Ағиманов Болат Арантайұлы (1963-1982) - қатардағы жауынгер, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының жүргізуші-механигі
1962 ж. 12 желтоқсанда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жаңасемей (қазіргі Бородулиха) ауданы, Петропавловка селосында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң «Казахстанская правда» ұжымшарында еңбек етеді. 1981 ж.
7 сәуірде Жаңасемей аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1982 ж. 8 наурызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Петропавловка селосында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).
Б. А. Ағиманов туралы әдебиет
Литература о Б. А. Агиманове
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 18-19.
Интернет-ресурстар
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайты
Айкешев Молдаш Орынбайұлы (1958-1980) - сержант, мотоатқыштар бөлімінің командирі
1958 ж. 5 сәуірде Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Текебұлақ ауылында дүниеге келген. Физкультура техникумын бітірген соң, «Үржар» кеңшарында ұстаздық қызмет атқарады.
1978 ж. 8 қарашада Үржар аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1980 ж. мамыр айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 17 қыркүйекте жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Текебұлақ ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
М. О. Айкешев туралы әдебиет
Литература о М. О. Айкешеве
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 20.
Интернет-ресурстар
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайты
Архатбаев Мақсат Әбілқасымұлы (1961-1981) - кіші сержант, сапер.
1961 ж. 30 наурызда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. М.И. Калинин атындағы орта мектепте білім алған. 1978 ж. Алматы технологиялық техникумына оқуға түседі.
1979 ж. 9 маусымда Қаскелең аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1979 ж. желтоқсанда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1981 ж. 3 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
М. Ә. Архатбаев туралы әдебиет
Литература о М. А. Архатбаеве
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 24-25.
М. Ә. Архатбаев туралы мерзімді басылымдардағы жарияланымдар
Публикации о М. А. Архатбаеве в периодических изданиях
Хасенова, Гаухар. С честью выполнили долг [Текст] / Г. Хасенова // Вести Семей. - 2015. - 24 февраля. - С. 2.
Интернет-ресурстар
Антропов Николай Михайлович (1964-1983) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.
1964 ж. 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Черемшанка селосында дүниеге келген. Глубокое кентінде Армия, авиация, флотқа ерікті түрде ықпал ету қоғамы (ДОСААФ) мектебін бітіріп, жүргізуші мамандығын алады. 1982-1983 жж. Черемшанка құс фабрикасында жүргізуші болып жұмыс істейді. 1983 ж.
5 сәуірде Глубокое аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1983 ж. 6 маусымда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1983 ж. 27 тамызда алған жарақатынан қайтыс болды. 1983 ж. 9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Черемшанка селосында жерленді.
«Интернационалист-жауынгерге» медалімен марапатталды (1988 ж.) (қаза тапқаннан кейін).
Н. М. Антропов туралы әдебиет
Литература о Н. М. Антропове
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 22-23.
Интернет ресурстар
Асламов Александр Викторович(1963-1983) - қатардағы жауынгер, барлаушы-пулеметші.
1963 ж. 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Самар (қазіргі Көкпекті) ауданы, Миролюбовка селосында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, механизатор болып жұмыс істейді.
1981 ж. 2 сәуірде Самар аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. 4 желтоқсанда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі. 1983 ж.
22 ақпанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.
1983 ж. 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Миролюбовка селосында жерленді.
1983 ж. 14 шілдедегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 26-27.