Шокенов Нуржан Серикович – композитор. певец.
Родился 28 июля 1983 г. в с. Карасу Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области. В 2002-2004 гг. проходил воинскую службу в воинской части Министерства по чрезвычайным ситуациям РК (п. Узунагаш, г. Алматы). В 2013 г. окончил музыкальный факультет ВКГУ им. С. Аманжолова (ныне ВКУ им. С. Аманжолова).
В 2005-2013 гг. работал специалистом по внутренней политике и делам молодежи в аппарате акима с. Карасу Тарбагатайского района. В 2014-2024 гг. - певец в домах культуры Глубоковского района, пос. Касыма Кайсенова и других регионов.
В 2005-2008 гг. - призер конкурса «Оралханның көктемі». В 2012 г. на телевизионном конкурсе «Саз әлемі» (г. Алматы) с авторской песней «Тәп-тәттісің» стал победителем в номинации «Лучшая песня года». В 2013 г. занял 2-е место в проекте «Саз әлемі» с авторской композицией «Қайдасың». В 2023 г. провел творческий концерт в г. Усть-Каменогорске. В 2025 г. состоялся его творческий вечер во Дворце Республики (г. Алматы) при участии артистов «Ертіс концерт» и актеров Молодежного театра ВКО.
Награжден медалью «Тарбағатай тарланы», нагрудным знаком Республики Казахстан «Мәдениет саласының үздігі». С 2025 года является Почетным гражданином Тарбагатайского района.
Нұралин Болат Гинаятұлы (1959) – композитор.
1959 жылы 1 қаңтарда Қытай Халық Республикасында Чугучак қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында Жетіарал ауылдық орта мектебін бітірген.
1978-1980 жж. – Мәскеу қаласында әскери борышын өтеген.
1981-1985 жж. Өскемен қаласында музыка училищесінде оқиды.
1983-1998 жж. Өскемен қаласында Металлургтер сарайында Вокалдық аспаптық ансамбль «МЕРЕЙ» тобының жетекшісі болған.
1998 жылы - университеттің қабырғасында жұмыс істеп жүріп, музыка факультетін тәмамдап шығады.
1998-2023 жж. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне дыбыс режиссёрі болып жұмысқа қабылданған. Сол жылы Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі және лауреаты медалін иеленеді.
«Қазақстан авторлар қоғамының лауреаты» медалінің және «С. Аманжолов атындағы университеттің мақтанышы» төс белгісінің иегері. «Прииртышье» Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.
«Әлемім менің әуенім» атты ән жинағы, «Көзкөргендер», «Өскемен», «Тарбағатай», «Толағайым», «Ауылым», «Түнгі жол», «Күн шығады Шығыстан» туындыларының авторы. Хамит Балшабеков, Серік Ғабдуллин, Аслан Ғафуров, Ержан Әділбек, Нұржанат Нұралина тағы басқа ақындардың өлеңдеріне 80-ге жуық ән, басқа да романс, инструментальдық музыкалар шығарды.
2023 жылдан бері құрметті зейнетте.
Б. Нұралиннің кітабы
Книги Б. Нуралина
Нұралин, Б.Әлемім менің-әуенім! / Б. Нұралин. - Өскемен : ЖК. Аникин Б. П., 2022. - 66 б.
Б. Нұралин туралы мақала
Статьи о Б. Нуралине
Әбіш, Е. Ән жинағын шығармақ : [Сазгер Болат Нұралин туралы] / Е. Әбіш. - Мәтін // Дидар. - 2022. - 31 наурыз. - Б. 15.
Елибаев Рамазан Кабдолдинович (1947-2024 гг.) – певец, композитор, заслуженный деятель Республики Казахстан.
Рамазан Кабдолдинович родился 4 августа 1947 года в селе Енбек Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области. В 1965 году окончил интернат им. Султанмахмута Торайгырова в селе Шынгыстай и поступил в Алматинскую оперную студию в Алма-Ате. В 1967 году, будучи студентом Казахской Государственной Консерватории им. Курмангазы по классу вокала был призван в армию.
В 1968-1970 годах проходил воинскую службу в Кушке и окончил офицерские курсы.
В 1970 году принят в Ансамбль песни и танца МВД Казахской ССР.
В 1973 году стал солистом и руководителем ансамбля «Алматы Ауендеры» при Алматинской филармонии.
В 1975 году организовал запись грампластинки и первого короткометражного фильма об этом ансамбле.
С 1976 года по 1982 год был солистом Государственного молодёжно-эстрадного ансамбля «Гульдер», где выступал с такими артистами, как Роза Рымбаева, Нагима Ескалиева, Кайрат Байбосынов, Муратбек Жунусбеков, Макпал Жунусова и другими. В этот период Рамазан Елибаев активно гастролировал по СССР и более чем 10 странам, а в1978 году стал лауреатом 11-го Международного фестиваля молодёжи и студентов, прошедшего в Гаване.
Автор и исполнитель песен «Нурекем», «Тумарым», «Жаным-ау», «Не пайда», «Коздер-ай», «Жас улан», «Балалык кайран бал шагым», «Коныл куйы» и других.
В 1982 году был назначен художественным руководителем и директором Дворца культуры АХБК Алма-Аты.
С 1983 года до выхода на пенсию в 2003 году работал солистом Алматинской областной филармонии.
После выхода на пенсию проживал в городе Усть-Каменогорске Восточно-Казахстанской области, продолжая творческую деятельность.
В 2006 году решением Первого Президента РК удостоен звания «Заслуженный деятель Республики Казахстан» за значительный вклад в культуру и искусство.
Скончался 11 октября 2024 года в возрасте 77 лет.
Р. Елібаевтің мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Р. Елибаева в периодических изданиях и сборниках
Елібаев, Р. Әрі әнші, әрі әбзелші:[Әнші сазгер Р.Елібаевпен әңгіме] / Р. Елібаев. // Жас алаш. - 2002. - 21 желтоқсан. - Б. 6.
Елібаев Р.."Өнеріміздің өшпегеніне бақыттымын": [эстрада әншісімен сұхбат] / Елібаев Р. // Қазақстан - ZAMAN. - 2003. - 10 қаңтар. - С. 13
Елібаев, Р. Бекболатқа бата берген едім: [Қазақ өнерінің тарландары әнші Бекболат Тілеуханов пен әнші жерлесіміз Р. Елібаевтың алғашқы кездесуі туралы.] / Елібаев Р. // Дидар. - 2004. - 13 наурыз. - Б. 5
Елібаев, Р. Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан. / Елібаев Р. // Дидар. - 2007. - 11 тамыз. - Б. 4.
Елібаев, Р. Ата -әженің тәрбиесіндегі бала өмірден опық жемейді. / Р. Елібаев ; сұхбат: Н. Қайролданова. // Алдаспан. - 2018. - 29 наурыз. - Б. 9.
***
Елибаев, Р. Вспоминая Оралхана... // Рудный Алтай. - 2005. - 8 янв. - С. 8
Елибаев, Р. Как жил, как живу : размышления / Елибаев Р. // Рудный Алтай. - 2005. - 6 сент. - С. 4
Р. Елібаевтің өмірі мен шығармашылығы туралы
Литература о жизни и творчестве Елибаева Р.
Мақалалар – Статьи
Қаңтарбаев, Әлібек. "Тұмарым-ай, тұмарым" : / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. - 2005. - 4 маусым. - Б. 6
Қаңтарбаев, Әлібек. Жұртыңды әніңмен тербей бер, Рамазан! / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. - 2006. - 30 желтоқсан. - Б. 6
Ахметова, З. Өнер жұлдызы. [Р. Елібаев туралы әңгіме] / Ахметова З. // Ұлан таңы. - 2007. - 25 тамыз.
Исмурзина, Рауза. Жас қазақ: [жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Т. Тоқтаров және ән тарихы] / Р. Исмурзина. - Текст : непосредственный // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. - 2010. - N 1. - Б. 13.
Қайнарұлы , Мерей. "Тұмарыммен" ел есінде қалған Елібаев: [Әнші жерлесіміз Р. Елібаев туралы.] / М. Қайнарұлы . // Дидар. - 2017. - 20 сәуір. - Б. 16.
Жеңісұлы , Оразай. Елібаев "емтиханын" сәтті тапсырды: [Өскеменде әнші, сазгер Р, Елібаевтың творчестволық кеші өтті.] / О. Жеңісұлы. // Дидар. - 2017. - 28 қараша. - Б. 8.
Қайнарұлы, Мерей. Елібаев ел есінде мәңгі қалады : әнші Рамазан Елібаев туралы / М. Қайнарұлы. // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 18 қазан. - Б. 10
***
Шавлева, Дарья. Талисман Рамазана Елибаева / Д. Шавлева. // Рудный Алтай. - 2004. - 16 дек. - С. 8
Азмухамбетов, Ш. Нищету жизни побеждать богатством души : [интервью с певцом, композитором-песенником Рамазаном Елюбаевым] / Азмухамбетов Ш. // Рудный Алтай. - 2007. - 31 июля. - С. 4.
Галиева, М. Шлягеры 70-х на сцене - 2017: [о творческом вечере в честь 70-летнего юбилея композитора и певца Рамазана Елибаева] / М. Галиева. // Рудный Алтай. - 2017. - 28 ноября. - С. 4
Қабдолда Тұраров (1921-2003 жж.) – ақын, композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
1921 жылы Күршім ауданы, Қойтас ауылында дүниеге келген.
1939 жылы Маралиха ауылындағы орта мектепті бітірісімен ауыл мектебінде мұғалім болып орналасады. 1950-1953 жылдары Шірікаяқ кенішіндегі кешкі мектептің, 1953-1956 жылдары Ленинскі мектебінің директоры бола жүріп, 1956 жылы Өскемен мұғалімдер институтының матаматика факультетін сырттай бітіреді.1956-1960 жылдары Жолнұсқау мектебінің директоры қызметін атқарады. 1960-1964 жылдары Тарбағатай аудандық партия комитетінде инспектор болды. 1965 жылдан 1982 жылға дейін Күршім аудандық мәдениет бөлімін басқарады. Осы жылдар ішінде Ақсуат ауылында «Айдын» атты ән-би ансамблінің құрылуына ықпал жасады. Аудандағы үш ұжымға «халық театры» атағын әперді. Аудандық мұражай ашып, оның ғимаратын салдырды. Экспонаттардың жиналуына ықпал жасай отырып, мұражай жұмысының алға басып кетуіне сіңірген еңбегі ұшан теңіз.
Қ. Тұраров айтыс ақыны ретінде де танымал болған. Облыстағы өнер саласындағы еңбегі ерекше. Айтыстың тұралап жатқан шағында облыста ақындар мектебін ұйымдастырып, өзі басқарды. Ол тәрбиелеген әуесқой айтыс ақындарының саны 50-ден асады. Олар облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып, елімізге танымал болды.
Қ. Тұраров кеудесінен ән қалқып, күй шалқыған жан. Өлең жазумен, ән шығарумен жастайынан айналысып, республикалық радио фонотекасына 20-дан астам әндері қабылданды. Өлеңдерінде туған жерін, елін тебірене жырлады.
1959 жылы «Алтай әуендері» атты жеке жинағы жарық көрген. 1984 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жайқоңыр» өлеңдер жинағындағы «Нұр Зайсан», «Жер жәннаты Күршім», «Түлегімін Күршімнің», «Толғаныс тарамдары» т/б. Күршімнің көрікті жерлерін, Зайсандай атақты көлін әнге қосып, туған жерге деген кең пейілін, ыстық ықыласын көрсетеді. Оның әнін шырқап, жырын жырлап, күйін күмбірлете тартып, өлеңін өлкеге танытып жүрген әншілер мен домбырашылар да көп.
Композиторлар одағының мақұлдауымен «Өнер» баспасынан 1987 жылы шыққан «Жастық шақ әуендері» әндер жинағына Қабдолда Тұраровтың көп әндері кірген. Қазақ ССР Ғылым академиясының өнер зерттеу бөлімі мен республика Композиторлар Одағы Қабдолда Тұрарұлының әндерін жоғары бағалап, Бақытжан Байқадамов пен Құдыс Қожамияров жақсы пікір айтқан.
Аудан тарихы туралы көп жазған өңір шежірешісі. Шығармаларына туған жері оның тарихы, батырлары, азаматтары арқау болған. Еңбектері республикалық «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында, республикалық «Қазақ батырлары» облыстық «Дидар» газеттерінде жиі басылды.
«Ер Күркебай», «Жаман батыр», «Шерубай сыбызғышы», «Шанақ сыбызғышы», «Күйші Шайқы» шығармаларының авторы. Жарияланбаған еңбектері қаншама.
Күршім жерінде қазақтың өнері үшін саналы өмірін арнаған еңбегі еленіп ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілген, Күршім ауылындағы бір көше және аудандық мәдениет үйі Қ. Тұраровтың есімімен аталады.
«Мәдениет қайраткері», облысқа өнер саласында сіңірген еңбегі ұшан теңіз ақын-сазгер.
2003 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Алматыда жерленді.
Оралхан Көшеров (1959-2001) – әнші, композитор![]()
1959 жылы 5 сәуірде Күршім ауданы, Топтерек ауылында дүниеге келген.
Мектеп бітірісімен Семей қаласындағы музыкалық училищеге оқуға түсіп, бірінші курстан кейін тастап кеткен. Ұзақ жылдар Күршім аудандық мәдениет бөлімінде әнші болып қызмет істейді. Халық арасында «Шығыстың Шәмшісі» атанған Оралхан соңғы он жыл бойы шығармашылықпен айналысып ән жазды. 42 жыл ғана ғұмыр кешкен Оралхан Көшеров 50-ден астам әннің авторы.
Ең көп тараған әндері – «Сезімді аяла», «Туған жер», «Ақ тілек», «Әке тілегі», «Көздеріне ғашықпын», «Боздала», «Достарыма», «Ескі әнді шеше, қозғама», «Алғашқы махаббат», «Алтай», «Інілеріме», «Өскеменім», «Мен өзімнен алыс кетіп барамын». Оралхан әндері сыршыл сезімге, туған жерге, ата-анаға деген сүйіспеншілікке, нәзік лирикаға толы.
Оралхан жырларының жақұты таза пәк сезімге арналған «Алғашқы махаббат» әні. Оралхан өмірді, музыканы сүйді, Мұқағали ақын мен композитор Шәмші Қалдаяқовты өзіне ұстаз санаған. Оралхан Көшеров артына халық жүрегінен орын алған мол музыкалық мұра қалдырды. «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,- деген Абай сөзі осы Оралханға арналғандай. Терең ойға жетелеп, көрермен жүрегіне жол тапқан Оралхан әндері мәңгілік. 2005 жылы Оралхан Көшеровтың «Есіңе мені алғайсың» атты жыр жинағы жарық көрді. Күршімдік жерлестері халықаралық «Оралхан көктемі» фестивалін өткізуді қолға алды.
О. Көшеровтың шығармалары
Произведения Кошерова О.
Көшеров, Оралхан. Есіңе мені алғайсың [Мәтін] : (әндер жинағы) / О. Көшеров. – Алматы : Үш Қиян, 2005. – 84 б.
О. Көшеровтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет
Литература о жизни и творчестве Кошерова О.
Кітаптар - Книги
Туған жер әуендері = Земли родной напевы [Мәтін] : ШҚО композиторларының шығармалар жинағы. 1- ші шығарылымы / ШҚО мәдениет басқармасы ; ШҚ өнер мұражайы ; Қазақстан жазушылар одағы ШҚО бөлімшесі. – Өскемен, 2005. – 200 б.
Мақалалар - Статьи
Әбілхан, Серік. “Достарға” ауыр науқастан кейін туған туынды [Мәтін] : афиши / С. Әбілхан // Дидар. – 2013. – 21 қараша (№139). – Б. 16 : фот.цв.
***
Нигметов, Р. Оралхан ушел, оставив песни : [памяти композитора Оралхана Кошерова] / Нигметов Р. – Текст // Рудный Алтай. - 2002. - 28 фев. - С. 4
Оркушпаева, Насихат. Он жив, пока мы слушаем его песни [Текст] / Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. – 2011. – 15 июля (№ 80).