Махно Олександр (1963 ж.) – суретші.
1963 жылы дүниеге келген. Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын (М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі) және Львов Сәндік-қолданбалы институтын бітірген. 1990 жж. бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика, мүсін өнері, қабырға суреті, икон жазу тәрізді әртүрлі жанрында табысты еңбек етеді. Сонымен бірге, пейзаж, натюрморт, композиция, жанрлық сцена жанрында жұмыс істейді. Металл, тері, ағаш, керамика өңдеуді игерген.
О. Махно SAC шығармашылық ұжымын ұйымдастырушының бірі.
Көптеген көркемсурет акциялары мен көрмелерге қатысты. Жеке көрмелерін ұйымдастырады.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында тұрады.
Деректер
Источники
Титенев, В. З. Қазақстан халқының өнері=Искусство народа Казахстана [Мәтін] / В. З. Титенев. – Алматы, 2017. – Махно Олександр: б. 164.
Шепель, О. "Игра в классика" Олександра Махно [Текст] : [о новом вернисаже в областном музее искусств художника из Семея Олександра Махно] / О. Шепель // Рудный Алтай. - 2014. - 13 марта. - С. 9.
Медведев Леонид Григорьевич (1948 ж.) – кескіндемеші, Ресей Суретшілер Одағының мүшесі, Ресей білім академиясының толық мүшесі, доцент, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РФ өнеріне еңбек сіңірген қайраткер.
1948 жылы 21 маусымда Талдықорған облысы Аман-Бухтер ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітіреді. Кейін Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтына (қазір Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық университеті) жұмысқа жіберіледі. Қазақстанның жас суретшілерінің көрмесіне қатысқан (1970).
Республикалық және өңірлік көркемсурет көрмелеріне қатысқан (1977).
1987 жылы КСРО Суретшілер Одағы мүшелігіне қабылданады. Жоғары білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін «За отличные успехи в работе» төсбелгісімен марапатталды.
1993 жылдан бері РФ Омск қаласында жұмыс істейді.
1977-1993 жж. — Өнер институтының директоры және Омск мемлекеттік педагогикалық университеті кафедрасының меңгерушісі. Қазіргі күні өнер факультетінің деканы болып жұмыс істейді.
1994 жылы Омск МПУ жанынан «13.00.02 - теория и методика обучения и воспитания изобразительному искусству» мамандығы бойынша аспирантура ашты.
1998 жылы кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі арнайы Кеңестің төрағасы болып тағайындалды (мамандық «13.00.02 - теория и методика обучения и воспитания (изобразительное искусство)»).
Оның жетекшілігімен 25 кандидаттық диссертация қорғалды, 1 ғылым докторы әзірленді. 50 аса шәкірті мен аспиранты РФ Суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі, 30 аса шәкірті – Бүкілресейлік және өңірлік конкурстардың лауреаты, түрлі дипломдар иегері болды.
Медведевтің басшылығымен төрт жаңа мамандыққа лицензия алу үшін бағдарламалық құжаттар әзірленді (Дизайн, Интерьер өнері, Сәндік-қолданбалы өнер, Монументалды-декоративтік өнер (бейнелеу өнері).
2005 жылдан бері көркемсурет мектебі, колледж оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінен үздіксіз көркемсурет және эстетикалық тәрбие берудің эксперимент алаңына жетекшілік жасайды.
Мәскеу педагогикалық университеті жанындағы бейнелеу өнері бойынша УМО мүшесі.
РФ ВАК «Вестник Чувашского государственного педагогического университета им. И. Я. Яковлева. Серия: гуманитарные и педагогические науки» ғылыми журналының редколлегия мүшесі.
1995 жылдан Омск мемлекеттік педагогикалық университеттің жоғары оқу орындарының бейнелеу өнері бойынша ғылыми-методикалық жинағының жауапты редакторы.
Л.Г.Медведевтің бастамасымен Омскіде көркемсурет-кәсіптік колледжі ашылды.
Ғылыми зерттеулер бағыты: Сібір аймағында көркемсурет педагогикасы бойынша ғылыми-әдістемелік мектеп қалыптастыру; көркемсурет мектебі, колледж оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінен үздіксіз көркемсурет және эстетикалық тәрбие берудің эксперименттік алаңын құру;
Көркемсурет факультеттерінде оқитын студенттерге арналған оқу құралдары «Живопись. Гармония чувства, мысли, цвета», монография (СПб, 2009 г.), «Академический рисунок в процессе художественного образования», монография (Омск, 2008 г.), «Формирование графического художественного образа на занятиях по рисунку» (Москва, 1986 г.), «Графический художественный образ и его выражение в академическом рисунке» (Москва, 1986 г.), «Критерии оценки художественного образа как фактор развития творческих способностей студентов» (Алма-Ата, 1990 г.) кітаптарының авторы.
Білім беру, ғылыми және әкімшілік жұмыстарды шығармашылық қызметпен үйлестіре жүргізеді.
Әртүрлі жанрда жұмыс істейді: пейзаж, портрет, тақырыптық картина.
Көптеген халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық беделді көркемсурет көрмелерінің лауреаты, дипломанты болды.
Омск облыстық Врубель атындағы бейнелеу өнері музейінде, Курган, Новосибирск, Магнитогорск, Нижневартовск, Семей, Алматы т.б. қалаларында жеке көрмелерін ұйымдастырды.
Оның бейнелеу өнері шығармалары Ресей, Қазақстан, соның ішінде, Омск бейнелеу өнері музейлерінде сақтаулы.
2007 жылы «РФ өнеріне еңбек сіңірген қайраткер» құрметті атағы берілді.
Л. Г. Медведевтің еңбектері
Труды Медведева Л. Г.
Медведев, Л. Г. Графический художественный образ и его выражение в академическом рисунке» [Текст] : (учебное пособие для студентов) / Л. Г. Медведев. - М. : МГПИ им. В.И. Ленина, 1986.
Медведев, Л. Г. Формирование графического художественного образа на занятиях по рисунку [Текст] / Л. Г. Медведев. - М. : Просвещение, 1986. - 159 с.
Медведев, Л. Г. Критерии оценки художественного образа как фактор развития творческих способностей студентов[Текст] / Л. Г. Медведев. - Алма-Ата, 1990.
Медведев, Л. Г. Академический рисунок в процессе художественного образования[Текст] : (монография) / Л. Г. Медведев.– Омск : Наука, 2008.
Медведев, Л. Г. Живопись. Гармония чувства, мысли, цвета[Текст] : (монография) / Л. Г. Медведев. -Санкт-Петербург : Мультипринт Северо-Запад, 2009.
Медведев, Л. Г. Дидактика детского художественного творчества[Текст] / Л. Г. Медведев. – Омск :Наука, 2010.
Медведев, Л. Г. Эстетическое воспитание в процессе художественного образовании [Текст] / Л. Г. Медведев. - Омск :Наука, 2015.
Л. Г. Медведев туралы әдебиеттер
Литература о Медведеве Л. Г.
Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых в городе Семипалатинске [Текст] : путеводитель.– Семипалатинск: Изд-во Тенгри, 2003. - 203 с.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Медведев Леонид Григорьевич [Электронный ресурс]: биография // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа :http://semeylib.kz/?page_id=10823&lang=ru (25.04.2018)
Медведев Леонид Григорьевич [Электронный ресурс]: биография // Международная ассоциация деятелей художественного образования : сайт. – Режим доступа : http://madho.ru/10-personalii/136-medvedev-leonid-georgievich (25.04.2018)
Медведев Леонид Григорьевич [Электронный ресурс]: биография // Централизованная библиотечная система города Семей : сайт. – Режим доступа : http://www.cbssemey.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1312&Itemid=1&lang=ru (25.04.2018)
Мерқасымов Ғабдулмәди (1949-1993) – суретші, мультипликатор, иллюстратор, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі.
1949 жылы 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Әйгілі суретші-педагог Ефим Наумович Годовскидің изостудиясында оқыды. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазір О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі), Ленинград педагогикалық институтының (А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті) көркемсурет графика бөлімін бітірді.
Үш жыл Мәскеуде еңбек етті. 1975 жылдан бері Алматы қаласында «Қазақфильм» студиясы жанындағы мультцехте жұмыс істеді. Балаларға арналған «Үш аю», Томпсон «Жизнь животных» тәрізді кітаптарды түрлі-түсті суреттермен безендірді. «Золотая бита» мультфильмі үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
1977 жылы Өскеменге келіп, көркемсурет-өндірістік шеберханаларда жұмыс істеді. Қала, облыс мекемелерінде безендіру жұмыстарымен айналысты.
Автордың жұмыстары Өскемен қ. Өнер музейінде, Мәскеу, Санкт-Петербург қ. жеке коллекцияларында сақтаулы.
1993 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Школа жизни Ефима Годовского [Текст] : изобразительное и декаративно-прикладное искусство Восточного Казахстана / Центр национального искусства «Улпа». – Усть-Каменогорск : Шыгыс полиграф.
Меркасимов Габдулмади Габдуалиевич [Текст] : [художник, член Союза художников РК ; некролог] // Рудный Алтай. - 1993. - 11 февраля. - С. 3.
Кумаргазы, Г. Художник Меркасимов [Текст] / Г. Кумаргазы // Рудный Алтай. - 1995. - 18 марта.
Кумаргазы, Г. Живительный сок для души и разума [Текст] : [о творчестве усть-каменогор.художника Г. Меркасимова] / Г. Кумаргазы // Алтайский строитель. - 1995. - 11 ноября.
Костюк, Л. Вечер памяти художника [Текст] / Л. Костюк // 7 дней. - 2016. - 18 февраля. - С. 3.
Гаврилова, А. Казахстанский Дюрер [Текст] : [о художнике Габдулмади Меркасимове] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2016. - 20 февраля. - С. 8.
Костюк, Л. Искусство продолжает жить... [Текст] / Л. Костюк // Дәстүр. - 2016. - № 2. - С. 30-33.
Костюк, Л. "Краски мечтаний" Габдулмади Меркасимова [Текст] / Л. Костюк // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2017. - № 5.- С. 116-121.
Меркасимов Габдулмади [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=290 (14.06.2018)
Меньшиков Виктор Сергеевич (1926 ж.) – суретші, жазушы, журналист, заңгер, Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1926 жылы 28 желтоқсанда РСФСР, Воронеж облысы, Аннинский ауданының Анна ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1941 жылы Воронеж қаласындағы № 10 қолөнер училищесіне слесарь оқушысы болып қабылданды. 1941 жылдың қыркүйегінен Воронеж облысы Анна станциясы темір жолының жұмысшысы болған. 1943 жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін Воронеж қаласының №1 фабрика-зауыт оқыту мектебінде (ФЗО) оқудан өткен, слесарь-сантехниктің шәкірті болған.
1944 жылы ақпанда Қызыл Армия қатарына шақырылып, майданға жіберілді. 1944-1945 жылдар аралығында Польша мен Германиядағы шайқастарға минер ретінде қатысқан. 1945 жылдан 1951 жылдың қыркүйегіне дейін Германиядағы оккупациялық әскерлер тобында қызмет етті. «Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны басып алғаны үшін», «Польшаны азат еткені үшін», «Кеңес Армиясы мен флотына 30 жыл» медальдарымен марапатталған. Запастағы аға сержант әскери атағы бар.
1951 жылдың қыркүйегінен 1953 жылдың желтоқсанына дейін Воронеж қаласындағы рефлекторлық вагон жасау зауытында слесарь болып жұмыс істеді. 1953 жылдың наурызынан 1955 жылдың мамырына дейін – Украина КСР Гадяч қаласының (қазіргі Украина республикасы) әскери бөлімінің жүргізушісі. 1955 жылдың маусымынан 1960 жылдың наурызына дейін – РСФСР (қазіргі РФ) Алтай өлкесі Змеиногорск ауданы, аспалы кен жабдығының слесарь-монтажшысы. 1960 ж. сәуір-қыркүйек аралығында – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының үй құрылысы комбинатының слесарі. 1960 жылдың қыркүйегінен 1963 жылдың шілдесіне дейін – Өскемен қаласының Титан-магний комбинатының слесарі. 1958-1963 жж. Мәскеу Бүкілодақтық заң институтында «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай оқыды. Институтты бітіргеннен кейін 1963 жылдың маусым айынан бастап Өскемен қаласы прокуратурасының тергеушісі болып жұмыс істеді. 1963 жылдың қыркүйегінен – Шығыс Қазақстан облысы прокурорының жалпы қадағалау, қылмыстық-сот қадағалау жөніндегі көмекшісі. 1964 жылдың сәуірінен – Шығыс Қазақстан облысы прокурорының көмекшісі. 1967 жылдың маусымынан 1971 жылдың ақпанына дейін – Өскемен қ. ШҚ прокуратурасының тергеу бөлімінің прокуроры. 1971 жылдың ақпанынан 1991 жылға дейін – Шығыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі.
В. С. Меньшиковтың шығармалары
Произведения Меньшикова В. С.
Меньшиков, В. С. Как велит закон [Текст] : (записки судьи) / Меньшиков В.С. - Алма-Ата : Казахстан, 1988. - 88 с.
Меньшиков, В. Из блокнота судьи. 1970-1990 [Текст] : рассказы и очерки / В. Меньшиков. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2006. - 276 с.
Меньшиков, В. Повороты судьбы [Текст] / В. Меньшиков. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2011. - 209 с.
В. С. Меньшиков қатысуымен шыққан кітаптар
Книги, вышедшие при участии Меньшикова В. С.
Соловьев, Л. В. Повесть о Ходже Насреддине [Текст] : художественная лит-ра / Л. В. Соловьев ; [послесл. Д. Молдавского ; худож. В. Меньшиков]. - Л. : Художественная литература, Ленингр. отд-ние, 1976. - 563 с.
Мерзімді басылымдағы мақалалар
Публикации в периодической печати
Меньшиков, В. Никто не хотел умирать [Текст] : рассказ / В. Меньшиков // Рудный Алтай. - 1994. - 5 мая.
Меньшиков, В. На краю [Текст] : рассказ / В. Меньшиков // Рудный Алтай. - 1994. - 28 мая ; 4июня.
Меньшиков, В. Красный флаг победы [Текст] : [воспоминания участника штурма Берлина из г. Усть-Каменогорска ...] / В. Меньшиков // Рудный Алтай. - 1999. - 6 мая.
Меньшиков, В. На краю [Текст] : рассказ / В. Меньшиков // Ақ Ертіс - Иртыш. - 2003. - № 1. - С. 104-108.
Меньшиков, В. На подступах к Берлину [Текст] / В. Меньшиков // Ақ Ертіс - Иртыш. - 2005. - № 6. - С. 90-93.
В. С. Меньшиков туралы әдебиеттер
Литература о Меньшикове В. С.
Меньшиков, В. С. Тот самый Меньшиков [Текст] : [беседа с усть-каменогор.художником В. С. Меньшиковым] / В. С. Меньшиков // Рудный Алтай. - 1997. - 15 февр.
Орлова, Т. Весна победы [Текст] / Т. Орлова // Рудный Алтай. - 2005. - 5 мая. - С. 4.
Кулев, И. Краски жизни [Текст] : [в ВК суде прошла выставка картин участника ВОВ, ветерана судебной системы ВКО В. С. Меньшикова] / И. Кулев // Семь дней. - 2010. - 6 мая. - С. 5.
Кулёв, И. Фронтовая закалка [Текст] / И. Кулёв // 7 дней. - 2013. - 9 мая. - С. 7.
Кулёв, И. Ради жизни на планете [Текст] / И. Кулёв // 7 дней. - 2014. - 8 мая. - С. 3
Кулёв, И. Жизнь, достойная уважения [Текст] / И. Кулев // 7 дней. - 2017. - 12 января. - С. 3.
Пашке, Е. Судья, художник, журналист [Текст] : [о ветеране ВОВ, судебной системы Викторе Сергеевиче Меньшикове. Юбилей - 90 лет] / Е. Пашке // Рудный Алтай. - 2017. - 7 января. - С. 6.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Антоненко, С. Выставка Победы [Электронный ресурс] / С. Антоненко // Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа : http://etnografiavko.kz/etno7_files/vustavki10.html (26.04.2018)
Виктор Сергеевич Меньшиков [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанский областной суд : сайт. – Режим доступа : http://vko.sud.kz/rus/content/o-veteranah-sudebnoy-sistemy-1 (26.04.2018)
Луцкая, Т. Виктор Меньшиков [Электронный ресурс] : [биография] / Т. Луцкая // Культура ВКО : сайт. – Режим доступа : http://www.kulturavko.kz/page2.files/page23.html (26.04.2018)
Меньшиков Виктор Сергеевич [Электронный ресурс] : [биография] // Централизованная библиотечная система города Семей : сайт. – Режим доступа : http://www.cbssemey.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1313&lang=ru (26.04.2018)
Щеглов, В. Краски Победы [Электронный ресурс] / В. Щеглов // Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа : http://etnografiavko.kz/etno7_files/vustavki10.html (26.04.2018)
Морозов Борис Филиппович (1944 ж.) - көркемсуретші, график, КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
1944 жылы 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Песчанка ауылында туған. Алматыдағы Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде оқыған (қазір О.Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет училищесі) (1964-1965), Н.К. Крупская атындағы Мәскеу өнер университетін (қазір Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті) сырттай тәмамдаған (1971). Б.Ф.Морозов шығармашылығына суретші Леонид Агейкин зор ықпалын тигізген.
Әр түрлі жанрда жұмыс істейді: пейзаж, портрет, тарихи және философия және тағы басқа да тақырыптар. Суретшінің пейзаждары әртүрлілігімен, әдемілігімен және бояуының қанықтығымен ерекшеленеді. Оның көркемсуреттері ешкімге ұқсамайтын өзгешелігімен танылған.
1979 жылдан бастап суретші Усть-Таловка ауылындағы балалардың халықтық «Ласточка» бейнелеу студиясына жетекшілік етеді. Оның шәкірттері - бірнеше мәрте республикалық және бүкілодақтық балалар шығармашылығы байқауларының жеңімпазы.
Борис Филлипович әр түрлі деңгейдегі 20-ға жуық көрме өткізді, оның ішінде халықаралық көрмелер де бар. Оның жұмыстары Өскемен, Алматы,Мәскеу, сондай-ақ Германия, Чехославакия, Венгрия, Болгария елдерінің көрмелеріне қойылды.
Б. Ф. Морозов Шығыс Қазақстан облыстық музейімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Жыл сайын Тәуелсіздік Күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты көрме-конкурсқа қатысады.
Мақалалар –статьи:
Шмунк, Г. Легкая кисть художника [Текст] / Г. Шмунк // Рудный Алтай. - 2004. - 7 августа. - С. 7.
Кратенко, А. Художник, которому улыбается природа [Текст] / А. Кратенко // Рудный Алтай. - 2004. - 14 декабря. - С. 8.
Луцкая, Т. На высоты духа [Текст] / Т. Луцкая // Деловой Усть-Каменогорск. - 2005. - № 9. - С. 30-31.
Григорьева, Е. Подарок от мастера [Текст] / Е. Григорьева // ЛЗ : Сегодня. - 2008. - 2 мая. - С. 2.
Шмунк, Г. На полотнах - яркие личности [Текст] : в Шемонаихе открылась выставка работ известного художника Бориса Морозова / Г. Шмунк // Рудный Алтай. - 2008. - 6 мая. - С. 8.
Семенова, Л. Дерева без корней не бывает [Текст] / Л. Семенова // Рудный Алтай. - 2008. - 8 мая. - С. 8.
Гаврилова, А. Край родной, обними меня... [Текст] : в ВК музее искусств проходит персональная выставка "Вечный зов Родины" члена Союза художников СССР и РК Б. Морозова / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2013. - 27 апреля. - С. 6.
Черепанова, В. На выставке мастера [Текст] / В. Черепанова // 7 дней. - 2014. - 7 августа. - С. 2.
Малюкевич, Н. Время останавливается, когда в его руках кисть... [Текст] : [о художнике Борисе Морозове, награжденный почетным знаком международной энциклопедии "Лучшие люди"] / Н. Малюкевич // Рудный Алтай. - 2016. - 10 сентября. - С. 16.
Малюкевич, Н. Картины на любой вкус [Текст] : [об открытии выставки в Шемонаихинском районном историко-краеведческом музее «Мир через искусство»: художники Борис Морозов, Николай Шушаков, Вадим Салмаханов, Анатолий Шаров, Ирина Журавлева, Юлия Сорокина, Татьяна Калмакова и др.] / Н. Малюкевич // Рудный Алтай. - 2017. - 21 декабря. - С. 24.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Морозов Борис Филиппович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский областной музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/kz/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=197 (15.06.2018)
На высоты духа [Электронный ресурс] : [о художнике Морозове Б. Ф.] // Библиотека им. О. Бокея : сайт. – Режим доступа : http://kitaphana.kz/ru/kraevedenie/iskustvo/iso-iskusstvo/4295-morozov.html (15.06.2018)