
Богашов Геннадий Константинович (1908-1981) – ҚазКСР еңбек сіңірген мұғалімі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы (1922)
1908 жылы 20 тамызда Орал облысында дүниеге келген. Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі. Еңбек жолын 1932 жылы Ленин атындағы мектепте математика пәнінің мұғалімінен бастап, кейін мектеп директоры болған, облыстық халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Соғыстан кейін партия облыстық комитетінің халықтық білім беру бөлімінде жұмыс істеді, қалалық еңбек депутаттары Кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. № 20 орта мектептің директоры қызметінен зейнетке шықты. Жауынгерлік әрі еренеңбегі үшін үкіметтік наградалары бар.
Республикалық маңызы бар зейнеткер. Өскемен қалалық мәслихатының 1970 жылғы14 желтоқсандағы шешімімен Г. К. Богашовқа «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Г. К. Богашов туралы әдебиет
Литература о Г. К. Богашове
Богашов Геннадий Константинович // Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск, 2008. – С. 12-13
Богашов Геннадий Константинович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы. = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск : үстелдік кітап / идея авторы және жетекші Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 18-19.
Геворкян Арсентий Иванович (1936) – Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
Арсентий Иванович Геворкян 1936 жыл 21 қыркүйекте Орджоникидзе қаласында туған. .
Өскемен қаласындағы тұрғын үй құрлысын ұйымдастырушы, ірі панелді үй құрлысының дамуына үлесқосқан. Тұрғын үй тапшылығы жағдайында қаладағы әрбір бесінші үй Геворкян басшылық еткен ұжымның қолымен салынған. Оның басшылығымен ондаған балабақша, дүкендер, панельді жатақханалар салынған. А.И. Геворкян –Шығыс Қазақстна гуманитарлық институтының негізін қалаушылардың бірі. Халықтар Достығы үйін ашудағы бастамашыларының бірі. Бірнеше мәрте еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Өскемен қалалық мәслихатының 1996 жылы 10 қазандағы шешімімен А.И. Геворкянға «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
2001 жылы Қазақстан құрлысшылар Одағы Арсен Геворкянға «Даңқты құрылысшы-өндірісші» деген атақ берді. Бүгінде А.И. Геворкян Ресейдің Новосибирск қаласында тұрады.
Геворкян А. И. туралы:
Арсен Геворкян - в золотой книге // Рудный Алтай. - 2001. - 10 февр. - С. 1.
А. И. Геворкян // Пуссеп Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска. - Усть-Каменогорск, 2008. - С. 66 - 67.
Губарев Алексей Александрович (1931-2015 жж.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1931 жылы 29 наурызда Куйбышев облысының Гвардейцы ауылында дүниеге келген.
1936 жылдан бастап Мәскеу маңындағы Чашниково совхозында тұрып, оқыды. 1950 жылы мектепті бітіргеннен кейін теңіз авиациялық техниктер училищесіне оқуға түсуіне байланысты КСРО Қарулы Күштеріне шақырылды, онда оқып жүріп Алексей Александрович Әскери- әуе мина-торпедалық авиациялық училищесіне ауысуға қол жеткізді.
Оны 1952 жылы бітіргеннен кейін КСРО Әскери-әуе күштерінің бөлімдерінде ұшқыш, звено командирі болып қызмет етті. 1961 жылы Әскери-әуе академиясын бітіріп, Қара теңіз флотында Ил-28 ұшақтары эскадрильясының командирі болды.
1962 жылы ол өзін ғарышкерлер жасағына жіберуді сұрап рапорт береді, және бір жылдан кейін Әскери әуе күштерінің Ғарышкерлерді даярлау орталығына қабылданды. А.А.Губарев алғаш рет ғарышқа 1975 жылғы 11 қаңтар мен 9 ақпан аралығында «Союз-17» ғарыш кемесінің командирі ретінде ұшты және бұл «Салют-4» ұзақ мерзімді орбиталық станцияға алғашқы негізгі экспедиция жасады.
Губарев Алексей Александрович екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал- майоры, техника ғылымдарының докторы.
Ғарышқа ұшып келгеннен кейін Әскери-әуе күштерінің Мемлекеттік Қызыл Ту ғылыми-зерттеу институты бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Өскеменде алғаш рет 1980 жылы болды. Осы сапардан кейін Алексей Александрович жыл сайын Қазақстанның шығысында болып, жаңа достар тапты және өзі үшін жақсы көріп үлгерген табиғаттың бірнеше түкпірлерін ашты.
А.А.Губарев екі Ленин орденімен, «Ғарышты игеруге сіңірген еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен, К.Э.Циолковский атындағы және Ю.А.Гагарин атындағы алтын медальдармен, шет мемлекеттердің бас салмақты наградаларымен марапатталған. Алексей Александрович – жеті қаланың құрметті азаматы.
А. А. Губарев туралы әдебиет
Литература о А. А. Губареве
Губарев Алексей Александрович // Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - С. 42-43
Губарев Алексей Александрович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 70-71
Гофман Альберт Хаймович (1932) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1932 жыла 19 қазанда Смоленск қаласында дүниеге келген.
1953 жылы Ортаазиялық политехника техникумын «Гидрометаллургия» мамандығы бойынша, ал 1962 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық инженерлік-құрылыс институтын бітірді. Еңбек жолын Өскеменде Үлбі металлургия зауытында (ҮМЗ) бастады. Альберт Хаймович зауытта алпыс жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Ол ҮМЗ-ның техникалық бақылау бөлімінің бақылаушысынан, бас инженер- бас технологтың орынбасарынан бастап бас директордың сапа жөніндегі орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Зауыттың бас директорының кеңесшісі болды.
1999 жылдан бастап Альберт Хаймович ҮМЗ көрме- ақпараттық орталығының директоры болып жұмыс істейді.
Тамаша ұйымдастырушы, сауатты басшы әріптестерінің арасында бедел мен құрметке ие болды. Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен үлкен ағарту жұмыстарын жүргізді.
Атом саласының дамуына қосқан үлесі үкіметтік наградалар: «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, КСРО ХШЖК күміс медалімен, «Е. П. Славский» Росатом ведомстволық орденімен, І дәрежелі «Қазақстан Республикасы Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Альберт Хаймович- КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының және В.П.Потанин атындағы зауыт сылығының лауреаты, ҮМЗ еңбек сіңірген қызметкері және зауыттың құрметті ардагері. Оған Ресей Федерациясының «Атом энергетикасы мен өнеркәсібінің ардагері» атағы берілді.
А. Х. Гофман туралы әдебиет
Литература о Гофмане А. Х.
Гофман Альберт Хаймович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 68-69
Михаил Кирсанович Губушкин (1930-2002 жж. )
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң доценті
КСРО ІІМ еңбек сіңірген жұмысшысы
Өскемен қаласының Құрметті азаматы
Құрметті демалыстағы милиция полковнигі
1950 жылдан бері құрметті демалысқа дейін облыстық ІІМ-де қызмет атқарған. Криминалдық - сот сараптамасы саласының жоғары дәрежелі маманы ретінде танылды. (Рапорт, Мінездеме)
Криминалистика саласына байланысты ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысты. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қылмыстық құқық пен қылмыстық процесс кафедрасының доценті. Криминалистика кабинетінің негізін қалаушы, 2004 жылы М.К.Губушкин атындағы Криминалистика орталығы болып өзгерді. Арнайы баспалар мен мерзімді басылымдарда 130-дан астам еңбегі бар. Толығырақ....
9 медальмен наградталған. Оның есімі ШҚО ішкі істер органдары тарихи мұражайында сақталған ШҚО ІІБ Құрмет Кітабына енгізілген. Толығырақ ...
Құрметті демалыста бола тұра, қаланың қоғамдық жұмыстарына араласуды тоқтатпаған және Мирный кентінің қоғамдық Советін басқарды..
2001 жылы 5 сәуірде №8/12 Өскемен қалалық мәслихаты мен ҚІІБ ұжымдық өтінішінің негізінде Губушкин Михаил Кирсановичке «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Толығырақ...
А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының қорында сақталған М.К.Губушкиннің мақалалары
Губушкин М.К., Черкасова Е.М. Морфология и классификация отпечатков папиллярных узоров пальцев кистей рук // Региональный вестник Востока. – 2000. - № 3. – С. 81 -87
Черкасова М.К., Губушкин М.К. Некоторые вопросы выведения папилляроскопической формулы по десятипальцевой системе // Региональный вестник Востока. – 2000. - № 3. – С. 87 – 95
Губушкин М. К вопросу о дактилоскопировании // Рудный Алтай. - 2002. - 2 февраля - С. 18
Материал төменде аталған мұрағаттардың құжаттары негізінде әзірленді
ШҚО ІІМ АТҚБ-ң Арнайы мемлекеттік мұрағаты (қ.4, тізімд. 5 ж/қ, 718 іс) құжаттары негізінде дайындалды: