Известные имена

Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлер (1979-1989)

Еремкин А.Н.

eremkin Еремкин Алексей Николаевич (1969-1988) - қатардағы жауынгер, барлаушы-десантшы.


1969 ж. 4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка кентінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген. 1986 ж. наурыз – 1987 ж. сәуір аралығында Ертіс полиметалл комбинатының құрылыс-монтаж басқармасында жұмыс істейді.

1987 ж. 11 мамырда Глубокое аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1987 ж. 6 қарашада Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1988 ж. 17 қаңтарда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында жау оғынан ауыр жараланады. 1988 ж. 28 қаңтарда әскери госпитальда алған жарақатынан қайтыс болды. 1988 ж. 3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка кентінде жерленді.
1988 ж. 20 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен (қаза тапқаннан кейін), 1988 ж. 26 шілдедегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 80-81.

Жақпаев У.У

zhakpaev Жақпаев Уәзірқан Уәлиұлы (1946-1987) - аға прапорщик, әскери бөлімнің қаржы қызметі бастығының көмекшісі.


1946 ж. 3 желтоқсанда Алтай өлкесі, Усть-Кокси ауданы, Верхний Уймон селосында дүниеге келген. 1967 ж. Лениногорск (қазіргі Риддер қаласы) қаласындағы орман шаруашылығы техникумын аяқтайды, кейін КСРО Қарулы Күштері қатарына жедел әскери қызметке шақырылады. Әскери борышын өтеген соң, Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданындағы орман шаруашылығында инженер-техник болып қызмет атқарады.

1970 ж. Тәжік КСР, Душанбе қаласындағы прапорщиктер мектебіне оқуға түседі. Оны аяқтаған соң Шығыс Қазақстан облысы, Жаңа-Ахмер селосындағы әскери бөлімде, кейін Германияда қызмет атқарады. 1977 ж. А. В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін аяқтайды. Германия, Қырғызстанда әскери қызметін жалғастырып, қайтадан Жаңа-Ахмер кентіне оралады. Дивизияның қаржы бөлімі бастығы қызметін атқарады.
1987 ж. 11 сәуірде Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі. 1987 ж.
7 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1987 ж. 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауылында жерленді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 82-83.

Жеңісқанов С. Қ.

zheniskanov Жеңісқанов Самат Қалиолдаұлы (1962-1981) - қатардағы жауынгер, атқыш.


1962 ж. 28 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл (қазіргі Күршім) ауданы, Боран ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Боран кеңшарында жұмыс істейді.
1980 ж. 3 сәуірде Марқакөл аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. 26 наурызда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1981 ж. 1 қыркүйекте Ауғанстанда әскери борышын өтеу барысында алған сырқаты салдарынан госпитальда қайтыс болды. 1981 ж. 13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Боран ауылында жерленді.

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 86.

Жампейісов К. И.

zhampeisov Жампейісов Киікбай Исабекұлы (1963-1982) - қатардағы жауынгер, материалдық қамсыздандыру ротасының жүргізушісі.


1963 ж. 17 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауылында дүниеге келген. Мектепті аяқтаған соң, Катон-Қарағай ауылындағы автокөлік кәсіпорнында слесарь болып жұмыс істейді.
1981 ж. 3 сәуірде Большенарым аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. 19 шілдеде Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1982 ж. 31 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1982 ж. 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауылында жерленді.
1982 ж. 22 қыркүйектегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

К. И. Жампейісов туралы әдебиет

Литература о К. И. Жампеисова


Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 84-85.

Зайцев Н.Н.

zaycevna Зайцев Николай Николаевич (1966-1987) - қатардағы жауынгер, аға моторшы.


1966 ж. 1 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Алтайский кентінде дүниеге келген. 8 класты аяқтаған соң, Глубокое ауданы, Верх-Березовка селосындағы №3 кәсіптік-техникалық училищеде оқиды.
1985 ж. 31 қазанда Глубокое аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1986 ж. 27 шілдеде Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1987 ж. 6 ақпанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1987 ж. 14 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Алтайский кентінде жерленді.
1987 ж. 12 қарашадағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 88-89.