Кокорин Фёдор Савинович (1918-1997)- Кеңес Одағының Батыры
4-ші гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі (6-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 60-армия, Орталық майдан), гвардия лейтенанты.
Федор Кокорин 1918 жылы 20 желтоқсанда Пермь облысы Куединск ауданы Большая Уса селосында шаруа отбасында туған. Бастауыш мектепті бітірісімен тракторшы болып еңбек жолын бастаған. Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылды.
1942 жылдың сәуір айынан майдан шебінде. 1943 жылы кіші лейтенант курсын бітіріп, 6-шы гвардиялық атқыштар дивизиясында соғысқан.
Орталық майданның Чернигов-Припять шабуыл операциясы кезінде көзге түскен. (26 тамыз – 30 қыркүйек 1943 жыл). Шабуыл барысында рота командирі қолға түскен құралдарды пайдалана отырып Десна және Днепр –өзендерінен өтуді қамтамасыз етті. 1943 жылы 29 сентябрьде ротасымен Припять өзенінен өтіп, 30 сентябрьде жау бекінген Оташев селосын (Киев облысы Чернобыл ауданы) тартып алды. Бірнеше шабуылға тойтарыс бере отырып, полк көмекке келгенше деревняны ұстап тұрған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1943 жылы 16 қазанда Десна, Днепр, Припять өзендерінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Федор Савинович Кокоринге Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі 2 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен тапсырылды.
Соғыс аяқталған соң Ф.С. Кокорин Совет Армиясы қатарында қызметте қалды. 1946 жылы офицерлер курсын бітірді.
1953 жылдан аға лейтенант Ф.С. Кокорин – запаста. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрды. Облыстық ДОСААФ комитетінде аға инструктор болып істеді. Федор Кокорин 1997 жылы қайтыс болды. Өскемен қаласының бір көшесіне Ф.С. Кокорин есімі берілген. Пермь қаласындағы Офицерлер үйінің қабырғасында сол өлкеден шыққан батырлардың аты-жөні қашалып жазылған, олардың ішінде Кокориннің аты бар.
Қалалық атқару комитетінің 1980 жылғы 6 мамырдағы шешімі негізінде Ф.С. Кокоринге «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар:
Колесников Владимир Алексеевич (1924-2003) –Кеңес Одағының Батыры
Өздігінен жүретін артиллериялық СУ -76 қондырғысының командирі, Новобуг полкі (45 атқыштар корпусы, 5-армия, 3- Белорус майданы) кіші лейтенанты.
1924 жылы 13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Юбилейная станциясында туған. Білімі - 7 кластық. Колхода тракторшы, кейін Қарағандыда шахтада істеген.
Армияға 1942 жылы тамыз айында Семей облысы Үржар әскери комиссариатынан шақырылған. 1944 жылы Самарқанд (Өзбекстан) қаласына көшірілген 2-Харковь танк училищесін бітірген.
1944 жылы мамыр айынан майданда. 3-Белорус, 2-Украина майдандарында шайқасқан. Екі рет жараланған. 1944 жылы тамыз айында Литва аумағында болған Каунас операциясы кезінде айрықша көзге түскен.
1945 жылғы 24 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы бойынша Литваны жаудан босату кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Колесников Владимир Алексеевичке Кеңес одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.
Соғыстан кейін В.А. Колесников Совет Армиясы қатарындағы қызметін жалғастырды. 1946 жылы Ленинград облысы Ораниенбаум (қазіргі Ломоносов) қаласындағы өздігінен жүретінартиллериялық қондырғы офицерлер курсын бітірді. 1946 жылы ақпан айында курс казармасы жанында тікелей оның ұсынысымен және белсенділігімен өздігінен жүретін артиллериялық СУ-85 қондырғысына ескерткіш орнатылды. Колесников В.А. 1974 жылы подполковник шенінде запасқа шықты. Ломомносов қаласында тұрып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 20 жылдан артық Біріктірілген Ардагерлер Кеңесін басқарды. Қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге, жастар тәрбиесіне ат салысты. Ломоносов қаласының Құрметті азаматы.
2003 жылы 28 қыркүйекте қайтыс болды, Ломоносов қаласындағы Батырлар аллеясында жерленген.
Ленин (24.03.1945), екі мәрте 1 дәрежелі Отан соғысы (12.05.1945; 11.03.1985), Қызыл Жұлдыз (6.07.1944) ордендерімен, медалдармен марапатталған.
В.А.Колесников түралы әдебиеттер
Литература о В. А. Колесникове
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
Азалы кітап [Мәтін] : Ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : 2014. - 208 б.
***
Герои Советского Союза - семипалатинцы [Текст]. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.
Андреев С.А. Совершенное ими бессмертно [Текст] : Книга 2-я / С.А. Андреев. - М. : Высшая школа , 1986. - 511 с.
Мақалалар-Статьи
Халепа В. Подвиг героя [Текст] / Халепа В. // Путь Ильича. - 1981. - 9 мая. - С. 4.
Шака А. Три самых горьких майских дня [Текст] / Шака А. // Рудный Алтай. - 2005. - 3 февр. - С. 2
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
Колесников В. А. [Электронный ресурс][биография] : сайт, - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=14969 (20.12.2018)
Колесников В. А. [Электронный ресурс][биография] : сайт, - Режим доступа : http://www.oranienbaum.org/lomonosov/personality-and-life-lomonosov/kolesnikov-vladimir-alekseevich/ (20.12.2018)
Кольцов Павел Федорович (1910-2011) - Совет Одағының Батыры
Оңтүстік, 3-Украина және 1-Белорус майдандарында 905-ші атқыштар полкінің жүргізуші, атқыш, пулемет бригадасының командирі.
1910 жылы Владивосток қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1926 жылы 7 сыныпты аяқтап, жүргізуші курсын бітірген. Омбыдағы автобазада жүргізуші болып істеген. 1940-1941 жылдарда Адыгей республикасында Майкоп қаласында жүргізуші болып істеді. 1941 жылы шілдеден майданда болды. 3-ші Украиналық және 1-ші Белорус майдандарында неміс-фашистік басқыншыларға қарсы күреске қатысты. Іскерлігі мен қайсарлығы үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1941- 42 жылдары Днестр, Оңт. Буг, Днепр өзендерінен өтуге, Каховка ауданында Молочная, Мелитопол елді мекендерін, Донбасты, Ростовты, Батайск қорғауға қатысты.
1944 ж. - Одесск облысын жаудан азат етуге, Ясск-Кишинев операциясына, Кишиневты азат етуге қатысты.
1945 ж. - Варшавско-Познанской операциясы, Пилица өзенінен өту, Одер өзенінен өтіп оның жағалауына бекіну, Берлин операциясы, Империя канцерляриясы үшін шайқасқа қатысты.
Берлин үшін болған көше шайқасында 27 сәуір мен 2 мамыр аралығында П. Кольцовтың бір өзі 105 жау әскері мен офицерінің көзін жойған.
Берлинді алу жолындағы батылдығы мен ерлігі үшін Павел Федорович Кольцовқа 15 мамыр 1945 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді. 1953 жылдан бастап П.Ф.Кольцов өмірі Зырян (қазір Алтай) қаласымен байланысты болды. Ол Зырян қорғасын комбинатының байыту фабрикасында 7-ші дәрежелі темір ұстасы, кейін 1969 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін аға аспапшы қызметін атқарды. Оның Зырян қорғасын комбинатында атқарған көп жылғы адал еңбегі бірнеше мәрте алғыс хаттармен мадақталып отырды. Соғыстан кейінгі жылдары да П.Ф. Кольцов бірнеше мерейтой медальдарымен марапатталды. Сонымен бірге, ол Зыряновск (казір Алтай) қаласының Құрметті азаматы. 1969 жылдан – құрметті демалыста.
2010 жылы Совет Одағының Батыры Павел Федорович Кольцов ( ТМД – да тұратын бірден-бір ғасыр жасаған батыр) өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев Президент атынан мерейтой иесін құттықтап, ардагерге ВАЗ-2107 автокөлігін сыйға тартты.
Павел Кольцов 2011 жылы 31 наурызда Зыряновск (казір Алтай) қаласында қайтыс болды. Ленин (15.05.1946), Қызыл Ту (24.04.1945), Отан соғысы (11.03.1985) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Зырян қаласының (казір Алтай) (1987), Зырян ауданының (2005) Құрметті азаматы. Зырян қаласында батыр атында көше бар.
П. Ф. Кольцов туралы әдебиет
Литература о П. Ф. Кольцове
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 129 б.
Олардың есімі берілген...= Их именами названы...: Ұлы Жеңістің 60 жылдығына = К 60 летию Великой Победы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2005. - 12 б.
Отан батырларын мадақтайды. : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом /Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – 290 б.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия /бас ред. Б. Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- Б. 395.
***
Есть в памяти мгновения войны = Отты жылдар есімізде /сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с. : фот.
Мақалалар-Статьи
Әбішев, Е. Орда бұзар отызында отқа түсті/ Е. Әбішев // Дидар. - 2010. - 23 қаңтар. - Б. 3.
Абайқызы, Б. 100-ге келген батыр : [ҰОС-ның батыры Павел Кольцов жайында] /Б. Абайқызы // Айбын. - 2010. - № 1. - Б. 35.
Өмірзақова, Ш. Жеңіске - тағзым /Ш. Өмірзақова// ШҚО педагогика жаршысы = Педагогический вестник ВКО : ғылыми-әдістемелік журнал. - 2010. - N 2. - Б. 68-69.
Павел Федорович Кольцов : [101 жасқа қараған шағында Кеңес Одағының батыры П. Ф. Кольцов дүниеден озды. Қазанама ] // Дидар. - 2011. - 4 сәуір. - Б. 5.
***
Капустин, П. Дороги солдата / П. Капустин // Рудный Алтай. - 1964. - 15 сент.
Малютин, Ю. Кавалер золотой звезды /Ю. Малютин // Заря Востока. - 1975. - 8 апр.
Гладышев, П. Мгновения подвига /П. Гладышев // Рудный Алтай. - 1979. - 31 мая.
Юбилей героя /В. Шуваев // Заря Востока. - 1980. - 19 янв.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк /Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 704. – Т. 1
Никифоров, В. Павел Федорович - настоящий герой!: [О Герое Советского Союза Кольцове П. Ф.] /В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2000. - 6 мая. - С. 2.
Багаутдинов, Ш. Сбил самолет... из пулемета /Ш. Багаутдинов// Рудный Алтай. - 2005. - 5 апр. - С. 2.
Кольцов, П. Сороковые, фронтовые...: [воспоминания о войне] /П. Кольцов// Рудный Алтай. - 2007. - 6 мая. - С. 3.
Осипов, В. Столетний рубеж Павла Кольцова : [о Герое Советского Союза Павле Кольцове] /В. Осипов// Рудный Алтай. - 2010. - 20 янв. - С. 3.
Прокопьева, О. Герою Павлу Кольцову - 100 лет: [Герою Советского Союза из Зыряновска П. Ф. Кольцову исполнилось 100 лет] /О. Прокопьева // Заря Востока. - 2010. - 21 янв. - С. 1. : ил.
3.
Яковлева, Н. Герои - люди скромные : [о Герое Советского Союза Павле Кольцове] /Н. Яковлева // Мой город. - 2010. - 21 янв. - С. 3.
Гантели долголетия: [о Герое Советского Союза Павле Кольцове из Зыряновска] // Рудный Алтай. - 2011. - 31 янв. - С. 3.
Никифоров, В. Подарок Герою от Президента : [о рабочей поездке Акима области Б. Сапарбаева в Зыряновский район] /В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2010. - 6 февр. - С. 1, 2.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - Кольцов Павел Федорович: [Герой Советского Союза ; некролог] // Рудный Алтай. - 2011. - 2 апр. - С. 6.
Яковлева, Н. Последний Герой: 31 марта умер П. Ф. Кольцов - последний Герой Советского Союза из Восточного Казахстана. Ему было 101 год /Н. Яковлева, И. Кирилюк // Мой город. - 2011. - 7 апр. - С. 7.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Герои страны
Александр Александрович Колчин (1922-1973) – Кеңес Одағының Батыры
79-шы бөлек байланыс полкінің телеграф-кабельдік ротасының желілік жетекшісі (47-армия, Воронеж майданы), кіші сержант.
1922 жылы Ленинград облысы, Новая Ладога қаласыда дүниеге келген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты, байланысшы.
1937 жылы Колчиннің отбасы Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногорск қаласына қоныс аударған. Кен-металлургия техникумында оқып жүргенде 1941 жылы қыркүйекте Кеңес әскері қатарына шақырылды.
1943 жылы шілдеден майданда байланыс әскерлерінің қата рында ұрыстарға қатысты. Ол 47-армия командованиесінің Днепр өзенінен өтуде бөлімшелер арасындағы телефон байланысын қамтамасыз етті.
1943 жылдың 19 қазанында жаудың бораған артиллерия мен миномет оғынан кабель линиясы үзілді. Жау оғының астында суға сүңгіп жүріп, кабельдің үзілген жеріп тауып жалғады. Байланыс қалпына келді. 20 қазанда жаудың 130 ұшағы Кеңес әскері командованиесінің бақылау пункті тұрған 175,9 биіктігіне тұтқиылдан шабуыл жасады. Бірнеше байланысшы қаза тауып, үзілген байланысты Колчин тез арада жалғап отырды. Ол өз полкімен Польшаны азат етіп, Берлин қаласына шабуыл жасауға қатысты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен фашистік басқыншыларға қарсы күресте көрсеткен ерлігі, батылдығы және қаһармандығы үшін кіші сержант Александр Александрович Кольчинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі (№3049). 1
946 жылы аға сержант Кольчин демобилизацияланды. Ленинградта тұрды. Промстройпроекттегі бұрғылау шеберлерінің курстарын бітіріп, аға бұрғылау шебері, аға инженер-геолог, бригада жетекшісі қызметтерін атқарды. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған. Батырдың есімі Новоладожская орта мектебіне берілді.
1973 жылы 14 маусымда қайтыс болды. Санкт-Петербургтегі Большеохтинский зиратында жерленген.
А. А. Колчин туралы әдебиеттер
Литература о А. А. Колчине
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 703 – Т.1
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 397-398.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 53.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
Ситникова, Л. Фронтовые дороги/ Ситникова Л. // Лениногорская правда. - 1984. - 20 дек.
Константинов Лаврентий Сергеевич (1910—1948), Кеңес Одағының Батыры
Лаврентий Сергеевич Константинов 1910 жылы 10-шы қыркүйекте Новосибирск облысы, Балман селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 5 кластық біліммен киномеханик, жүргізуші болып жұмыс істеді. 1941 жылдың желтоқсан айынан Қызыл Армия қатарында. 1942 жылдың қаңтарынан майдан шебінде. 1943 жылдың қыркүйек айында аға сержант Л. Константинов Воронеж майданы 3-гв. танк Армиясы 6 -гв. танк корпусының 22 гв. мотоатқыштар бригадасы автоматшылардың барлау ротасының взводын басқарды. Днепрден өту кезінде ерекше көзге түскен.
1943 жылы 23 қыркүйекте Л. Константинов Украина ССР-і, Черкасск облысы Каневский ауданы Григоровка селосының тұсында Днепр өзенінен өтіп, батыс жағалау үшін кескілескен шайқасқа қатысады. 1-2 қазан күндері Константинов барлау тобымен жау тылына өтіп, неміс әскерлерінің орналасуына барлау жасайды. Қайтар жолда жау әскерлері байқап қалып, оқ жаудырады. Осы ұрыста Константинов қарулас достарымен жаудың 40 офицері мен солдатының көзін жояды. Константиновтың өзі жеке есебі бойынша 40 солдат пен 5 офицер көзін жойған екен.
1944 жыл 10 қаңтардағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша гвардия аға сержанты Лаврентий Константиновқа Кеңес Одағының Батыры (№2117) атағы берілді. Кіші лейтенанттар курсын тамамдаған. Соғыстан кейін Л. Константинов әскер қатарынан босады. 1948 жылы 10 ақпанда қайғылы қазаға ұшырады. Қызыл Жұлдыз, 3-Дәрежелі Даңқ орденімен, бірнеше медалдармен марапатталған. Каргат қаласында Л. Константиновке бюст, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Чигелек ауылында батырға ескерткіш орнатылған.
Әдебиеттер:
Интернет ресурстар: