Мусинов Нұрбек Александрұлы (1963-1982)- қатардағы жауынгер, жүргізуші.
1963 ж. 12 қаңтарда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) қаласында дүниеге келген. №33 орта мектепті бітіріп, асбестцемент бұйымдарын жасайтын шифер зауытында еңбек етеді.
1981 ж. 11 қарашада Семипалатинск қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. қараша айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1982 ж. 3 сәуірде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 138-139.
О павших в Афганистане: Книга памяти. - Семей, 2008. – С. 59.
Мусохранов Сергей Георгиевич - қатардағы жауынгер, пулеметші.
1959 ж. 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск (қазіргі Риддер қаласы) қаласында дүниеге келген. Мектептен кейін №99 кәсіптік-техникалық училищені аяқтайды. «Казцветметремонт» трестінің Лениногорск басқармасында слесарь болып жұмыс істейді.
1979 ж. 2 қарашада Лениногорск қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1980 ж. 16 мамырда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 19 қарашада жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1980 ж. 2 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін)
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 140-141.
Нұғманов Қуанышхан Кеңесханұлы (1961-1981) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.
1961 ж. 1 мамырда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Абай ауданы, Күлмен ауылында дүниеге келген. Әуезов атындағы ұжымшарда еңбек етеді.
1980 ж. 25 сәуірде Абай аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. қаңтар айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1981 ж. 25 сәуірде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 144-145.
Мұсабаев Ерлан Ұлықбекұлы (1967-1986) - кіші сержант, бөлім командирі.
1967 ж. 15 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым (қазіргі Катон-Қарағай) ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, ұжымшарда еңбек етеді.
1985 ж. 11 қыркүйекте Большенарым аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1986 ж. 14 маусымда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1986 ж. 16 қазанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1986 ж. 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Үштөбе ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін)
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 142-143.
Нұрғалиев Мейрам Саматұлы (1967-1987) - қатардағы жауынгер, пулеметші.
1967 ж. 7 қарашада Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Абай ауданы, Тоқтамыс ауылында дүниеге келген. Семипалатинск қаласындағы №7 мектеп-интернат пен №1 орта мектепте білім алады.
1987 ж. 27 шілдеде Семипалатинск қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1987 ж. қазан айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1987 ж. 27 желтоқсанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қызыл Ту ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 146-147.