Известные имена

Қанапиянов Ж. Қ.

Қанапиянов Жұмағали Қанапияұлы – кескіндемеші, график, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысына қатысқан.Қанапиянов Жұмағали Қанапияұлы (1924 ж.) – кескіндемеші, график, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1924 жылы 7 қарашада Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Қызылжар мекенінде дүниеге келген. Әкесі қайтыс болғаннан кейін балалар үйінде өсті.

1943 жылы армияға шақырылып, екі айлық әзірліктен кейін майданға жіберіледі. Ж.Қанапиянов 283- атқыштар дивизиясы құрамында соғысқа қатысты. Бұл дивизия Берлиннің оңтүстік-шығыс аумағын жаудан азат етуге қатысқаны үшін Жоғарғы Бас Қолбасшының алғысына ие болды.

«За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары және КСРО-ның естелік, мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

1947 жылы Алматыға келіп театр-көркемсурет училищесінде (қазір О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) оқып, 1953 жылы бітірді.

1979 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі.

Суретші Қанапиянов Жұмағали – республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысқан.

Негізгі жанры – сатиралық суреттер мен картиналар, пейзаж.

1977 жылы «Сатира в борьбе за мир» атты халықаралық көрмеде Ж. Қанапиянов қола медальмен марапатталды.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

Канапьянов Жумагали Канапьянович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10809&lang=ru (20.02.2018)

Художники Казахстана-участники Великой Отечественной войны: Альбом / автор вступительной статьи и составитель Н.Б. Нурмухаммедов. -Алма-Ата: Өнер,1985. — С.76.

Керимова О.

Керимова Ольга – суретші.Керимова Ольга (1973 ж.) – суретші.

1973 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка селосында (қазір Қалба ауылы) дүниеге келген. 2004 жылы Павлодар көркемсурет колледжін «Графикалық дизайн» мамандығы бойынша, 2007 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Дизайн» мамандығы бойынша аяқтады.

1900-1996 жж. Алматы қаласында республикалық теледидардың «Әнші балапан» бағдарламасында жұмыс істеді. 1997 ж. – суретші-декоратор, Шығыс Қазақстан облысы ұжымдарында модельер болды. Би ұжымдарына арналған костюмдер әзірлеумен айналысты.

«Мисс Востока» конкурсының «Ұлттық киім және «Кешкі киім» (Өскемен, 2015) номинациясы бойынша (1 орын) алды.

Павлодар облыстық көркемсурет музейіндегі М*арт жобасы көрмелеріне қатысушы.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Титенев, В. З. Қазақстан халқының өнері=Искусство народа Казахстана [Мәтін] / В. З. Титенев. – Алматы, 2017. –Керимова Ольга: б. 128.

Коробейников А. П.

Коробейников Александр Петрович – суретші, ҚР Жазушылар одағының мүшесі.Коробейников Александр Петрович (1940 ж.) – суретші, ҚР Жазушылар одағының мүшесі.

1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы Предгорненское ауданы (қазір Глубокое) Глубокое селосында дүниеге келген. 1956 жылы Алтай өлкесінің Рубцовск қаласында трактор зауытында жұмыс істеді. Төрт жыл Қиыр Шығыста теңіз флотында әскери қызметте болып, ауыр атлетикамен шұғылданды. Әскерден кейін елге келіп, Қайыңды және Герасимовка ауылдары мектептерінде денешынықтыру мен суреттен сабақ берді. Өскемен қаласының Геология басқармасында спорт нұсқаушысы болып жұмыс істеді. А.С.Пушкин атындағы кітапхана, физиополиклиниканы көркемдеу жұмыстарымен айналысты. Осы кезеңде Мәскеудегі Н.Крупская атындағы өнер университетін суретші-көркемдеуші мамандығы бойынша сырттай бітірді. Ауыр атлетикадан спорт шебері, қала мен облыстың бірнеше мәрте чемпионы.

Облыстық тұтынушылар одағында суретші-көркемдеуші болды. Кейін 17 жыл Казцветметремонтта жұмыс істеді. 1990 жылы Шығыс Қазақстан өнер музейінің «Көркемсурет Салонында» суретші болды.

«Горное озеро», «В горах Алтая», «Окрестности Черемшанки», «Протока Иртыша», «Заросший пруд» картиналарының авторы.

Оның картиналары Ресей, Германия, Жапония, Польша, Италия, АҚШ, Финляндия, Жаңа Зеландия, Бельгия елдерінің жеке коллекцияларынан орын алған.

2011 жылы суретшінің «Чистые краски Алтая» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Александр Коробейников [Электронный ресурс] // Культура Восточного Казахатана : сайт. – Режим доступа : http://www.kulturavko.kz/page2.files/page41_1.html (21.02.2018)

Шматова, Я. Чистые краски Алтая [Электронный ресурс] / Я. Шматова // Библиотека им. Оралхана Бокея : сайт. – Режим доступа : http://kitaphana.kz/ru/kraevedenie/iskustvo/iso-iskusstvo/4290-korobeinikov.html (21.02.2018)

Козлов А. Г.

Козлов Аркадий Гаврилович – Шемонайха ауданының құрметті азаматы, суретші.Козлов Аркадий Гаврилович (1929) – Шемонайха ауданының құрметті азаматы, суретші.

1929 жылы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха селосында дүниеге келген. Н.К.Крупская атындағы Мәскеу университетінің сурет және бейнелеу өнері факультетін сырттай бітірді. 1962 жылдан бастап зейнеткерлікке дейін Выдриха мектебінде сурет пәні мұғалімі болды. Ол оқушыларымен саяхаттау кезінде оларды сурет салуға үйретіп, өзі этюдтер жасады. «Самородок» халық шығармашылығы клубының мүшесі. Картиналары Мәскеудің ВДНХ, Алматы, облыс және аудандық көрмелерде ұйымдастырылды. Картиналарының бір бөлігі Шемонайха аудандық тарихи-өлкетану музейі және Выдриха селосының А.С.Иванов атындағы мектеп музейінде сақтаулы. Қазір Шемонайха ауданы Рассыпное селосында тұрады. Ұлы Жеңістің мерейтойына арналған Бүкіләлемдік халық шығармашылығы байқауының І және ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

А. Г. Козлов туралы әдебиеттер

Литература о Козлове А. Г.

Мақалалар – статьи:

Шмунк, Г. Полотна сельского художника [Текст] : [о творчестве художника А. Г. Козлова] / Шмунк Г. // Рудный Алтай. - 1999. - 31 июля.

***

Шаров, Е. Е. Портрет Козлова А. Г [Изоматериал] : акварель / Е. Е. Шаров

Интернет ресурстары

Интернет ресурсы:

Козлов А. Г.  [Электронный ресурс] : [биография] // КГУ Шемонаихинская центральная районная библиотека : сайт. – Режим доступа : http://shemlibrary.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=99&Itemid=56 (30.01.2017)

Коробков А. И.

Коробков Александр Иванович – суретші, акварельші, сәндік-қолданбалы өнер шебері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.Коробков Александр Иванович (1944 ж.) – суретші, акварельші, сәндік-қолданбалы өнер шебері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

1944 ж. 9 маусымда Алтай өлкесі Рубцовск қаласында дүниеге келген. 1968 жылы П. П. Беньков атындағы Ташкент көркемсурет училищесінің бейнелеу өнері бөлімін бітірген.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрып, жұмыс істейді.

Көптеген республикалық, облыстық және қалалық көрмелерге қатысқан.

1976 жылы Қазақстан Суретшілер Одағына қабылданды.

2010 жылы «Любовь и радость бытия» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды. Экспозиция пейзаж, натюрморт, портрет, ағаштан ою-өрнек нақыштаудағы сәндік-қолданбалы өнер тәрізді 70-тен аса шығармадан тұрады.

А. И. Коробков жұмыстары Қазақстан және шетелдерде, сондай-ақ, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы (Алматы), Шығыс Қазақстан өнер мұражайы және Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық және табиғи-ландшафт қорық-мұражай қорында сақтаулы.                                                              

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Кирилюк, И. Искусство без доказательств [Электронный ресурс] / И. Кирилюк // восточно-казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа : http://etnografiavko.kz/etno9_files/vistavki16.html (21.02.2018)

Лазарева, В. Реализация души художника Александра Коробкова [Электронный ресурс] / В. Лазарева // Библиотека им. О. Бокея : сайт. – Режим доступа : http://kitaphana.kz/ru/kraevedenie/iskustvo/iso-iskusstvo/4291-korobkov.html (21.02.2018)