Оралхан Айбек Тілеубекұлы (1988 ж. т.) – ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Журналистер одағы мен Жазушылар одағының мүшесі.
1988 жылы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылында (бұрынғы Медведка ауылы) дүниеге келген.
1995-2003 жылдары Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебінде оқыды. 9-сыныптан бастап Өскеменде дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында оқуын жалғастырады. Мұнда Айбек Оралхан КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанипа Битибаеваның жетекшілігімен әдебиетті тереңдетіп оқып, авторлық сыныпта оқыды. Серік Ғабдуллин бастаған «Шабыт» жас ақындар мектебінің белсенді мүшесі болды.
Орта мектепті бітіргеннен кейін 2006-2009 жылдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған.
2006-2008 жылдары «Мәдениет жаршысы» журналында, сондай-ақ белгілі жазушылар С. Ғабдуллин, М. Құмарбеков және С. Байхановтың бастамасымен құрылған Шығыс Қазақстан облысының мәдениет пен өнерді қолдау қоры Өскеменде шығарған «Ақ Ертіс» әдеби журналында жұмыс істеді.
2009-2013 жылдары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, ЖОО-ны «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмәмдады.
А. Оралхан «31-арна Өскемен» телеарнасында диктор, авторлық бағдарлама жүргізушісі, «Ирбис» Павлодар қалалық телеранасында коррекпондент, «Халық радиосы» радиостанциясында радиожүргізуші, Павлодар облысындағы белді әдеби басылым «NAIZATAS» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жауапты хатшысы болды. «Алты аңғар» поэзиялық жинағы 2020 жылы жарық көрді. 2022 жылы К.Луниннен аудармалары «Жаса, Қазақстан» кітабында басылды.
2020 жылы Айбек Оралханның «Алтын аңғар» атты поэтикалық жинағы жарық көрді. Сондай-ақ, ол Акбар Гошалы («Тұранның бір түп жусаны»), Наталья Харлампеева («Саханың сандал садағы»), Виктор Семерьянов, Низами Тагисой, Константин Лунин («Жаса, Қазақстан»), Павел Васильевтің топтама өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Айбек Тілеубекұлының белсенді шығармашылық қызметі көптеген жоғары жетістіктерімен, соның ішінде оның поэзия мен көркем оқудағы шеберлігін көрсететін беделді ұлттық байқаулар мен фестивальдардағы жеңістерімен ерекшеленді.
2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Айбек Оралхан «Шаңырақ» Павлодар облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы басшысының орынбасары болып табылады.
Макиенко Леонид (1936) - ақын.
1936 жылы Омбы облысында дүниеге келген. Омбы медициналық институтын бітіріп, өмір жолы Кенді Алтаймен байланысты болды. Өскемен өзінің туған қаласы болды, онда қырық жылға жуық уақыт бойы адамдарды емдеумен айналысқан. Медицина мен поэзияны біріктіру қиын, дегенмен хирург жан жүректен шыққан асыл жырларын да жарыққа шығарып отырған. Поэзиямен айналысуын Макиенко жастық шақтың алғашқы жылдарынан бастап бастады. Ол мектеп газеттерінің тұрақты редакторы болды, ал студенттік жылдары институттық аз таралымды басылымда қызмет етті.
1970 жылдардың басынан бастап Макиенко Шығыс Қазақстанның әдеби бірлестігінің мүшесі болды. Хирургиялық жұмыс пен күнделікті тіршілік поэтке әдебиет жолында едәуір алға шығуға мүмкіндік бермеді, негізгі жарияланымдары тек «Рудный Алтай» газетінің беттерінде ғана шықты.

Мұқан Хадиша Сейітқанқызы (1964-2020 жж.) – жазушы.
1964 жылы 5 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы, Қамысты ауылында дүниеге келген. Әкесі Сейітқан – ветеринар дәрігер болып жұмыс істеген, анасы Маруся батыр ана болған және үй шаруашылығымен айналысқан. Хадиша отбасында екі ұлдан кейін үшінші бала болып дүниеге келген.
1981 жылы Хадиша Мұқан Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернатты бітіреді. Еңбек жолын Ақмола облысы Қорғалжын ауданының телефон байланысының операторы болып бастаған. Кейін Өскемен қаласына көшіп келіп, «Атамекен» қалалық телеарнасының редакциясында редактор, журналист-аудармашы болып жұмыс істеді.
Хадиша Мұқан бірнеше драмалық шығармалардың авторы. 2008 жылы оның «Көк ата» деректі повесі жарық көрді, 2015 жылы облыстық «Отүкен» журналында оның «Жазмыштың ұлы» романы жарық көрді. Қандастардың (этникалық оралман қазақтардың) тағдыры туралы Хадиша Мұқанның «Бір тамшы қан» повесін Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов жоғары бағалаған. Қазақ әдебиетінің шебері тарихи мәліметтердің бірегей берілуін және осы шығарманың заманауи тұрғыда жазылуын ерекше атап өткен.
Хадиша Мұқан 2020 жылы 1 желтоқсанда мезгілсіз қайтыс болды.
Х. Мұқанның шығармалары
Произведения Мукан Х.
Кітаптар - Книги
Мұқан, Х. Көк ата : деректі повесть / Х. Мұқан. - Алматы : [б. ж.], 2008. - 135 б.
Мұқан, Х. Бір тамшы қан : повесть / Х. Мұқан. - Алматы : Ел-шежіре, 2013. - 160 б.
Германов Виктор Григорьевич (1936) – ақын.
1936 жылы 27 қаңтарда Қорған облысы, Чашинский (Қазіргі Белозерский) ауданы, Кіші Камаған ауылында дүниеге келген. Бес жыл Кеңес Армиясында қызмет етеді. Қызметтен кейін: жүргізуші, механизатор, электрослесарь, электромеханик, зертханалық жабдықты жөндеу инженері, электромонтер, кезекші электрик болып жұмыс істейді.
1964 жылдан 1980 жылға дейін Забайкальеде, Читте тұрып, жұмыс істейді.
1981 жылы Қазақстанға келеді, Өскеменде тұрады, зейнеткер. 2003 жылдан бастап облыстық «Ақ Ертіс» журналында өзінің ертегілері мен өлеңдерін мерзімді түрде жариялап тұрған.
В. Г. Германовтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Германова В. Г. в периодических изданиях и сборниках
Германов В. Друзья; Дружеский совет; Взгляд назад: Басни// Иртыш. - 2003. - N 4. - С. 85-88
Германов В. Бирюзовая мечта; Шарик и Бобик; Баклажан и осетр: Стихи // Ертiс - Иртыш.- 2005. - N 2-3. - С. 180-188
Германов, В.Очищение; Назад в будущее; Жених по интернету / Германов В. // Ақ Ертіс - Иртыш. - 2005. - №6. - С. 94-97

Қызыр Жәнібек (1949 ж. т.) – журналист, жазушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
1949 жылы 28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Е. П. Рыков атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Катонқарағай автоколоннасында темір ұстасы, кейін жүргізуші болып жұмыс істейді.
1972 жылы әскерден оралғаннан кейін «Арай – Луч» газетінің редакциясына әдеби қызметкер болып жұмысқа орналасады. Бұл ұйымда ұзақ жылдар жұмыс істейді, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болады. ХХ ғасырдың 60-жылдарында Қазақстан Журналистер одағының мүшелігіне қабылданады.
Жәнібек Қызырдың алғашқы өлеңдері «Ағажай, Алтайдай жер қайда?» жинағында жарияланады. Жәнібек Қызыр Катонқарағай ауданының 70 жылдығына арналған «Алтайдың алтын алқасы» атты мерейтойлық кітаптың жарыққа шығуына ықпал еткен. Жазушының «Жер жаннаты Катонқарағай», «Ер дастан» I, II том, «Ақбұлақ» кітаптары да оқырмандар арасында жоғары бағаланды. Автордың көптеген өлеңдеріне ән жазылып, ШҚО Катонқарағай ауданы ауылдарының сахналарында орындалады.
Жәнібек Қызырдың шығармашылық қызметі «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі, ҚР мәдениет, ағарту және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаметтің қолы қойылған Құрмет грамотасы, Қазақстан Журналистер одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының грамотасы, облыс әкімінің қолы қойылған грамота, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының грамотасы сияқты наградалармен марапатталған.
2009 жылғы 18 ақпанда Катонқарағай аудандық мәслихатының XI сессиясының №11/113-IV шешімімен Жәнібек Қызырға ауданның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтауға және насихаттауға қосқан зор үлесі үшін «Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы» атағы беріледі.
Ж. Қызыр шығармалары
Произведения Қызыр Ж.
Кітаптар – Книги
Ағажай, Алтайдай жер қайда : Өлеңдер жинағы. - А. : Полиграфия, 1999. - 303 б.
Ерлік - дастан : [Электрондық ресурс] : [Ұлы Отан соғысы кезіндегі катонқарағайлықтардың ерлік, еңбек жолдары туралы.] / дайындаған: Ж. Қызыр. - Алматы : Алаш, 2005. - 288 б.
Ерлік - дастан : [Электрондық ресурс] : [Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған кітапта катонқарағайлықтардың ерлік, еңбек жолдары баяндалады.]. . 2-кітап. / дайындаған: Ж. Қызыр. - Алматы : Орхон, 2010. - 320 б.
Жер жаннаты - Қатонқарағай / құраст. Ж. Қызыр. - Алматы : Орхон, 2008. - 368 б.
Қызыр, Жәнібек. Ақын ауылы : өлең / Ж. Қызыр // Нұрбаев А. Шығармалары : айтыстар, поэмалар, проза. арнаулар, естеліктер. - Алматы : Орхон баспа үйі, 2019. Т. 2. - Б. 227
Ж. Қызырдың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Кызыр Ж. в периодических изданиях
Қызыр Ж. Біз бесеу едік: [Ұлы Отан соғысының ардагері Л. Смамағзұмов жайлы] / Ж. Қызыр // Арай. - 1993. - 5 мамыр. - Б. 2
Қызыр Ж. Қаратайдың пырағы,Құлагері: [Жазушы О. Бөкейге арн. өлең] / Қызыр Ж. // Арай. - 1994. - 25 мамыр
Қызыр Ж. Ақын ауылы: [Катонқарағайлық ақын А.Нұрбаевқа арн. өлең] / Қызыр Ж. // Арай. - 1996. - 4 қазан
Қызыр Ж. Біз соғысты көрмедік: [өлең] / Ж. Қызыр // Арай. - 1998. - 5 мамыр
Қызыр, Жәнібек. Ленинді алмастырған қазақ: [Ардақты ұстаз С. Ластаев туралы.] / Ж. Қызыр // Дидар. - 2019. - 31 қазан. - Б.17
Қызыр Ж. Алдыңда ағаң болса: [Орденді шопан Баекин Қ туралы ] / Қызыр Ж. // Арай. - 2000. – 18 сәуір
Қызыр, Ж. Біз білетін Оралхан : [Оралхан Бөкейдің туғанына 60 жыл] / Ж. Қызыр // Дидар. - 2003. - 26 шілде (№72). - Б. 4.
Қызыр, Ж.Алтайымдай өр кеуделі арысым : [Оралхан рухымен сырласу] / Ж. Қызыр // Дидар. - 2004. - 18 мамыр (№47). - Б. 4.
Қызыр Ж. Тағдыр: баллада / Ж. Қызыр // Арай. - 2006. - 19 наурыз. - Б. 7
Қызыр, Ж. Төр Алтай қарымды қаламгерімен қоштасты : [жерлес жазушы Д. Әшімханұлы дүниеден өтті] / Ж. Қызыр // Дидар. - 2015. - 27 мамыр (№59). - Б. 3
Қызыр, Жәнібек. Әрі ақын, әрі басшы, әрі қайраткер еді: [Ақын Т. Рахымжанов туралы] / Ж. Қызыр // Дидар. - 2020. - 30 сәуір. - Б. 27
Қызыр, Жәнібек. Украинадағы жалғыз қазақ майдангері/ Ж. Қызыр // Алдаспан. - 2020. - 21 мамыр. - Б. 13. ; Дидар. – 2020 ; 2 маусым. - Б. 5
Қызыр, Жәнібек. Өмірінің басы қатты, соңы тәтті болды: [катонқарағайлық Қ.Жиреншин саяси қуғын -сүргін кезінде әнші Б. Төлегенованың әкесімен екі күн қамақта бірге болыпты] / Ж. Қызыр // Алдаспан. - 2020. - 4 маусым. - Б.13
Қызыр, Жәнібек. Жиреншиннің жолы бұраң, сапары алыс болды: [саяси қуғын-сүргін куәгері Қ. Жиреншин туралы] / Ж. Қызыр // Дидар. - 2020. - 6 маусым. - Б. 3
Қызыр, Жәнібек. Елдің еңсесін тіктеп, рухын оятуды мақсат еттік / Ж. Қызыр // Дидар. - 2021. - 28 қазан. - Б. 11
Қызыр, Жәнібек. Ақтамберді жыраудан бата алған Мая би / Ж. Қызыр // Дидар. - 2021. - 14 желтоқсан. - Б. 4
Қызыр, Жәнібек. Балтабай батырдың ұрпақтары атажұртын іздеп келді / Ж. Қызыр // Дидар. - 2021. - 14 желтоқсан
Қызыр, Жәнібек. Жастайынан ауыр жұмысқа жегілді: [Катонқарағайлық еңбегімен әйгілі болған Қани Мерғазин туралы] / Ж. Қызыр // Дидар. - 2022. - 19 мамыр. - Б. 16
Қызыр, Жәнібек. Катонқарағайдың тоқсан жастағы абызы : [аудандық "Арай"-"Луч" газеттерінің 90 жылдығына орай мақала] / Ж. Қызыр // Арай. - 2023. - 16 маусым. - Б. 3
Қызыр, Жәнібек. Батыр да, ақын да анадан туады: [Мұзтау қорының жетекшісі, демеуші Серік Толықбаев туралы] / Ж. Қызыр // Арай. - 2023. - 11 тамыз. - Б. 2
Қызыр, Жәнібек. Өр кеудедегі Мұзтауым (Оралханның рухымен сырласу) / Ж. Қызыр // Арай. - 2023. - 3 шілде. - Б. 3
Қызыр, Жәнібек. Қуанышты күндеріңіз көп болсын : [Катонқарағай ауданының Алтай кеңшары жұмысшылар кооперациясының басшысы Маулия Жиындинова туралы эссе] / Ж. Қызыр // Арай. - 2023. - 29 желтоқсан. - Б. 3
Қызыр, Ж. Өр Алтайға кіндігімен байланған журналист-жазушы: катонқарағайлық жазушы Қайырды Назырбаев туралы / Ж. Қызыр. - Мәтін (визуалды) // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 28 маусым (N26). - Б. 4.
***
Кызыров Ж. Он защищал родину: [об участнике Великой Отечеств. войны из совхоза им.Черняховского Катон-Карагайс. р-на М. Акбутине] / Ж. Кызыров // Луч. - 1994. - 3 мая. - С. 6
Кызыр Ж. Берельские курганы - культурное наследие: [о музее-заповеднике «Берел»] / Ж. Кызыр // Луч. - 2013. - 31 мая. - С. 1.
Қызыр Жәнібектың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Ж. Қызырдың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет
Литература о жизни и творчестве Кызыр Ж.
Кітаптар – Книги
Назырбаев, Қайырды. Алтайдағы ауыл : хикаят, әңгіме, мақалалар, өлеңдер, ауылдың айтқыштары / Қ. Назырбаев. - Нұр-Сұлтан : Prosto Print.kz, 2022. – 144 б.
Қапанов, Болатбек. Анамдай әлпештеген Асқар Алтай / Б. Қапанов. - Өскемен : [б. и.], 2011. - 566 б.
Мақалалар - Статьи
Демчинов, Қадірбек. Қаламгер мұраты / Қ. Демчинов // Арай. - 2009. - 24 шілде. - Б. 1.
Балтабаева Г. Жәнібек Қызыр поэзиясындағы ұлттық таным / Г. Балтабаева // Арай. - 2009. - 25 қыркүйек ; 2, 9, 16 қазан. - Б. 6.
Смағұлов Т. "Алтай азаматының" тұсауы кесілді: [Жерлес жазушы, ақын, публицист Ж. Қызырдың жаңа кітабы жарық көрді] / Т. Смағұлов // Дидар. - 2021. - 22 мамыр.- Б.8.
Қаңтарбаев Ә. Осы жұрт Жәнібекті біле ме екен? : [Ақын жерлесіміз Ж. Қызыр туралы] / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2016. - 1 тамыз. - Б. 20.
Қаңтарбаев , Ә. Төр Алтайдың Ақтамбердісі: катонқарағайлық жазушы Жәнібек Қызыр туралы / Ә. Қаңтарбаев . - Мәтін // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 26 шілде (N30). - Б. 4.
Серікхан, Т. Жерлес қаламгердің мерейтойы тойланды : катонқарағайлық жазушы Жәнібек Қызыр туралы / Т. Серікхан. - Мәтін // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 2 тамыз (N31). - Б. 2.
***
Осипова И. Трилогия о героях войны: [о презентации 3-й книги Ж. Кызырова «Ерлік – Дастан» к 70-летию Великой Победы] / И. Осипова // Рудный Алтай. - 2016. - 16 января.