Рахимбаев Маулет Сабырбекұлы (1948 ж.) – композитор, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.
1948 жылы 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. 1969 жылы М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищенің музыка теориясы бөлімін бітірді. 1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Композиция» класы бойынша бітірген. Қазіргі күні Семей қаласындағы №1 Балалар музыкалық мектебінің директоры. Семей қаласы концерттік-гастрольдік дирекция кеңесінің төрағасы.
Альт музыка аспабына арналған «Сонаталар» мен «Күйлер», виолончельге арналған С. Сейфуллин шығармалары бойынша «Тар жол, тайғақ кешу», «Монолог» және «Азап вагоны» поэмасы (1977) авторы, симфониялық поэма (1973), сюиталар (1974), «Мереке» увертюрасын (1981), «Қаракөз» спектакліне музыка (1981), «Крылья крепнут в полете» телефильміне музыка (1979) жазды.
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (2001), «За отличные успехи в среднем специальном образовании СССР» құрмет белгісі, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың алғыс хаты (2001), Семей қаласы әкімінің алғыс хаттарымен (1999, 2001) марапатталған. Республика деңгейінде өткен «Абай әлемі» (2007), «Астана-Бәйтерек» ұлттық конкурстарының (2007) лауреаты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік гранты (2007, 2008) және «ҚР Мәдениет қайраткері» (2011) атағының иегері.
Деректер
Источники
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. - Астана : Фолиант, 2011. – Рахымбаев М. : б. 261-262.
Рахимбаев Маульт Сабырбекович [Электронный ресурс] // Образовалка : сайт. – Режим доступа : http://obrazovalka.ru/muzyka/question-198106.html (18.03.2018)
Рахимбаев Маульт Сабырбекович [Электронный ресурс] // Лучшие люди Казахстана : сайт. – Режим доступа : http://www.llk.kz/content/41694/41893?letter=%CA&page= (18.03.2018)
Тұрсынғазы Рахимов (1951–2016) – әнші, композитор, актер
1951 жылы 15 қазанда Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Аягөз ауданының Малтыкөл ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Республикалық эстрада және өнер студиясында Жүсіпбек Елебековтің класында білім алған. Ол Павлодар облысындағы Иса Байзақов атындағы филармонияның негізін қалаушылардың бірі болды.
1977 жылы Семей облыстық филармониясында, 1981 жылы Семей облысындағы Абай атындағы драма театрында қызмет атқарды. 1992 жылы Семей өңірлік музыка қоғамының төрағасы болды. Сонымен қатар Семей қаласындағы музыкалық колледждің «Халық әні» бөлімінде ұстаздық етіп, қалалық Мәдениет үйінің солисі болып жұмыс істеді.
Тұрсынғазы Рахимов — 50-ден астам әннің авторы. Оның көптеген әндері белгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған. Солардың қатарында «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл» сияқты туындылар бар. Сондай-ақ оның Қадыр Мырза Әлі мен Фариза Оңғарсынованың, жергілікті ақындар Т. Әбдіқакимовтың, А. Сапышевтің, А. Ыбыраевтың өлеңдеріне жазылған әндері де халық арасында кеңінен танымал болды.
1994 жылы Тұрсынғазы Рахимовтың «Сәби болғым келеді» атты әндер жинағы жарық көрді. Ол Қазақстанның ұлттық мәдениетін дамытуға зор үлес қосты.
Т. Рахимов — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 1977 жылғы Күләш Байсейітова атындағы республикалық әншілер байқауының лауреаты, 1987 жылғы «Көңіл ашар» республикалық байқауының жеңімпазы, сол жылы өткен «Сал-серілер» республикалық байқауының Гран-при иегері және 1991 жылы Павлодар қаласында өткен Естай атындағы театр байқауының жеңімпазы.
1988 жылы Ғабит Мүсіреповтің «Қайран, Майра» музыкалық спектаклінде Есет рөлін жоғары деңгейде сомдағаны үшін Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды.
2001 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысхатымен, ал 2002 жылы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Тұрсынғазы Рахимов 2016 жылғы 26 ақпанда Алматы қаласында дүниеден өтті.
Т. Рахимов туралы әдебиет
Литература о Т. Рахимове
Ұшып кеттің қайтадан сәби болып.... : әнші Тұрсынғазы Рахимов туралы шәкірттері шерткен сыр. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 13 қазан. - Б. 7.
Омарұлы , Б. Тұрсын Жұртбайдың тоғыз қыры : жазушы - ғалымның өміріндегі ел-жұртқа беймәлімдеу деректер хақында / Б. Омарұлы . - Мәтін // Қазақ әдебиеті. - 2021. - 22 қазан. - Б. 8.
***
Омарова А. Турсынгазы Рахимов - музыкальная легенда Семея / А. Омарова // Спектр. - 2008. - 16 янв. - С. 9.
Шайхынова А. Ключ к сердцам людей : [О творческом вечере певца, композитора, актера Турсынгазы Рахимова] / А. Шайхынова // Вести Семей. - 2012. - 13 нояб. - С. 5 : фото.
Ром Л. Турсынгазы Рахимов: «Песня - судьба моя» / Л. Ром // Спектр. - 2015. - 14 октября. - С. 8.
Рысакова Ш. Музыка в его душе : [О первом республиканском фестивале песни «Қазағым-ай» в честь певца и композитора Турсынгазы Рахимова] / Ш. Рысакова. - Текст // Вести Семей. - 2016. - 23 февраля. - С. 1 : фото.
Левина Ф. В память о выдающемся земляке : [В Семее предложили установить памятник заслуженному деятелю культуры Казахстана, певцу и композитору Турсынгазы Рахимову] / Ф. Левина // Рудный Алтай. - 2020. - 24 октября. - С. 2.
Гордость нашего края : [Сотрудниками КГУ «Централизованная библиотечная система г. Семей» при поддержке ГУ «Отдел культуры и развития языков» в рамках краеведческого проекта «Я со своим любимым городом!» на YouTube-канале ЦБС представлена публикация видеокруиза «Гордость нашего края», посвященная 70-летию со дня рождения Турсынгазы Рахимова] // Вести Семей. - 2021. - 2 марта. - С. 7.
Исаева А. Домбры прекрасные напевы... : [В честь Национального дня домбры в Усть-Каменогорске прошел республиканский фестиваль, посвященный заслуженному деятелю культуры Турсынгазы Рихимову] / А. Исаева // Рудный Алтай. - 2021. - 8 июля. - С. 16.
Сыбанов Болат Күнтуұлы (1938-1998 жж.), әнші, әртіс
Сыбанов Болат Күнтуұлы еңбек жолын 1957 жылы Абай атындағы қазақ драма театрында әртіс болудан бастап, біраз уақыт Алматы филармониясында солист болып, кейін Семей қаласына оралып, өмірінің соңына дейін туған сахнасында еңбекетеді. Өзінің театрдағы шығармашылық жолында Болат Сыбанов 100-ден астам көрнекті образды сомдаған.
Қазақ халқының радио мен телеарнасының алтын қорына оның авторлық орындауымен мынадай әндері енген: «Ақ бұлақ», «Таң самалы», «Ғашықтар термесі», «Жан ана», «Әке туралы» т.б. Көптеген әндері Түркия, Швеция, Германия, Моңғолия, Қытай елдеріне де танымал.
Ол біршама спектакльдерге қатысқан, олардың қатарында: «Тау қызы», «Волоколамское шоссе», «Шыңғыс хикаясы».
Болат Сыбанов - арнайы музыкалық білімі болмаса да, домбыра, фортепиано, баянда жақсы ойнаған. Оның музыкалық шығармашылығын «Мелодия» фирмасымен жарық көрген күйтабақ та дәлелдейді. Әртіс әрі музыкант 1998 жылы 14 ақпанда 60 жасқа толған шағында дүниеден өтеді.
Ол туралы әдебиет:
1. Семей әншілері [Мәтін] : био-библиографиялық портрет. - Семей : б. ж., 2006. - 32 б.2. Әліәкбар, Серік. Ән қанатында [Мәтін] / С. Әліәкбар // Аудан тынысы. - 2009. - 30 қазан. - С. 4.3. Әліпбаев Қ. Өмірін өнерге арнаған [Мәтін] / Әліпбаев Қ. // Семей таңы. - 2003. - 10 қаңтар.- Б.124. Рахымов Т. Сөнбейтін шамшырақ. [Мәтін] : [Сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі Б.Сыбанов туралы естелік] / Рахымов Т. // Үш анық. - 1999. - мамыр.- Б.5. Сейсенұлы Д. Әншіге құрмет- өнерге құрмет [Мәтін] : [Әнші-сазгер Б.Сыбановты еске алу кешінен] / Сейсенұлы Д. // Егемен Қазақстан. - 1998. - 26 маусым6. Иманғали , Мейрамтай. Қазақ әнінің ақбұлағы болатын [Мәтін] / М. Иманғали // Дидар. - 2010. - 13 қазан.- Б.5.7. Иманбаева, Алтын. Сағынды елің үніңді [Мәтін] / А. Иманбаева // Мәдениет. - 2011. - N 4.- Б.32-33. Материалды Абай атындағы Семей әмбебап ғылыми кітапханасы ұсынған.
Рахмадиев Еркеғали (1930-2013) - қазақ совет композиторы, педагог, қоғам және саяси қайраткер, Қазақ ССР халық әртісі (1975). КСРО Халық әртісі (1981), Қазақстан Еңбек Ері (2010)
Еркеғали Рахмадиев 1930 жылы 1 тамызда Семей облысы, Шұбартау ауданы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданыягөз ауданы) Мәдениет ауылында туған. 1957жылы Қазақ консерваториясының композиция факультетін бітірді Е. Брусиловскийдің шәкірті 1967-75 жылдары осы консерваторияның ректоры қызметін атқарды.
1968 жылдан Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының председателі және КСРО Композиторлар одағы басқармасының секретары. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980) Е.Рахмадиев творчествосы қазақтың халық музыкасының бай мұрасын бойына сіңіре отырып, классикалық музыка өнері жетістіктерінің игі әсерімен қалыптасты. Е.Рахмадиевтің симфониялық, опералық, вокальды-аспаптық, камералық шығармалары профессионалды ұлттық өнердің өресін кеңейтіп, онын жанрлық салаларын дамытты.
Сазгердің «Қамар сұлу» (1963), "Алпамыс" (1972) опералары байсалды да сабырлы, лирикалы-эпикалы кантилена тұрғысында жазылған. "Мейрам күйі" симфониялық поэмасы 1973 жылы Алматыда өткен Азия елдерінің халықаралық музыка жиынында дүние жүзілік эфирге жолдама алып, бірінші жүлдеге ие болды. «Амангелді» (1956), "Толғау" (1960), "Дайрабай күйі" (1961) атты симфониялық поэманың, труба мен оркестрге жазылған скерцоның (1966), «Сәлем саған Аястан» (1968) кантатасының, "Қыз ұзату" (1965) вокальды-хореографиялық композициясының, халық аспаптар оркестріне арналған "Ләйлім" (1953), спектакль мен көркем фильмдерге арналған музыкалардың авторы. Сондай-ақ, тынысты, шалқымалы асқақ әуенді "Таң самалы" (1963), «Туған ел»(1972), өткір де ұшқыр, жалын атқан "Әнші бақыты" (1966) т.б. ән-романстары бар.
Сазгердің "Құдаша-думан" мен "Мейрам күні" деген шығармалары
симфониялық оркестрдің орындауында Лондон (1973), Филадельфия (1973), Братислава (1974), Прага (1975) т.б. қалаларда орындалды. Қазақстан КП ХІІІ-ХІV съезінің және Мәскеуде өткен (1971) дүние жүзі Музыка Кеңесі ІV конгресінің делегаты. Қазақстан КП ОК мүшелігіне кандидат (1971), VII-IX сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. Қазақтың опера және балет театрында Е.Рахмадиевтің "Қамар сұлу", "Алпамыс", "Абылай хан" опералары қойылды. Музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін 2005 жылы «Жыл адамы» номинациясын алған.
Еркеғали Рахмадиев 2013 жылы 9 сәуірде Алматы қаласында дүниеден өтіп, Кеңсай зиратына жерленді.
Е. Рахмадиевтың шығармалары
Сочинения Е. Рахмадиева:
Опералары:
Оперы:
Қамар-сұлу» (1963)
«Степное зарево» (совм. с А. В. Бычковым и Г. И. Гризбилом, 1967)
«Алпамыс» (1973)
«Тың туралы жыр » (1980)
«Абылай-хан» (1999)
Поэмалары:
Поэмы:
Жеке дауыс, хор, мен оркестр үшін:
поэма-реквием «Мұхтар-аға» (1967)
«Аястан» (1968)
«Оянған жер» (1968)
«Салтанатты кантата» (жеке дауыс, балалар және аралас хор үшін, 1970)
«Партия туралы ода » (1971)
«Партия даңқы» (1976)
«Конституция туралы поэма» (1977)
«Балқаш кеші » (1962)
кантата "Туған елiм" сөзі . Н.А. Нахарбаев, Т. Молдагалиев (1993)
оратория "Жаса Казахстан - Жаса Нурсултан", (2013)
Оркестр үшін:
Для оркестра:
«Амангельды» (1956)
«Толғау» (1960)
Симфониялық күй " Дайрабай» (1961)
«Мейрам күйі» (1966)
«Ортпа» (1973)
«Құдаша-думан» (1973)
Тағы басқа:
Прочее:
Ғ. Мүсреповті еске алу оратория-реквием (1987)
М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған алты романс (1983), Абай өлеңдеріне жеті романс (1985)
Музыкалық комедия «Майра» (либр. жазған Г. Мусрепов, (1985)
М.И. Исиналиевті еске алуға арналған элегия ( 2000)
Камералық–инструментальдық шығармалары:
Камерно-инструментальные сочинения:
Драмалық спектакльдерге, кинофильмдерге арналған хорлар, әндер, музыкалар:
Хоры, песни, музыка к драматическим спектаклям и кинофильмам:
«Транссібір экспресі» (1977)
«Атаманның ақыры» (1970)
«Бабалар жері » (1966)
«Өмір жолы » (1959)
Е. Рахмадиевтің кітаптары:
Книги Е. Рахмадиева:
Рахмадиев, Е. Поэма о конституции [Текст] : по мотивам стихотворений Джамбула / Е. Рахмадиев. - Алма-Ата : Жалын , 1978. - 34 с.
Рахмадиев, Е. Время и музыка [Текст] : статьи, очерки, воспоминания, размышления / Е. Рахмадиев ; сост. Л. Гончарова ; вступ. ст. К. Мухамеджанова. - Алма-Ата : Онер, 1986. - 216 с.
Е. Рахмадиевтің мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары:
Публикации E. Рахмадиева в периодических изданиях:
Рахмадиев Е. Жарықтық Ғабитті соншалық қорлауға қайсысының ары барды екен? [Текст] / Рахмадиев Е. // Аңыз адам . - 2012. - № 18. - С. 40 б.
Рахмадиев Е. Ешбір паңдығы жоқ еді [Текст] / Рахмадиев Е. // Аңыз адам . - 2011. - № 13. - Б. 27.
Рахмадиев, Е. Консерваторияға жетелеп апарған Латиф ағамыз болатын [Мәтін] / Е. Рахмадиев // Дидар. - 2010. - 13 қараша.- Б.5.
Рахмадиев Е. Қалтайдың кітапханасы [Мәтін] / Рахмадиев Е. // Түркістан http://www.turkestan.kz. - 2002. - 11 көкек.- Б.5
Рахмадиев Е. Ұлы күйші Құрманғазы хақында бірер сөз [Мәтін] / Рахмадиев Е. // Жұлдыз. - 1999. - №5.- Б.186-192.
Рахмадиев Е. Заңғар [Текст] : [Ғ.Мұстафин туралы естелік] / Рахмадиев Е. // Жалын . - 1987. - № 3. - Б.18-19.
Рахмадиев Е. Дарын иесі [Текст] : [Композитор М.Төлебаевтың өмірінен] / Рахмадиев Е. // Жұлдыз . - 1967. - № 11. - Б.151-153.
Е. Рахмадиев туралы:
Кітаптар:
Қазақстан композиторлары = Композиторы Казахстана [Мәтін] : творческие портеты композиторов Казахстана. Т.2. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2017. - 624 с.
Қазақстан композиторлары [Мәтін] : анықтамалық / ред. А. Қоныс. - Алматы : Sansam, 2011. - 216 б.
Бодаубай Б. Тұлға [Мәтін] / Б. Бодаубай. - Алматы : Қазығұрт, 2011. - 520 б
Кәрменов Ж. Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына [Мәтін] / Кәрменов Ж. - Астана : Фолиант, 2002. - 232 б.
Измайлова, Л. В. Еркегали Рахмадиев [Текст] / Измайлова Л.В. - Астана : Елорда, 2000. - 192 с.
Композиторы Казахстана [Текст] : В 2 вып. - Алматы : Жалын, 1978.
Е. Рахмадиев туралы мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар:
Публикации в периодическй печати о Е. Рахмадиеве
Күмісбек Н. Өнеге өрнегі [Текст] / Күмісбек Н. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 12 ақпан (№ 65). - 10
Еркеғали Рахмадиев [Мәтін] : қазанама // Егемен Қазақстан. - 2013. - 10 сәуір.- Б.5.
Салықов К. Борышын адал ақтаған [Текст] : қазанама (1932-2013) / Салықов К. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 10 сәуір (№ 103). - 5
Аманжол Қ. Ел Еркеғалимен қоштасты [Текст] : қазанама (1932-2013) / Аманжол Қ. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 12 сәуір (№ 105). - 7
Төлегенова Б. Орны ойсырап тұрады [Текст] : қазанама (1932-2013) / Төлегенова Б. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 10 сәуір (№ 103). - 5
Кекілбайұлы Ә. Саз саңлағы [Текст] : қазанама (1932-2013) / Кекілбайұлы Ә. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 10 сәуір (№ 103). - 5
Еркімбеков Ж. Қош, қадірлі дос [Текст] : қазанама (1932-2013) / Еркімбеков Ж. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 10 сәуір (№ 103). - 5
Бодаубай Б. Алыптардың сарқыты [Текст] : қазанама (1932-2013) / Бодаубай Б. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 10 сәуір (№ 103). - 5
Ермекова, Салтанат. Рахмадиев шығармашылығының ерекшеліктері [Мәтін] / С. Ермекова // Қазақстан мектебі. - 2013. - №6.- Б.26-27.
Бодаубай Б.Сал-серінің сарқыты [Мәтін] / Б. Бодаубай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 27 қаңтар.- Б.7.
Бодаубай, Б. Қазақ музыкасының классигі [Мәтін] : атақты композитор Еркеғали Рахмадиевпен сыр-сұхбат / Б. Бодаубай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 2 сәуір.- Б.5.
Бодаубай, Б. Қазақ театрының қара нары [Мәтін] : атақты композитор Еркеғали Рахмадиевпен сыр-сұхбат / Б. Бодаубай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 26 мамыр.- Б.11, 12.
Бодаубай, Б. Ел ағасы Ерағаң [Мәтін] : [сазгер Еркеғали Рахмадиев жайлы] / Б. Бодаубай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 28 шілде.- Б.5-6. ; Аягөз жаңалықтары. - 2010.; 14 тамыз.- Б.3.; 21 тамыз.- Б.3.; 4 қыркүйек.- Б.2.
Бодаубай, Б. Айтулы ғұмырдың айшықты сәттері [Мәтін] / Б. Бодаубай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 15 желтоқсан.- Б.3.
Еркеғали ағамыз - Еңбек Ері [Мәтін] // Дидар. - 2010. - 17 желтоқсан.- Б.2.
Кекілбай Ә. Тұлға [Мәтін] / Кекілбай Ә. // Егемен Қазақстан. - 2005. - 5 қараша.- Б.3
Қыдырбек Б. Халқының сазға қосып бар болмысын. [Мәтін] / Қыдырбек Б. // Егемен Қазақстан. - 2000. - 16 маусым
Интернет ресурстар:
Интернет ресурсы:
Еркеғали Рахмадиев [Электрондық ресурсы]. - Мәдени мұра: сайт. - Режим доступа: http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/music-legacies/composer/erkegali-rahmadiev
Рахмадиев Еркегали [Электронный ресурс]. - Рахмадиев Еркегали : сайт. - Режим доступа: rakhmadiyev.kz
Рахмадиев Еркегали Рахмадиевич [Электронный ресурс]. - El.kz : сайт. - Режим доступа: http://el.kz/kz/news/archive/content-28724
Сычук Виктор Васильевич (1955) - музыкант
1955 жылы 21 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы (қазіргі Алтай ауданы) Парыгино ауылында дүниеге келген.
Томск политехникалық институтында, Өскемен құрылыс-жол институтында оқыған (1978 жылға дейін).
1979 жылдан бастап мәдениет саласындағы қызмет жолы басталды: Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы, Құрылысшылардың мәдениет үйі "Лето" ВАА басшысы лауазымында болды.
1991 жылдан 1998 жылға дейін директор қызметін атқарды.
Кейін ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыру саласындағы кәсіпкер, музыка жазады.
Өскемен қаласы туралы үздік әнге арналған барлық байқаулардың лауреаты.
Ол көптеген музыка мен ән мәтіндерінің авторы. 14 шығармасында ВААП-тың авторлық куәлігі бар.
В. В. Сычук туралы әдебиет
Литература о Сычук В. В.
Туған жер әуендері [Мәтін] : ШҚО композиторларының шығармалар жинағы : Сборник произведений композиторов ВКО. - Өскемен : б. ж., 2005. - 200 б.
***
Штейн, Д. Почтить служителей муз [Текст] : [о лауреатах премии акима ВКО за вклад в развитие культуры и искусства] / Д. Штейн // Рудный Алтай. - 2016. - 5 марта. - С. 1.