Климов Сергей Александрович (1949 ж. т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1949 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Самар ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын жол басқармасында электриктің шәкірті болып бастады. Кеңес әскері қатарындағы қызметінен кейін Томск политехникалық институтына түсіп, оны 1975 жылы «инженер-электромеханик» мамандығы бойынша бітірді. Институтты бітіргеннен кейін Томск қаласында Электромеханика ҒЗИ-да инженер-электромеханик болып жұмыс істеді.
1980 жылдың 31 тамызынан бастап құрметті демалысқа шыққанға дейін Сергей Александрович Үлбі металлургия зауытының бериллий өндірісінде жұмыс істеп, әр түрлі лауазымдарда: инженер-конструктор, конструкторлық бюроның бастығы, конструкторлар тобының басшысы қызметін атқарды. Климов Сергей Александрович – өндіріске енгізілген қырықтан астам тиімді рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың авторы. С. А. Климовтың басшылық етуімен ең күрделі өндірістік міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті маман-конструкторлар ұжымы қалыптасты.
Сергей Александрович бес шақырылым бойы Өскемен қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды, бұл қатарынан жиырма жылдан астам уақыт. Қала шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды. Оған «Зауыт ардагері», ІІ дәрежелі «Қазақстан Республикасының атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атақтары берілді, В. П. Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты.
С. А. Климов туралы әдебиет
Литература о Климове С. А.
Кітаптар - Книги
Климов Сергей Александрович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 172-173.
Мақалалар - Статьи
Фадеева, О. В заложниках - дети: Депутат городского маслихата Сергей Климов бьет тревогу / О. Фадеева - // Устинка плюс. - 2004. - 6 авг. - С. 8.
Поломошнова, Л. Почетные устькаменогорцы: [депутат городского маслихата С. Климов и журналист А. Кантарбаев] / Л. Поломошнова. - // Усть-Каменогорск. - 2013. - № 49, 12 дек. - С. 6.
Человек дела: о талантливом инженере УМЗ и общественном деятеле Сергее Климове. - // Рудный Алтай. - 2019. - 15 августа. - С. 6.
Козлов Аркадий Гаврилович (1929) – Шемонайха ауданының құрметті азаматы, суретші.
1929 жылы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха селосында дүниеге келген. Н.К.Крупская атындағы Мәскеу университетінің сурет және бейнелеу өнері факультетін сырттай бітірді. 1962 жылдан бастап зейнеткерлікке дейін Выдриха мектебінде сурет пәні мұғалімі болды. Ол оқушыларымен саяхаттау кезінде оларды сурет салуға үйретіп, өзі этюдтер жасады. «Самородок» халық шығармашылығы клубының мүшесі. Картиналары Мәскеудің ВДНХ, Алматы, облыс және аудандық көрмелерде ұйымдастырылды. Картиналарының бір бөлігі Шемонайха аудандық тарихи-өлкетану музейі және Выдриха селосының А.С.Иванов атындағы мектеп музейінде сақтаулы. Қазір Шемонайха ауданы Рассыпное селосында тұрады. Ұлы Жеңістің мерейтойына арналған Бүкіләлемдік халық шығармашылығы байқауының І және ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
А. Г. Козлов туралы әдебиеттер
Литература о Козлове А. Г.
Мақалалар – статьи:
Шмунк, Г. Полотна сельского художника [Текст] : [о творчестве художника А. Г. Козлова] / Шмунк Г. // Рудный Алтай. - 1999. - 31 июля.
***
Шаров, Е. Е. Портрет Козлова А. Г [Изоматериал] : акварель / Е. Е. Шаров
Интернет ресурстары
Интернет ресурсы:
Козлов А. Г. [Электронный ресурс] : [биография] // КГУ Шемонаихинская центральная районная библиотека : сайт. – Режим доступа : http://shemlibrary.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=99&Itemid=56 (30.01.2017)
Колесников Михаил Иванович (1930) – Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
Колесников Михаил Иванович 1930 жылы 28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Панкурийский ауданы Коноваловка ауылында дүниеге келген.
40 жылдан астам Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында дәрігер-ординатор, ортопедия бөлімінің меңгерушісі және облыстың бас травматологы қызметтерін атқарды.
Дәрігер-ортопед, медицина ғылымының кандидаты ретінде облыстың және қаланың ортопедиялық қызметін құра отырып, Елизаров аппаратын омыртқа аурулары кезіндегі операцияларда сәтті қолданды. Жамбас буыны жөне омыртқа құрт ауруымен ауыратындарды емдеуде өте көп білім мен куш жұмсады.
Ұстаз ретінде облыс пен қаланың барлық травматологтарының өміріне тәжірибелік жолдама берді. Жеке өзі 14 мыңнан астам әртүрлі операциялар жасаған.
Медицина саласыңдағы көрнекті жетістіктері үшін Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдарымен марапатталған. КСРО денсаулық сақтаудың үздігі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген дәрігері.
2000 жылы 28 қыркүйекте жергілікті денсаулық сақтауды дамытуға және қала тұрғындарына травматологиялық көмек көрсетуді жақсартуға қосқан зор үлесі үшін М. И. Колесниковке «Өскемен қаласының Құрметті азаматы», 2023 жылдың ақпан айында облыстың дамуына қосқан зор үлесі үшін «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Колесников М. И. туралы әдебиеттер
Литература о Колесникове М. И.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - У-Ка: Б. и., 2008. - 136 с.
Колесников М. И.: [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://oskemen.info/photo-id-3522.html
Кокорин Федор Савинович (1918-1997) - Герой Советского Союза, почетный гражданин г. Усть-Каменогорск
Родился 20 декабря 1918 г. в Пермской области, Российская Федерация.
В Советской Армии с 1939 г. В боях Великой Отечественной войны с апреля 1942 г. В 1943 г. окончил курсы младших лейтенантов. Командир роты 4-го гвардейского стрелкового полка (6-я гвардейская стрелковая дивизия, 60-я армия, Центральный фронт) комсомолец гвардии лейтенант Кокорин 25 сентября 1943 г. во главе роты одним из первых форсировал Припять и 30 сентября овладел сильно укрепленным пунктом обороны противника – с. Оташев (Киевская обл.).
Звание Героя Советского Союза присвоено 16 октября 1943 г. Награжден орденами Ленина, Отечественной войны I и II степени, Красной Звезды.
После демобилизации приехал на постоянное место жительство в г. Усть-Каменогорск, где до ухода на пенсию работал в Областном комитете ДОСААФ. Персональный пенсионер союзного значения.
Одна из улиц г. Усть-Каменогорска носит имя Ф.С. Кокорина. На основании решения горисполкома от 6 мая 1980 г. Ф.С. Кокорину присвоено звание «Почетный гражданин г. Усть-Каменогорск».
Литература Ф. С. Кокорине
Кокорин, Ф. С. // Герои Советского Союза. Т. 1. - М., 1987. - С. 692
Кокорин, Ф.С. // Родина награждает отважных. Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза. - Усть-Каменогорск, 2010. - С. 121
Кокорин, Ф. С. // Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск, 2008. – С. 40-41
Кокорин Федор Савинович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы. = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск : үстелдік кітап / идея авторы және жетекші Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 36-37.

Колобова Надежда Ивановна (1923) – Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1923 жылы 25 қыркүйекте Петроград облысының Дорожка ауылында дүниеге келген. Соғыс басталған кезде Надежда Ивановна отбасымен бірге Великий Новгород маңында тұрды. Комсомол белсенділері тобының құрамында майдан жолағында танкке қарсы арықтар қазды. Фашистер Великий Новгородты басып алғанда, Надежда Ивановна 11-ші армияға ескі Руссаның астына түсіп, артиллерияда қызмет етті. Қатты шайқастар жүріп жатты, 11-ші армия жеңіліске ұшырады, ал тірі қалғандар жаңа құрамға Тулаға жіберілді. Онда Надежда Ивановна байланысшыға оқып алып, оны 237-ші артиллериялық жеке бригадаға жібереді. 2-ші Беларусь майданымен ол Польша, Германия, Пруссия, Шығыс Помераниядан өтті. Бромбергте ол жарақат алады.
1956 жылы Өскемен қаласына көшеді. Ол педагогикалық институтты бітіріп, мұғалім, кейінірек "Алтайсвинецстрой" трестінен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді, сол жерден зейнетке шыққан. Надежда Ивановна әрдайым қалалық Ардагерлер кеңесінде үлкен шабытпен жұмыс істеді, тұрмыстық комиссияны басқарды. Жастармен үнемі байланыста болды. Ұлы Отан соғысының ардагері Надежда Ивановна Колобова – 2010 жылы Астана мен Мәскеуде өткен Жеңіс шерулерінің жалғыз әйел қатысушысы болған.
Екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үші», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Н. И. Колобова туралы әдебиет
Литература о Н. И. Коробовой
Колобова Надежда Ивановна // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы. = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск : үстелдік кітап / идея авторы және жетекші Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. – С. 38-39.
65 исторических моментов Великой Отечественной: 87-летняя Надежда Колобова из Усть-Каменогорска - участница Парада Победы в Астане [Электронный ресурс] : [интервью]. – Режим доступа: https://www.inform.kz/ru/65-istoricheskih-momentov-velikoy-otechestvennoy-87-letnyaya-nadezhda-kolobova-iz-ust-kamenogorska-uchastnica-parada-pobedy-v-astane_a2266483