертикальной зональности Восточного Казахстана [Текст]: автореферат дис. ... доктора сельскохозяйственных наук : 06.01.01/ А. Д. Задорин. - Кишинев, 1990.
Задорин, А. Д. Проблемы адаптации в земледелии [Текст] / А. Д. Задорин; Рос. акад. с.-х. наук; Всерос. науч.-исслед. ин-т зернобобовых и крупяных культур. - Орел: Тургеневский бережок: Лебедкин, 1997.
А. Д. Задоринның қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Задорина А. Д.
Вопросы физиологии, селекции и технологии возделывания сельскохозяйственных культур [Текст]: [сорник научных трудов] / [под ред. А. Д. Задорина]. - Орел: Орелиздат, 2001.
Биологический и экономический потенциал зернобобовых, крупяных культур и пути его реализации [Текст]: материалы междунар. науч. конф., приуроч. к 35-летию ВНИИ зернобобовых и крупяных культур / [под ред. А. Д. Задорина]. - Орел: ВНИИ зернобобовых и крупяных культур, 1999.
Научные основы создания моделей агроэкотипов сортов и зональных технологий возделывания зернобобовых и крупяных культур для различных регионов России [Текст] : сборник статетй науч.-метод. координац. совещ., Орел, март 1996 г. / [под ред. А. Д. Задорина]. - Орел: Орелиздат, 1997.
Авторларымен бірігіп шыққан мақалалар
Статьи, вышедшие в соавторстве
Задорин, А. Д. Эрозияға қарсы күрес [Мәтін] / А. Д. Задорин, Н. Кузнецов. // Коммунизм туы. - 1967. - 5 сентябрь.
Семенов, Н. Жерді желден сақтау жолдары [Мәтін] / Н. Семенов, А. Д. Задорин // Коммунизм туы. - 1973. - 30 март.
А. Д. Задорин туралы әдебиеттер
Литература о Задорине А. Д.
Наш земляк - Александр Дмитриевич Задорин [Текст] : [бывший директор ВК Гос. сельскохозяйственной опытной станции; некролог] // Рудный Алтай. - 2012. - 4 июля. - С. 4.