Известные имена

Ережепов Ә.

Ережепов Әбдікәрім - ағартушы, қазақ ұлттық қозғалысының идеологы, қоғам және саяси қайраткерЕрежепов Әбдікәрім (1862-1934) - ағартушықазақ ұлттық қозғалысының идеологы, қоғам және саяси қайраткер.

Орта Жүздің Найман тайпасы, Қаратай руынан шыққан. А. Ережепов жергілікті медреседен сауатын ашқан. Әкесінің тұтқындалуына байланысты Санкт-Петербург орман шаруашылығы институтында бірінші курсты аяқтаған соң, оқуын тоқтатуға мәжбүр болады. Ол Семей облысы, Өскемен уезі, Шыңғыстай болысының басқарушысы болып сайланып, оны 1918 жылға дейін басқарады; 1-Мемлекеттік Дума депутаты болған. Алтайдағы тұңғыш Шыңғыстай екі сыныптық орыс-қазақ мектебінің негізін қалайды. Оның шақыруымен мектепте ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров сабақ берген. А. Ережепов - «Әйелге кеңшілік беру һәм жесір дауын жоғалту» құжатының авторы. Ерте жастан атастыруға тыйым салу, яғни ержеткен ұл мен қыз бірін-бірі көріп, мән-жайларын аңғарысып, ризалық білдірместен бұрын екі жақтың әкелері құдалыққа сөйлеспейді деген ұстанымды дәлелдеп шығады. А. Ережепов Әлихан Бөкейханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Тұрағұл Абайұлы, Мұстафа Шоқай секілді сол дәуірдегі қазақ халқының озық ойлы зиялыларына жақын болып, олардың шығармашылығымен етене танысады. Алаш партиясы бағдарламасын жасауға қатысқан. 1928 жылы тұтқындалып, алайда қашып құтылады. Ұлдары және туыстарымен Отанын тастап, Алтай округінің Синьцзян (Қытай) өңірі шекарасына асады.

 

 

Ә. Ережепұлы туралы әдебиеттер

Литература об Ережепулы А.

 

 

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. – Ережепов Әбдікәрім: б. 151.

Баянғазыұлы, Е. Шығысым - шырайлы мекенім [Мәтін] : [Әбдікерім Ережепұлы туралы естеліктер] / Е. Баянғазыұлы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2012. - 275 б.

Мағзұмов, Т. Алтай алашы [Мәтін] : [болыс болып, ел басқарып, бөтен жерден топырақ бұйырған Әбдікерім Ережепұлының өмірі баяндалады] / Т. Мағзұмов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2014. - 260 б.

Мағзұмов, Т. Алтай алашы [Мәтін] : [Ә. Ережепұлы туралы] / Т. Мағзұмов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2015. - 332 б.

Ысқақ, Қ. Аруақ алдындағы парызымыз [Мәтін] : [Әбдікерім Ережепұлы мен оның әулеттері] / Қ. Ысқақ // Дидар. - 2002. - № 49. - Б. 3.

 

Зәкенұлы, Т. Ақылды таразы қыл демеп пе едім... [Мәтін] : [Ә. Ережепұлы туралы] / Т. Зәкенұлы // Дидар. - 2010. - 7 маусым. - Б. 5.

 

Қайнарұлы, М. Шыңғыстай шамшырақтары [Мәтін] : [Ә. Ережепұлы туралы] / М. Қайнарұлы // Менің өлкем. - 2012. - 9 ақпан. - Б. 9.

Қайратқызы, М. Тұңғыш білім ордасы [Мәтін] : [Шыңғыстай мектебінің тарихынан] / М. Қайратқызы // Менің өлкем. - 2013. - 14 ақпан. - Б. 3.

Ғазезұлы, С. Әбдікерім Ережепұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бағила Әбдікерімқызы туралы [Мәтін] / С. Ғазезұлы // Арай. - 2016. - 8 сәуір. - Б. 3.

 

Ғазезұлы, С. Жазықсыз жапа шеккендер [Мәтін] : [Әбдікерім Ережепұлының Қытайдағы тағдыры туралы] / С. Ғазезұлы // Арай. - 2016. - 8 сәуір. - Б. 3.

 

Мұхамадиұлы, М. Жусанда туған жердің иісі бар [Мәтін] : [Саясат кесірінен шетелге кетуге мәжбүр болған қазақтар туралы] / М. Мұхамадиұлы // Ертіс өңірі. - 2016. - 3 ақпан. - Б. 11.

 

Шаймұрат, А. Болыс Әбдікерім Ережепұлы [Мәтін] / А. Шаймұрат // Қазақ тарихы. ­ 2016. ­ № 3. ­ Б. 63.

Алтайдың алтын алқасы [электрондық ресурс] : [Әбдікерім Ережепұлы туралы]. - Астана, 1998. - 230 б.

***

Мусин, М. Маленький человек во френче [Текст] : [об А. Ережепове] / М. Мусин // Семь дней. - 2006. - 5 мая. - С. 5.

Обухов, В. Бой у заставы "Матвеевка" [Текст] : [об А. Ережепове] / В. Обухов // 7 дней. - 2014. - 7 августа. - С. 7.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Шәкен, Ж. Алаш ұлдарын алысқа қуған кеңестік зұлмат[Электрондық ресурс] : [А. Ережепов туралы] / Ж. Шәкен // el.kz : сайт. – Пайдалану орны : http://old.el.kz/m/articles/view/content-19648(09.02.2017)

 

Қайнарұлы, М. Оралханға аттестат берген ұстаз[Электрондық ресурс] : [А. Ережепов туралы] / М. Қайнарұлы // Алаш айнасы : сайт. – Пайдалану орны : http://alashainasy.kz/culture/oralhanga-attestat-bergen-ustaz-66572/(09.02.2017)

 

Кәрімхан, З. ВОЗЛЮБЛЕННАЯ СУЛТАНМАХМУТА[Электронный ресурс] : [об Ережепове А.] / З. Кәрімхан //e-history.kz: сайт. – Режим доступа : http://e-history.kz/ru/publications/view/2400(09.02.2017)