Лекеров Әзімбай (Изембет) Лекерұлы (1901-1938) – қоғам қайраткері, ғалым-экономист, профессор.
1901 ж. Семей губерниясы Қызыл-Шілік аулында (қазіргі Жарма ауданы, ШҚО) дүниеге келген. 1920 жылы Семей ерлер гимназиясын аяқтайды. 1927-1928 жж. Шығыс еңбеккерлерінің коммунистік университеті жанындағы лекторлар курсының тыңдаушысы болды. 1928-1932 жж. Мәскеу қызыл профессура институтын экономист-жоспарлаушы мамандығы бойынша бітірды.
1920-1921 жж. Семей губревкомы Бұратана бөлімінің нұсқаушысы; 1921-1923 жж. – Қарқаралы, Павлодар атқару комитеті төрағасы; 1923-1925 жж. – Бөкей губерниялық атқару комитеті төрағасы; 1925-1926 жж. Ақтөбе атқару комитеті төрағасы; 1926 ж. КАССР Халық ағарту комитеті Саяси ағарту бөлімінің меңгерушісі, КАССР Халық ағарту комитетінің кәсіптік білім және жоғары білім беру басқармасының меңгерушісі; 1932 -1933 жж. КАССР Мемлекеттік жоспарлау төрағасының бірінші орынбасары; 1932-1934 жж. ҚазПИ саяси экономия және советтік права теориясы кафедрасының меңгерушісі; 1933 ж. Алматы облыстық жоспарлау бөлімінің басшысы, директордың орынбасары – ҚазҒЗИ экономика секторы меңгерушісі. 1933-1937 жж. - КНИИМЛ-КИМЭЛС директоры (ҚазҒЗИ марксизм және ленинизм институты – К. Маркс, Ф. Энгельс, Ленин, Сталин ат. институты).
1937 ж. 20 шілдеде қамауға алынды. 1938 ж. 26 ақпанда – ең жоғары жазаға кесілді. 07 желтоқсан 1957 жылы кінәсі дәлелденбегендіктен ақталды.
Ә. Лекеров туралы әдебиеттер
Литература о Лекерове А.
Из истории партийного строительства в Казахстане [Текст] : сборник статей и материалов / Отд. агитации и пропаганды Казах. краев. ком. ВКП(б). Казах. науч.-исслед. ин-т марксизма-ленинизма. - Алма-Ата : Казах. краев. изд-во, 1936 (тип. треста "Полиграфкнига"). - Переплет, 387 с., 2 с. объявл.
Нәсенов, Б. Абыралы - Сарыарқаның кіндігі [Мәтін] / Б. Нәсенов. - Новосибирск, 2002 - 2005.
Т. 7, 10-шы кітап : Халық жаулары ; 11-ші кітап : Кең даланың күйреуі. - 344 б.
1937-2007 тауқымет пен тағзым [Мәтін]. - Алматы : РИИЦ-Азия, 2007. - 296 б.
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. - Лекеров Әзімбай: б. 234-235.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Лекеров Әзімбай: б. 501.
Қалиақпаров, Ш. Мұхаңмен қызметтес болған адам [Мәтін] : [М. Әуезовпен қарым-қатынаста болған Ә. Лекеров жайында] / Ш. Қалиақпаров // Семей таңы. - 1997. - 18 желтоқсан.
Қалиақпаров, Ш. Тауындай асқаралы асқақтаған [Мәтін] : [Әзімбай Лекерұлы Лекеровтың туғанына 100 жыл] / Ш. Қалиақпаров // Семей таңы. - 2001. - № 27. - Б. 9.
Халидуллин, Ғ. Саяси қуғын-сүргін және шаруалар қозғалысы [Мәтін] : Ақтаңдақтар ақиқаты / Ғ. Халидуллин // Ақиқат. - 2004. - № 3. - Б. 51-57.
Нұсқабайұлы, Ж. Көне басылымдар. Құнда деректер. Алаштың ардақтылары [Мәтін] . Т. 10 / Ж. Нұсқабайұлы, Қ. Алдаберген. - Алматы : Білім, 2016. - 384 б.
Ликерова, А. Первый экономист-профессор Азимбай Лекеров. Время и судьбы [Текст] / А. Ликерова. - Алматы : Арыс, 2013. - 280 с.
Ликерова, А. Время и судьба [Текст] / А. Ликерова // Простор. - 2011. - № 8. - С. 16-23. - Библиогр. в конце ст.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Ойлы хат – Оқырман олжасы Әзімбайдың ата-жұрты [Электронды ресурс] : [өмірбаян] // Қазақ газеттері : сайт. - Режим доступа : http://kazgazeta.kz/?p=6182(01.02.2017)
Әзиз жанды Әзімбай туралы [Электронды ресурс] : [өмірбаян] // Altaynews.kz Шығыс Қазақстанның басты сайты : сайт. - Режим доступа : http://altaynews.kz/kaz/3340-ziz-zhandy-zmbay-turaly-sz.html(01.02.2017)
Саяси репрессияның қанды шеңгелінен аман қалған қазақстандық әйел 100-ге толады [Электронный ресурс] : [биография] // kazinform международное информационное агенство : сайт. - Режим доступа : http://www.inform.kz/ru/sayasi-repressiyanyn-kandy-shengelinen-aman-kalgan-kazakstandyk-zhalgyz-ayel-100-ge-tolady_a2663771
Азимбай Лекеров : вычеркнутая жизнь первого экономиста[Электронный ресурс] : [биография] // Караван. Медиапортал : сайт. - Режим доступа : https://www.caravan.kz/gazeta/azimbajj-lekerov-vycherknutaya-zhizn-pervogo-ehkonomista-78402/(01.02.2017)
Лекеров Азимбай /Изембет/ Лекерович [Электронный ресурс] : [биография] // ZIPблог : сайт. - Режим доступа : http://aseke.ru/biografia/281-lekerov-azimbay-izembet-lekerovich.html(01.02.2017)
Лекеров Азимбай Лекерович [Электронный ресурс] : [биография] // Министерство Внутренних Дел Республики Казахстан : сайт. - Режим доступа : http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_memorial/mObl2/mObl2_%D0%9B/24BEBD8BDF801D1AE054002655122E6A(01.02.2017)
Лекеров Азимбай [Электронный ресурс] : [биография] // centrasia.ru информационный портал : сайт. - Режим доступа : http://www.centrasia.ru/person2.php?st=1464509981(01.02.2017)
Азимбай ЛЕКЕРОВ: Вычеркнутая жизнь первого экономиста Казахстана (история)[Электронный ресурс] : [биография] // stanradar информационный портал : сайт. - Режим доступа : http://www.stanradar.com/news/full/11051-azimbaj-lekerov-vycherknutaja-zhizn-pervogo-ekonomista-kazahstana-istorija.html(01.02.2017)
Лекеров Азимбай /Изембет/ Лекерович[Электронный ресурс] : [биография] // zakon.kz : сайт. - Режим доступа : http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30101261(01.02.2017)
Книга Памяти. Лекеров Азимбай Лекерович [Электронный ресурс] : [биография] // uznal.org : сайт. - Режим доступа : http://www.uznal.org/book_of_memory.php?bukva=11&name=20&surname=40&repression=0(01.02.2017)
Азимбай Лекеров [Электронный ресурс] : [биография] // nekropole.info : сайт. - Режим доступа : https://nekropole.info/ru/Azimbaj-Lekerov(01.02.2017)
Әлкей Марғұлан (1904 - 1985) - археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі.
Ғалым, Ә. X. Марғұлан 1904 жылы 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, бұрынғы Ақбеттау болысының № 2 ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келді. Алғашқыда ауылдық мектепте оқып, бастауыш білім алды. 1919 жылдың соңында Павлодар қаласындағы мұғалімдік курсқа түсіп, оны 1920 жылы бітіргеннен кейін туған аулына қайта оралып, 1-дәрежелі 2-Далбы мектебінде мұғалім болып істеді. Білімнің әлі де жеткіліксіздігін сезген ол 1921 жылы Семейдегі педагогикалық техникумға түсіп, оны 1925 жылы ойдағыдай бітіріп шықты.
1925 жылы Әлкей Хақанұлы Ленинградқа барып, ондағы Шығыс институтының филология факультетіне оқуға түседі. Ленинградта оқи жүріп Ә. X. Марғұлан қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жан-жақты зерттеп, қыруар әдеби және архив деректерін жинады. 1926—1927 жылдары ол СССР Ғылым академиясының одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитеті академик А. Е. Ферсманның және профессор С.И. Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай экспедицияларының жұмысына қатынасты. Ә. Марғұланның қазақ мәдениеті мен тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын жетік білетіндігі экспедицияның антропологиялық отрядының жұмысына өлшеусіз септігін тигізді.
1929 жылы Ә. X. Марғұлан Абай творчествосы туралы жазылған диплом жұмысын ойдағыдай қорғап, институты тамамдады. Институтты бітірген соң ол Қазақ ССР Оқу ағарту Комиссариатындағы Жаңа алфавит комитетінде қызмет істейді. 1931 жылы Әлкей Хақанұлы Ленинградтағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасына түседі.
1943 жылы «Хандар жарлығының тарихи маңызы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты. 1936 жылдан 1938 жылға шейін ол стажер, сонан кейін СССР ҒА Қазақ филиалы Тарих институтының ғылыми қызметкері.
1938 жылы СССР ҒА Президиумының ұйғаруы бойынша СССР ҒА Қазақ филиалына жіберілді. 1941—1946 жж. ол тарих секторын басқарды, 1946—1951 жылдары археология секторын, ал 1957 жылдан 1976 жылдарға дейін Қазақ ССР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы Тарих археология және этнография институтының этнография бөлімін басқарды. Оңтүстік Қазақстанда Сырдария, Талас және Шу өзендерінің бойынан ежелгі қала мәдениетінің іздерін ашып зерттеді.
1950 жылы Қазақстандағы көне қалалар тарихы жайындағы көлемді монографиялық еңбегі жарық көрді. Ә. X. Марғұлан - Қазақстандағы археология ғылымының негізін салушылардың бірі.
1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық жырлары» туралы докторлық диссертация қорғады. 1946 жылы СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалы Қазақ ССР Ғылым академиясына айналды да, республиканың көрнекті ғұлама ғалымы Ә.X. Марғұлан академияның корреспондент-мүшесі, ал 1958 жылы толық мүшесі болып сайланды. 1960 жылы оған профессор атағы берілді.
30 жылдан астам уақыт ішінде Ә. X. Марғұланның басшылығымен Орталық Қазақстанда жүйелі түрде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қола дәуірінің және алғашқы көшпенді тайпалардың мәдениеті жан-жақты зерттелді. Орталық Қазақстанда археологиялық зерттеудің екінші кезеңі Әлкей Хақанұлының Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы арнайы монографиясында және бес томдық Қазақ ССР тарихында қарастырылған.
1957-1967 жылдары Ш.Ш.Уәлихановтың таңдамалы шығармалар жинағының 5 томдық академиялық басылымын басқарды. Көп жылдар бойы Ә. X. Марғұлан 300-ден астам ғылыми зерттеу жұмыстарын жариялады. Оның жетекшілігімен 50 ден аса докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды.
1961 ж. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағы берілді. 1964 ж. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Құрмет грамотасымен марапатталды. 1967 ж. «Орталық Қазақстанның көне мәдениеті» атты монографиясы үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР ҒА-ның сыйлығына ие болды. Ленин (1967), «Еңбек Қызыл Ту» (1973), «Халықтар достығы» (1984) ордендерімен, «Ерлік еңбегі үшін», «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1970) медальдарының иегері. 1973 ж. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Грамотасын марапатталды. 1982 ж. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ғалымның 100 жылдық мерейтойы (2004) ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді.
1985 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болды
1991 жылғы 6 қыркүйектегі Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің арнайы № 73 Қаулысымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Археология орталығы негізінде Археология институты құрылып, оған көрнекті ғалым археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, академик Ә.Х. Марғұлан есімі берілді.
Ә.Х. Марғұланның ғылыми еңбектері
Научные труды А. Х. Маргулан
Кітаптар – Книги
Маргулан, А. Х. Қазақ халықының жазу мәдениетi бойынша еңбектерi = Труды по культуре письменности казахского народа [Текст] / А. Х. Маргулан. - Астана: Алтын кiтап, 2007.- Т.8.
***
Маргулан, А. Х. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана [Текст] / А. Х. Маргулан. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1950.- 122 с.
Маргулан, А. Х. Архитектура Казахстана [Текст] / А. Х. Маргулан. - Алматы, 1959.- 170 с.
Маргулан, А. Х. Открытие новых памятников культуры эпохи бронзы Центрального Казахстана [Текст] / А. Х. Маргулан. - М., 1960.- 12 с.
Маргулан, А. Х. Открытие новых памятников культуры эпохи бронзы Центрального Казахстана [Текст]: [ХХV Междунар. конгр. востоковедов. Докл. делегации СССР] / А. Х. Маргулан.- М., 1960. - 10 с.
Маргулан, А. Х. Казахская юрта и ее убранство [Текст]: [VII Междунар. конгр. антропол. и этногр. наук. Москва, август 1964 г.] / А. Х. Маргулан. - М., 1964. - 13 с.
Маргулан А.Х. Джезказган - древний металлургический центр (Городище Милыкудук) [Текст] / Маргулан А.Х. // Археологические исследования в Казахстане. - Алма-Ата : Наука, 1973. - С. 42
Маргулан А.Х. Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане [Текст] / Маргулан А.Х. // Археологические памятники Казахстана. - Алма-Ата : Наука, 1978. - С. 37
Маргулан, А. Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана [Текст] / А. Х. Маргулан. - Алма-Ата : Наука, 1979. - 360 с.
Маргулан, А. Х. Казахское народное прикладное искусство.- Алма-Ата: Өнер, 1987.
Маргулан, А. Х. Казахское народное прикладное искусство [Текст] : альбом. Т. 1 / А. Х. Маргулан . - Алма-Ата : Өнер, 1986. - 256 с.
Маргулан, А. Х. Казахское народное прикладное искусство. Художественное кошмоделие, ткачество, плетение, вышивка [Текст]. Т. 2 / А. Х. Маргулан . - Алма-Ата : Өнер, 1987. - 288 с.
Маргулан, А. Х. Казахское народное прикладное искусство : в 3 т [Текст] А. Х. Маргулан.- Алматы : Өнер, 1994. - 248 с.
Маргулан, А. Х. Мир казаха [Текст] / А. Х. Маргулан. - Алматы : Институт развития Казахстана, 1997. - 57 с.
Маргулан, А. Х. Сочинения : в 14-ти т. [Текст] / гл. ред. Н. А. Назарбаев; сост.; Д. А. Маргулан, Д. Маргулан ; предисл. Н. А. Назарбаева. – Алматы : Атамұра, 1998 – 2003.
Маргулан, А. Х. Сочинения : в 14-ти т. [Текст] / А. Х. Маргулан; гл. ред. Н. А. Назарбаев ; сост.; Д. А. Маргулан ; предисл. Н. А. Назарбаева. - Алматы: Дайк-Пресс, 2001 - 2010.
Маргулан, А. Х. Извлечения из арабо-персидских и китайских источников (1927-1928) [Текст]: (студенческие конспекты) [Текст] / А. Х. Маргулан ; Павлодар. гос. ун-т им. С. Торайгырова. - Павлодар, 2004. - 98 с.
Маргулан, А. Х. Труды по культуре казахского народа [Текст] / А. Х. Маргулан. - Павлодар: НТФ «ЭКО», 2005. - 264 с.
Маргулан, А. Х. Труды по культуре письменности казахского народа. 2-е изд. доп [Текст] / А. Х. Маргулан. - Астана: «Алтын кітап», 2007. - 264 с.
Маргулан, А. Х. Труды по культуре письменности казахского народа [Текст] / А. Х. Маргулан. - Астана : Алтын кітап, 2007. - 263 с.
Ә. Х. Марғұланның қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии А. Х. Маргулан
Маргулан, А. Х. Архитектура Казахстана [Текст] // Маргулан А.Х., Басенов Т.К., Мендикулов М.М. Архитектура Казахстана. – Алма-Ата: Каз. Гос.издат, 1956. - С. 9–95.
Древняя культура Центрального Казахстана [Текст] / Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М.; Под ред. А. Х. Маргулана. - Алма-Ата: Наука, 1966.- 435 с. - Маргулан, А. Х. Введение: История археологического исследования Центрального Казахстана // Древняя культура Центрального Казахстана : С.9 – 57.
Муканов, М. С. Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза [Текст] / М. С. Муканов ; ред. А. Х. Маргулан ; Академия Наук Казахской ССР, Институт истории, археологии и этнографии им. Ч.Ч. Валиханова. - Алма-Ата : Наука, 1974. - 198 с.
Ә. Х. Марғұланның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации А. Х. Маргулан в периодических изданиях и сборниках
Маргулан, А. Х. Найманы [Текст] / А. Х. Маргулан // Казахи: Сб. статей антропологич. отряда казахст. экспедиции АН СССР, 1927 г.- Л., 1930. - С. 329 – 334.
Маргулан, А. Х. О художМаргулан, А. Х. Отырар // Большая советская энциклопедия.- М, 1955.- Т.31.- С.431
Маргулан, А. Х. Культура казахского народа в ХV-ХVII веках [Текст] / А. Х. Маргулан // История Казахской ССР.- Алма-Ата, 1957. - С. 180 – 218.
Маргулан, А. Х. Культура племен и народностей Казахстана в VI-ХII веках [Текст] / А. Х. Маргулан // История Казахской ССР.- Алма- Ата, 1957.- С.71-111
Маргулан, А. Х. Жизнь и деятельность Чокана Валиканова [Текст] / А. Х. Маргулан // Валиханов Ч. Избранные произведения. – Алма - Ата, 1958.- С.15 – 79.
Маргулан, А. Х. О носителях древней поэтической культуры казахского народа [Текст] / А. Х. Маргулан // М. О. Ауэзову : сб. статей к его шестидесятилетию. - Алма-Ата, 1959.- С.70 - 89.
Маргулан, А. Х. Очерк жизни и деятельности Ч. Ч. Валиханова [Текст] / А. Х. Маргулан // Ч. Ч. Валиханов. Собрание сочинений в пяти томах. - Алма-Ата, 1961.- Т. 1. - С. 9 – 103.
Маргулан, А. Х. Образ Каныша живет в наших сердцах [Текст] [посвящено памяти выдающегося сов. ученого] / А. Х. Маргулан // Академик К. И. Сатпаев : Сб.,- Алма-Ата,1965. - С. 224 – 229.
Маргулан, А. Х. Поселения и жилища [Текст] / А. Х. Маргулан // Древняя культура Центрального Казахстана. - Алма-Ата, 1966. - С. 197 – 256.
Маргулан, А. Х. Памятники андроновской культуры Центрального Казахстана // Древняя культура Центрального Казахстана.- Алма-Ата, 1966.- С.71-159.
Маргулан, А. Х. В начале творческого пути: Доклад на Всесоюзной науч.-теор. Конференции "Мухтар Ауэзов и его творческое наследие", Алма-Ата, 28 сентября 1977г. [Текст] / А. Х. Маргулан. // Мухтар Ауэзов - классик советской литературы.- Алма-Ата, 1980.- С.66 – 69.
Валиханов, Ч. Ч. Собрание сочинений [Текст] : в 5-ти т. / Ч. Ч. Валиханов ; отв. ред. А.Х. Маргулан ; сост. В. Я. Басин. - Алма-Ата : КСЭ, 1984 - Т.1 / ред. А. Х. Маргулан. - 432 с.
Маргулан, А. Х. О работе Б. Аспандиярова "Образование Букеевской орды и ее ликвидация" 1947 г. // Б. Аспандияров. Образование Букеевской орды и ее ликвидация. - Алматы, 2007.- С.355 – 356.
Валиханов, Ч. Избранные произведения [Текст] : [научное издание] / Ч. Валиханов ; сост.: Б. Е. Кумеков, В. А. Моисеев, В. Н. Настич ; Академия Наук Казахской ССР, Институт истории, археологии и этнографии им. Ч.Ч. Валиханова. - М. : Наука, 1987. - 413 с. : Маргулан, А. Х. Основные этапы жизни и деятельности Ч. Ч. Валиханова / А. Х. Маргулан. - С . 5 ; Киргизское родословие . - С .251-264 ; О мусульманстве в Степи . - С .293-297 ; Следы шаманства у киргизов . - С .298-317 ; Записка о судебной реформе . - С . 318 – 342.
Маргулан, А. Х. Главнейшие памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана [Текст] / А. Х. Маргулан ; под ред. М. Жолдасбекова; под ред. М. Жолдасбекова; под ред. М. Жолдасбекова; под ред. М. Жолдасбекова; под ред. М. Жолдасбекова // Степная цивилизация Восточной Евразии: Науч. изд../ под ред. М. Жолдасбекова.- Астана, 2003.- Т.1. Древние эпохи.- С. 61-71.
***
Маргулан, А. Х. О географических названиях в Казахстане [Текст] / А. Х. Маргулан // Казахстанская правда.- 1937.- 9 января.
Маргулан, А. Х. Абай и народовольцы [Текст] / А. Х. Маргулан // Литература и искусство Казахстана. - 1939.- N 7.- С. 39 – 42.
Маргулан, А. Х. Едиге и Орак Мамай [Текст] / А. Х. Маргулан // Литература и искусство Казахстана. - 1940.- N 2.- С. 92 – 97.
Маргулан, А. Х. Научно - исследовательская работа в Казахстане: К 20- летию республики [Текст] / А. Х. Маргулан // Ленинская смена. - 1940. - 3 ноября.
Маргулан, А. Х. Новые материалы Чокана Валиханова [Текст] / А. Х. Маргулан // Казахстанская правда. - 1941. - 23 мая.
Маргулан, А. Х. Восстановление образа героя [Текст] : [Амангелды Иманова] / А. Х. Маргулан // За медь. - 1943. - 12 сентября.
Маргулан, А. Х. О характере и исторической обусловленности казахского эпоса [Текст] / А. Х. Маргулан // Известия КазФАН СССР. Серия историческая.- 1946.- Вып. 2.- С.75-81.
Маргулан, А. Х. Археологические разведки в бассейне [Текст] : [р. Сарысу] / А. Х. Маргулан // Вестник АН КазССР. - 1947. - N 7. - С. 17 – 22.
Маргулан, А. Х. Археологические работы и находки на территории Казахской ССР : [с 1926 по 1946 гг.] // Известия АН КазССР. Серия археология. - 1948. - Вып. 1. - С. 124 – 135.
Маргулан, А. Х. Некоторые итоги и перспективы археологического изучения Казахстана [Текст] / А. Х. Маргулан // Известия АН КазССР. Серия археология.- 1948.- Вып.1.- С.3-22
Маргулан, А. Х. Археологические разведки в Центральном Казахстане (1946 год) [Текст] / А. Х. Маргулан // Изв. АН КазССР. Серия историческая - 1948. - Вып. 4. - С. 119 – 145.
Маргулан, А. Х. К изучению памятников района р. Сарысу и р. Улутау [Текст] / А. Х. Маргулан // Вестник АН КазССР.- 1948.- N 27 - С. 52 – 60.
Маргулан, А. Х. Оседлые поселения VIII - ХIII вв. на северных склонах Каратау [Текст] : [извлечение из археологического отчета] / А. Х. Маргулан // Известия АН КазССР. Серия археологическая. - 1948. - Вып.1. - С.109 – 115.
Маргулан, А. Х. Архитектурные памятники района рр. Кенгир и Сарысу [Текст] / А. Х. Маргулан ; Ин-т истории материальной культуры АН СССР // Краткие сообщения о докладах и полевых исследованиях.- 1949.- Вып. 28. - С. 44 – 47.
Маргулан, А. Х. Древние караванные пути через пустыню Бетпак-Дала [Текст] / А. Х. Маргулан // Вестн. АН КазССР. - 1949. - N 1. - С. 68 - 79.
Маргулан, А. Х. Валиханов как художник [Текст] / А. Х. Маргулан // Вестн. АН КазССР. - 1950. - N 8. - С. 86 - 94.
Маргулан, А. Х. Отчет о работах Центрально-Казахстанской экспедиции 1947 года [Текст] / А. Х. Маргулан // Известия АН КазССР. Серия археологическая. - 1950. - Вып. 2. - С. 3 – 36.
Маргулан, А. Х. Историко - топографический фон восточной Бетпак-Далы [Текст] / А. Х. Маргулан // Вестник АН КазССР.- 1950. - N 6.- С.61 – 72.
Маргулан, А. Х. Плиточные ограды могильника Бегазы [Текст] / Маргулан А.Х., Кызласов Л.Р.; Ин-т истории материальной культуры АН СССР // Краткие сообщения о докладах и полевых исследованиях.- 1950.- Вып. 32. - С. 126 – 136.
Маргулан, А. Х. Главнейшие памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана [Текст] / А. Х. Маргулан // Вестник АН КазССР. - 1956. - N 3. - С.18 – 32.
Маргулан, А. Х. Новые материалы о Чокане Валиханове [Текст] / А. Х. Маргулан // Вестник АН КазССР.- 1957.- N 12.- С.34-48
Маргулан, А. Х. Новые письма Чокана Валиханова [Текст] / А. Х. Маргулан // Простор.- 1960.- N 9.- С.139-147
Маргулан, А. Х. Вступительная статья, публикации и примечания к очерку Ч. Валиханова "О Кашгаре и его прекрасных чаукенах" [Текст] / А. Х. Маргулан // Простор.- 1963.- N 1.- С.102-103
Маргулан, А. Х. Бессмертное наследие [Текст] / А. Х. Маргулан : [к 100-летию со дня смерти Ч. Валиханова] // Казахстанская правда.- 1965.- 24 апреля.
Маргулан, А. Х. Тайны древнего города [Текст] / А. Х. Маргулан // Южный Казахстан.- 1965.- 4 апреля.
Маргулан, А. Х. Значительный вклад в советскую истографию [Текст]: [о книге "История Узбекской ССР", 3-е изд. Ташкент, 1967, Т.1. С древнейших времен до середины ХIХ века. 770 с.] / А. Х. Маргулан // Вестник АН КазССР. - 1968.- N 10.- С.68 – 73.
Маргулан, А. Х. Ночное пламя [Текст : [о Чокане Валиханове] / А. Х. Маргулан // Гулистон.- 1967. - N 11. - С. 20 - 21.
Маргулан, А. Х. Научное наследие Чокана [Текст] / А. Х. Маргулан // Степной маяк. - 1970. - 31 января.
Маргулан, А. Х. Неизвестные письма Чокана Валиханова [Текст] : [вступительная статья, публикация и комментарии] / А. Х. Маргулан // Известия АН КазССР. Серия обществ..- 1970.- N 6. - С.61 – 64.
Маргулан, А. К вопросу о социальной структуре тарханных грамот и пейзе [Текст] / А. Х. Маргулан // История материальной культуры Казахстана. - 1980. – С. 3 – 13.
Маргулан, А. Х. Из истории изучения древней культуры Казахстана: Археол. аспекты [Текст] / А. Х. Маргулан // Известия АН КазССР. Серия обществ. наук. - 1981. - N 6. - С. 32 – 34.
Маргулан, А. Х. Выступление на сессии Общего собрания АН КазССР 7 апр., 1983 г. об издании произведений Ч. Ч. Валиханова // Вестник АН КазССР. - 1983. - N 6. - С.25 – 26.
Маргулан, А. Х. Русские и западноевропейские ученые о Ч. Ч .Валиханове [Текст] / А. Х. Маргулан // Вестник АН КазССР. - 1985. - N 8. - С.3 – 11.
Манапова, A. M. Архивное наследие А. Х. Маргулана [Текст] : [значение наследия для истории Казахстана] А. Х. Маргулан // Известия Министерства науки - АН РК. 1997. - N 1. - С.80. - (Сер. общест. Науки)
Маргулан, А. Х. Сколько лет Алматы? [Текст] : [археологические данные] / А. Х. Маргулан // Вечерняя Алматы. - 1998. - 27 февраля.
Ә. Х. Марғұланның өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности А. Х. Маргулана
Кітаптар – Книги
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – А. Х. Маргулан : Б.
***
Энциклопедия [Текст] / глав. ред. Р. Н. Нургалиев. – Алматы : Главная редакция "Қазақ энциклопедиясы", 1996. - С. 165.
Сабитов, Н. Библиографический указатель материалов по истории Казахстана [Текст] : указатель / Н. Сабитов ; ред. А. Х. Маргулан. - Алма-Ата : Издательство АН Казахской ССР, 1947. - 38 с.
Великие ученые Средней Азии и Казахстана (VІІІ - XІXвв.) [Текст] / под ред. К. Бесембиева, М. Сатбаева ; авт. предисл. А. Х. Маргулан. - Алма-Ата : Казахстан, 1965. - 240 с. - Библиогр.: с. 235 - 237.
Маргулан Алькей Хаканович [Текст] : Материалы к биобиблиографии ученых Казахстана /Гл. ред. З. А. Ахметов; Сост. Ш. Н. Кульбаева, Д. Н. Казбекова.- Алма-Ата: Наука, 1984.- 67 с.
Маргулан Алькей Хаканович [Краткая биогр.]: [Текст] //Казахская ССР. Крат, энцикл.: В 4-х т. /Гл. ред. Р.Н.Нургалиев.-Алматы, 1989.-Т.З.-С.313.
Қазақтар=Казахи [Мәтін] : көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық = Девятитомный популярный справочник : В 9 т. - Алматы : ІDK-TІPO, 1998 - . Том 2 : Тарихи тұлғалар= Исторические личности. – А. Х. Маргулан : С. 488 - 490.
Ашимбаев, Д. Р. Кто есть кто в Казахстане [Текст] / Д. Р. Ашимбаев : Биографическая энциклопедия. - Изд. 6-е, доп.- Алматы, 2001. – А. Х. Маргулан [краткая биография] : С. 298.
***
Поиски и раскопки в Казахстане [Текст] : сборник / ред. К. А. Акишев. - Алма-Ата : Наука, 1972. - 214 с.
Приймак, Д. П. Скалы и легенды Баянаула [Текст] : сборник / Д. П. Приймак. - Алма-Ата : Казахстан, 1974. - 24 с.
Байпаков, К. Древние города Казахстана [Текст] / К. Байпаков. - Алматы : Аруна Ltd, 2005. - 316 с. - (Детская энциклопедия Казахстана).
Маргулановские чтения. 1990: Сборник материалов конференции. - М., 1992.-Ч. 1.-278 с.
Маргулановские чтения: Тезисы. - Петропавловск, 1992. - 129 с.
***
Ситько, Н. Великий степняк Маргулан [Текст]: Междунар. симпозиум «Степь и культура. Великий путь во времени», посвящ. памяти ученого-археолога, историка, академика А.Х.Маргулана //Наука Казахстана.- 1997.-1-15 июня.
Мельникова, И.Ф. Переписка Алькея Хакановича Маргулана [Текст]: С Семипалатинским музеем Ф.М.Достоевского (1966 – 1985 гг.).–С.26–27 // Абай. – № 4. – Алматы, 1998.
Маргулан, Д.А. О творческом наследии А.Х.Маргулана [Текст] //DroAR-Kazahstan. - 1998. - N 2. - С. 78.
Егинбайулы, Ж. Археологические исследования комплекса Жошы–хана [Текст] / Ж.Егинбайулы // Отечественная история. – 2001. - №2. – С. 90 – 106. – (Археология и этнография).
Машралова, Б. У подножия Акбета [Текст]: К 100-летию казахского учёного, археолога А. Х. Маргулана //Звезда Прииртышья. - 2003. – 7 января. - С. 4.
Касенов, Е. Дух свободы: Национально – освободительное движение Сырыма Датова в наследии академика А. Маргулана [Текст] / Е. Касенов// Мысль. – 2003. - №6. – С. 85 – 90.
Маргулановские чтения-2012: Материалы ежегодной научно-практической конференции. - Астана, 2012. - 292 с.
Матыжанов Кенжехан Слямжанұлы (1957 ж.) - ҚР БҒМ ҒК М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры. Филология ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» (2007). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.
1957 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін (1978) және аспирантурасын (1985) бітірген.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысында мұғалім болып бастаған. 1986 жылдан Ұлттық Академияның М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болған. 1990 жылы – «Қазақ фольклорындағы балалар поэзиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
1990-1992 жылдары – Қазақстан Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінің ғылыми хатшысы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының доценті.
1992 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің аға референті.
1993 жыл – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Тілдер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1995-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық саясат комитетінде мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы, ҚР Үкіметі аппаратында әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің тіл саясаты жөніндегі кеңесшісі, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің тіл саясатын үйлестіру департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Тілдерді дамыту департаментінің бөлім бастығы болып жұмыс істеді. Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының тұрақты мүшесі болды.
1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры.
2005 жылдан бастап Алматы қалалық әкімдігінде, Мәдениет департаменті директорының орынбасары, Тілдерді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2010 жылдан бастап Алматы қаласының ішкі саясат басқармасын басқарды.
2012 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2004 жылы «Қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» марапаттары бар.
100-ден астам ғылыми және танымал ғылыми мақалалардың авторы. Негізгі еңбектері: «Рухани уыз». Монография (1995, 2008), «Алтын сандық» (1996), «Тал бесіктен жер бесікке дейін» (1996), «Ел қазынасы ескі сөз» (1997), «Қазақтың отбасы фольклоры». Монография (2007).
К. Матыжанов мақалалары
Статьи Матыжанова К.
Матыжанов, К. Біздің бірегей брендіміз / Кенжехан Матыжанов // Егемен Қазақстан. - 2013. - № 35. - 20 ақпан. - 5 б.
Матыжанов К. Біздің бірегей брендіміз [Текст] / Матыжанов К. // Егемен Қазақстан. - 2014. - 20 ақпан. - С. 5 б.
Матыжанов, К. Күнге бет алған керуен [Текст] / Матыжанов К. // Егемен Қазақстан . - 2015.- 13 ақпан (№ 29). - 5
Матыжанов, К. Өз міндеттерін алаңсыз атқаратын болады [Текст] / Матыжанов Кенжехан // Егемен Қазақстан . - 2015.- 28 мамыр (№ 98). - 3
Матыжанов, К. Ұлттық рух энциклопедиясы [Текст] / Матыжанов Кенжехан // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 12 - 18 тамыз (№ 30). - 20-21
Матыжанов, К. Ұлттық рух энциклопедиясы [Text] / К. Матыжанов // Қазақ әдебиеті. - 2016. - № 30 (3508). - 12-18 тамыз. - 20-21 б..
"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық": Озықтан үйрен, тозықтан жирен [Текст] // Түркістан . - 2017.- 12 қазан (№ 41). - 1, 8-9
Матыжанов, К. Фин тағылымы [Текст] / Матыжанов Кенжехан // Егемен Қазақстан . - 2017.- 15 мамыр (№ 90). - 8
***
Матыжанов, К. Педагогическое мастерство: шаги в будущее [Текст] / Образование // Мысль. - 2016. - №10. - С. 7-9.
Матыжанов, К. Служение человечеству [Текст] : [юбилей А. Нурпеисова] / К. Матыжанов // Казахстанская правда. - 2019. - 22 октября. - С. 5
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Матыжанов Кенжехан Слямжанович [Электронный ресурс] [биография] // Международная академия информации : сайт. - Режим доступа : http://academy.kz/kz/normativnye-akty/blogger/listings/matyjanov
Масанов Едіге (1926-1965) – ғалым, этнограф
Қазақ халқының дарынды ғалымы, қазақ этнографиясы мен тарихнама ғылымының негізін қалаушылардың бірі - Едіге Айдарбекұлы Масанов 1926 жылы 19 қарашада Семей қаласында белгілі қоғам қайраткері Айдарбек Баймұхамедұлы мен Зейнеп Уәлиқызы Масановтар отбасында дүниеге келді. Әкесі саяси қуғын–сүргін құрбаны болған.
1941 жылы орта мектепте оқып жүріп, жасына төрт жас қосып алып әскери борышын өтеуге аттанады. Ресми құжаттарында туған жылы 1922 жыл деп көрсетілгенмен шын туған жылы 1926 жыл болатын.
Жаяу әскер училищесінің курсанты, 1943 жылдың маусым айынан 8 гвардиялық десанттық бригаданың қатардағы жауынгері, 1945 жылдың қаңтарынан 502 шабуылдаушы Таман авиаполкінің әуе атқышы. 1945 жылдың қаңтарынан мамырына дейін Ұлы Отан соғысына қатысып, ІІ Балтық, Ленинград майдандарында жаумен шайқасқан. 1947 жылдың наурыз айында әскер қатарынан босаған.
1948 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1953 жылы бітіреді. Қарағанды қаласындағы орта мектепте мұғалім болып істейді. 1955 жылы Мәскеудегі Н. Н. Миклухо –Маклай атындағы этнография институтына аспирантураға түседі. 1958 жылдың қазан айынан өмірінің соңына дейін Қазақ ССР Ғылым академиясы Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология, этнография институтында алдымен кіші ғылыми, сосын аға ғылыми қызметкер болып істеген. Республиканың әр түрлі аудандарына жіберілген этнография экспедицияларды басқарды.
1960 жылдың наурыз айында «XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының кәсібі мен қолөнері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1960 жылы 1 наурызда СССР Ғылым Академиясы этнография институтының шешімімен тарих ғылымының кандидаты атағы берілді.
Едіге Айдарбекұлы институттың ғылыми қоғамдық жұмыстарына белсене араласты. Ғылыми еңбектері қазақ халқының этнографиясын зерттеуге арналған. Оның қаламынан шыққан 40-қа жуық ғылыми еңбектерінің ішінде «XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының киіз өндірісі», «Ресейде 1845 жылға дейінгі Қазақстан этнографиясын зерттеу», «Қазақтардың зергерлік және ұсталық өнері жайлы» т.б.
Ш. М. Ибрагимов, Ш.Ш.Уәлиханов, Ы. Алтысарин туралы ғылыми еңбектер жазған. "Очерки развития истории науки в Казахстане", "Очерк этнографии изучения Казахстана в СССР" монографиясының авторы.
Е. Масанов Р. Сүлейменов, В. Юдин, Х. Арғынбаев, Марат Мұқанов секілді белгілі ғалым-тарихшылар, этнографтармен өте жақсы достық қатынаста болған. Курстас достарымен үнемі хабарласып, ғылыми тақырыпта пікірлесіп тұрған. Әсіресе атақты археолог Х. Алпысбаев, этнограф Г. Исхаков, А. Оразбаевтармен белгілі тарихшы Рамазан Сүлейменов, В. Юдиндермен қазақ тарихына, этнографиясына деген таңғажайып қызығушылықтары ортақ еді.
Едіге Масанов 1965 жылы 14 шілдеде 38 жасында этнографиялық экспедиция кезінде қайтыс болды. Қарағанды облысы Жезді ауданында Сарыкеңгір өзенінен өту кезінде өзі малту білмесе де суға кетіп бара жатқан әріптесін құтқармақ болған. Ұлттық тарих ғылымының абыройын асқақтатқан ғалымның әлі де берері көп, әлеуеті мықты еді, жастай арманда кетті.
Ғалымның жеке мұрағаты Қазақ ССР ғылым Академиясының Орталық мұрағатында сақталған.
Е. Масанов еңбектері
Труды Е. Масанова
Масанов, Э. А. Домашние промыслы и ремесла казахского народа во второй половине XIX - начале XX в. [Текст] : (Ист.-этногр. очерк по материалам сев. областей Казахстана) : Автореферат дис. на соискание ученой степени кандидата исторических наук / Акад. наук СССР. Ин-т этнографии им. Н. Н. Миклухо-Маклая. - Москва : [б. и.], 1958. - 19 с.
Масанов Э. Е. Выдающийся ученый казахского народа Ч.Ч. Валиханов // СЭ, 1965, № 5. С. 57-73.
Масанов, Э. А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР [Текст] / АН Каз. ССР. Ин-т истории, археологии и этнографии им. Ч. Ч. Валиханова. - Алма-Ата : Наука, 1966. - 322 с.
Е. Масанов туралы мақалалар
Статьи о Е. Масанове
Сабазова, С. Едіге Масанов [Мәтін] / С. Сабазова// Қазақ тарихы. – 2009. - № 3.- 40-41 б.
Эдиге Айдарбекович Масанов. (Некролог) // СЭ, 1965, № 6. С. 143-144.
Абылхожин Ж. Эдиге Масанов: судьба человека, судьба семьи, судьба страны [Текст] / Ж.Абылхожин, Н. Масанов // Вестник Евразии (Acta Eurasica) : 2007. -N4(38). - С. 25-44
Эдиге Айдарбекович Масанов // Советская этнография. - 1965.- № 6.-с. 143–144: портр. - Список основных печатных трудов Э.А. Масанова: с. 144.
Е. Масанов туралы интернет ресурстар
Интернет ресурсы о Е. Масанове
Едіге Масанов: судьба человека, судьба семьи, судьба страны /Текст научной статьи по специальности «История и археология»/ : сайт. - Режим доступа : //https://cyberleninka.ru/article/n/edige-masanov-sudba-cheloveka-sudba-semi-sudba-strany
Машанов Ақжан Жақсыбекұлы (1906-1997) - геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор.
Машанов Ақжан Жақсыбекұлы – тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, жазушы. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. КСРО Ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінде, Геология ғылымдары институтында, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ политехникалық институтында ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, кристалдық химия, география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. Сөйтіп, өз алдына дербес ғылым саласының ортақ өзегін іздеу барысында Эйлер теориясын жаңғыртатын жаңалық жасады.
Ғалым тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, бір-біріне қарама-қарсы екі мәселені шешуді мақсат етті:
1) тау жыныстарының кернеулі-деформация күйінің теориялық негізін анықтау;
2) тау-кен жұмыстары кезінде күрделі кен қазбаларының, жер бетінің орнықтылығын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау. Осы мәселелерді біріктіре шешу тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геологиялық құрылымын анықтау үшін алғаш рет жер қойнауының геометриясы әдісін қолдана отырып, Ақбастау, Құсмұрын кен өрісін ашты. Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында Лениногор, Зырян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. Машанов геология, тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемлекеттік тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұн-сипатта дамытуда көп іс атқарды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің ғылыми-көпшілік, фантастикалық жанрларына да үлес қосты. Оның «Жер астына саяхат» атты кітабы көптеген оқырмандардың геолог, тау-кен мамандықтарына деген қызығушылығын оятты.
А. Машанов әл-Фараби еңбектерін түп нұсқасында оқу үшін 60 жасқа таяған шағында араб тілін меңгеріп, ғұлама ғалым еңбектерін тереңінен зерделеуге мүмкіндік алады. Иоганн Кеплердің «Аспан музыкасы» деген кітабындағы көп деректердің әл-Фарабидің «Астрологиялық трактаттарынан» алынғандығына көз жеткізеді. Осы жөніндегі өз ғылыми тұжырымдамасын «Орта Азияның мәдениет шамшырақтары» мақаласында түйіндеп, оны 1972 жылы Кувейтте жарық көретін «әл-Фараби» журналында жариялайды. Артынша Кувейттің белгілі ғалымдары «жұлдыздар туралы алғашқы ғылыми пікір білдірген Әбу Насыр әл-Фараби екенін қазақстандық Ақжан әл-Машани мырза толық дәлелдеді» деп жазды. Ақжан Жақсыбекұлының баға жетпес, ерлікке пара-пар еңбегі - ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеп, оның Отырар өлкесінің перзенті, қазақ екендігін дүниежүзі ғалымдарына мойындатқаны еді. Бұл жолда ол Батыс Еуропа, Азия елдерінің, Лиссабон, Лондон, Париж, Берлин, Қазан қалаларындағы кітапханалардан әл-Фараби еңбектерін жинады. 1968 жылы Дамаск қаласындағы зираттан әл-Фараби жерленген қабірді тауып, 1978 жылы Алматыда бабамыздың 1100 жылдығына арналған халықаралық конференцияны өткізудің көшбасшысы болды.
Ол әл-Фараби мұрасын ислам дінімен және қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де кеңінен танылды. «Әл-Фараби» тарихи романында оның көркем бейнесін сомдаса, «әл-Фараби және Абай» еңбегінде екі ғұлама арасындағы ғылыми және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. Түркі тілдес халықтардың мәдени мұраларын, ғылым тарихын, ислам ғылымын зерттеуде де көп тер төкті. 1984 жылы Кувейтте шығатын «әл-Ғараб» мерзімдік басылымында «әл-Машани» бүркеншік атымен өзінің зерттеулерін жариялады. Машанов 200-ден астам ғылыми мақалалар, 10 монография, 5 оқулық, және 8 ғылыми көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырды. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Жаратылыстану институтына әл-Машани аты беріліп, әл-Машани мұраларын зерттейтін орталық пен Машани аудиториясы ұйымдастырылды.
А. М. Машановтың ғылыми еңбектері
Научные труды Машанова А. М.
Кітаптар - Книги
Машанов, А.Жер астына саяхат [Электрондық ресурс]: ғылыми- фантастикалық әңгімелер / А. Машанов. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббаспасы, 1957. - 230 б.
Машанов, А.Ғажайып от ошағында / А. Машанов, Ж. Машанова. - Алматы: Қазақстан, 1978. - 144 б.
Машанов, А. Табу: ғылыми фантастика / А. Машанов. - Алматы: Қазақстан , 1982.
Машанов, А.Әл-Фараби және Абай / А. Машанов. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 192 б.
***
Машани, А. Многотомное собрание сочинений / А. Машани; ред. Ш. А. Абдраман.
Т. 8 : Аль-Фараби и современная наука. Солнечные часы в Казахстане: монография, научная статья / ред. Ш. А. Абдраман. - Алматы : Алатау, 2008. - 218 с. - Библиогр.: с. 201-205, 216.
Мақалалар - Статьи
Машани, А. Бюджеттік бәсірені бөлісу: қиындықтар мен қайшылықтар / А. Машани // Заң газеті. - 2004 - № 12.
Машанов, А. Дүние емес, білім жиған ғұлама / А. Машанов // Аңыз адам . - 2011. - № 17. - Б. 37. - Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туралы.
Машанов, А. Жаңа идеяны батыл қолдайтын / А. Машанов // Аңыз адам . - 2012. - № 13. - Б. 15. - Геолог ғалым Қ. Сәтбаев туралы естеліктер.
Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности
Жүз тұңғыш: жинақ. 2-ші кітап. - Алматы: Жалын, 2005 - 352 б.
Әбдіраман, Ш. Ақжан Машани: ғұмырнамалық деректі хикая / Әбдіраман Ш. - Алматы: Қазақстан, 2007. - 392 б.
Қыдыр, Е. Отырар / Е. Қыдыр. - Астана: Фолиант, 2009. - 300 б.
Ләмбекұлы, С. Қарқаралы / С. Ләмбекұлы. - Астана: Фолиант, 2011. - 280 б.
***
Казахстан: национальная энциклопедия. Т. 3. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2005. -Машанов Акжан Жаксыбекович: С. 503-504.
Казахстан: краткий энциклопедический словарь. - Алматы: Алматыкитап. - 2005. - Машанов Акжан Жаксыбекович: С. 305.
***
Әбдраман, Ш. Баба батасы: А. Машановтың туғанына 100 жыл толуына орай / Ш. Әбдраман // Жұлдыз. - 2003. - № 11. - Б. 30-102.
Ғұлама ғалым Ақжан Машанидың 100 жылдығын қалай атап өтеміз? // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 4 сәуір. - Б. 4-5.
Төлеубаев, Е. Ақжан әл -Машани / Е. Төлеубаев // Жас алаш. - 2003. - 19 маусым. - Б. 5.
Әбдіраман, Ш. Дүниетанымы аспанмен астасқан ұлт: А. Машановтың туғанына 100 жыл толуына орай / Ш. Әбдіраман // Жұлдыз. - 2004. - № 3. - Б. 148-165.
Төлеубаев, Е. Ақжан Жақсыбекұлы әл Машани (Машанов) және Семей / Е. Төлеубаев // Семей таңы. - 2004. - 23 шілде. - Б. 4.
Әбдіраман, Ш. Дегдар: [Машанов А. Ж. туралы] / Ш. Әбдіраман // Егемен Қазақстан. - 2005. - 17 мамыр. - Б. 4.
Бейсенова, Ә. Ақжан ағаның алыптығы / Бейсенова Ә. // Егемен Қазақстан. - 2006. - 13 қазан. - Б. 4.
Әбдіраман, Ш. Естен кетпес бір сұхбат. Ғұлама ғалым Ақжан Машанидың қоңыр үні әлі күнге құлағымда тұрғандай / Ш. Әбдіраман // Түркістан. - 2007. - 5 сәуір. - Б. 10.
Назырбаев, Қ. Ақжан атаның Алтайдағы күндері / Қ. Назырбаев // Егемен Қазақстан. - 2013. - 30 қаңтар. - Б. 10.
Кішібеков, Д. Әулиедей адам еді / Д. Кішібеков // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 8 - 14 мамыр. - Б. 12 .
Панзабеков, К. Ақжан Машаниге жазылған арыздың ақыры / К. Панзабеков // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 30 қыркүйек - 6 қазан. - Б. 12.
Тәшенов, Т. Пайғамбарлар есебін неге пайымдай алмадық?: [еврейлердің Каббаласы мен Абжад(әбжад) есебі, ежелгі құпия ілім туралы] / Т.Тәшенов // Айқын. - 2016.- 24 қыркүйек. -Б. 23. -
***
Они были первыми: [справочник]. - Алматы: Алматыкiтап, 2007. - 296 с.
Сарсеке, М. Евней Букетов: феномен личности / Сарсеке М. - Астана: Фолиант, 2007. - 647 с.
Путешествие в глубь земли продолжается... : к 100-летию академика А. Ж. Машани// Рудный Алтай.- 2006. - 14 октября. - С. 6.