Известные имена

Гавриленко П. П.

Гавриленко Петр Павлович (1928 ж.) – суретші, бейнелеу өнері шебері.

1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданы (қазір жоқ) Гусиное селосында дүниеге келген. 1946 жылы Семей өзен флоты училищесін бітірген соң, Жоғарғы Ертіс өзен пароходствосына жіберілді. Кеме қатынасында жұмыс істеп, руль басқарушы, кеме капитаны, кеме басшысы жұмыстарын атқарды. 1967 жылы алғаш рет суретшілер көрмесімен танысуы, Петр Павловичтің бұдан кейінгі шығармашылық дамуына ықпалын тигізді.    

Н. Яковлев, М. Беляев, В. Третьяков тәрізді кәсіби суретшілермен бірлескен іс-сапарлары үлкен мектеп болды. Петр Гавриленко 1968 жылдан бастап қалалық және облыстық көрмелерге қатыса бастады. Ленингрдад, Рига, Мурманск, Архангельск өзен флоты суретшілері байқауының дипломанты және лауреаты болды.

Суретші негізінен пейзаж жанрында жұмыс істейді.

2005 жылы Семей қ. Ф. М. Достоевский музейінде П. П. Гавриленконың "Осенняя сюита" атты жеке көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

 

П. П. Гавриленко туралы әдебиеттер

Литература о Гавриленко П. П.

 

 

Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств им. Семьи Невзоровых [Текст]. - Семипалатинск : Тенгри, 2003. - С. 165.

Гузеева, М. Пароходство в Семипалатинске [Текст] : назад в прошлое / М. Гузеева // Наше дело. - 2003. - 28 авг. - С. 6. 

Михайлова, С. Капитанская точка зрения [Текст] / С. Михайлова // Казахстанская правда.- 2005. — 28 декабря. — С. 2.

Рыкова, Н. Реликтовый бор [Текст] / Н. Рыкова // Наше дело. - 2003. - 28 авг. - С. 10; 4 сент. - С. 10.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

 

Гавриленко Петр Павлович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. - Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10790&lang=ru (06.02.2018) 

Ғазизұлы (Ғазизов) А.

Ғазизұлы (Ғазизов) Айдарбек – суретші-карикатурашы.Ғазизұлы (Ғазизов) Айдарбек (1958 ж.) – суретші-карикатурашы.

1958 жылы 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Теректібұлақ ауылында дүниеге келген.

Алматы қ. Жоғары көркемсурет училищесін бітірген. Карикатура – достық әзіл тақырыбын диплом жұмысы етіп алған.

Материалдары облыстық «Коммунизм туы» газетінде жиі жарияланып тұрды. Алғашқы суреті «Айлы түн» газетінде басылды. Республикалық мәндегі белгілі карикатурашыНиколай Казанцевті ұстазы санайды. Еңбектері орталық және республикалық БАҚ және шет елдерде жарияланған. Он жыл бойы «Саяси карикатура» жанрында жұмыс істейді.

Қазақстан Жастар Одағының лауреаты, карикатурадан Халықаралық конкурстарға қатысып, лауреат атанған: «Политика и политики», «Носорог» (Босния и Герцеговина) халықаралық журналы ұйымдастырған, Халықаралық «Сорос» қоры конкурсы, ресейдің «Новые известия» газетінің конкурсы. ЮНИСЕФ (Италия), «Золотая панда» (Китай) конкурстарының жеңімпазы. Айдарбек Ғазизұлының суреттері Болгарияның Ұлттық мұражайына қойылған.

Суретші 20 жылдан астам уақыттан бері республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жұмыс істейді.

 

А. Ғазизұлы жарияланымдары

Публикации Газизулы А.

 

Ғазизұлы, А.Маған әлі іздену керек [Мәтін] : [карикатурашы, күршімдік А. Ғазизұлымен сұхбат ] / А. Ғазизұлы ; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2011. - 20 маусым. - Б. 5.

Ғазизов, А. Республикалық айтысқа ең алғаш қатысқандардың бірі Кенжебай еді. [Мәтін] / А. Ғазизов // Дидар. - 2016. - 15 қаңтар. - Б. 19.

Ғазизов, А. Шона ағаның ақылымен саяси карикатураны қолға алдым [Мәтін] : [карикатурашы Айдарбек Ғазизов туралы] / А. Ғазизов // Дидар. - 2016. - 19 қараша. - Б. 8.

Іскендерұлы, Ғ. Дүниеге Аяз бидің көзімен қарайық [Текст] / Іскендерұлы Ғабит, Ғазизұлы Айдарбек // Егемен Қазақстан . - 2016.- 29 сәуір (№ 81). -Б. 4. - ҚР Президентінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында жариялаған "Әлем. XXІ ғасыр" атты манифесі жөнінде пікір.

Ғазизұлы, А. Карикатура - қалам ұшынан туған қару / сұхб. Қ. Дүргінбайұлы. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2024. - 22 тамыз(N32). - Б. 11.

 

 

А. Ғазизұлы туралы әдебиет

Литература о Газизулы А.

 

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : Энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. - Астана : Фолиант, 2011. – Ғазизұлы Айдарбек : б. 209.

Зияшева, К. Айдарбек қаламының айшықтары [Мәтін] / К. Зияшева // Дидар. - 2009. - 15 сәуір. - Б. 6.

Іскендерұлы, Ғ. Микеланджело елін мойындатты[Мәтін]: [cуретші Айдарбек Ғазизұлы туралы] / Ғ. Іскендерұлы // Егемен Қазақстан. - 2016.- 8 қараша. – Б. 14.

Тоқсанбай, Қ.Отыздың ортасында - отандасымыз [Мәтін]: [суретшiсi Айдарбек Ғазизұлы туралы] / Қ.Тоқсанбай // Егемен Қазақстан.- 2010. - 27 қазан. – Б. 15.

Мәмет, С.Мысыңды басар мысқыл суреттер[Мәтін] : [суретшi Айдарбек Ғазизұлының шығармашылығы туралы] / С. Мәмет // Егемен Қазақстан.- 2008.- 19 сәуiр. – Б. 8.

Қияс, А. Көзмерген карикатурашы [Мәтін] : карикатурашы  Айдарбек Ғазизов туралы / А. Қияс // Егемен Қазақстан. - 2018. - 19 сәуір. - Б. 16.

 

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

 

Айдарбек Ғазизұлы – суретші [Электрондық ресурс]: [өмірбаян] // youtube.com : сайт. – Пайдалану орны : https://www.youtube.com/watch?v=SO__nYmpwE4 (12.04.2017)

Годовский Е. Н.

Годовский Ефим Наумович - суретші, педагог.Годовский Ефим Наумович (1907-1975) - суретші, педагог, Ұлы Отан соғысының қатысушы.

Годовский Ефим Наумович Житомир қаласында (Украина) дүниеге келген. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1922 жылдан Киев қаласындағы Жасөспірімдер үйінде тәрбиеленіп, осы жерде бейнелеу студиясынан білім алады. 1925 жылы Мәскеу қаласынан Жоғары көркем-техникалық шеберлікті тәмамдап, суретші мамандығын алып шығады. «Бүкілодақтық суретшілер» ұйымында қызмет атқарып, шарт бойынша жұмыс істей жүріп қалаларға көп барған. 1940-1941 жж. Ржевскі драмалық театрында бас суретші болып еңбек етті. 1941 ж. Пенза қаласына қоныс аударып, әскери-техникалық училищені тәмамдайды. 1942 ж. қалалық әскери бөлімшеге шақырылып, майданға аттанады. 238-атқыштар дивизиясының құрамында болады. 1944 жылы қаңтарда қатты жараланып, нәтижесінде екі аяғынан да айырылады. 1945 ж. еңбекке жарамсыз деп танылады. 1947 ж. Өскемен қаласына келіп, Жамбыл атындағы ШҚ облыстық драма театрында бас суретші болып қызмет істейді. Бас суретші ретінде оның қатысуымен «Старые друзья», «За тех, кто в море», «Русский вопрос» спектакльдары қойылды.

20 жылдан астам уақыт (50-70 жж.) қалалық Пионерлер үйі жанындағы сурет өнері үйірмесіне жетекшілік етеді. Дарынды педагог Е.Н.Годовский бірнеше суретшілерге тәлімгерлік еткен: Қазақстан мен КСРО СО мүшесі - А.Щур, Қазақстан мен КСРО СО мүшесі – С.Шупляк, Л.Зайцев, В. Дранишников, Қазақстан мен КСРО СО мүшесі – А.Климов, Т.Орлова, Ғ.Құмарғазы, Риддер қаласында – Т.Леонова, Мәскеу қаласында – О.Кузнецова мен РФ халық суретшісі, сурет өнерінің академигі – В.Псарев. Қарағанды қаласында Қазақстан мен КСРО СО мүшесі – М.Жүнісов, Өскемен қаласында Қазақстан мен КСРО СО мүшесі – Г.Мерқасымов.

Е.Годовский жай сурет салып қана қоймай, адам болмысын тамаша көрсете білген. Оның ерен еңбегінің нәтижесінде бүгінгі күні Шығыс Қазақстанда оны зор ілтипатпен еске алатын дарынды да кәсіпқой-суретшілер жетерлік.

 

 

 

Е. Н. Годовский туралы әдебиет

Литература о Е. Н. Годовском

 

Кумаргазы, Г. Одухотворяющий родник культуры [Текст] / Г. Кумаргазы // Рудный Алтай. - 2008. - 3 июня. - С. 6.

Шварева, Е.  Учитель и ученики [Текст] / Е. Шварева // Мир искусства. - 2007. - 27 марта. - С. 4.

Школа жизни Ефима Годовского [Текст] : [альбом] . - Усть-Каменогорск : Шығыс полиграф, Б. г. - 42 с.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Три легендарных страницы [Электронный ресурс] // Культура Восточного Казахстана : сайт. - Режим доступа : http://kulturavko.kz/page2.files/page14.html (Дата обращения: 06.02.2018)

Гарафонов В. И.

Гарафонов Виктор Иванович – суретші.Гарафонов Виктор Иванович (1954 ж.) – суретші.

1954 жылы 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында дүниеге келген. Ф. Ф. Иванчук изостудиясынан тәлім алған. 1979 жылы В. Суриков атындағы Красноярск көркемсурет училищесін бітіреді. Училищені бітіргеннен кейін Абакан Драма театрына жолдама алғанымен, Свердлов опера театрына жіберіліп, біраз уақыт жұмыс істейді. Кейін, Солтүстікке, Якутияға табыс табу ниетімен барады. 1982 жылы Риддер қаласына оралап, қаланың бас суретшісі болады. Қала келбетін безендіру ісін қадағалап, фасадтар, мүсіндер жасайды. Қазіргі күні сол жылдардағы ғимараттардан суретшінің қолтаңбасын көруге болады.

1990 жылы Риддер көркемсурет мектебінде оқытушы болды, керамика, ағаштан ою-өрнек оймыштау бойынша үйірмелер жүргізді. Кейін Өскемен қаласындағы облыстық көркемсурет қорында жұмыс істеді.

Виктор Иванович жеке кәсіпкер, Риддер қаласын көркем безендіру бойынша тендерлеріне қатысады.

2009 жылы Виктор Гарафонов қалалық өлкетану музейін безендіру жұмыстарына қатысты. Оның фрескалары тарих және табиғат залдарының кеңістігіне ерекше көрікті рең беріп тұр.

Виктор Гарафонов шығармашылық жолында көркемсурет өнерінің көптеген жанрын игерді. Олар – картиналар, мүсіндер, фрескалар мен эскиздер, икона әшекейлеу, жыл сайынғы көрмелер, балалармен жұмыс т.б.

Табиғат көрінісін бейнелеп салуды ұнатады.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Немцев, М. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / М. Немцев. - Усть-Каменогорск : Изд-во «Медиа-Альянс», 2012. – Гарафонов Виктор Иванович : с. 194.

Бор, Ю. О том, что картины не рисуют, а пишут, нам поведал известный в Риддере человек – Виктор Гарафонов [Электронный ресурс] / Ю. Бор // altaynews.kz : сайт. – Режим доступа : https://altaynews.kz/archives/70784 (23.02.2018)

Виктор Гарафонов о насущном [Электронный ресурс] // youtube.com : сайт. – Режим доступа : https://www.youtube.com/watch?v=gCaBPs5xJRc (23.02.2018)

Головков А. А.

Головков Александр Александрович (1908-ө.ж.б.) – суретші, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1908 жылы Вологда қаласында (Ресей) дүниеге келген. Кейін отбасы Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласына көшіп келеді. Ф.Ф.Иванчук изостудиясында оқыған. 1941-1947 жылдары фашистік Германияға қарсы соғысқа қатысады. Жауынгерлік ордень-медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Поперечное селосында балалар үйінде директор болды. Тау-металлургияы техникумында сызудан сабақ берді. Комбинат кәсіпорындарында суретші-безендіруші болып жұмыс істеді.

Кейін Украинаның Кетюха селосына көшті.

Қайтыс болған жылы және күні белгісіз.

 

 

Деректер

Источники

 

 

Немцев, М. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / М. Немцев. - Усть-Каменогорск : Изд-во «Медиа-Альянс», 2012. – Головков Александр Александрович : с. 194.