Жамақаев Бекен (1931-1972) – композитор.
1931 жылы 17 наурызда Семей облысы (қазіргі Абай облысы), Абай ауданы, Саражал ауылында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. 1937 жылы Семей қаласындағы №17 орта мектепке оқуға түседі. Жеті сыныптық мектепті бітіреді. Бекен Жамақаев бала кезінен өнерге жақын болған. 1946-1948 жылдары Абай атындағы Семей облыстық драма театрының әртісі болған. 1948 жылы Абай атындағы Семей педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, оны үздік бітіреді. 50-жылдары Семей облыстық радиокомитетінде жұмыс істеді: әуелі әдеби қызметкер, кейін цензор, одан кейін диктор болған. Бірнеше музыкалық аспаптарда шебер ойнаған. Оның әйгілі туындыларының бірі – «Махаббат вальсі». Әннің сөзін жазған – Н.Шәкенов. Композитордың жары Майнұр Нұрғазиқызына арналған «Махаббат вальсі» шығармасы халық арасында өте танымал. «Махаббат вальсі» - олардың махаббатының әнұраны. Бірде Мұхтар Әуезов жас композиторды қонаққа шақырады. Бұл Жамақаевтың өміріндегі үлкен оқиға болды. Ақынға «Махаббат вальсі» қатты ұнайды, ол әуен оның жүрегіндегі қымбат естеліктерді оятып, жанын тебірентетінін айтты. Осы айтулы кездесуден кейін Әуезов оны «қазақ вальсінің королі» деп атады.
Бекен Жамақаев 1972 жылы қаңтарда 41 жасқа толар шағында дүниеден өтті. Композитордың артында төрт баласы: бір қызы мен үш ұлы, өлмес шығармалары қалды. Әйгілі вальсті алғаш рет КСРО халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Роза Бағланова орындады. Ол әннің ол үшін өте қымбат екенін жиі айтатын. Композитор өз туындысын көптеген әртістерге ұсынды, бірақ әртүрлі себептермен олардың ешқайсысы тамаша композицияны бағаламады. Бірақ Роза Бағланованың орындауындағы вальс бүкіл елде, тіпті шет елде де танымал болды және көптеген тыңдармандардың жүрегін жаулады. 50-жылдардың соңында Роза Бағланова Брюссельде өткен Дүниежүзілік көрмеде «Маххабат вальсін» орындады. Содан кейін шетелдік көрермендер бұл әнді алғаш естіп, алғашқы аккордтардан-ақ ғашық болды. Әнді тыңдау үшін театрға Бельгияның Бавария патшайымы Елизавета өзі келіп, таңданысын білдірді. Ал 1957 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері композиторларының конференциясында Роза Бағланова тағы да «Махаббат вальсін» орындады, оны тыңдаған Михаил Шолохов әннің әдемілігі мен әуеніне тәнті болды. Бекен Жамақаев «Махаббат вальсінің» жетістігімен шабыттанып, бірнеше бірдей сәтті туындылар жазды. Оның ішінде Т. Молдағалиевтің сөзіне жазылған әйгілі «Ертіс вальсі», Н. Шәкеновтің сөзіне жазылған «Сен ғана» туындылары бар.
Семей және Алматы қалаларындағы көшелерге Бекен Жамақаевтың есімі берілген.
Б. Жамақаев туралы әдебиеттер
Публикации о Жамакаеве Б.
Қазақәндерінің антологиясы [Мәтін]: екі томдық. Т. II : Қазақстан композиторларыныңәндері / құраст. Ә. Нұрбаев, 1990. - 336 б.
Семей сазгерлері [Мәтін]: Био-библиографиялық естелік. - Семей, 2006. - 18 б.
***
Славные земляки [Текст]: (био-библиографическая памятка). - Семипалатинск: [б. и.], 1998. - 38 с.
Рахимов, К. Наедине с памятью [Текст] / К. Рахимов. - Усть-Каменогорск, 2013. - 179 с.
Мақалалар - Статьи
Әміренов, М. "Вальс королі" атанған сазгер Бекен Жамақаевтың есімі ескерусіз қала бере ме? [Мәтін] : [Автор Семей өңірінен шыққан белгілі сазгер Б.Жамақаевтың есімінің ескерусіз қалғаны жайында онымен дәмдес-тұздас болған Б.Ерсәлімұлын әңгімеге тартады.] / М.Әміренов // Егемен Қазақстан. - 2001. - 30 мамыр.- Б.11.
Әміренов, М. Әндерін ұлы Мұқаң ұнатқан сазгер [Мәтін] : [Қазақ ән өнерінде шоқтай жарқырап, жұлдыздай ағып түскен жерлес сазгер Бекен Жамақаев туралы] / М.Әміренов // Дидар. - 2001. - 28 сәуір.- Б.5
Ерсәлімұлы, Б. Әлемді шарлаған әсем ән [Мәтін] : [Абай атындағы драма театрының әншісі болған Б.Жамақаев туралы бір үзік сыр ] / Б.Ерсәлімұлы // Семей таңы. - 2001. - №14.- Б.4,12;N16.-4;N17.-10;N19.-4,9
Жұмәділ, Қ. Сағынтып жеткен сұлу саз [Мәтін] : [Бекен Жамақаевтың 70 жасқа толуына орай Семейде өткен ән кеші туралы] / Қ.Жұмәділ // Семей таңы. - 2001. - №47.- Б.1
Төлегенұлы, Ш. Махаббат вальсі немесе адам тағдыры [Мәтін] : [Композитор Б.Жамақаев туралы] / Ш.Төлегенұлы // Заман Қазақстан. - 1997. - №8 тамыз.- Б.(N32).-5
Әміренов, Мұрат. Бекен Жамақаевты ұмытып кеткен жоқпыз ба? [Мәтін] : [Қазақ ән өнерінде вальс королі атанған сазгер Бекен Жамақаев туралы.] / М. Әміренов // Дидар. - 2013. - 15 ақпан.- б.22.
Әміренов, Мұрат. Вальс королі [Мәтін] : [Ән өнерінің жұлдызы, сазгер Бекен Жамақаевтың туғанына 70 жыл. ] / М. Әміренов // Ертіс өңірі . - 2013. - 10 сәуір.- б.11
Шалатайқызы, Гүлнұр. Бекен Жамақаевтың пианиносын мұражайға табыстады [Мәтін] : [Шыңғыстаудың тумасы, сазгер Б. Жамақаевтың пианиносы мұражайға табыс етілді] / Г. Шалатайқызы // Дидар. - 2014. - 18 қазан.- б.6.
Бейсембеков, Аймұханбет. Тағдырмен тайталасқан талант [Мәтін] : [сазгер Бекен Жамақаев туралы.] / А. Бейсембеков // Ертіс өңірі . - 2016. - 23 наурыз.- Б.10-11.
Мағжан, Айдана. Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған [Мәтін] : [Композитор Бекен Жамақаевтың туғанына 85 жыл.] / А. Мағжан // Ертіс өңірі . - 2016. - 20 сәуір.- Б.12.
Жақып, Әйгерм. Табиғи талант иесі [мәтін] : Бекен Жамақаевқа музыка кабинеті ашылды / Ә. Жақып // Семей таңы. - 2016. - 16 қыркүйек.- Б.2
Әнімен әлемді тербеткен композитор [Мәтін] : [Композитор Б. Жамақаев атындағы музыка кабинеті ашылды.] // Ертіс өңірі . - 2016. - 21 қыркүйек.- Б.9.
Мағауина, Зағия. Махаббат вальсінің төресі [Мәтін] / З. Мағауина // Семей таңы. - 2016. - 22 желтоқсан.- Б.12
Омаш, Ақмарал. "Ертіс вальсі" ырғағындағы байқау [Мәтін] : [Композитор Б. Жамақаев атындағы "Ертіс вальсі" атты ІІ -қалалық байқау өтті. ] / А. Омаш // Ертіс өңірі. - 2017. - 10 мамыр.- Б.15.
***
Вальс любви родился в Семипалатинске [Текст] : [К 70-летию со дня рождения легендарного казахского короля вальса композитора Бекена Жамакаева] // Голос народа. - 2001. - 30 март. - С. 5
Рысакова, Шынар. Под звуки вальса [Текст] / Ш. Рысакова // Вести Семей. - 2014. - 30 сентября. - С. 3
Шакабаев, Руслан. Дар музею [Текст] / Р. Шакабаев // Наше дело. - 2014. - 25 сентября. - С. 4
Перцева, Наталья. Король казахского вальса [Текст] / Н. Перцева // Наше дело. - 2016. - 21 июля. - С. 6
Касенов, Жандос. Автору вальса любви [Текст] / Ж. Касенов // Вести Семей. - 2016. - 16 сентября. - С. 2
Республиканский фестиваль "Өнердің қос қанаты" [Текст] // Спектр. - 2017. - 12 июля. - С. 3
Гуляева, Е. Мелодии любви и вальса [Текст] : [о вечере памяти композитора Бекена Жамакаева, создателя более 70 произведений в жанре вальса] / Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2018. - 20 марта. - С. 5
Жанболатов Мейрамбек (1938-2012) – сазгер, ақын, драматург, Қазақстан Журналистер Одағы, Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері.
1938 жылы 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. ҚазМУ филология факультетін (1960, қазір әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ) және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Абай аудандық «Совхоз туы» газетінде журналист, редактор, аудандық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
Күй атасы Құрманғазының шәкірті, ХХ ғасырдың әйгілі күйшісі Дина Нүрпейісованың отбасымен жақын араласқан.
Ұзақ жылдар бойы Абай аудандық газетінде қызмет етіп, Шығыс Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және рухани өмірін дамытуға елеулі үлесін қосты.
Шамамен 60-тан аса әндер мен романстар авторы. «Сағындым Сарыарқаны», «Домбыра», «Кең дала», «Жас ғасыр ұраны» және тағы басқа шығармалары облыстық теле-радиохабарларының алтын қорына, 7 әні «Аққуыңды аяла» жинағына, 30 әні «Ән-домбыра» жинағына енді. «Қаламқас» ән-би ансамблін ұйымдастырды.
Облыстық және республикалық ән конкурсының бірнеше мәрте жеңімпазы.«Құрмет белгісі», «Даңқ» ордендері, төсбелгілермен марапатталған. Абай ауданының Құрметті азаматы.
2012 жылы 27 қаңтарда қайтыс болды.
М. Жанболатовтың шығармалары
Произведения Жанболатова М.
Жанболатов, М. Ән-домбыра [Ноталар] : әндер : жеке дауыспен фортепианоға арналған / М. Жанболатов. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 94 б.
Қазақ әндерінің антологиясы [Мәтін] : / құраст. Ә. Нұрбаев екі томдық. - Алматы : Өнер, 1990.
Т. II : Қазақстан композиторларының әндері. - 336 б
Мерзімді басылымдағы мақалалары
Публикации в периодической печати
Жанболатов, М. Мәскеуге барсам, менiң әнiм шырқалып жатыр [Мәтін] / М. Жанболатов, әңг. М. Иманғали // Жас Қазақ. - 2008. - 12 желтоқсан. – Б. 12.
Жанболатов, М. Әлкей Марғұланның "Қазақ әлемi" хақында [Мәтін] / М. Жанболатов // Абай.- 2004. - № 2. - Б. 70-75.
Жанболатов, М. Екi естелiк [Мәтін] : [жазушы М. Әуезовтың "Еңiлiк-Кебек" пьесасы туралы] / М. Жанболатов // Абай. - 2007. - № 4. - Б. 28-38.
Жанболатов, М. Маубас пен Саубас [Мәтін] : [пьеса] / М. Жанболатов // Мәдениет және тұрмыс. - 1960. - № 7. - Б. 14.
М. Жанболатов туралы әдебиеттер
Литература о Жанболатове М.
Махметов, С. Жанболатовтың шинелінен шыққанбыз [Мәтін] : [Абай елінің ардақтысы атанған абзал ақсақал Мейрамбек Жанболатов туралы шәкірттері сыр шертеді] / С. Махметов // Ертіс өңірі. - 2012. - 29 ақпан. - Б. 12.
Жанболат, С. Менің ауылым- қазақ генофондарының қайнар көзі [Мәтін] / С. Жанболат ; сұхбат : Д. Анаш // Дидар. - 2016. - 19 желтоқсан.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Жанболатов Мейрамбек [Электронный ресурс] : [биографичкская справка] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/platters/25-raznoe/203-zhanbolatov-mejrambek (03.01.2018)

Нәбиолда Кемешев (1949 ж.) – лирик-ақын және композитор, музыка шебері, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті доценті, Қазақстан-Американдық еркін университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Күршім ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
1949 жылы 6-сәуірде Марқакөл ауданының Жалаңаш ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы) дүниеге келген.
Ақбұлақ мектебін аяқтап, 1966 жылы Мәдениет үйінің директоры болып жұмыс істеп, мектепте ән сабағын оқытқан. 1969 жылы Алматы кинотехникумын бітірген. 1974 жылы Өскемен педагогикалық институтын (қазіргі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті) тәмамдап, Марқакөл ауданы (қазіргі Күршім ауданы Ақбұлақ ауылы) Горновка орта мектебіне бөлініп, 1982 жылға дейін музыка және ән сабағынан мұғалім болған. Жас педагог жасөспірімдермен сабақ пен қосымша сабақтарды Қазақстандағы ең танымал «Тамаша» эстрадалық-әзіл жанрының негізін қалаушылардың бірі бола отырып, көркемөнерпаздардың қатысуымен сәтті үйлестірді. Содан кейін аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді, Марқакөл ауданы әкімшілігінің мәдениет бөлімін басқарды. 1997 жылы Нәбиолда Салихұлы МҮ директоры болып тағайындалды.
2005 жылы Өскемен Қазақ-Американдық еркін университетін бітірген.
Нәбиолда Кемешев көптеген ән, өлең мен шежіре жазып, 40-тан астам әзіл-оспақ көріністерін жасады. Оның мақалалары аймақтық және республикалық баспасөз беттерінде жарияланған, олар «Жүрекпен сырласу» (2006), «Өмірім-өлеңім» (2007), «Ұрпағыма өсиет» (2009), «Ақ тілек, ақ бата» (2010), «Әке рухына тағзым» (2014), «Әке аманаты» (2018) кітаптарының авторы. Нәбиолда Кемешевтің «Марқаның сұлу қыздары», «Күршім мен Марқа ағайын», «Сандуғашым, қарлығашым» және басқа да әндері еліміздің талантты әншілерінің орындауында шырқалуда.
1982 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып тағайындалды.
1982-1995 жж. аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Теректі Мәдениет үйінің директоры болады.
Төрт мәрте аудандық Кеңестің, бір рет облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды. 1991 жылы Шығыс Қазақстан облысының делегациясы құрамында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ассамблеясына қатысты
2001 жылы "Мәдениет қайраткері"атағын алды. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті доценті, "Шабыт" халықаралық байқауының және ШҚО әкімі сыйлығының лауреаты. "Еңбектегі ерлігі үшін" және "Астананың 10 жылдығы" медальдарымен марапатталған, 2005 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан алғыс хат алған.
Төрт мәрте аудандық кеңеске, бір рет облыстық кеңеске депутаттыққа сайланды. 1991 жылы Шығыс Қазақстан облысының делегациясы құрамында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ассамблеясына қатысты
2001 жылы «Мәдениет қайраткері» атағын алады. «Шабыт» халықаралық байқауының және ШҚО әкімі сыйлығының лауреаты. «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған, 2005 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан алғыс хат алған.
2026 жылы маусым айында "Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі" атанды.
Н. Кемешевтің шығармалары
Произведения Н. Кемешева
Кітаптар – Книги
Кемешев, Н. Көңілге түйген әсерлер [Мәтін] : мақалдар мен мәтелдер / Н. Кемешев. - Өскемен, 2003. - 157 б.
Кемешев, Н. Жүрекпен сырласу [Мәтін] / Н.Кемешев. - Өскемен, 2006. - 244 б.
Кемешев, Н. Әндер жинағы [Ноталар]/ Н. Кемешев. - Өскемен, 2007. - 152 б.
Кемешев, Н. Өмірім-өлеңім [Мәтін] / Н. Кемешев. - Өскемен, 2007. - 360 б.
Кемешев, Н. Ұрпағыма өсиет [Мәтін] / Н. Кемешев. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2009. - 500 б.
Кемешев, Н. Ақ тілек, ақ бата [Мәтін] / Н. Кемешев. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2010. - 100 б.
Кемешев, Н. Әке аманаты [Мәтін] : ғұмырбаяндық естеліктер мен ой- толғаныстар / Н. Кемешев. - Алматы : Үш Қиян, 2018. - 296 б.
Н. Кемешевтің мерзімді басылымдар мен
жинақтардағы мақалалары
Публикации Н. Кемешева в периодических изданиях и сборниках
Кемешев, Н. Көңіл мұңы; Бауырларға арнау [Мәтін] : [жыр жолдарынан] / Н. Кемешев // Дидар. - 1996. - 20 тамыз.
Кемешев, Н. Сәт сапар, марқалық өнерпаздар. [Мәтін] : [Күршім аудандық мәдениет бөлімінің бас маманымен әңгімелескен У. Тоқпатаев] / Н. Кемешев // Дидар. - 1999. - 29 мамыр.
Кемешев, Н. Мәдениетті қолдау жылын ұтымды пайдалансақ [Мәтін] : [Күршім ауданында мәдениетті қолдау жылына байланысты жүргізіліп жатқан шаралар туралы ] / Н. Кемешев // Рауан. - 2000. - 10 сәуір.
Кемешев, Н. Рухани байлық-азығымыз [Мәтін] : [Күршім ауданы мәдениет мекемелерінің бүгінгі жағдайы ] / Н. Кемешев // Егемен Қазақстан. - 2000. - 7 қаңтар.
Кемешев, Н. Мен Құмашты көрмесем [Мәтін] : [Құмаш Нұрғалиев туралы] / Н. Кемешев. - Дидар. - 2003. - 22сәуір. - Б. 4.
Кемешев, Н. Баян ойнап, бағым жанды [Мәтін] : [марқакөлдік өнерпаз Н. Кемешевтің шығармашылығы туралы] / Н. Кемешев ; сұхбат: Қ. Дүргінбайұлы // Дидар. - 2020. - 3 қыркүйек.- Б.11.
Н. Кемешевтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Н. Кемешева
Кітаптар - Книги
Тоқпатаев, У. Менің замандастарым [Мәтін] / У. Тоқпатаев. - Өскемен, 2006. - 440 б. - Н. Кемешев туралы мақала жарияланған.
Елубай, О. Аялайық Алтайды : деректі әңгіме, жолжазба, очерк,толғау, мақалалар / О. Елубай. - Өскемен, 2004. - 227 б. - Н. Кемешев туралы мақала жарияланған.
Мақалалар – Статьи
Салықбаев, С. Өнер жүгін арқалап [Мәтін] : [Марқалық өнер тарланы Н. Кемешев жайында] / С. Салықбаев // Дидар. - 1999. - 30 наурыз.
Құрманбекұлы, Қ. Өзі сазгер,өзі сал [Мәтін] / Қ. Құрманбекұлы // Дидар. - 2000. - 5 тамыз.
Тоқпатаев, У. Мәдениет қайраткері [Мәтін] : санасын сырлы саз, жүрегін көктем-жыр әлдилеген Набиолда Кемешов жайлы ой-толғам / У. Тоқпатаев // Дидар. - 2004. - 6 сәуір.- Б. 2.
Марқалық марқасқа [Мәтін] : [өнер тарланы Н.Кемешев туралы] // Рауан. - 2009. - 22 тамыз. - Б. 3.
Елубай, О. Теректідегі ән-жыр кеші [Мәтін] : [ақын, сазгер Нәбиолда Кемешевтің кеші] / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2009. - 21 желтоқсан.- Б. 9.
Қайроллаұлы, Х. Жалықпаған туған жерін жырлаудан [Мәтін] : [белгілі сазгер, ақын Н. Кемешев 70 жасқа толды ] / Х. Қайроллаұлы // Дидар. - 2019. - 7 наурыз. - Б. 27.
Кемешев, Н. Баян ойнап, бағым жанды [Мәтін] : [марқакөлдік өнерпаз Н. Кемешевтің шығармашылығы туралы] / Н. Кемешев ; сұхбат: Қ. Дүргінбайұлы // Дидар. - 2020. - 3 қыркүйек.- Б.11.
***
Салыкбаев, С. Жизненное кредо Набиолды Кемешева [Текст] : [о бывш.работнике культуры Курчум.р-на ...] / С.Салыкбаев // Рудный Алтай. - 1999. - 1 апреля.
Азмухамбетов, Ш. Теректинский Ренессанс [Текст] / Ш.Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2007. - 21 июля. - С. 6.
Мустафин, С. Песни Набиолды Кемешева [Текст] / С. Мустафин // Рудный Алтай. - 2007. - 17 апр. - С. 6.
Каир, К. Застыла кавалерия острот [Текст] / К.Каир // Рудный Алтай. - 2008. - 1 марта. - С. 4.
Омаров Д. Учитель, поэт, композитор [Текст] : [о встрече общественности Усть-Каменогорска с Набиолдой Кемешевым, поэтом-лириком, композитором, музыкантом-виртуозом, Почетным доцентом ВКГУ, заслуженным деятелем РК, Почетным гражданином Курчумского района, лауреатом международного конкурса "Шабыт", лауреат премии акима ВКО, обладатель медалей "За трудовую доблесть", "20-летие Астаны"] / Д. Омаров // Рудный Алтай. - 2019. - 4 апреля. - С. 14
Интернет ресурстары
Ресурсы интернет
Кемешев Набиолда Салихович. Творческие будни директоры Дома Культуры
http://www.llk.kz/content/42022/42079?letter=%CA&page=
ЧЕЛОВЕК ИСКУССТВА - http://oskementv.kz/ru/news/society/chelovek-iskusstva
В Восточном Казахстане прошла литературно-музыкальная встреча с талантливым мастером слова - https://altaynews.kz/ru/v-vostochnom-kazaxstane-proshla-literaturno-muzyikalnaya-vstrecha-s-talantlivyim-masterom-slova.html
Құмақайұлы Кәлек (1937) - сыбызғышы.
Кәлек Құмақайұлы1930 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Сыбызғыны 8 жасынан үйрене бастаған Кәлек үшін бұл өнер жеті атасынан бері үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүрлі үрдіс еді. Әкесі Кұмақай да, Өтеміс, Делдал және тағы басқа арғы аталары да елге сыбызғышы ретінде мәлім болған. Мәселен, әкесі Құмақай Шамғынұлы 1944 жылы Алтай қазақтарының көтерілісіне қатысып, Оспан батырды қолдауға Моңголиядан әскер қатарында барады. Осы соғыста жүргенде ел-жұртын аңсап «Сағыныш» деген күй шьгғарады. Оспан батырдың ұйымдастыруымен өткен бір алқалы жиында Құрыш деген атақты сыбызғышымен күй сайысына түсіп, жеңіп шығады. Кейін «Құрбыма», «Кең жайлау» сияқты күйлерді дүниеге әкеледі. Кұмақайдан тәлім алған Кәбетай Уатханұлы, Жұмайхан Ташынұлы, Нағашыбай сияқты шәкірттері оның өнерін жалғастырған. Ал Делдал Сасанұлы Алтай, Қобда аймағына аты шыққан сыбызғышы және батыр, қамшыгер адам екен. Оның «Жаяу Делдал», «Жеті атым» күйлері бүгінге дейін жетіп, орындалып жүр.
Баян Өлгий аймағының Тұлба ауылындағы сегіз жылдық мектепті бітірген бозбала Кәлек ел арасындағы той-томалақтарда сыбызғы тартып, елге кең таныла бастайды. 1958 жылы жанадан ашылған аймақтық музыкалық дра-ма театрына шақырылып, халық аспаптар оркестріне сыбызғышы болып орналасқан. Осы ұжымда қызмет атқара жүріп музыкалық білімін жетілдіре түседі. 1960 жылы Баян Өлгий аймағының 20, театрдың 10 жылдығына арналған өнер байқауларында өнер көрсетіп үлкен сахна төрінде халық қошеметіне бөленген. Аймақтың танымал өнерпазына айналған Кәлек Монғолияның он сегіз аймағында, 1965 жылы Тува АССР-інде, 1967 жылы Таулы Алтайда, 1974 жылы Қырғызстан, Польша, Германия, Чехия және Мәскеу сахналарында өнер көрсетеді. 1967 жылы Таулы Алтайда зерттеуші ғалым Б.Сарыбаевпен кездесіп, үнтаспаға сыбызғы күйлерін жазып береді. Еліміздің сол кездегі астанасы Алматыға келіп, музыка фестивальдеріне қатысады.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында тұратын К.Құмақайұлы - Баян Өлгийдегі сыбызғы дәстүрінің бірегей мұрагері. Қазақ еліне жүзге тарта сыбызғы күйлерін жеткізіп, еліміздің мәдени қорына өзінің мол мұрасын косып отыр. Көпшілікке белгісіз күйлерді орындаумен қатар олардын шығу тарихына байланысты аңыз-әңгімелерді де жетік біледі. Қазақстанда тұңғыш рет сыбызғы күйлеріне арналған кітаптың шығуына қосқан үлесі өте зор. Жинақтағы аңыздар мен күйлердің барлығы дерлік сол кісінің айтуы, орындауы бойынша жазылып алынған және оған Кәлек күйшінің өзі шығарған «Арман», «Бақыт құшағында», «Шопан сазы» атты күйлері енгізілген.
Моңғолияның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
К. Құмақайұлы туралы әдебиеттер
Литература о К. Кумакайулы
Ақын, А. Сыбызғыны сөйлеткен [Мәтін] / А. Ақын // Астана ақшамы.- 2008. - 6 қыркүйек - Б. 12. - Сыбызғышы К.Құмақайұлы туралы.
Ақын, А. Сыбызғының сырлы сазын Атажұртқа аманаттаған Кәлек Құмақайұлы [Мәтін] / А. Ақын // Орталық Қазақстан. - 2007. - 29 наурыз. - Б. 6.
Кенжеғараев, Ж. Сыбызғышы Кәлек ақсақал [Мәтін] / Ж. Кенжеғараев // Ұлан таңы. - 2009. - 30 қазан. - Б. 6.
Мұқышев, Т. Кәлек сыбызғышы [Мәтін] / Т. Мұқышев // Жұлдыз.- 2010. - № 7.- Б. 197-200.
Аманжолқызы, Н. Сыбызғының шебері - сексеннің сеңгірінде [Мәтін] : [Монғолиядан келген қандасымыз, күйші-композитор Кәлек Құмақайұлымен кездесу туралы. / Н. Аманжолқызы // Дидар. - 2012. - 28 мамыр. - Б. 5.
Құмақайұлы, К. Сыбызғыны қазақ пен башқұрттай ешкім тарта алмайды [Мәтін] : [Сыбызғышы, күй өнерінің абызы К. Құмақайұлымен сұхбат. ] / К. Құмақайұлы ; сұхбат. Е. Нақтыбайұлы // Дидар. - 2012. - 24 қараша. - Б. 5.
***
Кумакайулы Калек [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искуств: сайт. - Режим доступа: http://www.vkmi.kz/index.php/ru/2013-04-19-03-49-21/25-raznoe/222-kumakajuly-kalek (дата обращения: 11.10.16)
Қазтұғанова, А. Древние сыбызговые кюйи [Электронный ресурс] / А. Қазтұғанова // El.kz: сайт. - Режим доступа: http://el.kz/blogs/entry/content-5185 (дата обращения: 11.10.16)