Известные имена

Геологтар

Бубличенко Н. Л.

78

Бубличенко Н. Л. (1899-1990 жж.) – геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор (1940), Қаз КСР ҒА корреспондент-мүшесі (1958), Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

1899 жылы 9 қазанда Харьков қаласында медицина қызметкері отбасында дүниеге келген. 1924 жылы Ленинград тау-кен институтын (қазіргі Санкт-Петербург тау-кен университеті) бітірген. Алтайда, Қаратауда және Балқашта геолог болып жұмыс істейді. 1939-1950 жылдары - Қазақ КСР ҒА Геология секторының бас қызметкері, 1951-1969 жылдары - Өскемен қаласының Алтай тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1963-1973 жылдары - Қазақстан Геология институтының Алтай бөлімінің ғылыми жетекшісі; 1973-1982 жылдары - осы институттың ғылыми қызметкері әрі кеңесшісі болған.

Палеозойдың стратиграфиясы мен палеонтологиясы бойынша ғылыми еңбектер жазған. Қазақстан аумағында төмен-жоғарғы девонның, ал Кузбасста — жоғарғы силурдың шөгінділері бар екенін бірінші болып дәлелдеген.

2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

1990 жылы 2 шілдеде Ленинград қаласында (қазіргі Санкт-Петербург) қайтыс болған.

 

Н. Л. Бубличенконың ғылыми еңбектері 

Научные труды Бубличенко Н. Л.

 

Бубличенко, Н. Л. Брахноноды нижнего карбона Рудного Алтая (тарханская свита) [Текст] / Н. Л. Бубличенко. – Алма-Ата, 1971.

Бубличенко, Н. Л Принципы и методы прогнозирования медно-колчеданного полиметаллического оруденения, [Текст] / Н. Л. Бубличенко. - Москва, 1972.

Бубличенко, Н. Л. Брахноподы среднего и верхнего девона Рудного Алтая, [Текст] / Н. Л. Бубличенко. – Алма-Ата, 1974.

Бубличенко, Н. Л Геологическая изученность СССР, [Текст] / Н. Л. Бубличенко. - Москва, 1983.

 

 Н. Л. Бубличенко туралы әдебиет

Литература о Н. Л. Бубличенко

 

Бубличенко, Николай Лазаревич // Казахстан. Национальная энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. - Т. I. 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бубличенко Николай Лазаревич: б. 284.

Беспаев Х. А.

bespaev

Беспаев Х. А. (1933) – кеңес және қазақ геологиялық-геохимигі, геология-минералдық ғылымдарының докторы (1985), профессор (1994).

1933 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауылында дүниеге келген.

1955 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын (Қазіргі ҚазҰТУ) тәмамдайды. 1955-1957 жылдары – «Казолово» кен басқармасының аға геологы, 1957-1964 жылдары - Алтай тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Алтай бөлімі, Өскемен қаласы) ғылыми қызметкері, 1964-1971 жылдары - бөлімнің ғылыми хатшысы, академик-хатшының орынбасары, төрағаның орынбасары, Қазақстан ҒА Төралқасының ғылыми хатшысы болған. 1971-1995 жылдары зертхана меңгерушісі, 1995 жылдан Геология ғылымдары институтының директоры.

Негізгі ғылыми еңбектері кен орындарының геохимиясына арналған. Кен орындарының пайда болуының геологиялық жағдайларын, кен элементтерінің таралу заңдылықтарын зерттеген. Риддер-Соколов кен орнында алтын кен орнын ашып, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізген (1997).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1995)

 Х. А. Беспаевтың ғылыми еңбектері 

Научные труды Х. А. Беспаева

 

Беспаев, Х.А. Геохимическая эволюция магматических формации Рудного Алтая, Проблемы петрологии Казахстана, т. 2, [Текст] / Х.А. Беспаев. – Алма-Ата, 1975

Беспаев, Х.А. Колчеданно-полиметаллические месторождения Прииртышского района, [Текст] / Х.А. Беспаев. – Алма-Ата, 1988 (соавт.).

 Х. А. Беспаев туралы әдебиет

Литература о Х.А. Беспаеве

 

Беспаев, Халел Абдулхакович // Казахстан. Национальная энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004.- Т. I. 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Беспаев Халел: б. 270.

Щерба Г. Н.

hserba g a

Щерба Григорий Никифорович (1914-2001) – геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі

1914 жылы 30 қарашада Хмельницкий облысы (Украина) Книжковцы селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 16 жасында Әулиеатада (қазір Тараз қаласы) Қазақ геология тресінде коллектор болып бастады. 1934-1937 жж. Алматыда Қазақ тау-металлургия институтында оқи жүріп, Шығыс Қазақстан облысы Қайыңды, Көккөл геология-барлау партиясында коллектор кейін КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалында прораб және кіші ғылыми қызметкер болады.

1937-1948 жж. болашақ ғалым «Казцветметразведка» тресінде инженер болады. 1948-1955 жж. – Қаз ССР Ғылым Академиясының Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология институтында ғылыми қызметкер, 1955-1958 жж. – сирек металдар секторының меңгерушісі, 1982-1987 жж. – бөлім басшысы, 1987-2001 жж. – Қазақстан ҰҒА Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті.

Ғалым 1958 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды.

1961 жылы ғылыми қызметі үшін Г.Н.Щербаға профессор және Қаз ССР ғылымына еңбек сіңірген ғалым атағы берілді. 1970 жылы Қаз ССР ҒА мүше-корреспонденті, ал, 1972 жылы – академик атағын иеленді.

Ғалым 6 ғылым докторы, 30 ғылым кандидатын тәрбиелеп шығарды. Ол Орталық Қазақстан және Қалба-Нарым өңірінің сирек металлогениясы, гранит петрологиясы тақырыптары бойынша 330-дан аса ғылыми публикация авторы. Ғылыми публикациялары еліміз және шетелдерде жоғары бағаға ие болды. Орталық Қазақстанның алғашқы болжамды металлогениялық картасының бірлескен авторы. Олар жер қыртысының сатылы дамуы туралы ғылыми негіздеме жасап, оннан аса жаңа кен орындарын (Успенск, Шу-Іле, Жарма-Сауыр т.б.) ашты. Г.Н.Щерба көптеген халықаралық геологиялық конгресс, симпозиум, жиындарға қатысқан.

Табысты ғылыми еңбегі және ғылым кадрларын дайындап шығарғаны үшін Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет белгісі», «Түсті металдар үздігі» медаль-төсбелгілері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталды.

Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958), Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1985). Қазақ ССР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.

2001 жылы 12 желтоқсанда қайтыс болды.

 

Г. Н. Щербаның ғылыми еңбектері

Научные труды Г. Н. Щербы

 

Щерба, Г. Н. Геология Нарымского массива гранитоидов на Южном Алтае [Текст] / Г.Н Щерба. - А-А : Изд-во АН Казахской ССР, 1957. - 214 с

Щерба, Г. Н. Формирование редкометальных месторождений Центрального Казахстана [Текст] / Г. Н.   Щерба ; Академия наук Казахской ССР, Институт геологических наук. - Алма-Ата : Наука Казахской ССР, 1960. - 379   с

Щерба, Г. Н. Редкометальное оруденение в Казахстане [Текст] / Г. Н. Щерба // Проблемы геологии Казахстана. - Алма-Ата : Наука, 1968. - С. 182

Щерба, Г. Н. Геотектоногены и рудные пояса [Текст] : (по материалам Казахстана) / Г. Н. Щерба. - Алма-Ата : Наука, 1970. - 182 с.

Щерба, Г. Н. Жарма-Саурский геотектоген [Текст] / Г. Н. Щерба, Б. А. Дьячков, Г. П. Нахтигаль. - Алма-Ата : Наука, 1976. - 199 с.

Щерба, Г. Н. Металлогения Рудного Алтая и Калбы [Текст] / Щерба, Г. Н., Дьячков Б.А., Нахтигаль Г.П. - Алма-Ата : Наука, 1984. - 240 с.

Гранитоидные и рудные формации Калба-Нарымского пояса [Текст] : (Рудный Алтай) / Дьячков Б.А. [и др.]. - Алматы : Гылым, 1994. - 207 с.

 

Щерба Г. Н. туралы әдебиеттер

Литература о Щербе Г. Н.

 

Казахстан : национальная энциклопедия [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2006.

Т. 5: С - Я. – 558 с. – Щерба Г. Н.: с. 452 - 453.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

 

Григорий Никифорович Щерба [Электронный ресурс] : [библиография ученых Казахстана] /Казахская национальная электронная библиотека : сайт. – Режим доступа : http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1155339&locale=ru (10.01.2019)

Щерба Г. Н. [Электронный ресурс] : [к 100-летию ученого] / Официальный сайт национальной библиотеки РК : сайт. - Режим доступа :https://nlrk.kz/page.php/www.goethe.de/admin/upload/files/admin/upload/files/page.php?page_id=23&lang=1&news_id=2761 (10.0.2019)

Щерба Григорий Никифорович – геолог с большой буквы [Электронный ресурс] / Иформационно-аналитический портал недропользования Казахстана : сайт. – Режим доступа : http://infonedra.kz/knizhnaya-polka/item/shcherba-grigorij-nikiforovich-geolog-s-bolshoj-bukvy (10.01.2019)

Щерба Григорий Никифорович [Электронный ресурс] : [творческая и служебная деятельность] / Официальный сайт «Ғылым ордасы». – Режим доступа : http://www.gylymordasy.kz/2018/07/10/%D1%82%D0%B2%D0%BE%D1%80%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F-%D0%B8-%D1%81%D0%BB%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%B1%D0%BD%D0%B0%D1%8F-%D0%B4%D0%B5%D1%8F%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8C/ (10.01.2019

Адрышев А. К.

1234

Адрышев Айтқазы Қалиолдаұлы (1942) - техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының және Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.

Адрышев Айтқазы Қалиолдаұлы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің тау-кен металлургия факультетінің деканы.

Профессор Адрышев Айтқазы Қалиолдаұлы 1942 жылы 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Камышенка ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Серебрянск қаласындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, ВЛКСМ жолдамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма ГЭС Бүкілодақтық комсомол құрылысына жіберілді, ол жерден 1962 жылдың қазан айында Кеңес Әскері қатарына шақырылады. 1964 жылы Өскемен Жол-құрылыс институтының 1 курсына оқуға түсіп, оны 1969 жылы бітіріп, осы оқу орнының жолдамасы бойынша еңбекті қорғау кафедрасының ассистенті болып қалады. 1972 жылы Қазақ политехникалық институтының (қаз.ПТИ) пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің технологиясы және кешенді механикаландыру кафедрасына оқуға түсіп, оны 1975 жылы қорғауға диссертациясын ұсынумен аяқтады. Осы уақытта аталған кафедраның кіші ғылыми қызметкері қызметін қоса атқарады. Кандидаттық диссертацияны қорғау 1976 жылы Мәскеу тау-кен институтының Мамандандырылған Кеңесінде өтті. Аспирантураны бітірген соң, ЖҚИ-ға оралып, 1996 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) болып қайта құрылған осы ЖОО-ның аға оқытушысы, доценті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. 2000 жылдың наурыз айынан бастап жаңадан құрылған Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жанындағы тау-кен металлургия институтын басқарады. А. К. Адрышевке 1982 жылы доцент ғылыми атағы, 1997 жылы - Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ профессоры академиялық атағы берілді.

1999 жылы 11.00.11 – «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2000 жылы ҚР ЖАК профессор ғылыми атағын берді. Ол ҚР минералды ресурстар академиясы мен ҚР Жаратылыстану Ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. А. К. Адрышев тау-кен өнеркәсібінде, түсті металлургияда, құрылыс материалдары өнеркәсібінде еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетекші ғалымдардың бірі болып табылады. Ол қазақстандық инженер-экологтар мектебінің қалыптасуы мен дамуына, еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мен сауықтырылуына елеулі үлес қосты. Минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу саласында қоршаған ортаны қорғаудың және еңбек қауіпсіздігінің инженерлік әдістері мәселелерімен 30 жылға жуық жұмыс істейді. Ол тау-кен өнеркәсібіндегі ұнтақтау-сұрыптау және байыту кешендерінің аспирациялық және желдету жүйелерінің теориялық негіздері мен есептеу, жобалау және қайта құру әдістемесін әзірледі және енгізді; қорғасын-мырыш өндірісінің құрамында күшала бар қалдықтарын, титан-магний өндірісінің шлам жинағыштарының қалдықтарын қайта өңдеу және залалсыздандыру тәсілдерін жасады. Оның ғылыми басшылығымен түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілері орналасқан аудандардағы қоршаған ортаның жай-күйін кешенді бағалау әдістері әзірленіп, енгізілді. 133 ғылыми жұмыстың авторы. Шетелде басылымдары бар. Көптеген Бүкілодақтық және халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы.

 

А. К. Адрышевтің монографиялары

Монографии А. К. Адрышева

 

Адрышев, А. К. Актуальные проблемы экологической безопасности и пути их решения в Казахстане / А. К. Адрышев. - Усть-Каменогорск : ВКГТУ, 2008. - 515 с.

Инновационные разработки для горно-металлургической промышленности : сборник научных трудов / Министерство индустрии и торговли РК, РГП "Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья РК", ВНИИцветмет. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2008. - 174 с

Золотой фонд доктора наук и профессора университета / Министерство образования и науки Республики Казахстан, Восточно-Казахстанский технический университет им. Д. Серикбаева. - Усть-Каменогорск : ВКГТУ, 2008. - 240 с.

Адрышев А. К., Исследование новых наноструктурированных комплексных сорбентов для очистки сточных вод предприятий металлообрабатывающей промышленности [Text] / Адрышев А. К. Серая Н. В., Хайруллина А. А. // Қазақстан Респ. Ұлттық инженерлік академиясының Хабаршысы= Вестник Нац. инженерной академии РК. - 2015. - № 3(57). - С. 64-69.

 

А. К. Адрышевтің мерзімді басылымдағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях А. К. Адрышева

 

Адрышев, А.Кафедра расширяет деятельность : [О работе лабораторий охраны окружающей среды и труда УКСДИ] / А. Адрышев - Текст // Рудный Алтай. - 1995. - 18 июля.

Адрышев, А. К. Горно-металлургический институт живет и развивается : [В марте 2000 года в составе ВКТУ им. Д.Серикбаева организован горно-металлургический институт] / А.К. Адрышев - Текст // Вестник Восточно-Казахстанского технического университета. - 2000. - №3. - С. 11-12.

 

А. К. Адрышев туралы әдебиет 

Литература об А. К. Адрышеве

 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Адрышев А. К.: б. 137.

Маутканов, Г. Айтказы Адрышев: "Я не боюсь календаря" : [Директору горно-металлургического института государственного технического университета им.Д.Серикбаева исполняется 60 лет] / Г. Маутканов - Текст // Рудный Алтай. - 2002. - 12 сент. - С. 3.

Жилинский Г. Б.

zhilinskii b gЖилинский Герман Борисович (1914 – 1990 жж.) – геолог, кеңес ғалымы, геология-минералогия ғылымдарының докторы.

Борис Жилинский 1914 жылы Семей қаласында қызметкер отбасында туды. Әкесі Борис Дмитриевич – жер бөлімінде, анасы Агния Викторовна мұғалім болып қазмет істеген .

1931 жылы Семейдегі онжылдық мектепті бітіріп, қонстандырушы –топограф мамандығын алды. Мамандығы бойынша қазақ жерге орналастыру тресінде қызмет істеді. Тарбағатай экспедициясы кезінде қатты науқасқа шалдыққанына қарамастан геолог мамандығын игеруді шешті.

1932 жылы Қазақ тау –кен институтына оқуға түсіп, 1937 жылы «геология және гидрогеология» мамандығын алып шықты. 1937-1938 жылы (кей деректерде 1938-1939) Түрксиб жобалау Басқармасында инженер – іздеуші, 1938-1950 ж. Чукоткада геолог болып қызмет етті. Осы кезеңде алтын, қалайы, сирек металдардың 24 кен орнын ашты. Чукотканың алтын қорының болашағын, әлеуетін болжап бағалаған.  

1940 жылы Анадырь өзенінің жолы қиын жоғарғы ағысын зерттеп, алғашқы геологиялық- барлау түсірілімдерін жасаған. Кәсіби маман ретінде қатардағы қызметкерден бас геолог, «Чукотстрой» басқарма бастығы орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

1941-1942 жылдардағы жемісті еңбек нәтижесі - Чаунский ауданында аса ірі алтын кенін тауып, Чукотканың алтын қорын анықтағаны үшін 1943 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Б. Желинскийдің жасаған іздестіру жұмыстарының техникалық жобасы 1949-1951 жылдары жүзеге асырылды.

1951- 1975 жылдары отбасы жағдайына байланысты Қазақстанға қоныс аударып, геология ғылымдары институтында қызмет істеп, қазақтың атақты ғалымы, академик Қаныш Сәтбаевтың көмекшісі болды. Институтта ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, 1964-1966 ж. Қазақстан ҒА Президиумының академик-хатшысы міндетін атқарды.

1965 жылы институтта эксперименттік минералогияның заманауи жабдықталған бөлімін ашты. Металлогения және геохимия саласындағы шашыраңқы элеметтердің ғылыми проблемаларын шешуге, кенжаралу процестерін зерттеуге қатысты. Еңбекшілер депутаттары Алматы қалалық Кеңесі 10 шақырылымының депутаты.

1975—1979 жылдары СССР Ғылым Академиясы геология ғылымдары институтының Сібір бөлімшесі Саха филиалының меңгерушісі, 1976-1979 ж. Саха мемлекеттік университетінің профессоры, 1979- 1985 ж. Хабаровск политехникалық институтының Магадан филиалының ғылыми қызметкері қызметтерін атқарды. Магадан облыстық бейбітшілікті қорғау Комитетінің төрағасы қызметіне сайланған, облыстық «Білім» қоғамының мүшесі.

1985 ж. Алматы қаласына оралып, 1990 жылға дейін ҚР ҒА геология институтының ғылыми кеңесшісі қызметінде болып, экспериментальдық лабораторияны басқарды. 1990 жылы 15 шілдеде қайтыс болды.

 

Г. Б. Жилинскийдің ғылыми еңбектері

Научные труды Г. Б. Жилинского

 Кітаптар – Книги

 

Жилинский, Г. Б. Поиски россыпных месторождений титана [Текст] / Г. Б. Жилинский. - Алма-Ата, 1954.- 27 с

Жилинский Г. Б. Типоморфные особенности касситеритов Центрального Казахстана .- Алма-Ата, 1955.- 55 с.

Жилинский, Г. Б. Оловоносность Центрального Казахстана [Текст] : оловоносные формации и их место в общей металлогении региона / Г. Б. Жилинский. - Академия наук Казахской ССР. - Алма-Ата : Изд-во Академии наук Казахской ССР, 1959. - 212 с .

Жилинский, Г. Б. Геологическая наука - народному хозяйству [Текст] / Г. Б. Жилинский // Октябрь и наука Казахстана.- Алма- Ата,1967.- С.117-122,127

Жилинский, Г. Б. Искусственные минералы [Текст] / Г. Б. Жилинский, Р. Г. Жилинский. - Алма-Ата : Казахстан, 1976. - 80 с.

Жилинский, Г. Б., Жилинский, Р. Г. Искусственные минералы [Текст] / Г. Б. Жилинский, Р. Г. Жилинский. - Алматы, 1976.- 78 с.

 

            Г. Б. Жилинскийдың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Г. Б. Жилинского в периодических изданиях и сборниках

 

Жилинский, Г. Б. Металлогенические исследования казахстанских геологов [Текст] / Г. Б. Жилинский // Вестн. АН Каз.ССР.- 1960.- N 10.- C.23,25-27

Жилинский, Г.Б.Геологическая наука - народному хозяйству // Октябрь и наука Казахстана.- Алма- Ата,1967.- С.117-122,127

Жилинский, Г. Б. Өршiл ойлы ғалым // Қазақстан коммунисi: Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естелiктер.- Алматы: Жазушы,1989.- 1967.- N10.-Б. 55-58.

 

Г. Б. Жилинский туралы әдебиет

Литература о Г. Б. Жилинском

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Г. Б. Жилинский : Б.

Казахстан [Текст] : национальная энциклопедия / . - Алматы : Казак энциклопедиясы, 2005 - .

- 560 с. – Жилинский Г. Б. : С. 332.