Забирова Толқын Қалиқызы 1970) - әнші
1970 жылы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген.
Музыкаға бала кезінен-ақ жақын болған. Толқын алғаш сабақтарын Аягөз бастауыш музыка мектебінен алған. 1979 жылы А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің "хор дирижеры" сыныбына оқуға түсіп, 1988 жылы ойдағыдай аяқтайды. 1988 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының жеке ән айту мамандығы бойынша вокалды-хор факультетінің КСРО Халық әртісі, профессор Б. Төлегенованың класына оқуға түседі. Оны 1993 жылы үздік аяқтайды.
1993-1995 жж. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында солистка болған. Музыка - Толқын Забированың өмірінен ерекше орын алады. 1995 жылы ол өзі оқыған консерваторияның оқытушысы болады. Мұннан ол аспирантураны аяқтайды. Әнші вокалдық байқауларға қатысып, концерттерге қатысып, вокалдық қабілетін дамыта бастайды. 1996 жылы Калининградта "Кәріптас бұлбұлы", ал екі жылдан кейін "Әлібек Дінішев театрының" лауреаты атанады. 90-жылдары халықаралық байқаулардан көптеген марапаттар иеленген.
2008 ж. - “Махаббатпен музыкаға” концерттік бағдарламасы.
2009 ж. – Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты.
2010 ж. – диссертация қорғайды, музыка өнері бойынша ғылым кандидаты дәрежесін алған.
2016 ж. - “Бала дауысы” сайысында тәлімгер болған. Аталған сайыс аясында арнайы бейне курс әзірленіп, «Вокал тәрбиесінің теориясы мен практикасы» атты оқыту мастер класы дайындалып, онда Т. Забирова музыка пәні оқытушыларына балаға қалай конкурсқа дайындалу керек екендігі жайлы әңгімелейді.
Әнші арсеналында 10-нан астам музыкалық альбом мен бірнеше концерттік бағдарлама мен бейнебаян бар.
1995 жылдан бүгінгі күнге дейін Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының вокал кафедрасында вокал-педагогикалық практика оқытушысы қызметін атқаруда.
Литература о Т. Забировой
Толқын Забирова туралы
Забирова Т. Халық әнiнен жаның ләззат алып, рахат табады [Әншiнiң өзi туралы сұхбаты / әңг. С.Сиқымбайұлы] // Алматы ақшамы.- 1998.- 18 қыркүйек
Забирова Т. Күтемiн сенi, ардағым!: [Әншi, Құрманғазы атын. консерваторияның ұстазының өзi туралы әңгiмесi / Әңг. С.Сиқымбайұлы] // Отан Сақшысы.- 1998.- 25 шiлде(N 30).- 6 б.
Серiкбайұлы К. Жұлдызы жанған Толқын: Әншi Т. Забирова жайлы // Жұма-таймс.- 2005. - 20 қазан (N 42). - 14 б.
Қазақтың халық әндерiн айту үшiн де зор дауыс, үлкен талант, кәсiби шеберлiк қажет / әңг. М.Әзизұлы // Қазақ.- 2010.- 22 қазан (№ 43).- 8 б.
Иванченко Игорь Анатольевич- музыкант, (1964)
Игорь Иванченко1964 жылы 20 қыркүйекте Өскемен қаласында туған. Ерте бастан музыкамен әуестеніп, музыкалық мектептің фортепиано класын бітірген. 1979-82 жылдары мектептің вокальді инструменталды ансамблінде, «Строитель» Мәдениет үйінде (В. Сычуктің басқаруындағы) бас гитарада ойнады.
1986 жылдан бері суретші, архитектор, актер, құрылысшы, омарташы, металлург, болып әртүрлі жұмыстар істеді. 1997 жылдан Өскемен қаласындағы «Рейтинг» компьютер орталығында дизайнер болып қызмет істейді.
1980 жылдары спортпен, туризммен әуестене жүріп авторлық әндер жанрымен танысады.
1982 жылдан Игорь Иванченко – Өскемен, Лениногорск, Зырян, Целиноград, Барнаул қалаларында өткен қалалық, облыстық, республикалық слет пен авторлық әндер конкурсына қатысып, дипломант, лауреат атағын алады. 1986 жылы құрылыс-жол институтын («архитектура» маманы) бітірген соң, Саратов қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық авторлық әндер фестиваліне қатысып, композитор әрі автор ретінде Дипломмен марапатталып, қонақтар мен лауреаттар қатысатын қорытынды концертке өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
1987-1988 жылдарда Өскемен қаласындағы «Вертикаль» театр –студиясында қызмет істейді. 1988 жылы Таллин қаласында өткен авторлық әндер халықаралық фестивалінде композитор ретінде Орта Азия өңірінен қатысты. 1999 ж. Жамбыл атын. ШҚ облыстық драма театрының жаңажылдық қойылымының орындалатын «Тысячелетье» Гимнін (постановка Л. Фоменко) жазды.
2000 жылдан бері И.Иванченко көптеген конкурстарға қатысқан: ««Петербургский Аккорд» (2000 ж, «автор» номинациясы) халықаралық фестивалі,»Поющие Горы» (2001 ж. Астана) халықаралық фестивалінің лауреаты (номинация «автор») және дипломанты (номинация «Дуэт»), «Лучший автор» халықаралық фестивалінің Гран-При жүлдегері (2002 ж), «Петербургский аккорд» халықаралық фестивалінің дипломанты (2002 ж) .
Әдебиет:
Сидихменова Т. И. Приглашение к диалогу Игоря Иванченко // Проект «Остров песни». – Режим доступа
http://old.akbard.kz/mp3/ivanchenko/1.pdf – (17.01.2014)
Кәкенов Абаш – ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Абаш Кәкенов – 1956 жылы 28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Жаңа ауыл ауылында дүниеге келген.
1974 жылы орта мектепті аяқтап, сол мектепте еңбек жолын бастаған.
1981 жылы Қарағанды училищесінде «Киномеханик» мамандығында білім алады.
1982 жылы Тарбағатай ауданы, Жаңа ауыл ауылында Мәдениет үйінде киномеханик болып қызмет атқарған.
1988 жылдан импровизатор ақындық дарынымен танылып, айтыстарға қатыса бастайды.
Абаш Кәкенов – көрнекті ақын, термеші, халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық айтыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. «Музыка өнері» номинациясы бойынша Абай атындағы облыс әкімі сыйлығының және «Қазақстан Жастар одағы» сыйлығының лауреаты.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.
А. Кәкенов мақалалары
Статьи А. Какенова
Кәкенов А. "Америка арман ба еді?!" [Мәтін] : [Атланта сапарынан оралған ақын...әңгіме.Әңгімелескен У.Тоқпатаев] / Кәкенов А. // Дидар. - 1996. - 20 тамыз.- Б.4
Кәкенов, Абаш. Бір бойына сыйдырған сегіз өнер [Мәтін] / А. Кәкенов // Тарбағатай. - 2009. - 28 қараша.- Б.3.
Кәкенов , Абаш. Жәкеңнің домбырасы киелі дүниеме айналды... [Мәтін] : [Айтыскер ақын Абаш Кәкенов туралы] / А. Кәкенов ; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2011. - 14 ақпан.- Б.5.
Кәкенов А. Біз білмейтін Берия [Мәтін] / Кәкенов А. // Түркістан . - 2011. - 28 шілде (№ 30). – 10
А. Кәкенов туралы мақалалар
Статьи о А. Какенове
Қаратайұлы Б. Ана тілегі.Арнау (Абаш Кәкеновке) [Мәтін] : [Өлең] / Қаратайұлы Б. // Дидар. - 1994. - 16 көкек.- Б.
Сәрсенбайқызы Ғ. Қос дүлділін ардақтаған туған ел [Текст] : [Жерлестеріміз айтыскер ақын А.Кәкенов пен атақты спортшы Ж.Атаевтың құрметіне арналған кеш өткізілді] / Сәрсенбайқызы Ғ. // Дидар. - 1994. - 26 мамыр. - С.
Кәкенов А. "Қасиетті Қарауылға жүлде үшін емес,намыс үшін барамын!" [Мәтін] : [Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері,әнші,ақын,тарбағатайлық...сұхбат.Сұхбаттасқан Г.Қазимова] / Кәкенов А. // Дидар. - 1995. - 10 шілде.- Б. 3
Қайырбаев Ә. Жаңаауылдағы салтанат [Мәтін] : [Ақын А.Кәкеновтың 40 жасқа толуына арн. кеш өтті] / Қайырбаев Ә. // Тарбағатай нұры. - 1996. - 28 қараша.- Б.
Қазымова Г. "Тұрпаты шаршы,тобықтай болған Абашым" [Мәтін] : [Тарбағатай ауд. ақын А.Кәкеновтың шығармашылық кеші болып өтті] / Қазымова Г. // Дидар. - 1996. - 30 қараша.- Б.
Тоқпатаев У. "Абаш-Думан" халқына бара жатыр [Мәтін] : [А.Кәкеновтың ойын-сауық отауын құрудағы мақсат-мүддесі] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 1998. - 25 сәуір
Қазымова Г. Шығыстың серісі облысқа танымал ақын [Мәтін] : [Облысқа танымал айтыскер ақын Кәкенов А туралы ] / Қазымова Г. // Дидар. - 2000. - 18қаңтар.- Б.
Тоқпатаев У. Алтайдың оза шапқан ақтаңгері [Мәтін] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2006. - 11қараша.- Б.6
Қасымжанұлы С. Тоғыз балалы отбасы тоқымдай жерде тұрады [Мәтін] / Қасымжанұлы С. // Ертіс өңірі. - 2008. - 16 қаңтар.- Б.1,8.
Кенжехан Б. Ақын Абаш той жасады [Мәтін] / Б. Кенжехан // Дидар. - 2009. - 5 наурыз.- Б.3.
Елубаев, Оңдасын. Ақынның қайырымдылық концерті [Мәтін] / О. Елубаев // Егемен Қазақстан. - 2010. - 20 сәуір.- Б.5.
Кәкенов , Абаш. Жәкеңнің домбырасы киелі дүниеме айналды... [Мәтін] : [Айтыскер ақын Абаш Кәкенов туралы] / А. Кәкенов ; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2011. - 14 ақпан.- Б.5.
Кенжеханұлы , Мұратхан. Абаш алашына, Алаш Абашына риза [Мәтін] : [Айтыс ақыны Абаш Кәкенов 60 жасқа толды.] / М. Кенжеханұлы // Дидар. - 2016. - 10 желтоқсан.- Б.10.
***
Михеева Н. Абаш-шоу ? А почему бы и нет [Текст] : [О деятельности акына А.Какенова по созданию обл.театра-шоу песни] / Михеева Н. // Рудный Алтай. - 1998. - 21 марта
Азмухамбетов Ш. Абаш собирает друзей [Текст] : ["Абаш-думан" была создана три года назад. Фактическим организатором стал певец, лауреат Союза молодежи Казахстана Абаш Какенов] / Азмухамбетов Ш. // Рудный Алтай. - 2001. - 17 нояб. - С. 2
Қайроллин Дауыл (1946-2002) - әнші.
Дауыл (Жайлаухан) Қайроллин 1946 жылы 3 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылында дүниеге келген. Оның еңбек жолы 1962 жылдан басталады. 1984 жылы М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінің ән бөліміне оқуға түседі. 1973 жылы училищені бітіріп, облыстық филармонияға әнші болып жұмысқа орналасады. 1984 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына түсіп, 1990 жылы бітіреді. Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Р. Абдуллинмен бірге сахнаға шығады.
Оның орындауындағы халық әндері, халық композиторларының әндері, заманауи әндер, орыс және шетел классиктерінің шығармалары тыңдаушылардың жүрегінен өзіндік орын алды.
Дарынды әртіс Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойында Чайковский атындағы концерт залында делегация құрамында мерекелік концертке қатысып, қажетті ән мен әуенді тауып, орыс, украин халық әндерін шебер орындады.
Өткен әдеби, мәдени Республикалық онкүндіктерде әртіс Украинада, Молдовада, Әзірбайжанда бас оркестрмен, хор капелласымен өнер көрсеткен.
Семей авторларынан Ұ. Айдаболов, М. Рақымбаев, Б. Сыбанов, Т. Рахимовтың әндерін орындады. Гендель, Массон, Шуберт, Чайковский, Әсет, Абай классиктерінің шығармаларына негізделген кассеталық жазба бар.
Дауыл Қайроллин ұзақ жылдар бойы оқытушылық қызмет атқарды. 1976 жылдан бастап оның мектебінен көптеген түлектер шыққан.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
Д. Қайроллин туралы әдебиет
Литература о Кайроллине Д.
Семей әншілері : био-библиографиялық портрет. - Семей : б. ж., 2006. - 32 б.
Иманбаева А. Ғажайып нәзік дүние / А. Иманбаева. - Т. 1. - Алматы : Асыл кітап, 2022. - 576 б.
***
Қасиетті Семей тағы бір талантынан айрылды : [Семейлік Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, әнші Дауыл Қайроллин өмірі туралы] // Үш анық. - 2002. - №14. - Б. 7
Мұхамедова, Р. Дауыл да өтті-ау, дауылдатып/ Р. Мұхамедова // Семей таңы. - 2003. - 28 ақпан. - Б. 12
Иманбаева, А. Ән құдіреті / А. Иманбаева// Ертіс өңірі. - 2010. - 27 қаңтар. - Б. 17.
Бейсембеков, А. Дауыл десе дауыл еді...: [әнші Д. Хайруллиннің туғанына 70 жыл] / А. Бейсембеков// Ертіс өңірі . - 2016. - 24 тамыз. - Б. 13.
Бейсембеков, А. Күршімнің күміс көмейі : [Күршімнің тумасы, әнші Д. Хайруллин туралы.] / А. Бейсембеков // Дидар. - 2016. - 8 қазан. - Б. 18-19.
Камалиев Көкенай (1937) – әнші, режиссер, Зайсан ауданының Құрметті азаматы
1937 жылы 18 ақпанда Зайсан ауданы, Көгедай ауылында дүниеге келген.
1956 жылы Зайсан ауданындғы «Благодарное» орта мектебін бітіреді. Сол жылы Қазақтың Мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры жанынан тұңғыш ашылған студияға түсті. 1958 жылы студияны бітіріп, театрда 3-4 жыл жұмыс істеп, көптеген опералық қойылымдарға қатысты. Ришат ,Мүсілім Абдуллиндер, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Кәукен Кенжетаев, Шабал Бейсакова, Әнуарбек Үмбетбаев, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Ғарифолла Құрманғалиев сияқты өнер майталмандарымен бірге жүріп, спектакльдерде ойнап, ән салды.
1958 жылдың желтоқсан айында опера театры Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, Мәскеудің үлкен залында А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан -Сара» операларын қойып, Б. Асафьевтің «Бахшасарай фонтаны» балетін көрсетті. Онкүндік Қазақстан өнер шеберлерінің үлкен концерттік бағдарламасымен аяқталып, елге зор табыспен оралады. Алматы қаласында төрт жыл әншілік қызмет атқарған соң Көкенай туған жері Зайсанға қайтады.
1959 жылы Зайсан аудандық мәдениет үйінде драмалық үйірмеде жұмыс істеп, оның құрамына 15 өнерлі жас іріктелді, ішінде Ораз Кәкеев, ағайынды Көкенай мен Қабыкен Камалиевтер де бар еді. «Қыз Жібек» операсын дайындап, облыстық байқауда бірінші орынды жеңіп алды. Сол жылы Алматы қаласында өткен республикалық өнер байқауында жеңімпаз атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған ең жас әнші Қабыкен Камалиев еді. Сол жылы Зайсан ауданы Халық театры атағына ие болды.
1960 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының онкүндігінде ағайынды Көкенай мен Қабыкен композитор Б. Байқадамовтың "Қазақстан магниткасы жастарының әні", Е. Брусиловскийдің "Шолпан", "Жастар мерекесі" әндерін тамаша орындап, І дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық халық өнерпаздары апталығының лауреаты деген құрметті атаққа ие болды. Гастрольдік сапармен Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия сияқты елдерде өнер көрсетті.
1963 жылы Қазақстандағы қырық шақты халық театрлары арасынан Мәскеуге барып, өнер көрсету үшін берілетін жалғыз жолдаманы ақжарлық (ол кезде Зайсан мен Тарбағатай бір аудан болатын) өнерпаз жастар жеңіп алды. Осы сапар жайында «Ақжардан Москваға дейін» атты документальді фильм түсірілген. Жарты сағаттық деректі фильм Алматы мемлекеттік киносуреттер мұрағатының алтын қорында сақтаулы.
К. Камалиев 1961-63 жылдары Көгедай орта мектебінде музыка пәнінен сабақ беріп, көркемөнерпаздар ұйымын басқарды. Кейін аудан орталығы Зайсан қаласына шақырылып, 1963-1968 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры, халық театрының режиссері, мәдениет бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарды.
1968-1972 жылдары Өскемен қаласындағы музыка училищесін бітірген соң, 1972-1977 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы үйінде методист, директор болып қызмет істеді. Сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Талай рет Телерадиокорпорацияның арнаулы медаль, грамота, диплом, арнайы сыйлықтармен, «Қазақ радиосының ардагері» төсбелгісімен марапатталған, КСРО Мәдениет министрлігінің «Үздік қызметі үшін» (за отличную работу) медалінің иегері. Зайсан ауданының Құрметті азаматы, республикалық халық өнерпаздары апталығының лауреаты.
1977-1997 жылдарда Республикалық Қазақ радиосында саяси хабарлар бас редакциясы мен «Алтын қор» редакциясында хабарларды музыкамен көркемдеуші және дыбыс режиссеры қызметінде болып сол жерден еңбек демалысына шықты. Зайсан өңірінің мәдениет саласын өркендету жолында еңбек еткен Көкенай Камалиев бүгінгі күні Алматы қаласында тұрады.
2018 жылы Зайсан өңірінің өнері мен мәдениеті жайында жазылған «Өнерлі елім - Зайсаным» кітабының авторы.
К. Камалиевтің шығармалары
Произведения К. Камалиева
Камалиев, К. Өнерлі елім - Зайсаным : (деректі очерктер жинағы) / К. Камалиев. - Алматы : Өнер, 2010. - 72 б.
Камалиев К. Өнерлі елім –Зайсаным.(деректі очерктер жинағы) /К. Камалиев. – Алматы:ИП «Балауса»,2018.- 88б.
К. Камалиевтің мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары
Статьи К. Камалиева в периодических изданиях
Камалиев , К. Кремль төріндегі күтпеген кездесу [Мәтін] : [Қазақтың батыр ұлы Б. Момышұлымен кездесу туралы естелік.] / К. Камалиев // Дидар. - 2016. - 6 мамыр.- Б.22.
К. Камалиев туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар
Статьи о К.Камалиеве опубликованные в периодических изданиях
Жансейітов Х. Сапар сәтті болды [Мәтін] : [республикалық өнер байқауынды ШҚО өнерпаздары бірінші орынды иеленді.] / Х. Жансейітов // Коммунизм туы. - 1967. - 19 июль.- Б.1.
Жұмағалиев М. Сеңгірінде сексеннің [Текст] : өлең /М. Жұмағалиев // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 24 ақпан - 2 наурыз (№ 7). - 24
Әбдешев З. Сексенде сері қалпында [мәтін] : Біздің жерлестеріміз / З. Әбдешев // Достық. - 2017. - 15 ақпан.- б.2