Известные имена

Иманғалиев С. К.

9

Иманғалиев Совет Қапанұлы - қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

4 тамыз 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мырзат ауылында дүниеге келген. Шымқорадағы Жамбыл атындағы мектепті бітірген.

1967-1968 жылдары - алғашқы еңбек жолын Өскемен көлік жөндеу зауытында токарь болып бастайды.

1968-1973 жылдары Өскемен педагогикалық институтының химия-биология факультетінде оқиды. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң Совет Қапанұлы жолдамамен Катонқарағай ауданының Чернова (қазір Аққайнар) ауылындағы орта мектепте оқушылардың мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы болып еңбек жолын бастайды. Катонқарағай ауданында атқарылған көптеген игілікті істердің ұйытқысы бола білді.

1974-1979 жылдары Катонқарағай аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол кезде аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметі ірі лауазым болатын. Бүкіл ауданның кадрларын дайындау және іріктеу оңай шаруа болмаса керек.

1980-1982 жылдары Катонқарағай аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1982-1985 жылдары Мәскеу қаласында КСРО Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында халықаралық референт мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1985-1991 жылдары Семей облыстық атқару комитетінде жоспарлау экономикалық бөлімнің жетекшісі қызметін атқарды.

1992-1995 жылдары Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан Мелекеттік университетінде сыртқы экономикалық бөлімнің басшысы қызметін атқарды.

1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрлігінде сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бас консулдық басқармасында бастықтың орынбасары қызметін атқарды.

1997-1999 жылдары Моңғолия мен Қытай Халық Республикасының елшіліктерінде қызмет атқарды. Қытай, моңғол тілдерін еркін сөйлейді.

Ал 1999-2001 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

2001-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас консулдық басқармасына қарасты Өскемен қаласының консулдық бөлімшесінің жетекшісі қызметін атқарды.

2018 жылдан – Қазақстан Американ Еркін университетінде халықаралық қатынастар мен ақпаратты сақтау жөніндегі кеңесші қызметін атқарады.

Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы. 2021 жылдан дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Шығыс Қазақстандағы филиалының басшысы.

Марапаттары:

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл».

Төсбелгілері: «Туризм саласының үздігі», «Катонқарағай ауданына 90 жыл», «Ұлан ауданына 90 жыл», «Бейбітшілік әлемі», знак «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін».

28 шілде 2010 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Иманғалиев Совет Капанұлына Катонқарағай аудандық мәслихатының шешімімен "Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы" атағы берілген.

С. Қ. Иманғалиев шығармалары

Произведения С. К. Имангалиева

Кітаптар-Книги

Қапанов, Б. Нәрін, дарын, бәрін берген - туған жер [Мәтін] : очерктер / Б. Қапанов. - Өскемен: Рекламный Дайджест, 2008. - 703 б.

Қапанов, Б. Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров [Мәтін] / Б. Қапанов, С. Құдабаев. - Өскемен: ШҚМУ, 2010. - 254 б.

Қапанов, Б. Анамдай әлпештеген Асқар Алтай [Мәтін] / Б. Қапанов. - Өскемен, 2011. - 566 б.

Қапанов, Б. Болсыншы елім аман, жерім аман [Мәтін] / Б. Қапанов. – Өскемен: Либриус 2012. – 336 б.

Қапанов, Б. Шырағым менің сөнбесе... [Мәтін] / Б. Қапанов. - Өскемен: Медиа-Альянс, 2014. - 189 б.

Қапанов, Б. Генерал Жұмағұлов [Мәтін] / Б. Қапанов. – Алматы: Айтұмар баспасы, 2019. – 228 б.

Қапанов, Б. Капитан Қонырбай Құдагельдинов [Мәтін] / Б. Қапанов. – Өскемен: АРГО ШҚПК .- 2021. – 264 б.

                                                                                 ***

Капанов, Б. Беговые дорожки «ведущие в невидимые доли» [Текст] / Б. Капанов. – Арыс: 2016. – 200 с.

С. Қ. Иманғалиевтің мерзімді басылымдардағы мақалалары

Публикации в периодических изданиях С. К. Имангалиева

Иманғалиев, С. Қ. Елдестірмек - елшіден [Мәтін] / Иманғалиев С. Қ. // Дидар. - 2004. -   7 ақпан.- Б.3

Иманғалиев, С. Қ. "Александр Невский" орденімен марапатталған комбат [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагері Қ. Боқажанов туралы. ] / С. Қ. Иманғалиев // Дидар. - 2015. - 20 сәуір.- Б.5.

С. Қ. Иманғалиев туралы әдебиет

Литература об Имангалиеве С. К.

Елубай, О. Қыр-сыры мол консулдық қызметті жете меңгерген [Мәтін] / О. Елубай //Егемен Қазақстан.-2010.-24 қыркүйек. – Б. 5

Сіләмбекова, Ж. Алтайға арнап кітап жазды  [Мәтін] : [Жерлесіміз С. Қапанұлының "Анамдай әлпештеген асқар Алтай" деген кітабының тұсаукесері өтті. / Ж. Сіләмбекова // Дидар. - 2011. - 6 маусым.- Б.5.

                                                                         ****

Кудайбергенов, К. За первым подарком стояла судьба : [о политическом деятеле С. Имангалиеве из Уланского р-на] / К. Кудайбергенов. - Текст // Рудный Алтай. - 2011. - 17 янв. - С. 3.

Рысакова, Ш. Гордимся молодыми артистами ! / Ш. Рысакова. - Текст // Вести Семей. - 2013. - 27 декабря. - С. 2

Қажыбаев А.

kazhibaevҚажыбаев Аманкелді - Тарбағатай ауданының, Өскемен қаласының Құрметті азаматы (1943-2021)

1943 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Комсомол ауылында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында 12 жыл, содан кейін - 10 жыл Зырян қ. жұмыс істеген. Алғашында партия қызметінде болады, ал 1987 - 1991 жж. аралығында – Зырян қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. 1991 ж. - «Крамдс-Цветмет» акционерлік қоғамының президенті болады.
1992 ж. - Шығыс Қазақтан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады. 1994 ж. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қорғаныс өнеркәсібі комитетінде жұмыс істеді. 2001-2002 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
2002 ж. қараша айында - Семей қаласынын әкімі болып тағайындалады. 2004 жылдың 15 қаңтары мен 2005 жылдың 17 қаңтары аралығында Өскемен қ. әкімі қызметін атқарды. А. Қажыбаевтың тұсында жолдарға және Ертіс арқылы өтетін көпірге жөндеу жүргізілді, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталды, ауған соғысы әскерлерінің ескерткіші тұрғызылды.
2005 ж. қаңтарынан бастап «Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар департаментінің» директоры болып қызмет атқарды.
А. Қажыбаев – Өскемен қаласының Құрметті азаматы. Өнертабысы үшін берілген 4 авторлық куәлігі және 1 монографиясы бар. 2003 жылы «Алтын Барыс» төске тағатын белгісімен марапатталған.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне А. Қажыбаевқа «Өскемен қаласының әкімі» атаулы медалі тапсырылды.

2021 жылы 7 қаңтарда дүниеден өтті. 

 

А. Қажыбаевтың мерзімді басылымдардағы мақалалары

Статьи А. Кажыбаева опубликованные в периодических изданиях

 

Қажыбаев, А. Елдіктік, бірліктің белгісі [Мәтін] / А. Қажыбаев // Дидар. - 1992. - 26 қыркүйек. - Б.4.

Қажыбаев, А. Халықтың үніне құлақ асайық [Мәтін] : [Жоғарғы Кеңестің депутаты, парламенттің Бақылау палатасының төрағасы...Жоғарғы Кеңес мәжілісінде сөйлеген сөзінен] /А. Қажыбаев // Дидар. - 1994. - 15 қыркүйек. - Б. 4.

Қажыбаев, А. Атқарылған істер аз емес, ал атқарылар шаруа одан да көп. [Мәтін] / А. Қажыбаев // Семей таңы. - 2003. - №16. - Б.1-2.

Қажыбаев, А. Шығыстағы шырайлы шаһар [Мәтін] / А. Қажыбаев // Дидар. - 2004. - 24 тамыз.- Б.3

Қажыбаев, А. Атам мен әкемді мақтан тұтамын [Мәтін] / А. Қажыбаев // Дидар. - 2020. - 9 қаңтар. - Б.18.

***

Кажибаев, А. Делаем все возможное, чтобы наш край процветал [Текст] / А. Кажибаев // Семипалатинские вести. - 2003. - №29.- С. 1

Кажибаев, А. "Уважать нужно человека, а не должность" [Текст] : Интервью с акимом г. Семипалатинска / А. Кажибаев // Спектр. - 2003. - №30. - С.5.

Кажибаев,А."Вопрос вопросов - правильное распределение средств" [Текст] // Деловой Усть-Каменогорск һttp://www.aaa.kz. - 2004. - №3. - С. 10-11.

А. Қажыбаев туралы әдебиет – Литература о А.Кажыбаева

Кітаптар – Книги

Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с.

Кашляк, В. Н. Семипалатинск: от бургомистра до акима / В. Н. Кашляк. - Семей : [б. и.], 2007. - 400 с. - (История моего города).

Мақалалар – Статьи

Тағайындалды [Мәтін] : [Облыс әкімінің орынбасары Қажыбаев Амангельды Семей қаласының әкімі болып тағайындалды] // Дидар. - 2002. - 5 қараша.- Б.1.

Советова, Ә. Елбасының Шығыстағы замандастары [Мәтін] : белгілі қоғам қайраткері Амангелді Қажыбайұлымен кездесу / Ә. Советова // Дидар. - 2019. - 5 желтоқсан.- Б.10

***

Амангельды Кажибаев - новый аким Семипалатинска [Текст] // Голос народа. - 2002. - №45 (8 нояб). - С. 2

Сизова О. Новый аким Усть-Каменогорска [Текст] / О. Сизова // Устинка плюс. - 2004. - №4. - С. 6.

Шепель О. Водный Арбат [Текст] : Реальность или миф / О. Шепель // Вечерний Усть-Каменогорск. - 2004. - 22 апр. - С. 3.

Шепель О. Так и живем [Текст] / О.Шепель // Вечерний Усть-Каменогорск. - 2004. - 22 апр. - С. 1.

Стракатова И. Амангельды Кажибаев: о городе и о себе [Текст] / И.Стракатова // Устинка плюс. - 2005. - 21 янв. - С. 6.

Ушакова О. Вспомним все [Текст] : что обещали и что сделали предыдущие акимы областного центра / О.Ушакова // Устинка плюс. - 2008. - 28 авг. - С. 6.

Некролог Кажибаев Амангельды Кажибаевич [Текст] : Текст прилагается // Рудный Алтай. - 2021. - 7 января.- С.18.

Карпенко В.С.

Карпенко В.С.Карпенко Василий Севастьянович (1923 - 2013) - Ұлы Отан соғысына қатысушы, Өскемен қаласының құрметті азаматы.
1923 жылы 12 наурызда Орынбор облысы Полтава ауылында дүниеге келген. Прохоровка маңында ауыр жараланған соң шаруашылық жұмысқа жіберілді. Соғыстан кейінгі жылдары партия және кеңес органдарында қызметпен айналысты.
1968-1980 жылдары Өскемен қаласының Халық депутаттары кеңесінің төрағасы болып қызмет етті. Осы кезеңде тозығы жеткен тұрғын үйлер бұзылып, жаңа тұрғын үйлер, емханалар, ағынды суларды тазарту қондырғылары, көпірлер мен саябақтар салынды. 70-тен астам балабақша болды. Оның жетекші ретінде тікелей қатысуымен балалар мен жасөспірімдер хоккей командалары ұйымдастырылды.
Ол жауынгерлік және бейбіт еңбегі үшін 2 «Еңбек Қызыл Ту», 1 және 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Өскемен қалалық мәслихатының шешімімен 1998 жылдың 27 ақпанында Өскемен қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

В. С. Карпенко туралы әдебиет
Литература о Карпенко В. С.
Кітаптар - Книги

Карпенко Василий Севастьянович // Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск, 2008. – С. 74 -75.

Мақалалар – Статьи

Карпенко, В. Труд и доброта человеку всегда к лицу: [интервью с почетным гражданином г. Усть-Каменогорска В. С. Карпенко] / В. Карпенко; интервью вел В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2013. - 12 марта. - С. 3.
Губанов, А. И лыжник, и конник, и мотопехотник: [о почетном гражданине г. Усть-Каменогорска В. С. Карпенко] / А. Губанов; интервью вел В. Никифоров // Усть-Каменогорск. - 2013. - 14 марта. - С. 8.
Чайжунусов, Т. Карпенко Василий Севастьянович: [Почетный гражданин г. Усть-Каменогорска; некролог] / Т. Чайжунусов // Рудный Алтай. - 2013. - 11 дек. (№146). - С. 5.

 

 

Қалиев А. Е.

Қалиев А. Е.Ауталиф Елтренович Қалиев (1925 - 2016 ж.) Социалистік Еңбек Ері, Ленин сыйлығының Лауреаты, КСРО-ң Құрметті металлургі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы

1925 жылы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келді.

1943 жыл әскер қатарына шақырылды. Еуропаның оккупацияланған елдерін азат етуге қатысты. Жеңістен соң 1950 жылға дейін Кеңес әскері қатарында қызмет етті.

Әскерден келген соң Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына жұмысқа орналасты. Кәсіпорындағы 46 жыл еңбек етіп, қарапайым жұмысшыдан құрметті металлургке дейінгі жолдан өтті. Білікті әрі тәжірибелі тәлімгер өзінің бүкіл өмірін Шығыс Қазақстан облысының металлургия саласына арнады. 40 жасында Ауталиф Елтренұлы Социалистік Еңбек Ері атағын алды.

Құрметті демалыста жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Көп жылдар Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болып істеді. А. Қалиев - Социалистік Еңбек Ері, Лениндік сыйлықтың иегері, Құрметті металлург, жастардың білімді тәлімгері болдыі. Бірнеше мәрте түрлі деңгейдегі кеңестерге депутат болып сайланды.

Жауынгерлік ерліктері, отанға сіңірген еңбектері үшін қос Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, «Орақ және Балға» алтын медалімен т.б. наградалармен марапатталған.

Ауталиф Елтренұлы 2016 жылы 4 сәуірде Өскемен қаласында дүниеден өтті.

Статьи Калиева А. Е.

   А.Е.Қалиевтің мақалалары

Калиев А. В каждом ударе пульса. – Казахстанская правда. – 1965. – 22 апреля

Калиев А. Верные клятве. – Казахстанская правда. – 1970. – 3 апреля

Калиев А. Гордое имя - рабочий. – Рудный Алтай. – 1971. – 17 февраля

 

Литература о Калиеве А. Е.

 А. Е. Қалиев туралы әдебиеттер

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Қалиев Әутәліп Елтіренұлы: б. 435

Қазақ ССР [Мәтін] : қысқаша энциклопедия. Т.  2. – Алматы, 1987.

Алтайдың ардагері [Мәтін] / М. Құмарбеков. - Алматы : Қазақстан, 1967.

Ерлік - ұрпаққа мұр [Мәтін] : естелік кітап. – Өскемен, 2010.

Калиев Ауталип Елтренович [Электронный ресурс] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа :  https://ru.wikipedia.org/wiki/Калиев,_Ауталип_Елтренович (16.01.2018)



 

 
 

Қасымжанов Т. Ж.

Касымжанов Темирбек Жумакулович

Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы (1957 ж.т) – Өскемен қаласының экс-әкімі. Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы.

1957 жылы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген.

1981 жылы Томск инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 1998 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер, экономист, менеджер біліктілігімен тәмамдаған. Еңбек жолын 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы «Қарабұлақ» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Институтты бітіргеннен кейін 1981 жылы ШҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инженері, кейін ұқсас қалалық құрылымның бас инженері болып жұмыс істеді.

1986 жылдан – қоғамдық жұмыста, Өскемен қаласы қалалық коммуналдық шаруашылығының Біріккен кәсіподағының төрағасы, 1989 жылдан - ШҚО ТКШ өндірістік бірлестігінің жетекші инженері. Еңбек өмірбаянының келесі жеті жылы - Өскемен қаласы Октябрь аудандық Әкімшілігінің басшылық лауазымдарында.

1996 жылдан бастап сектор меңгерушісінен, бөлім бастығынан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрылыс және сәулет басқармасы бастығының орынбасарына дейінгі барлық кезеңнен өтті. 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы болды.

2008-2009 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығының әкімі.

2009-2013 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі.

2013-2016 жылдары - Өскемен қаласының әкімі.

2016 жылдың маусым айынан - Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының әкімі.

2019 жылғы 19 сәуірден бастап – «Шығыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

«Құрмет» орденімен (2011 ж.) және екі мерейтойлық медальмен марапатталған.

2023 жылғы 29 тамызда Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжановқа «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.


                        Т. Ж. Касымжановтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
                        Публикации Касымжанова Т. Ж. в периодических изданиях и сборниках

Қасымжанов , Т. Әди Шәріповтың есімін есте қалдыру мақсатында Жармада игі шаралар жүзеге асты. // Дидар. - 2013. - 11 қаңтар. - Б. 3.
Қасымжанов , Т. Зайсан заманауи үрдісте дамып келеді. // Дидар. - 2016. - 24 желтоқсан. - Б. 6. Аудан әкімі тағайындалды. // Рауан-Восход. - 2009. - 17 сәуір. - Б. 1.
Касымжанов, Т. Смотрим в будущее с оптимизмом. // Рудный Алтай. - 2008. - 30 авг. - С. 3.
Касымжанов, Т. (Аким города Усть-Каменогорска). Город-мечта: интервью. // Устинка плюс . - 2013. - 12 сентября. - С. 1
Касымжанов, Т. (Аким города Усть-Каменогорска). Город развивается и растет. // Рудный Алтай. - 2015. - 31 декабря. - С. 10
                                   Мақалалар – Статьи о Касымжанове Темирбеке Жумакуловиче

Скрипниченко, Виктор. Каким был аким? Кто управлял Усть-Каменогорском последние 30 лет. // Устинка плюс. - 2021. - 12 августа. - С. 8-9