Абакумов Василий Яковлевич (1919-2001) – Ұлы Отан соғысына қатысушы, партизан.
1919 ж. 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Поперечное ауылында (Риддер қаласы әкімшілігінің құрамында) дүниеге келген. Ауыл мектебінен білім алған. 1938 ж. комсомол құрамына енген. Попереченскі балалар үйінде әртүрлі жұмысты атқарушы және ауылдық оқу үйінде басқарушы болған.
1939 ж. 27 қарашада Риддер аудандық әскери комиссариатымен Қызыл Әскер қатарына алынады. Атқыштар курсын Карело-Фин АКСР-нің Медвежьегорскі қаласында атқыштар батальонында өткен. 1940 ж. 10 қаңтарда әскери ант қабылдаған. Екі аптадан соң, 155-атқыштар дивизиясының 659-атқыштар полкі 18-барлау-пулемет ротасыныңфин майданына жіберіліп, қатардағы В. Абакумов әскери операцияларға қатысады. Екі айдан кейін, фин кампаниясы аяқталып, В. Абакумов кавалерлер полктік мектебіне жіберіледі. Оны аяқтаған соң, 1940 ж. соңында атты барлаушылар взводы командирінің орынбасары лауазымында және аға сержант атағымен өз полкіне оралады.
1941 ж. маусым айында 659-атқыштар полкі Барановичи (Белоруссия) қаласынан он сегіз шақырым жердегі жазғы лагерде орналасты. Соғыстың алғашқы күндері Брест қозғалысын бастайды. Полк пен дивизия төрт мәрте қоршауға алынып, төрт рет одан аз шығынмен сытылып отырған. Бесінші ретте Брянскі орманындағы қоршаудан шығу мүмкін емес еді. Таңертең Шемякино ауылының шетінде фашистердің қолына түсіп, соғыс тұтқындары лагеріне жөнелтіледі. Көрші ауылға бара жатқан жолда ол күзетшіден қашып шығады. 1941 ж. 25 қазанда Брянскі облысы, Брасовский ауданына қарасты жоғарыда аталған ауылда аға сержант Абакумов «Отан үшін» отрядының партизандар тобын кездестіреді. Ол бірден командиріне оны отрядқа алуын өтінеді. 1941 ж. 25 қазаннан – 1943 ж. 10 қыркүйек аралығында осы отряд құрамында болған. Осы отрядта оның болашақ жары Валентина Николаевна Орлова да болған. Сол отрядта 1943 ж. олардың қыздары Тамара дүниеге келеді.
1943 ж. 10 қыркүйекте Брасовскі ауданында халық кекшілдері Қызыл Әскердің бірер бөлігіне қосылады. 19 қыркүйекте Орел қаласында салтанатты түрде партизандар шеруі өтіп, оған В. Абакумов қатысады.
1943 ж. 1 қазанда В. Абакумов Халық шаруашылығын қалпына келтіру жөніндегі Брасовскі аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1944 ж. 25 сәуірден – Локотскі ауылдық Кеңесінің төрағасы болып тағайындалады.
1945 ж. 7 ақпанда Василий Абакумов пен оның жары Валентина Николаевна «Партизан Отечественной войны» медалімен марапатталады.
1945 ж. 8 наурызда В. Абакумов қайтадан Кеңес Әскеріне шақырылып, Горький қаласында (қазіргі Нижний Новгород) 16-жеке танкілік оқу полкінде қызмет етеді. 1945 ж. қыркүйектен – 1956 ж. тамыз аралығында № 37 әскери базасында және №608 ұшу базасында мерзімнен тыс қызметте болады.
1949 ж. 3 тамызда Василий Яковлевич Абакумов Қызыл Ту орденімен және «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов» медалімен, 1950 ж. 27 наурызда – Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
1950 ж. қыркүйек айынан Лениногорскіде (қазіргі Риддер қ.) Қалалық Ішкі істер бөлімінде жұмыс істеген. 1958 ж. 5 сәуірде қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін старшина В. Абакумов «Отличник милиции» белгісімен марапатталып, 1961 ж. 13 қыркүйектен запасқа шыққан.
1961 ж. қарашадан В. Абакумов Лениногорскі полиметалл комбинатында жөндеу-механикалық базасында № 1 болат құю цехінің карбид бөлімінде қызмет атқарады. Мұнда ол 1973 жылдың 11 желтоқсанына дейін жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды өткізуге белсенді араласып, мектеп, жоғары оқу орындары оқушыларымен жиі кездесіп отырған. 2001 ж. 14 қазанда дүниеден өткен.
Деректер
Источники
Немцев, М. Шумел сурово Брянский лес [Текст] : [об Абакумове В. Я.] / М. Немцев // Простор. - 2015. - № 5. - С. 130-136.
Рассказы, воспоминания наследников Победы [Электронный ресурс] : [об Абакумове В. Я.] // Ветераны Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://veteran-vko.kz/ru/memory02_01.htm (12.04.2017)
Немцев, М. Шумел сурово Брянский лес [Электронный ресурс] : [об Абакумове В. Я.] / М. Немцев // Простор : сайт. – Режим доступа : http://zhurnal-prostor.kz/assets/files/2015/2015-5/5---2015---11.pdf (12.04.2017)
Хроника важнейших событий 1941 года [Электронный ресурс] : [об Абакумове В. Я.] // Партизанское движение на Брянщине : сайт. – Режим доступа : http://old.bryanskobl.ru/projects/partisan/events1.php (12.04.2017)
Бубнов, Н. Подвиг за линией фронта [Электронный ресурс] : [об Абакумове В. Я.] / Н. Бубнов // Краевая общественно-политическая газета «Забайкальский рабочий» : сайт. – Режим доступа : http://забрабочий.рф/article/71461/ (12.04.2017)
Боранбаев Шаяхмет (1918-1945) - партизан, Қарсыласу қозғалысына қатысушы (Югославия).
1918 ж. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аюда ауылында дүниеге келген. Өскемен саяси-ағарту техникумын бітірген. Самар ауданы (қазір Көкпекті ауданы) Бастаушы ауылында жұмыс істеген. Соғыс басталғанда Қызыл Армия қатарына шақырылып, батыстағы бір бөлімшеге келіп түседі.
Ш. Боранбаев әскери қызметте болған бөлімше қырғын майдан барысында Қызыл Армияның негізгі бөлімдерінен бөлініп, жауынгерлердің көбі тұтқынға түседі. Ол бірнеше рет қашып шығады.
Соның бірі сәтті болып, 1945 ж. Базовицк бригадасына қосылады. Онда 18-ші словен екпінді Базовицк бригадасының 2-батальонының 3-ші ротасының комиссары болады.
Ш. Боранбаев соғысқан 18-ші словен екпінді Базовицк бригадасы Югославияның (НОАЮ) Ұлт-азаттық армиясының әскери тактикалық құрылымы еді, ол Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары Словения аумағында іс-әрекет еткен. Бригада қатарында СССР-дің 600-ден аса азаматы жаумен шайқасты.
Базовицк бригадасы Словен Приморьесі мен Бенеччиде белсенді ұрыс жүргізіп, жау гарнизондары, пункттер, әскери колонналар мен байланыс желілеріне шабуылдар жасады. Триест қаласын азат етуге қатысты.
1945 ж. көктемінде Баниш платосы және Трнов орманы аумағында неміс әскерінің Базовицк бригадасы партизандарын жою мақсатындағы шабуылы басталды. Партизандар қорғаныс шебін жаулап алды және әр батальон бір биікті қорғады. 2-батальон 29-31 наурызда кескілескен ұрыс барысында Задлог ауылы аумағында шайқасты. Осы шайқаста Чрни-Роб биіктігі үшін боған ұрыста батальон комиссары Шаяхмет Боранбаев қаза тапты.
Қ. Исабаевтың бастамасымен Италияның Триест қаласында совет партизандарына ескерткіш ашылды. Олардың есімі мрамор тақтаға ойылып жазылды. Алдыңғы бағанада «Боранбаев Шаяхмет». Қаза тапқан күні - 31.03.1945» деп жазылған.
Деректер
Источники
Исабаев, Қ. Мұндайлар болған [Мәтін] : повестер / Қ. Исабаев. - Астана : Елорда, 2003. - 232 б.
Франьо Бавец-Бранко. «Базовицкая бригада» - Любляна - 1970 (Franjo Bavec-Branko. Bazoviška brigada - Ljubljana - 1970). - С. 482-484.
Мусин, М. Аюдинский партизан на итальянской земле [Текст] : [о Шаяхмете Боранбаеве] / М. Мусин // Рудный Алтай. - 2010. - 1 ноября. - С. 3.
18-я словенская ударная Базовицкая бригада [Электронный ресурс] // Wikiwand : сайт. - Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/18-%D1%8F_%D1%81%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D1%83%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D0%91%D0%B0%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%86%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D0%B1%D1%80%D0%B8%D0%B3%D0%B0%D0%B4%D0%B0#.D0.9A.D0.BE.D0.BC.D0.B0.D0.BD.D0.B4.D0.BD.D1.8B.D0.B9_.D1.81.D0.BE.D1.81.D1.82.D0.B0.D0.B2_2-.D0.B3.D0.BE_.D0.B1.D0.B0.D1.82.D0.B0.D0.BB.D1.8C.D0.BE.D0.BD.D0.B0_.D0.B2_.D0.B0.D0.BF.D1.80.D0.B5.D0.BB.D0.B5_1945_.D0.B3.D0.BE.D0.B4.D0.B0 (10.04.2017)
Гнидин Григорий Алексеевич (1920-1988) – Ұлы Отан соғыс және еңбек ардагері, партизан, барлау командирі.
1920 ж. 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Раздольное ауылында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін Қызыл Армия қатарында болып, полк мектебін бітірген соң кіші сержант атағын алады. Белорусияның Гродно қаласында ұрысқа кіреді. 37-атқыштар дивизиясының 170-артиллерялық полкы құрамында Минскі үшін шайқасады. Ұрыс кезінде қоршауға түсіп, жарақат алады. Кейін В. И. Чапаев атындағы партизан отрядына кіреді. Барлау взводы командирі болады. Отряд кеңейіп, құрамында бірнеше отряды бар В. Куйбышев атындағы партизан бригадасы болып құрылады. Григорий Гнидин В. И. Чапаев атындағы отряд командирі болып тағайындалады. Ол төрт рет жарақат алады. Жау гарнизондарын талқандау, теміржолдарды істен шығару операцияларына қатысқан.
Минскіні жаудан азат еткеннен кейін партизандар парадына қатысады. Кейін Борисов қаласына соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмысына аттанады. 1945 жылдың қаңтарында армияға кетіп, 1945 жылдың желтоқсан айында Самар ауданының Раздольное ауылына оралады. Соңынан Алтай қаласына (бұрынғы Зырян) көшіп келіп, «Зыряновскстрой» тресінде товаровед, бетон зауытында директор болып қызмет істейді. 1964 ж. Раздольное ауылына қайта оралып, зейнетке шыққанға дейін (1974 ж.) күзет қызметінде еңбек етеді.
Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз ордендері және 1-дәрежелі «Партизану Отечественной войны» медалімен марапатталған.
1988 ж. 3 қазанда қайтыс болды.
Г. А. Гнидин туралы әдебиеттер
Литература о Г. А. Гнидине
Мақалалар-Статьи
Партизан қозғалыстары // Семей таңы. - 2011. - 3 мамыр. - Б. 3
***
Гриша - «Сибиряк» : [о Г. А. Гнидине] // Рудный Алтай. - 1966. - 26 августа.
Всенародное партизанской движение в Белоруcсии в годы Великой Отечественной войны : Т. 1. - Белорусь : Минск, 1967. - [о Г. А. Гнидине]: с. 585-586.
Алибаева, А. Партизанскими тропами : [о Г. А. Гнидине] // Новая жизнь. - 1968. - 9 мая.
Мачульский, Р. Вечный огонь / Р. Мачульский. – Белорусь : Минск, 1969. - [о Г. А. Гнидине]: с. 53-54.
Потапов, А. Родом из Прииртышья : [о Г. А. Гнидине] / А. Потапов // Шла война народная : партизаны ВОВ - казахстанцы. - Алма-Ата : Казахстан, 1985. - С. 302-309.
Вахонин Николай Григорьевич (1912-17.11.1958) - Ұлы Отан соғысының қатысушы, партизан.
1912 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Бесқарағай ауданының Малая Владимировка ауылында дүниеге келген. Жетіжылдық мектепті бітірген соң колхозда, кейін қант зауыты құрылысында ағаш шебері болып жұмыс істеген, осы жерден мерзімді әскери қызметке шақырылады. Әскерден оралған соң, аудандық тұтынушылар одағында ағаш шебері болады.
Гроднен облысы Дятлов ауданының Каменка ауылы жанындағы шегініс кезінде қатты жараланып, жергілікті жерде емделеді. 1942 ж. наурыз айынан бастап әскерилер мен жергілікті тұрғындардан құралған партизандар тобында болады. Бұл топ Щучинскі ауданында бірнеше әскери операция жасап, ағаш кесетін жер мен Неман өзенінен өтетін көпірді өртейді. 1942 ж. мамырында отряд жиынында ««Орлянский» партизан тобы құрылып, Н. Г. Вахонин 1942 ж. шілдесінен 1943 ж. наурызына дейін отряд командирі болды. Лениндік партизан бригадасының құрылуына байланысты отряд «Борьба» деп аталды. Н. Г. Вахонин 1943 ж. тамыз-қыркүйегінде комиссар, 1943 ж. қыркүйегінен 1944 ж. ақпан айына дейін командир, 1944 ж. ақпан айынан бастап Барановичи облысы
К. Ворошилов атындағы бригадасының М.И. Калинин атындағы барлау отряды командирінің орынбасары болып қызмет етті. Соғыста жараланып, кейін барлау ісі жөніндегі отряд командирінің орынбасары міндетін атқарды.
Соғыстан кейін, Барановичи облысының Дятлов ауданында өмір сүріп, еңбек етті. Барановичи қ. облыстық құрылыс тресі шаруашылығының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1947 ж. наурызынан 1957 ж. дейін – Пореченск спирт зауыты жанындағы шаруашылықта меңгеруші болды. 1958 ж. науқастанып, 17 қарашада операциядан кейін қайтыс болды.
Дятлово қ. көшелері Н. Г. Вахонин есімімен аталады; Дятлов қ. даңқ мұражайында арнайы стенд ресімделген.
Деректер
Источники
Вахонин Николай Григорьевич (1912-17.11.1958) [Электронный ресурс] : [биография] // will-remember.ru : сайт. – Режим доступа : http://will-remember.ru/familii_na_v/vahonin_nikolai_grigorevich.htm (12.04.2017)
Личный состав отряда "Борьба" [Электронный ресурс] : [о Вахонине Н. Г.] // 213 стрелковый полк 56 Московской стрелковой дивизии : сайт. – Режим доступа :
http://213sp56sd.ucoz.ru/load/partizanskoe_dvizhenie/otrjady_djatlovskogo_rajona/partizanskij_otrjad_borba/57-1-0-134 (12.04.2017)
Улица Вахонина [Электронный ресурс] // Дятловщина – информационный портал Дятловского района : сайт. – Режим доступа : http://www.dyatlovo.info/content/ulitsa-vakhonina (12.04.2017)
Ерғалиев Рамазан (1923-1944) - партизан, Қарсыласу қозғалысына қатысушы (Югославия).
1923 ж. Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген. 1941 ж. соғысқа аттанды. Сержант Р. Ерғалиев 830-шы атқыштар полкында, кейін, Югославиядағы Бриско-Бенешск партизан отрядының 2-батальонының Орыс взводы құрамында соғысқан.
1944 ж. қаза тауып, Югославияның Брегинь с. жерленген.
Неміс басқыншыларымен соғыста көрсеткен ерлігі үшін югославияның «За храбрость» орденімен марапатталған.
Деректер
Источники
Исабаев, Қ. Мұндайлар болған [Мәтін] : повестер / Қ. Исабаев. - Астана : Елорда, 2003. - 232 б.
Попова, Е. Рамазан и Златица : любовь вне границ и времени [Текст] : [об участнике партизанского движения в Югославии в годы ВОВ, уроженца Бескарагайского района Семипалатинской области Рамазане Ергалиеве] / Е. Попова // Вести Семей. - 2010. - 5 августа. - С. 3. : портр.
Партизан-комсомолец Рамазан Ергалиев ("Алексей"), павший смертью героя в горах Югославии в годы второй мировой войны [Электронный ресурс] // visualrian.ru : сайт. - Режим доступа : http://visualrian.ru/ru/site/gallery/index/id/665020/context/%7B%22history%22%3A%7B%22category%22%3A%22wars%22%2C%22period%22%3A%221970%22%7D%7D (10.04.2017)