Известные имена

Жылқыбаева А. Ш.

zhylkybaeva a shЖылқыбаева Амантай Шаймардановна (1950 ж.) - филология ғылымдарының докторы, доцент ВАК доценті, ШҚМУ профессоры.

1950 жылы 6 тамызда Тарбағатай ауданы Шілікті ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы Абай ат. орта мектепті бітіреді. 1975 жылы Өскемен педагогикалық институтының (қазір С.Аманжолов атындағы ШҚМУ) филология факультетін үздік аяқтайды. 1975-1978 жж. Ұлан ауданы Ленин атындағы және Өскемен қ. №14 орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарады. 1992-2013 жж. – С.Аманжолов атындағы практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.

1991 жылы академик Ә.Қайдаровтың жетекшілігімен «Область научных интересов: тюркология, этнолингвистика, лингвокультурология, методика преподавания казахского языка в русской аудитории» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. 1991 жылдан бері филология ғылымдарының кандидаты. 1996 жылдан ВАК (Жоғары Аттестациялық Комиссия) доценті. 2001 жылдан бері – ШҚМУ профессоры. 2013 ж. бері филология ғылымдарының докторы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің КАЗТЕСТ сараптамалық комиссиясының мүшесі, университеттің НТС мүшесі (Houston Technology Center), мемлекеттік тілді дамыту бойынша қалалық комиссия мүшесі, облыстық ономастика комиссиясы және қалалық ғылыми-әдістемелік кеңес мүшесі. Өңірлік лингвистика орталығының директоры.

2 ғылым кандидатын дайындаған, 1 кандидаттық жұмыс қорғауға әзірленуде.

70-тен аса еңбектің авторы, соның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы, 5 әдістемелік құрал, 2 электронды юниттер мен сөздіктер. 4 ғылыми мақаласы шетелде жарияланды. 10 мақала Комитет ұсынған басылымдарда жарияланған.

«ҚР Халыққа білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағының иегері (2002 ж). ҚР Білім және ғылым министрлігі (2007), Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамоталары (2007), «Университет мақтанышы» төсбелгісі (2012), Облыс әкімінің Алғыс хатымен (2012) марапатталған.

 

 

А. Ш. Жылқыбаеваның ғылыми еңбектері

Научные труды Жылкыбаевой А. Ш.

Кітаптар - Книги

 

Жылқыбаева, А. Туған тіл - тұғырым [Мәтін] / А. Жылқыбаева. - Өскемен, 2009. - 210 б.

 

Авторларымен бірігіп шығарған басылымдары

Книги, вышедшие в соавторстве

 

Жылқыбаева, А. Ш. Мемлекеттік тілден кандидаттық минимум тапсыратын аспиранттар мен ізденушілерге арналған емтихан материалдары [Мәтін] : әдістемелік нұсқаулар / А. Ш. Жылқыбаева, С. Т. Садықова. - Өскемен : ШҚМУ баспасы, 2003. - 31 б.

 

А. Ш. Жылқыбаеваның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации А. Ш. Жылкыбаевой в периодических изданиях и сборниках

 

Жылқыбаева, А. Ш. М. Әуезовтің " Абай жолы эпопеясындағы этнографизмдердің стильдік қолданыстары [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // Абай : рухани мәдениет мәселелері және қазіргі кезең = Абай : проблемы духовной культуры и современность : ғылыми еңбектер жинағы. Ғылыми-практикалық конференция (8-9 маусым 1995 ж.). - Өскемен : ШҚМУ, 1995. - 197 б.

Жылқыбаева, А. Ш. Дүлдүлдер сайысы [Мәтін] : [облыстық "Жігіттің сұлтаны" байқауынан кейінгі кейбір ойлар] / А. Ш. Жылқыбаева // Дидар. - 1996. - 27 маусым.

Жылқыбаева, А. Ш. Түркi тiлдерiн салыстырмалы-тарихи әдiспен зерттеудiң маңыздылығы [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // XVIII - ғасыр мен XXI - ғасырдың басындағы Шығыс Қазақстан халықтарының шаруашылық және мәдени iс-әрекетiндегi өзара байланысы мен бiр-бiрiне ықпалы : халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары = материалы международной науч.-практ. конференции (11-12 окт. 2001 г.). - Өскемен, 2001. - Б. 102-104.

Жылқыбаева, А. Ш. Қымыз лексемасының салт-дәстүрдегі көрінісі [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // Тілтаным. - 2003. - № 1. - Б. 49-53.

Жылқыбаева, А. Ш. Ғұлама ғалым ұлағаты [Мәтін] : академик Ә. Қайдаровтың 80 жылдығына орай ғылымға қосқан үлесi жайында / А. Ш. Жылқыбаева // Дидар. - 2004. - 4 желтоқсан. - Б. 6.

Жылқыбаева, А. Ш. Шежірелі білім ордасы [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // Семей таңы. - 2004. - 15 қазан. - Б. 6.

Жылқыбаева, А. Ш. Түркi тiлдерiндегi тағам атауларына қатысты жөн-жоралар - дәстүрлi мәдениет көрсеткiшi [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // "Орталық Азия және Қазақстан : түркi өркениетiнiң бастауы" атты халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының еңбектерi (25-26 мамыр). Т. 1. - Тараз, 2006. - Б. 203-207.

Жылқыбаева, А. Ш. Нұрсұлтан Назарбаев - тiл саясаткерi [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // Основы имиджелогии на примере Первого Президента/ под общ. ред. А.М.Газалиева.- Усть-Каменогорск, 2007. -Б. 82-86.

Жылқыбаева, А.Ш.Түркi тiлдерiндегi тағам атауларының символдық мәнi [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Сер. филологическая.- 2007.- 4. -Б. 170-172.

Жылқыбаева, А. Ш. Тағам атауларына қатысты табу мен эвфемизмдер [Мәтін] : түркi тiлдерiнiң материалдары бойынша / А. Ш. Жылқыбаева // Ұлағат. - 2008. - № 4. - Б. 119-128.

Жылқыбаева, А. Ш. Түркi тiлдерiндегi сүт тағамдарына қатысты атаулардың танымдық сипаты [Мәтін] : салыстырмалы аспект / А. Ш. Жылқыбаева // Вестник Казахстанско-Американского Свободного Университета. - 2008. - Вып. 2. - Б. 102-107.

Жылқыбаева, А. Ш. Аударма : теория және практика, проблемалар және оны шешу жолдары [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // Тәуелсіздік және өңірдегі ономастика мәселелері атты өңірлік ғылыми-практикалық конференцияның материалдары / Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы; С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2009. - Б. 144-148.

Жылқыбаева, А. Ш. Түркі тілдеріндегі тағам атауларының танымдық сипаты [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Серия филологическая. - 2009. - № 4. - Б. 195-199.

Жылқыбаева, А. Ш. Қазақ тiлiн кәсiби бағытта оқытудың тәрбиелiк негiзi [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // Қазақстан мектебi. - 2010. - № 8. - Б. 44-46.

Жылқыбаева, А. Ш. Тағам атауларындағы "бiрлiк" концептiсiнiң өрiсi [Мәтін] / А. Ш. Жылқыбаева // Ұлт тағылымы = Достояние нации. - 2010. - № 1. - Б. 203-209.

 

Авторларымен бірігіп шығарған мақалалары

Статьи, вышедшие в соавторстве

 

Жылқыбаева, А. Ш. Тәрбие өзегі - халықтық ұлағат [Мәтін] : [облыс бойынша кейбір мектептер халықтық педагогика бағытымен жұмыс істеуде] / А. Ш. Жылқыбаева, М. Ибраева // Дидар. - 1995. - 11 ақпан.

 

А. Ш. Жылқыбаева туралы әдебиеттер

Литература о Жылкыбаевой А. Ш.

 

Балшабеков, Х. Жұлдыздар алыстан жарқырайды [Мәтін] : ғалым А. Ш. Жылқыбаева туралы / Х. Балшабеков // Дидар. - 2005. - 5 наурыз.- Б. 2.