Известные имена

Абдулдина А.Қ.

Абдулдина Айгүл Қапиратқызы  - білім беру ісінің құрметті қызметкері, орденді ұстаз.Абдулдина Айгүл Қапиратқызы (1956) - білім беру ісінің құрметті қызметкері, орденді ұстаз.

1956 жылы 1қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Пугачево ауылында туған.

1971 жылы Катонқарағай ауданындағы Қайыңды ауылында сегіз жылдық мектепті бітіріп, сол жылы Өскемен педагогикалық колледжіне түсті. Арнаулы білімнен соң, Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.

Әр жылдары Катонқарағай ауданында мұғалім қызметін атқарды, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі.

1978-1981 жылдары Алматы қаласы, Ленин аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1987-1991 жылдары аудандық партия үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Кез-келген педагогикалық үрдісте, балалардың дарынын ашуда, оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты шешуде қарымы мол, ізденімпаз жастарды қызметке тартып, жоғары санатты, тәжірибелі мамандармен ұжымды қамтамасыз етуді басты назарда ұстайды.

Абдулдина Айгүл Қапиратқызы 2003 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқарып келеді.

Білікті де білгір басшы нәтижелі қызметі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» (2015) мерекелік медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.

А.Қ. Абдулдинаның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве А.Қ. Абдолдина

Жасұлан, Б. Білікті ұстаздары көп білім ордасы [Мәтін] / Б. Жасұлан // Айқын . - 2015. - 7 мамыр . - Б. 31

Абишев С. А.

Әбішев Самарбек ӘбішұлыӘбішев Самарбек Әбішұлы (1950 ж.) - ұстаз, ақын, тіл жанашыры.
1950 жылы 21 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Қабырға ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) тарих, география және биология пәндерінің факультетін тәмамдайды. 1988 жылы ШҚО Саратовка ауылшаруашылығы техникумын тәмамдаған.
Самарбек Әбішұлы еңбек жолын институттан кейін Шыңғыстай орта мектебінде география және биология пәндерінің мұғалімі болып бастап, оқу ісінің меңгерушілігіне дейін жоғарылаған. Кейіннен Катон-Қарағай ауданындағы Аршаты орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
1990 жылы «Чернова» кеңшарының партия комитетінің хатшылығына сайланып бұл қызметті 1993 жылға дейін атқарған. Кейін Катонқарағай аудандық балалар және жасөспірімдердің спорт мектебін басқарды. Ұлан ауданының (бұрынғы Таврия ауданы) Саратовка орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып барады да, кейін осы мектепте директор болып қызмет атқарды.
2003 жылдан бастап С. Ә. Әбішев облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының тілдерді дамыту бөлімінде істеп, бірнеше жауапты қызметтерді атқарды.
2003-2013 жылға дейін ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарған.
Самарбек Әбішұлының жырлары ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап оқырманына кеңінен танымал. Аудандық ақындар айтысына белсене қатысып жыр сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген. Автордың «Көңіл толғаулары» (2000) атты жыр жинағы туған жерге деген сүйіспеншілікті, өскен ортасына деген ыстық ықыласты паш етеді.
С. Әбішұлы нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлаған, сондықтан да өлеңдері сырлы, сазды, адамның бойын баурап алады.
2013 жылы өз еркімен зейнеткерлік жасына байланысты босатылды. 2013-2021 жылдар аралығында зейнеткер бола тұра, Самарбек Әбішұлы Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында мемлекеттік тіл маманы болып жұмыс атқарды.
Облыс аумағында ана тіліміздің дамуына қосқан ерен еңбегі бағаланып 2010 жылы ҚР Мәдениет Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» атанып, 2011 жылы Президент қаулысы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
Қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады, құрметті демалыста.

                           С. Ә. Әбішевтің мерзімді басылымдағы мақалалары
                            Публикации С. А. Абишева в периодической печати
Әбішев, С. Шығардым тұлпар сөзді шын сайысқа...: [Катонқарағай ауданы Черняховский атындағы совхоздың ақыны Ә. Қаңтарбаевқа "Чернова" совхозының ақыны С. Әбішевтің жауап айтысы] / С. Әбішев // Арай. - 1989. - 29 июль (№91). - Б. 4.
Әбішев, С. Ақтанға : [ақын А. Нұрбаевқа арналған өлең] / С. Әбішев // Арай. - 1996. - 4 қазан (№40). - Б. 4.
Әбішев, С. Депуттаттар ел арасында : [ҚР Парламенті мәжіліс депутаттары облыста іссапарда] / С. Әбішев // Дидар. - 1998. - 27 қазан (№109). - Б. 1.
Әбішев, С. Басты міндет : [Облыстық тіл комитетінің жұмысы жайында] / С. Әбішев // Дидар. - 1999. - 22 наурыз. – Б. 2.
Әбішев, С. О, қазағым, не өтпеді басыңнан. : [өлең] / С. Әбішев // Дидар. - 1999. - 21 қыркүйек (№73). - Б. 2.
Әбішев, С. ХХІ ғасырға - үкілі үмітпен : [Облыста "Жаңа ғасырға - үкілі үмітпен" тақырыбында өткізілген оқушылардың шығарма байқауының қортындылары туралы ] / С. Әбішев // Дидар. - 2000. - 16 желтоқсан (№99) . - Б. 3.
Әбішев, С. Бағдарлама басшылыққа алынды : [жалпы облыс көлемінде мақсатты жұмыс атқару үшін тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы жыл басында жасалып, ол облыстық газеттердің беттерінде жарық көрді. Осы бағдарлама негізінде жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы] / С. Әбішев // Үш анық. - 2002. – 11-17 ақпан (№7). - Б. 2.

Белослюдов В.Н.

Виктор Николаевич Белослюдов (1883-1916 жж.) ұстаз, ағартушы

Виктор Николаевич Белослюдов 1883 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Аналары Варвара Васильевна ұлдарының кішкене кездерінен бастап дүниетануын кеңейтіп, өлеңдер жаттатып, әр түрлі қызықты әңгімелер айтып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.В.Н.Белослюдов 1889 жылы күзде 5-сыныптық қалалық училищеге оқуға қабылданды. Училище қабырғасында үздік оқып, сурет салуға үлкен ыңғай байқатады. Кейбір кездері Виктор Николаевич мұғалім орнына оқушыларға суреттен сабақ өткізген. Жас суретші қала училищесінің мұғалімі Василий Гаврилович Донскихтің ықпалы зор болған.

Семей, Алтай өңірінің тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, табиғатын, әлеуметтік экономикалық жағдайын, географиялық ерекшеліктерін, қазба байлығын зерттеп, осыларға байланысты өлкетану мұражайын ашқан, Семейде кітапхана ісіне араласқан, қажымай талмай еңбек етіп, өшпес із қалдырғандар ағайынды Белослюдовтар.

М.Әуезов өз естелігінде: "Николай Николаевич Белослюдовтың жарқын бейнесі алдынан өткен шәкірттердің жадынан ешқашан да ұмытылмақ емес. Бір ғана өз пәнін оқытумен ол тынбайтын. Оның әңгімелері ой қозғап, қиялыңа қанат бітіретін. Бұл кісінің дүниетанымы, ұстаған бағытының ізгілігі мен прогрессивті көзқарасы, әсіресе шәкірттеріне деген шексіз бауырмалдығы оны шын құрметтеуге себепші болатын…" дейді.

1894-1898 жылдары Виктор Николаевич жаңа ашылған ерлер гимназиясын үздік оқып, бітіреді. Гимназияда салған суреттері жоғары бағаланған. 1899 жылы Москва қаласындағы Строганов атындағы көркемсурет училилищесіне түсу Виктор Николаевичтің өмірінің ең жақсы кезеңдерінің бірі болды. Училище қабырғасында оқи жүріп ол Париж көрмесіне, Қазан қаласында өткен бүкіл Ресей көрмесіне қатысып, көрермендерді таң қалдырды. Бастапқы сыныпта Виктор Николаевич Москва қаласының Арбатында орналасқан Гоголь ескерткішінің авторы, мүсінші Н.А.Андреевтен білім алды. Н.А.Андреевтің шақыруымен Васнецовтың "Георгий Победоносец" атты суретін үлкейтіп салады. Үлкейтілген сурет бойынша оны ойып, Третьяков галереясының кіре берісін әшекейлейді. Сол салған суреті әлі де осы галереяның негізгі кіре берісінде сақталған. 1906 жылы оқуын бітірісімен жас суретшіні таңғажайып болашақ күтіп тұрды. Училище әкімшілігі оны мұғалімдікке қалдырғысы келді, оған қызықты сапарлар қол бұлғады. Бірақ ол осының бәрінен бас тартып, туған жері Семейге ат басын бұрып, үйренген білімін туған өлкеге арнауға шешім қабылдады. Виктор Николаевичті археология мен тарих қызықтырды. 1906 жылы ол өзінің мұражайын ашуды ойлайды. Мұражайды ашқан соң жоспарланған жұмыстарын жүргізе бастайды. Мұражай жылдан-жылға өсіп, құжаттар жинақтала береді. Жинақталған материалдар зерттеліп, бөлімдер бойынша сұрыпталады. "Сибирьский архив" (N3, наурыз 1913) журналында Белослюдовтардың мұражайы жайлы арнайы мақала жарияланады. Мақалада мұражайдың Семей өлкесін зерттеуде баға жетпес маңыздылығы айтылған. 1911 жылы Омбы қаласында өткен ауылшаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде "ғылыми бөлім" бойынша ағайынды Белослюдовтардың коллекциялық жинақтары күміс алқаға ие болды.

В.Н.Белослюдов Семей, Алтай өңіріне оқушылармен бірге ұзақ мерзімге, зерттеу барысымен саяхатқа шығып, көптеген картина, пейзаждар салып әкелген. Сол пейзаж, картиналар Алматы,Семей т.б қалалардың өлкетану мұражайларында сақталған. Виктор Николаевич көптеген суретшілермен хат жазысып, олардан көне картиналарды өз ақшасына сатып алып, өзінің жазған картиналарымен алмасып, мұражайларынан сурет галереясын ұйымдастырған. Суреттер жинағы Кеңес Одағының бастапқы жылдарында біршамасы жоғалып, қалғандары Алматы, Санкт-Петербург және т.б қалаларда көркемсурет мұражайларынан орын алды.Белослюдовтың әдебиетші-жазушылар арасында достары көп болған. Олардың сұрауымен шығармаларына иллюстрациялық суреттер салып берген. Жазушы Г.Д.Гребенщиков Зелинскийдің "Қырғыз" (қазақ) поэмасын поляк тілінен орысшаға аударып, оған Виктор Николаевич иллюстрациялық суреттер салған. Қазақ поэзиясына қызығып, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" дастанына иллюстрациялық сурет салды. Талантты суретші В.Белослюдов жақсы ұстаз -ағартушы да бола білді. Өмірінің соңына дейін мұғалімдік қызмет атқарды. Виктор Николаевич өзінің шәкірттерінің сурет өнеріне деген қызығуын оята білді, шәкірттері сурет салумен құштарлықпен айналысты. Ол тәрбиеші ретінде шәкірттеріне үлкен ұстаз болды. Оқушыларына ешқашан жаза қолданбаған. Тәртіп бұзған оқушының дұрыс жолға түсуіне оның бірауыз сөзі ғана жеткілікт еді.
Николай Николаевич Белослюдов - халқымыздың мәдениетінің дамуына көп еңбек еткен жан, халқымыз олардың есімін әрдайым есте сақтайды.

Қараңыз: "Танымал есімдер" дерекқоры http://www.kray.pushkinlibrary.kz

Әбішқызы С.

Абишева Сайраш Абишкызы Әбішқызы Сайраш (1944) – Қазақстанның білім беру саласының Құрметті азаматы, ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, Журналистер одағы сыйлығының иегері, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1944 жылы 13 мамырда Тарбағатай ауданы, Жәнтікей ауылында дүниеге келген. 1965-1967 жылдары Семей облысының (қазырғы Шығыс Қазақстан облысы) Ақсуат ауылында мұғалім, аудандық комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. 1965 жылы Қазақ педагогикалық институтына (қазіргі ҚАЗҰПУ) түсті, 1971 жылы осы институттың аспирантурасын бітірді. 1971-1977 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінде кіші, аға ғылыми қызметкер, 1977-1983 жылдары «Қазақстан әйелдері» журналының жауапты хатшысы, 1983-1987 жылдары «Қазақстан мектебі» журналында бас редактордың орынбасары, 1987-2011 жылдары журналдың бас редакторы қызметтерін атқарды. 

1994-2000 жылдары ҚР-дың шетелдермен достық және байланыс қоғамының «Ағайын-бауыр» қауымдастығының басқарма мүшесі болды.
Қазақстан Журналистер Одағының (1981), Ыбырай Алтынсарин медалімен (1992), Қазақстанның Халық ағарту ісінің озық қызметкері (1985), Құрмет орденімен (1995), Журналистер Одағының М. Сералин атындағы сыйлықтың (1997), Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен (2001), Мәдениет қайраткері (2005), Тәуелсіз платиналы Тарлан сыйлығының (2007), ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері (2011), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014) атақтарымен марапатталған. 2004 жылы Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

С. Әбішқызы шығармалары

Произведения Абишкызы С.

 

Кітаптар - Книги

Әбішқызы, С. Оттай ыстық он жыл/ С. Әбішқызы. - Алматы: Атамұра, 2001. - 120 б.

Әбішқызы, С. Шығармашылық шырағым-бақ жұлдызым/ С. Әбішқызы. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. - 432 б.

 

Мерзімді басылымдардағы мақалалар

Статьи в периодических изданиях

 

Әбішқызы, С. "Өзге үшін өзімді жауапкер сезіну жастайымнан бойға сіңген қасиет" [Мәтін] /С. Әбішқызы // Егемен Қазақстан. - 2004. - 12 мамыр. - Б. 8

1996

Әбішқызы, С. Бавария жерінде [Мәтін] / С. Әбішқызы // Қазақстан мектебі. - 1996. - №11. - Б. 67-74.

Әбішқызы, С. Бавария сабақтары [Мәтін] : [Неміс елінің білім беру жүйесі тәжірибесімен танысу] /С. Әбішқызы // Егемен Қазақстан. - 1996. - 13 қараша. - Б. 4.

1997

Әбішқызы, С. Білім жүйесіндегі бетбұрыс [Мәтін] : [Орта білімді дамыту Жобасына қолдау білдіруде] /С. Әбішқызы // Егемен Қазақстан. - 1997. - 27 маусым. - Б. 4.

Әбішқызы С. Метте мырзаның мұнысы несі [Мәтін] : [Өскемен қаласында өткен тамыз мәслихаты туралы] /С. Әбішқызы // Қазақстан мектебі. - 1997. - №11-12.- Б.19-20

1998

Әбішқызы, С. Мемлекеттік "Семей" университетінде [Мәтін] / С. Әбішқызы // Қазақстан мектебі. - 1998. - №9. - Б.16-17.

2000

Әбішқызы С. Өнегелі өмір [Мәтін] / Әбішқызы С. // Қазақ тарихы. - 2000. - №4. - Б. 15-22.

Әбішқызы,С. "Қазақстан мектебі" журналы және білім беру жүйесі [Мәтін] / С. Әбішқызы // Қазақстан мектебі. - 2000. - №8. - Б.11-30.

Әбішқызы, С. Білім жүйесінің білікті кеңесшісі [Мәтін] / С. Әбішқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2000. - №8.- Б.59-61.

2001

Әбішқызы, С. Қ. Мұқамеджановтың ғылыми мұрасы [Мәтін] / С. Әбішқызы // Бастауыш мектеп. - 2001. - №3. - Б. 25-27.

Әбішқызы С. Өсиет - өнеге қайнары [Мәтін] /С. Әбішқызы // Қазақ тарихы. - 2001. - №2.- Б.20-22.

2004

Әбішқызы С. Тарихы танымал шаңырақ [Мәтін] / С. Әбішқызы // Қазақстан мектебі. - 2004 - N 12. - №12. - Б.11

2005

Әбішқызы, С. "Жаңа мектептен" - "Қазақстан мектебіне" дейін [Мәтін] / С. Әбішқызы // Егемен Қазақстан. - 2005. - 19 қазан. - Б. 7

2015

Әбішқызы, С. Тұңғыш педагогикалық басылым [Мәтін] : "Қазақстан мектебіне" - 90 жыл / С. Әбішқызы // Қазақстан мектебі. - 2015. - №2. - Б. 3-4.

2017

Әбішқызы, С. Тірегіміз - туған жер [Мәтін] /С. Әбішқызы // Егемен Қазақстан . - 2017. - 13 маусым . - Б. 4.

Әбішқызы, С. Түлектерді "түрлендіргеннен" не ұтамыз ?! [Мәтін] / С. Әбішқызы // Егемен Қазақстан . - 2017. - 13 шілде . - Б. 9

Әбішқызы, С. Мектеп директоры және мұғалім қауымы [Мәтін] / С. Әбішқызы // Егемен Қазақстан . - 2017. - 8 тамыз. - Б. 5.

Әбішқызы, С. Тілдің тағдыршешті тұғыры [Мәтін] / С. Әбішқызы // Егемен Қазақстан . - 2017. - 8 қараша. - Б. 5.

Әбішқызы, С. Тәуелсіздікпен келген нар тәуекел [Мәтін] / С. Әбішқызы// Егемен Қазақстан . - 2017. - 4 қазан . - Б. 4.

2018

Әбішқызы, С. Әлекеңнің Гүлекеңі [Мәтін] / С. Әбішқызы // Қазақстан мектебі. - 2018. - №2. - Б. 33-37.

 

С. Әбішқызы туралы әдебиет

Литература об Абишева С.

 

Кітаптар-Книги

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Сайраш Әбішқызы: б. 210.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құрастырушылар Ұ. Есдаулет, К. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы. - Астана : Фолиант, 2011. - Сайраш Әбішқызы: б. 32

 

Мақалалар - Статьи

 

Шағыр, Қ. Тарлан бозын үміттің таң асырған [Мәтін] / Қ. Шағыр // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 28 мамыр. - Б. 6.

Ай маңдайын өбеді айбатты елі, қарсы алады түлегін туған жері [Мәтін] // Тарбағатай нұры. - 2004. - 24 шілде. - Б. 6.

Салқынбаев, Т. Аман болсын ардагер азамат қыз, Аман болсын қазақтың қайраткері! [Мәтін] / Т. Салқынбаев // Тарбағатай нұры. - 2004. - 24 шілде.- Б. 3.

Шағыр Қ. Сайраш Әбішқызы - "Платиналы тарлан" сыйлығының иегері [Мәтін] /Қ. Шағыр // Тәрбие құралы. - 2007. - №2 . - Б. 3.

Бейсенбиева К. Жақсының жылуы жанға дәру [Мәтін] / К. Бейсенбиева // Егемен Қазақстан . - 2014. - 17 мамыр . - Б. 8.

***

Абишқызы, С. Семей -это звучит гордо ! [Текст] / С. Абишқызы ; сост. Э. Нуруллин // Вести Семей. - 2013. - 26 марта. - С. 1

Тілшілердің тірегі, ұстаздардың ұстазы [Мәтін] : журналист Сайраш Әбішқызы туралы / . Т. Алдабергенқызы // Түркістан. - 2019. - 10 қазан.- Б.6

Бітібаева Қ.

Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы

Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы (1945 - 2014) - Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, профессор
1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында дүниеге келген. Жаңашыл ұстаз, профессор.
1968 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері.
1968-1980 жылға дейін Ласты ауылында мұғалім болды. 1980 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық мектеп-интернатында ұстаздық қызметі жалғасады. Осы кезеңдерде еліміздегі ұстазға берілетін атақ, дәреже мен құрметтің барлығын алды. Ұстаздардың ұстазы, халық мұғалімі аталды. Авторлық мектептің жетекшісіне айналды. Қ. Бітібаеваның есімі, атағы Республика жұртшылығынан асып, ТМД елдеріне дейін жайылды.
1980 жылы Тарбағатай аудандық «Ленин туы» газетінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қалыптасқан тәжірибесінен Оқу министірлігі, Шығыс Қазақстан облыстық оқу бөлімі мен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен арнайы бет плакат шығарылып, аудан мектептеріне таратылды. Оқу министірлігі мен орталық білімін жетілдіру институтының негізінде республика теледидарының «Шапағат» хабарында «Әдебиеттегі оқытудың тиімді жолдары» атты хабар беріліп, іс-тәжірибесі талқыланды. 1983 жылы Қазақ ССР Оқу министірлігі мен республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институты тарапынан оның «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді жолдары» атты тақырыппен тәжірибесі арнайы бет плакат арқылы шығарылып, республика ұстаздарына таратылды. «Әуезов шығармашылығын оқытудың өзекті мәсәлелері» атты тәжірибесі сараланды. Осы уақыттардан бастап Қанипа Омарғалиқызының Мұхтар Әуезов шығармаларын, Абай ілімін оқытудағы өзіндік жолы, шығармашылығы қалыптаса бастады.
Көлемді де құнды, еліміз бойынша барша оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандары арасында қолданылып келе жатқан 15 монографиялық еңбек туды. «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «М. Әуезов шығармашылығын оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту», «Абай және Әуезов үндестігін оқыту», «Абайды таныту», «М. Әуезов мектепте», «Әуезовті оқыту әдістемесі» шығармалары республика мұғалімдер қауымынан қызу қолдау тапқан.
Сонымен қатар 6 оқу курсының авторы болып табылады. Олардың қатарында «Абай мектепте», «10-11 сыныптарда қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту», «М. Әуезовты оқыту» атты кітаптары бар. Аталған кітаптар облыстағы қазақ тіліндегі орта мектептерінде негізгі оқулық ретінде тұрақты түрде оқытылып келеді. Республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарда жарияланған 50-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың да авторы болып табылады.
1991 жылдан Өскемен қаласында Қ. Бітібаеваның республикалық атаулы мектебі жұмыс істейді. Ұстаздың іс-тәжірибесі туралы бірнеше оқу фильмдері түсірілген.
Ұстаз 2014 жылы 9 қыркүйекте дүниеден өтті.
2014 жылы соңғы жылдары Қанипа Бітібаева тұрған Виноградова көшесі-29 бойында орналасқан көпқабатты үйдің қасбетінде оның құрметіне ескерткіш тақта ашылды. Қанипа Омарғалиқызы ұстаздық еткен дарынды балаларға арналған Жамбыл облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының қабырғасында 2021 жылы ұлағатты ұстазды еске алуға арналған тағы бір мемориалдық тақта ашылды.
Ономастикалық комиссияның шешімімен 2021 жылдың 1 мамырынан бастап Өскемен қаласындағы Амурская көшесіне Қанипа Бітібаеваның есімі берілді.

                                                  Қ. О. Бітібаеваның еңбектері

                                                       Труды Битибаевой К. О.


Бітібаева, Қ. О. М. Әуезов шығармашылығын оқыту: әдістемелік нұсқау.- Алматы, 1994.- 94 б.
Бітібаева, Қ. Мектепте Абай шығармаларын оқыту. - Өскемен: Б. ж., 1994. - 180 б.
Бітібаева, Қ. О. Әдебиетті оқыту әдістемесі: педагогикалық оқу орындарына арн. оқулық.- Алматы: Рауан, 1997. - 288 б.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту: ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр: оқу құралы, бағдарлама: Х, ХІ сыныптар. - Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000. - 274 б.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы : оқу құралы /Қ. Бітібаева, Г. Құдайбергенова, М. Мұқашева. - Өскемен : [б. ж.], 2002. - 134 б.
Бітібаева, Қ. М. Әуезов туындыларын мектепте оқыту: әдістемелік құрал. - Алматы: Мектеп, 2002.- 120 б.
Бітібаева, Қ. О. Абай және толық адам тәрбиесі /Қ. О. Бітібаева// Абай және XXI ғасыр : халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясының материалдары 21-22 қазан 2005 жыл, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы. - Өскемен: ШҚТУ, 2005. - Б. 50-53
Бітібаева, Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту /Қ. Бітібаева. - Семей : Үш биік, 2007. - 144 б.
Бітібаева, Қ. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары : оқу құралы /Қ. Бітібаева. - Семей : Үш биік, 2007. - 120 б.
Бітібаева, Қанипа. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы /Қ. Бітібаева. - Астана : Дарын, 2011. - 271 б.
Бітібаева Қ. О. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы : 5-11 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. - 1- ші кітап. - Алматы : Дәуір-Кітап, 2012. - 314 б.
Бітібаева, Қ. О. Мектепте Абайды танытудың жаңашыл технологиясы : 5-11 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. - Алматы : Дәуір-Кітап, 2012. - 188 б.
Бітібаева, Қ. О. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары : мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. - Алматы : Дәуір-Кітап, 2012. - 124 б.
Бітібаева, Қ. Егіз өрім : педагогикалық эсселер /Қ. Бітібаева. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2013. - 292 б.
Бітібаева, Қ. Мектепте Абайды танытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы /Қ. Бітібаева. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2013. - 176 б.
Бітібаева, Қ. Егіз өрім : педагогикалық эсселер /Қ. Бітібаева. - Алматы : Жазушы, 2014. - 408 б.
Бітібаева, Қ. Ұстаздықтың падишасы /Қ. Бітібаева. - Астана : Дарын, 2014. - 187 б.
Бітібаева Қ. О. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы : оқу-әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. Т. 1. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2015. - 292 б.
Бітібаева Қ. О. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы : оқу-әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. Т. 2. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2015. - 310 б.
Бітібаева Қ. О. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту : оқу-әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. Т. 3. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2015. - 148 б.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі : әдістеме /Қ. Бітібаева. - Алматы : Қазақ университеті, 2019. - 268 б.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы : әдістемелік материал. 2- ші басылым /Қ. Бітібаева. - Алматы : Алтын глобус, 2019. - 287 б.

                                                          Мерзімді басылымдағы мақалалар
                                                         Публикации в периодичесокй печати


Бітібаева, Қ. О. Қанипаның авторлық класы : [Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның ұстазы...өзінің атаулы мектебі жайында] /Қ. О. Бітібаева // Дидар. - 1994. - 5 шілде.
Бітібаева, Қ. Бақыт жолында : [Обл. мәдениет саласы мен халық ағарту ісіне еңбектері сіңген Ғибадия мен Оралбек Малдыбаевтардың отбасы туралы] /Қ. Бітібаева // Дидар. - 1994. - 19 шілде.
Бітібаева, Қ. Ауруханаларда, санаториялық мектеп-интернаттарда оқытылатын әдебиет пәні бойынша жеңілдетілген бағдарлама(Жоба) /Қ. Бітібаева, Б. Темірғалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1995. - №1. - Б. 95-106
Бітібаева, Қ.... Жүрегім менің - қырық жамау /Қ. Бітібаева // Ақиқат. - 1995. - №6. - Б. 76-79.
Бітібаева, Қ. Сәбит Мұқанов шығармашылығына шолу : [оқыту тәжірибесінен] /Қ. Бітібаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1995. - №7. - Б. 47-51
Бітібаева, Қ. Ғабит Мүсірепов шығармашылығы : [оқыту методикасынан] /Қ. Бітібаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1996. - №1. - Б. 62-68
Бітібаева, Қ. Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығы : [оқыту методикасы] /Қ. Бітібаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1996. - №5-6. - Б. 34-37
Бітібаева, Қ. "Елбасы елге сәлем айтты" /Қ. Бітібаева // Дидар. - 2004. - 25 желтоқсан. - Б. 2
Бітібаева, Қ. Тұлпар дүбірі алыстан естіледі /Қ . Бітібаева // Дидар. - 2005. - 1 қаңтар. - Б. 3
Бітібаева, Қ. Еркіндікке еркелік жараспайды /Қ. Бітібаева // Егемен Қазақстан. - 2011. - 15 наурыз. - Б. 1, 6.
Бітібаева, Қ. Елбасын жаратқан иеміз қазақтың пейіліне берген /Қ. Бітібаева // Егемен Қазақстан. - 2011. - 16 желтоқсан. - Б. 14
Бітібаева , Қ. Алматыда оқуды армандап едім...: [КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, ұстаз Қ. Бітібаевамен сұхбат.] /Қ. Бітібаева // Дидар. - 2012. - 2 наурыз. - Б. 21.
Бітібаева, Қ. Алтын діңгек /Қ. Бітібаева // Егемен Қазақстан. - 2012. - 6 қазан. - Б. 8.
Бітібаева, Қ. Ұлылыққа тағзым /Қ. Бітібаева // Егемен Қазақстан. - 2012. - 1 желтоқсан. - Б. 12.
Бітібаева Қ.. Дарынды бала қарымды маман болады, бірақ талапкерлерді алаламай, психологиясына баса назар аудару керек /Қ. Бітібаева // Егемен Қазақстан. - 2014. - 14 қаңтар (№ 7). – Б. 6
***
Битибаева, К. Он памятник воздвиг себе... : [о клубе "Абай и XXI век"] / К. Битибаева // Рудный Алтай. - 2009. - 4 ноября. - С. 6.
Битибаева К. Уроки человечности: Канипу Битибаеву заслуженно называют учителем по призванию // Казахстанская правда. - 2011. - 25 июня. - С. 5.

Қ. О. Бітібаева туралы әдебиеттер
Литература о Битибаевой К. О.


Кітаптар – Книги


Сарыбаев, Ш., Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық.- 3-ші басылымы.- Алматы: Атамұра, 1991.- 200 б.
Барқытбелдің баурайында : Тарбағатай ауданына 70 жыл. - Өскемен : Б.ж., 1998. - 157 б.
Құдайбергенева, К. С. Инновациялық тәжірибе орталығы - педагогикалық технология көзі : жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралы /К. С. Құдайбергенева К.С. - Алматы : [б. ж.], 2001. - 66 б.
Құдайбергенева, К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы - педагогикалық технология көзі: жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2003. - 66 б.
Әбішева С., Құдайбергенова, Г. Қазақтың Қанипасы: Ұстаз портреті.- Астана: Б. ж., 2004.- 316 б.
Қазақтың Қанипасы /құраст.: Әбішқызы С., Құдайбергенова К., Баймұхан Б. - Алматы : Білім, 2005. - 320 б.
Қарасаев, Ғ. Ұстаздықтың хан-апасы : тарихи-педагогикалық шолу. - Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. - 216 б.
Аңызға айналған ұстаз = Учитель-легенда. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2006. - 224 б.
Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 : анықтамалық. Т. 2, 2006. – 996 б.
Тоқпатаев, У. Менің замандастарым /Тоқпатаев У. - Өскемен : [б. и.], 2006. - 440 б.
Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) / Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. - Өскемен: ШҚМУ, 2006. - 432 б.
Аңызға айналған ұстаз=Учитель -легенда : [электрондық ресурс] : [аты аңызға айналған ұстаз Қ. Бітібаева туралы]. - Өскемен : Медиа -Альянс, 2009. - 226 б.
Раисова, Б. Шағылға біткен шынармын : [Мәтін] : поэма және өлеңдер / Б. Раисова. - Астана : Нұра-Астана, 2009. - 183 б.
Ақ ордам -алтын бесігім : [электрондық ресурс] : [Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-интернат-гимназияның 90 жылдық тарихы туралы.]. - Өскемен : [б. ж.], 2010. - 200 б.
Байдельдинов, В. Менің мектебім /В. Байдельдинов. - Өскемен : Либриус, 2010. - 154 б.
Ахметова, Ж. Шабытыма қанат бердің шарқ ұрған : Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның 70 жылдығына арналады /Ж. Ахметова. - Өскемен : Жамбыл гимназиясы, 2015. - 29 б.
Ғасыр көші : [Мәтін] / құраст.: Ақанұлы Сағынбек. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2013. - 404 б.
Қалиасқарова, Н. Әр сөзінде даналық тұнып тұратын, Өзіңе ұқсау - менің де басты мұратым /Н. Қалиасқарова. - Өскемен : "Шығыс" өңірлік орталығы, 2015. - 53 б.
Рахимова, М. Шуақты менің жылдарым... : [Мәтін] : (ғұмырнамалық баян) / М. Рахимова. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2015. - 356 б.
Картаева, А. М. Әдеби өлкетану : [Мәтін] : ( Шығыс Қазақстанның қаламгерлері шығармашылығы бойынша ) оқу құралы / А. М. Картаева. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2016. - 166 б.
Нұралин, Б. Әлемім менің-әуенім! / Б. Нұралин. - Өскемен : ЖК. Аникин Б. П., 2022. - 66 б.

                                                   Қ. О. Бітібаева туралы мақалалар
                                                    Публикации о Битибаевой К. О.


Жұмажанова, Б. Туған тілін ту еткен /Б. Жұмажанова // Коммунизм туы. - 1989. - 29 ноябрь. - Б. 1, 3
Байбатыров, Ғ. Қайталанбас сәт : [Қанипа (Бітібаева) Мұқағали сабағын оқытқанда. Өлең] /Ғ. Байбатыров // Дидар. - 1994. - 5 шілде.
Ерімбетов, М. Ғұмырын Абайға арнаған : [Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ. Бітібаева жайлы] /М. Ерімбетов // Парасат. - 1995. - №5. - Б. 5
Тоқпатаев, У. Қазақтың Қанипасы : [Қаз. Респ. еңбек сіңірген мұғалімі, респ. атаулы мектептің жетекшісі, Қ. О. Бітібаева жайында] /У. Тоқпатаев // Дидар. - 1998. - 28 ақпан
Өзіңде екен қазақы ойдың көркемі" : [Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қазан айында Қ. Бітібаеваның шығармашылық кешін өткізбекші. Соған орай ұстаз жайлы ой-пікірлер // Дидар. - 2000. – 2 қыркүйек
Қаңтарбаев, Ә. Қанипадай қыз туған мақтан, Шығыс ! : [қазан айында Астанада Қ. Бітібаеваның шығармашылық кеші өткен болатын. Осы кештен кейінгі ой-толғаулар /Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2000. – 11 қараша. - Б. 2
Айекеева, А. Туған тілін ту етіп...: [Өскемендік ұстаз КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қ. Бітібаевамен сұхбат. Жаңа оқулықтар авторы ретінде әр түрлі түсініктеме] /А. Айекеева // Қазақстан мұғалімі. - 2001. - 31қаңтар. - Б. 4
Баттал, Р. Әр сабағында ақ жаңбыр болып жауатын.../Р. Баттал, С. Әбішқызы // Қазақстан мектебі. - 2001. - №1. - Б. 15-20
Тоқпатаев, У. Қанипа Бітібаеваның ашық сабағы : [Бұл семинар ұлылар үндестігіне арналып, облыстық семинар деңгейінде өтті] /У. Тоқпатаев // Дидар. - 2002. - 16 сәуір. - Б. 1
Қаңтарбаев, Ә. Атаулы мектептің республикалық жиыны өтті /Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2004. - 23 қараша. - Б. 3.
Оразалин, С. Қазақтың Қанипасы /С. Оразалин // Қазақстан мектебі. - 2005. - №1. - Б. 5-6
Ұстаздықтың ақ жаңбыр ақынысыз // Қазақстан мектебі. - 2005. - №1. - Б. 3
Оразбаева, Ф. Ой салу - ұстаздан, ойлану шәкірттен/Ф. Оразбаева // Егемен Қазақстан. - 2005. - 15 желтоқсан. - Б. 12
Аңызға айналған ұстаз// Қазақстан мектебі. - 2006. - №1. - Б. 7
Бітібаева, Қ. Әлемдік білім кеңістігіне ену кезеңінде М. Әуезовті оқыту алдындағы өзекті мәселелер /Қ. Бітібаева // Дидар. - 2007. - 29 қыркүйек. - Б. 4.
Аты мәшһүр халыққа Қанипа – ұстаз // Дидар. - 2008. - 21 маусым. - Б. 2.
Сәрсенбайқызы, Ғ. Нағыз білімділер сайысы /Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2008. - 5 шілде. - С. 4.
Сәрсенбайқызы , Ғ. Бітібаеваны білмейтін жан жоқ /Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2009. - 5 маусым. - Б. 1.
Абишева А.Қ. Бітібаеваның жаңа білімді меңгерту технологиясын сабақта қолдану /А. Абишева // Кәсіптік мектеп = Профессиональная школа . - 2010. - № 2. - Б. 20-22
Елубай, О. Лауреат ұстазға арналған кеш : [атақты ұстаз Қ. Бітібаева арналған оқушылардың республикалық жарысы туралы] /О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 15 маусым. - Б. 10.
Ізтілеу, Д. Әдебиетті оқытпау - шәкірт алдындағы ауыр қылмыс! /Д. Ізтілеу // Ана тілі. - 2010. - 25 қараша. - 1 желтоқсан. - Б. 8.
Елубай, О. Аңыз ұстаз : [атақты ұстаз Қанипа Бітібаева туралы] /О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2011. - 12 наурыз. - Б. 6.
Келгембаева, Б. Аңызға айналған ұстаз, тіл қайраткері, әдіскер-ұстаз : [әдіскер-ұстаз Қ. Омарғалиқызы туралы.] /Б. Келгембаева // Шығыс дарыны. - 2013. - №2. - Б. 33-34.
Қожамкей, Ж. Дәуірдің дара ұстазы /Ж. Қожамкей // Өскемен. - 2013. - 11 сәуір. - Б. 6.
Саханқызы, С. Қазақтың Қанипасы - ұстаздардың анасы : Қ. Бітібаева шығармашылығының 45 жылдығына /С. Саханқызы // Жұлдыз. - 2013. - 14 сәуір. - Б. 8.
Қартаева, А. Ұстаз-тағдыр, ғұмыр : Қанипа Бітібаева туралы бір үзік сыр /А. Картаева // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 10-16 қазан. - Б. 15
Бітібаева С. Бітібаеваның биігі /С. Бітібаева // Егемен Қазақстан . - 2014.- 18 қазан (№ 204). – Б. 11
Ескенқызы, А. Қанипа Бітібаева тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды /А. Ескенқызы // Дидар. - 2014. - 21 қазан. - Б. 1-2.
Мемориалдық тақта орнатылды : [ардақты ұстаз Қанипа Омарғалиқызы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.] // Ертіс өңірі. - 2014. - 22 қазан. - Б. 2.
Аумадиева, А. Қанипа Бітібаева атындағы дәрісхана /А. Аумадиева // Өскемен. - 2015. - 23 сәуір. - Б. 2.
Анаш Д. Мұғалім мұражайы /Д. Анаш // Егемен Қазақстан. - 2015.- 1 мамыр (№ 81). – Б. 12
Ескенқызы, А. Қанипа Бітібаеваның облыстық оқу-әдістемелік мұражайы ашылды /А. Ескенқызы// Дидар. - 2015. - 4 мамыр. - Б. 3.
Бектібаева, Л. Дәуірдің дара ұстазы /Л. Бектібаева // Қазақстан мектебі. - 2015. - №9. - Б. 61-63.
Анаш Д. Мұғалім мұражайы / Д. Анаш // Егемен Қазақстан . - 2015.- 1 мамыр (№ 81). - 12
Сағатбекқызы, А. "Қанипа күні" апталығының жеңімпаздары анықталды : [ЮНЕСКО-ның қазақстандық ұлттық клубтар федерациясының мүшесі, атақты ұстаз Қ. Бітібаеваның апталығы өтті.] /А. Сағатбекқызы // Дидар. - 2016. - 20 сәуір. - Б. 1-2.
Аққазина, Ж. Әдебиет сабағында Қ. О. Бітібаеваның инновациялық технологиясын қолдану /Ж. Аққазина // Педагогикалық ой = Педагогическая мысль. - 2016. - №10. - Б. 29-31.
Алдебаева, Ж. Абай шығармашылығын оқытуда Қ. Бітібаеваның технологиясының тиімділігі /Ж. Алдебаева //Қазақстан мектебі. - 2017. - №2. - Б. 61-63.
Ауғанбаева, Б. Қасымызда мәңгі жүретіндей : [ұстаз Қанипа Бітібаева туралы] /Б. Ауғанбаева //Дидар. - 2017. - 12 қазан. - Б. 17.
Қасым А. Қанипа Бітібаева дәріс берген қарашаңырақ /А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2017. - 3 қараша (№ 212). – Б. 6
Иманғали, М. Бітібаеваның биігі баршаға үлгі /М. Иманғали// Дидар. - 2018. - 1 наурыз. - Б. 15.
Қасым , А. Қанипа әлеміне бойлады : Қанипа әлемі апталығы қортындыланды /А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2018. - 18 сәуір. - Б. 16
Иманғали, М. Бітібаева олимпиадасына шетелден қонақтар келді : Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада өтті /М. Иманғали // Дидар. - 2018. - 1 мамыр. - Б. 6
Ауғанбаева, Б. Ұстаз мұрасы ғылыми-әдістемелік орталыққа айналды : Қанипа Бітібаеваның сыныбы ғылыми әдістемелік орталыққа айналды// Егемен Қазақстан. - 2018. - 31 қазан. - Б. 7
Қасым, А. Педагогикалық музей қайта ашылса игі /А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2019. - 13 наурыз. - Б. 9
Сүлеймен, М. Қазақтың Қанипасы еді ғой : Өскемендегі Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында орын тепкен Қанипа Бітібаева атындағы тұңғыш педагогикалық музейдің жабылуы туралы /М. Сүлеймен // Егемен Қазақстан. - 2019. - 8 сәуір. - Б. 11
Иманғали, М. Қанипаның әлеміне терең бойлады : [Өскеменде Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиада өтті.] /М. Иманғали // Дидар. - 2019. - 27 сәуір. - Б. 3.
Сағатбекова, А. Бітібаеваның мәңгілік ғұмыры басталды /А. Сағатбекова // Дидар. - 2019. - 12 қыркүйек. - Б. 3.
Оралхан, А. Ұлы Абайды ұлықтаған ұстаз /А. Оралхан // Егемен Қазақстан. - 2020. - 1 мамыр. - Б. 11
Ауғанбаева, Б. Ұстазға құрмет-ұлтқа құрмет /Б. Ауғанбаева // Дидар. - 2020. - 26 мамыр. - Б. 3.
Болатұлы, Т. Қанипа Бітібаева көшесі болады /Т. Болатұлы // Дидар. - 2020. - 22 желтоқсан. - Б. 1.
Ауғанбаева, Б. Қалдырған ізің мәңгілік : [ардагер ұстаз Қ. Бітібаева туралы] /Б. Ауғанбаева. // Дидар. - 2021. - 30 қаңтар. - Б. 3.
Екпін, М. Педагог-мастер неге жоқ? /М. Екпін // Дидар. - 2021. - 5 қазан. - Б. 2.
Ескенқызы, А. Аса бағалы сыйлық тарту етті /А. Ескенқызы // Дидар. - 2022. - 19 наурыз. - Б. 3.
Қуанғанқызы, Ұ. Ұстаздан жоғары атақ жоқ /Ұ. Қуанғанқызы // Дидар. - 2022. - 1 қазан. - Б. 3
Бақытқызы, А. Қанипа Бітібаева атындағы тұңғыш олимпиада /А. Бақытқызы // Дидар. - 2022. - 29 қараша. - Б. 1.
Жанабилова, А. К. Ұрпақтар сабақтастығы /А. К. Жанабилова // Тәрбие сағаты. - 2022. - №11-12. - Б. 3.
Тоқтасынова, Г. Педагогикалық ілім-шамшырағымыз : [ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева туралы] /Г. Тоқтасынова // Рауан -Заря. - 2023. - 20 қаңтар. - Б. 9
Ауғанбаева, Б. Ұстаз бен шәкірттің еңбегі ақталды /Б. Ауғанбаева // Дидар. - 2023. - 24 қаңтар. - Б. 4.
Байгалиева, Б. М. Ұстаздық - ұлы құрмет /Б. М. Байгалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2023. - №4. - Б. 27-29.
Иманғали, М. Қанипа атындағы олимпиада мәресіне жетті /М. Иманғали // Дидар. - 2023. - 6 мамыр. - Б. 1.
Ұстаз есімі ұлықталды : [ұстаз Қанипа Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойы Тарбағатайдың Абай атындағы мектебінде ерекше аталып өтті] /бетті әзірлеген А. Бақытқызы // Дидар. - 2024. - 12 желтоқсан (N48). - Б. 8.
Уалханова, Р. Ұстазға құрмет - ұрпаққа міндет : (Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жыл толуына орай естелік) / Р. Уалханова // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 7 ақпан (№6). - Б. 5
Қасенов, С. Ұстаз тағылымы: Темірқазық : ұстаз Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы туралы / С. Қасенов // Дидар. - 2025. - 13 ақпан (N7). - Б. 13.
Тантаева, Ж. Өмір көші : [Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жыл толуына орай естелік] / Ж. Тантаева // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 21 ақпан (№8). - Б. 4.
Оразбаева, Ф. Текті болмыс, қайсар мінез : [ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаева туралы] / Ф. Оразбаева // Ана тілі. - 2025. - 27 наурыз (№13). - Б. 9.
Қанипа ұстаз - 80 : [ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаеваның туғанына 80 жыл] // Дидар. - 2025. - 10 сәуір (№15). - Б. 12-13.

Елубай, О. Шәкірттері барда есімі өшпейді : ұстаз Қанипа Бітібаева туралы / О. Елубай. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 3 сәуір (N14). - Б. 10.
Құрманов, Ф. Менің рухани ұстазым : ұстаз Қанипа Бітібаева туралы / Ф. Құрманов. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 3 сәуір (N14). - Б. 10.
Ақылбек, А. Қазақ педагогикасындағы ерекше құбылыс : ұстаз Қанипа Бітібаева туралы / А. Ақылбек. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 3 сәуір (N14). - Б. 10.
Түсіпбеков, Т. Өжет еді... : ұстаз Қанипа Бітібаева туралы / Т. Түсіпбеков. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 3 сәуір (N14). - Б. 10.

Құсанбаев, С. Сөздері сом алтындай кесек еді... : ұстаз Қанипа Бітібаева туралы / С. Құсанбаев, А. Мырзахметов . - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 27 қараша (№48). - Б. 16.

Оңайбай, К. С. Қанипа апам, хан апам! : ұстазға арналған өлең шумақтары / К. С. Оңайбай // Қазақ әдебиеті. - 2025. - 19 желтоқсан (№50). - Б. 23.

 

                                                                     ***
Лежанина, Е. Доброта - лекарство детских душ /Е. Лежанина // Рудный Алтай. - 1989. - 25 нояб.
Азмухамбетов, Ш. Уроки Битибаевой в Астане : [В Астане состоится творческий отчет заслуженного учителя РК, учителя гимназии-интерната им. Жамбыла К. О. Битибаевой] // Рудный Алтай. - 2000. - 28 окт. - С. 3
Каир, К. Где ты, одаренная молодежь? /К. Каир // Рудный Алтай. - 2008. - 10 июня. - С. 1.
Шевченко, Виктория. Путеводная звезда Канипы Битибаевой : [о заслуженном учителе РК К. Битибаевой] // Казахстанская правда. - 2010. - 6 марта. - С. 4.
Каир, К. Язык мой, друг мой : [о седьмой региональной олимпиаде школьников по казахскому языку и лит-ре в г. Усть-Каменогорске] /К. Каир // Рудный Алтай. - 2010. - 31 мая. - С. 2.
Оркушпаева, Н. Учитель с большой буквы : [о региональной олимпиаде школьников по казахскому языку и литературе] // Рудный Алтай. - 2011. - 30 мая. - С. 1.
Ким, Е. Ученики пяти стран посетили Казахстан : [о международной олимпиаде школьников по казахскому языку и литературе имени К. Битибаевой в Усть-Каменогорске] /Е. Ким // Рудный Алтай. - 2012. - 22 мая. - С. 1, 2.
Рысакова, Ш. Имени заслуженного учителя /Ш. Рысакова // Вести Семей. - 2013. - 5 марта. - С. 2
Баринова, А. Музей педагога в школе-гимназии для одаренных детей им. Жамбыла открылся новый музей, посвященный К. Битибаевой // Усть-Каменогорск. - 2014. - 9 янв. - С. 9.
Битибаева Канипа Омаргалиевна : [заслуженный учитель РК ; некролог] // Рудный Алтай. - 2014. - 10 сент. - С. 4.
Лазарева, В. Педагогическая поэма Канипы Битибаевой // Устинка плюс . - 2014. - 29 сент. (№ 39). - С. 10
Сосновская, О. По методике Канипы /О. Сосновская // 7 дней. - 2014. - 16 октября. - С. 4
Навечно в сердцах : в память о выдающемся педагоге РК К. Битибаевой открыта мемориальная доска // Рудный Алтай. - 2014. - 22 окт. - С. 1, 2.
Ефимов, М. "Урок - это мое сердце : в Усть-Каменогорске увековечили память Канипы Битибаевой // Устинка плюс . - 2014. - 23 окт. (№ 43). - С. 12
Сосновская О. Памяти педагога : в Зыряновске в школе № 9 открылась лаборатория заслуженного учителя учителя РК, почетного гражданина ВКО К. Битибаевой // Рудный Алтай. - 2014. - 19 ноября. - С. 3.
Катранова А. Навечно в сердцах // Рудный Алтай. - 2015. - 11 сентября.
Оркушпаева, Н. На шаг ближе к мечте : [о традиционной республиканской олимпиаде по казахскому языку и литературе им. К. Битибаевой: участники, победители. Усть-Каменогорск] /Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2017. - 2 мая. - С. 1
Однажды и на всю жизнь : [о Заслуженном учителе Казахстана, Лауреате государственной премии СССР, кавалере ордена "Кұрмет" Канипе Битибаевой] /Е. Ким // Рудный Алтай. - 2018. - 13 февраля. - С. 4
Кунгурцев, Э. Гордость Восточного Казахстана : [о Битибаевских чтениях в Гуманитарном колледже ВКО] /Э. Кунгурцев // Рудный Алтай. - 2018. - 27 февраля. - С. 5
Сапаргалиев, Т. Казахский в совершенстве : [о подведении итогов республиканской олимпиады по казахскому языку и литературе им. К. Битибаевой] /Т. Сапаргалиев // Рудный Алтай. - 2018. - 1 мая. - С. 1-2
Естаева, Г. Блеснули знаниями : [о республиканской олимпиаде по казахскому языку и литературе имени Канипы Битибаевой в ВКО] /Г. Естаева // Рудный Алтай. - 2019. - 30 апреля. - С. 2
Естаева, Г. Педагог с большой буквы : одно из условий дальнейшего процветания независимого Казахстана - расширение сферы применения государственного языка. Неоценимый вклад в развитие казахского языка и литературы внесла педагог-новатор Канипа Битибаева /Г. Естаева // Рудный Алтай. - 2021. - 1 апреля. - С. 4.