Самойлов Владимир Борисович - суретші, мүсінші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі.
1945 жылы Семей облысының Мариновка ауылында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келген. Орта мектепті Өскеменде бітірген. 1975 жылы Харьков өнер және өнеркәсіп институтын тәмамдайды.
Ол өзінің шығармашылық әлеуетін монументалды, саябақ, станок мүсіншісінде, шағын формаларда және ұсақ пластикте жүзеге асырды. Ол әртүрлі материалдарда жұмыс істеді: тас, қола, мыс. Станок мүсінінде металл құюдың өзіндік техникасын дамыта отырып тәжірибе жасады. Мүсінші шығармашылығының ауқымы кең және алуан түрлі, кішігірім формалардан монументалды жұмыстарға дейін қамтылды. В. Б. Самойловтың жұмыстары:
- ҮМЗ қызметкерлеріне арналған В. Н. Потанин бейнеленген сәндік ескерткіш. Авторлары - мүсіншілер А. Н. Бубель, В. Б. Самойлов, Х. М. Кульчаев, сәулетші - С. П. Кристофоров. Ол 1997 жылы ашылды. В. Потанин мен А. Қашаубаев көшелерінің қиылысында орнатылған;
- Александр Сергеевич Пушкиннің қола бюсті. Ол 2009 жылдың 29 тамызында ашылды. А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының алдындағы алаңда орнатылды;
- аты аңызға айналған партизан, жазушы, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың қола бюсті (1918-2006 жж.). Ол 2010 жылдың 8 мамырында ашылды. А. Чехов көшесі мен Жеңіс даңғылының қиылысында орнатылған;
- Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың достығын бейнелейтін Достық стеласы. 2012 жылдың 1 мамырында ашылды. Бұрынғы Достық үйі ғимаратының жанында орнатылған (қазір ШҚО мәдениет басқармасы орналасқан);
- Александр Протозановтың қола бюсті. 2013 жылдың 14 қыркүйегінде ашылды. ҮМЗ Мәдениет сарайына қарама-қарсы А.Протозанов атындағы жағалауда (Қазіргі «Ертіс концерт» КМҚК) орнатылған. Сондай-ақ, В. Б. Самойлов О. Бөкейдің туған жерінде: ШҚО Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы мұражай-үйінің ауласында Оралхан Бөкейге ескерткіш тұрғызды.
Самойловтың В. Б. өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Самойлова В. Б.
Макалар - Статьи
Әбілхан , Серік. Қасқайып тұр қас батыр: [Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай халық қаһарманы Қ. Қайсеновтың қола бюсті қойылды] / С. Әбілхан // Дидар. - 2010. - 11 мамыр. - Б. 1.
Елубай, Оңдасын. Қасым аға еліне келді: [Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай халық қаһарманы Қ. Қайсеновтың қола бюсті қойылды] / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 12 мамыр. - Б. 10.
Жұмаш, Ерболат. Ерліктің ескерткіші - елдіктің белгісі : қ. Қайсеновтың бюсті қала төріне орнатылды / Е. Жұмаш // Өскемен. - 2010. - № 20. - Б. 4.
***
Вольский В. Два великих имени: [о памятниках Абаю и Пушкину] / В. Вольский // Семь дней. -2009. - 3 сент. - С. 2.
Коксегенова, А. В честь партизана : в г. Усть-Каменогорске установлен бронзовый бюст Халык Каhарманы Касыму Кайсенову / А. Коксегенова // Рудный Алтай. - 2010. - 10 мая. - С. 1, 2.
Сухова, Д. Бронзовая память : установлен бюст Касыму Кайсенову / Д. Сухова // Өскемен. - 2010. - 13.
Қалиев Нұрбол Мейрамұлы (1983) – мүсінші-суретші
1983 жылы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Қарауылда дүниеге келген. Туғанынан өнердің ерекше түріне қызығушылық танытқан Нұрболды ата-анасы көркемөнер мектебіне берген. Республикалық көркемсурет колледжін бітірген соң Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсіп, «Мүсін» кафедрасын бітірген. 2003 жылы Франциясының Париж қаласында мұражай тәжірибесінен өтіп, еңбек жолын 2005 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Мүсін» кафедрасында оқытушы болып бастаған. Нұрбол Қалиевтің шығармашылық жұмысы монументалды мүсін және көркем құюмен байланысты. Мүсіншінің шығармашылық ауқымы ерекше: станоктық портреттер мен композициялар, монументалды және сәндік мүсін. Оның станоктық туындылары пластикалық экспрессивтілікпен, көркем тілдің анықтығымен, психологиялық сипаттамалардың өткірлігімен ерекшеленеді. Әр монументалды жұмыстары үлкен азаматтық, жоғары кәсіби шеберлікпен ерекшеленеді. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай әзірленген «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткіші және ескерткішке ерекше өң беріп тұрған барельефтық композиция үлкен құрметке ие болды. Бұл монументалды кешенді Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев ашты. Жас мүсіншінің қолынан шыққан монументтері Астана, Алматы, Бақанас сияқты бірқатар қалалардың көшелерінде тұр. Ал Шығыс Қазақстан облысында 3 монументі орналасқан екен. Солардың бірі Абай ауданының Қарауыл ауылында ұлы Абайдың əкесі Құнанбай Өскенбайұлының ескерткіші. Балқаштың мысынан құйылған туындының салмағы 12 тонна, биіктігі тұғырымен алғанда 7 метр. Нұрбол ескерткішті жасауға 10 ай уақыт жұмсаған. Тағы бір үлкен туындысы Жарма ауданында «Tуған жер» бағдарламасы аясында заңғар жазушы Мұхтар Әуезовке орнатылған ескерткіш. Мыстан жасалған мүсіннің биіктігі тұғырымен алғанда 6 метр. Жас мүсінші бұл туындыны да жасауға бірнеше ай уақытын жұмсапты. Аягөз қаласында тұрған әйгілі жырау, батыр Ақтамберді Сарыұлының ескерткіші де Нұрболдың қолынан шыққан.
«Көбіне мүсіндерді қола, гранит тас пен мыстан жасаймын. Көлемі мен сапасына байланысты әртүрлі уақыт кетеді. Кейде бір ескерткіш жасау үшін бірнеше адам бірігіп істейміз. Үлкен шыдамдылық керек. Бір этаптың өзі бірнеше апта, күннен тұрады және фантазия, идея мықты болу керек. Өйткені, мүсінші өз ескерткіші арқылы халықты тəрбиелейді»,-дейді мүсінші.
Зайсан ауданындағы Баймұрат батыр (2018), Абай ауданындағы Абай (2018), Абай ауданындағы Тоқтамыс батыр (2019), Ақмола облысындағы «Ақан сері» (2019), Алматы облысындағы «Қожамбет би» (2015) ескерткіштері, Алматы облысындағы «Ана» (2012), Алматы облысындағы «Ақкөл көтерілісі» ( 2010) монументтері Нұрбол Мейрамұлының қолынан шығып, ел арасында үлкен қошеметке ие болған жұмыстар. Өскемен қаласында жазушы Оралхан Бөкейдің қоладан құйылған жаңа мүсінінің де авторы Нұрбол Қалиев пенМейрам Баймұханов.
Түрлі Республикалық конкурстарға қатысқан. 2020 жылы Қазақстан Републикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткіштің жасалуына орай арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының «Ұлттық руханиятқа сіңірген айрықша еңбегі үшін «Абай» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Н. Қалиев туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар
Публикации о Н. Калиеве в периодических изданиях
Тоқтасынқызы, А. "Ұлылардың мүсінін жасау- мен үшін абырой" [Мәтін] : [мүсінші Нұрбол Қалиев туралы] / А. Тоқтасынқызы // Ертіс өңірі . - 2017. - 15 қараша.- Б.11.
Мұратқали Ж. Құнанбайдың ескерткішін он айда тұрғызыпты [Мәтін] : [мүсінші Н. Қалиев туралы.] / Ж. Мұратқали // Дидар. - 2018. - 4 қазан.- Б.23.
Құсанбаев, С. Сауыр мен Сайқанның құз жартасы жаңғырды [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2018. - 15 қараша.- Б.14-15.
Көкбай ақынға ескерткіш қойылды [Мәтін] // Семей таңы. - 2021. - 21 қыркүйек.- Б.4.
Мухамедиев Коныртай (1959 г.) – скульптор, член Союза художников Казахстана, член Ассоциации художников Казахстана.
Родился в 1959 г. в с. Малгельди Чубартауского района Семипалатинской области (ныне Аягозский район Восточно-Казхстанской области). Окончил художественно-графический факултет Семипалатинского педагогического института им. Н. К. Крупской (ныне Педагогический колледж г. Семей им. М. Ауэзова).
Потоянный участник творческих выставок и симпозиумов.
В 2010-2011 гг. – Председатель правления Союза художников Астаны.
Автор и руководитель проектов республиканскогосимпозиума художников Казахстана (2011), пятитомного издания «Қазақ өнері», книги «Астана бейнелеу өнері».
Имеет звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2011).
Живет и работает в г. Астана.
Деректер
Источники
Астана бейнелеу өнері [Text] : Астана қаласы суретшілер одағына 50 жыл толуына арналады / ; [жоба авт. К. А. Мухамедиев] ; Астана қаласы суретшілер одағы - Астана, 2011 . - 254 б.
Қазақ өнері [Мәтін] : 5 томдық : альбом ; [жоба авт.: Б. Омарбеков, Қ. Мұхамедиев ; құраст.: К. Ли, С. Мамытова] .- Алматы : Елнұр, 2013.
Тайжігіт, Б. Қу дауысты Құттыбай биге ескерткіш орнатылды [Мәтін] / Б. Тайжігіт // Дидар. - 2015. - 29 қыркүйек. - Б. 6.
Титенев, В. З. Қазақстан халқының өнері=Искусство народа Казахстана [Мәтін] / В. З. Титенев. – Алматы, 2017. – Мұхамедиев Коңыртай: б. 176.
Маковеев Леонид Иванович (1911-1998) - сәулетші, Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1911 жылы косторомалық шаруа отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын «Ленинградстрой» тресінде үйдің төбесін шатырлаушы болып бастаған. Ленинград коммуналдық шаруашылық инженерлері институтының сәулет факультетін аяқтағаннан кейін Куйбышев қаласында жұмыс істейді. Леонид Маковеев Ұлы Отан соғысына қатысып, рота командирі болды, кейіннен 353 дивизиясындағы атқыштар полкының химиялық қызметін басқарды. Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз жауынгерлік ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін «Ленгипрогор» институтында 30 жылдан астам жұмыс істеді.
Атақты жобалаушы және сәулетші Леонид Иванович Маковеев - Өскемен қаласының Бас жоспарының бас сәулетшісі. Оның тікелей қатысуымен Өскемен қаласының Бас жоспарына Ленин (қазіргі Н. Назарбаев) даңғылының құрылысы туралы толықтырулар енгізілді және бұл құрылыс жүзеге асырылды. Оның жобасы бойынша ҮМЗ Орталық мәдениет үйі, «Б-Кварталында» көптеген ғимараттар салынды.
Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Қаланың халық шаруашылығының дамуындағы үлкен еңбегі үшін 1970 жылғы 14 желтоқсанда Леонид Маковеевке «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Л. И. Маковеев туралы әдебиеттер
Литература о Л. И. Маковееве
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия. \Бас ред. Б.Ө. Жақып. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- 848 б.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с 250 экз.
Николай Павлович Александров (1924 ж.) - монументті өнершебері, мүсінші, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазақстан және КСРО суретшілер одағының мүшесі.
1924 ж. 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Верхубинка ауылында туған. Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер училищесін(1951), Санкт-Петербургтің көркем өнеркәсіп училищесін (1957) бітірген. 1961 жылдан КСРО суретшілер одағының мүшесі. Ол "Түбіт шәлі" (1967), "Қымыз" (1968), т.б. графикалық жұмыстардың және "Жарық ебелегі" (1978), "Бостандық жан тебірентер жақсы сөз" (1985) т.б. мүсіндік еңбектердің авторы.
Қарағанды қаласындағы кинотеатр, мәдени орындарға арналған өндірістік нысандар жобаларын жасады. Үкіметтің тапсырысымен «Қазақ КСР-нің 40 жылдығы», «Қазақстан әйелдерінің екінші съезі», «Қазақ КСРО кәсіптік-техникалық білімінің үздігі» белгішелерінің эскизын жасады.
КСРО мен ҚазССР-ндағы көптеген бүкілодақтық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Графикалық көрмеде Ф. М. Достоевский, М. Булгаков шығармаларындағы әйел бейнесін сомдап, пушкин заманындағы әйел портреттерін ұсынған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1958), 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
Н. П. Александров туралы әдебиет
Литература о Александрове Н. П.
Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан суретшілері [Мәтін] = Художники Казахстана - участники Великой Отечественной войны. - Алма-Ата : Өнер, 1985. - 175 б.
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.188
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Александров Николай Павлович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая: сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10765&lang=ru