Дуанов Бақытбек (1959) – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Шығыс Қазақстан облысының дзюдодан бас бапкері
1959 жылы 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданының Ақбұлақ (бұрынғы Горный) ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі совхозда жұмысшы, анасы бастауыш сынып мұғалімі, ҚазССР-дің ағарту ісінің озаты. Бақытбектің арғы атасы Жайық баласы Қожамжар би елге сыйлы, сөзі өтімді, дәулетті адам болған. 1873 жылы 7 қаңтарда бір топ азаматтармен бірге Ресей патшасы ІІ Александрдың қабылдауында болған. Ал атасы Дуан өте қайратты, қамшыгер адам болған деседі.
Бала кезінен күреске құштар Бақытбек 1967-1977 жылдары Горный орта мектебінде оқиды. 1977-78 жылдары орман техникумында оқиды.
1978-80 жылдары әскери борышын өтейді. Әскерден келісімен спортты серік еткен жас жігіт Өскемен пединститутының «Дене шынықтыру және спорт» факультетін бітіреді.
1984 жылы институт жолдамасымен Бозанбай ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде ұстаздық жолын бастайды. Қажымас еңбегі мен білімінің арқасында сол ауылдан 20-дан астам спорт шеберін тәрбилеп шығарады. Оның екеуі халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. 1996 жылы шәкірті Руслан Сейілханов АҚШ-тың Атланта қаласында өткен жазғы олимпиадаға қатысты.
1993 жылы Бақытбек Базарқатұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.
1988-1997 жылдары Бозанбай спорт мектебінде аға бапкер болып қызмет істеді. 1997 жылы Өскемен қаласындағы жоғарғы спорт шеберлігі мектебіне жұмысқа шақырды. Бақытбекті спортқа баулыған, өмірде үлгі болып жол көрсеткен ағасы КСРО спорт шебері, марқұм Мұратбек Дуанов болатын. Мұратбек Дуанов Күршім ауданы бойынша спорт саласында еңбегі сіңіп, «Кеңес Одағының спорт шебері» атағын алған тұңғыш спортшы еді.
Бақытбек Дуанов 2002 жылдан бері облыстың бас бапкері. Спортты дамытуға қосқан еңбегі бағаланып, самбодан КСРО спорт шебері, қазақ күресінен, дзюдодан «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Білім беру саласының үздігі» ,Білім беру саласының Құрметті қызметкері», «Қазақстанның үздік жаттықтырушысы», Күршім және Глубокое аудандарының "Құрметті Азаматы" т.б. атақтары бар. Бірнеше орден, медальдардың иегері.
Қырық жылға жуық бапкерлік еңбек жолында Қазақстанға еңбек сіңірген екі спорт шеберін, халықаралық дәрежедегі 13 спорт шеберін, 70-тен астам Қазақстанның спорт шеберін және халықаралық дәрежедегі 5 төрешіні дайындаған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен Б. Дуанов "Құрмет" орденімен марапатталған.
Б. Дуанов туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар
Публикации о Б. Дуанове в периодических изданиях
Кеңесұлы, Е. Атасы қайратты да қамшыгер болыпты : [әйгілі спорт шебері Бақытбек Дуанов туралы] / Е. Кеңесұлы. - Мәтін // Дидар. - 2022. - 27 қаңтар. - Б. 15.
Үсенов , Б. Білікті бапкер Құрметті азамат атанды / Б. Үсенов . - Мәтін // Рауан -Заря. - 2022. - 21 қаңтар. - Б. 5.
Жайлауов Талғат Бақытбекұлы (1982 ж.т.) – қазақстандық хоккейші, шеткі шабуылдаушы, Өскемендік хоккейдің тәрбиеленушісі.
1985 жылы 7 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. Спорттық карьерасын жергілікті «Торпедо» клубында бастады. «Мені «Торпедоға» қабылдаған Борис Александров еді» – дейді естеліктерінде хоккейші.
Спорттық жолы
«Торпедо» хоккей клубынд оның жаттықтырушысы Владимир Беляев болды. Сол клубтың сапында Қазақстан чемпионатында екі жыл ойнады. ҚХЛ құрылғаннан кейін астаналық «Барыс» командасының құрамын күшейту қажет болды. Осылайша Өскемендік түлек Талғат Жайлауов Астанаға қоныс аударып, 12 маусым бойы «Барыстың» намысын қорғады.
Талғат Жайлауов – ҚХЛ-дағы барлық маусымды команда сапында өткізген «Барыс» хоккей клубының аңызға айналған ойыншысы. Қазақстандық ең үздік хоккейші (2007).
Қазақстан мұзды хоккей ұлттық құрамасының капитаны 2007 және 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатындағы Қазақстан делегациясында Қазақ елінің көк байрағын ұстап шығу құрметіне бөленді. Форвард Қазақстан құрамасы сапында 9 әлем чемпионатында да өнер көрсетті.
2019 жылы команда өз ардагеріне ерекше құрмет көрсетіп, оның ойын кезінде киген жейдесін стадионның төбесіне салтанатты түрде орналастырды.
Ойын карьерасы:
2002-2007 Қазақстан Казцинк-Торпедо
2007-2018 Қазақстан Барыс
2018-2019 Қазақстан Торпедо
2019-2020 Қазақстан Барыс
2020-2021 Қазақстан Сарыарқа
Жетістіктері:
2007 жылғы қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
2005, 2007 жылдары Қазақстан чемпионы.
2011 жылғы қысқы Азия ойындарының чемпионы.
Ойындық мансабын аяқтаған Талғат Жайлауов «Номад» пен «Барыста» жаттықтырушы, «Сарыарқа» клубының директоры қызметін де атқарды.
Талғат Жайлауов 2025 жылғы 17 қарашадан хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері.
Отандық хоккейдің дамуына елеулі үлес қосқан Талғат Жайлауов Астана қаласында тұрады.
Т. Б. Жайлауов туралы әдебиеттер
Литература об Жайлауове Т. Б.
Кітаптар - Книги
Мыңбай, У. Чемпиондыққа жетелеген арман: болашақ чемпиондарды шабыттандыратын әңгімелер / У. Мыңбай; ауд.: А. Сейтқазы. - Астана: S.E.N. Creative Ltd, 2023. - 208 б.
Мақалалар - Статьи
Қасым, А. Талғат Жайлауов - Өскеменнің төрінде / А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2017. - 10 тамыз. - Б. 12
Әбенов, Ж. Мені "Торпедоға" қабылдаған Борис Александров еді: хоккейші Талғат Жайлауовпен сұхбат / Ж. Әбенов // Дидар. - 2016. - 26 қараша. - Б. 1,8,16
Қадылбекұлы, Ә. Талғаттың тұғыры: ["Торпедо-1" командасының хоккейшісі Талғат Жайлауов Латвияда өткен әлем чемпионатының үздік хоккейшісі] / Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2001. - 16 маусым. - Б. 4
***
Саудегеров, Е. Талгат Жайлауов: "В любом случае выйду на свой уровень" / Е. Саудегеров // 7 дней. - 2016. - N 47. - С. 9: портр.
Столбовская, Н. Талгат Жайлауов: "Трибуны ждут результатов" / Н. Столбовская // Семь дней. - 2007. - 23 марта. - С. 6.
Кондратьев Владимир Иванович (1963 ж.), ТМД-ғы «Сібір ойындарының» чемпионы, каратэден Еуропа чемпионы
Владимир Иванович Кондратьев –VI дана қара белдік иегері, у-шу, каратэ және таэквандо шебері
Володяны спортқа бейімдеген әрі алғаш жаттықтырушысы өзінің ағасы – Вячеслав еді. Көп кешікпей Володя қорғаныс әдіс-тәсілдеріне бейімдейтін спорт секциясына жазылады. Енді шығыс жекпе-жегі жас жігіт өмірінен ерекше орын алады. ХХ ғасырдың 70-жылдары-ақ ол өзінің кәсіби деңгейін көрсете бастады.
Мәскеудегі Олимпиада-80 қарсаңында барлық ел спортқа бет бұрды. Бүлдіршіндерден бастап ересектерге дейін дене шынықтырумен айналысты. Ал белгілі бір спорт түрімен айналысатын жандар міндетті түрде кәсіби маман дәрежесіне жетті. Спортқа деген осындай жаппай әуесқойлық Владимир Кондратьевке де әсер етпей қоймады, ол – шығыс жекпе-жегімен айналысты.
1980 жылы Кондратьев Қостанайдан Семейге қоныс аударды. Аталған жылы Володя өзен техникумына оқуға түсіп, «су жолы технигі» мамандығын тәмамдап, кемеге мінеді. Жас жігіт Совет Одағының өзендерін аралап, алғаш рет шекарадан шығады. Сол күннің өзінде де ол спортты тастаған емес. Теплоходта жүріп-ақ жаттығулар жасап, флоттың спорттық жарыстарына қатысып отырған.
1982 жылы Владимир Совет Әскері қатарына шақырылып, міндеттелген жасақ бөлімшесінде өтті. Осы әскери бөлімде дзюдодан спорт шебері дәрежесін алуға, кәсіби деңгейін жетілдіруге үлкен мүмкіндік болды.
1983 жылы Владимир міндеттелген жасақ әскері арасында дзюдодан Қарулы Күштер чемпионы атанды.
В. Кондратьев әскерден кейін барлық нормативтерді тапсырып, дзюдодан спорт шебері атағын алды. Кейін флотқа тым құштар еместігін түсініп, Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтқа оқуға түсіп, оны сәтті аяқтайды. Бұнымен қатар, Владимир жаттықтыру жұмыстары мен жарыстарға да қатысып жүрді. 1986 жылы Владимир Кондратьев спаррингтік техника мен тамишивардан бүкілодақтық рекорд жасады.
1995 жылы Қытай қаласы Шанхайда өткен бір жарыстарда спортшы ауыр жарақат алады. Дәрігерлер тіпті қозғалуға тыйым салады. Дегенмен, спортшы өзінің жігерлігіне жүгініп қайта нық тұрады. 1996 жылы ол Қазақстан Республикасы мен Балтия елдерінің джиу-джитсуден өткен ашық турнирінде жеңіске жетеді. Мұнда ол II дана қара белдік алу үшін кезекті тесті-емтиханын тапсырады.
Бұдан соң да Владимир Кондратьев біршама жеңістерге қол жеткізді: 1997 жылы – «Сібір жолбарысы» ТМД чемпионы (Новосібір), 1998 жылы – Берлиндегі контактілі каратэден Еуропа чемпионы. IV дана қара белдік иегері. 2002 жылы - у-шу саньданы мен каратэден Шао-Линь (Пекин) каратэ мектебінің турнирі. 2003 жылы – Кондратьев өмірінен сыр шертетін «Боец под знаком дракона» 40 минуттық деректі фильм түсірілді. Фильм «Мосфильм» киноконцернінің тапсырысымен жергілікті телекомпаниямен әзірленді.
2004 жылы Дубайда шығыс жекпе-жегінен әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 48 елден: Океания, Окинав архипелагы т.б. елдерден 270 спортшы қатысты. Қазақстаннан біздің жерлес - Владимир Кондратьев қана қатысып, жалғыз өзі VI дана қара белдікті иеленді.
Библиография:
Әрінұлы К. Кондратьев- каратэ шебері [Мәтін] : [Семейдегі Жастар сарайындағы спорткешені орталығының жетекшісі В. Кондратьевтің спорттағы жетістігінен] / Әрінұлы К. // Семей таңы. - 1999. - №11-17 наурыз(N10).- Б.2
Дәуменұлы К. Каратэнің хас шебері [Мәтін] : [Семейдегі Жастар-кешен спорт орталығының жетекшісі әрі жаттықтырушысы В.Кондратьев жайлы] / Дәуменұлы К., Өміртайұлы С. // Семей таңы. - 1998. - №3-9 желтоқсан(N44).- Б.4
Дәуменұлы К. Семейлік сібір барысы. [Мәтін] : [Каратэнің хас шебері, жерлесіміз В. Кондратьев туралы] / Дәуменұлы К. // Дидар. - 1999. - 15 маусым.- Б.
Икамбаев Жексен (1955 ж. т.) – спортшы, жаттықтырушы, КСРО спорт шебері, Қазақ КСР спорт шебері.
1970-1983 жылдардағы Қазақстандағы ең мықты, ең атақты балуандардың бірі. 1955 жылы 7 ақпанда Ұлан ауданы, Скалистое ауылында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін бітірген. 1978-1985 жылдар аралығында Ұлан ауданындағы Никитин атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы, кейін директор болып қызмет атқарды.
1985-1989 жылдары - «Қайрат» Ерікті спорт қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық кеңесінің самбо күресінен жаттықтырушысы. КСРО ыдыраған кезде Жексен туған ауылында құрылыс кооперативін құрады. 1995 жылдан бері Ізғұтты ауылындағы «Ерасыл» шаруа қожалығын басқарады.
Жексен Икамбаев күрестің төрт түрімен айналысқан: еркін, самбо, дзюдо, қазақша күрес. Ал осы жекпе-жек түрлерінің барлығында ол спорт шебері: еркін, самбо және дзюдодан – КСРО спорт шебері, қазақ күресінен – Қазақ КСР спорт шебері.
Спорттағы жетістіктері:
1973 ж. - жасөспірімдер арасындағы Қазақ КСР чемпионаты – 1 орын;
1974 ж. - КСРО Қарулы Күштері чемпионаты – 3 орын;
1974 ж. - Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жүлде үшін ҚазССР-нің абсолютті чемпионы;
1980 ж. - ҚазКСР чемпионы;
1987 ж. - ҚазКСР Спартакиадасының чемпионы;
Тоғыз рет Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ауыл спортшылары спартакиадасының абсолютті чемпионы атанды;
1976 ж. - ғарышкерлер В. Пацаев пен В. Добровольскийдің жүлделері үшін Бүкілодақтық турнир – 1 орын;
1977 ж. - КСРО МҚК жанындағы Шекара әскерлерінің спартакиадасы – 2 орын;
1977 ж. - Бүкілодақтық турнир – 1 орын;
1979 ж. - Бүкілодақтық турнир – 1 орын;
1980 ж. - ҚазКСР чемпионаты – 1 орын;
1981 ж. - Бүкілодақтық турнир – 1 орын;
1981 ж. - Қазақ КСР чемпионаты – 1 орын;
1976 ж. - Бүкілодақтық іріктеу турнирі – 2 орын. Ж. Икамбаев Шығыс Қазақстанды түрлі дәрежедегі жарыстар мен турнирлерде лайықты қорғайтын Қазақ КСР-нің сегіз спорт шеберін дайындады.
Ж. Икамбаев туралы әдебиет
Литература об Икамбаеве Ж.
Кітаптар - Книги
Икамбаев Жексен // Ұлан ауданының спорт жұлдыздары: / С. Е. Бидельманов. - Өскемен: Рекламный Дайджест, 2008. – Б.180.
Мақалалар - Статьи
Қаңтарбаев, Ә. Ақиқат пен аңыз немесе атақты палуан жайлы үзік сыр: [ Қазақша күрестен ауыр салмақ категориясында 12 жыл бойы абсолюттік чемпион болған Ұландық Ж. Иқамбаев жайында] / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 1999. - 2 ақпан.-Б.3.
Ескенқызы, А. Боз кілемнің пірі: [Балуан Ж. Иқамбаев туралы.] / А. Ескенқызы // Дидар. - 2018. - 15 қараша. - Б. 16.
Есімханов, Ә. "Бірің -Балуан Шолақ, бірің -Қажымұқан": ұландық Жексен Иқамбаев күрестің үш түрінен КСРО спорт шебері атанған / Ә. Есімханов // Менің өлкем. - 2021. - 22 шілде. - Б. 5.
Құсанбаев, С. Одақта ойран салған Иқамбаев / С. Құсанбаев // Дидар. - 2023. - 27 шілде. - Б. 14.
Есімханов, Ә. Шығыстан шыққан сақа спортшылар : шығысқазақстандық танымал спортшылар жайлы не білеміз? / Ә. Есімханов // Менің өлкем. - 2021. - 29 шілде. - Б. 5.
***
Кудайбергенов, К. Мастер казахской борьбы: [О засл.тренере РК и СССР по борьбе "казакша курес" Ж.Икамбаеве.Улан.р-н] / К. Кудайбергенов // Рудный Алтай. - 1999. - 10 июня. - С. 10.
Қосанов Ғұсман Сыйтықұлы (1935-1990) - жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы
Ғұсман Қосанов Сыйттықұлы 1935 жылдың 25 мамырында сол кезде Семей (казіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Новопокровка (Бесқарағай) ауданының Изатолла ауылында туған. Сол ауылдағы Абай атындағы 7 жылдық мектепті тамамдаған. Ауылдың шаңдақ жолын бұрқырата жүгірген қараторы бала жастайынан желаяқ атаныпты. Арада жылдар өтеді. Ғұсман әскер қатарына шақырылып, алыстағы Молдавия жерінде азаматтық борышын өтейді. Оның хас саңлақ, нағыз спортшы ретінде танылған кезі осы кез еді. Бір ойға аларлығы, Ғұсман байрақты бәсекелердің бірінде тағы бір даңқты желаяғымызбен кездесіп қалады.
– Сонау қашықта жүріп, қандасыңды көргеніңде туған жеріңді көргендей боласың. Тұйықтау, көп сөйлемейтін жігіт екен. Қуана қарсы алды. Біраз әңгімелесіп шер тарқаттық. Кейінде 1964 жылы Токиода өткен ХVІІІ олимпиадалық ойында КСРО командасының құрамында бірге болдық. – деп еске алады Әмин Тұяқов.![]()
Ғұсман Қосанов - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяқ. 1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медальға ие болды. Жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966), КСРО – АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері « атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан “Қосанов Мемориалы” атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Ғұсман Қосанов Лос-Анджелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3-4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді...
Қазақтың тұңғыш олимпиада жүлдегері Ғұсман Қосанов 1993 жылы 17 маусымда Алматы қаласында қайтыс болды. 1991 жылдан бастап атақты спортшы құрметіне «Қосанов мемориалы» атты халықаралық жарыс өтіп келеді.
Г. С. Косанов туралы әдебиеттер
Литература о Г. С. Косанове
Шиманбаев, С. Олимпиада оттары [Мәтін] : Афиныдан Москваға дейін. / Шиманбаев С. - Алматы : Қазақстан, 1980. - 138 б.
Нәсенов, Б. Абыралы - Сарыарқаның кіндігі [Мәтін]. Т. 3, 4-ші кітап : Абыралы - Сұңқарлары, 2002. - 758 б.
Қазақ олимпиадашылары [Мәтін]. - (Спорт саңлақтары). Т. 1 / құраст. Р. Қыдырбек. - Астана : Ер-Дәулет, 2009. - 558 б.
Тарихи тұлғалар [Мәтін] : (жалпы орта білім беретін мектептерге арналған көмекші құрал). - Алматы : Өлке, [200?]. - 30 б.
***
Они были первыми:[справочник]. - Алматы: Алматыкiтап, 2007. – С. 240-241.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Қосанов Ғұсман Сыйтықұлы [Электронный ресурс] [биография] : сайт. - Режим доступа : http://zhasorken.kz/?p=4445