Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Ақын жазушылар

Карбушев Ф.М.

Карбушев Федор Михайлович (1904-1984) – ақын, КСРО Журналистер одағының мүшесіКарбушев Федор Михайлович (1904-1984) – ақын, КСРО Журналистер одағының мүшесі.

1904 жылы 15 мамырда Новониколаевск уезі (қазір Новосибирск облысы) Колыван болысы Никольск деревнясында дүниеге келген. 1926 жылы өз еркімен Қызыл Армия қатарына өтіп, Қызылтулы Златоусовск дивизиясы қатарында әскери қызмет атқарды.  Ол еліміздің көптеген аудандарында қызмет етті. Осы жылдары өлеңдері қабырға газеттерінде, кейін «Стальной путь», «Путь к коммунизму», «Сельская правда» т.б. газеттерінде жарияланды. 1947 жылы НКВД органдары оны науқасына байланысты елге қайтарады. Осы жылы Ф.Карбушев Өскемен қаласының (Шығыс Қазақстан облысы) аумағына кірмеген Аблакетка поселкесіне көшіп келеді. Ф.Карбушев поселкелік Кеңеске техник-байқаушы жұмысына орналасып, сегізінші класты кешкі мектептен бітірген соң Өскемен ГЭС-і құрылысына қатысады.  
Оның алғашқы өлеңдері – «Ванюша-кузнец», «Ой ты, Коля, Николай», «Парень с Иртыша», «Песня лесоруба». Бұл өлеңдері облыстық «Знамя коммунизма» газетінде жарияланып тұрды. Сондай-ақ,  ол осы облыстық газет жанындағы әдеби бірлестіктің мүшесі болды. Федор Михайловичтің әндерін орындаушылар 1955 жылы өткен түрлі конкурстардың лауреаты атағына ие болды. 1957 жылы «Про Ваню» әні Қазақстанның бірінші сыйлығын иеленді, ал, «Парень-паренек әні 1958 жылы Бүкілодақтық конкурсының жеңімпазы болды. Ф.Карбушевтің әндері көптеген ән жинақтарына енді. 1958 жылы алтай композиторы В.Пеньковпен бірлесіп  «Алтайская степь» және «Люба» әндерін жазды.
Ф.Карбушев 1952 жылдан 1959 жылға дейін Аблакетка поселкелік кеңесінің төрағасы, 1959-1962 ж. конденсатор заводы клубында меңгеруші қызметін атқарды.  
1954 жылы «Иртышгэсстрой»  су торабы құрылысы газетінің  редакциясы  жанындағы әдеби бірлестікте ұйымдастырылған әдеби топқа жетекшілік етті.       
Федор Михайловичтің әндерін адамдар сүйіп тыңдайтын еді. Оның өлеңдеріне жүзден аса көркемөнер және кәсіби сазгерлер ән жазды, ең үздіктері хор, ансамбль, жеке әншілердің репертуарына енген.
1984 жылы Өскемен қаласы Аблакетка поселкесінің көшесіне Ф.Карбушев есімі берілді.
1984 жылы қайтыс болды.

 

Ф. М. Карбушев шығармалары

Произведения Карбушева Ф. М.

Кітаптар - Книги

 

Карбушев, Ф. Песни [Текст] : сборник / Ф. Карбушев. - Алма-Ата: Казгослитиздат, 1963. - 39 с.

 

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

 

Карбушев, Ф. Песня об Иртышском море [Текст] : стихи / Ф. Карбушев // Казахстанская правда. - 1960. - 6 августа.

Карбушев, Ф. Песня целинников [Текст] : стихи / Ф. Карбушев // Целинный край. - 1961. - 13 марта

Карбушев, Ф. Про Ванюшку-кузнеца [Текст] : стихи / Ф. Карбушев // Казахстанская правда.- 1961.- 12 февраля.

Карбушев, Ф. Мой город [Текст] : стихи // Казахстанская правда. - 1962. - 11 февраля.

Карбушев, Ф.Спойте о солдате [Текст] : стихи / Ф. Карбушев // Учитель Казахстана. - 1970. - 4 марта.

Карбушев, Ф. Узоры [Текст] : стихи / Ф. Карбушев // Учитель Казахстана. - 1970. - 1 января.

Карбушев, Ф. Березка [Текст] : стихи / Ф. Карбушев // Учитель Казахстана.- 1971.- 1 января.

Карбушев, Ф. Край родной [Текст] : стихи / Ф. Карбушев // Рудный Алтай. - 1983. - 7 ноября.

Карбушев, Ф. Мир вам, люди планеты [Текст] : стихи / Ф. Карбушев // Луч. - 1985. - 1 января.

Карбушев, Ф. Песня о Ленине; Комсомольцам двадцатых и восьмидесятых [Текст] : стихи / Ф. Карбушев // Знамя труда. - 1983. - 7 ноября.

Карбушев, Ф. Мы носим звание коммунистов [Текст] : стихи / Карбушев Ф. // Коммунистический труд. - 1984. - 1 декабря.

 

Ф. М. Карбушев туралы әдебиеттер

Литература о Карбушеве Ф. М.

Утро над Иртышом [Текст] : сборник / Восточно-Казахстанское литературное объединение. - Усть-Каменогорск : Облиздат, 1960. - 211 с. (Введено оглавление)

Художественная литература о Восточном Казахстане [Текст] : Рекомендательный указатель литературы. - Усть-Каменогорск : Б. и., 1968. - 61 с.

Памятные места русской литературы в Усть-Каменогорске [Текст] : набор из 32 буклетов / авт. предисл. П. Д. Поминов. - Усть-Каменогорск : изд-во ВКГУ, 2007

Звено Алтая [Текст] : история и современность : к 90-летию Восточно-Казахстанского литературного объединения / Т. Сидихменова . - Усть-Каменогорск : Либриус, 2011. - 472 с.

Чистяковские чтения [Текст] : материалы регионального семинара (14 апреля 2011 г.) / Министерство образования и науки Республики Казахстан, Казахстанско-Американский свободный университет. Ч. 1. - Усть-Каменогорск : КАСУ, 2011. - 195 с.

Памяти Михаила Чистякова... [Текст] : сборник воспоминаний и очерков / Министерство образования и науки Республики Казахстан, Казахстанско-Американский свободный университет. Ч. 2. - Усть-Каменогорск : КАСУ, 2011. - 169 с.

 

Мақалалар – Статьи

Кузнецов, П. Человек большой души [Текст] / П. Кузнецов // Рабоче-крестьянский корреспондент. - 1959. - №12. - С. 45 - 50.

Киселев, С. У песни вырастают крылья [Текст] / С. Киселев // Знамя коммунизма. - 1963. - 7 августа.

Аркадьев, В. Встреча с героями [Текст] : [о встрече с Героями Советского Союза и обсуждение книги "Бесстрашные" в читальном зале ВК областной библиотеки им. А. С. Пушкина] / В. Аркадьев // Рудный Алтай. - 1965. - 22 апреля. - С. 4.

Федоров, К. Песни нашего земляка [Текст] / К. Федоров // Рудный Алтай. - 1977. - 5 января. - С.

Карбушев Федор Михайлович [Текст] // Рудный Алтай. - 1984. - 18 апреля.

Капустин, П. Песни продолжают жить [Текст] : [О жизни и творчестве поэта Ф.М.Карбушева] / П. Капустин // Рудный Алтай. - 1998. - 30 июля

Капустин, П. Синеблузочник [Текст] : [Воспоминания автора о встречах с усть-каменогор.поэтом Ф.М.Карбушевым] / П. Капустин // Рудный Алтай. - 1999. - 19 октября. - С.

Мельникова, Н. Жизнь и лира Федора Карбушева [Текст] : (К 100-летию поэта-песенника) / Н. Мельникова // Рудный Алтай. - 2004. - 22 июня. - С. 4

Дурново, И. Драгоценные автографы [Текст] / И. Дурново // Рудный Алтай. - 2005. - 19 март. - С. 9

Рифель, Л. Наш поэт, солдат, наш старый "правдист" [Текст] / Л. Рифель // Семь дней. - 2006. - 15 сентября. - С. 9.

Тарлыкова, О. "Что ж молчишь, баян мой фронтовой?" [Текст] : [поэзия и музыка в творчестве М. Чистякова] / О. Тарлыкова // Мәдениет жаршысы . - 2009. - № 12. - С. 16 - 21.

Дурново, И. И поэт с поэтом говорит [Текст] / И. Дурново // 7 дней. - 2012. - 20 сентября. - С. 3.

Горская, Е. Жизнь и лира Федора Карбушева [Текст] / Е. Горская // 7 дней. - 2014. - 27 марта. - С. 7.                                                           

    Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Федор Михайлович Карбушев [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1446

 

 

 

 

 

 

Кәрменов Ж.

Карменов Жанибек (1949 - 1992) – писатель, певец и музыкантКәрменов Жәнібек (1949 - 1992) – жазушы, әнші, музыкант

1949 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Мектептен кейін Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, эстрада студиясында білім алды. Жетекшісі белгілі әнші Жүсіпбек Елебеков.

Жәнібек Кәрменовтың өмірі мен шығармашылығы өнердің әр саласымен тығыз байланысты. Ол кітап жазып, ерекше орындаушылық өнерімен халықты тамсандырды. Консерваторияда халық әні кафедрасының негізін қалап, бастапқы кезде кафедра меңгерушісі болды.  

Танымал әнші қазақ фольклорын зерттеумен де шұғылданды.

1984 ж. – халық шығармашылығы мен музыкасына арналған көркем шығармалар жариялады. Ленин комсомолы сыйлығының иегері.

1990 ж. – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

1996 ж. – Жәнібек Кәрменовтың есімі туған ауылындағы музыка мектебіне берілді.

Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті, көптеген халық композиторларының шығарма өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты. Кезінде Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар жүргізді. Өнер тақырыбына арналған кітаптары (“Ақылбайдың әні”, ”Ғашықтың тілі”, “Махаббат әні”) жарық көрді. 1984 жылы концерттік- орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы ) музыка мектебіне берілген.

 

Ж. Карменов мерзімді басылым беттерінде

Ж. Карменов в периодической печати

Сабырбай Қ. Арманы биік асыл ер. [Мәтін] / Сабырбай Қ. // Семей таңы. - 2004. -  13 ақпан.- Б.4

Троеглазова А. Литературное чтение [Текст] / Троеглазова А. // Начальная школа Казахстана. - 2004 - N 1  - С. - №1  - С. -  С. 26

У школ новые имена [Текст] // Рудный Алтай. - 2006. -  12 окт. -  С. 2

Тiлегенова А. Бiлiм майданындағы бiлiктi ұстаз // Жас Қазақ үнi.- 2010. - 8-14 қазан (№ 39). - 7 б.

Никифоров В. Полезные уроки Абайского района [Текст] : [о выездном заседании областного акимата в Абайском районе] / В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2012. - 19 ноября. -  С. 1, 2.

Сейсенулы, Даулет. "Каламкас": 40 лет вдохновения и созидания [Текст] / Д. Сейсенулы // Вести Семей. - 2012. - 13 нояб. -  С. 4

Никифоров , Владимир. Полезные уроки Абайского района [Текст] / В. Никифоров  // Вести Семей. - 2012. - 20 нояб. -  С. 1-2

Малгаждаров Ә. Олар "хабарсыз кеткен" жоқ // Ана тiлi.- 2015.- 6 - 13 мамыр (№ 18).- 6 б.

Семей облысынан соғысқа қатысқан Малгаждар Карменов туралы.

Пұшпақбаев О. Тас жарған талант // Қазақ спорты.- 2015.- 27 қаңтар (№ 4).- 5 б.

Каратэ спортынан тұңғыш шыққан әлем чемпионы, қара белбеу иегерi Амангелдi Карменов туралы.

Интернет ресурстар

Интернет - ресурс

«Биография Карменов Жанибек» [электронный ресурс]. – Сайт. – Режим доступа : http://myz.nur.kz/artist-69152-karmenov-zhanibek (дата обращения 08 ноября 2018)

Қасым А.


Қасым А.Қасым Айнаш – шығыстанушы-филолог, әдебиеттанушы, парсы тілінің аудармашысы, қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

8 наурыз 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданының Бастаушы аулында дүниеге келген.
1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің Шығыстану факультетінің “Парсы филологиясы” мамандығына оқуға түсіп, 1996 жылы үздік бітірді.
Еңбек жолын 1998 жылы Абылай хан атындағы Әлем тілдері және Халықаралық қатынастар университетінің Таяу Шығыс елдері кафедрасында парсы тілінің оқытушысы болып бастады.
2009 жылы Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Абай поэзиясындағы шығыстық сарындар» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
2011-2020 ж.ж. – ИИР астанасы Тегерандағы Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік қызмет торабындағы Қазақ радиосының редакторы қызметін атқарды.
«Абай және парсы әдебиеті» атты монография мен «Зүмірет» кітабының авторы.
Жаңа кезеңде парсы тілінен тікелей қазақ тіліне аудармаға жол ашып, жиырма кітап аударды. Соның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған Фәрид-ед-дин Әттардың «Әулиелер шежіресін», Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәридің «Тәбәри тарихын», Мохсен Һеджридің «Жарық жұлдыз» шығармасын, сондай-ақ, Ахмад Хатамидің «Иранның қазіргі дәуір әдебиеті» атты кітаптарын тәржімалады.
Иранның жаңа дәуір әдебиетіндегі (1921-2011 ж.ж.) көрнекті жазушылардың әртүрлі тақырыпты қамтыған он төрт көркем шығармасын қазақ тіліне аударып, «Іңкәрлік» атты жинақ шығарды.
Оралхан Бөкейдің «Бес тиын» және «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімелері мен А.С.Пушкиннің «Барышня-крестьянка» повесін парсы тіліне аударды.
Қазақ-парсы әдеби байланыстары, Қазақстан мен Иран туралы қазақ, парсы және орыс тілдерінде ғылыми-танымдық және публицистикалық жетпістен астам мақала жазды.

А. Қасымның мақалалары
Статьи Касым А.

Қасым, А. Қазтуған толғаулары / А. Қасым. - Мәтін // Қазақ әдебиеті. - 2022. - 1 сәуір. - Б. 18-19
Қасым, А. Шайырлардың шайыры - Хафиз / А Қасым. - Мәтін // Түркістан. - 2022. - 3 қараша. - Б. 6

Қасенов Т.

Қасенов Тұрлыхан (1902-1940) - ақын, педагог, публицист.Қасенов Тұрлыхан - ақын, педагог, публицист

1940 ж. Қандығатай болысы, Теректі өңірінің №19 ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылы) дүниеге келген. Ақынның әкесі Қасен Қажы екі рет Меккеге барған, оқымысты әрі білімді адам болған. Тұрлыхан білімін ауыл молдасынан бастап, рухани нәр алып, кейін ақсүйек мұғалімнен сабағын жалғастырған. 1920 жылы Тұрлыхан Семейге келіп, мұғалімдер курсына түседі. 1921-1924 жж. Т. Қасенов мектепте жұмыс істейді. 1925 ж. ол Семей педагогикалық техникумына түседі. Семейдегі оқуын аяқтаған соң, жас ұстаз туған ауылына оралып, Шығыс Қазақстанда алғашқы мектептің бірін ашады. Тұрлыхан Қасенов араб, латын, орыс жазуын жетік меңгерген. Бүгінгі күні Қапанбұлақ ауылындағы мектепке Тұрлыхан Қасеновтың есімі берілген.

Дарынды ағартушы сауатсыздықты жоюға, жаппай оқуды жүзеге асыруға үлкен үлес қосқан, Аягөз, Көкпекті аудандарында халыққа білім беру ісіне жетекшілік еткен, 1930 жылы Семейде ашылған колхоз жастарының алғашқы мектебінде директор болған. Ол студенттік кезден-ақ қолына қалам алған.

1934 ж. Т. Қасенов Қазақстан Жазушылар одағы құрамына енген. Ол қазақ әдебиетінің классиктері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтермен бірге жұмыс істеген.

Жас ақын асқан шабытпен туындыларын газет, журнал беттерінде жариялап, өз заманын, туған өлкедегі алғашқы үлкен құрылыс жұмыстарын жырларына арқау еткен. Тұрлыхан Қасеновтың «Түрксіб» поэмасы «Қазақ әдебиеті» журналының 1934 жылғы екінші санында (қазіргі «Жұлдыз» журналы) жарық көрген. 30-жылдары ақынның көптеген өлең, поэмалары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалды Шығыс», «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») т.б. газеттерде жарық көрген.

Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімін басқарған, «Еңбек» әдеби альманағын ұйымдастырған. Жалынды публицист Т. Қасенов өз ой-пікірін ашық айтатын. Кейін, сол себепті 35 жасында ұлтшыл деген айып тағылып, қуғын-сүргін көрген. Тұрлыхан Қасенов «халық жауы» ретінде  репрессияға ұшырап, ГУЛАГ-та қайтыс болады.

«Кім күшті» (1929), «Нүкен» (1935), «Ерлер әңгімесі» (1934),  поэм «Радио сөзі», «Оспан комсомол» (1934) әңгімелері, «Әріп ақын», «Әдебиет жұмысына ат салысайық» ғылыми зерттеулерінің  авторы. Александр Затаевичтің «500 казахских песен и кюйев» кітабына Тұрлыхан Қасенов орындаған 13 халық әні жазылған, олар: «Ардақ», «Қайрма», «Түлкітымақ», «Қарагөз-ау» т.б.

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Қапанбұлақ ауылындағы мектеп Тұрлыхан Қасеновтың есімімен аталады.

 

 

 

Т. Қасеновтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Т. Касеновав периодических изданиях и сборниках

 

 

Қасенұлы,Т. Ахаңның шығармашылық даралығы [Текст] : [А. Байтұрсыновтың мысалдарының қазақ әдебиетіндегі орны] / Т. Қасенұлы // Жұлдыз. - 1994. - № 7. - Б. 181-185.

 

Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құрастырғанМ. Иманжапаров, М. Зүкенұлы. - Семей : Үш биік, 2010. - 328 б. - Т. Қасенұлы.

 

 

Т. Қасеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Т. Касенова

 

Кітаптар - Книги

 

Рысбекұлы Қ. Қайтпас қайсар қазақпын [Мәтін] : [ақын, жазушы, қоғам қайраткері Тұрлыхан Қасенұлы туралы]. – Астана : Ер-Дәулет, 2002. – 216 б.

Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. – Қасенұлы Тұрлықан: б. 183.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі. - Алматы : Аруна, 2005. - (Мәдени мұра). – Қасенұлы Тұрлықан: б. 323. 

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. – Тұрлықан Қасенов: б. 47-48.Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. С. Қамшыгер; Қ. Жұмашева. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - Қасенұлы Тұрлықан: б. 232-233.

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 9 : мақалалар, зерттеулер, Абай шығармаларына түсініктемелер / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Ел шежіре, 2011. - 384 б. - Т. Қасенұлы (ол туралы).

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құрастырушылар Ұ. Есдаулет, К. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы. - Астана : Фолиант, 2011. - Қасенұлы Тұрлықан: б. 103.

Бұл өлең шыққан екен бірталайдан... [Мәтін] : "Біржан-Сара  айтысына" қатысты зерттеу мақалалар мен ғылыми ой-тұжырымдар . - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 506 б. - Т. Қасенұлы.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Қасенұлы Тұрлықан: б. 455. 

 

***

 

Гайнуллина, Ф. А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] : учебное пособие / Ф. А. Гайнуллина. - Семипалатинск, 2002. - Турлыхан Касенов: с. 56-58.

Литература Казахстана [Текст] : знциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан; Комитет информации и архивов. -  Алматы : Аруна : Қазығұрт, 2010. - (Мәдени мұра). – Касенулы Турлыхан: с. 270-271.

Писатели Семипалатинскогорегиона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006. -Турлыхан Касенов: с. 32-34. 

 

 

Мақалалар - Статьи

 

 1997

 

Тұрлықан ақын [Мәтін] : деректі жинақ / құрастырған М. Айтбайқызы, Қ. Рысбекұлы, Т. Жәкітайұлы, С. Сүйіндікова. - Алматы : Ер-Дәулет, 1997. - 201 б.

 

 

2002-2003

 

Рамазанов, С. Қашанда халқымен бірге [Мәтін] : [ақын, жазушы, қоғам қайраткері Тұрлыхан Қасенұлы туралы] / С. Рамазанов // Семей таңы. - 2002. - № 13. - Б. 3.

Рамазанов, С. Осындай ақын болған [Мәтін] : [ақын, жазушы, қоғам қайраткері Тұрлыхан Қасенұлы туралы] / С. Рамазанов, Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2002. - 26 маусым. - Б. 12.

Мұхамедова, Р. Қайтпас қайсар қазақ [Мәтін] : [ақын, публицист, ағартушы Тұрлыхан Қасенұлының туғанына 100 жыл толуына орай] / Р. Мұхамедова // Семей таңы. - 2002. - 30 тамыз. - Б. 2.

Мансарин, Т. Тұрлықан ақын [Мәтін] / Т. Мансарин // Қазақстан мектебі. - 2003. - № 2. - Б. 52-55

 

 

2012 - ...

 

Мұхамедханұлы, Қ. Тұрлықан Қасенұлы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханұлы  // Қалба тынысы. - 2012. - 28 наурыз. - Б. 3.

Мұхамедханұлы, Қ. Тұрлыхан Қасенұлы [Мәтін] : [ақын, публицист Т. Қасенұлының өмірі жайлы] / Қ. Мұхамедханұлы // Ертіс өңірі. - 2014. - 22 қазан. - Б.10-11.

 

 

***

 

Бликова, Ж. Слово о Турлыхане [Текст] / Ж. Бликова, Р. Сейпилова // Спектр. - 2002. - 5 апреля. - С. 16 

Рамазанов, С. «Бесстрашен и горд…» / С. Рамазанов // Семипалатинские вести.- 2002.- 5 июля.- С.3. 

Байгужинов, К. Певец своего народа / К. Байгужинов // Семипалатинские вести.-2002.-16 августа.- С.2. 

Рамазанов, С. "Я - свободолюбивый казах, бесстрашен и горд, воспитанный тобой, мой независимый народ" [Текст] : [100 лет поэту, публицисту Турлыхану Касенову ] / С. Рамазанов // Спектр. - 2002. -16 августа. -  С.16. 

Рамазанов, Е. "Я свободолюбивый казах..." [Текст] : [к 100-летию поэта, педагога, публициста Турлыхана Касенулы] / Е. Рамазанов // Рудный Алтай. - 2002. - 24 августа. - С. 6

Биданова, А. Короткий век Турлыхана Хасенова / А. Биданова // Наше дело. - 2002.- 30 августа. - С.7.

Сергеева, Ж. Памяти Турлыхана Касенулы посвящается / Ж. Сергеева // Семипалатинские вести.- 2002.- 30 августа. - С.2.

Қасымов А.

Қасымов Айтмұхамбет Қасымұлы – жазушы, журналист, аудармашы, ғалым, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесіҚасымов Айтмұхамбет Қасымұлы (1950 ж.) – жазушы, журналист, аудармашы, ғалым, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих, филология және халықаралық қатынастар» факультетінің «Қазақ, орыс филологиясы және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы.

А. Қасымов 1950 жылы 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аюды ауылында дүниеге келген. 1973 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университет) аяқтаған. Катон-Қарағай ауданының Парамоновка ауылы Абылай атындағы орта мектепте мұғалім, директордың орынбасары, кейін директор қызметін атқарған.

Айтмұхамбет Қасымұлының негізгі еңбек жолы «Дидар» (бұрынғы – «Коммунизм туы») облыстық газетімен тығыз байланысты. Ең алдымен 1977 жылы әдеби қызметкерліктен бастаған. Кейін бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары және 2009 жылдан – бас редактор болып қызмет етті. 2012 жылы А. Қасымов «Шығыс ақпарат» БАҚ директорының орынбасары қызметінде болды. 2013 ж. тамыз айынан ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан өнер мұражайы» коммуналдық мекемесіне ауысып, 2018 жылдың мамыр айына дейін мемлекеттік тілдің аудармашы-редакторы қызметін атқарады.

2009 жылы «Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931-2006 жж.)» / «Становление и развитие Восточно-Казахстанской областной казахской газеты (1931-2006 гг.)» атты кандидаттық диссертациясын қорғады.

Айтмұхамбет Қасымұлы 10-нан астам кітап пен журналистика саласы бойынша екі ғылыми басылымның авторы. Жазушының шығармашылық мұрасынан келесі кітаптар орын алады: «Алтайдан ұшқан ақиық» (1999), «Арулар әлемі» (2000), «Үміт патшалығына саяхат» (2003), «Қызыл қырғынның құрбаны» (2004), «Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев» (2007), «Тарихи жол» монографиясы (2006), «Әмбебап журналист» – ағылшын журналисті Дэвид Рендоудың «Универсальный журналист» кітабының мемлекеттік тілдегі аударма басылымы. 2016 жылы жазушының Шығыс Қазақстанның Таинты болысындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Орайшөп көтерілісі» атты жаңа тарихи жинағы жарыққа шыққан. 2017 жылы осы аталған кітап толықтырылып, қайта басып шығарылады. 2019 жылы «Абай әлемі» кітап сериясына А. Қасымовтың жаңа шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Аудармашы ретінде Айтмұхамбет Қасымов «Шығыс Қазақстан өнер музейі қор коллекциясының каталогы» басылымын және Шығыс Қазақстаннан шыққан суретшілердің төрт сурет каталогын қазақ тіліне аударды. А. Қ. Қасымов қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Облыстық кітапханалармен тұрақты түрде қызметтестік орнатып, көпшілік іс-шараларды өткізуде ат салысып, шығармашылық жастар мен әдеби шығармашылықты қолдауға бағытталған «Әдеби HUB» жобасының жұмысына да көмек береді. Айтмұхамбет ҚасымұлыҚазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мүшесі ретінде облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен жүзеге асып жатқан облыстық «Абай әлемі» кітап сериясы облыстық әдеби жобасының редакциялық ұжымының құрамында. «Шығыс ақпарат» ЖШС-нің Бақылаушы кеңесінің мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін» үкіметтік медалімен және «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Айтмұхамбет Қасымов дала халқының көшпелі өмір салты дәстүрлері туралы Георгий Гребенщиковтың кітаптарын қазақ тіліне аударғаны үшін 2021 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының «Ғылыми-көпшілік жұмыс» номинациясының иегері.

2026 жылы 23 маусымда "Құрмет" орденімен марапатталды. 

 

  А. Қасымов (А. Қасымұлы) шығармалары
Произведения А. Касымова
Кітаптар – Книги

 

Қасымұлы, А. Алтайдан ұшқан ақиық / А. Қасымұлы. - Өскемен : Шығыс Баспа, 1999. - 181 б.
Қасымұлы, А. Арулар әлемі  / А. Қасымұлы. - Усть-Каменогорск : Шығыс баспа, 2000. - 121 б.
Қасымов, А. "Үміт" патшалығына саяхат / А. Қасымов. - Өскемен, 2003. - 90 б.
Қасымов, А. Қызыл қырғынның құрбаны  / А. Қасымов. - Алматы, 2004. - 91 б.
Қасымов, А. Тарихи жол: Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар"  газетінің даму жолдары / А. Қасымов. - Өскемен : Рудный Алтай, 2006. - 194 б.
Қасымов, А. Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев / А. Қасымов ; редактор С. Байхонов. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2007. - 69 б.
Қасымов, А. Қ. Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931-2006) : [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Қасымов А. Қ. - Алматы, 2008. - 30 б.
Қасымов, А. Арман қуған сағынышты жылдар-ай / А. Қасымов // Байдельдинов В. Менің мектебім. - Өскемен : Либриус, 2010. - Б. 61-67.
Қасымов, А. Тарихи жол: Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар"  газетінің даму жолдары / А. Қасымов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2011. - 232 б.
Қасымов, А. Туған жер әуендері: жинақ / А. Қасымов. - Өскемен : Шыгыс Полиграф, 2015. - 268 с.
Орай шап көтерілісі / ред.: А. Қасымов. - Өскемен: Б.ж., 2017. - 363 б.
Қасымов, Айтмұхамбет. Жол үстіндемін : ғұмырнама / А. Қасымов. - Өскемен : Шығыс Полиграф, 2020. - 356 б.
Қасымов, А. Қ. Журналистік шеберлік : дәрістер жинағы / А. Қ. Қасымов. - Өскемен : КАСУ, 2021. - 145 б.
Қаламгер : (жазушы Ғаббас Қабышұлының 90-ға толуына арналды) / құраст.: Айтмұхамбет Қасымов. - Алматы : Дәуір, 2024. - 328 б.

 

А. Қасымовтың аудармалары

Переводы А. Касымова

 

Рэндалл, Д. Әмбебеп журналист / Д. Рэндалл; ауд. А. Қасымов. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2014. - 157 б. 

 

А. Қасымовтың (А. Қасымұлы) мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации А. Касымова в периодических изданиях и сборниках
1980-1999

 

Қасымов, А. Революция жауынгері  : [Л. Тауэр туралы] / А. Қасымов // Коммунизм туы. - 1980. - 6 ноябрь.
Қасымов  А. Хирург : [Т. Әбілмәжінов туралы] / А. Қасымов // Коммунизм туы. - 1982. - 18 июнь.
Қасымов, А. Мәдени ескерткіштер - халық байлығы / А. Қасымов // Коммунизм туы. - 1983. - 16 август. - Б. 4.
Қасымов  А. "Үлбі" іске кірісті: [Өскемен қаласында зейнеткерлерге арналған орталық ашылды] / А. Қасымов  // Дидар. - 1993. - 22 шілде
Қасымұлы, А. Өмірдің өлшемі: [Ұлы отан соғысының ардагері,Ұлан ауд.тұрғыны Қ.Тұраров жайында] / А. Қасымұлы // Дидар. - 1994. - 5 мамыр. - Б. 4.
Қасымұлы, А. Жұмыс тоқтамаса екен...: [Таврия ауд. Ленин атындағы колхоздың шөп шабу науқанынан репортаж] / А. Қасымұлы // Дидар. - 1994. - 5 шілде. - Б. 4.
Қасымұлы, А. "Алтыналмастың" өгей баласы ма?: Белогор кен-байыту комбинатындағы нарық қиыншылықтары / А. Қасымұлы // Дидар. - 1994. - 17 қараша.- Б. 4.
Касымов, А. К взаимовыгодному сотрудничеству: [вВКО с деловым визитом побывала делегация Алтайского округа СУАР КНР] / А. Касымов // Рудный Алтай. - 1995. - 20 июня. - С. 1.
Касымов,А. "Мне тем дорог твой стих..." : [неопубликованные письма П.Кузнецова к Джамбулу] / А. Касымов // Рудный Алтай. - 1996. - 30 марта. - С. 4.
Қасымұлы, А. Күш алып келеді: ["КазТюмень" акц. қоғамының (бұрынғы Лениногор қорғасын заводы) бүгінгі тынысы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 1998. - 3 ақпан. - Б. 4.
Қасымұлы, А. Ырыс алды - тірлік  / А. Қасымұлы // Дидар. - 1998. - 7 ақпан. - Б. 4.
Қасымұлы, А. Мәңгі бала бейне: [Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық орыс драма театры актерлерінің сахнаға шығарған "Ләйла-Ай қызы"  атты қазақ спектакльі туралы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 1998. - 27 қараша. - Б. 4.

2000-2007

 

Қасымұлы, А. Астанадағы екі күн: [Шығыс Қазақстан облысынан сенатқа, мәжіліске сайланған депутаттардың қызметі туралы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 2000. - 8 сәуір. - Б. 3.
Қасымұлы, А. "Үміттің" жаңа достары  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2002. - 2 қаңтар. - Б. 2.
Қасымұлы, А. Майқапшағай мен Жеменейдегі салтанат: [Зайсан кеден учаскесі ретінде жұмыс істеген жүз жылдан аса тарихы бар Майқапшағай кеденінің жұмысы туралы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 2002. - 26 наурыз. - Б. 1.
Қасымұлы, А. Гепатит және оның алдын алу / А. Қасымұлы // Дидар. - 2002. - 30 шілде. - Б.4
Қасымұлы, А. Арасанның суы - шипа,батпағы ем: [Жарма жеріндегі Арасан көлінің емдік қасиеті туралы] /А. Қасымұлы // Дидар. - 2002. - 10 тамыз. - Б.4
Қасымұлы, А. Аудан тарихын сақтаушы: [Георгиевкадағы тарихи өлкетану музейінің директоры Нұрбек Мұхаметжанұлы туралы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 2002. - 10 қыркүйек. - Б. 3
Қасымұлы, А. Балапанды күзде санайық: [Риддердегі білім беру мекемелерінің жұмысы туралы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. - 11 қаңтар. - Б. 2.
Қасымұлы, А. Алғашқы редактор / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. - 6 мамыр. - Б. 2.
Қасымұлы, А. "Социалистік Алтайдың" редакторлары  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. - 8 шілде. - Б. 2.
Қасымұлы, А. Бейсенғали Тәйкіманов / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. -  22 шілде. - Б. 2.
Қасымұлы, А. Курьерліктен бас редакторлыққа дейінгі жол / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. - 2 тамыз. - Б. 2
Қасымұлы, А. Редактордың орынбасарлары  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. - 26 тамыз. - Б. 3
Қасымұлы, А. Анна Ивановна / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. -  9 қыркүйек. - Б. 3.
Қасымұлы, А. Семей қаласында болды  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. -  22 қараша. - Б. 1.
Қасымұлы, А. Арғынның азаматтығы: ауыл жылы / А. Қасымұлы // Дидар. - 2004. - 10 ақпан. - Б. 3.
Қасымұлы, А. Рухани байлыққа кенелтуде / А. Қасымұлы // Дидар. - 2004. - 30 наурыз. - Б. 4.
Қасымұлы, А. Ұрпағының жадында  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2004. -  22 мамыр. - Б. 2.
Қасымұлы, А. Тараздан келген хат  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2004. - 1 маусым. - Б. 28.
Қасымов, А. Қызыл қырғын құрбаны: Сталиндік репрессия құрбаны, "Жұмысшы" газетінің редакторы Мақсұт Тайшыбаев туралы / А. Қасымов // Жұлдыз. - 2005. - № 3. - Б. 178-186.
Қасымұлы, А. Тәуелсіздік жаршысы / А. Қасымұлы // Ақиқат. - 2006. - № 3. - Б. 43-49.
Қасымұлы, А. Абайдың ізін басқан данышпаным  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2006. - 23 қыркүйек. - Б. 6.
Қасымұлы, А. Қарулы дос, жарасымды жар, көп болса ғой екеуіңдей асылдар!... / А. Қасымұлы // Егемен Қазақстан. - 2007. - 9 мамыр. - Б. 5, 8.
Қасымұлы, А. Ғасыр қасіретін арқалағандар / А. Қасымұлы // Дидар. - 2007. - 24 мамыр. - Б. 3.
Жантыкеев, Р. Ченгельды: память о первом казахском летчике  / Р. Жантыкеев // Рудный Алтай. - 2007. - 29 сентября. - С. 6. - А. Касымов.

 

 2010 - ...

 

Қасымов, А. Италияда ашылатын ескерткішке жерлесіміздің де есімі жазылатын болады : [Ш. Боранбаевтың өмірі мен ерліктері туралы тың дерек] / А. Қасымов // Дидар. - 2010. - 5 сәуір. - Б. 5.
Қасымов, А. Жерлесіміздің жер бесігіне Италия топырағы бұйырыпты: [Ш. Боранбаев туралы] / А. Қасымов // Дидар. - 2010. - 7 маусым. - Б. 3.
Жолдыбай, О. Ақырын жүріп, анық басқан  / О. Жолдыбай // Түркістан. - 2010. - 9 желтоқсан. - Б. 10.
Қасымов, А. "Жұмысшы" қазақтың қуат алар, рухын көтерер байрағы болған еді. : [облыстық "Дидар" газетіне - 80 жыл] / А. Қасымов // Дидар. - 2011. - 24 мамыр. - Б. 5.
Қасымов, А. Көне аспаптарды көздің қарашығындай сақтаған: [белгілі ұстаз Қ. Жаманбаев туралы] / А. Қасымов // Дидар. - 2012. - 26 қыркүйек. - Б. 20.
Қасымов, А. Сегіз жылғы сергелдең енді қашанға дейін созылар екен? / А. Қасымов // Дидар. - 2014. - 7 ақпан. - Б. 25.
Қасымов, А. Жаңа қылмыстық кодекс - ізгілендіруге із салу / А. Қасымов // Егемен Қазақстан. - 2014. - 12 тамыз. - Б. 1,5.
Қасымов, А. Туындылары Еуропаны елең еткізген қылқалам шебері: [суретші Қайсан Қадырбековтің шығармашылығы жайлы] / А. Қасымов // Дидар. - 2014. - 25 желтоқсан. - Б. 9.
Қасымов, А. Шығыс Қазақстан облыстық газеті Ұлы Отан соғысы жылдарында  / А. Қасымов // Материалы международной научно-практической конференции "Великая Отечественная война: история, методология, современное осмысление". - Усть-Каменогорск : ТОО ВКПК Арго, 2015. - С. 272-288.
Қасымов, А. Өнермен өрнектелген өмір : [суретші Қ. Қадырбеков туралы] / А. Қасымов // Дәстүр . - 2015. - № 1. - Б. 50-52.
Қасымов, А. Сот төрелігі: оны жүзеге асырудың сапасы мен жеделдігі артуда / А. Қасымов // Егемен Қазақстан. - 2015. - 31 қаңтар. - Б. 6.
Қасымов, А. Қайран етігім-ай! : әзіл әңгіме / А. Қасымов // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 12-18 маусым. - Б. 12.
Қасымов, А. Әу баста археолог болуды армандаған едім: [журналист А. Қасымовпен сұхбат] / А. Қасымов // Дидар. - 2015. - 2 шілде. - Б.13.
Қасымов, А. Ауылына қойылған рухани ескерткіш іспетті : [Жерлесіміз С. Ғайсаның танымдық кітабы жарық көрді. ] / А. Қасымов  // Дидар. - 2015. - 8 қазан. - Б.21.
Қасымов, А. Тайынтыдағы "Орай шап" оқиғасы : [1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл] / А. Қасымов // Дидар. - 2016. - 22 қаңтар. - Б. 22.
Қасымов, А. Әдемілікке құштар ақын: [ақын Г. Пуссептің мерейтойына арналған кеш өтті] / А. Қасымов // Дидар. - 2016. - 25 қаңтар. - Б. 6.
Қасымов, А. Халықтар достығы шығармаларына өзек болды: [Шығыс Қазақстан өнер мұражайында балалар шығармашылығының көрме-байқауы өтті] / А. Қасымов // Дидар. - 2016. - 29 сәуір. - Б. 29.
Қасымов, А. Алтайдан ұшқан ақиық / А. Қасымов // Ақиқат. - 2017. - №12.- 58-64 бет
Қасымов, А. Тоқырауды білмейтін қылқалам шебері  / А. Қасымов // Мәдени мұра. - 2017. - №5.- Б.9-12
Қасымов, А. Мен де тентек болыппын / А. Қасымов // Дидар. - 2017. - 4 ақпан.- Б.17.
Қасымов, А. Рухымызды өрлетудің нақыштары  / А. Қасымов // Aqiqat. - 2019. - №1.- 8-12 бет
Қасымов, А. Тұғыры биік тұлға  / А. Қасымов // Aqiqat. - 2019. - №8.- 99-106 бет
Қасымов, А. Халық жауының қызы  / А. Қасымов // Дидар. - 2020. - 18 қаңтар.- Б.4.
Қасымов, А. Шығыстағы сахна өнері  / А. Қасымов // Дидар. - 2020. - 8 ақпан.- Б.6.; 11 ақпан.- Б.3.
Қасымов, А. Көбік сөзден ада қаламгер еді... / А. Қасымов // Дидар. - 2020. - 13 мамыр.- Б.22.
Қасымов, А. "Халық жауының" қызымен әңгіме : ["Жұмысшы" газетінің бас редакторы, саяси қуғын құрбаны М. Тайшыбаевтың қызымен сұхбат] / А. Қасымов // Қазақ әдебиеті. - 2020. - 6 наурыз.- Б.8-9.
Қасымов, А. Көбік сөзден ада қаламгер еді : Дидахмет Әшімханов туралы / А. Қасымов // Арай. - 2020. - 29 мамыр.- Б.6
Қасымов, А. Тұғыры биік тұлға : [ардагер журналист Ж. Әділбаев туралы] / А. Қасымов. // Дидар. - 2021. - 22 сәуір. - Б. 10-11.
Қасымов, А. Жоқтаусыз қалған боздақтар : [саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы] / А. Қасымов. // Дидар. - 2021. - 29 мамыр. - Б. 4.
Қасымов, А. Тәуелсіздік қалай келген еді ? / А. Қасымов. // Қазақ әдебиеті. - 2021. - 19 қараша. - Б. 20
Қасымов, А. Қызылтас : ( Г . Н . Потанинге арналған ) / А . Қасымов. // Төр Алтай. - 2022. - № 2. - Б . 116 - 124
Қасымов, Айтмұхамбет. Өткен жылдардың өрнегі : [Меңғали Мусиннің туғанына 95 жыл толуына орай жазылған мақала] / А. Қасымов . // Дидар. - 2022. - 20 тамыз. - Б. 3
Қасымов, А. Қаламгерлік пен Қайраткерлікті қабыстырған : [Қазақстан жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, ақын- журналист, жазушы Әлібек Қаңтарбаев туралы] / А. Қасымов. // Түркістан. - 2022. - 22 қыркүйек. - Б. 7
Қасымов, А. Нәубет : [Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының рухына бағышталады] / А. Қасымов. // Тәңіртау. - 2024. - N2. - Б. 24-44
.

Қасымов, А. Өрнекте өскен өрен еді / А. Қасымов. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 3 сәуір (N14). - Б. 9.

Қасымов , А. Өткен жылдар өрнегі: [жазушы, журналист Меңғали Мусин туралы] / А. Қасымов // Дидар. - 2025. - 10 сәуір (№15). - Б. 16.

Қасымов, А. Ер есімі ел есінде сақталса... : соғыс ардагері Жайлыбайұлы Қалиахмет туралы / А. Қасымов. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 8 мамыр (N19). - Б. 12.

Қасымов, А. Жоқтаусыз кеткен боздақтар : саяси-қуғын сүргін туралы / А. Қасымов. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 29 мамыр (№21-22). - Б. 23.

 

 ***

Касымов, А. Добрый волшебник страны знаний: [об истории Ахмировской школыВКО] / А.Касымов, А. Кумаргажин // Рудный Алтай. - 1994. - 2 июля. -С. 4.
Касымов, А. Родом из Маркаколя: [о первом военном летчике-казахе Ж.Малдыбаеве из аула Ченгелды Маркакакольского района] / А. Касымов // Рудный Алтай. - 1997. - 13 феваля. -С. 4.
Касымов, А. Первый редактор : [о первом редакторе газеты "Дидар" М. Тайчибаеве] / А. Касымов // Рудный Алтай. - 2003. -  31 мая. - С. 3.
Касымов, Айтмухамбет. Знаменитый и таинственный Гребенщиков : 140 лет со дня рождения известного писателя-земляка Г. Гребенщикова / пер. Г. Естаевой. // Төр Алтай. - 2022. - № 2. - С. 112-116
Касымов , Айтмухамбет. Первый казахский военный летчик : [о военном летчике Жакыпбеке Молдыбаеве] / А. К. Касымов. // Тәңіртау. - 2023. - № 4. - С. 118-123 : ил.

 

 А. Қасымовтың ғылыми еңбектері
Научные труды А. Касымова

 

Қасымов, А. Қ. Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931-2006): филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / А. Қ. Қасымов. - Алматы, 2008. - 30 б.

 

А. Қасымовтың қатысуымен шыққан мақалалар  
Статьи, вышедшие при участии А. Касымова

 

Әліпбаев, С. Облысты шетелдіктерге таныстыру: [мақсатымен Өскеменге шетелдерден,Қазақстан мен Ресейден арнайы іскер топтар,фирмалар өкілдері шақырылып отыр] / С. Әліпбаев, А. Қасымов // Дидар. - 1995. - 23 қыркүйек.- Б. 2.
Әміренов, М. Елбасы Н.Назарбаевтың Шығыс Қазақстанда болуы / М. Әміренов, А. Қасымов // Дидар. - 2002. -29 маусым.- Б.1.
Қабимолдин, М. Фадиха маралшыларында : [Катонқарағай ауданы] / М. Қабимолдин, А. Қасымов // Дидар. - 1994. - 19 шілде. - Б. 4.

 

 А. Қасымов аудармалары
 Переводы А. Касымова

 

Рэндалл, Д. Әмбебеп журналист / Д. Рэндалл; аударған А. Қасымов. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2014. - 157 б.
Гребенщиков, Г. Батырбектің хандығы: повесть / Г. Гребенщиков; аударған А. Қасымов // Жұлдыз. - 2015. - № 3. - Б. 93-120.

 

А. Қасымов (А. Қасымұлы) өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве А. Касымова

 

Шығыс Қазақстан Облысы: энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Қасымов Айтмұхамбет. - Б. 458.
Ерқасов, К. Марқакөл маржандары / К. Ерқасов. - Алматы : Қазақпарат, 2003. - 180 б. - А. Қасымов.
Байбатыров, Ғ. Ізденіс жемісі : [А. Қасымов туралы] / Ғ. Байбатыров // Дидар. - 2004. - 29 маусым. - Б. 3.
Тоқпатаев, У. Зерделі зерттеу : [А. Қасымов туралы] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2006. -  11 сәуір. -  С. 4
Елубай, О. Ұстаз, қаламгер, ғалым: [А. Қасымов туралы] / О. Елубай  // Егемен Қазақстан. - 2010. - 26 маусым. - Б. 14.
Жолдыбай, О. Ақырын жүріп, анық басқан: [А. Қасымов туралы] /О. Жолдыбай // Түркістан. - 2010. - 9 желтоқсан. - Б. 10.
Қасымов, А. Әу баста археолог болуды армандаған едім: [сұхбат] / А. Қасымов // Дидар. - 2015. - 2 шілде. - Б. 13.
Бірге еді ғой жанымыз...: естелік, ғұмырнама. - Өскемен, 2018. - 252 б
Қасымов, А. Қырық жыл қалам тербеген :[А. Қасымов туралы] / А. Қасымов // Дидар. - 2020. - 25 маусым. - Б. 11.

Тоқпатаев, У. Қалам ұшындағы ғұмыр : қаламгер Айтмұхамбет Қасымұлы туралы / У. Тоқпатаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 26 маусым (№26). - Б. 8. // Қазақ әдебиеті. - 2025. - 27 маусым (№25). - Б. 22.

 

 ***

Садибеков, Б. Истинный мастер газетного дела : [о журналисте Айтмухамбете Касымове] / Б. Садибеков // Рудный Алтай. - 2010. - 19 июня. -  С. 3.
Туған жер әуендері / А. Қасымов. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. - 448 б. - (Абай әлемі). - ISBN 978-601-338-368-2 :  
Қасымов, Айтмұхамбет. Жол үстіндемін : ғұмырнама / А. Қасымов. - Өскемен : Шығыс Полиграф, 2020. - 356 б. - б.ж.