Коледаев Владимир Алексеевич (1962-1982) - қатардағы жауынгер, минометші.
1962 ж. 25 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, титан-магний комбинатында слесарь болып жұмыс істейді.
1981 ж. 5 сәуірде Өскемен қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. 29 қарашада Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1982 ж. 7 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1982 ж. 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында жерленді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 100.
Котельник Сергей Федорович (1961-1980) - қатардағы жауынгер, граната лақтырушы көмекшісі.
1961 ж. 10 қазанда Украина КСР, Киев облысы, Белая Церковь селосында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Васильевка (қазіргі Мамай батыр) селосында мектепті бітіріп, Өскемен қаласындағы №20 кәсіптік-техникалық училищеде оқиды.
1980 ж. 10 мамырда Өскемен қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1980 ж. қазан айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 12 желтоқсанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1980 ж. 31 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылында жерленді.
1981 ж. 23 қарашадағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 102-103.
Кузнецов Андрей Павлович (1963-1983) - қатардағы жауынгер, аға атқыш-нысанашы.
1963 ж. 23 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Верхнеберезовский кентінде дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, туған кентіндегі №3 кәсіптік-техникалық училищеде оқиды.
1981 ж. 27 қазанда Глубокое аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1982 ж. 16 шілдеде Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1983 ж. 11 наурызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1983 ж. 18 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Предгорное селосында жерленді.
1983 ж. 4 шілдедегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Ту орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 106-107.
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. – Б. 194.
Кузьминов Федор Афанасьевич (1967-1987) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.
1967 ж. 28 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Южный (қазіргі Жаңа Тілек) кентінде дүниеге келген. Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы «Заводстрой» трестінде экскаваторшы болып еңбек етеді.
1985 ж. 13 қарашада Теміртау қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1986 ж. қаңтарда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1987 ж. 14 сәуірде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 108-109.