Беков Орынбек (1898-1937) - жазушы, ақын, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері.
1898 жылы Семей губерниясында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) ауыл батырағы отбасында дүниеге келген. 1903 жылы отбасы Спасскі зауытына көшіп барып, әкесі мыс қорыту цехына ватер-жакетші болып орналасады. Екі кластық училищені бітірген соң, зауытта түрлі қара жұмыстар істейді. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін зауыттың саяси өміріне белсене араласады. Депутаттар кеңесі төрағасының орынбасары, еңбек бюросының төрағасы қызметтерін атқарды. 1918 жылы маусымда Депутаттар кеңесі талқандалып, О. Беков тұтқындалады. 1919-1922 жж. ревком төрағасы және жұмысшылар депутаттары Спасскі зауыты кеңесі мен БКП(б) Спасскі аудандық комитетінің мүшесі, хатшысы қызметтерін атқарды. 1923 жылы Қарқаралы уездік милициясының бастығы, одан соң Семей губерниялық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болады. 1925 жылы БКП(б) Өлкелік Комитетінің шешімі бойынша Еңбек халық комиссариаты аппаратына қызметке ауысады. 1928 жылдан О. Беков «Тілші» газетінің редакторы, ал 1930-1937 жылдары Қазақ драма театрының директоры болды.
О. Беков – қазақ өнері туралы сыни мақалалар авторы, Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде қазақ драматургиясы жайлы М. Әуезовпен бірлесе отырып баяндама жасаған.
О. Беков әңгімелері мен өлеңдері республикалық газеттер мен «Жаңа әдебиет» журналы беттерінде жарияланды.
Қазақ ауылдарын ұжымдастыру, Кеңес өкіметін орнату мәселесі автордың келесі туындыларынан көрініс тапқан: «Ұлы жолға бір қасық қан» (1926), «Талай қорлық көрдік-ау», «Жазықсыз жапа шеккендер» т.б. Қаламгер шығармашылығынан «Советбике» повесі өзінің тартымды сюжетімен, көркемдігімен ерекше орын алған.
1937 жылы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
О. Бековтың шығармалары
Произведения О. Бекова
Кітаптар - Книги
Беков, О. Жалықпасаң жау жеңесiң; Үкiбас жалшы ақысын қалай алды? [Мәтін] / О. Беков. - Қызыл-Орда, 1927. - 39 б.
Беков, О. Малайлар союзге кiрiңдер [Мәтін] / О. Беков. - Қызыл-Орда, 1928. - 30 б. (Арап тілінде жазылған).
Беков, О. Қазақстан кен жұмысшыларының өткен күндерi мен қазiргi күйлерi [Мәтін] / О. Беков. - Қызыл-Орда, 1927. - 18 б. (Арап тілінде жазылған).
Беков, О. Ұлы жолға бiр қасық қан [Мәтін] / О. Беков. - Қызыл-Орда, 1928. - 20 б. (Арап тілінде жазылған).
Беков, О. Ауылды кеңестендiру деген не? [Мәтін] / О. Беков. - Қызыл-Орда, 1928. - 24 б.
***
Беков, О. Пастухи вступайте в союз [Текст] / О. Беков. - Алматы, 1928.
О. Бековтың мерзімді басылымдардағы мақалалары
Публикации О. Бекова в периодических изданиях
Беков, О. Талай қорлық көрдiк-ау [Мәтін] : әңгiме / О. Беков // Әйел теңдiгi. - 1928. - № 7. - Б. 57-60.
Беков, О. Советбике [Мәтін] : повесть / О. Беков // Жаңа әдебиет. - 1929. - № 10. - Б. 2-12; № 11.- Б. 19-29; № 12. - Б. 25-32; 1930. - № 2. - Б. 19-27; № 6. - Б. 10-13.
Беков, О. Керiмбек [Мәтін] : әңгiме / О. Беков // Жаңа әдебиет. - 1930. - № 2. - Б. 72-74.
Беков, О. Октябрь мерекесiне театр даярлығы [Мәтін] : [М. Әуезовтiң кейбiр пьесалары туралы] / О. Беко
Мақалалар - Статьи
Айтбаева, А. Жазықсыз жапа шеккендер [Мәтін] : [саяси қуғын –сүргін құрбаны О. Беков туралы] / А. Айтбаева // Қазақстан - ZAMAN. - 2013. - 12 желтоқсан. - Б. 8.
Бердин Есентай (1894-1967) – ақын, педагог.
1894 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы, Көкбай ауылында дүниеге келген. Көкбай ауылындағы медресені, Семей қалалық орыс-қазақ мектебін, Алаш қаласындағы (Жаңа Семей, қазіргі Семей қ.) облыстық жер басқармасы жанындағы мұғалімдер курсын, қазақ педагогикалық техникумын тәмамдаған. 1918 ж. Қазан қаласында ақынның «Жастарға тағылым» кітабы жарық көреді.
1918 жылдан Дос болысында (қазіргі Абай ауданы) ұстаздық етеді. 1924-1928 жж. семейлік А. Х. Парфеновпен бірге Т. Жомартбаев негізін салған Маян мектебінде балаларды қазақ және орыс тілдеріне үйреткен. 1928 жылдан – Қарауыл ауылдық мектебінде меңгеруші болады. Осы кездері «Еңбекшіге», «Октябрь», «Мақтаныш», «Ауыл суреті», «Қазақстан табиғаты» т.б. өлеңдер жазған.
1937 жылы жалған жаламен 10 жылға, 1949 жылы қайта 10 жылға тұтқындалған. 1956 ж. бостандыққа шыққан.
Өмірінің соңғы жылдарын шығармашылыққа арнайды. «Қыз Жәкен» («Девушка Жакен», 1959), «Екі ойшыл» («Два мыслителя», 1962), «Қанды асу» («Кровавый перевал», 1968) поэмалары жеке кітап болып басылып шыққан.
1967 жылы қайтыс болды.
Е. Бердиннің шығармалары
Произведения Е. Бердина
Кітаптар - Книги
Бердин, Е. Қанды асу [Мәтін]: поэмалар мен өлеңдер/ Е. Бердин. - Алматы: Жазушы, 1968.- 95 б.
Бердин, Е. Қыз Жәкен [Мәтін] : поэма / Е. Бердин. - Алматы : Қазкөркемәдеббас, 1960. - 47 б.
Бердин, Е. Екi ойшыл [Мәтін] : дастан / Е. Бердин. - Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1962. - 40 б.
Мақалалар - Статьи
Бердин, Е. Тайыр Жомартбаев [Мәтін] : естелiк / Е. Бердин // Жұлдыз. – 1963. - № 10. - Б. 152-153.
Е. Бердиннің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Е. Бердина
Кітаптар- Книги
Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы: Аруна, 2010. - Бердин Е.: с. 170.
Шығыс Қазақстаноблысы[Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бердин Е.: б. 265.
Мақалалар - Статьи
Сәрсекеев, М. Табысқан тағдырлар [Мәтін ] : [ақын Е. Бердин туралы] / М. Сәрсекеев // Қазақ әдебиетi. - 1960. - 22 январь.
Қайырбеков, Ғ. Анық ақын, абзал кiсi едi [Мәтін ] : ақын Есентай Бердиннiң туғанына 100 жыл // Қазақ әдебиетi. - 1994. - 1 шiлде. - Б. 15.
Бижанұлы Әзімбай (1854 - 1922) – ақын.
Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында (қазіргі Аягөз ауданы) дүниеге келген. Абылай ханның жүз батырының бірі – Мамадайырдың ұрпағы.
Әзімбайдың «Ақ екен раушан жүзің атқан таңнан», «Безенген адамды білмейтұғын», «Келгенде қара өлеңге ағыламын», «Сарықұс», «Қазақ зары» толғауы, «Кәрілік туралы» лирикалық өлеңдері сақталған. «Сарыарқаның мәселесі», «Ақтамберді - Жаскілең» поэмалары мен «Ахмет – Жүсіп», «Зейне сұлу», «Бораһат – Шерін» қиссаларының авторы.
Ақын Ақтамберді Сарыұлының шығармаларын орындаған және насихаттаған. Халық ақыны Шашубай Қошқарбайұлының ақындық қалыптасуына әсер еткен.
1994 жылы алғаш рет қаламгердің «Ақтамберді - Жаскілең» (құраст. С. Бауов, А. Тілеуханова) өлеңдер мен поэмалар жинағы жарыққа шығады.
Ә. Бижанұлының шығармалары
Произведения Бижанулы А.
Макалалар - Статьи
Бижанұлы, Ә. Ақтамбердi - Жаскiлең қиссасы [Мәтін] / Ә. Бижанұлы // Семей таңы. - 1991.- 15, 17, 18, 22 қазан.
Ә. Бижанұлы туралы әдебиеттер
Литература о Бижанулы А.
Майтанов, Б.Әзімбай ақын [Мәтін] : [Ә. Бижанұлы туралы] / Б. Майтанов // Жұлдыз. - 1994. - № 7. - Б. 195-198.
***
Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы : Ауна, 2010. - Азимбай Бижанулы: с. 26.
Берікқажыұлы Дәурен (1974 ж.) – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
1974 жылы 15 мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Үржар ауданы, Қарабұта ауылында дүниеге келген. Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін (Алматы қ.) тәмамдаған (1996).
Мектеп мұғалімі (1996-1999), ҚазМУ-да оқытушы болған (1999-2002).Қазіргі уақытта «Қазақстан» ТРК-сының (телерадиокомпания) аударма және дубляж бөлімінде қызмет етеді.
Өлеңдері мерзімді басылымдарда 1994 жылдан жарияланған. Д. Берікқажыұлының өлеңдер циклі «Антология произведений молодых поэтов» (2000), «Оттегім менің, от демім менің – жырларым» (1996), «Ante meridiem» (2001), «Гүл мен қылыш» (2008) атты ұжымдық жыр жинақтарына енген.
Д. Берікқажыұлының шығармалары
Произведения Д. Берикқажыулы
Кітаптар - Книги
Берiкқажыұлы, Д. ANTE MERIDIEM [Мәтін] : өлеңдер / Д. Берікқажыұлы. - Астана : Елорда, 2001. - 44 б.
Берікқажыұлы, Д. Гүл мен қылыш жырлары [Мәтін] : өлеңдер жинағы / Д. Берікқажыұлы. - Алматы : Жалын, 2008. - 79 б.
Берiкқажыұлы, Д. Сiзге жазған хаттардан [Мәтін] : өлеңдер / Д. Берікқажыұлы. - Алматы : Хантәңiрi, 2014. - 108 б.
Д. Берікқажыұлының мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации в периодических изданиях и сборниках Д. Бериккажыулы
Өлеңдер – Стихи
Берiкқажыұлы, Д. Күтiп тұр тойым..., Сағыныш [Мәтін] : өлеңдер / Д. Берікқажыұлы // Арай. - 1995. - № 9 - Б.12-19.
Берiкқажыұлы, Д. Алдаспанның арызы [Мәтін] : өлең / Д. Берікқажыұлы // Қазақ әдебиетi. - 2003. - 16 мамыр. - Б.12-13. - М. Өтемісұлы туралы.
Берiкқажыұлы, Д. Ақын эпитафиясы [Мәтін] : өлең / Д. Берікқажыұлы // Қазақ әдебиетi. - 2004. - 12 наурыз. - Б. 7.
2006 - 2008
Берiкқажыұлы, Д. Бәрiне қырсығып айналып кетсем бе мүсiнге?!; Саяжайдағы кәрi төбетке; Алдаспанның арызы; Есалаңдар көшесiнде [Мәтін] : өлеңдер / Д. Берікқажыұлы // Ел мен жер. - 2006. - 30 маусым - 6 шiлде. - Б. 10.
Берiкқажыұлы, Д. Қайратты жоқтау [Мәтiн] : өлең / Д. Берікқажыұлы // Әдебиет айдыны. - 2006. - 26 қазан. - Б. 5.
Берiкқажыұлы, Д. Жасыма, жырым, Жанарың бiтсiн көкке тек [Мәтін] : өлең / Д. Берікқажыұлы // Ақтөбе. - 2007. - 18 қаңтар. - Б. 25.
Берiкқажыұлы, Д. Ар бардай, Арман бардай, Тағдыр бардай... : Эгофобия; Көкектегi көңiл-күй; Симуляция; Эпиграммалар; Оқу залында; Шымшық; Сен, қайдасың?; Сүрлеу; Пәтшағар...; Жексенбiлiк кештерде [Мәтiн] : өлеңдер / Д. Берікқажыұлы // Жас Алаш. - 2007. - 6 қыркүйек. - Б. 5.
Берiкқажыұлы, Д. Тентек [Мәтiн] : өлеңдер / Д. Берікқажыұлы // Тасжарған. - 2008. - 13 наурыз. - Б. 21.
Берiкқажыұлы, Д. Бүршiгiңдi тезiрек жаршы, қайың; Жексенбiлiк кештерде; Пәтшағар...; Сен, қайдасың?; Көктөбе-2007; Көк майса; Iз кесу; Қарғыс жыры [Мәтiн] : өлеңдер / Д. Берікқажыұлы // Кентавр. - 2008. - 16 мамыр. -№ 11. -Б. 8.
2010 – 2015
Берiкқажыұлы, Д. Кеудемде бiр нәрсе дiр еткен: Артық айтсам тәңiрiмкешiрсiн; Сенi бiр рет көрсем деумен...; Сенi ойлап; Каппадокия: өлеңдер [Мәтiн] : өлеңдер / Д. Берікқажыұлы // Үш қоңыр. - 2012. - 28 желтоқсан. - Б. 5.
Берікқажыұлы, Д. Менің бейнем өміріңізде бар күні; Көздеріңнің бір ойланып, бір күлген...; Сізді сүю; Құрдым; Саяжайдағы кәрі төбетке [Мәтін] : өлеңдер / Д. Берікқажыұлы // Парасат. - 2014. - № 4. - Б. 4.
Роман
Берiкқажыұлы, Д. Сiз деп тағы жазайыншы бiр өлең : Эдинбург; Анкара. Этюд; Каппадокия [Мәтін] : роман / Д. Берікқажыұлы // Өркениет. - 2015. - № 4. - Б. 82-92.
Мақалалар - Статьи
Берiкқажыұлы, Д. Шағаласы шабыт шақырған Шотландия [Мәтiн] / Д. Берікқажыұлы // Жас Қазақ. - 2008. - 23 қаңтар. - Б. 10.
Берiкқажыұлы, Д. Романтика Алматыда қалғандай... [Мәтiн] : ақынмен сұхбаттасқан Е. Жүнiс ] / Д. Берікқажыұлы // Айқын. - 2010. - 6 қараша. - Б. 8.
Берiкқажыұлы, Д. Маңдайыма оңай олжа бiткен емес ақынмен сұхбаттасқан А. Аханбайқызы] / Д. Берікқажыұлы // Халық сөзi. - 2011. - 20 мамыр. - Б.12 .
Берiкқажыұлы, Д. Жұмыстың ауырлығы сонша, шекеме тапанша кезенгiм келген сәттер болды [Мәтiн] / Д. Берікқажыұлы // Халық сөзi. - 2011. - 26 шiлде. - Б. 6.
Берiкқажыұлы, Д. Үлкен жүрек иесi [Мәтiн] / Д. Берікқажыұлы // Алаш айнасы. - 2011. - 18 қараша. - Б. 4.
Берiкқажыұлы, Д. Қазақ өлеңi - мемлекеттiк идеология жасауға болатын қуатты потенциал [Мәтiн] / Д. Берікқажыұлы // Айқын. - 2011. - 1 желтоқсан. - Б. 8-9.
Берiкқажыұлы, Д. Ашкөздiктен арылар күн бар ма? [Мәтiн] / Д. Берікқажыұлы // Тасжарған. - 2008. - 13 наурыз. - Б. 17-21.
Берiкқажыұлы, Д. Лондонмен өлшенбейтiн Ұлыбритания [Мәтiн] : [ақынмен сұхбаттасқан Е. Жүнiс ] / Д. Берікқажыұлы // Қазақ әдебиетi. - 2008. - 19-25 қыркүйек. - Б. 13.
Берiкқажыұлы, Д. "Егер, ақындар кiтап оқитын болса, қатары мұншалықты көп болмас едi..." [Мәтін] / Д. Берікқажыұлы // Қасым. - 2014. - № 4. - Б. 95-106.
Д. Берікқажыұлының аудармалары-Переводы Д. Бериккажыулы
Блейк, У. Қойшы ; Жолбарыс [Мәтін] : өлең / У. Блейк; аударған Д. Берiкқажыұлы // Әлем әдебиетi. - 2007. - № 1. - Б.93-94.
Дикинсон, Э. Бәрi, бәрi шағылысқан айнаға [Мәтін] : өлең / Э. Дикинсон; аударған Д. Берiкқажыұлы // Әлем әдебиетi. - 2007. - № 1. - Б. 90-91.
Каммингс, Э. Э. Нөсер жаусын [Мәтін] : өлең / Э. Камминг; аударған Д. Берiкқажыұлы // Әлем әдебиетi. - 2007. - № 1. - Б. 95-96.
Козли, Ч. Күн болсам да... [Мәтін] : өлең / Ч. Козли; аударған Д. Берiкқажыұлы // Әлем әдебиетi. - 2007. - № 1. - Б. 98.
Лонгфелло, Г. У. Жыр мен жебе [Мәтін] : өлең / Г. У. Лонгфелло; аударған Д. Берiкқажыұлы // Әлем әдебиетi. - 2007. - № 1. - Б. 99-100.
Мастерс, Э. Редактор Уэдон [Мәтін] : өлең / Э. Мастерс; аударған Д. Берiкқажыұлы // Әлем әдебиетi. - 2007. - № 1. - Б. 98-99.
Орхан, У. Таңдаулы; Сүрлеу; Шымшық; Пәтшағар; Сен қайласың?; Жексенбiлiк кештерде [Мәтін] : өлеңдер / У. Орхан; ауд. Д. Берiкқажы // Әлем әдебиетi. - 2007. - № 4. - Б. 122-123.
Д. Берікқажыұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Д. Бериккажыулы
Кітаптар - Книги
Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - Берікқажыұлы Дәурен: б. 102-103.
Шығыс Қазақстаноблысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 848 б. - Берікқажыұлы Дәурен: б. 268.
***
Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы: Аруна, 2010. - Бериккажыулы Даурен: с. 113.
Мақалалар-Статьи
Мұқанова, Р. Қыз емес ем, өлеңде еркек едім... [Мәтін] / Р. Мұқанова // Жас алаш. - 2003. - 25 желтоқсан. - Б. 5.
Қапшықбайұлы, Н. Көркем аудармадағы жаңа леп [Мәтін] : [ақын Д. Берiкқажыұлының Батыс поэзиясының классигi К. Сэндбергтiң шығармаларын аударуы жайында] / Н. Қапшықбайұлы // Алаш айнасы. - 2012. - 18 қаңтар. - Б. 5.
Байдәулет, Қ. Ғасырды мiсе тұтпаған... [Мәтін] : [ ақын Д. Берiкқажыұлының "Каппадокия" өлеңi туралы] / Қ. Байдәулет // Айқын. - 2014. - 15 қаңтар. - Б. 6.
Биназаров Иса (1898-1964) – ақын.
1898 жылы Семей өңірі Абай ауданы Абыралы совхозында дүниеге келген. Арғы атасы Байжан да, әкесі Биназар да кезінде елге мәлім, дәулетті адамдар болған. Иса жастайынан аңыз, қиссаларды жатқа айтатын. Бертін келе Абай және оның айналасындағы ақындардың өлеңдерін жаттап, еліктеп өлеңдер шығарған. 1917-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер даярлайтын 2 жылдық курста оқыған кезде Қ.Сәтбаев, Ж.Аймауытов, Ә.Қашаубаевпен танысып, араласады. Сол кезде шығып тұратын «Қазақ тілі» газетіне ел өмірі туралы хабарлар жіберіп тұрады. Ақын Иса Байзақовқа еліктеп жазған «Желдірме» атты толғауы бар. Бірнеше толғаулары «Халық ақындары», «Пернедегі термелер» және «Айтыс» жинақтарына енген. Өлеңдері мен толғаулары («Қаз дауысты Қазбек» толғауы және біраз жырлары) ҚР ҰҒА қорында сақтаулы.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
шығармалары
Биназаров, И. Қаздауысты Қазыбек [Мәтін] / И. Биназаров // Абай. - 2008. - №4. - Б. 44-53.
Биназаров, И. Ақылға бағынышты // Семей таңы. - 2003. - 14 наурыз. - 21 ақпан. - 14 б.
Иса Биназаров өмірі мен шығармашылығы
Литература о жизни и творчестве И. Биназарова
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Иса Биназаров: б. 272.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - Иса Биназаров : б. 24-26.
***
Дүйсембаев, М. Иса Байназаров [Мәтін] : естен кетпес есімдер // Семей таңы. - 1990. - 18 тамыз.
Елдің елдігі мен берекесін жырлаған [Мәтін] : ақын Иса Биназарұлының туғанына 100 жыл // Үш анық. - 1998. - 1 тамыз.