Құсманғалиев Жеңісбек (1911-1991) - 3-дәрежелі милиция комиссары, Ұлы Отан соғысына қатысушы, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері
1911 жылы 13 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Сібе ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
1925 жылы ауыл мектебін бітіріп, Риддер ФЗУ-ға оқуға түседі. 1933 жылы ол Қызыл Әскер қатарына шақырылады, онда ол ОГПУ-НКВД әскерлерінің 150-ші полкінде қызмет етеді. Саяси қызметкерлердің курстарына жіберіледі. Курсты аяқтағаннан кейін 150-ші полкте партия комитетінің босатылған хатшысы болып тағайындалады.
Әскерден қайтқаннан кейін мәдениет жүйесінде – Қалдрамтеатр партұйымдарының хатшысы, кейін осы театр директорының орынбасары, 1938 жылы Қазфилармония директорларына қызмет етеді.
1941 жылы Ташкент қаласындағы ерекше бөлімнің жедел қызметкерлерін жетілдіру курстарына жіберіледі. Оқуды бітіргеннен кейін 105-ші кавалерия дивизиясының жедел уәкілі болып тағайындалады. Майданда жүріп, "Смерш" арнайы бөлімінің және қарсы барлау бөлімінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді.
1944 жылдан бастап майдангердің өмірінде Ішкі істер органдарында - ҚазКСР НКВД бандитизммен күрес жөніндегі бөлімінің аға жедел уәкілі қызметі басталады.
Содан кейін КСРО ІІМ жоғары мектебіне оқуға жіберіледі. Қайтып оралғаннан кейін ББ бөлімінде жұмыс істейді және 1948 жылдың басында ҚазКСР ІІМ ерекше инспекция бастығының орынбасары болып ұсынылады.
Республика ІІМ аппаратында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істей отырып, 1954 жылы Батыс Қазақстан облысы ІІББ бастығы болып ұсынылады, 1960 жылдың шілдесінен бастап Алматы қалалық атқару комитеті ІІБ жаңадан құрылған (Алматы облысы ІІБ құрамынан бөлінген) бастығы болып тағайындалады.
Осы лауазымнан құрметті демалысқа кетеді.
«Қызыл Жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен, Құрмет грамоталарымен, атаулы сыйлықтармен марапатталған.
1991 жылы 7 желтоқсанда қайтыс болды.
Д. Құсманғалиев туралы әдебиет
Литература о Д. Кусмангалиеве
Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.
Ларионов Олег Никифорович (1955) - генерал-майор, почетный сотрудник КНБ РК
1955 жылы 2 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. Мемлекеттік қауіпсіздік органдарында 1981 жылдан бастап қызмет атқарған.
Қызметті МҚК - ҚР ҰҚК орталық аппараты мен аумақтық органдарында, ҚР Президентінің Күзет қызметінде, ҚР ҰҚК "Арыстан" қызметінде жедел және басшылық лауазымдарда өтті. Әскери қызмет кезінде лейтенанттан генералға дейін, жедел уәкілден аумақтық органдардың бірінің басшысына дейінгі жолдан өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің грамотасымен, 4 медальмен, төс белгілермен марапатталған.
О. Н. Ларионов туралы әдебиет
Литература об О. Н. Ларионове
Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.
Меркулов Матвей Кузьмич (1918-2000) – Кеңес Одағының Батыры
1918 жылы 15 тамызда Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген.
1938 жылдары Кеңес Әскерінде болған. 1941 жылы НКВД Харьков кавлерия шекара училищесін бітірген.
Ұлы Отан соғысы майданында 1942 жылдың ақпан айынан бастап болған. 676-атқыштар полкі батальонының командирі (15-атқыштар дивизиясы, 65–армия. 2-Белорус майданы) майор Меркулов 14 қаңтар 1945 жылы Пультуск қаласынан (Польша) оңтүстікке қарай 5 км жерде жаудың траншеяларына шабуыл жасап, шекарада бекітілді. 1945 жылдың 27 қаңтарына қараған түні өзінің батальонымен марш жасап, вистуланы бірден басып озды және Гросс-Вестпален (Польша) елді мекенінің маңында плацдармды игерді.
Кеңес Одағының Батыры атағы 1945 жылы 29 маусымда берілген. Ленин, Октябрь Революциясы ордендерімен, 3 Қызыл Ту орденімен, III дәрежелі Суворов, 3 дәрежелі Кутузов, Александр Невский, I дәрежелі Отан соғысы, 2 Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
Соғыстан кейін шекара әскерінде қызметін жалғастырады. 1951 жылы КСРО ІІМ Әскери институтын бітірген. 1986 жылдан – отставкада. Соңғы күндерге дейін ол шекара әскерлерімен тығыз байланыста болып, бөлімдер мен құрамаларға барып, жас шекарашылармен өзінің үлкен тәжірибесі мен білімімен бөлісіп отырған. 2000 жылы 2 сәуірде қайтыс болып, Алматы қаласында (Қазақстан) жерленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1343 қаулысымен Шонжы шекара отрядының «Есекартқан» шекара заставасына Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант М.К. Меркуловтың есімі берілді, Алматы қаласында, Зенков көшесінде, Кеңес Одағының Батыры отставкадағы генерал-лейтенант М. К. Меркулов тұрған үйде мемориалдық тақта орнатылды. 2006 жылы Алматы қаласында Әскери институт аумағында Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант М. К. Меркуловтың бюсті ашылды.
М. К. Меркулов туралы әдебиет
Литература о М. К. Меркулове
Меркулов, М.К. // Герои Советского Союза. Т. 1. - М., 1987. - С. 74
Чумичкин, В. От рядового до генерала [Текст] : [о Герое Советского Союза М. К. Меркулове] / В. Чумичкин // Казахстанская правда. - 2007. - 21 апр. - С. 7
Иванова, П. О новошульбинском герое [Текст] : [о Герое Советского Союза М. К. Меркулове] / П. Иванова // Пульс района. - 2008. - 5 сент. - С. 2.
Подсухина, Г. В честь новошульбинского героя [Текст] : [о Герое Советского Союза М. К. Меркулове] / Г. Подсухина // Рудный Алтай. - 2008. - 16 сент. - С. 4.
Подсухина, Г. Гордимся его именем [Текст] : к 90-летию со дня рождения Героя Советского Союза Матвея Кузьмича Меркулова / Г. Подсухина // Пульс района. - 2008. - 8 авг. - С. 5.
Меркулов, М.К. // Родина награждает отважных. Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза. - Усть-Каменогорск, 2010. - С. 169 - 170
Жақыпбек Малдыбаев (1907-1938) Қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы
Жақыпбек Малдыбайұлы 1907 жылы 15 мамырда Қара-Ертіс жағалауындағы Марқа өңірінің Шеңгелді ауылында дүниеге келген. Жасынан елі, жерімен етене болып өскен азамат биіктікті аңсап өседі. Осы тілегі, игі арманы оның көк жүзінде қыранша самғауына жол ашты.
22 жасар жігіт 1929 жылы өз еркімен қызыл әскер қатарына алынады. Ақпан айында Түркменияның Мерв қаласында орналасқан Түркістан ерекше кавалериялық бригадасының 82-ші полкына қызметке келеді. Полк мектебін бітіріп, бөлімше басқарады, взвод командирінің көмекшісі болады.
1930 жылы большевиктер партиясының қатарына өтті. 1932 жылы РККА-ның кіші командирі Жақыпбек Орта Азия әскери мектебінің кавалерия бөлімшесінің бірден үшінші курсына қабылданып, оны взвод командирі дәрежесінде бітіріп шығады. Жерлесіміз КСРО Революциялық Әскери Советінің 1933 жылғы 1 қаңтардағы бұйрығымен ұшқыштар және ұшқыш-бақылаушылар әзірлейтін 9-әскери мектепке қабылданады.
1933 жылы әскери ұшқыштар мектебін бітірген 484 адамның 19-ына «әскери ұшқыш-бақылаушы» атағы беріліп, фотоқызмет бастығының курсына қабылданады. 1934 жылы аталған курсты тәмамдап, Орта Азия әскери округының Сталинабад қаласындағы Свердлов атындағы 40-ерекше авиациялық отрядына аға ұшқыш-бақылаушы, сонымен бірге фотоқызмет бастығы болып тағайындалады.
Ұшқыш Испания соғысына қатысып, сан мәрте ерлік жасаған. 1938 жылы сол Испаниядан келе жатып, Ташкент маңында ұшақ апатынан қайтыс болады. Оның денесі Ташкенттегі әскери зиратқа жерленіп, басына ескерткіш орнатылған. «Ер есімі – ел есінде» дегендей, батырымыздың есімі жадымызда мәңгі сақталмақ.
Әдебиет:
Елубай О. Алтайым,алтын тамырым [Мәтін] : Деректі әңгіме,очерк,публицистика,толғау. / Елубай О. - Алматы : Әл-Фараби, 2000. - 181 б.
Қасымов А. Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев [Мәтін] / Қасымов А. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2007. - 82 б.
Қасымұлы А. Алтайдан ұшқан ақиық [Мәтін] / Қасымұлы А. - Өскемен : Шығыс Баспа, 1999. - 181 б.
Мұхажанов Ақзам Мұқажанұлы (1923 - 2012) - милиция генерал майоры, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері
1923 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Арқат шатқалында дүниеге келген.
1939-1940 жылдары Семей облысының Шар станциясында толық емес орта мектепті, содан кейін Семей ет комбинатының жанындағы ФЗО мектебін бітірген.
1942 жылы Қызыл Армияға шақырылып, НКВД органдарына Шығыс Қазақстан облысының әскери тұтқындарды күзету жөніндегі ИТК-20 әскерилендірілген күзет атқышымен іссапарға жіберілген.
1946 жылы Талдықорған облысының Текелі қаласына ауыстырылады. 1950 жылы колония бастығының орынбасары, ал жарты жылдан кейін контингенті қорғасын кенін өндірумен айналысатын колония бастығы болып тағайындалды.
1951 жылдан Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) ИТК бастығы болып жұмыс істеді.
1953 жылы республиканың УИТУ аппаратына ауыстырылады. Бір жылдан кейін Солтүстік Қазақстан облысының ІІБ-не Облыстың Октябрь ауданында орналасқан екі тың совхозының құрылыс бастығы болып жіберіледі.
1954 жылы ІІМ-нің басшы құрамында Орджоникидзе қаласына қайта даярлауға жіберіледі. Оқуды аяқтағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысына ИТК-16 бастығы лауазымына жіберіледі.
1956-1963 жылдары Павлодар қаласында ИТК-5, одан кейін ИТК-4 бастығы болып жұмыс істеді.
Осы кезеңде 1961 жылы РСФСР ІІМ Жоғары мектебінің Алматы факультетін сырттай бітіріп, заңгерлік білім алды.
1963 жылдың басында Оңтүстік Қазақстан облысы УОП КҚБ ЖҚБ бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымына ұсынылады. Содан кейін Республика Ішкі істер министрлігінің аппаратына қамау орындарын басқару бөлімінің бастығы болып ауыстырылды.
1968 жылдан бастап Павлодар облысы ІІБ бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. 1976 жылы облыстық ІІБ бастығы болып тағайындалады.
«Құрмет белгісі» орденімен, КСРО және ҚР жиырма медальдарымен, Республика Жоғарғы Кеңесінің екі Құрмет грамоталарымен марапатталған, КСРО ІІМ, Қазақ КСР және облыстың 20-ға жуық құрмет грамоталары бар.
1985 жылдың желтоқсан айында зейнеткерлікке шығады. Павлодарда тұрады.
2012 жылы қайтыс болған.
А. М. Мұхажанов туралы әдебиет
Литература о А. М. Мухажанове
Генералы Казахстана. Биографический справочник .- Алматы : Арыс.-2006.-400 с.