Известные имена

Кеңес Одағының Батырлары

Туров Ф.Д.

Туров Федор Дементьевич

Туров Федор Дементьевич (1910-1974) - Кеңес Одағының Батыры.

955-атқыштар полкі барлау взводының барлаушысы (309-атқыштар дивизиясы, 40-армия, Воронеж майданы), қызыләскер.
1910 жылы 2(15) мамырда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. Орыс. 1944 жылдан КПСС/ВКП(б) мүшесі. 4 класс бітірген. Өскемен қаласы өрт сөндіру күзетінде ауысым бастығы, «Иртышгэстрой» тресінің өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаушысы, старатель жұмыстарын атқарды.
1932-1935 және 1941 ж. Қызыл әскер қатарында болды. 1941 жылдың тамыз айынан  бастап Ұлы Отан соғысы майданына қатысты. 1941 жылдың күзінде Тула үшін шайқаста жараланып, госпитальда емделген соң, майданға оралады. Воронеж бағытындағы әскери іс-қимылдарға қатысты. Днепр үшін шайқаста ерекше көзге түсті (Чернигов-Припят операциясы. 1943 ж). Воронеж майданы 40-армия 309-атқыштар дивизиясының 955-атқыштар полкі барлау взводының барлаушысы қызыләскер Туров 1943 жылдың 22 қыркүйегі күні түнде Монастырек (қазіргі Киев облысы Ржищев қала типтес поселке аумағы) хуторы ауданындағы барлаушылар құрамында қарсыластар жаудырған оқ астында Днепрден өтуге қатысты. Ол жау траншеясына бірінші болып кіріп, граната астына алды, шегінген фашистерге қарсы пулеметтен оқ жаудырды. Осы соғыста ол жаудың 27 солдаты мен 1 офицерінің көзін құртты. Басып алынған плацдармда жаудың үш контратакасына қатысады. Бетпе-бет ұрыста Ф.Д.Туров тағы да он жау солдатының көзін жойды. Барлаушылар жаулап алынған позицияны негізгі күш келгенше ұстап тұрды. 1943 жылғы 23 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін қызыләскер Туров Федор Дементьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталды. Федор Туровтың жау тылындағы барлаушылық әрекеті аз емес. Оның әкелген «тілдері» біздің қолбасшыларға көп құнды ақпарат берді. Польша мен Германияны жаудан азат етуге қатысты.
1945 жылы 24 маусымда 2-Украин майданының жинақты полкінің құрамында Қызыл алаңда Жеңіс Парадына қатысты. 1945 жылы желтоқсан айында әскерден оралды. Ол өзі туып-өскен жерде өмір сүрді. Өскемен қаласының қорғасын-мырыш комбинатында электролиз кезекшісі жұмысын атқарды. 1960 жылдан – зейнеткер. 1974 жылы 2 ақпанда қайтыс болды.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
1986 жылы Өскемен қаласының бір көшесіне Ф.Д.Туров есімі берілді.

 

                                                      Ф. Д. Туров туралы әдебиеттер
                                                         Литература о Турове Ф. Д.
Совет Одағының қазақстандық батырлары... Т. 2. М-Я. - Алматы : Қазақстан, 1969. - 475 б.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен :ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.

 

                                                                         ***
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата :КазОгиз, 1945. – с. 317-318.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.611 – Т.2
Васильев, Д. У бывших фронтовиков: [о Героях Советского Союза П. Миллере, Ф. Турове] / Д. Васильев // Знамя коммунизма. - 1958. - 9 мая. - С. 2.
Герои Советского Союза, работавшие на комбинате: [о Герое Советского Союза Ф. Д. Турове] // Металлург. - 1989. - 6 мая.
Рифель, Л. Их именами названы улицы / Л. Рифель // Рудный Алтай. - 2005. - 8 февр. - С. 2

                                                Интернет ресурстар
                                                Интернет-ресурсы

Герои страны

 

 

Урзля В.М.

Урзля Владимир Матвеевич (1916-1945), Кеңес Одағының Батыры.

Владимир Матвеевич Урзля – 504 - Мгинск Қызыл Тулы миномет полкы штабының бастығы (Кутузов орденді 40-шы минометтік бригада, Суворов орденді 24-артиллерия, РГК майдан шебі дивизиясы 4-Украина майданы), майор.

1916 жылы 20 қаңтарда Алтай өлкесі (қазіргі Ребриха ауданы) Клочки селосында дүниеге келген. Орыс. 1932 жылы Алтай өлкесі, Алейск қаласында 7 сыныпты бітіріп, соңынан бастауыш сынып мұғалімі курсында оқыды. Алтай өлкесі, Топчиха ауданы, Парфеново селосында, соңынан Алейскі қант комбинаты жанындағы мектепте мұғалімдік қызмет істеді. Соңынан Семей ауылшаруашылығы техникумын бітірді. Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Бородулиха ауданы Белағаш поселкесінде мал дәрігері болды.

1939 жылы Белағаш аудандық әскери комитетінің шақыруымен әскер қатарына алынады. 1941 жылы Хабаровскіде әскери миномет училищесін бітіреді. Хабаровскіде, қыркүйек айынан бастап Барнаулда әскери міндетін өтейді.

1942 жылдың қаңтарынан әрекеттегі армия қатарында болды. Ленинград, Волхово, тағы Ленинград, 1-Украина майданында жаумен шайқасты. 1945 жылы 28 сәуірде 4-Украина майданының Моравско-Остравскі шабуылы кезінде, Моравска-Острава қаласы маңындағы (қазір Острава, Чех Республикасы) ДолниЛгота елді мекені жанындағы ұрыста ерекше көзге түсті. Майор В.М.Урзля болған алдыңғы қатардағы бақылау пунктіне жау шабуыл жасады. В.М.Урзля соңғы патроны қалғанша айқасты, бірақ гитлершілер қолға түсіріп, соңынан азаптап өлтірді.  

1946 жылы 15 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Чехословакияны азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Урзля Владимир Матвеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (қаза тапқаннан кейін).

Глучин қаласының кеңес әскерлерінің зиратында жерленген (Моравско-Силезия Өлкесі, Чех Республикасы), Острава қаласынан 10 км жерде. Оның есімі Барнаулдың Даңқ мемориалында мәңгілікке жазылған.

Ленин (15.05.1946), Қызыл Жұлдыз (10.02.1944) ордендерімен, «За боевые заслуги» (18.01.1943) медалімен марапатталған.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.771.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.263.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Интернет-ресурстар:

 

Харин М.Т.

Харин Михаил ТерентьевичХарин Михаил Терентьевич (1923 - 1991) - Кеңес Одағының Батыры.

176-гвардиялық Измайловский атқыштар полкінің барлаушысы (59-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 46-армия, 2-Украина майданы), Қызыл Армия гвардиясы.

Михаил Терентьевич Харин 1923 жылы 18 қыркүйекте Снегирево селосында (қазіргі Алтай ауданы Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген.   Білімі жеті жылдық. Колхозда жұмыс істеген.

1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған.  1944 жылы Харин Михаил Терентьевич  59-шы атқыштар дивизиясының 176 гвардиялық атқыштар полкінің взвод барлаушысы қызметін атқарған.  Жауынгерлік жолы Доннан Дунайға дейін жеткен.

1944 жылы 4 желтоқсанда Дунайдан өту кезінде ерекше көзге түсті. Хариннің басшылығындағы барлаушылар тобы алғашқылардың бірі болып өзеннен өтті.  Будапешт қаласында жасалған шабуылға қатысты.  Барлаушы неміс әскерлеріне қарсы шығып,  алты пулеметшіні, миномет батареясын, көптеген гитлершілердің көзін жойды, бөлімге талай «тіл» жеткізді.  Михаил Харин  жеке өзі 14 фашисті өлтіріп, сегізін тұтқынға алды.  Плацдарм был захвачен почти без потерь. Удерживая его, гвардейцы отбили четыре яростные контратаки. Оставшись один, Харин еще больше часа вел неравный бой до подхода подкрепления, уничтожив еще 11 гитлеровцев. Плацдармды кеңес әскерлері шығынсыз алды. Негізгі күш келгенше оны ұстап тұру қиынға соқты. Гвардияшылар  жаудың төрт шабуылына төтеп берді. Жалғаз қалған М. Харин тағы бір жарым сағат қарсыласып, 11 гитлершілдің көзін жойды.

Соңынан өзінің полкінің құрамында Будапешті азат ету операциясына қатысты. ( Венгрияны азат ету. Будапешт операциясы.1944 ж). Басқа барлаушылармен бірге Будапешт қаласының ортасында  неміс генералы отырған автомашинаны тура атып,  генералды тұтқынға алып, әскери бөлімге жеткізді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін Харин Михаил Терентьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды (N4762).

Соғыстан кейін армия қатарында қызмет етті.  1950 жылы кіші лейтенант курсын, 1954 жылы –команда құрамын жетілдіру курсын, 1961 жылы М. В. Фрунзе атындағы әскери академияны бітірді. 1969 жылдан бастап Харин Михаил құрметті демалыста болды.

Молдавия ССР-і, Тираспол қаласында тұрды (қазір Молдавия Республикасының Приднестровский астанасы).  «Триаспольтранс» бірлестігінде жұмыс істеді. 1991 жылы 15 желтоқсанда қайтыс болды.   Тирасполь қаласындағы  «Дальнее» зиратына жерленген. Одесса облысы Измаила қаласының және  Молдавия Республикасының Тирасполь ауданының Копанка селосының Құрметті Азаматы. 

М. Т. Харин  туралы әдебиеттер  

Литература о Харине М. Т.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен: ШҚМУ, 2005. – с.4.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 267.

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Герои страны

Биография героев и писателей

Биография KZ

 

Фонов Н.Я.

Фонов Николай ЯковлевичФонов Николай Яковлевич (1911-1950) - Кеңес Одағының Батыры.

Воронеж майданының 47-армиясының 30-атқыштар дивизиясының 59-артиллериялық полкінің атқыштар командирі, сержант.

1911 жылы 11(24) қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Карач деревнясында (қазіргі Көкпекті ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) қызметкердің отбасында дүниеге келген. Ұлты орыс. 1943 жылдан Коммунистік партия мүшесі. Білімі орта. Өскемен және Семей қалаларында қаржы органдарында аға инспектор қызметін атқарды.

1941 жылдың маусымынан Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1942 жылдың маусым айынан Ұлы Отан соғысында. Брянск, Солтүстік Кавказ, Воронеж, 1-ші Украина майдандарында болды.

Сержант Николай Фонов 30-шы атқыштар дивизиясы59-шы артиллериялық полк құрамында үлкен әскери жолдан өтті. Өз басынан қуанышты, жеңіс пен жеңілісті бәрін өткізді Соғыста бірнеше рет ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Сум облысының Ахтыр ауданының Карпиловка селосының маңында Николай Фонов ерен ерліктің үлгісін көрсетті. (Белгород-Харьков бағытындағы Румянцев стратегиялық шабуылы, Курск шайқасының соңғы этапы 1943 жыл.) Курск облысының Марьино селосында жаудың 2 ауыр, 4 орта салмақты танкісін, өздігінен жүретін зеңбірегі, станокты пулеметі, взвод әскері мен офицерін жойып жіберді.

Ол қызмет атқарған дивизия 1943 жылдың 27 тамызында Олешня-Чупаховка-Зеньков бағытында қарсы шабуылға шығып, Курск облысы Жигаловка селосында артиллериямен жаудың екі қорғаныс шебін бұзып өтті. Карпиловка селосында болған ұрыстарда сержант Николай Фоновтың расчеті жаудың 8 қарсы шабуылын тойтарып, 5 танкіні, 6 сүмбілі, 2 минометті және ротаға жуық неміс әскерін жойды. Днепрден өту кезінде Фоновтың зеңбірегі дәлдеп атып, жаудың 12 танкісін металл сынығына айналдырды.

Осы жасаған ерліктері үшін 24 желтоқсан 1943 жылы Николай Фоновқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп,   Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. (N4408). Қызыл Жұлдыз ордені мен бірнеше медальдармен марапатталды.

Ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, госпитальда ұзақ жатып емделген соң Семей қаласына оралды. Ауыр науқастан 1950 жылы 27 қарашада қайтыс болды.

Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Н. Я. Фонов туралы әдебиеттер  

Литература о Фонове Н. Я.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.785.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 265

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.

Черных С. Солдат күнделігі [Мәтін] / Черных С. // Коммунизм туы. - 1980. - 15 апр.- Б. 11

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Герой страны

 

 

 

Чернов А.И.

Чернов Алексей ИвановичЧернов Алексей Иванович (1924-1989) - Кеңес Одағының Батыры.

1-Украина майданының 13-армиясының Суворов дивизиясының 121-гвардиялық Гомель Қызыл Ту орденді 313-гвардиялық артиллериялық полкінің атқышы, гвардиялық ефрейтор.

Алексей  Иванович Чернов  1924 жылы 30 наурызда  Ақмола облысы, Балкашино ауданы, Балкашино селосында  туған.   Ұлты – орыс.  Білімі жетіжылдық.  Лениногорск (қазіргі Риддер) фабрика-зауыттық мектепті  бітірген соң  Белоусовка кентінде жұмыс істеген.  

1942 жылы тамыз айынан Қызыл Армия қатарына шақырылған.  Қосалқы   артиллериялық  полкте нысанашы мамандығын алды. 1943 жылдың ақпанынан қолданыстағы әскерде.  123-ші артиллериялық полктің  құрамында Курск иініндегі  ұрыстарға қатысты.  Осы ұрыста жараланды. Госпитальдан шыққан соң  313-ші  артиллериялық полкте  76-миллиметрлік сайманның нысанашысы қызметін атқарды. 1944 жылы  Коммунистік партия қатарына қабылданды.   1945 жылы 27 қаңтарда 121-ші атқыштар дивизиясы  Кебен селосының маңында Одера өзенінен өту операциясына қатысты.  Гвардия ефрейторы Черновтің  есебі  мен шабуылшы батальонның бірлесіп іс қимыл жасауының арқасында бірінші болып өзеннен өтті. Плацдармда Алексейдің  нысанашылары жаяу әскерді бірден-бір қорғаушы болды. Осы шайқаста ефрейтор Чернов  неміс әскерінің екі танкісін жағып, екі бронетранспортерді, алты автокөлікті, жеті пулеметшілер шоғырын, алпыс солдат пен  бірнеше офицерінің көзін құртты. Одер өзенінен өту кезінде ерекше ерліктің үлгісін көрсетті.

 КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен  1945 жылдың 10 сәуірінде әскери тапсырманы үздік орындап,  неміс басқыншыларына қарсы ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін Алексей Иванович Черновқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды (N8826).

Әскер қатарынан босаған соң Алексей Чернов Өскемен қаласына қайтып оралды. 1949 жылы Талғардың ауыл шаруашылық техникумін бітірді.  "Алтайсвинецстрой" трестісінде механик, профилактикалық шеберхананың, автокөлік жөндеуші  шеберхана  меңгерушісі, бас инженер қызметтерін атқарды.  1989 жылы  қайтыс болды.

Қызыл Жұлдыз ,  1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері мен бірнеше медальдармен марапатталған.

Өскемен қаласында батырдың есімімен көше бар

А. И. Чернов туралы әдебиеттер

Литература о А .И. Чернове

Кітаптар-Книги

 

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 722 – Т.2

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 367-368.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 122 с.

 Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

 

Мақалалар Статьи

Новиков, М. Назад ни шагу: [о Герое Советского Союза Чернове А. И.] / М. Новиков // Рудный Алтай. - 1964. - 14 марта.

Кокорин, Ф. Прямой наводкой: [о Герое Советского Союза А. И. Чернове] / Ф. Кокорин // Ленинская смена. - 1965. - 16 февр.

Новиков, М. Дорогами славы  [Текст] :  / М. Новиков // Рудный Алтай. - 1984. - 31 марта.

Обухов, В. По-гвардейски [Текст] :  / В. Обухов // Алтайский строитель. - 1984. - 31 марта.

Алексей Иванович Чернов: [некролог] // Рудный Алтай. - 1989. - 19 янв. - С. 3.Ершов А. Солдат, учитель, депутат [Текст] :/ А. Ершов // Заря Востока. - 2010. - 23 нояб. - С. 2.Щеглов В. Имени героя Чернова [Текст] / В. Щеглов // Усть-Каменогорск. - 2015. - 9 апр. - С. 5. Улицы имени Героев войны [Текст] : [улицы г. Усть-Каменогорска, названные Героями Советского Союза] // Рудный Алтай. - 2015. - 14 марта. - С. 4.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Чернов Алексей Иванович [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа   http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=7868 (24.11.2018)