Тунников Анатолий Павлович (1939) – Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
6 қаңтар 1939 жылы Алтай өлкесінің Рубцовск қаласында дүниеге келген. «Востокпромэлектромонтаж» мекемесінің бас директоры болып жұмыс істейді. Қазақ КСР-нің белгілі құрылысшысы.
Еңбек жолын 17 жасында «Алтайсвинецстрой» құрылыс басқармасында бастаған. Атом өнеркәсібін дамыту мақсатында 1958 жылы бірнеше құрылыс кәсіпорындары ашылып, олардың біріне Тунников Анатолий Павлович электромонтер болып еңбек етеді.
Оның еңбек жолы осы мекемеде қарапайым қызметкерден бастап бірінші басшыға дейін жеткен. Қазір жауапкершілігі шектеулі кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «Востокпромэлектромонтаж» ЖШС деп аталады. Нарықтық экономика ауысқан кезде олар жұмысшыларды, кәсіби мамандарды сақтап, мекеме жұмысын жандандырды. Оның тікелей қатысуымен қалада электромонтаж жұмыстары белсенді жүргізілді, сәулет ескерткіштері салынды және қайта жаңартылды, көшелер мен бақтар жарықтандырылды. Қалада өткізілетін қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысты.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің медальдарымен және грамоталарымен марапатталған. 2005 жылдан бастап Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
Өскеменнің Құрметті азаматы атағы 2004 жылдың 9 желтоқсанында берілді.
А. П. Тунников туралы әдебиеттер
Литература о Тунникове А. П.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с.
***
Почетных граждан прибавилось [Текст] // Рудный Алтай. - 2005. - 6 янв. - С. 1.
Чистяков М. Шагает он по городу [Текст] / Чистяков М. // Рудный Алтай. - 2005. - 1 марта. - С. 4.
Никифоров, В. Однажды и навсегда [Текст] : [о Почетном гражданине Усть-Каменогорска А. П. Тунникове] / В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2008
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Тунникова, А. П. [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный сайт Усть-Каменогорского городского маслихата : сайт. – Режим доступа : http://ukmaslihat.vko.gov.kz/ru/citizens_56.htmhttps://ru.wikipedia.org/wiki/Айдарханов,_Бике (27.09.2018)
Тучин Михаил Васильевич (1944 ж.) – еңбек ардагері, Шемонайха қаласы әкімшілігінің бірінші басшысы
1944 жылы 13 ақпанда Предгорное ауданы Барашка ауылында дүниеге келген Тучин 1955 жылы Тучиндер отбасы Предгорное ауданы (Шығыс Қазақстан облысы) Веселовка селосына көшіп келеді. Михаил Васильевич мектепте оқып жүргенде, Ертіс химия-металлургиялық зауытта өндірістік практикадан өтеді.
1959 жылы М.В.Тучин Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік жастар Одағына мүшелікке қабылданады (ВЛКСМ/БЛКЖО).
Еңбек жолын 1960 жылы ИХМЗ кәсіпорнында жөндеу-механикалық цехта бастады.
1960 жылы қыркүйекте жұмысшы жастар мектебіне оқуға түседі, кейін бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика цехына жұмысқа кіреді.
1963 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылады. «Жас жауынгер» курсынан кейін Германия Демократиялық Республикасының Потсдам қаласына зенит-артиллерия полкына жіберіледі.
1966 жылы армиядан туған ауылы Первомайскіге оралады. 1966 жылы 25 қарашада Михаил Васильевич Анна Филиповна Поломошноваға үйленеді. 1967 жылы ИХМЗ кәсіпорнының комсомол комитетіне хатшы болып сайланады.
1967 жылы Өскемен индустриалдық техникумына (Шығыс Қазақстан облысы) сырттай оқуға түседі. 1970 жылы бақылау-өлшеу аспаптарының техника-электромеханикасы дипломына ие болады.
1969 жылы Кеңес Одағы Коммунистік партиясына мүшелікке қабылданып, 1973 жылы қаңтарда Шемонайха аудандық партия комитетінің өндірістік-көлік бөліміне нұсқаушы болып тағайындалады.
Партия мектебін бітірген соң Шемонайха аудандық комитетінің ұйымдастыру бөліміне нұсқаушы болады.
Михаил Васильевич 1977 жылы желтоқсанда «Белокаменск» совхозының партия комитетіне хатшы болып тағайындалады.
1987 жылы қаңтарда Шемонайха қалалық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланады.
1992 жылы Шемонайха қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитеті таралғаннан кейін, Шемонайха қалалық әкімдігінің әкімі болып тағайындалады.
1997 жылы Михаил Васильевич өз еркімен қызметтен босап, 1997 жылы «Макаров и К» ЖШС жұмысқа орналасады. 2004 жылы зейнеткерлікке шығып, 2011 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.
«Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты», «Халық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл» медальдары;
Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағының 50-жылдығына байланысты төсбелгі, «Готов к труду и обороне» Бүкілодақтық физкультура кешенінің алтын белгісі, Кеңес Армиясы, Қазақ ССР Коммунистік партиясының аудандық комитетінің грамоталарымен марапатталды.
Хаукка Людмила Антонова (1946 ж. т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1946 жылы 19 қыркүйекте Алматы облысының Іле кентінде дүниеге келген.
Орта мектепті 1964 жылы Балқаш қаласында бітірді. Орта білім туралы аттестатпен бірге «Балабақша тәрбиешісі» біліктілігі туралы куәлік алды.
1970 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітіріп, «Химия және биология мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алды. Педучилищеде және мектепте химия пәнінің мұғалімі, Түркістан қаласында мектеп меңгерушісі, кейін Балқаш қалалық білім беру бөлімінде әдіскер болып жұмыс істеді.
1978 жылы Людмила Антоновнаның отбасы Өскемен қаласына көшіп келгенде, ол №11 орта мектепке мұғалім болып жұмысқа түсті, ал 1990 жылы №11 мектеп-гимназиясының директоры болды.
Хаукка Людмила Антоновна 8 жыл бойы Өскемен қаласының білім бөлімін басқарды. Людмила Антоновна мұғалімдердің кәсіби білімін арттыруға көп көңіл бөлді. Ол басшылық еткен кезеңде жалпы орта білім беру жүйесі өзгерді, мектептер теориялық және ғылыми тұрғыдан қарқынды дами бастады, мектептер бірқатар пәндерді тереңдетіп оқытатын гимназиялар, лицейлер, мектептер деңгейіне өтті. Өскеменде алғаш рет ШҚМУ базасында жақын өңірлерден ғалымдарды шақыра отырып, білім беруді дамыту мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
1999 жылдан бастап 2010 жылға дейін «№24 орта мектеп» ММ директоры болып жұмыс істеді.
Л.А. Хаукка 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін, қатарынан төрт шақырылым, облыстық және қалалық деңгейдегі халық депутаттары кеңесінің және мәслихаттардың депутаты болып сайланды, қала мен өңірдегі білім беру проблемаларын шешті, өз сайлаушыларының өмір сүру жағдайларын жақсарту мәселелерімен айналысты.
Л. А. Хаукка туралы әдебиет
Литература о Хаукке Л. А.
Хаукка Людмила Антоновна // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 128-129.
Григорий Григорьевич Флейтлих (1927-2007), Өскемен қаласының Құрметті азаматы
Флейтлих Григорий Григорьевич 1927 жыл 2 желтоқсанда Борисов қаласында (Белорус республикасы) дүниеге келген. Шығыс Қазақстанға Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) қоныс аударған. Семей автожол техникумының түлегі. ШҚ облыстық жолаушылар автобасқармасының негізін қалаушы әрі алғашқы жетекшісі. 1965 ж. қайтадан құрылған жолаушылар автобасқармасының бастығы болып тағайындалып, барлығы автокөлік саласында 56 жыл еңбек сіңірген. Бұл авто шаруашылық экономикасының бұрын-соңды болмаған даму кезеңі еді. Яғни, автобазаларды көркейту, автопарктерді жаңарту, жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайын жақсарту. Өскемен қаласы мен облыс аудандарында 15 автокәсіпорын, автокөлікшілер жанұясына арнап 19 көппәтерлі үй, екі балабақша, асханалар мен медпункттер салынды.
Григорий Григорьевичтің жоғары кәсіпқойлық және көрегендік қасиеттері Шығыс Қазақстанда Республикадағы ең көрнекті жолаушыларды тасымалдаумен қамтамасыз ету жүйесі дүниеге келді. Әркім біле бермейтін Шығыс Қазақстанның Жолаушылар басқармасы бірнеше рет Жалпыодақтық автошаруашылық жарыстарынан бірінші орынды иеленіп келді.
Жалпы мәдениет, басқарудың интеллигентті стилі оның өндіріс пен еңбек ұжымы өмірін, техникалық, технологиялық, экономикалық мәдениет, адам қарым-қатынасы мен тұрмыс мәдениетін кеңінен тануға мүмкіндік берді. Ол өзін тек сауатты инженер емес, сонымен қатар білікті құрылысшы, экономист, психолог ретінде де таныта білді.
Г.Г.Флейтлих ШҚО автокөлік саласына тек прогресс пен жаңалықтар әкелді. Ол республика автомобильшілері алдында беделді еді. Өз жұмысын жалғастыратын бірнеше мамандар даярлап кетті.
Григорий Григорьевич тіпті зейнеткерлікке шыққан соң да іскерлік қасиетінен арылған емес. Оның жол қозғалысы қауіпсіздігі, экспертті заң бюросы жұмыстарына араласуы, білімі мен тәжірибесі - қала тұрғындарының көлікпен қамтылуына көп ықпалын тигізді.
16 января 2009 г. Г.Г. Флейтлиху на одном из домов г. Усть-Каменогорска установлена мемориальная доска.
Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы шешімі бойынша Г.Г.Флейтлихке «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. 2009 жылы 16 қаңтарда Өскемен қаласы үйлерінің бірінде Г.Г.Флейтлихке арнайы мемориалды тақта орнатылды.
Әдебиет
Григорий Григорьевич Флейтлих // Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. – С. 118-119.
Ельникова, Л. Память о нем жива [Текст] / Л. Ельникова // Рудный Алтай. - 2009. - 22 янв. - С. 3.
Хмелев Александр Леонидович (1964 ж. т.) – Өскемен қаласының Құрметті азаматы (2019 ж.)
1964 жылы 1 наурызда Тәжікстанның Душанбе қаласында дүниеге келген.
1986 жылы Новосибирск мемлекеттік университетінің «Экономикалық кибернетика» факультетін бітіріп, экономист-математик мамандығын алды.
Александр Леонидович еңбек жолын 1986 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында электромеханик болып бастады, кейін инженер-бағдарламашы лауазымында жұмыс істеді, ал 1997 жылы «Казцинк» ААҚ бас бухгалтері болды.
Кәсіпқойлық, көшбасшылық қасиеттер, жоғары ұйымдастырушылық қабілеттер, өндірістік мәселелердің стандартты емес және тиімді шешімдерін таба білу Александр Леонидовичке жоғары деңгейдегі менеджер болуға мүмкіндік берді.
2014 жылы А. Л. Хмелев «Қазмырыш» ЖШС Бас директоры лауазымына тағайындалды. Оның әкімшілік қызметіндегі негізгі басымдық қазіргі әлемдік үрдістерді ескере отырып, металлургиялық компанияның тұрақты және жан-жақты дамуы болып табылады.
2013 жылы А.Л. Хмелев «Құрмет» орденімен, 2016 жылы «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 2018 жылы «Жыл меценаты» сыйлығын алды.
Өскемен қалалық мәслихатының LII сессиясының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы 52/16-VI п. А.Л. Хмелевке «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
А. Л. Хмелев туралы әдебиет
Литература о Хмелеве А. Л.
Кітаптар - Книги
Хмелев Александр Леонидович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 192-193
Мақалалар - Статьи
Хмелев, Александр. На сто процентов и чуть больше : о компании, ее сотрудниках и секретах руководства в интервью «Казахстанской правде» рассказал генеральный директор ТОО «Казцинк» Александр Хмелев / А. Хмелев ; беседовала Г. Вологодская. - Текст // Казахстанская правда. - 2021. - 13 декабря. - https://kazpravda.kz/n/na-sto-protsentov-i-chut-bolshe/