Известные имена

Белозерцев Алексей

Белозерцев Алексей (өмір жолы белгісіз) – суретші, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында дүниеге келген. 1937 жылы сурет өнері бойынша Франц Феликсович Иванчуктан тәлім алған. Ол сурет салуға бейімді оқушының бірі болды. Пейзаж, натюрморт және портреттерді бейнелеуде ерекше қабілетін көрсетті. Ұлы Отан соғысы басталғанда майданға аттанып, неміс-фашист басқыншыларымен шайқаста қаза тапқан.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Немцев, М. Литературный Риддер [Текст] : биографический спарвочник / М. Немцев. – Усть-Каменогорск : Изд-во «Медиа-Альянс», 2012. – Белозерцев Алексей: с. 192.

Белослюдов В. Н.

Белослюдов Виктор Николаевич – суретші, өлкетанушы, этнограф.Белослюдов Виктор Николаевич (1883-1916) – суретші, өлкетанушы, этнограф.

1883 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болып, ағаларымен бірге анасы Варвара Васильевнаның тәрбиесін көрді. Анасы бүкіл өмірін ұлдарына арнап, төрт ұлының білім алуына жағдай жасады.

1891 жылы күзде Виктор Белослюдов 5-кластық қалалық училищеге түсіп жақсы оқыды. Ол жастайынан сурет салуға ынталанады. Уақытының көбін қолына альбомын алып тал, қамыс, теректері жайқалған Ертіс жағалауында өткізетін. Виктордың бейнелеу өнерінде дарыны байқалып, бала кезде салған суреттері Париж көрмесіне, кейін, бүкілресейлік және Қазан вернисаждарына қойылады. Семейдің ерлер гимназиясының мұғалімдері Викторға көркемөнер училищесіне түсуге кеңес береді. 1899 жылы Виктор Белослюдов Мәскеу қаласындағы Строганов училищесіне оқуға түсіп, бірден оқытушылардың назарына ілігеді.Мұнда оған С. В. Иванов, Н. А. Андреев, К. К. Первухин әсер етеді. С. В. Ивановтың жетекшілігімен Виктор Николаевич натура класында екі жыл, сондай-ақ, К. К. Первухин, Андреев кластарында оқыды. Мәскеуде оқып жүргенде жиі жоқшылық көрді. Белгілі орыс суретшісі және мүсінші Н. Н. Андреевтің ұсынысымен Третьяков галереясының кіреберісін безендіруге арналған орыс суретшісі В. М. Васнецовтың "Георгий Победоносец" картинасын үлкейтуге қатысты.

Строганов училищесін бітірген соң 1906 жылы Виктор Белослюдов Семейге оралып, бастауыш училищеге мұғалім болды. Сурет, сызу, көркем жазу, графика өнерін оқытты. Оқушыларының салған суреттері Омск қаласында ұйымдастырылған алғашқы Батыс-Сібір көрмесіне қойылды. Виктор Николаевич өз оқушыларымен бірге Кенді Алтай өңіріне саяхат жасап, Алтай тауларының көрікті келбетін полотноға түсірді.

В. Н. Белослюдов Орыс Географиялық Қоғамының Семей бөлімшесі және тарихи-өлкетану музейінің жұмысына белсенді қатысты. 1914 жылы Семейдің қысқаша тарихи очеркін құрады, бұл еңбек Қазақстан Ғылым Академиясы Орталық Ғылыми кітапханасының қолжазба бөлімінде сақталған.

Омск, Иркутск, Томскідегі Сібір суретшілерінің көрмелеріне қатысқан кезде, оның картиналары көпшілік назарын аударды.

"Семипалатинск", "Юрта", "Казашка", "Верблюд", "Казахи с кумысом", "Крестьянская мельница" картиналары, "Томск", "Старый Семипалатинск", "Водовоз", "За чаем", "Табун лошадей", "Городская улица" этюдтерінің авторы,

суреттер циклының көпшілігі қазақ ертегілері мен эпостық жырларды безендіруге арналған.

1916 жылы қаңтарда мобилизация туралы жарлықпен Барнаул қаласына жіберіледі, кейін суық тиіп қатты сырқаттанады.

1916 жылы 23 наурызда Барнаул қаласында қайтыс болды. 1916 жылы 28 наурызда Семей қаласында жерленді.

 

 

 

 

В. Н. Белослюдов туралы әдебиеттер

Литература о Белослюдове В. Н.

 

 

Джуманбаева , А. Они стояли у самых истоков [Текст] : к 130-летию областного историко-краеведческого музея / А. Джуманбаева // Вести Семей. - 2013. - 12 марта. - С. 3.

Дурново, И. Исследователь Прииртышья [Текст] / И. Дурново // 7 дней. - 2013. - 4 июля. - С. 9.

Дьяконова, О. Его вдохновляла родина [Текст] : [о художнике и краеведе В. Н. Белослюдове] / О. Дьяконова // Голос народа. - 1998. - 7 мая.

Жуков, П. "Бывают странные сближенья..." [Текст] / П. Жуков // Казахстанская правда. - 2006. - 17 февр. - С. 11.

Жуков, П. "Бывают странные сближенья..." [Текст] / П. Жуков // Рудный Алтай. - 2006. - 21 марта. - С. 21.

Турсумбекова, Р. Гребенщиков и Белослюдовы [Текст] / Р. Турсумбекова // ЛЗ: Сегодня. - 2003. - 11 июня. - С. 2.

 

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Белослюдов Виктор Николаевич [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. - Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10780&lang=ru (06.02.2018)

 

Бердюгин А.

Бердюгин Анатолий – 2D-суретші.Бердюгин Анатолий – 2D-суретші.

1973 ж. 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск (қазір Риддер) қаласында дүниеге келген. Төртінші класс оқып жүргенде көркемсурет мектебіне жазылды. Мектепті бітіргеннен кейін Железногорск Көркемсурет училищесінің «көркемдеуші» бөліміне оқуға түседі. Училищені бітіргеннен кейін Тульск университетінің компьютерлік дизайн факультетінде оқиды.

Қазіргі күні Железногорск қаласында (РФ, Курск облысы) тұрады. Жарнама шеберханасында дизайнер болып жұмыс істейді.

«Рисунки на скорость» спидпаинты бойынша форумдық мини-конкурстарға қатысқан.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Интервью: Бердюгин Анатолий (anatobear) [Электронный ресурс] // render.ru : сайт. – Режим доступа : http://render.ru/books/show_book.php?book_id=751 (14.02.2018)

Беляев М. М.

Беляев Михаил Михайлович – суретші, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.Беляев Михаил Михайлович (1925-2007) – суретші, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.

1925 жылы Башқұрт Республикасы Алаш ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласына эвакуациямен көшіп келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.    

1955 жылы Одесса көркемөнер училищесін бітірді. Студент кезінде Одесса облыстық көркемөнер көрмесіне қатысты. 1957 жылы Семейде өткен бейнелеу өнері конкурсына қатысып, бірінші орынды иеленді. Кейін М.Беляев жұмыстары Мәскеуде өткен Бүкілодақтық сурет өнері көрмесіне қойылды. 1960-1980 жж. КазИЗО шеберханасында жұмыс істеп, баспада сурет өнерімен айналысты. 1990-жылдары сурет өнері және өндіріс шеберханаларында еңбек етті.

Суретші шығармашылығы үш негізгі тақырыпқа арналған. Картиналарының басым көпшілігі Солтүстік тақырыбына арналған. Ертіс өңірі табиғатының көркемдігін жеке картиналар сериясы «Туған жер» деп атады. Сондай-ақ, суретшінің сүйікті тақырыбының бірі «көне» Семей қаласының тарихы, қасиетті жерлері.

"Семипалатинская старина" жинағы және "Улица Достоевского" брошюрасының авторы.

1991, 1994, 1995, 1999 жж. Семей қаласында суретшінің дербес көрмесі ұйымдастырылды. Беляев жұмыстары Абай мұражайы, Ф. М. Достоевский мұражайы, Қазақстан, Украина, Ресей, Англия, АҚШ коллекцияларында сақталған.

2007 жылы қайтыс болды.

 

 

 

М. М. Беляевтің еңбектері

Работы Беляева М. М.

 

Беляев, М. Семипалатинская старина / М. Беляев. - Семипалатинск : Артекс, 2002. - 42 с.

 

 

 

М. М. Беляев туралы әдебиеттер

Литература о Беляеве М. М.

 

Белякина, А. В поисках красоты [Текст] / А. Белякина // Наше дело. — 2004. — 29 апр. — С. 6.

Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых [Текст]. — Семипалатинск : Тенгри, 2003. — С. 163.

Иванченко, Я. Речной «Маринист» [Текст] / Я. Иванченко // Наше дело. — 2010. — 21 января. — С. 9.

Идришева, Г. Дарить людям свет души [Текст] / Г. Идришева // Семипалатинские вести. — 2005. — 7 октября. — С. 10.

Титаев, Е. За кистью душу разглядеть [Текст] / Е. Титаев // Простор. — № 10. — С. 174-178.

Титаев, Е. Спокойной кисти творчество [Текст] : о творчестве семипалатинского художника М. М. Беляева / Е. Титаев // Голос народа. — 1999. — 16 июня. — С. 27.

 

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Беляев Михаил Михайлович [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. - Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10785&lang=ru (06.02.2018)

Бердюгин А. В.

Бердюгин Анатолий Васильевич – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.Бердюгин Анатолий Васильевич (1945 ж.) – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.

1945 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Бейнелеу өнерінде өзіндік қайталанбас ерекше мәнері бар. Пейзаждары Таулы Алтайдың көрікті табиғатын сипаттайды. Белгілі орыс ақыны және зерттеуші Е.В.Курдаковтың өлеңдерін графика және иллюстрациямен жабдықтаған. Бірнеше картинасы қазақ ақыны Абай шығармашылығына арналған. Шығармашылық сапары барысында Қазақстан және Алтай өлкесін зерттеген.

Еліміздің мәдени мұрасын сақтауға қомақты үлесін қосты. Көне икондар, ескі үй шатырларында қалған және ескі қорғандардан табылған өнер бұйымдары, ата-бабадан қалған көне заттарды жинап Өскемен музейлеріне ұсынды.

Автор өңірлік көрмелерге белсенді қатысады, бірнеше рет жеке көрмесі ұйымдастырылған.

Өскемен қаласында тұрады.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Бердюгин Анатолий Васильевич [Электронный ресурс] // Искусство Восточного Казахтана : сайт. – Режим доступа : http://hearth.kz/berdugin.php (14.02.2018)

Бердюгин Анатолий Васильевич [Электронный ресурс] // Государственный архив ВКО и его филиалы : сайт. – Режим доступа :http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1667 (14.02.2018)

Бердюгин Анатолий Васильевич [Электронный ресурс] // Артпо.ру : сайт. – Режим доступа : http://artpo.ru/gallery/paintings/3998_artist/info (14.02.2018)