Известные имена

Кеңес Одағының Батырлары

Шәкенов К.Ш.

shakenov kenzhebek shakenovichШәкенов Кенжебек Шәкенұлы  (1924- 2001 ж.)Кеңес Одағының батыры.

Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы  Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Жарма ауданы, Бөке кентінде  жұмысшы отбасында дүниеге келген.  7 жылдықты бітірген соң, Бөке руднигінде әуелі қара жұмысшы, кейін смена мастері болып істеді.

1942 жылы тамыз айында Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1943 жылы Ташкенттеегі пулеметшілер даярлайтын училищені бітірді. 1945 жылдан Коммунистік партия мүшесі.

1943 жылдың тамыз айынан әскер қатарында болды.  2-ші Украйна майданының 37-ші армиясының құрамына енгізілді.. 

Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы  Дала майданының  37 армия, 62-ші  гвардиялық атқыштар дивизиясының 184-ші гардиялық атқыштар полкінің құрамында 28 қыркүйекте 1943 жылы  Днепропетровск облысының,  Мишурин Рог селосының  маңынан  Днепр өзенінің арғы жағасына жүзіп өтті.   Жаудың  үш атакасына тойтарыс беріп, дұшпанның 17 солдаты мен офицерін, ірі колибрлі пулеметін жойды.  Екі рет жараланды.  1944 жылы наурызда оны Ашхабадтағы жаяу әскер училищесіне оқуға жібереді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  жарлығымен  1944 жылдың 22 ақпанында әскери тапсырманы үздік орындап,  неміс басқыншыларына қарсы ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ленин, 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері мен бірнеше медальдармен марапатталған.

1946 жылы демобилизован.  Семей қаржы экономикалық колледжісінің  директоры болған. Өмірінің соңғы жылдарында Алматы қаласында оқу орындары басшылығында істейді. 2002 жылы 78 жасында қайтыс болды.

К. Шакенов туралы әдебиеттер

Литература о К. Шакенове

Советтер Одағының қазақстандық батырлары [Мәтін] : Документтер мен материалдар жинағы. 1-ші кітап. - Алматы : Қазақтың біріккен мемлекет баспасы, 1945. - 324 б.

 

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = ГероиСоветскогоСоюза -восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б 

***

Герои Советского Союза - семипалатинцы. - Семипалатинск: [б. и.], 2004. - 56 с.   

К. Шакенов туралы макалар

статьи о К. Шакенове

Отанбатырларынмадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 290 

***   

Керейбаев, К. Жарминцы в годы войны [Текст] : [О подвигах жарминцев на фронте и в тылу во время Великой Отечественной войны] / Керейбаев К. // Рудный Алтай. - 2000. - 10 июня. - С. 3

 

Крылов, Ю. Парни из нашего города [Текст] : [О героях Советского Союза П.Железнякове, С.Морозове, К.Шакенове] / Крылов Ю. // Спектр. - 2000. - 14 апр. - С. 5. 

 

Страница солдата на сайте "Бессмертный полк"

 

 

 


Шарабарин Н.А.

Шарабарин Николай АлександровичШарабарин Николай Александрович (1907 - 2001)Кеңес Одағының Батыры.

529-атқыштар полкінің атқышы (163-ші атқыштар дивизиясы, 38-армия, Воронеж майданы), қызыл әскер жауынгері.

1907 жылы 23 наурызда  Өскемен қаласында  жұмысшы отбасында дүниеге келді.  Бастауыш сыныпты   бітіргеннен кейін  тау- кен шебері курсын  аяқтады.

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы,  Құлынжы  кен басқармасында  забойшы, тау-кен шебері  жұмыстарын атқарды.  Қызыл Армия қатарында 1928-1930 жылдары болды. Майданға 1942 жылы аттанған.

Сталинградтан Берлинге дейінгі жауынгерлік жолдан өтті.  Орел-Курс иініндегі ұрыстарға, Киевті алуға қатысты. 1943 жылы қыркүйек айында алғашқылардың қатарында  Днепрден өтті. Дұшпанның қарсы шабуылын тойтару кезінде бөлімшені  басқаруды өз қолына алды. Жаудың пулеметшілер тобын жойды. Орлов-Курск иінін алуға,  Днепр өзенінен өту операциясына, Киевті азат етуге қатысты.

Қарулас достарын өзінің ептілігімен, әзілкештігімен, тапқырлығымен, өткірлігімен, үнемі таңғалдыратын. Төрт рет жараланды.Кустарево  деревнясын  азат ету кезінде Шарабарин Николай бірінші болып жау бекінісіне жетіп,  қарсыластарының окопына  граната лақтырды. Біздің бөлімшелерге қарсы оқ жаудырып жатқан неміс пушкасын байқай сала оның үнін граната лақтырып өшірді. Ромна қаласын азат ету кезінде жасырын өзен арқылы жүзіп,  көпірге шығып, күзетшіні өлтіреді.  Барлаушы  тез шешім қабылдар,  немістердің  көпірді жаруына мүмкіндік бермеді, сонымен 529-шы  атқыштар дивизиясын өткелден аман есен алып шықты.

1 қазан 1943 жылы барлаушылар тобымен Жуковка көлі  (Киевтің оңтүстік жағы) Днепр өзенінен алдыңғылардың бірі болып өтті.  Плацдармда жараланған бөлішме командирін ауыстырды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  жарлығымен  1943 жылдың 29 қазанында  Днепр өзенінен өткені үшін, әскери тапсырманы үздік орындап,  неміс басқыншыларына қарсы ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін  Николай Александрович Шарабаринге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Демобилизациядан кейін  Никлай Александрович  Өскемен қаласына қайтып оралды. Тау кен шебері, кен бастығы қызметін атқарды.

Ленин, Қызыл Жұлдыз,  1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері мен бірнеше медальдармен марапатталған. 2001 жылы қайтыс болды.

Н. А. Шарабарин туралы әдебиеттер

Литература о Шарабарине Н. А.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б. 800

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – Б. 132

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 275.

Муратказин М. М. Өскемен қаласы Ұлы Отан соғысы жылдарында [Мәтін] / Муратказин М. М. // Қазақ Ұлттық Университетінің хабаршысы. Тарих сериясы. - 2007. - №1.- Б.75-79.

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Герои страны

Национальный портал 

Биография героев и писателей

 

 

Шулятиков В.А.

Шулятиков Василий АлександровичШулятиков Василий Александрович (1917-2009) – Кеңес Одағының Батыры.

Воронеж майданының 38-армиясының 163-Ромный атқыштар дивизиясының 863-ші жеке байланыс ротасының взвод командирі, аға лейтенант.

1917 жылы 9 желтоқсанда  Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауылында шаруа отбасында туған. Семей педагогикалық училищесін бітірген. Семей облысында мектеп директоры қызметін атқарған.

1939 жылдан әскер қатарына шақырылып, 1939-40 жылдары кеңес–фин соғысына қатысқан.

Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың маусым айынан қатысқан. 863- жеке байланыс ротасының взвод командирі (Воронеж майданы, 38- армия, 163-атқыштар дивизиясы) 163-Ромна атқыштар дивизиясының жеке байланыс батальоны құрамында Прибалтика, Солтүстік –Батыс, Дала, Воронеж, 1-2-Украина майдандарына соғысқан. 1943 жылы қазан айында аға лейтенант Шулятиков өз взводымен Киев қаласының солтүстік және оңтүстігінен  тұсынан Днепр өзенінен (Жуковка, Вышгород селоларының аумағы) екі мәрте өтіп,  оң және сол жағалау аралығына кабельді желі тартқан. Ұрыс кезінде үзіліп қалған желіні жау оғының астында жүріп қалпына келтіріп, шабуылға қатысқан.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 29 қазандағы Жарлығымен фашист басқыншыларына қарсы күрес майданында қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін аға лейтенант Василий Александрович Шулятиковке Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз медалін тапсыру арқылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (№ 1838).
Соғыстан кейін ол әскерде қызметін жалғастырды. 1950 жылы С.М.Будённый атындағы Әскери байланыс академиясын бітіріп, одан кейін сабақ берді. Әскери ғылымдарының кандидаты. 1972 жылдан бастап полковник В.А. Шулятиков запаста. С.М.Будённый атындағы Әскери байланыс академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Батыр қала Ленинград – Санкт-Петербургте өмір сүрген. 2009 жылы 15 ақпанда қайтыс болды. Санкт-Петербургте Волковское православие зиратында жерленген.
Ленин (29 қазан 1943 ж.), 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен (04.06.1985), екі Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. «КСРО-ның құрметті радиооператоры» атағы берілді.
2005 жылы 6 мамырда Кеңес Одағының Батыры, отставкадағы полковник В.А.Шулятиковке Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына орай Ресей Федерациясы Президентінің атынан естелік қол сағаты табыс етілді.

В. А. Шулятиков туралы әдебиеттер

Литература о Шулятикове В. А.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.814.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.281.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Ветеран ВКО

Биографии Героев и писателей СССР - http://pavelskaz.ru/45.html

Герои страны 

Электронный мемориал

Некрополь Санкт-Петербурга и окрестностей

 

 

Шелехов Н.С.

Шелехов Николай СтепановичШелехов Николай Степанович  (1920-1945) – Кеңес Одағының Батыры.

66 гвардиялық атқыштар полкінің (1-Белорус майданы  3- екпінді Армия, 23-гвардиялық атқыштар дивизиясы) рота командирі, гвардия лейтенанты.

1920 жылы 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Уварово селосында туған.   6- кластан соң, тракторшылар курсын бітіріп, МТС- та жұмыс істеген. 1939 жылы әскери борышын өтеуге  Қызыл армия қатарына аттанған.  1941 жылдың шілдесінен майданда. Оның жауынгерлік жолы Мәскеден Берлинге  дейін жетті. Бес рет жараланса да жаумен шайқасын тоқтатпады. 1944 жылы кіші лейтенант курсын бітірді.

66 – гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі (23- гвардиялық атқыштар дивизиясы, 3-екпінді армия 1-Белорус майданы) 1-2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен  бірнеше медальдармен марапатталған. Гвардия лейтенанты Шелехов Берлин үшін болған шайқаста ерекше көзге түскен.

1945 жылы 16 сәуірде гвардия лейтенанты Шелихов басшылық еткен атқыштар ротасы Одер өзенінен өтуге ұмтылды. Өзеннің батыс жағалауындағы жау траншеяларын басып алып, бір аптаден соң Берлинге кірді. Көше шайқасы басталды. Таңертең немістер артиллерия атысын қарқынды бастап, шабуылға көшті.  Бұл күні немістер үзіліссіз шабулын тоқтатпады. Шелиховтың атқыштар ротасы бірнеше шабуылға тойтарыс берді. Жаудың жаңа шабуылын  екі танк бастады. Оның бірін Шелихов жағып жіберді. Ал екінші танктің оғы зеңбірекке дәл тиді. Жараланғанына қарамастан командир ротаны кезекті шабуылға көтерді. 1945 жылы 23 сәуірде Берлиннің сол жақ шетіндегі ұрыста  рота жаудың жаяу әскер мен танктен тұратын 15 шабуылына тойтарыс берген. Қолға түсірген олжа пушкамен Шелихов жаудың  танкісін жағып жіберді.  Рота межені жауға бермей тапсырманы орындады. Бірақ командир қаза тапты. 

Марапат қағазында : "Батыл, жігерлі Қызыл Армия  офицері өз өмірін фашист басқыншыларын талқандауға арнады. Оның жауынгерлік жолы өшпес даңққа бөленген»- деп жазылыпты. 

Берлин-Бланкенбург, Берлин Бернау  жол айрығында мәрмәр ескерткіш тұр. Онда «Гвардия аға лейтенанты, Кеңес Одағының Батыры  Шелихов Николай Степанович қаза тапқан. 22 сәуір 1945 жыл. 1920 жылы туған»- деп жазылған.

Николай Шелиховке Кеңес Одағының Батыры атағы 1945 жылы 31 мамырда қаза тапқан соң берілген. Берлин қаласында  жерленген. Батырдың туған ауылында ескерткіш орнатылған. Есімі әскери бөлімшенің тізіміне мәңгілікке жазылған.

Н. С. Шелехов туралы әдебиеттер

Литература о Шелихове Н. С.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.808.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.279.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Биографии Героев и писателей СССР 

Герои страны 

Ветеран ВКО 

 

 

Яроцкий И. М.

Яроцкий Иван МихайловичЯроцкий Иван Михайлович (1916 – 1980) – Кеңес Одағының Батыры.

1916 жылы 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Подгорное селосында туған .Білімі- жетікластық. Он бес жасынан колхозда жұмыс істеген, тракторшылыар курсын бітірген. 1936 жылы ауыл шаруашылық механизаторлар мектебін бітіріп, «Қызыл партизан»  МТС-да тракторшылар бригадасының бригадирі болған.

1937 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1938 жылы полк мектебінің курсанты болып жүрген кезінде Хасан көліндегі әскери әрекеттерге қатысқан. 1939 жылы бірінші ҚызылТулы Қиыр шығыс армиясының кіші лейтенанттар курсын бітірген. 1940 жылы кіші лейтенант Яроцкий Тынық мұхит флоты 13- жаяуәскер бригадасының  рота командирі болып келді. 1942 жылдан партия мүшесі. 1945 жылғы жапон соғысына қатысқан.

1945 жылы 13 тамызда аға лейтенант Яроцкийдің басшылығындағы  автоматшылар ротасы мен аға лейтенант Леоновтың   140-барлау отряды, жапон тылындағы  Сейсин ( Чхончжин, Солтүстік Корея) портына түсірілді. Моряктар бірден өзендегі теміржол, тас жол көпірлерін  басып алып, Сейсиндегі барлық қатынас жолдарын үзіп тастады. Десантшылар төрт тәулік бойы жау тылында шайқасты. Ұрыс кезінде Яроцкий үш рет жараланса да қатардан шықпай, негізгі күш келгенше десантшылар әрекетіне басшылық жасады.

1945 жылы 14 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен жапон милитаристеріне қарсы күрестке көрсеткен ерлігімен батылдығы үшін аға лейтенант Яроцкий Иван Михайловичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» » (№ 7155) медалі тапсырылды.

Соғыстан  кейін Қарулы Күштер қатарынада қызметін жалғастырды. 1956 жылы таратылып кеткенше Ленинград облысы Выборг қаласындағы теңіз жаяу әскерлер әскери училищесінде аға оқытушы болып істеді. 1971 жылдан подполковник И. Яроцкий –запаста. Ленинград қалалық кеңесі  Пушкин қаласында тұрған. Оқу шеберханаларында жұмыс істеген. 1980 жылы 25 шілдеде қайтыс болған. Пушкин қаласындағы Казанский зиратына жерленген.

И. М. Яроцкий туралы әдебиеттер

Литература о И. М. Яроцком

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.840.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.285.

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Ветеран ВКО 

Биографии Героев и писателей СССР 

Герои страны 

Электронный мемориал