Славский Ефим Николаевич (1898-1991)
Славский Ефим Николаевич Донецкі (Украина) облысының Макеевка қаласының тумасы. Азамат соғысының ардагері, Мәскеу алтын және түсті металл институтының түлегі. Еңбек жолын алюминий өнеркәсібінен бастап, 1946 жылдан Бас алюминий бастығы болады. Кейін КСРО Орта машина жасау министрі, Орта машина жасау бойынша КСРО мемлекеттік өндірістік комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Ефим Славский есімі КСРО-ң атом саласын құрумен тығыз байланысты. Ол атом өнеркәсібі мен ядро индустриясының негізін қалаушы әрі жетекшілердің бірі, 30 жыл бойы Орта машина жасау Министрлігін басқарған.
Ол кісінің жетекшілігімен әрі тікелей қатысуымен КСРО, Шығыс Еуропа мен Азия елдерінде атом ғылымы мен техника дамып, елдің ядролық қалқаны нығайып, атом электростансалары іске қосылып, уран мен алтын шығару бойынша керемет технологиялар жасалып, енгізілді. 1962-1988 жж. аралығында Е.П.Славский ШҚО-дан КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланады. Осы уақыт аралығында ол Өскемен қаласының дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның бастамасымен Өскемен Үлбі металлургиялық зауытында атом энергетикасының дамуына байланысты жобалар қарқынды түрде жүзеге аса бастады. Сонымен бірге, Ефим Николаевичтің жетекшілігімен облысымызда мал шаруашылығы кешені құрылды, Самар мен Никитинкада тұрғын үйлер, Шемонаихада Оба арқылы өтетін көпірсалынды.
Осы кісінің қатысуымен Өскемен қаласында Спорт сарайы, Орталық Мәдениет үйі, Пионерлер үйі, «Ертіс» қонақ үйі, Ертіс жағалауы, «Стрелка» шағын ауданы және қаланың көптеген өзге де әлеуметтік нышандарының негізі қаланды. Осы кемеңгер тұлғамыздың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында және ҮМЗ жұмысшыларының ұсынысымен 1998 жылы Ертіс жағалауы Славский атындағы жағалау болып өзгертілді.
Ертіс құрылыс басқармасының директоры болған В.Плохих былай деп еске алады: «Ефим Павловичпен әңгімелесу біз үшін үлкен құрмет еді. Әр ісіне қатаң тәртіппен қарайтын. Өз-өзінен істің нәтижесін талап ететін. Ефим Павлович - әрқашан қайырымды. Адамдардың атақ-дәрежесіне қарамастан бәрімен де жылы сөйлесетін. Адамның көңіл-күйіне мән беріп, қиын сәтте немесе өзінен көмек сұрағандарға әрқашан қолдау көрсететін...»
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жыл 25 тамызда Өскемен қаласының Ертіс Жағалауына (№32 үйдің рекреациялық аймағы) үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Ленин және үш Мемлекеттік сыйлық лауреаты, КСРО орта машина жасау министрі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы – Ефим Павлович Славскийге қола ескерткіш орнатылды.
Мүсіннің пішінін өзіміздің шеберлер әзірлеп, ал фигурасын Алматы қаласында құйған. Биіктігі 1,6 метр, салмағы – 350 кг. ескерткіш, үш метрлік гранит тұғырына орнатылған. Граниттің өңделмеген бөліктері әдейі алынған, өйткені тас бөліктері аязға төзімді болып келеді. Мүсіннің салмағы – 350 кг. Мүсіншілер – Хамитби Күлчаев (Өскемен қаласы) пен Александр Лягин ( Мәскеу қаласы). Жоба сәулетшісі Үлбі жоба-конструкторлық институтының жетекші сәулетшісі - Станислав Христофоров. Ескерткіштің ашылуына белгілі министрдің немересі – Славский Павел қатысты.
Әдебиеттер:
Садыков, Г. Имя Ефима Павловича Славского в наших сердцах [Текст] : / Садыков Г. // Рудный Алтай. - 1997. - 13 мая.
Памяти Славского [Текст] : [Наб.Иртыша г.Усть-Каменогорска названа именем бывш.министра Средмаша СССР] // Рудный Алтай. - 1998. - 19 сент. -.
Плохих, В. Светлый, мудрый человек и гражданин [Текст] : к 110-летию со дня рождения Ефима Павловича Славского / Плохих В. // Рудный Алтай. - 2008. - 21 окт. - С. 2-3.
Минченко, В. Бронзовый бюст легендарного министра [Текст] : [о торжественном открытии бюста-памятника трижды Героя Социалистического труда, Почетному гражданину Усть-Каменогорска Е. П. Славскому] / В. Минченко // Рудный Алтай. - 2011. - 27 авг. - С. 1, 2.
Соколов Сергей Александрович – Глубокое ауданының Құрметті азаматы, армрестлингтен ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары санатты армрестлинг бөлімінің аға жаттықтырушы-оқытушысы, Халықаралық санаттағы судья.
26 тамыз 1961 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Әкесі құрылысшы болғандықтан, отбасы ұзақ уақыт бір жерде тұрмай, нысандар тапсырылған кезде оның артында көшіп жүрген. Осылайша Сергей Соколов әкесі құс фабрикасын салған Черемшанка шағын ауылында тұрады. Сегізінші сыныптан кейін № 119 Семей ГПТУ-ға түсіп, үздік бітіреді. Үлестіру бойынша ол Қиыр Шығысқа жіберіледі, онда ол электр монтажшысы болып жұмысқа орналасады. Әскерде қызмет еткеннен кейін Сергей Александрович Черемшанкаға оралады. Мектепте дене шынықтыру мұғалімі, содан кейін құс фабрикасында спорт нұсқаушысы болып жұмыс істейді. Сонымен қатар энергетикалық техникумын аяқтайды, содан кейін ШҚМУ-да – «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіреді. Педагогикалық өтілі - 30 жылдан астам, БЖСМ – де-20 жылдан астам.
1992 жылы ағасы Олегпен бірге өз ауылында армрестлингті дамыту туралы шешім қабылдайды. Мектепте кинозалды қайта жабдықтайды. Барлық машиналар, снарядтар, гантельдер мен күрес үстелдерін өздері жасайды. Осы жылдар ішінде ағайынды Соколовтар 12 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 25 спорт шеберін және 70-тен астам спорт шеберіне үміткерлерді дайындайды. Олардың тәрбиеленушілері Болгария, Канада, Жапония, Англия, Италия және АҚШ-тағы әлем чемпионаттарында, Литвадағы Еуропа чемпионатында, ТМД, Үндістан және Иран елдеріндегі турнирлерде Қазақстанның спорттық намысын қорғаған. Сергей Соколов жаттықтырушылық жұмыс пен салауатты өмір салтын насихаттаудан басқа, төрешілік бойынша семинарлар өткізеді. Ол-армрестлинг бойынша Қазақстан федерациясының аға төрешісі, халықаралық санаттағы судья, WAF төрешісі шебері.
Сергей Александрович көптеген әлем чемпионаттарындағы төрешілігі үшін дипломдармен және медальдармен марапатталған. 2015 жылы Сочиде (Ресей) өткен IWAS Дүниежүзілік ойындарында армрестлинг бойынша бас төреші болып тағайындалды.
2014 жылы Қазақстан Республикасының гір спорты және армрестлинг Федерациясы Сергей Соколовқа дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында армрестлингті дамытуды қолға алуды тапсырды. ШҚО спорт басқармасы жанынан жаңадан құрылған спорт клубы кәсіби паралимпиадашылардың қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетті. Клубта кәсіби жаттықтырушылар мен басшылық құрам құрылды. Көптеген спорт түрлерінің ішінде командалық есепте республикалық жарыстарда көш бастап, армрестлинг берік орнықты.
VII Қысқы Азия ойындарының эстафеталық алауының алау ұстаушысы болу құрметіне ие болды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен, Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатаның дипломымен және Алтын медалімен марапатталған. Оның тәрбиеленушілері арасында Қазақстан және Азия Чемпионаттарының жеңімпаздары В.Уфимцев, Р. Байгукшинов, В. Лячина және басқа да көптеген паралимпиадашылар болды.
2012-2017 жылдар аралығында Әлем Кубогының бас төрешісі, Дүниежүзілік ойындардың бас төрешісі 2015 жылы Сочи қаласында II Бүкілодақтық халық шығармашылығы байқауының лауреаты, армрестлингтен Азия Чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, жағажай волейболынан ҚР Спартакиадасының күміс жүлдегері, гір спортынан ҚР жүлдегері, ардагерлер арасында дартс бойынша ҚР спартакиадасының чемпионы.
Сергей Александрович Соколов бес рет қатарынан Глубокое аудандық мәслихатына сайланды. Глубокое ауданының Құрметті азаматы (1999 ж.)
С. А. Соколов туралы әдебиеттер
Литература о С. А. Соколове
Ермолаева, А. И загораются звезды : [о тренере по армрестлингу С. Соколове и его воспитанниках из с. Черемшанка Глубоковского района] / А. Ермолаева // Рудный Алтай. - 1999. - 14 января.
Соколов, С. Хроника одного путешествия : [С 23 июля по 6 мая 2001 г. продолжалось восхождение к славе еще никому не известных в Европе рукоборцев Черемшанской школы Вики Сафоновой и Александра Сергеева] / С. Соколов // Огни Прииртышья. - 2001. - 6,20 июля. - С. 6
Соколов С. Вика Бугрова - в пятерке сильнейших рукоборцев мира! : [об участнице Чемпионата мира по армрестлингу из Глубоковского района В. Бугровой] / С. Соколов // Огни Прииртышья. - 2011. - 14 янв. - С. 3.; 25 янв. - С. 3.
Соколов, С. Приключения и победы черемшанцев / С. Соколов // Огни Прииртышья. - 2012. - 13 апреля. - С. 3.
Пашке, Е. Мастер Рефери из Черемшанки : [о старшем рефери Федерации гиревого спорта и армреслинга РК, судье международной категории Master Refere WAF С. Соколове] / Е. Пашке // Рудный Алтай. - 2016. - 21 января. - С. 12
Соколов, С. "Золото" на кубке Азии - наше! / С. Соколов // Огни Прииртышья - Ақ бұлақ. - 2017. - 10 ноября №45. - С. 9.
Соколов, С. Золотой Кубок мира - у Владимира Уфимцева! / С. Соколов // Огни Прииртышья - Ақ бұлақ. - 2017. - 8 декабря.,№49. - С. 9.
Сарсембаева, Б. "Железная" рука Сергея Соколова : среди воспитанников тренера по армрестлингу Сергея Соколова немало триумфаторов чемпионатов мира и Европы, прославивших независимый Казахстан / Б. Сарсембаева // Рудный Алтай. - 2021. - 18 марта. - С.10.
Всемирно известный - наш Соколов : [депутат районного маслихата С. А. Соколов] // Ертіс алауы = Огни Прииртышья. - 2024. - 30 августа (№ 27). - С.4
Тархов Юрий Павлович (1936 ж. т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1936 жылы 15 мамырда Новосибирск облысының Понькино ауылында дүниеге келген.
Новосибирск қаласындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Новосибирск индустриалды техникумына металды суық өңдеудің техник-технологы мамандығы бойынша оқуға түсті, бірақ оның мамандығы хоккей болды.
Юрий Павловичтің спорттық мансабы Новосібірде шайбалы хоккейден «Пищевик» жасөспірімдер командасы үшін өнер көрсетуден басталды, содан кейін Новосібірде «Динамо» жасөспірімдер, жастар және негізгі командаларында ойнады. Ақырында, 1961 жылдан бастап Тархов Өскемен қаласындағы аты аңызға айналған «Торпедо» командасының негізгі ойыншыларының бірі болды.
Омбы дене шынықтыру институтын сырттай бітіріп, көп жылдар бойы шайбалы хоккейден «Торпедо» командасының және шайбалы хоккейден балалар- жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. Оның шәкірттері КСРО және Қазақстан чемпионаттарының жеңімпаздары.
1978 жылы Юрий Павловичке «Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен және көптеген алғыс хаттармен марапатталған.
Ю. П. Тархов туралы әдебиет
Литература о Тархове Ю.П.
Кітаптар - Книги
Тархов Юрий Павлович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 120-121.
Мақалалар - Статьи
В полку почетных прибыло: званий "Почетный гражданин Усть-Каменогорска" были удостоены Юрий Тархов и Советхан Игибаев. // Усть-Каменогорск. - 2012. - 5 янв. - С. 2.
Марков, Г. Он воспитал чемпионов: [о заслуженном тренере КазССР, тренере команды "Торпедо" Юрие Тархове. 80 лет] / Г. Марков. // Рудный Алтай. - 2016. - 21 мая. - С. 1, 2.
Чернов, Валерий. Юрий Тархов - воспитатель чемпионов: [Мэтру казахстанского хоккея исполнилось 85 лет] / В. Чернов. // Устинка плюс. - 2021. - 20 мая. - С. 17.
Сухорукова Вера Николаевна (1951-2020 жж.) - Өскемен қаласының құрметті азаматы
Вера Сухорукова 1951 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха селосында туған.
1968-1973 жж. Өскемен құрылыс-жол институтында оқыған. Мамандығы –инженер-экономист.
1989 ж. КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясын бітірген. Ғылыми коммунизм пәнінің оқытушысы.
1973-1977жж. Жезқазған облыстық коммуналды шаруашылық басқармасының жоспарлау бөлімінің бастығы, аға экономисі.
1977-1984жж. – Жезқазған қалалық Компартиясының бөлім меңгерушісі, инструктор.
Қалалық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, облыстық атқару комитетінің орынбасары, бірінші орынбасары, Әкімшілік басшысының бірінші орынбасары, Жезқазған облысының әкімі (09.1984-04.1996).
04.1996-09. 1999 жж. –Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ШҚО экономика басқармасының бастығы, «АБС Шығыс» ЖШС-нің директоры.
09.1999.-01.2003жж. – Өскемен қаласының әкімі.
2003-2004 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты (19.09. 2004-20.06.2007), Экономикалық қайта құру, өңірлік даму Комитетінің төрағасы.
ҚР Парламенті «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі. «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.
«Құрмет» (2001, «Барыс» (2001) ордендерімен, үш медальмен (1992,2005, 2006) марапатталған. Өскемен қаласының Құрметті Азаматы.
В. Н. Сухорукова туралы әдебиет
Литература о В.Н. Сухоруковой
Сухорукова В.Н. Өркенді өзгерістер ордасы [Мәтін] : [Қала әкімі Вера Николаевна Сухоруковамен сұхбат] / Сухорукова В.Н. // Егемен Қазақстан. - 2000. - 26тамыз.- Б.2.
Тоқпатаев У. Патша көңіл, мәрт мінез, сырлы сезім [Мәтін] : [Өскемен қаласының әкімі Вера Сухорукова жайлы бір үзік сыр ] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2001. - 7 тамыз.- Б.2
Кратенко А. 100 дней Веры Сухоруковой / А. Кратенко // Рудный Алтай. - 2000. - 1 янв. - С. 2.
Сухорукова В. Н. // Пуссеп Г. Почетные граждане Усть-Каменогорска, 2008. - С. 98 – 99.
Шепель О. Вера Сухорукова: " Подводя итоги трехлетней деятельности, есть о чем подумать, поразмыслить..." / О. Шепель // Устинка плюс. - 2002. - 30 авг. - С. 3.
Тетерский Евгения Александрович (1938-2007) Өскемен қаласының Құрметті азаматы
Тетерский Евгения Александрович 15 қаңтар 1938 жылы Днепропетровск қаласында дүниеге келді.(Украина).
АО Мостоотрядтың президенті. 1966 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өскемен қаласында өмір сүрді. № 453 Мостопоезда бірнеше қызмет жасады.
Оның басшылығымен облыс бойынша 22 объект, оның ішінде 8 ірі көпір Иртыш, Ульба және 7 жол айрықтарын жасады. Ерен еңбегі үшін Халықтар Достығы орденімен және де «Қазақ ССР-інің құрметті жол жөндеушісі» атағы берілді. Жас мамандарға көп көңіл бөлді. Өскемен қаласының құрметті азаматы.
Әдебиет:
1. Пуссеп Г. И. Грекова С. С. Почетные граждане Усть-Каменогорска. – Усть-Каменогорск, 2008. – 136 с.
2. Тетерский Е. А.: [Электрондық ресурс]. – Пайдалану режимі:
http://www.kitaphana.kz/ru/pochetnue