Известные имена

Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлер (1979-1989)

Беляев А.М.

belyaev Беляев Александр Михайлович (1961-1980) - қатардағы гвардия жауынгері, барлаушы.


1961 ж. 20 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск (қазіргі Риддер қаласы) қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, № 99 кәсіптік-техникалық училищеде білім алады. Лениногорск қаласындағы жөндеу базасында токарь болып еңбек етеді.
1979 ж. 31 қазанда Лениногорск қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1980 ж. 19 мамырда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 5 шілдеде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 48-49.

Белякин Н.Г.

Белякин Николай ГенадьевичБелякин Николай Геннадьевич (1963-1982) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.


1963 ж. 12 ақпанда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бесқарағай ауданы, Малая Владимировка (қазіргі Бесқарағай ауылы) селосында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, «Балапан» кеңшарында жүргізуші болып жұмыс істейді.
1981 ж. 6 сәуірде Бесқарағай аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1981 ж. маусым айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1982 ж. 13 ақпанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 50-51.

 

Бөкетов Қ. Б.

Buketov Бөкетов Қанат Баяхметұлы (1968-1988) - сержант, бөлім командирі.


1968 ж. 27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы (қазіргі Көкпекті), Қойтас ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, Талғар ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумына оқуға түседі.
1986 ж. 14 қарашада Самар аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1987 ж. 22 мамырда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1988 ж. 28 сәуірде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1988 ж. 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Қойтас ауылында жерленді.
1989 ж. 22 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 54-55.

Богаев А.П.

bogaev Богаев Александр Петрович (1961-1980) - қатардағы гвардия жауынгері, барлаушы.


1961 ж. 2 қыркүйекте Алтай өңірі, Чарыш ауданы, Малый Бещелак селосында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Уварово селосында орта мектепті аяқтайды. Әскерге шақырылғанға дейін жиһаз комбинатында жұмыс істейді.
1979 ж. 2 қарашада Глубокое аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. Өзбекстанда әуе-десант әскерінде дайындықтан өтеді.
1979 ж. желтоқсан айының соңында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.

1980 ж. 5 шілдеде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1980 ж. 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Уварово селосында жерленді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін)

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 52-53.

Бұлақбаев Т. К.

Бұлақбаев Бұлақбаев Төлеген Кәменғазыұлы (1969-1988) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.

1969 ж. 8 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Абай ауданы, Сарыжал ауылында дүниеге келген. Э. Тельман атындағы ұжымшарда еңбек етеді.

1987 ж. 14 мамырда Абай аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1987 ж. қараша айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.

1988 ж. 6 қазанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Сарыжал ауылында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 60.