Известные имена

Кеңес Одағының Батырлары

Будник Г.Д.

Budnik1Будник Гавриил Дмитриевич (1924-2001) - Кеңес Одағының Батыры.

Гавриил Дмитриевич Будник Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданының, Георгиевка ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Ұлты –украин. Білімі -аяқталмаған орта.

Ресей, Мәскеу облысы Лобня қаласы - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер. Соғысқа дейін Алматы облысы Ақсу ауданындағы ұжымшардың трактор бригадасында жұмыс істеді.

Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қыркүйегінде Алматы облысы Қапал аудандық әскери комиссариатымен шақырылған. 1943 жылдың наурызынан Орталық майдан 13-армия 8-атқыштар дивизиясы 151-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Днепр өзенінен өту кезінде үлкен ерлік көрсеткен. 1943 жылы 24 қыркүйекке қараған түні бір топ жауынгер Киев облысы Чернобыл ауданы Карпиловка селосы тұсындағы Припять өзенінің батыс жағалауын барлауға жіберіледі. Жауынгерлер мінген қайықты немістер байқап қойып, артиллериядан оқ жаудырып, суға батырып жібереді. Жауынгерлер түгелдей қаза табады. Ал қызыләскер Будник контузия алып, жарылыстан суға лақтырылады. Қайықтың сынығына жармасып арғы жағаға жүзіп шығады. Оның шығыс жағалауға жүзіп шығуына да болатын еді, онда командир бұйрығы орындалмайды. Сондықтан Будник жау орналасқан жағалауға бет алады. Қараңғыда жағаға шығып, орын теуіп, қалтарысқа тығылады. Қыркүйектің мұздай суық суынан шыққаннан күні бойы қалың жаңбыр астында аш күйінде жауды бақылауға алады. Жау позицияларының орналасқан жерін байқайды. Қараңғы түсісімен 25 қыркүйекке қараған түні байқатпай кері жағаға шығып, өз әскеріне қосылады. Барлаушының әкелген баға жетпес мәліметтері Припять өзенінен өту үшін аса маңызды еді. Ол туралы жедел корпус командирі И.И. Людниковқа баяндалады. Өзеннен өту кезінде Будниктің әкелген мәліметі бойынша қимылдар жасалып, талай жауынгердің өмірі сақталды. Неміс басқыншыларымен күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 1943 жылы 16 қазанда қызыләскер Будник Гаврил Дмитриевичке КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы бойынша Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Орақ пен балға» алтын медалі қоса тапсырылды.

1945 жылы әскер қатарынан босаған соң, Киев авиациялық училищесіне оқуға түсті. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақ КСР-інің ІІМ жұмыс істеді (Ақтөбе қаласы).

Аса маңызды әскери нысандарды, арнайы жүктерді (атом саласының нысандарын) күзететін әскери бөлімшеде істейді. 1972 жылдан запаста. 1973 жылдан Мәскеу облысы Лобня қаласында тұрған. Шереметьево аэропортында әуе қозғалыстарын басқаратын жүйеде оператор болып істеген.
2001 жыл 14 тамызда қайтыс болған. Лобня қаласындағы Киово зиратына жерленген.
1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Лобня қаласының Құрметті азаматы. Лобня қаласындағы № 8 орта мектепке Кеңес Одағының Батыры Г. Д. Будниктің аты берілген. Г.Д. Будник тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылған.

Г. Д. Будник туралы әдебиеттер

Литература о Г. Д. Будник 

 

 Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.19.

 

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

 

***

 

Герои Советского Союза - семипалатинцы [Текст]. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.

 

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

 

Будник Гавриил Дмитриевич [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=13922 (23.01.2019)

 

Легенды Казахстана —  Будник  Гавриил Дмитриевич [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : https://ksors.kz/2018/08/22/%D0%BB%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%8B-%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0-%D0%B3%D0%B0%D0%B2%D1%80%D0%B8%D0%B8%D0%BB-%D0%B4%D0%BC%D0%B8%D1%82%D1%80%D0%B8%D0%B5%D0%B2/ (23.01.2019)

Бунтовских В.В.

Бунтовских Василий Васильевич Бунтовских Василий Васильевич (1921- 1945) - Кеңес Одағының Батыры.

Воронеж майданы 38-Армия, 180-атқыштар дивизиясы, 33-жеке саперлар батальоны  взвод командирі, аға лейтенант.

1921 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарственное (қазіргі Барақ батыр) ауылында туған. 1940 жылы Семей педагогикалық училищесін бітірген соң Шығыс Қазақстан облысының Қызыл Партизан ауылына мектеп директоры етіп тағайындалады. Сол жылы әскер қатарына шақырылады.1-Мәскеу атқыштар дивизиясы 22-инженерлік батальонда қызмет етеді.

Соғыстың бірінші күнінен бастап майданда болған. Саперлар взводының командирі ретінде Батыс,Воронеж, 3-ші, 4-ші Украина майдандарына қатысқан. Мыңдаған шақырым жол жүріп, үлкенді-кішілі ондаған өзендерге өткел салып, жол ашқан.

Ингулец және Оңтүстік  Буг, Днестр и Прут, Тисса және Дунай – міне сапер Василий Бунтовскихтің жүріп өткен жолдары.

Днепр (Чернигов-Припять операциясы, 1943 ж.) өзенінен өту кезінде көзге түскен. 33-ші жеке саперлар батальонының взвод командирі (Воронеж майданы 38-Армия, 180-атқыштар дивизиясы) лейтенант Бунтовских 28 қыркүйектен 5 қазан аралығында Днепр өзенінен өтетін өткелде жұмыс істеген (Сваромье селосы Вышгородауданы Киев облысы). Қарша бораған оқ астында қайық пен қолдан жасаған суға батпайдын құралдармен 2 бірдей атқыштар батальонын, 2 артиллерия дивизиясын өткелден өткізген.

Кеңес Одағының Батыры атағы Василий Бунтовскихке 1944 жылы 10 қаңтарда берілді. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапаталған.

1944 жылдың қараша айында Бунтовских алғашқылардың бірі болып Дунай өзенінен өтіп, өткел жұмысын жолға қояды. 26 желтоқсанда Будапешт біздің әскерлердің қоршауында қалып, 1945 жылдың 13 ақпанында кескілескен шайқастан соң қала советтердің қолына көшеді. Неміс әскерлерінің аз тобы ғана қоршаудан шығып  қашып кетеді. Осы ауыр шайқаста В.Бунтовских ерлікпен қаза табады. 1945 жылы 19 ақпан күні В.Бунтовских Будапешттің Орталық офицерлер зиратына жерленеді. Зираттағы ескерткіште «Бұл жерде Кеңес Одағының Батыры аға лейтенант Василий Василиевич Бунтовских  жерленген. 1921 жылы туған. Будапешт қаласын неміс фашистерінен азат ету жолында қаза тапқан» - деп жазылған. Батыр атында мектеп, Күршім, Барақ батыр ауылында көше бар.

В. В. Бунтовских туралы әдебиеттер

Литература о В. В. Бунтовских 

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.53

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.285

Мақалалар - Статьи

Пудов И. Біздің Василий Бунтовских осындай еді [Мәтін] / Пудов И. // Коммунистік еңбек. - 1971. -  14 октябрь

Мұхаметжанов, Абзалбек. Отан үшін от кешкен хас батырлар [Мәтін] : [даңқты  батыр, жерлестеріміз жайлы естеліктер] / А. Мұхаметжанов  // Рауан. - 2010. - 1 мамыр.- Б.2

Интернет-ресурстар

Интернет рерурсы

Бунтовских Василий Васильевич [Электронный ресурс]  // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=6770 (дата обращения: 13.01.2026)

Биографии Героев и писателей СССР

Ветеран ВКО

Бурнашов А.А.

Бурнашов Александр Анфиногенович Бурнашов Александр Анфиногенович (1914-1974) - Кеңес Одағының Батыры.

1- Белоруссия майданы 3-армиясының  129-атқыштар дивизиясының 457-атқыштар полкының зеңбірек командирі, аға сержант.

1914 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян (казіргі Алтай) қаласында дүниеге келген. Білімі - бастауыш.

Мектептен кейін колхозда жұмыс істеп, соңынан Зырян кен басқармасында электрмонтажшы болды. 1936 жылдың қаңтар айында Қиыр Шығыста әскери міндетін өтеді. Хасан көліндегі ұрыстарға қатысқан. А.Бурнашов әскерден кейін Зырянға келіп кен қазушы болып жұмыс  істеді.

1941 жылы желтоқсанда  Александр Бурнашов армияға шақырылып, кіші командирлер мектебіне оқуға жіберілген. 1942 жылдың жазынан бастап 457-атқыштар полкының зеңбірек командирі Брянск және 2-Белоруссия майданында жаумен шайқасқа қатысты. "За боевые заслуги" медалімен марапатталған.

Белоруссияның  Багратион" (Бобруйск операциясы, 1944 ж.) шабуылында ерекше көзге түсті. 1944 жылы маусымда Бобруйск бағытында жаумен қиян-кескі ұрыс басталды. 1944 жылы 29 маусымда аға сержант Бурнашов Шатково деревнясы маңында Березина өзені жағалауындағы  плацдармды қорғап, шабуылға шыққан жаумен  батареяда бірінші болып қарсы шайқасты. Жауынгерлік топты жоғалтқанмен, жалғыз өзі ұрысты жалғады. Ол 4 зеңбірек, 5 автомашина,  көптеген жау әскерін жойды. Осы ұрыста аға сержант қатты жараланды. 1944 жылы 25 қыркүйекте Александр Анфиногенович Бурнашовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін А.А.Бурнашов туған жеріне оралды. Байыту фабрикасында жұмыс істеді. Кейінгі жылдары Александр Анфиногенович Қырым облысы Бахшасарай ауданының Угловое селосында тұрды. Ленин ордені және медальдармен марапатталған.  1974 жылы 18 желтоқсанда қайтыс болды. Зырян қаласында батыр тұрған үйде мемориалды тақта орнатылған, бульвар Батыр есімімен аталады.  

А. А. Бурнашов туралы әдебиеттер
Литература о А. А. Бурнашове А. А.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.286.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін]: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.57.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Бурнашов А. А. [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=10926 (27.01.2019)

 

Бурлаченко С.Ф.

byrlachenkoБурлаченко Степан Филиппович (1914-1989) - Кеңес Одағының Батыры.

1914 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Ново-Шульба ауданының Алексеевка ауылында кедей шаруа отбасында туған. КПСС мүшесі. Ауыл мектебін бітіреді. Темір ұстасы, жүргізуші болып істейді. Қызыл Әскер қатарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылады. Батыс, Сталинград, 1-Белорус майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. 1943 жылы екі рет жараланады. Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен наградталған. Біздің жерлесіміз Сталинград іргесінен Одерге дейінгі даңқты да ұзақ соғыс жолынан өтті.

1945 жылдың басында поляк жерінде кескілескен ұрыстар болып жатты. Неміс-фашист командованиесі совет әскерлерінің фашистік рейхқа баратын жолындағы соңғы бөгет - Польшадан айрылып қалудан қорықты. Генерал-полковник Богдановтың 2-гвардияшы танк армиясы әскерлерінің алдында Груец, Жирардув, Сохачев қалаларын алу, сөйтіп шегініп бара жатқан жаудың Варшавадағы тобының шегінетін жолын кесіп тастау міндеті тұрды.

47-Қызыл Тулы Суворов орденді гвардияшы Умань танк бригадасының танкистері қатты ұрыстарда дұшпанның қасарысқан қарсыласуын қирата отырып, Груец қаласын алды да шегініп бара жатқан жауды өкшелей қуып, Жирардув ірі тіректі пунктіне жетті. Қала күшті бекінгендіктен оны бірден шабуыл жасап алу қиынға соқты.

1945 жылғы 16 қаңтарда таң ата ішінде жүргізуші-механик Бурлаченконың машинасы бар «Т-34» танктер тобы қалаға кіретін жолдарды барлап, қаланың батыс жақ шетіне кіріп, жаяу әскер бөлімдері келгенше сол арада бекінуге бұйрық алды.

Танкистер қалаға таяп қалған кезде ұзақ уақытқа арналып салынған бекіністе отырып алған дұшпан артиллериядан нөсерлете оқ жаудырды. Қаланың шет жағында қызу шайқас басталды. Ұрыс қыза түскен кезде танк командирі оққа ұшты. Бірнеше танк істен шықты. Жағдай қиындай түсті.

Танкті басқаруды Бурлаченко өз қолына алды. Қазақстандық жауынгер шеберлікпен басқарған қуатты машина шынжыр табанымен зеңбіректерді, минометтер мен пулемет ұяларын жаныштап, фашистердің арасында үрей тудырып, зәрелерін ұшырды. Бурлаченконың танкісі қалаға басып кірді де оның орталық көшесімен жүріп, жолында кездескеннің бәрін басып-жаншып отырды. Гитлершілердің үрейі ұшып қаша жөнелді. Бурлаченко өзінің машинасын батылдықпен гитлершілердің соғыс техникасы мен ат-арба колоннасына қарай тура бағыттады. Колоннаның ойран-топыры шықты. Осы ұрыста батыр танкист жаудың 5 зеңбірегін, 4 минометін, 6 гранатометчигін, 12 автомашинасын, 20 ат-арбасын, 70-тен аса гитлершіні жойды. Оның ер жүректілігі мен тапқырлығы арқасында жауынгерлік тапсырма орындалды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығы бойынша осы ұрыстағы батырлығы мен тапқырлығы үшін гвардия кіші сержанты С. Ф. Бурлаченкога Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сонымен бірге, Ленин ордені, Қызыл Жұлдыз медалі, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Степан Филиппович жаумен шайқаса отырып, Берлинге жетті. Соғыстан кейін бейбіт еңбекке оралды. Семей қаласындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) № 6 автобазада жүргізуші болып жұмыс істеді.

1989 жылы 22 наурызда қайтыс болды.

С. Ф. Бурлыченко  туралы әдебиеттер

Литература о С. Ф. Бурлыченко

 

Совет Одағының қазақстандық батырлары. Т 1.- Алматы "Қазақстан" 1969. - Б. 265-266

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Бурлыченко Степан Филиппович: б. 286.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза - семипалатинцы. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.

 

 Мақалалар –статьи

 

Бурлаченко С.Ф. Некролог // Иртыш.- 1989.- 27 марта.- с. 4.

 Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

 

Бурлыченко С. Ф. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – Режим http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=22488 (03.01.2019)

Бурлыченко С. Ф. [Электронный ресурс] : [биография] // Подвиг народа : сайт. – Режим http://podvignaroda.ru/?#tab=navResult (03.01.2019)

 

Буторин В.В.

Butorin ViktVasilБуторин Виктор Васильевич (1898-1974) - Кеңес Одағының Батыры.

1898 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Гвардия аға сержанты.

1918-24 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. Әскер қатарынан босаған соң Буторин тұтынушылар кооперативінде жұмыс істеді. 1941 жылдың қараша айында майданға шақырту алды. 16-гвардиялық кавалериялық дивизия құрамында Сталинград, Орталық майдандарында шайқасты. Үш рет жараланған. «Қызыл Ту» орденімен, «Ерлігі үшін», «Сталинградты қоғағаны үшін» медалдарымен марапатталған.

Кавалерист Буторин азамат соғысына қатысып, шираған еді. Сталинград майданына тәжірибелі, шыныққан жауынгер болып келді. Бірде взвод командирі Буторин жау тылына өтіп, олардың жолын қию туралы тапсырма алды. Взвод жол қиылысынан өтіп, тасада тығылып отырады. Көп кешікпей жаймашуақ келе жатқан бір топ гитлершілдер көрінеді. Буториннің командасымен жауынгерлер жауды тылынан тап береді. Күтпеген жерден шыға келген салт аттыларды көріп немістер бытырай қашады. Қалай қашса да оларды өткір қылыштың жүзі құтқармады.

Гвардия сержанты Буторин 1943 жылдың жазы мен күзінде талай қан майданға қатысты. Оның әскери даңқы артып, беки түсті. Виктор Васильевичті үнемі жауапты да қауіпті тапсырмаларға жіберіп отырды. 1943 жылдың күзінде Орталық майданның сол қанатының жауынгерлері 19 қыркүйекке қараған түнде Десна өзенінен өтіп, Черниговқа таяу жерде ұрысқа кірді. Жау қаланы бермеуге бар күшін салды. Жау авиациясы топтала отырып, біздің шабуылдаушы бөлімдерді бомбының астына алды. Чернигов үшін күресте 16-гв. кавалерия дивизиясының 62-гвардиялық кавалерия полкінің аға сержанты Буторин ерекше көзге түсті. Шабуылдаушы топпен бірге алға ұмтылған взвод жаудың миномет пен пулеметтен оқ жаудырған үлкен тосқауылына тап болды. Жаудың өзі жүретін «фердинанд» пушкасы жақын жерден толассыз оқ боратып, біздің бөлімдердің қозғалысын тоқтатып тастады. Әр минут сайын жағдай ушыға түсті. Тәжірибелі жауынгер Буторин дауылдай бұрқыраған оқ астында қалу мүмкін еместігін түсінді.

-Гвардияшылар алға!- деп ұран тастай, өзгелерге ержүректілік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетіп, бірінші болып орнынан көтерілді де, екпіндей келіп неміс окоптарына жетті. Жауынгерлер ұйымшылдықпен атакаға көтеріліп, алдыңғы траншеядағы дұшпандарды қуып шықты. Ұрыс кезінде Буторин жарақат алса да майдан алаңын тастап кетпеді. Жауынгерлердің алдында немістердің тірек бекінісіне айналған «1 Май» совхозы тұр еді. Буторин взводын шабуылға көтерді. Екі рет жарақат алғанына қарамастан совхозға Буторин бірінші болып кірді. Зәресі ұшқан немістер қырылған әскерлер мен офицерлерінің өліктерін тастай қашты. Осы күні, 21 қыркүйекте дивизия жауынгерлері Украинаның облыс орталығы – Черниговты фашистерден азат етті. 16-гвардиялық кавалериялық дивизияға Чернигов аты берілді.

Отан үшін күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 15 қаңтарда гвардия аға сержанты В.В.Буторинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін лейтенант В.В. Буторин запасқа шықты. Киев қаласында тұрып, жұмыс істеді. 

1974 жылы 7 наурызда Киев қаласында қайтыс болды. Киевте Лукьянов әскери зиратында жерленген.

В. В. Буториннің аты мемориалдық тақталарда, Башқұртстан Республикасының Ұлттық мұражайында (Уфа қаласы, Советская көшесі, 14) және Башқұрт кавалерия дивизиясының 112-ші (16-шы гвардиялық) мұражайында (Уфа қаласы, Левитан көшесі, 27) орнатылған. Кеңес Одағының барлық 78 Батыры 112-ші башқұрт (16-шы гвардиялық Чернигов) кавалерия дивизиясының есімдерімен бірге алтын әріптермен қашалған.

В. В. Буторин туралы әдебиеттер

Литература о В. В. Буторине

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.286-287.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С. 22.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 161-162.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 225 – Т.1

 

Интернет-ресурстар

Интернет ресурсы

Герои страны 

Интересные истории об известных личностях, биографии