Бияров Төлеухан Нұралдаұлы (1949-2008 жж.) – қолданбалы математика мен кибернетика саласы бойынша қазақ ғалымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор.
1949 ж. 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, қазіргі Еңбек ауылында дүниеге келген. 1967 жылы С. М. Киров атын. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атын. ҚазҰУ) механика-математика факультетіне оқуға түскен. Екінші курстан бастап ЖОО оқытушыларын даярлайтын арнайы топта «Математикалық логика» мамандығы бойынша Аслан Таймановтың жетекшілігінде білім алған. 1972 ж. университеттің «Қолданбалы математика» мамандығын тәмамдаған соң, еңбек жолын С. М. Киров атындағы ҚазМУ жанындағы Қазақстан ЖМ АЖА (АИС ВШ Казахстана) ғылыми-зерттеу лабораториясында инженер-бағдарламашы ретінде жалғастырған.
1973-1976 жж. «Математикалық кибернетика» мамандығы бойынша аспирантурада оқыған. 1976-1989 жж. БАЖ (АСУ) математикалық қамтамасыз ету кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қызмет атқарған.
1989-2002 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЭЕМ және кибернетика, Кибернетика, Математикалық кибернетика, ЭЕМ математикалық қамтамасыз ету және математикалық кибернетика, Математикалық кибернетика және ақпараттық жүйе кафедраларын басқарған.
2002-2008 жж. Қазақстан-Британ техникалық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қызметін атқарды. 1989 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да алғаш рет «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша «Математикалық кибернетика» бөлімін ашқан.
1996 ж. «Ақпараттық жүйелер» (бизнесте) және 1998 ж. «Информатика» мамандығы бөлімдерін ашқан (Мемлекеттік стандарт авторы). ҚР БҒМ ОӘБ (УМО) осы мамандықтар бойынша әдістемелік комиссия төрағасы міндетін қатар атқарған.
Т. Н. Бияров 243 ғылыми-әдістемелік еңбектің, 17 оқу-әдістемелік құралдың, 8 монографияның авторы. Профессор Т. Н. Бияров Қазақстан кибернетика мектебінің негізін қалаған. 19 ғылым кандидатын, оның ішінде үшеуі «Математикалық кибернетика» мамандығы бойынша, 1 физика-математика ғылымының докторын дайындаған.
Оның шәкірттерінің қатарында Ж. Күлекеев, Б. Жұмағұлов, М.Н. Қалимолдаев, Ж.Д. Ертілесов, А. Д. Сапарбаев т.б. болды.
Мемлекеттік ғылыми шәкіртақыға Т. Н. Бияров есімінде мемлекеттік ғылыми шәкіртақы тағайындалған. Т.Бияровтың өлеңдері «Ағажай, Алтайдай жер қайда» және «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты бір топ катонқарағайлық ақындар жинағына енген.
Марапаттары: Көрнекті ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегері, «Тың жерлерді игеруге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған (1970 ж.). Ғалымға Ұлттық инженерлік академиясының академигі атағы берілген.
Т. Н. Бияровтың ғылыми еңбектері
Научные труды Биярова Т. Н.
Кітаптар - Книги
Бияров, Т. Н. Қозғалыстың орнықтылық теориясы [Мәтін] : жоғары оқу орындарының студенттеріне көмекші құрал / Т. Н. Бияров. - Алматы : Қазақ университеті, 1991. - 50 б.
Бияров, Т.Н. Өлеңдер. Мақалалар. Естеліктер [Мәтін] / Т. Н. Бияров. - Алматы : Орхон, 2009. - 256 б.
***
Бияров, Т. Н. Основы динамики и вопросы устойчивости механизмов высоких классов и машин со многими степенями свободы[Текст]: диссертация на соискание ученой степени доктора технических наук / Т. Н. Бияров; Каз.ГНУ им. Аль-Фараби; науч. конс. У. А. Джолдасбеков.- Алматы, 1993.- 380 с.
Бияров, Т.Н.Макромоделирование национальной экономики на конечном горизонте планирования[Текст]: монография / Т. Н. Бияров. - Алматы: Экономика, 1999. - 124с.
Авторларымен бірігіп шығарған басылымдары
Издания, вышедшие в соавторстве
Бияров, Т. Н.Элементар математика есептерінің жинағы [Мәтін] : оқу құралы / Т. Н. Бияров, М. М. Молдабеков. - Алматы : Кітап, 1992. - 348 б.
Бияров, Т. Н. Экономикалық кибернетика [Мәтін] / Т. Н. Бияров, А. Ө. Биярова ; ҚМҰУ. - Алматы : Қазақ университеті, 2000. - 218 б.
Бияров, Т. Н. Оңтайландыру және басқару [Мәтін] : оқу құралы / Т. Н. Бияров, Ә. С. Әжібекова, А. О. Биярова. - Алматы : ҚБТУ, 2008. - 196 б.
Бияров, Т. Н. Оптимизация и управление [Текст]. Ч. 1 : учебное пособие / Т. Н. Бияров, А. С. Ажибекова. - Алматы, 2007. - 123 с.
Бияров, Т. Н. Оптимизация и управление [Текст]. Ч. 2 : учебное пособие / Т. Н. Бияров, А. С. Ажибекова. - Алматы, 2007. - 136 с.
Т. Н. Бияровтың қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Т. Н. Биярова
Функционалдық анализ [Мәтін] : методикалық оқу құралы : 2-бөлім: Сызықтық операторлар теориясы / құраст. Т. Н.Бияров, А. А. Бедельбаев. - Алматы, 1985. - 68 б.
Методические указания по кредитной системе обучения [Текст] / сост. Т. Н. Бияров, С. Т. Тилемисов. - Алматы, 2004. - 28 с.
Оңтайландыру тәсілдері [Мәтін] : оқу құралы / құраст. Т.Н. Бияров, С.Б. Беркімбаева. - Алматы, 2005. - 72 б.
Т. Н. Бияровтыңмерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Т. Н. Биярова в периодических изданиях и сборниках
Мақалалары – Статьи
Бияров, Т. Н. Экономикалық реформаны баяулатуға болмайды [Мәтін] / Т. Н. Бияров // Егемен Қазақстан. - 2003. - 19 тамыз. - Б. 2.
Сұхбаттары - Беседы
Бияров, Т. Н. XXI ғасыр - технология ғасыры [Мәтін] : [техника ғылымының докторы, профессормен сұхбат] / Т. Н. Бияров; әңг. Е. Сахариев // Ана тiлi. - 2005. - 10 наурыз. - Б. 5.
Өлеңдері - Стихи
Бияров, Т. Н. Ауылдың ерке қыздары; Жаңбыр [Мәтін] : өлеңдер / Т. Н. Бияров // Лениншiл жас. - 1970. - 12 июнь.
Бияров, Т. Н. "Гүлдер" ансамблiне [Мәтін] : өлең / Т. Н. Бияров // Лениншiл жас. - 1971. - 25 март.
Бияров, Т. Н. Өлеңдері [Мәтін] / Т. Н. Бияров // Ағажай, Алтайдай жер қайда : өлеңдер жинағы / құраст. Ш. Оразаев. - Алматы : Полиграфия, 1999. - Б. 259-302.
Бияров, Т. Н. Шарықтатып әкетсе өлең жанды; Атамекен; Аруға; Сырласу; Сол бiр үй; Сағыныш; Таң жырлары; Алтай; Еңбек; Жаңбырдан соң; Элегия [Мәтін] / Т. Н. Бияров // Мұқағали. - 2009. - № 8. - Б. 11,13-14.
Т. Н. Бияровтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о научной деятельности Биярова Т. Н.
Назырбаев, Қ.Катонқарағай [Мәтін] / Қ. Назырбаев; ред. С. Бақтыгерейұлы ; ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі. - Астана : Фолиант , 2011. - 280 б. - Бияров Төлеухан: б. 221.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - Бияров Тілеухан: б. 138.
Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : А-К. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - Бияров Тілеухан: б. 408.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бияров Тілеухан : б. 273.
Сахариев, Е. Тәуелсіздік : не ұтып, неден ұтылдық? [Мәтін] : саяси және әскери ғылымдарының докторы профессор Әскер Бақаев және техника ғылымының докторы, профессор Төлеухан Бияровтың пікірі / Е. Сахариев // Қазақстан - ZAMAN . - 2005.- 16 желтоқсан. -Б. 1, 3.
Әшімханұлы, Д. Азамат. Академик. Ақын [Мәтін] : Төлеухан Бияров туралы / Д. Әшімханұлы // Түркістан. - 2009. - 7 мамыр. - Б. 11.
Назырбаев, Қ. Ғылымды мұрат еткен досым еді [Мәтін] : [кибернетика және механика саласындағы еліміздің белгілі ғалымы, профессор Төлеухан Нұролдаұлы Бияров 60 жасқа толды] / Қ. Назырбаев // Дидар. - 2009. - 29 сәуір. - Б. 6.
Уалханова, Р. Н. Катонқарағайдан шыққан тұңғыш академик: академик Бияров Төлеухан Нуралдаұлының туғанына 75 жыл толуына орай мақала / Р. Н. Уалханова. - Мәтін (визуалды) // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 3 мамыр (N18). - Б. 6.
Райысова, Б. Толқында туған тұлға : ақынг, техника ғылымдарының докторы, Төлеухан Бияровтың 75 жылдығына / Б. Райысова. - Мәтін (визуалды) // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 21 маусым (N25). - Б. 5.
Бақытқызы, А. Таңбадан шыққан қос ғалым: [А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада аудармашы Баламер Сахариев 95 жылдығына және профессор Төлеухан Бияровтың 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті] / А. Бақытқызы. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2024. - 28 қараша (N46). - Б. 9.
Сілтемелер - Ссылки
https://ru.wikipedia.org/wiki/Бияров,_Телеухан_Нуралдаулы
http://edu.semgu.kz/ebook/umkd/2b897be1-46e8-11e4-973d-f6d299da70eebook_inf.pdf с. 352.
http://yavix.ru/имя%20Телеухан
http://famous-birthdays.ru/data/01_maya/biyarov_teleuhan_nuraldaulyi.html
Бітімбаев Марат Жақыпұлы (1940 ж.) – Халықаралық инженерлік академия, Минералды ресурстар академиясының техника ғылымдары докторы.
Бітімбаев Марат Жақыпұлы 1940 жылы 18 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. 1962 жылы Қазақ политехникалық институтын (қазір Қазақ ұлттық техникалық университет) бітірген. Техника ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995).
Институттан кейін, 1963 ж. өз еңбек жолын Ащысай полиметалл комбинатында бастады, мұнда тау мастерінен бастап, кеніш бастығы, комбинат директорының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтті.
1962 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Тау инженері, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академия академигі және Қазақстан Республикасы Халықаралық инженерлік академия академигі.
Ол 1977 жылы қиын гидрогеологиялық жағдайда, 20-25 мыңға дейінгі жерасты сулары ағыны жағдайында, 500-800 м. тереңдікте озық технологияны қолданып, «Глубокий» кенішін жобалау және құрылысын салудың жоғары деңгейі үшін СССР Министрлер Советінің сыйлығына ие болды.
1984-1986 жылдары Ертіс полиметалл комбинатының бас инженері және директоры болды, ал 1986-1987 жж. Қазақ ССР-і Оңтүстік Қазақстан округі Мемлекеттік қалалық техникалық бақылау ұйымының бастығы қызметін атқарды. 1987 жылы шахта құрылысы басқармасы бастығына ауыстырылды, 1989 жылы Ащысай полиметалл комбинатының директоры болып тағайындалды.
1990 жылы Қазақ ССР-і Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1991 жылы Жоғарғы Кеңеске өнеркәсіп, транспорт және байланысты дамыту мәселелері бойынша Комитеттің босатылған мүшесі ретінде қызметке ауыстырылды.
1941 жылдың маусымында Өнеркәсіп министрінің орынбасары, 1944 жылы тамызда – Геология және жер қойнауы министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1997 жылы - "Казатомпром" АҚ ҰАК/НАК бас менеджері. 1999 жылы мамырда Д.А.Қонаев атындағы Ту-кен институтының директоры, 2002 жылдың мамырынан «Юбилейное» ЖШС, «Шалкия Цинк» ЖШС бас директорының орынбасары. 2005 жылдан бері "Invest Data" бас директоры және кеңес мүшесі.
М. Бітімбаев өзінің өндірістік және ғылыми жолында 83 авторлық куәлік, 5 патент алды. 110 ғылыми мақала, 8 монографияның авторы.
Марапаттары: «Құрмет белгісі» (1981), «Құрмет» (2006) ордендері, «Инженерная Слава» (Ресей Федерациясының Жоғары инженерлік Кеңесінің жоғары марапаты, 2010), «За доблестный труд, в ознаменование 100-летия со дня рождения В. И. Ленина» медалі (1970), «Еңбек ардагері» (1990) медалі, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) мерекелік медалі, МАИ 15 жылдығы алтын медалі (2006), «Шахтерская слава» 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі құрмет белгісі (осы награданың толық кавалері, 1992, 2000, 2006), сонымен бірге, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы (1977), СССР Министрлер Советінің сыйлығы (1977), О. A. Жолдасбеков атындағы сыйлық (2005), Ш. Е. Есенов атындағы сыйлық (2006). Кентау қаласының құрметті азаматы.
М. Ж. Бітімбаевтың шығармалары
Произведения Битимбаева М. Ж.
Кітаптар - Книги
Битимбаев, М. Ж. Технология выемки руды из целиков при повторной разработке обширных пластообразных рудных залежей с устойчивой кровлей [Текст] : автореферат диссертации / М. Ж. Битимбаев.- Алматы, 1994. - 34 с.
Битимбаев, М. Ж.Технология выемки руды из целиков при повторной разработке обширных пластообразных рудных залежей с устойчивой кровлей [Текст]: диссертация доктора технических наук / М. Ж. Битимбаев ; Институт горного дела им. Д. А. Кунаева ; науч. конс. Е. И. Рогов.- Алматы, 1994.- 311 с.
Битимбаев, М.Ж.Формирование рациональной структуры промышленности и проблемы инвестиционного обеспечения[Текст] / М. Ж. Битимбаев. - Алматы: Ғылым, 1994. - 202с.
Битимбаев, М.Ж.Сокращение потерь руды при подземной разработке месторождений[Текст] / М. Ж. Битимбаев. - Алматы: Ғылым, 1994. - 215с.
Битимбаев, М.Ж.Основы горного дела[Текст] : учебник / М. Ж. Битимбаев ;
Т. Кабетенов; Ассоциация высших учебных заведений РК.- Алматы, 2011.- 396 с.
Битимбаев, М. Ж. Теория и практика закладочных работ при разработке месторождений полезных ископаемых [Текст] : учебник / М. Ж. Битимбаев, Л. А. Крупник. - Алматы, 2012. - 600 с.
Битимбаев, М. Ж. Взрывное дело [Текст] : учебник / М. Ж. Битимбаев, Ю. Н. Шапошник, Л. А. Крупник ; Ассоциация вузов РК. - Алматы : Print-S, 2012. - 822 c.
М. Ж. Бітімбаевтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации М. Ж. Битимбаева в периодических изданиях и сборниках
Бітімбаев, М. Парасат дауысы басым естілуі тиіс [Мәтін] / М. Бітімбаев // Егемен Қазақстан. - 2016. - 9 сәуір. - Б. 4.
***
2004 - 2009
Битимбаев, М.Ж.Инжиниринг корпорации: революция или эволюция? [Текст] / М. Ж. Битимбаев // Мир Евразии.- 2004.- № 3.- С.34-35.
Битимбаев, М.Устремленная в будущее[Текст]: Национальной инженерной академии РК - 15 лет / М. Битимбаев // Казахстанская правда.- 2006.- 30 ноября.- С.5.
Битимбаев, М. Новая технология электрохимического извлечения золота из урановых руд [Текст] / М. Битимбаев // Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2006. - № 3. - С.65-70.
Битимбаев, М. Ж. Становление главной сырьевой базы черной металлургии Казахстана [Текст] / М. Ж. Битимбаев, Т. И. Маулянбаев // Горный журнал Казахстана. - 2006. - №5. - С. 2-5.
Битимбаев, М.Ж.Проблемы обоснования оптимальной производительности Качарского карьера [Текст] / М. Ж. Битимбаев // Горный журнал Казахстана.- 2006.- № 2.- С. 10.
Битимбаев, М.Ж. Ачсайский полиметаллический комбинат - наша вечная молодость [Текст] / М. Ж. Битимбаев // Горный журнал Казахстана. - 2007. - № 5. - С. 19-22.
Битимбаев, М.Ж. Становление главной сырьевой базы черной металлургии Казахстана [Текст] / М. Ж. Битимбаев, Т. И. Маулянбаев // Горный журнал Казахстана. - 2007. - № 6. - С. 2-6.
Битимбаев, М.Ж. Перспективы освоения месторождений кварцевых песков в Кызылординской области [Текст] / М. Ж. Битимбаев, Е. С. Дауылбаев // Горный журнал Казахстана. - 2008. - № 2. - С. 19-24.
Битимбаев, М.Ж.Использование ультразвука для повышения окислительного потенциала оборотных растворов подземного выщелачивания урана[Текст] / М. Ж. Битимбаев // Ұлттық инженерлiк академия хабаршысы = Вестник Нац. инженерной академии.- 2009.- № 1.- С.93-97.
Битимбаев, М.Ж.Химическия кольматация и способы ее устранения при подземном выщелачивании металлов [Текст] / М. Ж. Битимбаев // Ұлттық инженерлiк академия хабаршысы = Вестник Нац. инженерной академии.- 2009. - № 2. - С. 122-127.
2010 – 20...
Битимбаев, М.Ж. Феномен личности Президента - залог стабильности и процветания Казахстана [Текст] / М. Ж. Битимбаев // Горный журнал Казахстана. - 2010. - № 6. - С. 7-8.
Битимбаев, М.Ж. Технологические схемы открытых горных работ с контейнерной доставкой горной массы [Текст] / М. Ж. Битимбаев, В. И. Осадчий // Горный журнал Казахстана. - 2010. - № 12. - С. 19-22.
Битимбаев, М.Ж. Перспективы развития цветной металлургии Казахстана в свете выполнения Государственной программы форсированного индустриально-инновационного развития [Текст] / М. Ж. Битимбаев // Горный журнал Казахстана . - 2010. - № 7. - С. 12-15.
Битимбаев, М. Электросорбционная технология извлечения золота из сульфидных руд [Текст] / М. Битимбаев // Научно-техническое обеспечение горного производства / под общ. ред. С.Ж.Галиева.- Алматы, 2010.- Т.79. - С.115-121.
Битимбаев, М.Ж. Концептуальные проблемы совершенствования структуры комплексной механизации открытых горных работ [Текст] / М. Ж. Битимбаев , Т. Т. Жунусов // Вестник Национальной инженерной академии Республики Казахстан. - 2011. - № 1. - С. 135-140.
Битимбаев, М.Ж.Развитие горно-металлургической отрасли в свете выполнения программы стратегического развития Республики Казахстан до 2020 года[Текст] / М. Ж. Битимбаев // ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2011.- № 3.- С.67-73.
Битимбаев, М.Ж. Горнометаллургический комплекс Казахстана в ХХI веке: направления развития, проблемы и возможности [Текст] / М. Ж. Битимбаев // Горный журнал Казахстана. - 2011. - № 12. - С. 20-24.
Битимбаев, М.Ж. Извлечение меди из целиков Жезказгана [Текст] / М. Ж. Битимбаев, Г. И. Тамбиев // Горный журнал Казахстана. - 2012. - № 5. - С. 16-20.
Битимбаев, М.Время уходит - память остается [Текст] : к 100-летию со дня рождения горного инженера, профессора О.Байконурова / М. Битимбаев// Класс Time.- 2012 . - 12 сентября. - С. 6.
Битимбаев, М.Ж.Инновационные предпроектные и проектные решения по разработке некоторых медных месторождений Казахстана [Текст] / М. Ж. Битимбаев// Горный журнал Казахстана.- 2012. - № 11. - С. 4-8.
Битимбаев, М.Ж.Расчет цементации опорных и охранных целиков при инновационной технологии извлечения меди [Текст] / М. Битимбаев// ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2013. - № 4. - C. 55-62.
Битимбаев, М.Ж.Способ извлечения меди из охранных целиков месторождения Жезказган [Текст] / М. Ж. Битимбаев// ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2012. - № 2. - С. 120-124.
Битимбаев, М.Ж.Термодинамический анализ процессов разложения сульфидных минералов серной кислоты[Текст] / М. Ж. Битимбаев// Научно-техническое обеспечение горного производства: труды Института горного дела им. Д.А. Кунаева / под. ред. Н.С.Буктукова.- Алматы, 2012.- Т. 82. - С. 115-119.
Битимбаев, М.Ж.Перспективы интенсификации кучного выщелачивания золотосодержащей руды месторождения Акжал [Текст] / М. Ж. Битимбаев// ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2013. - № 4. - C. 49-54.
Битимбаев, М.Ж.Расчет цементации опорных и охранных целиков при инновационной технологии извлечения меди [Текст] / М. Ж. Битимбаев// ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2013. - № 4. - C. 55-62.
Битимбаев, М.Ж.Изучение и установление технологических параметров размыва породы при скважинной гидравлической добыче[Текст] / М. Ж. Битимбаев // ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2013. - № 4. - C. 63-70.
Битимбаев, М.Ж.Определение оптимальной высоты подъема в карьере при контейнерной технологии доставки горной массы[Текст] / М. Ж. Битимбаев // ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2013. - № 3. - C. 77-82.
Битимбаев, М.Ж.Экологические аспекты технологии интенсивного кучного выщелачивания[Текст] / М. Ж. Битимбаев // ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2014.- № 3.- С. 43-47.
Битимбаев, М.Ж.Возможность применения на золоторудных карьерах контейнерной технологии [Текст] / М. Ж. Битимбаев// Научно-техническое обеспечение горного производства: труды.- Алматы, 2014.- Т. 86.- С. 126-133.
Битимбаев, М. Ж. Проектирование грузозахватного устройства для контейнерного подъема горной массы в карьерах [Текст] / М. Ж. Битимбаев, С. Л. Кузьмин // ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2014.- № 4.- С. 44-48.
Битимбаев, М.Научно-техническое обеспечение - краеугольный камень устойчивого развития горно-металлургического комплекса Казахстана [Текст] / М. Битимбаев// Деловая неделя.- 2014. - 11 апреля. - С. 5.
Битимбаев, М. Ж. Проектирование подъемной машины для контейнерной технологии на карьерах [Текст] / М. Ж. Битимбаев, С. Л. Кузьмин // ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2015.- № 3.- С. 51-55.
Битимбаев, М. Ж. Применение в качестве подъемной машины карьерных экскаваторов при контейнерной технологии [Текст] / М. Ж. Битимбаев // ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы = Вестник Национальной инженерной академии РК.- 2015.- № 3.- С. 56-63.
М. Ж. Бітімбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве М. Ж. Битимбаева
Кітаптар-Книги
Қазақстан [Мәтін] : ұлттық энциклопедия. Т. 2 : Ә-Г. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1999. - 704 б. - Бітімбаев Марат : б. 520.
Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. Т. 1 : А-К. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2010. - 544 б. - Бітімбаев Марат : б. 287.
Құлатайұлы, Ө. Өмірін өндіріске арнаған ғалым [Мәтін] : [М. Бітімбаев туралы] / Ө. Құлатайұлы // Түркістан. - 2010. - 8 шілде. - Б. 4.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б. - Бітімбаев Марат : б. 139.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Бітімбаев Марат : б. 295.
Алтыбаев, Қ. Тұзақшы (Байыл) Мырзаш батыр / Қ. Алтыбаев. - Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2022. - 300 б.
Мақалалар-Статьи
Құлатайұлы, Ө. Өмірін өндіріске арнаған ғалым: Техника ғылымдарының докторы, профессор М.Ж.Бітімбаев туралы [Мәтін] / Құлатайұлы Ө. // Түркістан . - 2010. - 8 шілде (№ 27/28). – Б. 4.
Нұрпейісова, М. Тұлға: [Мәтін] / М. Нұрпейісова // Дидар. - 2020. - 18 тамыз. - Б. 7.
Нұрпейісова, М. "Бес асыл іске" асық жан : тау-кен инженері Марат Жақыпұлы Бітімбаев туралы / М. Нұрпейісова. - Мәтін (визуалды) // Ана тілі. - 2025. - 17 шілде (№27). - Б. 9.
***
Азмухамбетов, Ш. Место встречи тысячелетий [Текст] : [о зайсанском историко-краеведческом музее] : [о М. Битимбаеве]/ Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2010. - 11 января. - С. 7.
Боқаев Сәдуақас Хасенұлы (1907-1942) - физика-математика ғылымдары бойынша қазақтан шыққан тұңғыш ғалым
1907 жылы 17 наурызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданы Көкбай ауылында туған. Сауатын Зайсанда ашқан. Әкесі Сәдуақасты кішкене күнінен бастап, інісі Тайыр Жомартбаев (қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, ақын және драматург) пен келіні Адгия Фархисламовнаның тәрбиесіне береді. Соның арқасында мектеп бағдарламасы көлемінде математиканы жақсы игеріп, Орынбор халық ағарту институтының физика- математика бөліміне оқуға жіберген. Институтта сабақ берген К.И. Торопов Сәдуақастың қабілетін байқап, институт директорының алдына С. Боқаевты Мәскеуге оқуға жіберу туралы мәселе қояды. Сөйтіп С.Боқаев Орынбор Халық ағарту институтының физика- математика бөлімін, 1928 жылы І Мәсеку мемлекеттік университетінің астрономия –математика бөлімін бітірген.
Сол жылы аталмыш университеттің аспирантурасына түсті. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізін қалаушылардың бірі, физика-математика факультетінің алғашқы деканы.
1932-1936 жылдары Қазақ педагогикалық институтының ассистенті, кафедра меңгерушісі, деканы, профессоры, Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан дәріс оқыды. Жас ғалым 1935 жылы 28 жасында Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы математика және механика ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық диссертация қорғады.
Сәдуақас Хасенұлы дифференциалдық теңдеулер, арнаулы функциялар, конформдық түрлендіру теориясының және олардың механикада қолданылу мәселелерін зерттеумен айналысты. Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырды. «Сырттан оқитын педагогикалық техникум» (1932) оқулығының авторы. Ол Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы терминология комиссияның мүшесі болды.
Садуақас Хасенұлы - дарынды математик, өзінің қысқа, бірақ жарқын да мазмұнды өмірінде қазақстандық математиктердің, педагогтардың, инженерлердің, экономистердің, сондай-ақ еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының жаңа әрі жас толқынын дайындауға баға жетпес үлес қосқан ғалым.
1937 жылы 30 жасында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. .
2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінде Сәдуақас Боқаевтың туғанына 100 жыл толу құрметіне «Физика-математика пәнін оқытудың әдістемесі мен теориясы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және Семей қаласындағы педагогикалық институттың студенттері арасында олимпиада өтті.
С. Боқаев туралы әдебиеттер
Литература о С. Бокаеве
Шығыс Қазақстан облысы. Әнциклопедия. /Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б. – Боқаев С:275.
Мерзімді басылым беттерінен
Публикации в периодической печати
Жаңбырбаев, Б. Ерте жанған жұлдыз [Мәтін] / Б. Жаңбырбаев // Егемен Қазақстан. - 2005. - 30 қараша.- Б.8
Өтеғұлова, Г. Е. Математиканы оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие [Мәтін] / Г. Е. Өтеғұлова // Білім. - Алматы, 2009. - N 4.- Б.65-68.
Өтеғұлов, Г.Е. Математиканы оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие [Текст] / Г.Е. Өтеғұлов // Білім = Образование . - 2009. - № 4. - С. 65-68 б.- Библиогр.: 2 атау.
Жәлелов, Ә. Сәдуақас Боқаев - қазақтың алғашқы математик-ғалымы [Мәтін] : [Семей облысы Абай ауданынан шыққан тұңғыш математик туралы] / Ә. Жәлелов // Қазақ тарихы. - 2020. - №7.- Б.33-35.
Бөжеев Мұратбек (1910-1980 жж.) – оқытушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері.
Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданының (қазіргі Аягөз) №1 ауылында дүниеге келген. Семей педагогикалық техникумы мен Мәскеу педагогикалық институтын аяқтаған соң, ҚазПИ, ҚазМУ-да оқытушы, КСРО ҒА Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер, М. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайында аға ғылыми қызметкер, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болған. М. Бөжеев М. О. Әуезовтың 12 томдық шығармаларын даярлап, ғылыми түсініктеме жазуға ат салысқан. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
М. Бөжеевтің ғылыми еңбектері
Научные труды Божеева М.
Кітаптар - Книги
Бөжеев, М. Мұхтар Әуезов [Мәтін] : библиографиялық көрсеткіш / М. Бөжеев. - Алматы : Мектеп, 1966. - 75 б.
Бөжеев, М. Абайдың ақындық айналасы [Мәтін] : зерттеу / М. Бөжеев. - Алматы : Жазушы, 1971. - 110 б.
***
Божеев, М.Об идейно-художественных особенностях творчества Абая[Текст] / М. Божеев. - Алма-Ата, 1960.- 15 с.
Авторлармен бірігіп шығарған кітаптары
Книги, вышедшие в соавторстве
Бөжеев, М. Замана кейiпкерлерi [Мәтін] : ғылыми зерттеулер / М. Бөжеев; жауап. ред. С. Қорабай; құраст.: Г. Бөжеева, А. Бөжеева. - Алматы : М-АРИ, 2013. - 312 б.
Бөжеев, М. Абай және әдеби дәстүр [Мәтін]. Т. 28 / М. Бөжеев, Ы. Дүйсенбаев; жалпы ред. басқ. У. Қ. Қалижанов. - Алматы : Әдебиет әлемі, 2014. - 367 б. - (Классикалық зерттеулер. «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы).
М. Бөжеевтің қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии М. Божеева
Революцияға дейін қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар. 1807-1917 [Мәтін] : (аннотацияланған библиографиялық көрсеткіш) / жалпы ред. басқарған М. Бөжеев; Қазақ ССР Ғылым академиясы; Орталық ғылыми кітапхана. - Алматы, 1978. - 170 б.
М. Бөжеевтіңмерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации М. Божеева в периодических изданиях и сборниках
Бөжеев, М. Абайдың ақындық тәсiлдерi туралы [Мәтін] / М. Бөжеев // Жұлдыз. - 1958. - № 4. - Б. 104-108.
Бөжеев, М. Абай реализмi [Мәтін] / М. Бөжеев // Қазақ тiлi мен әдебиетi. - 1959. - № 1. - Б. 32-35.
Бөжеев, М. Қисса-хикаят жазған ақындар туралы [Мәтін] / М. Бөжеев // Қазақ әдебиетi. - 1959. - 23 январь.
Бөжеев, М. Еңлік-Кебектің нұсқалары туралы [Мәтін] / М. Бөжеев // Жұлдыз. - 1965. - № 6. - Б.154-157.
Бөжеев, М. Революцияға дейiнгi проза үлгiлерi [Мәтін] / М. Бөжеев // Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. - 1965. - № 2. - Б. 40-49.
Бөжеев, М. Қисса-хикаялар [Мәтін] : Шығыстан келген ертегi-аңыздар тарихынан зерттеу жайлы / М. Бөжеев // Жұлдыз. - 1972. - № 2. - Б. 212-216.
Бөжеев, М. Абай шығармаларының текстологиясы [Мәтін] / М. Бөжеев // Қазақ әдебиетi. - 1976. - 11 июнь.
Бөжеев, М. "Евгений Онегин" Абай аудармасында [Мәтін] / М. Бөжеев // Абай тағлымы : әдеби-сын зерттеулер мен мақалалар / құраст. Н. Ғабдуллин. - Алматы, 1981. - Б. 209-224.
Бөжеев, М. Абай шығармаларының текстологиясы [Мәтін] / М. Бөжеев // Қазақ әдебиеті. - 1991. - 11 июнь. - Б. 3.
Бөжеев, М. Мәшһүр Жүсiп мұралары хақында [Мәтін] / М. Бөжеев // Сөз өнерiнiң зергерi : дiнтанушы, фольклорист Мәшһүр Жүсiп Көпеевке арналады. - Алматы, 2008. - Б. 171-180.
Бөжеев, М. Қазақ әдебиетi мен орыс әдебиетiнiң байланысы [Мәтін] / М. Бөжеев // XX ғасыр басындағы қазақ ақындары мен жазушылары. - Алматы : М-АРИ, 2013. - Б. 250-307.
Бөжеев, М. Замана кейiпкерлерi [Мәтін] / М. Бөжеев. - Алматы : М-АРИ, 2013. - Мұрат Мөңкеұлы : [1842-1906 жж. аралығында өмiр сүрген ақынның өмiрi мен шығармашылығы]: 97-117;
Абай Құнанбаев: б. 118-199.
Бөжеев, М. Абай Құнанбаев [Мәтін] / М. Бөжеев // Классикалық зерттеулер : көп томдық. Т. 28. - Алматы : Әдебиет Әлемi, 2014. - Б. 49-122.
Бөжеев, М. Замана кейiпкерлерi [Мәтін] / М. Бөжеев // Классикалық зерттеулер : көп томдық. Т. 28. - Алматы : Әдебиет Әлемi, 2014. - Б. 16-29.
М. Бөжеевтің өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о научной деятельности Божеева М.
Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. Т. 1 : А-К. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2009. - Бөжеев Мұратбек: б. 269.
Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : А-К. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - Бөжеев Мұратбек: б. 414.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бөжеев Мұратбек: б. 281.
Бөжеева, А. Қазақ сериалының қарлығашы немесе "тоғысқан тағдырлардың" тұңғыш режиссері [Мәтін] : [абайтанушы, ғалым Мұратбек Бөжеевтің қызы Айбарша туралы] / А. Бөжеева; сұхбат. Ә. Ермырза // Ертіс өңірі. - 2015. - 4 наурыз. - Б. 7.
Ермырза, Ә. Қайсар ғалым [Мәтін] : [әдебиеттанушы-ғалым Мұратбек Бөжеев 105 жаста] / Ә. Ермырза // Ертіс өңірі. - 2015. - 25 ақпан. - Б. 8.
***
Галкина, Г. Возвращение имени [Текст] : [о жизни и деятельности доктора филологических наук Муратбека Божеева]/ Г. Галкина // Новое поколение. - 2011. - 14 апреля. - С. 4.
Гуляева, Е. Он в нашей жизни будет вечно [Текст] : [о М. Божееве] / Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2015. - 14 августа. - С. 9.
Буктуков Николай Сәдуақасұлы (1948) – жер қойнауын ашық игеру саласы бойынша кеңестік және қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.
1948 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл (Қазіргі Күршім) ауданының Уранхайка ауылында дүниеге келген.
1971 жылы Қазақ политехникалық институтын үздік бітіргеннен кейін 1972 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының тау-кен ісі институтына аға инженер болып жұмысқа түседі, ал 1975 жылы «Жер қойнауын ашық игеру» зертханасының кіші ғылыми қызметкері лауазымына ауыстырылады. 1976 жылы Кузпиде «Көлденең жатқан күрделі кен орындарын селективті игерудің технологиясы мен экономикалық тиімділігін зерттеу» атты кандидаттық диссертация қорғады. 1978 жылы Н.С. Буктуков кен орындарын игеру зертханасына аға ғылыми қызметкер болып сайланады. 1986 ж. «Көмір сапасының біркелкілігін қалыптастырудың ағымдық технологиясын жасау» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1986-1987 жылдары көмір кен орындарын ашық тәсілмен игеру зертханасының меңгерушісі, 1987-1989 жылдары жетекші ғылыми қызметкер, 1989-1994 жылдары кен орындарын аралас игеру зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1994 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясында бөлім бастығы, 1994-1996 ж. ҚР ҰҒА Президентінің инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары, 1989-1997 ж. «Кен орындарын аралас игеру» зертханасының меңгерушісі, 1997-2001 ж. «Жер қойнауын ашық игеру» зертханасының бас ғылыми қызметкері, 2001 ж. директордың экономика және ғылымды коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, сонымен қатар «Жер қойнауын ашық игеру» зертханасының бас ғылыми қызметкері. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы болып тағайындалды.
Бұл лауазымда ҚР ҰҒА таратылғанға дейін 2003 жылғы желтоқсанға дейін жұмыс істеді, 2004 жылдан бастап 2006 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Химия-технологиялық зерттеулер орталығы» РМК бас директорының орынбасары, сонымен бірге кен орындарын игерудің физика-техникалық проблемалары зертханасының меңгерушісі, 2007 жылдан бастап жер қойнауын кешенді игерудің физика-техникалық проблемалары бөлімінің меңгерушісі болған. 27 тамыз 2010 ж. Буктуков Н. С. –«ҚР МШКҰЖ ҰО» РМК «Д. А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты» ЕМК директоры болған.
Н.С. Буктуков ашық тау-кен жұмыстарында технологияларды әзірлеу саласындағы жетекші ғалым болып табылады. 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монография мен 20-дан астам өнертабыстың авторы, бірқатар өнертабыстар Жапония, Оңтүстік Корея, ГФР патенттерімен қорғалған.
Н.С. Буктуковтың ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметтегі еңбегін ғылыми қоғам мен Үкімет жоғары бағалады. Оның есімі Комсомол даңқы шежіресіне енгізілген, ол БЛКЖО ОК Құрмет Грамотасымен, КСРО ХШЖК қола медалімен және «КСРО өнертапқышы» белгісімен, ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және ҚР ИЖТМ «Кенші даңқы» төсбелгілерімен, ҚазКСР ҒА Президиумының Құрмет грамоталарымен, КОКП ОК, КСРО Жоғарғы Кеңесінің және БЛКЖО ОК Құрмет грамотасымен марапатталған. Ол Қ. И. Сатпаев атындағы сыйлықтың лауреаты. 2003 жылы институттың Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде тау-кен ғылымын дамытудағы көп жылғы және жемісті еңбегі үшін оған «Д. А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтының құрметті ғылыми қызметкері» атағы берілген.
Н. С. Буктуковтың ғылыми еңбектері мен өнертабыстары
Научные труды и изобретения Н. С. Буктукова
Буктуков Н. С. База патентов: https://kzpatents.com/patents/buktukov-nikolajj-sadvakasovich
Н. С. Буктуков туралы әдебиет
Литература о Н. С. Буктукове
Буктуков Николай Садвакасович НАН РК. Энциклопедический справочник. — Алматы, 2016. — 186 с.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Буктуков Николай Садвокасович: б. 285.
Буктуков Николай Садвакасович [Электронный ресурс]: [Биография и научная деятельность]// https://centrasia.org/person2.php?st=1072876647