Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Театр

Мусин Шахан

Мусин Шахан А. Мусин Шахан- актер, Қазақстанның Халық артисі (1913-1999 ж.)

Шахан Мусин –1913 жылы 27 желтоқсанында Павлодар облысы, Май ауданы, Үлкен Ақжар ауылында туған. Актерлік жолын 1934 жылы Семей облыстық қазақ драма театрынан бастап,осы театрдың іргетасын қалаушылардың бірі болып тарихта ізін қалдырды.Сахнадағы алғашқы ролі І.Жансүгіровтің «Кек» пьесасындағы Бидахмет ролі болды. Семей қазақ драма театр сахансында Айдар (М.Әуезов. «Абай), Ақан (Ғ.Мүсірепов. «Ақан сері-Ақтоқты»), Ян Грубек (К.Симонов. «Прага талшындары астында», Темір (Ә.Әбішев. «Достық пен махаббат») т.б. рольдерді ойнайды.

Ш.Мусин саяси қуғын-сүргін азабын тарта жүріп (Колымада, 1937-46; Сібірде, 1948-54) көптеген өлеңдер жазды. 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954-1957 жж. Қазақтың Мемлекеттік академиялық Жастар мен балалар театрында актерлік қызмет атқарып, ал 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында алуан түрлі кейіпкерлерді сахналады. Көбіне творчестволық интелегенция өкілдерінің бейнелерін жасады. Олар: Ақан (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында»),Сырым (Әуезовтің «Қарагөзінде»), Моцарт (А.С.Пушкиннің «Шағын трагедияларында»), Телегин (А.П.Чехов, «Сүйікті менің ағатайым»)т.б.

Сонымен қатар қазақ киносының өсіп өркендеуіне сүбелі үлесін қосты. Атап айтқанда: «Бұл Шұғылада болған еді»,«Біз осында тұрамыз»,«Асау Ертіс жағасында»,«Шоқан Уәлиханов»,«Ұлан»,«Қосымша сауалдар»,«Жол торабы», «Аманат», «Шешуші айқас», «Даладағы дабыл»,«Кек», «Талтүс», «Жаушы»,«Құлагер» сияқты көптеген көркем фильмдерге түсіп, дара ойын үлгісімен өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Өзінің адами-азаматтық байламымен өмір сүріп, батыл сөз айтып, қыранның қияғы, тұлпардың тұяғы, ұлтжанды намысшыл ердің өзі болған тағдыр иесі Ш.Мусин – қазақ театры мен киносына ұшан-теңіз еңбек сіңірді.

1999 жылдың 26 желтоқсанында 86 жасында дүниеден өтті.

Тұғыры тұлға Шахан Мусиннің туғанына осынау қоңыр күзде 100 жыл толады!

«Арыс» баспасынан өмірдің «тар жол, тайғақ кешуінде» талай қиыншылқтарды басынан кешіп, ғұмырының 15 жылын қапас түрмеде өткізген Шахан актер туралы 500 дана таралыммен естеліктер кітабы дайындалып жатыр.

Ұлттық намысқа от тұтатқан өр рухты өлеңі үшін қауіпсіздік комитетінің тырнағына ілігіп, тар қапасқа қамалса да, өзінің өнерге деген шексіз сүйіспеншілік, қуат-жігерімен еңсесін бастырмаған Шахан Мусиннің өнері мен тағдыр-тәлейін таратып жазған естеліктердің бір парасы жарық көрмек.

Мусин Шахан туралы:

Сығай Ә. Сахна саңлақтары. /Мәтін Алматы, 1998. – 512 б.

Кенжетайұлы К.
18 жыл тұншыққан Шахан едi: Халық артисi Шахан Мусин туралы // Парасат.- 2000.- N 9.- 13-14 б.

Сығаев Ә.
Әртiс тағдыры: [Халық әртiсi Шахан Мусиннiң туғанына 80 жыл толуына.] // Егемен Қазақстан.- 1994. - 5 қаңтар

 

Нурпеис Б.К.

Нурпеис Бакыт Какикызы Нұрпейіс Бақыт Кәкіқызы (1970 ж. т.) – театр сыншысы, өнертану докторы, профессор.
1970 жылы 14 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Алматы театр-көркемсурет институтын (қазіргі Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген. Оқуды бітіргеннен кейін ол институтта ғылыми қызметкер, содан кейін оқытушы болып жұмыс істеді. 2004 жылдан – доцент, кафедра меңгерушісі, кино, теле және өнертану факультетінің деканы болып жұмыс істеді . Б. Нұрпейісованың театр және сахна шеберлері туралы мақалалары республикалық мерзімді басылымдар мен ұжымдық жинақтарда жарияланып тұрады.

                                                                 Б. Нұрпейістің шығармалары

Нұрпейіс, Б. Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) : монография / Б. Нұрпейіс. - Алматы : Дәстүр, 2014. - 520 б.

***

Нұрпейіс, Б. Қазақ театр өнері ілгері жылжып келеді : [Мәтін] / Б. Нұрпейіс // Дидар. - 2018. - 29 қараша. - Б. 15.
Нұрпейіс,Б. Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар мен балалар театрының шығармашылық эволюциясы (1970-1995) : [Мәтін] : Автореферат / Нұрпейіс Б.К. - Алматы : б.ж., 1999. - 24 б. - Б. ц.

Б. Нұрпейіс туралы әдебиеттер
Литература о Нурпеис Б.

Шығыс Қазақстан Облысы : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б. 580-581.

Театр: бар мен жоқ. (Қазақ театр сыншылары, театр өнері жайында мамандар пікірі) // Қазақ әдебиеті . - 2017. - 27 сәуір (№ 16). – Б. 1,6-7.

 

 

Сәкиева К.С.

Сәкиева Күләш Сырымбетқызы (1920-2019) – әнші, актриса,  Қазақстанның Халық әртісі

1920 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген. Күләштің көркемдік таланты ерте балалық шақтан пайда болған. Сегіз жасынан-ақ қыздың болашағынан зор үміт күтіледі. Зайсанда бастауыш мектепті бітіргеннен кейін білімді, оқыған ағасы Сапарғалидың ықпалымен Алматы қаласына келіп, рабфакта оқиды. Сол жерде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, ән айтып жүрген ол 1937 жылы Алматы Мемлекеттік театр училищесінің кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың класына оқуға түседі.
1941 жылы осы оқу орнын үздік бітіргеннен кейін Абай атындағы Жамбыл облыстық музыкалық драма театрына орналасқан жас актриса Шиллердің «Сатқындық пен махаббат» пьесасындағы Луизадан (училище бітірген кездегі дипломдық жұмысы) бастап М. Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясында Еңлік, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш Баян сұлу» трагедияларында Ақтоқты, Жібек, Баян, т.б. көптеген кейіпкерлерді сахналаған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп жүрген ер азаматтарды рухани жігерлендіру мақсатында концерттер қойып, спектакльдер көрсетуде театр ұжымымен бірге аянбай еңбек етті. Жамбыл театрында он жылдай өнер көрсеткен актрисаның еңбегі бағаланып, «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» (1947) атағы беріліп, «Құрмет белгісі» (1945) орденімен марапатталды.
Сахналық тәжірибе жинаған Күләш Сәкиева 1952 жылы 19 қазанда Абай атындағы Семей облыстық қазақ драма театрына ауысады. Ол 1958 жылы Ә.Тәжібаевтың «Майра» драмасында (режиссері Б.Омаров) қазақ халқының жезтаңдай әншісі, композитор Майра әндерін, әсіресе осы Баян және У. Ғаджибековтың «Аршын - Малалан» музыкалық комедиясындағы Гүлшаһраның бейнелерін нанымды сомдаған.
Ол 1941 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына арнайы шақырылып, 1949 жылға дейінгі уақыт аралығында Ақтоқты (Г.Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты»), Қарлыға (М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды»), Мария Антоновна (Гоголь «Ревизор»), Мирандалина (К. Гольдони «Қонақ үйдің қожасы»), Настя (М. Горький «Шыңырау түбі»), т.б. кейіпкерлердің көркем бейнесін сахналауда асқан шеберлігін көрсете білді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-сайланымдағы депутаты (1955 - 1959), Қазақстан Компартиясының ХІІІ съезіне делегат (1971) болып қатысқан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен 3 мәрте марапатталған (1944, 1955, 1980 жылдар); «Қазақ КСР халық әртісі» құрметті атағымен қосыла екінші мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды (1958). КСРО-ның «Еңбек ардагері» (1982), «Лениннің туғанына 100 жыл» (1970), «ҰОС соғысына 30,50,60,65 жыл», «КСРО-ның тың жерлерді игергені үшін», «ҰОС ерлігі үшін» және т.б көптеген медалдармен марапатталған. Семей қаласының, Зайсан ауданының Құрметті азаматы. 2005 жылы Елбасының жарлығымен қазақ театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты - «Парасат» орденімен марапатталды.
Қазақстанның Халық әртісі Асқар Тоқпановтан сахна шеберлігін үйреніп, өнер жолына түскен, дала сахнасынан сыр ұққан, кәсіби сахнада шынығып, өнер тарланына айналған Күләш Сәкиева тоқсан жасқа дейін сахнадан түскен жоқ. Отбасында ана бақытын көріп, өнер шыңынан көтерілген ел еркесі Қазақстанның Халық әртісі, үш орденді Күләш Сырымбетқызы 2019 жылы 4 ақпан күні дүниеден өтті.

К. С. Сәкиева туралы әдебиет

Литература о С. С. Сакиевой

Кітаптар – Книги

Жеңсеханов, М. Шежірелі Зайсан [Электрондық ресурс] : [Зайсан өңірінен шыққан батырлар мен балуандар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, өнер иелері мен ақын -жазушылар туралы сөз қозғалады. ] / М. Жеңсеханов . - Семей : Азербаева К., 2004. - 158 б.

Майшекин, М. Көркемөнер шеберлері [Мәтін] / М. Майшекин - Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1959. - 138 б.

Мақалалар - Статьи

Сейсенұлы, Д. Актриса [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2010. - 2 наурыз.- Б.3.

Мұхамедова, Р. Жүздеген тағдыр бейнесі [Мәтін] : [актриса К. Сәкиева туралы] / Р. Мұхамедова // Ертіс өңірі. - 2010. - 3 наурыз.- Б.12.

Часных, Л. Тоқсанды толтырған Күләш апа күнде шығады сахнаға [Мәтін] / Л. Часных // Дидар. - 25 қыркүйек.- Б.1-2.

Сыдықов, Е. Бәтташұлы. Өнердің хас шебері [Мәтін] / Е. Б. Сыдықов // Семей таңы. - 2010. - 23 қыркүйек.- Б.2.

Сағимұрат, Е. Мұхтар Әуезов бағалаған актриса [Мәтін] / Е. Сағимұрат // Семей таңы. - 2010. - 30 қыркүйек.- Б.2.

Мақанқызы, К. Сан қырлы саңлақ [Мәтін] / К. Мақанқызы // Ертіс өңірі. - 2010. - 29 қыркүйек.- Б.1, 10.

Сейсембаева, Ш. Күләш Сәкиева жеке заттарын мұражайға тапсырды [Мәтін] / Ш. Сейсембаева // Дидар. - 2013. - 13 наурыз.- Б.6.

Райыс, К. Өмірін театрға арнаған жан [Мәтін] : [Халық әртісі Күләш Сәкиева туралы.] / К. Райыс // Ертіс өңірі. - 2015. - 4 наурыз.- Б. 8.

***

Шыбынтаева, М. "Она - живая история театра" [Текст] / М. Шыбынтаева // Наше дело. - 2000. - 18 февраля. - С. 7.

Жинило, В. Юбилей актрисы [Текст] / В. Жинило // Рудный Алтай. - 2000. - 7 марта. - С. 1.

Азмухамбетов, Ш. И тогда женские роли играли мужчины [Текст] : казахскому национальному театру - 90 лет / Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2007. - 30 июня. - С. 6.

Биданова, А. Примадонна [Текст] : [90 лет Народной артистке Казахской ССР Куляш Сакиевой] / А. Биданова // Казахстанская правда. - 2010. - 11 марта. - С. 5.

Шарипханова, А. Ваш выход, Куляш-апа! [Текст] / А. Шарипханова // Страна и мир. - 2010. - 8 марта. - С. 3.

Часнык, Л. За роль Майры - звание и орден [Текст] : [о народной артистке РК Куляш Сакиевой] / Л. Часнык // Рудный Алтай. - 2010. - 15 марта. - С. 6.

Часнык, Л. Бенефис нестареющей примадонны [Текст] : [к 90-летию со дня рождения Народной артистки РК из г. Семей К. С. Сакиевой] / Л. Часнык // Рудный Алтай. - 2010. - 24 сентября. - С. 1, 2.

Гуляева, Е. Живу лишь сценой [Текст] / Е. Гуляева // Наше дело. - 2014. - 16 января. - С. 6.

 

Ракымов А. С.

Ракымов Аубакир СыдыковичРақымов Әубәкір Сыдықұлы (1950 ж. т.) – режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
1950 жылы 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Қазақ академиялық драма театры жанындағы актерлік студияны бітірген. 1968 жылдан бастап - Жамбыл облыстық драма театрының актері.
1972 жылы Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық театрының әртісі болды.
1979 жылы Мәскеу қаласында А. В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірді.
1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы.
«Менің ағам» (Комсомолец) – «Қазақфильм» киностудиясы, «Художник» (Суретші), «Ақ бақсы» (Гатль) фильмдерінде басты рөлді сомдаған.
Режиссерлік жұмыстары: Ж.Б. Мольер «Алданған күйеу»; C. Гольдони «Екі қожайынның қызметшісі»; Э.Шварц «Қар ханшайымы»; Дж.Файзи «Аяқ киім»; Н.Гоголь «Неке»; Р.Сейсенбаев «Түнгі диалог»; Н.Әбуталиев «Махамбет»; Т.Нұрмағамбетов «Қырманбайдың тойы»; С.Балғабаев «Махаббатсыз ғасыр», «Мерейтойдан кейін»; С.Торайғыров «Қамар сұлу»; С.Мұқанов «Жарқын махаббат»; Ф.Буляков «Әжелер үйленеді...»; А.Тарази «Ақын... Періште... Махаббат...»; И.Вовнянко «Апокалипсис»; Е.Уахитов «Сваты»; С.Балғабаев «Сағыныш пен елес»; Т.Мамасейіт «Бәкей қыз»; М.Әуезов «Зарлы заман»; С.Асылбекұлы «Күзгі марафон».
Рақымов Әубәкір – Қазақ театр қоғамы басқармасының хатшысы, Әуезов М. атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, көркемдік кеңес мүшесі, Қазақстан мен Моңғолиядағы театрландырылған концерттер мен бұқаралық қойылымдардың жетекшісі.
Махамбет атындағы сыйлықтың иегері (1996).

 

 

Өмірзақова Ә. Е.

Умурзакова А. Е. Әмина Өмірзақова  (08.03.1919 - 28.09.2006)  Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр әртісі. 

1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған Әмина ағасымен бірге бауырларын өсіріп жеткізеді. 30-шы жылдары ашаршылықты бастан кешеді. Ол туралы бір сұхбатында былай деп еске алады: «Әкеміздің орнын жоқтатпаған ағайым тері зауытында жұмыс істеді. Кейін комсомол активисі ретінде Алматыға кәсіподақ жұмысына ауысып,  бүкіл отбасын өзімен бірге Алматыға ала кетті. Қалтасына сап әкелген бір уыс дән бізді ашаршылықтан құтқарды». Әмина 15 жасында құрбыларымен бірге Ленинградқа барып, театр институтының актерлік факультетіне оқуға түседі. Курсқа қабылдау жасаған белгілі әртіс Василий Меркурьев  тәмпіш танау қызды көріп:  «Бұл не балабақша? Тез арада үйіне, анасына қайтарыңдар!» - дейді. Бірақ әзірлеген нөмірін көргеннен кейін Меркурьев иығынан құшақтап:  «Бұл қыз актриса болады!» - дейді.

Ленинградта оқыған төрт жылы өміріндегі ең бақытты жылдар еді.  Әмина студенттік жылдары «Ленфильмде» киноға түсе бастады. 1938 жылдың күзінде жаңадан құрылған Шымкент облыстық драма театрына бір топ жас әртістер жіберіледі. Әмина Өмірзақова Ф.Шиллердің «Коварство и любовь», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы-Көрпеш–Баян Сұлу», К.Гольдонидің «Слуга двух господ» спектакльдерінде басты рөлді ойнайды. Кейін Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Дегенмен, Әмина Өмірзақованың өмір жолы мен тағдыры ауыр болды. Ағасы репрессияға ұшырап, өмірінде қиын кезеңдер басталды. Соғыс қарсаңында жас актриса театрдан қуылды, таныстары теріс айналды, афишадан есімі жойылды. Соғыс басталды.

Алматыға «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары көшіп келді. Сонымен, бірлескен киностудия құрылып, мұнда еліміздегі көркем және деректі кинофильмдердің 80% түсірілді. Әмина Өмірзақова монтаждаушы мамандығын игерді. Түні бойы көз ілмей салқын бөлмеде таспаларды кесу, желімдеумен айналысты.  Әмина шеберханада «Абай әндері» фильміне басты рөлге орындаушы іздеп жүрген белгілі режиссер Григорий Рошальдің көзіне түсті.  Ол Әминаны киноға түсіп көруге шақырды. Үміткерлер көп болып, Әмина тізімде онүшінші орында болды. «Мен мынандай тәмпіш танаумен, әдемі актрисалар Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Табаловалар тұрғанда өте алмаспын», – деп ойлайтын. Тіпті сценарист Мұхтар Әуезов «Тәмпіш Ажар?  Ол бұл рөлге жарамсыз»  - дейтін. Сонда Рошаль  «Біздің гримшілер кез келген гримді жасай алады. Ал сіздер бұл қыздың көзіне қараңыздар! Онда қаншама мәнер, тереңдік пен әдемілік тұнып тұр» – деп байыппен жауап берген.  Сонымен көркемдік кеңес Әминаны басты рөлге тағайындайды. Кейін Әмина былай деп еске алады: «Маған мұрынды арнайы гумус  деген заттан жасады. Ал, сөйлеу камера түсірген кезде ғана рұқсат етілді. Басқа уақытта мен үндемей отыратынмын, сондай-ақ, мұрынға сызат түсірмеу үшін күні бойы ас ішпейтінмін».  Шындығында да, «Абай әндері» фильмінде ойнаған алғашқы рөлі үлкен табыспен өтті. Енді  режиссерлер Әминаны киноға түсуге жиі шақыратын болды. Әминаның тағдырына әйгілі Наталья Ильинична Сацпен кездесуі ерекше әсерін тигізді. 

Н.Сац  Алматыда  тұңғыш Балалар мен жасөспірімдер театрын ашты. Әмина Өмірзақова театрдың жетекші актрисасы болды. Оның осы театрда ойнаған рөлдері  халық көңілінен шықты:  Уильям Шекспир "Два веронца" спектакліндегі Джулия, «Ыбырай  Алтынсарин» спектаклінде Шаули, Расул Гамзатовтың "Тау қызы"  спектаклінде  Ашур т.б. Әрбір кейіпкері – жаңа бейне, жаңа тағдыр, көрерменнің талантты актрисамен жаңа кездесуі. Александр Карповтың «Ана туралы аңыз» фильмінің түсірілуі ұлттық кино тарихынан ерекше орын алады. Фильмде жалғыз ұлын майданға аттандырған ананың трагедияға толы тағдыры көрсетілген. Бұл фильм ағылшын тіліне аударылып, әлемнің көптеген елдерінде көрсетілді. Сыншылар бұл фильмді ана туралы түсірілген ең үздік фильм деп бағалады  және Әмина Өмірзақованың ерекше талантына тәнті болады. Әмина ойнаған кинофильмдер: «Тақиялы періште», "В одном районе", "Бойся, враг, девятого сына", "Шанхай".Мемлекет Ә.Өмірзақованың Қазақстанның театр және киноөнеріне сіңірген еңбегін жоғары бағалады. 1965 жылы Республикаға еңбек сіңірген әртіс, 1966 жылы – КСРО халық әртісі атағына ие болды. Қазақ ССР-інің  К.Байсейітова атындағы Мемлекеттік сыйлығы және «Тарлан» сыйлығының иегері. 

Өмірзақовтар отбасында үш бала дүниеге келді. 38 жасында жесір қалған Әмина тіршіліктің барлық қиындығын жеңіп, екі ұл бір қыз өсіріп, жеткізді. Үлкен ұлы Талас  анасының жолын жалғап, актер мамандығын таңдады. Ол режиссер Юрий Карасиктің  «Дикая собака Динго или Повесть о первой любви» фильмінде Филька рөлін ойнады. Талас есейген шағында ВГИК режиссерлік факультетін бітіріп, 1992 жылы «Әмина» фильмін түсірді.

 Халық әртісі Әмина Өмірзақова халықтың есінде тартымды, ақкөңіл, жайдары қалпымен мәңгі қалды. 

 

Ә. Өмірзакова туралы әдебиеттер – Литература о А. Умурзаковой

Кітаптар-книги:

 

Қазақстан[Мәтін] : ұлттық энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005.- Өмірзақова Әмина Ерғожақызы: б. 250-251.

Қазақ мәдениеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы : «Аруна Ltd», 2010. – Өмірзақова Әмина Ерғожақызы : б. 502-503.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Өмірзақова Әмина Ерғожақызы: б. 606.

Сығай, Ә. Сахна саңлақтары [Мәтін] / Сығай Ә. - Алматы : Жалын, 1998. - 512 б. Қазақтың кино жұлдыздары [Мәтін]. - Алматы : Аруна, 2002. - 10 б.

Құсанбек, Б. Ғұмыр-дария [Мәтін] / Б. Құсанбек. - Алматы : Өлке, 2008. - 160 б

Сығай, Ә. Сахна әлемі [Мәтін]. Т. 2 / бас ред. Т. Ахметжан . - Алматы : Ан Арыс, 2009. - 336 б.

Өмірзақова Әмина [Мәтін] : фотоальбом. - Алматы : Өнер, 2013. - 240 б.

***

Мэтры казахского кино [Текст]. - Алматы : Аруна Ltd, 2002. - 12 с.

Мацкевич, О. Самые светлые ночи [Текст] / Мацкевич О. - Алматы : Жибек жолы, 2003. - 217 с.

 

Мақалалар –статьи:

 

Қаған, Қ. Әмина [Мәтін] : [Әмина Өмірзақованың 80жасқа толуына байланысты] / Қаған Қ. // Жас алаш. - 1999. - 10наурыз.-.

Мекішев, Б. Әмина апай.... [Мәтін] : [Қазақ киносының актрисасы Ә.Өмірзақова туралы ] / Мекішев Б. // Жас алаш. - 1999. - 13қараша.- Б.3

Өмірзақова, Ә. Адамға өз ортасының құрметіне бөленгеннен артық бақыт жоқ [Мәтін] / Өмірзақова Ә. // Егемен Қазақстан. - 1999. - 19қараша.- Б.5

Рахманова, Н. Жұлдыздар шашуы. [Мәтін] : [Қазақстанның халық әртісі Ә.Өмірзақова 80 жаста] / Рахманова, Н. // Қазақ әдебиеті. - 1999. - 19 қараша.- Б.7,10.

Өмірзақова, Ә. Адамгершілік - бәрінен биік мұрат [Мәтін] / Өмірзақова Ә. // Түркістан http://www.turkestan.kz. - 2002. - 7 наурыз.- Б.2

Өмірзақова, Ә. "Көшпенділерге" шақырылғам жоқ ..."Тақиялы періште"- де хабарласпай кетті [Мәтін] / Өмірзақова Ә. // Жас алаш. - 2003. - 13 қыркүйек.- Б.7

Әбдікәрімов, С. Әмина [Текст] : Артист Әмина Ерғозақызы Өмірзақова туралы / Әбдікәрімов С. // Жұлдыз . - 2004. - № 9. - С. 164-169 б.

Өмірзақов, Т. Анам бүкіл қазақ халқының анасы бола білді [Текст] / Өмірзақов Т. // Жұлдыздар отбасы . - 2008. - № 22. - Б. 11-13

Мұхтарханқызы, З. Әмина [Мәтін] / З. Мұхтарханқызы // Дидар. - 2009. - 29 сәуір.- Б.6.

Әбілғазинова, Г. Т. 8 наурыз - Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың туғанына 90 жыл (1919-2006) [Мәтін] / Г. Т. Әбілғазинова // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2009. - N 3.- Б.10.

Исламбаева, З. Аты аңызға айналған актриса [Мәтін] / З. Исламбаева // Керуен. - 2009. - №4.- Б.171-179

Төлеуғалиұлы, С. Сахнаның сайыпқыраны, экранның алыбы, таңғажайып өнер иесі еді [Мәтін] / С. Төлеуғалиұлы // Дидар. - 2009. - 9 шілде.- Б.5.

Төкенұлы, Серік. Өнер әлеміндегі Әмина Семейдің қызы [Мәтін] / С. Төкенұлы // Семей таңы. - 2009. - 30 сәуір.- Б.9.

Қуанышева, Ж. Әмина апайдан шыдамды болуды үйрендім [Текст] / Ұ. Қолдауова. Сөмкесінде кәмпит, мейізі толып жүретін [Текст] / Ұ Қолдауова. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. - С. 37 б.

Төлегенова, Б. Өзі де, мінезі де сондай сүйкімді болатын [Текст] / Б Төлегенова. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. - Б. 23 .

Құланбаев, М. Тәлпіш мұрын жеңешем [Текст] / М. Құланбаев // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 18-20

Қажығалиева, К. Жер бетінде Әмина апайға жететін адам жоқ [Текст] / К Қажығалиева. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 36-38.

Әбілдина, Ғ. Әмина апайда арман жоқ [Текст] / Әбілдина Ғ. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б 31.

Әбдікәрімов, С. Әмина апамыздың өмірі ерлік істерге толы [Текст] / С Әбдікәрімов. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 5-9..

Әбдінәлиева, Ғ. Өмірден балаша қуанып жүретін қалпында өтті [Текст] / Ғ. Әбдінәлиева. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 47.

Әшімов, А. Әмина мен Шәкен мәңгілікке қоштасыпты [Текст] / А. Әшімов. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 25

Әшірбекова, Р. Әмина апайдың күлкісін ешкім сала алмайды [Текст] / Р. Әшірбекова // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 32.

Балғабаев ,С. Театрдағы жетістіктері киноға алып келді [Текст] / С. Балғабаев. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 40.

Чатаева, А. Көріпкел кемпір туралы фильмімде ойнағысы келетін [Текст] / Чатаева А. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б 28-29.

Дусматова, Г. Қарапайым халықтың ортасынан шыққан адам [Текст] / Г. Дусматова. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 41.

Райымбеков, Ә. Қиналған кездерімде Әмина апай есіме түседі [Текст] / Ә. Райымбеков // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 21-22.

Кәденова, Л. Әңгімесін "Я тебя люблюдан" бастайтын [Текст] / Л Кәденова. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 34-35..

Кенжетаев, К. Ананың рөлін шебер сомдаған бірден бір тұлға [Текст] / К. Кенжетаев // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 11.

Мышбаева, Н. Ауырған екі аяғын кестіріп тастаған еді... [Текст] / Н. Мышбаева // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 40.

Теменов, Т. Жанашырым әрі ұстазым еді... [Текст] / Теменов Т. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 48.

Жәкібаев, Қ. Әмина апайды ешкім қайталай алмайды [Текст] / Қ. Жәкібаев // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 15

Жолжақсынов, Д. Әмина апайдың театрдағы баласы болдым [Текст] / Д. Жолжақсынов // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 24-25.

Жармұхамедов, С. "Қазақты құртып жүрген - сен" деп ұрысқан еді... [Текст] / С. Жармұхамедов // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 45..

Исламбаева, З. Кейіпкердің болмысын ашуда шынайылық пен табиғилықты көздеді [Текст] / Исламбаева, З. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 42-43.

Иса, И. Театрдағы рөлдері лайықты бағаланбады [Текст] / И Иса. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б.. 41.

Исабеков, Д. Қазақ киносында Әминадай бағы ашылған актриса жоқ [Текст] / Д. Исабеков // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 26.

Ықтымбаев, Н. Күлген кезде көмейінен жүрегі көрінетін [Текст] / Н Ықтымбаев. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. - Б. 46.

Шәріп, Б. Жарқыраған көздеріне қарап қателесу мүмкін емес болатын [Текст] / Шәріп Б. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 35.

Шәріпова З. Қазір Әмина апайдай талант жоқ [Текст] / З. Шәріпова  // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 17.

Аманшаев Е. Адамгершілік иманға негізделген қазақы мінезді дәріптеп өтті [Текст] / Е. Аманшаев // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 30-31.

Сіргебаева Ш. Пұшық дегенде шамданып едім [Текст] / Сіргебаева Ш. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. - Б. 48.

Сығай Ә. Мақпал Жүнісованың күлкісі Әмина апайдың жастық шағын елестетеді [Текст] / Сығай Ә. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 44..

Қазақ киносының Анасы! [Мәтін] // Өскемен. - 2013. - 21 ақпан.- Б.9.

Есенов Нұрлан Көзінен мейірім төгілген [Мәтін] : Әмина Өмірзақова сомдаған аналар галереясы / Есенов Нұрлан // Түркістан . - 2015.- 14 мамыр (№ 19). – Б. 11ю

Рахымбекқызы, Тоғжан. Қарауылдың ерке қызына туған елі ерекше ілтипат көрсетті. [Мәтін] : [Қарауылда кино өнерінің майталманы Ә. Өмірзақоваға ескерткіш ашылды. ] / Т. Рахымбекқызы // Дидар. - 2016. - 3 қыркүйек.- Б.19.

"Тақиялы періштенің" анасына ескерткіш қойылды. [мәтін] // Семей таңы. - 2016. - 2 қыркүйек.- Б.1

 Омаш, Ақмарал. Қазақ киносының анасы [Мәтін] : [Актриса Ә. Өмірзақованың мүсіні туған жер төрінде.] / А. Омаш // Ертіс өңірі . - 2016. - 24 тамыз.- Б.8.

Юнеско көлемінде тойланады [Мәтін] : [Кино және театр өнерінің саңлағы Ә. Өмірзақованың ғасырлық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады] // Ертіс өңірі. - 2018. - 28 қараша.- Б.15.

Аққайыр, Ж. Әлемі әдемі Әмина [Мәтін] : Әмина Өмірзақова -қазақ киносының тұңғыш қарлығаштарының бірі. Актрисаның биыл ғасыр тойы. Атаулы жыл ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Роза Әшірбекованың сұхбаты / Ж. Аққайыр // Айқын. - 2019. - 4 қаңтар.- Б.1,7

 ***

Умурзакова А. Великая правда жизни: ["Материнское поле" на сцене Каз.акад.театра драмы] // Казахст. правда.- 1966.- 13 февр

Мацкевич Э. Так велит сердце: [О творчестве нар.арт.Каз.ССР А.Умурзаковой] // Казахст. правда.- 1983.- 24 авг

Умурзакова А. Кино - моя профессия: [Нар.арт.Каз.ССР рассказывает о своем творчестве в кино / Записал В.Кувшинников] // Новый фильм.- 1989.- N 3.- С.5

Умурзакова А. В ее глазах душа казахского народа: [Беседа с изв. каз. актрисой о творчестве / Беседу вела Л. Сералина] // Культура.- 1992.- N 5.- 1-15 марта. - С. 8

Умурзакова А. Все зависит от характера: [Интервью с изв. актрисой о ее творчестве / Записала Г.Шимырбаева] // Казахст. правда.- 1996.- 23 окт.

Амина Умурзакова - фрагменты прошлого: [Нар. арт., лауреат Гос. премии респ. о творчестве, о себе и о времени / Записала Л.Енисеева] // Аргументы и факты. Казахстан.- 1998.-N 29.-Июль.-С.4

Бычук Н. Вчера, сегодня и всегда- Амина Умурзакова: 60 лет актриса театра и кино самозабвенно служит искусству // Казахст. правда.- 1999.- 20 нояб.

Умурзакова А. Мечтаю сняться в казахской "мыльной опере": [80 лет - изв. актрисе, арт. каз. ТЮЗа А.Умурзаковой. Интервью / Записала Г.Шимырбаева] // Казахст. правда.- 1999.- 6 марта

Умурзакова А. "Ак жол"- светлого Вам пути": [Нар. арт. РК о себе / Записала И.Зотова] // Веч. Алматы.- 2000.- 30 сент.

Умурзакова А. Вечно юная душа: Беседа Умурзакова А. Не родись красивой, а родись курносой: Беседа с нар. арт. респ., легендой каз. кино о ее творчестве / Записала Г.Шимырбаева // Казахст. правда.- 2002.- 8 марта.- С.8

Умурзакова А. Жаль, что не сыграла стерву: [Беседа с изв. киноактрисой о творчестве, жизни / Беседовала Г.Танкаева] // Время.- 2002.- 17 янв.- С.10

Умурзакова А. "Мать - моя самая главная роль": Беседа с изв. актрисой, нар. арт. РК / Записала С.Назарова // Рандеву.- 2003.- N 1.- С.62-71

Умурзакова А. Просто легенда - Амина Умурзакова: Беседа с изв. актрисой о себе, работе / Беседовал С.Юлдашев // Труд.- 2004.- 11 марта.- С.14  

Умурзакова А.Е. "Меня с первой буквы - "Аз" ...: Беседа с народной артисткой СССР / Беседу вел Н.Смаилов // Столич. жизнь.- 2005. - 3 марта (N 9). - С. 21

Умурзакова А.Е. Меркурьев вытер мне слезы: Интервью с нар. арт. РК / Интервью вел Н.Смаилов // Литер.- 2005. - 20 янв. - С. 5

Умурзакова А.Е. Самая главная роль: Интервью с Нар. актрисой КазССР театра и кино / Интервью вела О.Бондаренко // Веч. Алматы.- 2005. - 10 сент. - С. 8

Галкина Г."А ты пострадай, пострадай!": 87 лет Нар. арт. РК А. Ергожаевне Умурзаковой // Новое поколение.- 2006. - 3 марта (N 9). - С. 12

Нурсеитова Т. Кто любит дорогу, тот находит клад: О нар. арт. РК А.Умурзаковой // На страже.- 2006. - 9 марта (N 10). - С. 9

Умурзакова Амина Еркожаевна [Текст]: Нар. арт. РК. Некролог // Казахст. правда.- 2006. - 28 сент. - С.11

Шимырбаева Г. Просто - Амина Умурзакова [Текст] / Г. Шимырбаева // Казахстанская правда. - 2009. - 11 марта. - С. 7.

 Интернет сілтемелер – Интернет ссылки

 

Умурзакова Амина Ергожаевна [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс: сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/ (04.12.2018)

Умурзакова Амина Ергожаевна [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс: сайт. – Режим доступа :https://brod.kz/persons/amina_umurzakova/ (04.12.2018)

Умурзакова Амина Ергожаевна [Электронный ресурс] : [фильмы] // Официальный интернет-ресурс: сайт. – Режим доступаhttps://www.kinopoisk.ru/name/303899/ (04.12.2018)

Тағы мақалалар...

  1. Шәженов Х.
  2. Шанин Жумат