Буньков Анатолий Иванович (1947-1980) - прапорщик.
1947 ж. 26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл (қазіргі Күршім) ауданы, Манько кенішінде дүниеге келген.
1966 ж. 11 қарашада КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. Әскери борышын өтегеннен кейін Өскемен қаласында титан-магний комбинатында жұмыс істейді.
1973 ж. 13 желтоқсанда Таврия аудандық әскери комиссариатынан мерзімнен тыс қызметке шақырылады.
1980 ж. 16 сәуірде Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 30 қазанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1980 ж. 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы (қазіргі Өскемен қаласы аумағы), Басово селосында жерленді.
1980 ж. 3 қарашадағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 56-57.
Буренков Анатолий Анатольевич (1960-1980) - ефрейтор, жаяу әскер жауынгерлік машинасының нысанашы-операторы.
1960 ж. 23 сәуірде Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) қаласында дүниеге келген. 8 класты аяқтаған соң, №18 кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түседі.
1978 ж. 12 қарашада Семипалатинск қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1979 ж. желтоқсанда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 18 сәуірде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 58-59.
Горбунов Дмитрий Иванович (1961-1981) - қатардағы гвардия жауынгері, сапер.
1961 ж. 4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. №3 мектепте білім алады. №8 қалалық кәсіптік-техникалық училищені бітіреді.
1980 ж. 6 мамырда Өскемен қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. 10 қаңтарда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1981 ж. 28 тамызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1981 ж. 7 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында жерленді.
1982 ж. 4 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 66-67.
Веретельников Александр Иванович (1962-1982) - сержант, шекара әскерінің миномет мотоманевр жасау тобының командирі.
1962 ж. 8 шілдеде Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) қаласында дүниеге келген. № 12 орта мектепті бітірген соң, «Семипалатинскжилстрой» құрылыс басқармасында еңбек етеді.
1980 ж. 28 қазанда Семипалатинск қаласындағы Ленин аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1982 ж. 5 қарашада жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 64-65.
Грищенко Владимир Анатольевич (1959-1980) - сержант, барлау бөлімінің командирі.
1959 ж. 28 тамызда РСФСР Алтай өлкесі, Рубцовск қаласында дүниеге келген. Семипалатинск (қазіргі Семей қаласы) қаласындағы №38 орта мектепте білім алады. «Путьрем-9» трестінде еңбек етеді.
1978 ж. 10 қарашада Семипалатинск қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1980 ж. қаңтар айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 8 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 68-69.