Михайлина Галина Николаевна (әдеби лақап аты Алина Тайга) (1969) - ақын, жазушы, Ресей Жазушылар одағының мүшесі.
1969 жылы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск қаласында (қазіргі Риддер қаласы) дүниеге келген. Музыка-педагогикалық білім алған: фортепиано сыныбы бойынша музыка мектебінде оқыды, кейін Өскемендегі музыка училищесін тәмамдайды.
1989 жылы туған қаласына оралады, онда № 2 мектепте музыка мұғалімі, кейін балабақшада музыка қызметкері болып жұмыс істейді.
Өлең мен ертегілерді бала кезінен жаза бастайды. Соңғы жылдары нақты шығармашылыққа бет бұрып, 600-ден астам туынды, оның ішінде өлеңдер, поэмалар, өлең мен прозадағы әңгімелер, сондай-ақ «По мотивам Лукоморья» балалар ертегілерінің циклін жазды. Балалар мен ересектерге арналған он бестен астам поэтикалық және прозалық кітаптардың авторы, олардың қатарында: «Откровения неба», «На расстоянии касания», «Идём на рассветы», «Предчувствие зари», «Мир в твоих ладонях», «Танго с ветром», «Перелётная птица» жинақтары, «Погружение», «Алхимия притяжения» әңгімелер жинағы, «Шесть воплощений одной души», «Одиночество или путь к себе», «Волчья кровь» повестері мен «Сказочная шкатулка» ертегілер жинағы бар.
Оның қаламынан туған шығармалар «Алтай Изумрудный» тәуелсіз әдеби-көркем журналында, «Кедр» халықаралық әдеби-көркем және тарихи-өлкетану журналында, «Светоч» отбасылық оқу журналында, «Сибирские истоки» әдеби-публицистикалық журналында, сондай-ақ қалалық баспасөздерде жарияланады.
«Писатели Рудного Алтая» (Риддер қ.) және «Звено Алтая» (Өскемен қ.) әдеби бірлестіктерінің мүшесі. Риддер қаласының Достық үйінің «Орыс мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Әдеби салонын» ұйымдастырушылардың бірі, сондай-ақ шығармашылық ортаны дамытуға бағытталған әдеби кездесулер мен жобалардың бастамашысы болып табылады. Ғаламтордағы әдеби парақшаларды жүргізіп, оқырмандарды өз шығармашылығымен таныстырады.
Галина Михайлинаның шығармашылығы кең аудиторияға «Рождённые в СССР» бағдарламасында ұсынылды («Ностальгия» телеарнасы, авторы және жүргізушісі Владимир Глазунов).
Көптеген әдеби байқаулар мен фестивальдердің лауреаты және жеңімпазы, оның ішінде Петр ғылым және өнер академиясының «Золотое перо Алтая» (2023), «Золотое перо Руси» халықаралық әдеби сыйлығының екі мәрте лауреаты (2024 – проза, 2025 – поэзия).
Алина Тайганың шығармалары
Произведения Алины Тайги
Кітаптар - Книги
Алина Тайга шығармашылығы мен өмірі туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Алины Тайги
Кравченко, Татьяна. Мир в твоих ладонях : [под таким названием в Усть-Каменогорске состоялась творческая встреча с поэтессой, писательницей, сказочницей Алиной Тайгой из Риддера ] / Т. Кравченко // Рудный Алтай. - 2023. - 24 января. - С. 4.
Польская, И. Сказка нового времени : [риддерская писательница Алина Тайга (Михайлина Г.) стала лауреатом престижной литературной премии] / И. Польская // Мой город Риддер. - 2024. - 30 октября (№ 44). - С. 5 : ил.
Польская, Ирина. В стихах и прозе : [о презентации двух книг риддерской поэтессы, прозаика Г. Михайлиной (Алина Тайга)] / И. Польская // Мой город Риддер. - 2025. - 5 февраля (№ 6). - С. 5.
Алина Тайга / Проза.ру. – Текст : электронный // https://proza.ru : [сайт]. – UTL : https://proza.ru/avtor/alinka96 (дата обращения : 11.11.2025)
Алина Тайга / Стихи.ру. - Текст : электронный // https://stihi.ru : [сайт]. – URL : https://stihi.ru/avtor/alinka69 (дата обращения : 11.11.2025)
С. С. Сәрсековтің шығармалары
Произведения Сарсекова С. С.
Кітаптар – Книги
Куликов В., Сарсеков С. НеповТОРимый хоккей / В. Куликов, С. Сарсеков. - Алматы : Print-Express, 2024. - 112 с.
Біздің хоккей! = Наш хоккей! = Our Hockey!. - Новосибирск : Вояж, 2006. - 359 б.
Мақалалар – Статьи
Сарсеков, С. Андрей Фукс. Свой парень за бугром / С. Сарсеков // 7 дней. - 2016. - 7 июля. - N 27. - С. 9 : портр.
Сарсеков, С. Семипалатинский футбол: состояние и перспективы / С. Сарсеков // Спектр. - 2004. - 15 янв. - С. 8
Сарсеков, С. "Елимай" встретился с акимом и болельщиками : [состоялась встреча футбольной команды "Елимай" г. Семипалатинска со своими болельщиками] / С. Сарсеков // Рудный Алтай. - 2000. - 16 мая. - С. 4
Сарсеков, С. "Елимай" мог бы сыграть лучше : [трехкратный чемпион Казахстана, звездный час которого пришелся на середину 90-х, семипалатинский "Елимай" сегодня переживает не самые лучшие времена] / С. Сарсеков // Рудный Алтай. - 2000. - 5 дек. - С. 4
Сарсеков, С. Портрет команды "Елимай" : [о семипалат. футбольном клубе] / С. Сарсеков // Спектр. - 1999. - 9 июня. - С. 6
С. С. Сәрсековтің өмірі мен қызметі туралы әдебиет
Литература о жизни и деятельности Сарсекова С. С.
Біздің хоккей! = Наш хоккей! = Our Hockey!. - Новосибирск : Вояж, 2006. - 359 б.
Климов Анатолий Леонтьевич - ақын, еңбек ардагері, Ұлан аудандық газетінің тілшісі.
1 қаңтар 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының (қазіргі Ұлан ауданы) Восточное ауылында дүниеге келген. Анатолий Леонтьевич төрт жыл әскери-теңіз күштері қатарында қызмет етті. Қызмет еткен жылдары - 1960 жылдардың басында болды. Қызметтен кейін екі жоғары білім алып, туған Ұлан ауданына оралып, мұғалім болды, 40 жыл кәсіптік-техникалық білім беру училищесінде, совхоз-техникумда сабақ берді. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Герасимовка, Донское, Саратовка ауылдарының орта мектептерінде директор болған.
Поэтикалық жолға деген сүйіспеншілік жас Анатолийді мектеп орнынан бастап жарықтандырды. Анатолий Леонтьевич күнделікті оқиғалар туралы, саяси, тарихи оқиғалар туралы, Табиғат туралы поэтикалық жолмен әңгімелейді.
Еңбек сіңірген демалысқа шыққаннан кейін, белсенді өмірлік ұстанымы бар Анатолий Леонтьевич 20 жылдан астам Саратов ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, Анатолий Леонтьевич облыстық, республикалық түрлі деңгейдегі әдеби байқауларға қатысқан.
Ұлан ауданы, ел тарихында баға жетпес із қалдырған туған жерге, жерлес адамдарға арналған төрт өлең жинағының авторы. 2024 жылы шыққан поэтикалық жинақ «Справедливый Казахстан - Моя Мечта» деп аталады, онда оқырмандар қазақтың ұлы ақыны - Абай Құнанбаевты, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты және басқаларды еске алуға арналған автордың өлеңдерімен танысады.
«Еңбек ардагері», «КСРО-ның фашистік Германияны жеңгеніне 20 жыл», «Лениннің туғанына 100 жыл», «Ұлан ауданына 90 жыл» медальдарымен марапатталған.
Мағжан Жұмабаев атындағы өлеңдер конкурсына қатысқаны үшін (2015 ж.), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған конкурсқа қатысқаны үшін кітапхана мен Тұңғыш Президент Қорының Алғыс хаты (2016 ж.), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған ашық конкурсқа қатысқаны үшін Тұңғыш Президент кітапханасының сертификатымен (2017 ж.) марапатталған.
А. Л. Климовтың шығармалары
Произведения Климова А. Л.
Климов, А. Абаю : Стихи / Климов А. - Текст : непосредственный // Степная Таврия. - 1995. - 27 мая
А. Л. Климов туралы әдебиет
Литература о А. Л. Климове
Оркушпаева, Н. Анатолий Климов: "Не поэт я, но живу искусством" : [о восточно-казахстанском писателе и журналисте А. Климове: стихотворение "Возрождение степи"] / Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2016. - 29 сентября. - С. 6
Шакенова, Г. Верный принципам честности и справедливости : [85 лет со дня рождения ветерану труда поэту А. Л. Климову] / Г. Шакенова // Ұлан айнасы. - 2025. - 10 января (№ 1-2).- С. 5.

Дүйсембі Болат (1942) – ақын, публицист, қоғам қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі.
1942 жылы 21(31) мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келген. Балалық шағын Ақшәулі тауының баурайында өткізген. Ақшәулі ауыл кеңесіне қарасты Знаменко жетіжылдық орыс мектебін бітірген. Ол жұмыс істей жүріп, кешкі мектепте оқып орта білімді алған. Алматы халық шаруашылық институтыда (АИНХ) оқып, «Халық шаруашылығын жоспарлау» кафедрасының бағдарламасы бойынша экономис мамандығын алған. Кейін Алматы жоғары партия мектебін (АВПШ) бітірген.
Алғашқы еңбек жолын Аягөз ауданының Карл Маркс атындағы колхозында қатардағы жұмысшы болып бастаған.
1958 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласына қарасты Қоңыратта екі жылдық №13 Қолөнер училищесіне оқуға түсіп, теміржол саласы бойынша электровоз машинисінің көмекшісі мамандығын алғаннан кейін Қоңырат руднигінде каръерден руда таситын жүк поезі электровозының машинисінің көмекші болудан бастап, машинисі болып жұмыс істеді.
1960 жылы Алматы қаласында Қазақстанның қырық жылдық мерекесіне байланысты өткен Республикалық еңбекші жастар көркемөнерпаздар байқауына қатысып, соның қортындысы бойынша дипломның иегері болды. Ол Балқаш калалық және Қоңырат руднигі комсомол комитеттерінің мүшесі болып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласты.
1962 жылдың аяғында Аягөз ауданында Қарақол және Мыңбұлақ совхоздарында электромеханик болды. Кешкі мектепте оқуын жалғастыру үшін Семей қаласында 1964-1966 жылдары Жүн жуу фабрикысы (ПОШ), КСЖБ-1 құрылыс камбинатында электрик болып жұмыс істеді.
1966-1971 жылдары Өскемен қаласында СредАз СМУ–ППА (Арнайы өрт сөндіруді автоматтандыру) жүйесінде және Свердловск қаласының «Уралэнергоцветмет» Өндіріс бірлестігінің Өскемендегі филиалында электрик болды. Ол өндіріс саласында жұмыс істеген жылдары үнемі сол өндірістердің бағытына сәйкес өндіріс технологиясын жетілдіруге арнаған жаңалықтар енгізгені үшін марапатталып, куәліктер (рацанализатор) иесі болған.
1971 жылы жаңа ашылған Торғай облысында, обылыстық қаржы бөлімінің ауыл шаруашылығын қаржыландыру және бақылау бөлімінде аға инспектор болып жұмыс істеді.
1971жылы Өскемен метал өнімдерін шығаратын зауатының өндірісті ұймдастыру бөлімін басқарып және зауаттың партия ұйымының хатшысы қызметін атқарды. Бір жылдан кейін Шығыс Қазақстан облыстық бақылау комитетіне қызметке шақырылып, комитеттің жұмысын ұйымдастыру мәселесімен айналысты.
Облыстық «Коммунизм туы» және «Рудный Алтай» газеттерінде тұрақты екі тілде шығып тұратын «Халықтық бақылау» атты арнайы беттің қоғамдық редакторы жұмысын атқарды. Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінде әкімшілік және сауда-қаржы бөліміне нұсқаушы, бөлім меңгерушінің орынбасары кызметін атқарды. Өскемен қалалық атқару комитетінің төрағасының орынбасары қызметін атқарып, қаланың өндіріс, халыққа қызмет көрсету саласы мен экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерімен шұғылданды. Қалалық атқару комитетінен өз өтінішімен кетіп, «ЯкутАлмазЗолото» өндіріс бірлестігінің Сограмашина жасау зауыты директорының сыртқы экономикалық қатынасы бойынша орынбасары болып жұмыс істеді. Одан кейін Өскемен қаласында өндіріс-комерциялық «Сұңқар» фирмасын, «Дильда» ЖШС-ін құрып он бір жыл бизнеспен шұғылданды.
1994-2011 жылдарда еліміздегі демократиялық қозғалыстарға белсене араласып, Республикалық «Халық конгрессі» партиясының Шығыс Қазақстандағы бөлімшесінің жұмысын басқарып, кейін «Ақ жол» ҚДП – ның облыстық ұйымын құрып, осы партияның орталықтағы ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатынасып, «Ақ жол» партиясының елімізде танымал саяси күш болуына үлес қосты. «Ақ жол» партиясының Орталық комитетінде жұмыс істеп, оның теңтөрағасы А. Байменовтің кеңесшісі болды. 2005 жылы Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі және қозғалыстың Орталық Басқарма мүшесі болып сайланды. Алматы қаласындағы ХБА-да (Международная Академия Бизнес) президент – ректорының Ұлттық тәрбиелеу мәселесі бойынша кеңесшісі болды. Бұқаралық ақпараттық баспаларда көптеген публистикалық мақалалары мен поэзиялық шығармалары жарыққа шыққан. Оның «Ой толғау («Жүректегі жазулар)», «Ойлана жүр ұрпағым!», «Оянсын рухы бабаңның», «Өмір тағлымы», «Есіңде жүрсін ұмытпа» және «Ұлттық мүддені қалай қорғаймыз» деген кітаптары жарық көрген.
Әлемдік ғаламторда 2016-2018 жылдары біраз ұлт жанашырларымен өз қаржысына «Ақсақалдар.кз» атты қоғамдық, танымдық, мәдени-ағарту сайтын ашты.
Болат Дүйсембі КСРО-ның «За доблестный труд», «Ветеран труда» медалімен және КСРО Халықтық бақылау Орталық Комитетінің және Шығыс Қазақстан облыстық кеңесінің грамотасымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Аягөз ауданының құрметті азаматы.
Б. Дүйсембінің кітаптары
Книги Дуйсемби Б.
Дүйсембі, Б. Ұлттық мүддені қалай қорғаймыз : мақалалар / Б. Дүйсембі. - Алматы, 2025. - 388 б.
Дүйсембі, Б. Оянсын рухы бабаңның: дастандар жинағы және өлеңдер / Б. Дүйсембі. - Алматы, 2012. - 280 б.
Дүйсембі, Б. Есіңде жүрсін, ұмытпа : дастандар, өлеңдер / Б. Дүйсембі. - Алматы, 2022. - 216 б.
Узакбаева Куланда Абубаевна (1926-2016 гг.) — писатель
Родилась 23 декабря 1926 года в Чубарталинском районе Семипалатинской области (ныне Область Абай). В 1949 году окончила историко-филологический факультет Казахского государственного университета имени Абая с отличием.
Трудовую деятельность начала научным сотрудником в Институте языка и литературы Академии наук Казахской ССР.
С 1951 по 1986 год, в течение 35 лет, работала редактором и старшим редактором в издательстве «Жазушы».
Основная деятельность была связана с художественным переводом. Куланда Абубаевна перевела на казахский язык:
«Волшебные сказки» Шарля Перро, повесть Л. Воронковой «Девочка из города», «Сказки по телефону» Джанни Родари, рассказы С. Алексеева о Суворове и русских солдатах, роман С. Разии «Суман», сборники сказок для детей: «Сказки народов Азии» и «Красная шапочка».
Она также перевела три художественных фильма на казахский язык.
Куланда Узакбаева внесла значительный вклад в редакционную работу над произведениями выдающихся казахских писателей: 12-томное и 20-томное собрания сочинений Мухтара Ауэзова, 16-томное собрание сочинений Сабита Муканова, 5-томное собрание сочинений Габита Мусрепова, 4-томное собрание сочинений Габидена Мустафина, первый выпуск романа Абдижамила Нурпеисова «Кровь и пот».
Она также редактировала романы и повести Тахауи Ахтанова и Мухтара Магауина.
В 1985 году Куланда Узакбаева была принята в Союз писателей Казахстана. Она награждена почетными грамотами Верховного Совета Казахской ССР, знаком «Отличник издательства», а также удостоена званий ветерана труда и ветерана войны. За свою плодотворную деятельность отмечена многочисленными наградами и медалями.
К. Ұзақбаева аудармалары
Переводы Узакбаевой К.
Заһир, С. Р. Суман: роман / С. Р. Заһир; ауд. К. Ұзақбаева. - Алматы : Жазушы, 1976. - 171 б.: сур.
Толстой, А. Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері / Толстой А. ; [ауд. С. Ищанов]. Чиполлино; Телефонмен айтылған ертегілер; Джельсомино суайттар елінде / Родари Д.; [ауд. Н. Мұратәлиев, К. Ұзақбаева, И. Хасенұлы; құраст. О. Асқар] / Толстой А. - Алматы: Балауса, 2004. - 612 б.
К. Ұзақбаеваның мерзімді басылымдардағы мақалалар
Публикации Узакбаевой К. в периодических изданиях
Мақалалар-Статьи
Ұзақбаева, К. Алғашқы үш том: [М.Әуезовтiң 12 томдық шығармалар жинағының алғашқы үш томының жарыққа шығуы туралы] / К. Ұзақбаева // Лениншiл жас. - 1967. - 22 октябрь. – Б. 12
Ұзақбаева, К. С.Мұқанов шығармаларының он алты томдығы: [1971 жылдан бастап шығатындығы туралы] / К. Ұзақбаева // Соц. Қазақстан.- 1971.- 5 январь
К. Ұзақбаеваның қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Узакбаевой К.
Сатыбалдин, Қ. Таңдамалы шығармалар / Қ. Сатыбалдин; құраст.: Ж. Өмірбеков, К. Ұзақбаева, К. Ахметова. Т. 1: Өлеңдер мен поэмалар. - Алматы : Жазушы, 1972. - 294 с.
Жанкелдин, Т. Сын сағатында: повестер мен әңгімелер / Т. Жанкелдин; құраст. Б. Қазыханова; ред. К. Узакбаева; суретші М. Искаков. - Алматы : Жазушы, 1981. - 552 б.
Есенберлин, І. Көшпенділер: тарихи трилогия. 1 кітап. / І Есенберлин: Алмас қылыш: роман / ред. К. Узакбаева. - Алматы: Жазушы, 1976. - 309 б.
Қабышев, Ғ. Күлеміз бе, қайтеміз.: сықақ әңгімелер / Ғ. Қабышев ; ред. К. Узакбаева. - Алматы : Жазушы, 1983. - 198 б.
К. Ұзақбаева туралы әдебиеттер
Литература о К. Узакбаевой
Кітаптар – Книги
Әуезов, М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Т. 1: әңгімелер / М. Әуезов ; 1979. - 455 б. – Ұзақбаева К. – б. :146
Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр: анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. – Ұзақбаева К.: б. 320.
Қазақстан жазушылары: анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. – Ұзақбаева К.: б. 406.
Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Ұзақбаева К. : б. 772.
***
Литература Казахстана: энциклопедический словарь. - Алматы: Аруна, 2010. – Узакбаева К.: с. 487.
Мақалалар - статьи
Тобаяқов Бақытжан. Күләнда бөлем өтті-ау дүниеден..: қазанама [Аудармашы, баспа ісінің майталманы Күләнда Ұзақбаева дүниеден өтті.] / Б. Тобаяқов // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 8 - 14 сәуір (№ 15). - 11