Известные имена

Кеңес Одағының Батырлары

Попов А.Г.

Попов Александр ГригорьевичПопов Александр Григорьевич (1917-2004) - Кеңес Одағының Батыры.

7- гвардиялық Далалық майданның 73 –гвардиялық атқыштар дивизиясы, 209-гвардиялық атқыштар полкінің штаб бастығы, гвардия майоры.

Александр Попов 1917 жылы 24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған. Орта мектепті  бітірсімен Қазақ мемлекеттік Университетінің биология факультетіне оқуға түсіп, оның төрт курсын бітіреді. 1941 жылдың маусым айында Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1942 жылы Алматыдағы жеделдетілген жаяуәскерлер училищесін бітіреді. Осы кезде университеттегі  оқуын да сыртай бітіріп, дипломын қолға алады.  Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың мамыр айынан бастап қатысқан. Алғашқы ұрысқа лейтенант Александр Попов 1942 жылдың 12 мамыр күні Харьков түбінде батальон командирінің адьютанты қызметінде кірген еді. Оңтүстік Батыс, Сталинград, Воронеж, Дала, Сталинград, Курск майдандарына қатысқан. Әсіресе Днепрден  (Чернигов-Припять операциясы,1943 ж.) өту кезінде айрықша көзге түскен. 209 гвардиялық атқыштар полкінің (73-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 7-гвардиялық армия, Дала майданы) гвардия майоры Александр Попов 1943 жылы 25 қыркүйекте Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданы Бородаевка селосы тұсында Днепр өзенінен өтуді  асқан шеберлікпен ұйымдастыра білді. Басып алған плацдармды жау шабуылынан қорғау кезінде үш шабуылға тойтарыс бере отырып, бөлімшелерді жақсы басқарды.  

КСРО Жоғарғы Кеңесі  Президиумының  1943 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен жауынгерлік тапсырманы бұлжытпай сәтті орындағаны үшін гвардия майоры Попов Александр Григорьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз » (№ 1363) медалі қоса тапсырылды.  Одан кейін Ясско-Кишинев операциясына, Румыния, Болгария, Венгрия, Юголавияның астанасы – Белград қаласын азат етуге қатысты. Соғысты Австрия Альпісінде аяқтады.

Соғыстан кейін ержүрек офицер КСРО Қарулы күштерінде қызмет етті. М.В. Фрунзе атындағы Әскери Академияны бітірді. Командованиенің шешімімен жаңадан құрылған Алматы Далалық округіне округтің жедел дайындық бөлімі бастығының  көмекшісі қызметіне жіберілді.  Одан кейін Түскістан әскери округінде қызмет етті.

1952 жылы Әскери-дипломатиялық академияны бітіріп,  Бас штабтың бас барлау басқармасында қызмет етті.  1964 жылдан шет тілдері Әскери институттың оқытушысы қызметін атқарды. 1973 жылдың тамыз айынан бастап А.Г. Попов запасқа шықты. Мәскеу қаласында тұрды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін  РСФСР көлік министрлігінде қызмет істеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, Ардагерлер Кеңесін басқарды.  2004 жылы 30 сәуірде қайтыс болды. Мәскеудің «Горбрус» зиратына жерленген. (участок 18а).

А. Г .Попов туралы әдебиет

Литература о Попове А. Г.

Кітаптар - Книги

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.619.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.205

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Мақала - Статьи

Черных, С. Начальник штаба : [о Герое Советского Союза А. Г. Попове] / С. Черных, А. Потапов. - Текст // Рудный Алтай. - 1963. - 12 мая.

Блажко, А. От Волги до Балатона : [о герое Советского Союза А. Г. Попове] / А. Блажко. - Текст // Рудный Алтай. - 1969. - 22 февр.

Интернет- ресурстар

Интернет-ресурсы

Герои страны 

Биографии героев и писателей СССР 

Бессмерный полк 

ЦБС г. Семей 

Разведчики-герой советского союза

 

Рощин Л.М.

Рощин Лев МихайловичРощин Лев Михайлович (1922-1958) - Кеңес  Одағының Батыры.

190-шабуылдаушы авиациялық полк эскадрильясының  командирі (214-шабуылдаушы авиациялық дивизия, 15-әуе армиясы, Прибалтика майданы), аға лейтенант.

1922 жылы 30 қыркүйекте Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) қызметкер отбасында дүниеге келген. Кейін отбасы Риддер қаласына көшіп келді (1941 жылдан -2002 жылға дейін)– Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласы), 1942 жылдан ВКП (б)/КПСС мүшесі. №11 Риддер орта мектебінің  8 сыныбын бітірген, ФЗУ мектебі мен аэроклубта оқыған.  

1940 жылдан Қызыл Армия қатарында болды.  1941 жылы Томск ұшқыштар әзірлейтін  әскери-авиация мектебін бітірді. Невинномысс әскери-авиация мектебінде нұсқаушы-ұшқыш қызметін атқарды. Кавказ, Қырым, Прибалтиканы азат ету ұрыстарына қатысқан.

1944 жылы 5 мамырда Лев Рощин Севастополь аймағына екі рет ұшып, жаудың екі зенит  ошағын , жаяу әскері жиналған екі блиндажды, сондай-ақ көптеген әскери техниканы  жойды;  6 мамыр күні ИЛ-2 тобы Лев Рощиннің жетекшілігімен Херсонес  мүйісіндегі жау аэродромына шабуыл жасап, жаудың жердегі үш самолетін жойды.  

7 мамырда шабуыл қайталанды. Фашистің екі самолеті жойылып, жанар-жағармай қоймалары өртелді. Әскери тапсырмадан қайтар жолда ИЛ-2 тобын неміс истребительдері шабуылдады. Рощин әскери шабуыл барысында фашист ұшқыштарының бірде-бір самолетті  атуына жол  бермеді. Фашистер жетекші топқа  үш рет шабуыл жасағанымен, сәтсіз болды. Үшінші шабуыл кезінде аға лейтенант Рощин фашист истребителін атып түсірді.

190-шабуылдаушы авиаполк эскадрилінің командирі (214- шабуылдаушы авиациялық  дивизия, 15-әуе армиясы, 2-Прибалтика майданы), аға лейтенант Рощин 1944 жылдың тамызы ортасында жау тұрағы мен  әскери  нысандарына 470 әуе шабуылын жасады.

Ол осы кезеңде жаудың  31 танкісі мен 137 автокөлігін,  59 дала зеңбірегін, 43 зенит көздерін, 29 дзот, 3 паровоз және 37 теміржол вагонын, жерде жаудың мыңнан аса солдаты мен офицерін, 13 самолетін жойды, әуе ұрысы кезінде жаудың бір самолетін атып түсірді.

1944 жылғы 26 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен  неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін аға  лейтенант Рощин Лев Михайловичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.  

Соғыс жылдары Лев Рощин 565 әскери әуе шабуылын жасады.

Соғыстан кейін әскери-әуе күштері қатарында қызмет етті.  1951 жылы командалық құрамның  Жоғары ұшу-тактикалық Курсынан өтті, авиациялық полкті басқарды. 

Ленин ордені, төрт Қызыл Жұлдыз ордені, екі Александр Невски ордені, 2-дәрежелі  Отан соғысы ордені, үш Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталды. 

1958 жылы 20 ақпанда полковник Л.М.Рощин Минскі түбінде жаңа реактивті самолетті сынақтан өткізу кезінде қаза тапты. Пятигорск қаласындағы әскери зиратта жерленген.

Туып өскен қаласының бір көшесі  Батыр есімімен аталады.  1965 жылы 7 мамырда Жеңістің 20-жылдығында  Риддер қаласының №11 мектебіне Кеңес Одағының Батыры Лев Михайлович Рощин есімі берілді.

Л. М. Рощин туралы әдебиет

Литература о Рощине Л. М.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.638.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.209.

***

Черных, С. Штурмовик : [о Герое Советского Союза Л. М. Рощине] / С. Черных // Рудный Алтай. - 1964. - 29 мая.

Тихоновская, П. Высокое небо Л.Рощина: [о Герое Советского Союза Л. М. Рощине] / Рудный Алтай. - 1995. - 18 февр. 

Тихоновская, П. Память : [о Герое Советского Союза Л.М.Рощине] / П. Тихоновская. // Лениногорская правда. - 2000. - 29 сентября. - С. 4.

Рифель, Л. Их именами названы улицы / Рифель Л. // Рудный Алтай. - 2005. - 8 февр. - С. 2

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Биографии героев и писателей СССР- http://pavelskaz.ru/146.html

Герои страны

 

 

Рыжов Г.Т.

Рыжов Георгий ТимофеевичРыжов Георгий Тимофеевич (1919-1997) – Кеңес Одағының Батыры.

3-Украина майданы 46-армия, 34-гвардиялық атқыштар Енакиев Қызыл Тулы дивизиясы,  105 атқыштар полкінің бөлімше командирі, гвардия аға сержанты.

1919 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск ауданы (қазіргі Алтай), Соловьево   селосында туған. Колхозда жұмыс істеген. 1942  жылы қатарда Жаркент әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылған. 1942 жылдың қазан айынан майдан шебінде. 34 - гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында Сталинград. Оңтүстік, 4-ші, 3-ші, 2-ші Украина майдандарында шайқасқан.

Молдавия аумағында Днестрдің оң жағалауына плацдармды бекіту кезінде көзге түскен. (Днепроско-Карпат шабуылдау операцисы Одессе операциясы,1944 ж)

1944 жылы сәуір айында лейтенант Б.С. Васильев-Кытиннің басшылығымен 11 гвардияшыл Днестр өзенінен өтеді. (Молдавия с. Раскаец ) Оң жағалаудағы маңызды биіктікті басып алған соң жауынгерлер 36 сағат бойы жаудың бірнеше қарсы шабуылына төтеп беріп, жаудың 2 рота солдаты мен офицерінің көзін құртып, көптеген қару-жарақты қолға түсірген. Топ жетекшісі ауыр жараланған кезде Г.Т. Рыжов командаваниені өз қолына алған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13 қыркүйектегі жарлығы бойынша Днестр өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі  қоса тапсырылды.

Кеңес Одағының Батыры атағы  топтың 11 жауынгерге де берілді: Олар -гвардия лейтенанты  Б.С.Васильеву-Кытин, гвардия сержанты  А.И.Бирюков, Ф.Н.Жиле, Н.В.Чечулину,қатардағы жауынгерлер  А.В.Балабаев (қаза тапқан соң) , В.И.Глазунов, П.А.Гнучия, Г.Е.Коробов, В.И.Ломакин (қаза тапқан соң), Т.Л.Нуркаев.

1946 жылы гвардия старшинасы Г.Т. Рыжов әскер қатарынан босайды. Алматы қаласынада тұрып, ««Дорводстрой» тресінде тас қашаушы болып істеген. 1997 жылы қайтыс болып, алматының орталық зиратында жерленген.  Ленин (13.09.1944), 1-дәрежелі отан соғысы, (11.03.1985), 3- дәрежелі Даңқ  (16.04.1944) ордендерімен,  медальдармен марапатталған.

Зырян ауданы Соловьево селосының бір көшесіне батыр есімі берілген. 

Рыжов Г. Т. туралы әдебиет

Литература о Рыжове Г. Т.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Олардың есімі берілген... = Их именами названы... [Мәтін] : Ұлы Жеңістің 60 жылдығына = К 60 летию Великой Победы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2005. - 12 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.

***

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2

Есть в памяти мгновения войны [Текст] / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с.

Мақалалар-Статьи

Черных С. Василий Ломакиннің биіктігі [Мәтін] / Черных С., Наханов Х. // Коммунизм туы. - 1975. - 7 фев.- Б. 3.

***

Сагатов Е. Высота Василия Ломакина [Текст] : [о Герое Советского Союза Г. Т. Рыжове] / Е. Сагатов // Рудный Алтай. - 1975. - 15 февр.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Рыжов Георгий Тимофеевич [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=18717 (29.12.2018)

 

 

Рубусин С.М.

Рубусин Сергей Михайлович Рубусин Сергей Михайлович (1924-1945) – Кеңес Одағының Батыры.

1924 жылы Барнаул қаласында дүниеге келген. Ұлты орыс. Әкесінен ерте айрылған. 30-жылдары Рубусин отбасы Семей қаласына көшіп келеді. Сергей 15 жасынан  бастап металл құюшының шәкірті болды, кейін теміржолда жұмыс істеп, 1942 жылы сол жерден Қызыл Армия қатарына шақырылады. 2-ші және 3-ші Украина майданы шайқастарына қатысып, Отан үшін ерлікпен қаза тапқан. 1945 жылы 10 сәуірде қатардағы жауынгер Сергей Михайлович Рубусинге қаза тапқан соң Кеңес Одағының батыры атағы берілді.  

1945 жылы Совет Армиясы қаңтар шабуылының нәтижесінде гитлерлік Германия жерінде әскери іс-қимылдарға төтеп берді. Силезия, фашистік рейхтің негізгі өнеркәсіптік аумақтарында табан тірескен күрес жүрді. 1-Украина майданының алдында мынандай міндет тұрды – силезия топтарына соққы беріп, Нейсе өзені шебіне шығу, Берлин және Дрезден бағытында соққы беру үшін бастапқы позицияны ұстап тұру, сондай-ақ солтүстіктен Чехословакияда соғысушы жау әскерін басып алу.

13-армия құрамында әрекет етеуші 47-жеке отты қарулар батальоны 1945 жылы 2 ақпанда таң ата жаудың берік қорғанысын бұзып-жарып жаяу әскерге көмек беру және Штайнау (қазіргі Сьцинава, Польша) қаласын басып алу жөнінде бұйрық алды. 

Қызыләскер Рубусин жаудың тірек пункттеріне шабуылдаушы топтың алдыңғы қатарында  болды. Жау әскері тасадан оқ жаудырып, адым ашқызбады. Снарядтар мен миналар шабуылдаушы топтың айналасына түсіп, жауынгерлер жер бауырлай жылжыды. Сергей Рубусинге фашистер бекініп,  пулеметтен оқ жаудырып жатқан  екі үйді, огнемет-тің көзін құрту тапсырылды.

Ержүрек жауынгер тірек пунктіне бірінші болып жетті. Жалын лап етті. Немістер автоматтан оқ жаудыра  өртке оранған үйден шыққан бойда  Рубусиннің оғына тап болды. Бірнеше минуттардан кейін батыл огнеметші он фашистің көзін жойды. Гитлершілер енді көрші үйден біздің жаяу әскерлерге  пулемет пен автоматтан оқ жаудыруды үдете түсті.  Енді осы отты нүктелерді жою қажет болды. Бірақ оқ атылып тұрған үйге жақындау мүмкін емес еді

Рубусин екпіндей секіріп осы тірек пунктін отқа орап үлгірді. Фашистер дүрліге тасадан шыға бастады.  Рубусин граната және автомат оғымен тағы 15 жауды жойды, бірақ өзіне оқ тиген еді. Батыр өз өмірін қия отырып, қаруластарына  жол ашты.

Сергей Рубусиннің есімі Барнаул қаласындағы Даңқ мемориалына жазылған. Батыр атында көше бар.

Деректер

Источники

Кеңес Одағының батырлары – шығысқазақстандықтар: мағлұматнама = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: справочник. - Өскемен : ШҚМУ баспасы = Издательство ВКГУ, 2005.  – С. 95.

Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010.Герои Советского Союза – казахстанцы.  – Алма-Ата: Казахстан, 1968. - Т. 2 .  - С. 191-192. 

***

Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1988. - Т.2. - С. 374-375.

Герои Советского Союза - семипалатинцы [Текст]. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

Рубусин С. М. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. –Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=22816  (07.10.2018)

Рубусин С. М. [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный сайт алтайского края: сайт. –Режим доступа: https://www.altairegion22.ru/authorities/spisok/rubusin-sergei-mihailovich-19241945/  (07.10.2018)

Рубусин С. М. [Электронный ресурс] : [биография] // Ветераны Восточно-Казахстанской области: сайт. –Режим доступа: http://www.veteran-vko.kz/ru/heroes.htm?id=127  (07.10.2018)

 

 

 

Сапалев И.Г.

SapalevIvGr1Сапалев Иван Григорьевич (1912-1976) – Кеңес Одағының Батыры.

Иван Григорьевич Сапалев – Орталық майдан 13-Армия, 322 атқыштар дивизиясы, 603 жеке саперлер батальонының бөлімше командирі, кіші сержант.

Иван Сапалев  1912 жылы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Московка ауылында шаруа отбасында туған. Білімі-бастауыш. Алтын өндіретін  «Жұмба» кенішінде кенші болып істеген. Соғысқа 1942 жылы шілде айында аттанған.

Соғыс бойы 322 атқыштар дивизиясы 603 жеке саперлер батальоны құрамында – Батыс, Воронеж, Орталық, 1-ші, 4-ші Украина майдандарында шайқасқан. 

Чернигов –Припять шабылдау операциясы кезінде Сейм, Десна өзендерінен өтуде ерекше батырлық көрсетіп көзге түскен.

Новые Млыны селосы тұсында Сейм өзенінен өту үшін жүзебелі көпірді дайындау кезінде оның бөлімшесі  әуе шабуылына тап болады. Бораған оққа қарамастан көпірді қалпына келтіріп, дивизияның артеллериясын өткелден өткізуге ықпал етті. Бомбылау кезінде бүлінген көпірді қолма-қол жөндеп, іске қосып отырды. Десна өзенінен өту кезінде екі тәулік бойы өткелді үздіксіз жұмыс істетіп, дивизияның негізгі  бөлімдерін арғы жағаға өткізді.

 КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16 қазандағы Жарлығы бойынша Сейм, Десна өзендерінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Сапалев Иван Григорьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.

Соғыстан кейін еліне оралып, «Жұмба» кенішінде еңбек еткен. 1956 жылы Алтай өлкесінің Бийск қаласына қоныс аударып, № 122құрылыс-монтаж тресінде тас қалаушылар бригадирі  болып жұмыс істеген. Еңбекте де үнемі алда көрініп, бригадасы тресте алғашқылардың бірі болып,  коммунистік еңбек ұжымы атағын алған. Еңбек майданындағы табыстарын үкімет жоғары бағалап, 1966 жылы 5 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі  Президиумының Жарлығымен Ленин орденімен марапаттаған.

1976 жылы 27 ақпанда Бийск қаласында қайтыс болған. Батыр тұрған үйге мемориалды тақта орнатылған.    

Екі мәрте Ленин (16.10.1943; 5.08.1966), Қызыл Жұлдыз (16.10.1943; 5.08.1966),3-дәрежелі Даңқ, (30.08.1944), ордендерімен, 2 мәрте «За отвагу» (23.02.1943; 27.09.1943), «За боевые заслуги» (20.02.1943) т.б. медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейінгі жылдары марапаттау қағаздарында Батырдың тегі – Сопалев, Сополев, Саполев болып жазылған.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.657.
  • Отан батырларынмадақтайды.: Шығысқазақстандықтар -  Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 217 с.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Интернет-ресурстар: