Досымжанов Байғали (1922-1998) – опера әншісі, режиссер, педагог, Қазақ ССР-нің Халық әртісі (1954), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1920 жылы 20 қаңтарда Семейде жұмыскердің отбасында дүниеге келген. 1927 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, Барнаулдағы балалар үйінің тәрбиесіне алынды. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, әншілік өнерге бет бұрды. Осылайша, 1936 жылы Алматыдағы музыка училищесіне оқуға түсті.
1939-1941 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясында оқыған, 1947 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1941 жылы Қазақ опера және балет театрының, 1942 жылы ішкі істер жауынгерлерінің, кейін (1943) шекарашылар ән-би ансамбльдерінің жеке дауыстағы әншісі болды. 1944 жылдан Қазақ опера және балет театрында Төлеген (Е.Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде»), Біржан (М.Төлебаевтың «Біржан - Сарасында», КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1949), Айдар (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында") т.б. партияларды орындап, ұлттық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ халық әндері мен халық композиторларының әндерін («Жиырма бес», «Бурылтай», «Ақбақай», «Сырымбет», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ғайни») насихаттады. Оның әншілік өнері жоғары мәдениетімен, жарқын бояуымен, шынайы терең тебіреністі өзіндік өрнегімен ерекшеленді.
1960 жылдан режиссерлік қызметпен айналыса бастады. Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлуы» мен «Алпамысын», Брусиловскийдің «Қыз Жібегін» (Қ. Байсейітовпен бірге), З.Г. Исмагиловтың «Құдаша», Д.Вердидің «Балмаскарад», т.б. спектакльдерді сахналады. 1975-1976 жылдары «Біржан-Сара» мен «Абай» (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, 1978) операларын қайта қойды. 1975 жылдан Алматы консерваториясының опералық даярлық кафедрасының меңгерушісі болды.
1960 жылдан режиссерлік қызметпен айналыса бастады. Жұртшылыққа танымал болған "Қаламқас", "Нұргүл" ансамбльдерінің қамқоршысы болды.Үш мәрте Еңбек Қызыл Ту және «Парасат» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
1998 жылы 9 шілдеде Алматыда 78 жасында өмірден озды.
Б. Досымжанов туралы әдебиет
Литература о Б. Досымжанове
Майшекин, М. Көркемөнер шеберлері [Мәтін] / М. Майшекин - Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1959. - 138 б.
Рсалдин, Ж. Әнші бақыты [Мәтін] : деректі повесть / Ж. Рсалдин. - Алматы: Өнер, 1987. - 144 б.
Кенжетаев, К. Асылдар мен ардақтылар [Мәтін] / К. Кенжетаев - Алматы: Өнер, 2002. - 295 б.
Сығай, Ә. Таңғажайып театр [Мәтін] : эсселер / Ә. Сығай. - Алматы: Ана тілі, 2014. - 480 б.
Латиева, С. Хадиша мен Байғали [Мәтін] : эссе, мақала / С. Латиева. - Алматы: Ана тілі, 2019. - 264 б.
*****
Кенжетаев, К. Высокий дар призвания [Текст] / К. Кенжетаев; пер. с каз. Л. Каирбековой. - Алма-Ата : Өнер, 1990. - 136 с.
Б. Досымжанов туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар
Статьи опубликованные на страницах периодической печати о Б. Досымжанове
Қами Б. Қазақтың операсын қаз бастырған: [Қазақ өнерiнiң белгiлi қайраткерi, әншi Б.Досымжанов туралы] // Заман-Қазақстан.- 1995.- 2 маусым.- 7 б., 9 маусым.- Б.7.
Бөкеева, Х. Қазақ өнерінің қос жұлдызы 50 жыл бірге [Мәтін] : [Өнер иелерімен... әңгіме /Әңг.Р.Төленқызы] / Х.Бөкеева, Б. Досымжанов// Ана тілі. - 1998. - №5 наурыз.- Б.5
Тiлендиев Н. "Анам оны "Жiбек ұлым" деушi едi": [Қазақстан Респ. халық арт., опера әншiсi Байғали Досымжанов туралы естелiк] // Жас Алаш.- 1998.- 21 шiлде
Байғали Досымжанұлы Досымжанов: [Қазақстан Респ. халық арт., муз. қайраткерi. Қазанама] // Егемен Қазақстан.- 1998.- 11 шiлде
Кенжетайұлы, К. Дос туралы сыр. [Мәтін] : [Атақты әнші, сахна қайраткері Байғали Досымжанов туралы толғаныс.] / К. Кенжетайұлы// Қазақ әдебиеті. - 1998. - 18 қыркүйек.- Б.15-16.
Балта Ә. Байғали атаның бақ жұлдызы: [Қазақстанның халық арт., опера әншiсi Б.Досымжанов туралы] // Ұлан.- 2001.- 9 қаңтар(N 2).- 3 б.
Сығай Ә. Әнші қайда Байғалидай дара туған [Мәтін] /Ә. Сығай // Егемен Қазақстан. - 2001. - 22 қыркүйек.- Б.6.
Миралинова Б.Байғали бояуындағы "Бiржан-Сара"[Мәтін]: Әншi Б.Досымжановты еске түсiру // Алматы ақшамы.- 2002.- 17 қаңтар.- 3 б.
Досымжанов Байғали (1921-1998) // Алматы ақшамы.- 2004.- 25 желтоқсан.- Б.3.
Асабаев З. Қос дауылпаз, қос жұлдыз немесе Ришат және Байғали [Мәтін] /З. Асабаев. // Жалын . - 2010. - № 4. - Б.54-60.
Сенбаева А.Таңдайынан бал тамған тенор едi... [Мәтін]: // Алаш айнасы.- 2012. - 15 ақпан (№ 26). - 5 б. Опера әншiсi Б.Досымжанов туралы.
Дарқан дауыс, дарабоз әншi [Мәтін]: / [Әншi Байғали Досымжанов туралы Қазақстанның Халық артисi Б.Жылысбаев пен белгiлi өнертанушы Ә.Сығайдың әңгiмесi.] / әңг. Қ.Аманжол // Егемен Қазақстан.- 2012. - 15 наурыз . – Б. 5.
Ханзада Байғали, Ханшайым Хадиша (Ерлi-зайыпты Байғали Досымжанұлы, Хадиша Бөкейқызы) // Ә.Сығай. Таңғажайып театр: эсселер.- Алматы: Ана тiлi, 2014.- Б.274-284.
*****
Досымжанов Байгали Досымжанович: [Выдающ. муз. деятель, лауреат Гос. премий СССР и РК, нар. арт. РК. Некролог] // Казахст. правда.- 1998.- 11 июля
Усманова, А. Великий тенор казахской сцены [Текст] / А.Усманова // Казахстанская правда. - 2002. - 17 января. - С. 4.
Досымжанов Байгали (1922-1998): Биографические сведения.- гл. ред. Б.О.Жакып; гл. ред. Б.О.Жакып; гл. ред. Б.О.Жакып; гл. ред. Б.О.Жакып; гл. ред. Б.О.Жакып; // Искусство Алматы в персоналиях/ гл. ред. Б.О.Жакып.- Алматы: ТОО "Қазақ энц.", 2009.- С.77
Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы (1974) - ақын, жазушы филология ғылымдарының кандидаты
1974 жылы 8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келді. 1992 жылы Тарбағатай ауылындағы «Октябрь» орта мектебін бітірді. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бакалавр дәрежесі бойынша аяқтап, 1999 жылы «әдебиеттану» саласы бойынша магистр дәрежесін алды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттер клубының директорының орынбасары, директоры (1999-2001), Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы директорының орынбасары (2001-2002),
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасында осы уақытқа дейін қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық жолында еңбек етіп келеді. Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған «Топжарған» жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі.
Көптеген республикалық және республикалық ақындардың қатысушысы (толығырақ - http://aitysker.org/?p=937 )
Ол республикада ақын-жазушы ретінде белгілі. Өлеңдер жинақтары жас ақындардың антологиясына енгізілді. «Жалын», «Парасат» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ» газеттерінде жарық көрді.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Қазақ радиосы», «Қазақ әдебиеті» газеті бірлесіп өткізген «Бір өлең – бір әлем» атты республикалық жыр мүшәйрасының екінші орын иегері (2008), Астана қаласындағы «Қала күні» мерекесіне арналған жыр мүшәйрада 1 орын иегері (2012) атанды.
Публицистикалық мақалалар ұлттық басылымдарда басылып шығады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты (2006).
2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істейді.
Дүйсенғазы С. туралы әдебиеттер
Литература о Дуйсенгазине С.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Астана : Фолиант, 2011. - Дүйсенғазин Серікзат : б. 60.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Дуйсенгазин С. [Электронный ресурс]:[биография]:сайт.– Режим доступа : http://aitysker.org/?p=937 (16.01.2019)
Дуйсенгазин С. [Электронный ресурс] : [интервью] : сайт. – Режим доступа : http://old.baq.kz/kk/blog/75/blog-75-2360 (16.01.2019)
Дуйсенгазин С. [Электронный ресурс] : [интервью] : сайт. – Режим доступа : https://ummet.kz/makalalar/352-sukhbat/4540-serikzat-d-jsen-azin-ba-yt-zh-rekti-tynyshty-y-elimni-amandy-y.html (16.01.2019)
Дуйсенгазина С. [Электронный ресурс] : [айтысы] : сайт. – Режим доступа : http://fitweb.me/best/%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BA%D0%B7%D0%B0%D1%82-%D0%B4%D1%83%D0%B9%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D0%BD-%D0%B0%D0%B9%D1%82%D1%8B%D1%81-2015/ (16.01.2019)
Жуанышпаев Мұрат (1951-2018) – әнші, композитор, музыканы көркемдеуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1951 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген.
1970 жылы Мәскеуде орта мектепті бітіреді. 1976 жылы Өскемен педагогикалық институтын (қазір С. Аманжолов атындағы ШҚМУ) аяқтайды.
Музыка мұғалімі, «Халық ағарту ісінің үздігі» , ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері». 30-жылдан астам уақыт бойы танымал музыка мен шығысқазақстандық авторлар шығармашылығын насихаттады.
2018 жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында қайтыс болды.
Ешекеев Мәдениет Сейітжанұлы (1936-1997) - әнші, ҚР халық әртісі.
Мәдениет Ешекеев - 1936 жылы 12 желтоқсанда бұрынғы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан) Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында туған.
1954 жылы орта мектепті бітірігеннен кейін Мәдениет колхозында жұмысшы болып еңбек етті.
1955 жылы Алматы қаласында Республикалық көркемөнерпаздар байқауында ерекше көзге түсіп, әншілік дарынын танытты. 1956 жылы атақты әнші Жүсіпбек Елебековтың шәкірті ретінде «Қазақ концертіне» шақырылды. Сол жылдан бастап 1975 жылға дейін Семей облыстық Ә. Қашаубаев атындағы филормониясында еңбек етеді.
Әншінің концерттік бағдарламасында қазақтың халық әндерінен бастап Абайдың, Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, Естайдың, Әсеттің, Кененің, сазгерлер Ә. Еспаевтың, Шәмшінің, Б. Сыбановтың т.б шығармалары кеңінен танылған. Әсіресе Абайдың музыка мұрасын кең насихаттаушы ретінде танымал әнші. «Құлақтан кіріп бойды алар» - ұлы Абайдың музыкалық мұрасынан, «Ән көңілдің ажары», «Ән өзегі» атты халық әндерімен, халық сазгерлерінің шығармаларынан тұратын концерттік сапармен Қазақстанның барлық облыстарында өнер көрсетті.
Атақты әнші Ж. Елебековтың шәкірті М. Ешекеев арқа өңірінің Біржан сал бастаған әншілік мектебінің жалғастырушы тұлғасы деп айтуға болады. Мәдениеттің орындауында қазақтың халық әндері «Жиырма бес», «Сұржекей», Біржанның, Естайдың, Әсеттің, Абайдың т.б әндерін шеберлікпен орындауда қазақ радиосының алтын қорына жазылды. «Абайдың барлық төл шығармалары мен Абай өлеңдеріне жазылған әндерді түгелдей дерлік орындайтын Мәдениет пен Жәнібек Кәрменов» - дейді Абай музейінің жетекшісі Т. Ибрагимов. Жастар ұстазы, Республикалық Ә. Қашаубав атындағы әншілер байқауының қазылар алқасының тұрақты мүшесі.
Қазақстан өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін 1981 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», 1987 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтары берілді. Шын өнер иесі халқымен бірге мәңгі жасайды. Ол әр буында, әр ғасырда өткен өмірдің таразысы, жанды бейнесі.
Семей қаласындағы бір көшеге оның есімі берілген.
М. Ешекеев туралы әдебиет
Литература о М. Ешекееве
Кәкімұлы Қ. Қазақ әнінің Құлагері [Мәтін] / Кәкімұлы Қ.// Ертіс өңірі.- 2006. - 2 тамыз. - Б. 8.
Кәрменов Ж. Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына.- Астана: Фолиант, 2002.- 232 б.
Мұхаметқалиұлы У. Мың қиынды мұң көрмей жеңген Мәкең... [Мәтін] / Мұхаметқалиұлы У.// Ертіс өңірі.- 2006. - 13 желтоқсан. - Б11; 20 желтоқсан. -Б.12
Семей әншілері [Мәтін]: био-библиографиялық портрет / құраст. З. Мағауина ; Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама - библиографиялық бөлім.- Семей: б. ж., 2006.- 32 б.
***
Ешекеев Мадениет // Казахстан: Национальная энциклопедия Т2 – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005.- С.264
Мадениет Сейтжанович Ешекеев // Рудный Алтай. - 1997. - 7 авг.
Ешекеев М. // В кн.: В.Кашляк Семипалатинск: их именами названы... – Семипалатинск, 2006.- С.. 274
Бекен Жылысбаев (1923-2015) - әнші, Қазақ ССР- нің Халық әртісі
Қазақстанның халық артисі, әнші, педагог-ұстаз, профессор Бекен Жылысбаев 1923 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында Бірбет ауылында дүниеге келген. Жылысбаев 1940-1941 жылдары Москваның П. Чайковский атындағы консерваторияның ән факультетінің дайындық курсының бірінші жылын аяқтағанда Ұлы Отан соғысы басталып кетіп, 1942 – 1944 жылдар аралығында соғысқа қатысады. Соғыстағы ерлігі үшін ордендермен марапатталған.
1946 жылдан бастап Қазақ радиосында солист болып жұмыс істей жүріп, 1951 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ Ұлттық консерваториясы) бітіреді. Өзі оқыған консерваториясында дәріс береді. 1957 жылдан консерваториядағы ән факультетінің кафедра меңгерушісі болып, педагогтар арасында тұңғыш профессор атанады (1973).
Жылысбаев - қазақ халық әндерін, орыс классиктері мен шет ел композиторларының ән-романстарын шебер орындаушылардың бірі. М. Төлебаевтың “Тос мені, тос” (өлеңі А. Лекеровтікі), “Кестелі орамал” (өлеңі Н. Баймұхамедовтікі), Абай өлеңіне жазылған “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” романстарын, “Қазақстан оттары” (өлеңі Н. Шәкеновтікі) кантатасын, тағы басқа әндерді алғаш орындап, әрі жоғары кәсіби білімін, дауыс диапозонының кеңдігін танытты. Атақты әнші Ленин орденімен, сондай-ақ Еңбек Даңқы, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. 70-ші жылдары Қазақстанның Халық артисі атағына ие болды.
Т. Сейталиев, Н. Қаражігітов, Ғ. Есімов, М. Мұсабаев Н. Үсенбаева сияқты шәкіртер легін тәрбиелеп шығарды. Ленин орденімен, 1-2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек даңқы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Материалды Абай атындағы Семей әмбебап кітапханасы ұсынған.
Әдебиеттер:
Жылысбаев, Бекен. Қартайғанша ән айтатын итальяндық әншілерден кем емеспіз [Мәтін] / Б. Жылысбаев // Дидар. - 2009. - 7 қараша.- Б. 7.
Рәш М. Майдангер. Әнші. Ұстаз. [Мәтін] / Рәш М. // Заман Қазақстан. - 2003. - 16 мамыр.- Б. 5.
Майшекин М. Көркемөнер шеберлері [Мәтін] / Майшекин М. - Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1959. - 138 б.
Жылысбаев, Бекен. Қартайғанша ән айтатын итальяндық әншілерден кем емеспіз [Мәтін] / Б. Жылысбаев // Дидар. - 2009. - 7 қараша.- Б. 7.
Рәш М. Майдангер. Әнші. Ұстаз. [Мәтін] / Рәш М. // Заман Қазақстан. - 2003. - 16 мамыр.- Б. 5.