Қыдырманов Ермек Қасенұлы (1965-1984) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.
1965 ж. 23 қаңтарда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жаңасамей (қазіргі Бородулиха) ауданы, Сарапан ауылында дүниеге келген. №30 Семей кәсіптік-техникалық училищесінде оқиды.
1983 ж. 16 мамырда Семипалатинск қаласындағы Киров аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1983 ж. шілде айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1984 ж. 1 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Сарапан ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 118-119.
Ларионов Александр Васильевич (1958-1984) - капитан, 2-класты әскери ұшқыш, тікұшақ командирі.
1958 ж. 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Таврия (қазіргі Ұлан) ауданы, Новоявленка селосында дүниеге келген.
1975 ж. 3 шілдеде Таврия аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1979 ж. Саратов Жоғары әскери ұшқыштар даярлайтын училищені бітіреді.
1983 ж. 16 қаңтарда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1984 ж. 6 шілдеде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Новоявленко селосында жерленді.
1983 ж. 3 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен марапатталды, 1985 ж. 18 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 120-121.
Латкин Евгений Петрович (1950-1981) - дәрігер, аға лейтенант, полктің медициналық қызмет бастығы.
1950 ж. 30 қаңтарда Алтай өлкесі, Солонешенский ауданы, Мульчиха селосында дүниеге келген. 1967 ж. Семипалатинск қаласындағы В.Н. Комаров атындағы №2 орта мектепті бітіреді.
1968-1970 жж. шекара әскерінде жедел әскери қызметте болады.
1974 ж. Семей медицина институтына оқуға түсіп, кейін Томск медицина институтына ауысады.
1980 ж. Томск медицина институтының әскери-медицина факультетін аяқтап, КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. Белорецк, Куйбышев (қазіргі Самара) қалаларында әскери борышын өтейді.
1981 ж. мамыр айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1981 ж. 28 шілдеде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1981 ж. 9 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Белая Гора кентінде жерленді.
1982 ж. 4 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 124-125.
Ларионов Сергей Анатольевич (1969-1988) - қатардағы жауынгер, десантшы, аға жүргізуші.
1969 ж. 1 қаңтарда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жарма ауданы, Әуезов кентінде дүниеге келген. 1985 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданындағы Белоусовка кентінде орта мектепті бітіреді.
1987 ж. 5 мамырда Глубокое аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1987 ж. 9 қарашада Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1988 ж. 28 тамызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1988 ж. 3 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка кентінде жерленді.
1989 ж. 7 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 122-123.
Лебаев Марат Төлеуғазыұлы (1964-1983) - қатардағы жауынгер, жаяу әскер жауынгерлік машинасының нысанашы-операторы.
1964 ж. 28 маусымда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) қаласында дүниеге келген. №5 орта мектепті бітірген соң, М.И.Калинин атындағы Семей етконсерві комбинатында еңбек етеді.
1982 ж. 13 қарашада Семипалатинск қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1983 ж. ақпан айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі. 1983 ж.
17 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 126-127.