Нұрсадықов Құдаш Дәулетқанұлы (1962 ж.) – суретші, кескіндемеші, график, мүсінші, суретші-безендіруші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.
1962 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы (қазір Катонқарағай ауданы) Үштөбе ауылында дүниеге келген. Семей пединститутының (1984, қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық университеті) көркемсурет-графика факультетін бітірді.
1984-1995 жж. Үштөбе ауылындағы орта мектепте мұғалім, 1995-2004 жж. – Өскемендегі №44 О.Бөкей атындағы мектепте мұғалім, 2004-2007 жж. қор меңгерушісі, 2007-2008 жж. Шығыс Қазақстан облыстық музейі директорының орынбасары болды. 2008 жылы жеке «Сурет» бейнелеу өнері студиясын ашты. 2010 жылдан бері «Нұр Орда» халықаралық мектебінде мұғалім.
Жергілікті ақындардың 5 жыр жинағын иллюстрациямен безендірді.
Аудандық, облыстық көркемөнерпаздар конкурсы (1984-1995), облыстық Өнер мұражайында ART көрмелер (2004), суретшілер арасында өткен көрме-конкурстар (2008), облыстық шеберлер конкурстарына қатысты.
2008 жылы Құдаш Нұрсадықов қалалық әкімдіктің қолдауы және Өскемен қаласының мәдениет басқармасымен бірлесіп қалада алғаш рет «Арбат фест» акциясын ұйымдастырды.
Құдаш Дәулетқанұлы Шығыс Қазақстан Өнер мұражайында өтетін көрмелерге тұрақты қатысады.
ҚР Білім және мәдениет министрлігінің грамоталары және дипломдарымен марапатталған. Республикалық «Тәуелсіздік өнері» конкурсының жүлдегері, «Менің Қазақстаным» атты дәстүрлі көрменің Гран-при иегері (2012).
Қ. Д. Нұрсадықовтың мақалалары
Статьи Нурсадыкова К. Д.
Нұрсадықов, Қ. Балалар роботқа айналып барады / Қ. Нұрсадықов. - Мәтін // Дидар. - 2022. - 10 ақпан. - Б. 9.
***
Нурсадыков, К. Шаг в бессмертие [Текст] : о воине-афганце Е. У. Мусабаеве / К. Нурсадыков // Знамя труда. - 1987. - 10 октября. - С. 3.
Нурсадыков, К. Д. Об итогах работы учреждений образования в 1997-1998 учебном году и проблемах на новый учебный год [Текст] : [народное образование Катон-Карагайского района] / К. Д. Нурсадыков // Луч. - 1998. - 1 сентября.
Литература о К. Д. Нурсадыкове
Кітаптар-книги
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Нұрсадықов Құдаш Дәулетханұлы: б. 342.
***
Нурсадыков Кудаш Даулетханулы [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский областной музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=159 (15.06.2018)
Попов Александр Гаврилович (1926 ж.) – суретші.
1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Выдриха селосында дүниеге келген. 1935 жылы отбасы Алматы қаласына көшіп келеді. 1951 жылы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген соң, Шемонайхаға оралып, 24 жыл педагогика саласында қызмет етті. Суретшінің өнер туындылары республикалық, облыстық, аудандық деңгейде ұйымдастырылған көрмелерге қатысты. Картиналары облыстық және Шемонайха музейлерінің қорында сақтаулы. Александр Гаврилович Шемонайха қаласы гербінің авторы. Шемонайха қаласының Құрметті азаматы. Картиналарының басым көпшілігі (300 ден аса) Шемонайха тарихи-өлкетану музейі қорында сақталуда. Суретші 2001 жылы қайтыс болды.
А.Г. Попов туралы әдебиеттер
Литература о Попове А.Г.
Засухина, Н. Верность натуре [Текст] : [о творчестве художника-графика из Шемонаихи А.Г.Попове] / Н.Засухина // Ленинское знамя. - 1994. - 23 апр.
Шмунк, Г. Вставлен в рамку зимний день [Текст] : [о творчестве художника А.Г.Попова из Шемонаихи] / Г.Шмунк // Рудный Алтай. - 1997. - 21 янв.
Орлова, Т. Божьей милостью художник [Текст] : [о творчестве художника А.Г.Попова] / Т.Орлова // Рудный Алтай. - 2001. - 27 январь. - С. 9.
Памяти художника [Текст] // Славянка. - 2003. - 21 февр. - С. 3.
Пола, А. О художнике, учителе, человеке [Текст] / А.Пола // Уба. - 2006. - 24 февр. - С. 14.
Харченко, Н. Божьей милостью художник [Текст] / Н. Харченко // Вестник культуры. - 2006. - №1. - С. 28-29.
Интернет-ресурстары
Интернет-ресурсы
Попов Александр Гаврилович – Пайдалану орны: http://shemlibrary.kz/index.php/nashi-talanty/khudozhniki/196-popov-aleksandr-gavrilovich
Рычков Георгий Григорьевич (1921-2004) - кескіндемеші, график, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1921 жылдың 24 мамырында Семей губерниясы, Бұқтырма уезіне қарасты Зырян қаласында дүниеге келген (қазір Зырян ауданы Шығыс Қазақстан облысы).
1939 жылы Зырян қаласында толық емес орта мектепті аяқтайды. Сол жылы Омбыдағы көркемөнер училищесінің сурет салу және сызу бөліміне оқуға түседі. Онда екі жыл оқып, 1941 жылдың маусымында соғысқа аттанады. Соғысты бастан-аяқ капитан шенінде өткереді, атқыштар взводының командирі болады. 1945 жылдың тамыз - қыркүйек айларында Жапониядағы әскери қимылдарға қатысады.
Соғыстан оралған соң Зыряндағы №28 мектепте сурет шебері болып жұмыс істеді. 1950 жылы А. П. Боголюбов атындағы Саратов көркемөнер училищесін бітіреді. Өскеменнің өнеркәсіп кәсіпорындарында суретші болып жұмыс істейді. 1962 жылдан Қазақ ССР көркемөнер қорының көркемөнер-өндірістік шеберханасында жұмыс істейді.
Негізгі жанрлары – портрет, натюрморт, пейзаж.
Ол Өскемен қаласының Суретшілер үйіндегі қалалық және облыстық ұжымдық көрмелерге қатысқан.
Шығыс Қазақстан өнер мұражайының қорында автордың 63 көркем полотносы және 8 графикалық жұмысы сақтаулы.
2004 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Школа жизни Ефима Годовского [Текст] : изобразительное и декаративно-прикладное искусство Восточного Казахстана / Центр национального искусства «Улпа». – Усть-Каменогорск : Шыгыс полиграф.
Рычков Георгий Григорьевич [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/kz/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=196 (15.06.2018)
Смайылов Марат Әділғазыұлы (1968 ж.) – суретші, ҚР саңырау суретшілер одағының Шығыс Қазақстан бөлімінің төрағасы
1968 жылы Самар ауданы (қазір Көкпекті ауданы) Көкжыра ауылында дүниеге келген. Бейнелеу, сурет салу өнерін Зырян қаласындағы изстудияда оқытушы Тамара Васильевна Чурсинадан оқып, үйренеді. Кейін Ленинградта Бүкілодақтық саңыраулар қоғамының көркемсурет политехникумында кәсіби білім алады.
1980 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастады. Көрмелері 1992-1994 жж. «Арман» Мәдениет Үйі; 1995 жылы - Суретшілер Үйінде Абай Құнанбаевқа арналған көрме; 1998-1999 жж. Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі; 2001-2008 жылдары Өскемен, Зырян, Астана қалаларында ұйымдастырылды. Марат Смайылов суреттері жеке шетелдік коллекцияларда сақталған.
Өскемен қаласында тұрады.
2017 жылы Шығыс Қазақстан өнер мұражайында ІІІ топ мүгедегі, суретші Марат Смайылов шығармашылығына арналған «Поющий в тишине» атты қайырымдылық кеш өтті.
Деректер
Источники
Қасымов, А. Кеңдігіңді қайтейін, кем дүние... [Мәтін] : [Мүгедек суретші М. Смайылов туралы] / А. Қасымов // Дидар. - 2017. - 21 қаңтар. - Б. 8.
***
Орлова, Т. Пространство любви [Текст] : [о художниках Марате и Елене Смаиловых] / Т. Орлова // Рудный Алтай. - 2001. - 20 сентября. - С. 7.
Шавлева, Д. Бумеранг добра запущен [Текст] : [о творчестве художника Марата Смаилова и его персональной выставке в ВК Музее искусств. 50 лет] / Д. Шавлева // Рудный Алтай. - 2017. - 18 марта. - С. 4.
Смаилов Марат Адылгазыевич [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=126 (15.06.2018)
Школа жизни Ефима Годовского [Текст] : изобразительное и декаративно-прикладное искусство Восточного Казахстана / Центр национального искусства «Улпа». – Усть-Каменогорск : Шыгыс полиграф.