Ришат (1916-1988) пен Мүсілім (1916-1996) Абдуллиндер - әнші.
Ағайынды әншілер Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер 1916 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Екеуінде де табиғи әдемі дауыс болды. Егіз болғандықтан ба екен екеуінің өмір жолы өте ұқсас. Екеуінің де музыкалық дарындылығы ерте байқалды. Мүсілім 1932 жылы 15 жасында Алматыда жаңадан ашылған музыкалы- драмалық техгикумға, бір жылдан кейін Ришат сол техникумға оқуға түседі. Ерекше дарынды ағайынды екі жігіт Мәскеу консерваториясы жанындағы музыкалық студияға, профессор А.И. Вишневскийдің класына оқуға жіберіледі. (Мүсілім 1935 жылы, Ришат 1936 жылы). Мәскеудігі оқуды бітірген соң әртістік өмірлері басталып, Абай атындағы мемлекеттік Академиялық опера және балет театрына (Мүсілім 1938 жылы, Ришат 1939 жылы) әнші болып орналасады.
Ағайынды Абдуллиндер орыс, батыс европа классиктерінің совет композиторларының операларында жетекші партияларды орындады. Мүсілімнің даусы – тенор болғандықтан, тенорлық партияларды –Ленский («Евгений Онегин»), ал Ришаттың даусы баритон болғандықтан Евгений Онегин, Демон (аттас опера), Жермон («Травиата»), Эскамильо («Кармен»), Киазо («Даиси») т.б. рольдерді сомдады. Ағайынды Абдуллиндер – қазақстан композиторлары опералық спектаклдерінің тұрақты әншілері болды. Олар орындаған Мүсілім-Төлеген («Қыз Жібек»), Қайрақбай («Жалбыр»), Балпан («Ер Тарғын»), Әзім («Абай»), Ришат орындаған Абай, Ер Тарғын, Қожағұл («Біржан-Сара»), Гүлмат («Назугум») образдары халық жүрегінде мәңгі қалып қойды. Ришат Абдуллин - Қазақ музыка мәдениеті тарихында Абай партиясының тұңғыш орындаушысы. 1948 жылы Мәскеу қаласында өткен Қазақ өнері мен мәдениетінің онкүндігі кезінде осы операмен ағайынды Абдуллиндер мәскеуліктер алдында қазақ өнерін көрсетті.
Үкімет ағайында Абдуллиндердің шығармашалығын жоғары бағалады. Мүсілім – Қазақ ССР-нің Халық әртісі (1947), Ришат – КСРО Халық әртісі (1967), Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Республикамыздың камералық вокальді музыкасының жарқын беттері ағайынды Абдуллиндермен тығыз байланысты. Абдуллиндер есімі аталғанда ең алдымен олардың орындауындағы қос дауысты әндер еске түседі. Ол - шындық. Әншілер шығармашылығынаң осы кезеңі бірегей. Ришат пен Мүсілім тек орындаушы ғана емес, тұтас бір ән әлемін насихаттаушы, тіптен құрастырушы десек те артық емес. Қос дауыста ән айту идеясынан бастап, шығарманы халыққа жеткізудегі ізденістері мен белсенділіктері композиторлармен бірлесе отырып жүзеге асты. Тіптен ағайынды әншілерді қосалқы авторлар десек те артық болмас. Вокальді дуэтке ән жазу композиторлардан асқан жауапкершілікті талап етті. Өйткені орындаушылар-ағайынды Абдуллиндер еді. Сондықтан оларға арнап ән жазу екінің бірінің қолынан келмеді. Евгений Брусиловский, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов сияқты қазақ музыкасының майталмандары ғана олармен терезесі тең сөйлесе алатын. Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер жеке камералық концерттермен жиі шыға бермейтін. Олардың әр концерті республика мәдени өмірінің маңызды оқиғасы еді. Олардың концерттеріне кіру де қиын еді. Үнемі зал лық толы, билет жоқ болатын. Ағайындылардың репертуарында көбінесе қазақ, татар халық әндері шырқалатын. Татар композиторы Рүстем Яхиннің әндері мен романстары – әншілер шығармашылығының жарқын беттері. Мүсілім Абдуллин тыңдармандар есінде Н.Римского-Корсакова, М.Глинки, П.Чайковский сияқты орыс композиторларының романстарын орындаушы ретінде қалды.
Ришат Абдуллин – Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, (1978), Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған.
Ришат Абдуллин 1988 жылы 12 қарашада, Мүсілім Абдуллин 1996 жылы 7 желтоқсанда қайтыс болған.
Абдуллиндер отбасының әншілік дәстүрі жалғасуда. Мүсілімұлы Заур опера және балет театрында әнші, немересі Карина Абдуллина «Мюзикола» дуэтінде әнші, Ришат пен Мүсілімнің үлкен апайлары Камиланың ұлы - әнші Әлібек Дінішев. КСРО Халық әртісі.
Ағайынды Абдуллиндер туралы:
Название |
Автор |
||
1 |
Люблю тебя, мой край родной |
Г. Подэльский, И. Назалевич |
|
2 |
Аймен жер... |
автор неизвестен |
|
3 |
Тербелді тың дала |
С. Мұхамеджанов, Қ. Шағыңтаев |
|
4 |
Туған ел |
О. Байдільдаев, М. Ниязбеков |
|
5 |
Әйтеуір сол қыз бір сұлу |
С. Мұхамеджанов, Қ. Шағыңтаев |
|
6 |
Нелюдимо наше море |
К. Вильбов, Н. Языков |
|
7 |
Еркем-ай |
народная песня |
|
8 |
Шопан әні |
Е. Брусиловский |
|
9 |
Шолпан |
Е. Брусиловский |
|
10 |
Песня целинников |
Е. Брусиловский |
|
11 |
Шапибаяу |
казахская народная песня |
|
12 |
Үкілім-ай |
казахская народная песня |
|
13 |
Зауреш |
казахская народная песня |
|
14 |
Дударай |
казахская народная песня |
|
15 |
Не ветер, вея с высоты |
Н. Римский-Корсаков, А. Толстой |
|
16 |
Я помню чудное мгновенье |
М. Глинка, А. Пушкин |
|
17 |
Свадебная песня |
М. Глинка, Е. Ростопчина |
|
18 |
На холмах Грузии |
Н. Римский-Корсаков, А. Пушкин |
|
19 |
Растворил я окно |
П. Чайковский |
|
20 |
В крови горить огонь желанья |
М. Глинка, А. Пушкин |
|
21 |
Средь шумного бала |
П. Чайковский, А. Толстой |
|
22 |
К Молли (Не требуй песен от певца) |
М. Глинка, Н. Кукольник |
|
23 |
То было раннею весной |
П. Чайковский, А. Толстой |
|
Әділханұлы Мұқа (1857-1927) –әнші, композитор
Мұқа — Абайдың сегіз қырлы өнерпаз, талантты шәкірттерінің бірі. Ол – асқан домбырашы, шебер скрипкашы әрі әнші, әрі ақын. Мұқаның өнерін Абай калай бағалап, оған қалай қамқорлық еткенін Мұхтар Әуезов былайша сипаттайды: ”Абай жалғыз өсиетін қанағат қылмай, жастардың сезім тәрбиесін толықтырмақ болып, көбіне музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны қолында ұстайды.»
Мұқа Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан ) облысы Жаңасемей ауданында, Уақ ішінде Жарқын, Жарқыннан Төрехан, Әділхан, Өзбехан, Қарахан деген төрт ұл болған. Әділханнан Қайырхан, Мұқа (шын аты Мұхаметқанафия) және Мәлімғаждар, Қараханнан Әлімхан, Қасымхан; Қасымханнан Қайсахан, Қожахан, Алшынбай.
Мұқа ауыл молдасынан оқып сауатын ашқан соң табиғатынан талантты, ән-күй, өлең-жырға құштар жастың бар ынта-жігері өнерге ауады. Әкесі Әділхан немере ағасы Үрістемнен (Өзбекханның баласы) екеуі де ірі домбырашы екен. Солардан үйренген домбыра өнерін місе тұтпаған талапты, талантты жас биікке қол сермеп, өнер-білім іздеуді көксейді. Әкесі оны алысқа жібергісі келмейді.
Бұл ауылдар жаз шыға Семейден 25-30 шақырым Балта-тарақ дейтін жерге көшіп келіп, егін салады екен. Әкесі Мұқаны соқа атына мінгізбек болады. Бар ынтасы музыка өнеріне ауған Мұқа, ауылының калаға жақын жерге көшіп келуін пайдаланып, Семейге кашып кетеді. Қаланы тұңғыш көрген ол көшені аралап жүргенде, бір үйде тартылып жатқан әсерлі күй естиді де, күй тартушыны көруге құмарланып үйге кіріп барса, ол — қонақ үйі екен. Күй тартып жатқан сол қонақ үйдің музыканты, скрипкашы – Ғарифолла деген татар болады.
Мұқа Ғарифоллаға жабысып, айрылмай скрипка ойнауды үйретуін өтінеді. Сөйтіп, әркімнің үйіне қонақтай жүріп, Ғарифолладан скрипка үйренеді. Әкесі баласының музыкаға әбден ауып кеткенін білген соң, оған қаладан пәтер үй алып береді. Ғарифолладан бастап, сол замандағы Семей қаласының музыканттарымен танысып, әсіресе, скрипка ойнау өнерін меңгеріп алады. Осы кезде Мұқа Абайдың өлеңдерін қолжазбалар арқылы оқып танысып, Абай әндерін домбыра, скрипкаға қосып айтып жүреді. Мұқа Абай еліне кеңшілік жай емес, қысылшаң хал үстінде пана тілеп барған еді. Өз ағайынының біреуінен қалған жесір әйелге ғашық болып, соны әмеңгеріне тигізбей алып қашады да, Абай ауылына барады. Бұл кеткен соң, жуан ағайыны артындағы үйін шауып алып пәле басталады. Абай сондайлық ауыртпалығына қарамай, Мұқа мен келіншекке ара түсіп, бастарына азаттық әперіп, артын өзі жайғастырып, өнер иесі Мұқаны өзіне дос етіп, туыс етіп алады”, — дейді. Абайдың балалары Мұқадан скрипка тартуды үйренген. Мұқа ақын да болған. Оған Абайдың,Ақылбай мен Мағауияның ақындық ықпалы тиген. Австрия композиторы И. Штраустың «Көгілдір Дунайда» вальсін скрипкада тамылжытып тартып, соған арнап «Дунай толқындары» өлеңін шығарған. Абайдың композиторлық өнерінің, ән-күйжайындағы аталы ойларының әсерімен туындаған бұл өлең әнге жарасымды сыршылдықты, табиғаттың көркем келбетін анық танытады. Өзінің туып-өскен жері - Көкен тауын суреттеп, Абайға сынатпақ болған «Көкен» өлеңінен де осы қасиет мол сезіледі. «...Көкенге көңілің толып, Абай аға, Берерсің өз көзіңмен беріп баға. Ең үстін домбырамның әнге күйлеп, Қол соктым «Дунайская волнаға» (Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. - А., 1966, 130 6.). Бұл өлеңнен пейзажды лириканың реалистік үлгілерін жасаған Абай поэзиясының рухы мен туған жерді сүйе білуге үндейтін патриотизмі аңғарылады. Мұқа - «Абай жолы» романына тарихи кейіпкер болып енген. 1909 жылы Семейде "Народный дом" деп аталатын орында қазақ, татар өнерпаздары домбырашы, скрипкашы, әнші-күйшілердің жарысы болғанда, оған Абай шәкірттері Мұқа Әділханов, Әлмағамбет Қапсаламов, Мұқаметжан Майбасаровтар да қатынасады. Осы өнер салыстыру жарысында бас бәйге Мұқаға беріледі.
Абайдың өнерпаз шәкірттері Мұқа, Әлмағамбеттер ұлы ұстаздары дүниеден қайтқаннан кейін, оның әдебиет, өнердегі дәстүрін халыққа кең жайып насихаттауда, өздері өле-өлгенше мол мағыналы еңбек еткен.
Мұқа 1927 жылы 70 жасында дүниеден қайтты. Бейіті Көкен тауында, Қандар сайында .
М. Әділханұлы туралы әдебиеттер
Литература о М. Адилханулы
Кітаптар-книги:
Мұхамедханов, Қ. Мұқа Әділханұлы [Мәтін]/ Қ. Мұхамедханов // Абайдың ақын шәкірттері. - Алматы : Дәуір, 1995.- 3-ші кітап / алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханұлы ; Республикалық Абай қоры. - Б. 277-285.
Мұхамедханов, Қ. Мұқа Әділханұлы [Мәтін]/ Қ. Мұхамедханов // Көп томдық шығармалар жинағы. - Алматы : Алаш, 2005 - Т. 4 : Абай мұрагерлері. Естеліктер.- Б. 153-159.
Мақалалар –статьи
Ердембеков, Б. Абайдың әнші шәкірттері [Мәтін] / Б. Ердембеков // Ақиқат. - Алматы, 2010. - N 5.- Б. 49-53.
Ердембеков, Б. Абайдың әнші шәкірттері [Мәтін] / Б. Ердембеков // Музыка әлемінде: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту : республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал. - 2010. - N 4/5. - Б. 24-27.
Тоқтасынқызы, А. Көкентаудың тереңдегі тарихы [Мәтін] : [Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында тарихи-этнографиялық экспедиция Абай ауданына барып қайтты. ] / А. Тоқтасынқызы // Ертіс өңірі . - 2015. - 29 шілде. - Б. 9.
Шанақ Ауғанбаев – сыбызғышы
1912 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының еңбек ауылы маңындағы Төтей тұмасы деген жерде дүниеге келіпті. Әкесі Ауғанбай артық байлығы жоқ, орта шаруа болған. Үш баласының бірі-Шанақ. Ауылдық жерде ән салып, домбыра шерпейтін, бір-екі өлең шығармайтын адам кемде-кем. Сондықтан да болар, Шанақтың құлағына музыка туғаннан ақ ұялады. Оны 10 жасында Найман Саржомарт руының атақты сыбызғышысы Шерубай Орсайұлының (1857-1933) тыңдауы өміріне ұмытылмастай әсер қалдырды.
Күйлердің терең мағынасын, орындау шеберлігін жете түсінбеседе, жас Шанаққа сыбызғы үні құпиялы сыры мол, өзгеше бір өмірге жетелегендей болады. Ол үйіне «Менде Шерубайдай сыбызғышы болсам»,-деп қайтады. Ертеңінде таудың теріскейінде өсетін қара қурайды кесіп әкеліп, үш жерден тесік ойып, сыбызғы жасайды. Бірақ одан дыбыс шығара алмай, көп әуреленеді. Сыбызғыдан үн шығаруды үлкен әкесінің інісі-Олжамұраттың Тотиынан үйренеді. «Сен сыбызғышыларды көп тыңда, сонда ғана сыбызғышы боласың», - деп үлкендер оган кеңес береді. Шанақ сыбызғышы келіпті дегенді естісімен алыс, жақын демей, іздеп барып күй тыңдайды. Үйіне келіп естігенін сыбызғыға салады.
Осылай әр күйдің басын шалып, түгел ойнауға талпынып жүргенінде аулына, 1925 жылы өзінің нағашысы Құттыкелдінің Сүлеймені (1880-1932) көшіп келеді. Сулеймен-Шерубайдың шәкірті, ол да елге аты әйгілі сыбызғышы болыпты. Шанақ Сулейменнен сыбызғыдан үн шығару тәсілін жетілдіреді. Сонан соң Шерубайдың «Балқурай», Мұсаның Бөгісінің (1898—1924) «Жамал-ай» атты әнінен бастап, халықыц күйлері «Жорға аю», «Қалмақ пен қазақтың бөлініскені», «Қоңыр күй», «Жесір әйелдің зары», «Жетім қыз», «Көк бура», «Мұңлық-Зарлық», «Бозінгей», «Кеңес күй», «Шерубайдың қоштасу күйін» тыңдайды.
1926 жылы Жапаш, Қашқын, Қасқа деген іpi сыбызғышылардан «Алтай Қоңыр», «Аққабаның толқыны», «Қалмақтың қоңыр күйін» тыңдайды.
Шерубайдың және Калмақ шеберлерінің сыбызғысының үні жуан және өз дауысын көкейден қайыратын тәсілінен өзгерек тартатын Моңғолия жерінен келіп жүретін Мұса бақсыны («Үкілі бақ сы») Шайад 1931 жылы тыңдайды. Мұса сыбызғының үнін сызылта шығарьш, сыңсыта ойнайды екен. Шанақ ол кісіден «Мұсаның күйі» деген өз шығармасы мен халық күйлері-«Қылаң батыр», «Балжықгерді» үйренеді, 1932 жылы Совет шекарашыларына арнап тартқан «Шәужі қалмақтың күйін» автордың өзінен үйренеді.
Шанақ кәсіби сахнаға шықпаса да, сыбызғы күйлерін ойын- сауықтарда үнемі орындап жүреді. Тіпті сыбызғымен шектеліп қалмай, домбыра тартып, сықақ өлеңдер, насихат термелер де айтады. Қазақ сахарасының жігітті сынайтын бір өнері күрес болса, Шанақ-жамбасы жерге тимеген палуан.
1936 жылы аудан басшылары Еңбектегі мал шаруашылығы меңгерушісі болып жүрген жерінен Чапаев колхозына төраға етіп жібереді.
1949жылы 37 жасында Өрнек колхозына ауыстырады. 1957 жылы Шанақ Топқайың колхозын басқаруға жіберіледі.
Ауғанбаев Шанақ 1956 жылдан КПСС мүшесі болды. Ол көп жылдар колхоз бастығы, совхозда бөлімше меңгерушісі болып, шаруашылық басқарды. Өмірінің соңына дейін Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында тұрды.
1972 жылғы шілдеде Қазақ ССР Ғылым Академиясы өткізген қазақ-совет поэзиясының алыбы-Жамбыл Жабаевтың 125 жыл толуына байланысты тойына Шанақ арнайы шақыртылды, ол той үстінде түрліше өнер көрсетіп, жүлдегер атанды. Грампластинкаға жиырмадан астам халық күйлерін және өзі шығарған «Тоғызыншы бесжылдық күйін» жаздырды.
Фольклорды социологиялық тұрғыдан зерттеу жайлы 1974 жылдың күзінде Алматы қаласында өткізілген Бүкілодақтық пленумға Қазақстан композиторлар одағының шақыруымен Ш. Ауғанбаев та қатысты. 1974 жылдың 26 қараша күні ол Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның сәулетті үлкен залында этнографиялық концертке қатысты.. Шанақ бұрын-соңды өзi көріп білмеген Мұзды мұхит жағалауының тұрғындарымен танысты
29 қарашада М. О. Әуезовтың мемориалды музейіне, «Қалалық қазақ әдебиеті мен өнерінің халық университеті» тыңдаушыларымен кездесіп, сыбызғыда күй тартып, термелер айтты.
Шанақ Ауғанбаев үлкен сахнаға шықпаса да, сыбызғы күйлерін ауылдағы ойын-сауықтарда, әр алуан отырыстарда орындап жүрген. Шанақ жамбасы жерге тимеген палуан болған. Отбасында алты ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Ұлдары Сайфолда, Әлібек, Қаткен шаруашылық басқарған. Ел таныған іскер азаматтар болды. Қаныбек, Жәнібек, Сәйін, Сәнді ұстаздық қызмет атқарды.
Ш.Ауғанбаев туралы әдебиеттер
Литература о. Ауганбаева Ш.
Кітаптар-Книги
Асқаров, Ә. Алтай алтын бесік, ата жұрт [Мәтін] : тарихи-танымдық тұрғыдағы саяхат (сафари) жазбалары / Ә. Асқаров. - Астана: Фолиант, 2009. - 290 б.-
Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін]. - Өскемен: ШҚМУ, 2006. - 432 б.-Шанақ Ауғанбаев : Б. 379-381
Назырбаев, Қ. Катонқарағай [Мәтін] / Қ. Назырбаев. - Астана: Фолиант, 2011. - 280 б. –Сыбызғышылардың соңғы тұяғы : Б. 240-241
Анаш, Д. Алтайдан Алакөлге дейін [Мәтін] / Д. Анаш. - Алматы: Arna-b, 2017. - 328 б. – Бесаспап: Б. 89-97
Мақалалар-Статьи
Бекхожина, Т. Сыбызғышы - Шанақ Ауғанбаев [Мәтін] / Т. Бекхожина// Арай. - 1975. - 9 сентябрь. - Б. 4.
Бекхожина, Т. Сыбызғышы -Шанақ Ауғанбаев [Мәтін] / Т. Бекхожина // Коммунизм туы. - 1975. - 3 сентябрь. - Б. 4.
Тоқтаубек Әлдиев 1949 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келді.
Әкесі Сәтей жай шаруа болғанмен, күміс көмей әншілігімен, айтыскер ақындығымен ауылдың қадірменді азаматы боатын.
Қаратоғай орта мектебін бітіре салысымен әскери борышын өтеп келген Тоқтаубек 1971 жылдан бастап Қаратоғай ауылдық клубына меңгеруші болып орналасты. Отыз жыл бойы туған аулының мәдениетін өркендетуге үлес қосты.
Арнайы оқу орнын бітірмесе де табиғат берген дарынының арқасында ауызға ілініп, көзге түсті. 1974 жылы ауыл клубына мәдениет үйі мәртебесі берілді.
Әртүрлі көркемөнерпаздар үйірмелері ұйымдастырылып, халықтық драма театры, «Шұғыла» үгіт бригадасы, «Қызғалдақтар» ән-би ансамблі құрылды. Аудан көлемінде әріптестері Р.Өжікенов, Қ, Әбдірахмановтармен бірлесе отырып 1978 жылы «Тамаша» ойын сауық отауын құрды.
Ән орындау шеберлігіне тәнті болған өнер сыншылары жас өнерпазды облыстық, кейіннен республикалық өнер сайыстарына қатысуға шақырды. Сол байқаулардан жүлдегер атанып қайтқан Тоқтаубектің даңқы жыл өткен сайын аспандап, барша өнерсүйер қауымның сүйікті әншісіне айналды.
Орал қаласында өткен Мухиттың тойында жүлдегер атанды, өнер тарландарымен бірге Румынияға барып өнер көрсетті. Көрермен көңілінен шыққан 50-ден астам қойылымды сахналады. Ол әрине режиссердің еңбегі.
Еңбек ұжымдарының шығармашылық есебі деген игі бастама талай таланттарды шығарып, нағыз өнер бәсекесіне айналды. Тоқтаубектің нағыз мәдениет қайраткері болып қалыптасуына тікелей көмек көрсеткен білгір мамандар аудандық мәдениет бөлімінің білікті басшысы Қ. Тұраров, музыкант Ғ. Досанов, домбырашы Ж. Байпақбаевтар еді.
Арнайы музыкалық мамандықтың дипломы болмаса да Тоқтаубек табиғат берген таланттың арқысында нағыз «сегіз қырлы, бір сырлы» өнерпаз болатын. Ән салды, домбыра шертті, баянда ойнады, сахнада небір күрделі образдарды сомдап шығарды. Тоқтаубек сомдаған Кебек, Сырым, Қодар т.б. образдар халық көңілінен шықты.
Шалғайда жатқан Қаратоғай ауылының драмалық ұжымы 1981 жылы «Халық театры » атағын абыроймен қорғап шықты. Ұжымның режиссері Тоқтаубек Сәтейұлы болатын. 1979 ж. шебер басшылығымен, таланты актерлігімен, ерекше әншілігімен көзге түсіп, аудан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Т. Әлдиев «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары Қаратоғай мәдениет үйі мен оның жетекшісі Т. Әлдиевтің атағы республика көлеміне танымал болған жұлдызды жылдар еді.
Т. Әлдиев 2008 жылы ауыр науқастан қайтыс болды.
Әлдиев Т. туралы
Қайроллаұлы, Хасен. Өмірін өнерге арнаған [Мәтін] / Х. Қайроллаұлы // Рауан. - 2009. - 2 мамыр. - С. 7.
Салықбаев С. Орден алған Тоқтаубек [Мәтін] : [Күршім ауданының Қаратоғай ауылының мәдениет қызметкері "Құрмет белгісі" орденінің иегері Т.Әлдиев туралы] / Салықбаев С. // Дидар. - 2001. - 17 шілде.- Б.4
Аязбаева Гульжибек (1955) – оперная певица, выпускница Московской консерватории им. Чайковского
Гульжибек Аязбаева родилась 25 марта 1955 года в с. Карабулак Зайсанского района Восточно-Казахстанской области.
Школьный порог переступила с песней. Первой эту ее способность обнаружила учительница начальных классов Камал Ашкенова, которая многие классные и школьные мероприятия строила с расчетом на сценический дар восьмилетней певуньи. Так незаметно постепенно у маленькой Гульжибек начался процесс освоения окружающей действительности и началась бесконечная «гастрольная» жизнь. Маленькая певунья с не набравшим еще полную силу приятным детским голоском должна была радовать чабана на джайляу, мираба в поле. Так на все десять школьных лет вросла в звонкоголосую и веселую семью, имя которой «агитбригада. Такие гиганты певческого искусства Казахстана, как Бекен Жылысбаев и театрального искусства - Рабига Каныбаева занялись устройством талантливой девочки, которая не знала нотной грамотности. После ряда встреч и перекрестных консультаций выбор пал на музыкально-педагогический факультет ЖенПИ. В 1969 году в Казахской ССР был организован женский ансамбль «Айгуль», вскоре Гульжибек стала одной из его солисток. В составе ансамбля оказалась в круговороте культурной жизни столицы, пела в филармонии, объездила республику. В составе ансамбля принимала участие на фестивале советской молодежи в Монголии. На знаменитой ежегодной Лейпцигской ярмарке, знакомила разноязычную и претенциозную публику с такими старинными народными песнями, как «Алкызыл тас», «Дайдидау».После окончания высшего учебного заведения Гульжибек получает диплом с отличием. Председателем выпускных госэкзаменов был композитор Латиф Хамиди он сказал выпускнице «Тебе, детка, дальше надо учиться». Направление же в Московскую консерваторию имени П.И. Чайковского подписал Узбекали Джанибеков. В консерватории учится в классе Нины Сергеевны Исаковой (Народный артистки СССР). Н. С. Исакова занималась со своей ученицей-протеже в собственной квартире, раскрывая артистизм, обаяние - все, что необходимо для большой сцены. Геннадий Николаевич Рождественский, лауреат Ленинской премии, в то время главный дирижер целого ряда зарубежных оркестров, произвел в консерватории отбор певиц для исполнения «Реквиема» Моцарта в Большом театре. И после неоднократных прослушиваний утвердил солисткой Гульжибек.
В числе наставников у Гулижибек была и знаменитая Ирина Архипова, которая сказала, что лучше заявлять о себе, используя оригинальность и неповторимость музыкального фольклора, бессмертного наследия своего народа. Казахская народная музыка в этом отношении оказалась сокровищницей неисчерпаемой. Был эпизод, когда в гастролях по Швейцарии песня народного композитора Естая «Корлан», исполненная Гульжибек на «бис», заставила публику аплодировать стоя. Позже не менее горячо встречали певицу из Казахстана в Румынии,Венгрии, с ансамблем с гастролями посетила Польшу, Францию, Японию. Последующие годы по возвращении на Родину работала в хоре театра оперы и балета имени Абая, еще четыре года была ее солисткой.
(Материал написан на основе очерка Ш. Азмухамбетова «Жизнь певицы, достойная восторга и грусти»)
Литература о Г. Аязбаевой
Азмухамбетов, Ш. Жизнь певицы, достойная восторга и грусти [Текст] / Ш. Азмухамбетов // Соколиная судьба. - 2006. - С. 159.
Азмухамбетов, Ш. Жизнь певицы, достойная восторга и грусти / Ш. Азмухамбетов - Текст // Рудный Алтай. - 1999. - 9 янв.
Сценарий, написанный жизнью // Рудный Алтай. - 18 марта 2021. – С. 7.
Интернет-ссылки
Ақторғын [Электронный ресурс] : [фильм]. – Режим доступа : https://www.youtube.com/watch?v=QPFRF8HZLFQ&t=1313s
Вокально-инструментальный ансамбль «Айгуль» [Электронный ресурс] : [сайт]. – Режим доступа: http://www.sssrviapesni.info/aygul.html