Мұхамадиев Хамза Мүрсәлімұлы (1907-1997) - Кеңес Одағының Батыры.
Орталық майданның 13-ші армиясы 70-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 205-ші гвардиялық атқыштар полкінің взвод командирі көмекшісі, гвардияның аға сержанты.
1907 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылында дүниеге келген. Ұлты-татар.Томск қаласында жеті жылдықты бітірген. 1924-1927 жылдары Томск темір жолының «Тайга» станциясында сатушы болып жұмыс істеген. 1928-1929 жылдары Қызыл Армия қатарында болған. 1930 жылы Кемеров облысындағы Анжеро-Судженск шахтасында, 1932 жылы Коммунар шахтасында кен қазушы болып еңбек етті. 1938 жылы Шығыс Қазақстан облысына қайтып оралды.
1941 жылы 26 шілдеде әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың мамыр айынан 70-гвардиялық Қызыл Ту атқыштар дивизиясының 205-гвардиялық атқыштар полкінің атқыштар взводы командирінің көмекшісі болады.
1943 жылы Курск шайқасында ерекше көзге түскен. 205 гвардия атқыштар полкінің (70-гвардиялық атқыштар дивизиясы 13- армия, Орталық майдан) взвод командирінің көмекшісі, гвардия аға сержанты Хамза Мұхамадиев қаза тапқан взвод командирінің орнын басып, команданы өз қолына алады.
Аға сержант Хамза Мұхамадиев жарақаттанғанына қарамастан, жетекшілік етуді жалғастыра берді. 15-шілдеде жаудың тағы екі танкісін құртады. Ал 6-15 шілде аралығында Мұхамадиев қарсыласының үш «тигрін», бес танкісі мен 60-тан астам жауынгер мен офицерлерін құртқан. Сондай-ақ, марапаттау парағында оның взводы 397 гитлершіл мен 27 танкіні жойғандығы көрсетілген.
1943 жылы 27 тамызда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Х.М.Мұхамадиев «Алтын Жұлдыз» медалімен және Ленин орденімен марапатталған.
1945 жылы старшина Х.М.Мұхамадиев демобилизацияланды. Кемеров облысы Прокопьевск қаласында кенші болып жұмыс істейді. Новосібір қаласында тұрады. 1997 жылы 8-қыркүйекте қайтыс болады. Новосібірдің Заельцовск (татар) зираты, 72-кварталында жерленген.
Х. М. Мұхамадиев туралы әдебиет
Литература о Х. М. Мухамадиеве
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.185.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 553 б.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Мыза Владимир Иванович (1915-1944) - Кеңес Одағының Батыры
185-ші гвардиялық атқыштар полкі командирінің орынбасары (60-ші гвардиялық Павлоградтық Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы, 6-шы әскер, 3-ші Украин майданы), гвардия капитаны.
1915 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ұлты-орыс. 1932 жылдан бастап отбасымен бірге Кемерово және Новокузнецск Новосібір облысында (қазіргі Кемерово) тұрған. Осыдан орта мектепті және ФЗО-ны бітірген. Новокузнецк қаласындағы Кузнецк металлургиялық комбинатында құрылысшы болып жұмыс істеді. Омск көркем техникумының 3 курсын бітірген.
1937-1939 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Кеңес əскері қатарына 1937 жылы шақырылып, өз борышын өтеді.
1941 жылы Кемерово жаяу əскерлер училищесін бітірген. 1942 жылы 185-гвардия атқыштар полкі құрамында (3-Украина майданы 6-армия 60-гвардия атқыштар дивизиясы) ұрыстарға қатысты.
Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың 3 маусымынан бастап қатысты. Оңтүстік-Батыс майданының 6-армиясының 309-атқыштар дивизиясының 957-ші атқыштар полкінде рота командирінің орынбасары қызметін атқарды. 1942 жылдың жазы мен күзіндегі кеңес-герман майданының оңтүстік қапталындағы ең қиын қорғаныс шайқастарына, соның ішінде Воронеж-Ворошиловград қорғаныс операциясына қатысушы. 1942 жылы үш рет жараланған.
1942 жылы күзде Коротояк қаласының жанындағы Дон плацдармында соңғы жарақатын алып, госпитальда емделгеннен кейін 1942 жылы қарашада әскери училищеге мұғалім болып жіберілді. 1943 жылдың қаңтар айынан бастап аға лейтенант В.И.Мыза (1942 жылы 11 қарашада берілген әскери атақ) 6-армияның кіші лейтенанттары курстарында оқытушы, 1943 жылдың мамырынан осы курстарда пулемет ротасының командирі. Ол дайындаған жауынгерлердің ішінен 153 тамаша пулеметші шықты. 1943 жылы наурызда Харьков қорғаныс операциясы кезінде ұрысқа кіріскен қиын сәтте атыс жүйесін сауатты ұйымдастырып, фашистердің бірнеше шабуылын шебер тойтарып берді.
1943 жылдың қарашасынан - 185-гвардиялық атқыштар полкі (60-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 6-армия, 3-Украина майданы) батальон командирінің орынбасары.
Днепр шайқасында ерекше көзге түсті (Днепропетровск шабуыл операциясы. 1943 ж.). 1943 жылдың 25 қарашасына қараған түні 185-атқыштар полкінің батальоны Днепр өзенінен өтіп, Разумовка селосы маңындағы (Запорожье облысы Запорожье ауданы) плацдармға бекініс құрды. Осы уақыт ішінде Мыза Владимир Иванович батальоны 13 қарсы шабуылды тойтарып, оларға ауыр соққы берді. 1944 жылы 30 қаңтарда 3-Украина майданы жауынгерлері шабуылға шығып, Никопольск-Кривой Рог операциясы басталды. 1944 жылы 30 қаңтарда 3-ші Украин майданының әскерлері шабуылға шықты - Никополь-Кривой Рог операциясы басталды. Бұл күндері гвардия капитаны В.И. Мыза науқас батальон командирін ауыстырды. Миролюбово ауданында - Красиндорфта неміс қорғанысын серпіліс кезінде батальонды батыл басқарды. Днепропетровск облысы, Никополь ауданы, Новоивановка селосы ауданында 1944 жылы 5 ақпанда минометпен шабуыл кезінде неміс минасы жақын жерде жарылып, көптеген ауыр жарақаттар алды. Капитан медициналық батальонға эвакуацияланып, келесі күні алған жарақатынан қайтыс болды. Новоивановка селосында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Мыза Владимир Ивановичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өскемен қаласында Мыза атындағы көше бар, өзі оқыған мектепке мемориалдық тақта орнатылған.
Гвардия капитаны (29.06.1943). Ленин орденімен (22.02.1944), 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен (4.03.1944 ж., қайтыс болғаннан кейін), «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен (16.06.1943) марапатталған.
Батырдың есімі Өскемендегі мектеп пен Новокузнецк қаласындағы №11 кәсіптік лицейге берілді. Бұл кәсіптік лицей ғимаратына 2011 жылы мемориалдық тақта орнатылды. Сондай-ақ, Кемероводағы Кино үйінде мемориалдық тақта орнатылды, сол қалада оның есімі бір көшеге берілді.
Соғыс кезіндегі көптеген құжаттарда Батырдың тегі «Мызо» деп қате берілген.
В.И. Мызы туралы әдебиет
Литература о Мызы В.И.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 115 б.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – 290 б.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 558 б.
***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627 - Т.2
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
В.И.Мыза [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=9603 (11.07.2019)
В.И.Мыза (Мызо)* [Электронный ресурс] : [документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза] // Подвиг народа : сайт. – Режим доступа :http://www.podvignaroda.ru/?#tab=navPeople_search (11.07.2019)
В.И.Мыза (Мызо)* [Электронный ресурс] : [документы о выбытии] // Герои страны : сайт. – Режим доступа:https://obdmemorial.ru/html/search.htmf=%D0%BC%D1%8B%D0%B7%D0%BE&n=
%D0%B2%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%80&s=
%D0%B8%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87&y=&r= (11.07.2019)
Найдёнов Григорий Артемьевич (1915-2010) - Герой Советского Союза.
Командир миномётного дивизиона 9-го отдельного миномётного полка 40-й армии Воронежского фронта, старший лейтенант.
Pодился 27 декабря 1915 года в селе Селивёрстово ныне Волчихинского района Алтайского края. Из семьи крестьянина. Окончил 7 классов средней школы. Трудился в сельском хозяйстве, затем работал на строительстве завода в г. Усть-Каменогорскг. Усть-Каменогорск (Восточно-Казахстанская область).
В 1937 году призван в Красную Армию Кировским районным военным комиссариатом города Новосибирска. Служил на Дальнем Востоке, окончил школу младших командиров. В 1938 году участвовал в боевых действиях у озера Хасан против японских войск. В 1940 году окончил Владивостокское военное пехотное училище.
Вскоре после начала Великой Отечественной войны воинская часть, в которой служил Найдёнов, была переброшена с Дальнего Востока и включена в действующую армию. В боях на фронте с августа 1941 года. Был трижды ранен.
Командир миномётного дивизиона 9-го отдельного миномётного полка (40-я армия, Воронежский фронт) старший лейтенант Г.А.Найдёнов проявил отвагу и мастерство командира во время битвы за Днепр (Букринский плацдарм. 1943 г.). Войска 40-й армии вышли к Днепру севернее и южнее города Ржищев Киевской области, с ходу форсировали Днепр и захватили плацдармы в районе деревень Стайки, Монастырок, Балыко-Щучинка и Ходоров. В последующих тяжелых боях эти плацдармы были расширены и объединены с плацдарами соседних армий фронта, образовав знаменитый Букринский плацдарм.
Старший лейтенант Найдёнов вышел к Днепру одним из первых 24 сентября 1943 года. Пехота активно готовилась к форсированию реки, но многие артиллерийские и танковые части отставали. Вся тяжесть будущих сражений за плацдармы ложилась на плечи пехоты, и только миномётчики могли оказать ей в этих условиях огневую поддержку. Понимая свою задачу, Найдёнов организовал переправу своего дивизиона, тяжелой материальной части и боеприпасов на подручных и самодельных плавсредствах. Его миномётчики переправились под шквальным огнём противника вместе с передовыми частями и прямо от воды на правом берегу открыли огонь, поддерживая атакующих пехотинцев.
Когда плацдарм был захвачен, начались вражеские контратаки с целью его уничтожения. И здесь Найдёнов действовал умело и расчётливо. Каждый миномётный расчет подготовил несколько оборудованных огневых позиций, частой сменой которых уклонялись от артиллерийских и авиационных ударов, при этом вели прицельный огонь по наступающим войскам противника. Когда создалась критическая обстановка на участке обороны соседнего подразделения, старший лейтенант Найдёнов самостоятельно принял решение и перебросил туда часть своих миномётов, обеспечив ликвидацию вражеского прорыва. Всего в сражениях на плацдарме с 24 сентября по 10 октября 1943 года дивизион Найдёнова уничтожил 8 пулемётов противника с их расчётами, подавил огонь 3-х артиллерийских и миномётных батарей, самостоятельно отразил три вражеские атаки, истребил до роты живой силы врага.
За мужество и героизм, проявленные на фронте борьбы с немецко-фашистскими захватчиками, Указом Президиума Верховного Совета СССР от 24 декабря 1943 года старшему лейтенанту Найдёнову Григорию Артёмовичу присвоено звание Героя Советского Союза с вручением ордена Ленина и медали "Золотая Звезда" (№ 4520).
Отважно сражался Герой и в последующих боях, вновь был ранен. В 1946 году старший лейтенант Г.А.Найдёнов был демобилизован по инвалидности.
С 1950 года трудился на химическом комбинате "Россия" в городе Каменск-Шахтинский Ростовской области: помощник коменданта в военизированной охране, начальник участка погрузочно-разгрузочных работ, директор комбината питания. С 1975 года - на пенсии.
Жил в городе Каменск-Шахтинский. Умер 29 сентября 2010 года. Похоронен в Каменске-Шахтинском.![]()
Награждён орденами Ленина (24.12.1943), Отечественной войны 1-й степени (11.03.1985), медалями.
Почётный гражданин села Селивёрстово Алтайского края.
В райцентре Алтайского края посёлке Волчиха установлен бюст Героя.
Г. А. Найденов туралы әдебиет
Литература о Г. А. Найденове
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. –с.115.
Отан батырларынмадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес ОдағыныңБатырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысыныңәкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстықсәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтықмұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
Мақалалар-Статьи
Вахрушев, Н. Подвиг на Днепре : [о Герое Советского Союза Г. А. Найденове ] / Н. Вахрушев // Знамя коммунизма. - 1964. - 7 июля.
Турищева, Е. Помним ветеранов - своих героев : [о Герое Советского Союза Г. А. Найденове] / Е. Турищева // Огни Прииртышья. - 2008. - 25 июля. - С. 5.
Бочкарева, Е. О чем рассказал солдатский медальон : [об участниках ВОВ - восточноказахстанцах, в том числе о поисковой работе Предгорненского совета ветеранов] / Е. Бочкарева // Рудный Алтай. - 2014. - 26 апреля. - С. 5.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Найдёнов Григорий Артемьевич [Электронный ресурс]: [Герои страны]: сайт. – Режим доступа: https://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=13675
Документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза[Электронный ресурс]: [Подвиг народа]: сайт. – Режим доступа: https://podvignaroda.ru/?#id=150022831&tab=navDetailManAward
Найденов Григорий Артемович (1915-2010) - Кеңес Одағының Батыры.
Воронеж майданының 40-ші армиясының 9-шы жеке миномет полкінің миномет дивизионының командирі, аға лейтенант.
1915 жылы 27 желтоқсанда Ресейдің Алтай өлкесі, Волчихин ауданы, Селиверстов ауылында шаруа отбасында туған. Жетіжылдықты бітірген соң, туған жерінде ауыл шаруашылығында жұмыс істеген. Кейіннен Өскемен қаласына (Шығыс Қазақстан облысы) қоныс аударып, зауыт салуға қатысқан.
Кеңес əскері қатарына 1937 жылы алынып, 1938 жылы Қиыр Шығыстағы Хасан өзеніндегі ұрыстарға қатысқан. Командирлер мектебін, 1940 жылы Владивостоктағы жаяу əскер училищесін бітірген. 1941 жылдан Ұлы Отан соғысына аттанған.
Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін көп ұзамай Найденов қызмет еткен әскери бөлім Қиыр Шығыстан ауыстырылып, белсенді армия қатарына алынды. 1941 жылдың тамызынан бастап майдандағы ұрыстарда. Ол үш рет жараланған.
Днепр (Букринский плацдармы, 1943) үшін шайқаста 9-шы жеке миномет полкінің минометшілер дивизиясының командирі (40-армия, Воронеж майданы), аға лейтенант Г. А. Найденов командир ретінде ерлік пен шеберлік көрсетті. 40-шы армияның әскерлері Киев облысының Ржищев қаласының солтүстігі мен оңтүстігінде Днепрге жетіп, Днепрді жүріп өтіп, Стайки, Монастырок, Балыко-Щучинка және Ходоров ауылдары аймағындағы плацдармдарды басып алды. Кейінгі ауыр шайқастарда бұл плацдармдар кеңейтіліп, көршілес майдан әскерлерінің плацдармдарымен қосылып, әйгілі Букринский плацдармын құрады. Аға лейтенант Найденов 1943 жылы 24 қыркүйекте Днепрге алғашқылардың бірі болып жетті. Жаяу әскер өзеннен өтуге белсенді түрде дайындалды. Болашақ плацдармдарға арналған шайқастардың барлық ауыртпалығы жаяу әскерлердің иығына түсті және мұндай жағдайларда оларға тек минометтер ғана атыста қолдау көрсете алды. Өзінің міндетін түсінген Найденов өз дивизиясын, ауыр техникасы мен оқ-дәрілерін импровизацияланған және қолдан жасалған су кемелерінен өтуді ұйымдастырды. Оның минометтері алдыңғы қатарлы бөлімшелермен бірге жаудың ауыр оқ астында өтіп, оң жағалаудағы судан тура оқ жаудырып, шабуылдаушы жаяу әскерлерге қолдау көрсетті. Плацдармды алған кезде жаудың қарсы шабуылдары оны қиратуға кірісті. Ал мұнда Найденов шеберлікпен парасаттылық танытты. Әрбір миномет экипажы алға жылжып келе жатқан жау әскерлеріне бағытталған атыс жүргізу кезінде артиллериялық және әуе шабуылдарынан аулақ болатын бірнеше жабдықталған атыс орындарын дайындады. Көрші бөлімшенің қорғаныс саласында қиын жағдай туындағанда аға лейтенант Найденов өз бетінше шешім қабылдап, жаудың серпілісін жоюды қамтамасыз етіп, өзінің минометтерінің бір бөлігін сол жаққа ауыстырды.
1943 жылдың 24 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығындағы плацдармдағы ұрыстарда Найденов дивизиясы өз экипаждарымен жаудың 8 пулеметін жойып, 3 артиллериялық және миномет батареясын басып, жаудың үш шабуылын өз бетінше тойтарып, жаудың жеке құрамының ротасын 100 мыңға дейін жойды.
Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1943 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен Найдёнов Григории Артёмовичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.
Кейінде болған шайқастардың бірінде Батыр ауыр жараланып, жарақатына байланысты әскери қызметтен босатылады. 1946 жылы запасқа шығып, 1975 жылға дейін Ростов облысы Каменск-Шахтинск қаласында қызмет істеген. Ленин,1-дəрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1975 жылы құрметті еңбек демалысына шығып, Каменск-Шахтинск қаласында тұрды. 2010 жылы 29 қыркүйекте қайтыс болып, Каменск-Шахтинск қаласында жерленген.
Алтай өлкесіндегі Селиверстов селосының Құрметті азаматы. Волчиха кентінде Найденовке бюст орнатылған.
Г. А. Найденов туралы әдебиет
Литература о Г. А. Найденове
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 564 б.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 189
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Новиков Василий Корнеевич (1907-1981) - Кеңес Одағының батыры.
Украина майданы 2-армия, 4-гвардия полкі 438-танкіге қарсы қарудың артиллериялық полк командирі, подполковник.
Василий Корнеевич Новиков 1907 жылы 15 (28) тамызда Тверь облысының Пеновск ауданының Наумов селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1919 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Бородулиха ауданы, Бородулиха селосына қоныс аударып, тас қашаушы болып жұмыс істеген. 1930 жылдан Коммунистік партия мүшесі. Білімі – жетікластық.
1929 жылы Кеңес әскері қатарына қабылданды.1933 жылы артиллериялық училищені бітірген. 1941 жылдың шілде айынан майданда болған. Оңтүстік Батыс, Карелия, 2-ші Украина майданы 2-армия, 4-гвардия полкі 438- танкіге қарсы қарудың артиллериялық полк құрамында ұрыстарға қатысқан. Соғыстың басында Котовский атындағы атты дивизияда командирдің орынбасары болған. Соғыста ерен ерлік көрсетіп, қатты жараланып, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
1944 жылы 17 ақпанда Черкасск облысы Лысянск ауданы Журжинца селосы маңында 1500 неміс әскері автомат-пулеметтен оқ жаудырып, полктың қорғанысын бұзып, қоршаудан шығуға әрекет жасады. Фашистер қатары азайғанмен шабуылды тоқтатпады. 300 гитлершілдер атыс позициясына өте жақын келген кезде подполковник В.К. Новиков «Оқты тоқтатпаңдар, қарудың жанына екі адамнан қалдырып, қалғандарың шабуылды қолдағы қарумен тоқтатыңдар!» -деп бұйрық берді. Ызаланған фашистер тобы бұзып-жарып қаруға жетті. Қояма-қолтық айқас басталды. Кейінірек артиллеристердің атыс позициясынан 40 немістің өлігін санады. Айқас кешке дейін созылды. Снарядтар бітті. Қауіпті сейілту үшін полк командирі шабуылды өзі ұйымдастыруды шешті. Барлық барлаушылар, байланысшылар, жүргізушілер, оқтары таусылған батарея жауынгерлерін жинап алып, «Шабуылға дайындалыңдар! Соңымнан еріңдер! Ура-аа! » -деп окоптан бірінші болып атып шықты. Бүйірдегі батареялар шабуылды қолдады. Тау бөктерінде қояма - қолтық ұрыс басталды. Мұндай қысымға дұшпандар шыдай алмай кері шегінді. Осы уақытта біздің танктер де келіп жеткен еді. Осы ұрыста В.К. Новиков екінші рет жараланса да қатардан шықпады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен әскери тапсырманы шебер орындап, ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін подполковник Василий Корнеевич Новиковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин және «Алтын Жұлдыз» ордендерімен марапатталды.
1955 жылы полковник В. К. Новиков құрметті демалысқа шығып, Ташкент қаласында тұрды. 1981 жылы 20 қаңтарда өмірден өтті. Ташкент қаласында жерленген.
В.К. Новиков екі рет Қызыл Ту, Ленин, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
В. К. Новиков туралы әдебиет
Литература о В. К. Новикове
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.570 .
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.193
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы