Диц Иван Андреевич (1965-1984) - қатардағы жауынгер, мерген.
1965 ж. 9 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бородулиха ауданы, Мурзово селосында дүниеге келген. Бесқарағай ауданы, Долонь селосында тракторшы болып еңбек етеді.
1983 ж. 16 мамырда Бесқарағай аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1984 ж. наурыз айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1984 ж. 20 сәуірде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Долонь селосында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 70-71.
Друженьков Олег Борисович (1965-1984) - ефрейтор, аға атқыш.
1965 ж. 29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. №22 мектепте білім алады. №9 кәсіптік-техникалық училищені аяқтайды.
1983 ж. 30 қазанда Өскемен қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1984 ж. 6 маусымда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1984 ж. 25 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1984 ж. 2 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында жерленді.
1986 ж. 20 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 72-73.
Елшібаев Талғат Семейханұлы (1962-1981) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.
1962 ж. 30 маусымда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жаңасемей (қазіргі Бородулиха) ауданы, Шақаман ауылында дүниеге келген. «Шақаман» аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде еңбек етеді.
1981 ж. 7 сәуірде Жаңасемей аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. шілде айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1981 ж. 15 тамызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Шақаман ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 76.
Дүйсенбаев Бақтыбек Қуанышұлы (1965 - 1985) - қатардағы жауынгер, мерген.
1965 ж. 10 тамызда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Тасарық ауылында дүниеге келген. «Красный дозор» ұжымшарында еңбек етеді.
1983 ж. 13 қарашада Үржар аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1984 жылы сәуірде Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1985 ж. 24 қарашада жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Тасарық ауылында жерленген.
«Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 74.
Еременко Федор Петрович (1959-1980) - сержант, жаяу әскер жауынгерлік машинасының командирі.
1959 ж. 3 қазанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Новошульба (қазіргі Бородулиха) ауданы, Раёво селосында дүниеге келген. 1979 ж. Новопокровка ауыл шаруашылығы техникумын бітіреді.
1979 ж. 5 мамырда КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1980 ж. қаңтар айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 8 ақпанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Раёво селосында жерленген.
«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 78.