Известные имена

Театр

Әбдрахманова Г.

Әбдрахманова Гүлсім (1917-1970) – актриса

Гүлсім Әбдрахманова 1917 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. 1936 жылы Алматы театр училищесін бітірген соң, Семей облыстық драма театрына жұмысқа орналасып, өмірінің соңына дейін осы театрда қызмет еткен.  Әйелдердің небір тамаша ролдерін сомдап, көрермендер ықласына бөленді. «Еңлік -Кебек», «Айман-Шолпан», «Ақ қайың», «Қарагөз»  спектакльдерінде Еңлік, Қарлыға, Айман, Теңге, Алтыншаш, Маржандардың, «Ана – Жер Анада » Жер - Ананың т. б. ролдерді  ойнады.  Дауысы жағымды, музыкалық мәдениеті жоғары, талантты  актриса музыкалық, драмалық  спектакльдерде  асқан шеберлікпен орындады. Е. Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс образын ерекше баянмен көрсете алды. 1943 жылы КПСС қатарына кірді. Соғыстан кейінгі жылдары Гүлсім Әбдрахманова көпұлтты совет драматургиясының көптеген спектакльдерінде басты рольдерді сомдады. Б. Александровтың «Свадьба в Малиновке»  спктаклінде Софияның, И. Дунаевскийдің «Вольный ветер» спектаклінде Клементина мен Елена ролдерін сәтті шығарды.

1944 жылы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі атағын алды. 1964 жылы Қазақ ССР-нің Халық әртісі атағына ие болды. 1970 жылы Семей қаласында қайтыс болды.

 

Г. Әбдірахманова туралы әдебиет

Литература о Г. Абдрахмановой

Абдрахманова, Гульсум [Электронный ресурс] / кино/персоналии: сайт. - Режим доступа: http://www.cultin.ru/actors-abdrakhmanova-gulsum (Дата обращения: 15.10.2016)

 

 

Абишев О.

Абишев Ораз АбишевичАбишев Ораз Абишевич(1916-2013) - кинорежиссер.

Абишев Ораз Абишевич родился 1 мая 1916 года в ауле Кайнар Абыралинского района Семипалатинской области (ныне область Абай). Отец его, Абиш, был управителем Абыралинской и Кусской волостей, в годы Советской власти - уездным судьей в Каркаралинске. Позднее работал адвокатом в Семипалатинске (ныне г. Семей). Мать, Загипа, хорошо играла на домбре и баяне, обладала замечательным голосом. Кроме того, она была мастерицей рукоделия. Ее брат Мукатай был известным певцом - учеником Амре Кашаубаева.

Ораз Абишев с детства унаследовал от отца, бывшего при жизни значительной личностью, такие черты характера как доброта, честность, благородство, а дар певца впитал в себя вместе с материнским молоком. Природный талант молодого Ораза был замечен писателем Ади Шариповым, который собирал по аулам талантливых детей для учебы в городах. Именно он в 1935 году привез Ораза из Семипалатинска (ныне Семей) в Алматы. В 1936 году Ораз Абишев был принят в двухгодичную актерскую школу при Казахском музыкальном театре.

Став певцом Казахского музыкального театра в Алматы, Ораз Абишев выступал на сцене вместе с будущими корифеями казахского оперного искусства - Курманбеком Жандарбековым, Манарбеком Ержановым, Гарифоллой Курмангалиевым, Канабеком Байсеитовым.

Исполнитель ролей Мыржакыпа Дулатова в опере «Жалбыр» в качестве дублера К. Байсеитова, Сыпыра-Жырау в опере «Ер-Таргын», узбека в опере «Айман-Шолпан», Сансызбая в опере «Кыз-Жибек», будущий мастер кино в 1936 году принимает участие в декаде культуры и искусства Казахстана в Москве.

В 1938 году во время декады казахской культуры и искусства, прошедший в Ашхабаде, Ораз Абишев заболел простудой и не смог выйти на сцену. После возвращения в Алматы Курманбек Жандарбеков, сам переживший подобную трагедию, сказал: «Голос - вещь ненадежная. Идут разговоры о подготовке специалистов кино. У тебя есть способности, может, перейдешь в кино?» Ораз Абишев послушал совета старшего товарища. С этих пор начинается новый этап в его творческой жизни. Приход Ораза Абишева в документальное киноискусство и становление его как выдающегося режиссера-документалиста не были случайным явлением. В 1939 году выходит Постановление Совета Министров Казахской ССР «О подготовке казахских национальных кадров киноискусства», после которого было принято решение об отправке на учебу в Москву во Всесоюзный Государственный Институт Кинематографии группы талантливой казахской молодежи. В их числе был и Ораз Абишев. Учась на режиссерском факультете ВГИКа, он становится ассистентом Моисея Левина - режиссера кинофильма «Райхан», который в то время снимал на киностудии «Ленфильм». Учась у таких выдающихся кинорежиссеров, как Г. Рошаль, А. Медведкин, молодой Ораз Абишев прошел большую школу в киностудиях «Мосфильм» и «Ленфильм». Выдающиеся кинорежиссеры советского документального кино оказали большое влияние на молодого Ораза Абишева, решившего связать свою дальнейшую судьбу с постижением тайн и секретов документального киноискусства.

Великая Отечественная война круто изменила кинематографическую жизнь страны. В 1942 году Ораз Абишев вместе с эвакуированным в Алматы коллективом студии «Ленфильм» возвращается на родину в качестве сотрудника Центральной объединенной киностудии (ЦОКС).

Әбішев Ораз туралы әдебиет
Литература об Абишеве О.

Шығыс Қазақстан облысы Энциклопедия./Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б.: ӘбішевО. Б.210.

Ораз Әбішев [Мәтін] : қазанама. // Егемен Қазақстан. – 0. – 2013.- 15 наурыз.- Б. 7.

 

Аленчук В. М.

Аленчук Владимир МихайловичАленчук Владимир Михайлович (1940-2009) – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
1940 жылы 3 қарашада дүниеге келген.
Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында он жыл директор болған. Оның басшылығымен театр адамдар арасындағы қарым-қатынас храмына айналды. Бүгінде театр - халық арасында ерекше құрметке ие. Театр жылына ауылдық жерлердегі қойылымдармен бірге 300 спектакль қояды. Оның ішінде 8-12 премьера, бас сахна 200-ге жуық. Владимир Михайлович театр ғимаратын қалпына келтіруге көп күш жұмсады.
Көрерменмен жұмыс ғимараттың өзінде қолайлы жағдай жасаудан басталады. Әкімшілік қызмет, буфет, гардероб, театрға келгенге дейін және одан кейінгі көлік қызметі – барлығы көрерменге ыңғайлы болу үшін жасалған. Соңғы кездері шағын, бірақ әдемі театр залы үнемі лық толы. Бұл қаламыздың нағыз өнерді сүйіп, түсініп және бағалайтындығының ең жақсы дәлелі.Бәрі Владимир Михайлович Аленчуктың сіңірген еңбегінің арқасында.
Владимир Михайлович үнемі шығармашылық «шиеленіс» үстінде, театрды басқарумен қатар, режиссерлікпен де айналысады. В.Аленчук губернияда репертуарлық театрды сақтап қалуда орыс және шетел классикасы мен заманауи драматургиямен танысу қажет екеніне сенімді.
В.М. Аленчук Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қазақ труппасының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Владимир Михайлович бұрынғы актерлер, режиссерлер мен сценаристтердің жұмысын, қазақ халқының мәдени мұрасын және тамаша дәстүрді сақтау мүддесі үшін жұмыс істейді.

Литература об Аленчуке В. М.
В. М. Аленчук туралы әдебиет

Шавлева Д. Театр и мы. – Вечерний Усть-Каменогорск. – 2005. – 27 янв. – С. 6

 

Әкелеев С.Д.

Сахан Акелеев

Әкелеев Сахан Долдиұлы (1958 - 2021) – актер, режиссер. 

1958 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тасбастау  ауылында дүниеге келген.

1980-1984 жылдары Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын профессор А.Тоқпановтың класын «драма және кино актеры» мамандығы бойынша бітірді. Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясында 1984-1991 жылдары оқыды. Б.Жылысбаевтың класынан вокал мамандығы  бойынша тәмәмдады. Бішкек  қаласындағы Б.Бейшенәлиев атындағы өнер және мәдениет  университетін режиссер мамандығы бойынша аяқтады.

Қ. Жандарбеков атындағы әнші-актерлер байқауының, Ашхабадта болған Орта Азия және Қазақстан әншілер байқауының лауреаты атанды. 1993-2003 жылдары Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблін ұйымдастырып,  ансамбльдің көркемдік жетекшісі болды. Жетекші бола жүріп, әскери ансамбльде «Сарбаздар» фольклорлық-этнографиялық ансамблін құрды. Әскери шені-майор.

2003-2005 жж. - Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде «вокалдан оқытушы»;

2005-2006 жж. - ОҚО Жұмат Шанин атындағы музыкалық драма театрында «Жоғары категориялы актер, режиссер, вокалдан оқытушы»;

2006-2008 жж.- Ақсарай мюзиклында «Жетекші және вокалдан оқытушы»;

2008-2010 жылдары Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында «Жеке орындау кафедрасында вокалдан аға оқытушы»;

Сақан Әкелеев бірнеше әндердің авторы. 2009 жылы 12 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өткен «Шығыс жұлдыздары» жобасының авторы әрі продюсері, 2010 жылы 23 ақпанда Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Б. Момышұлының 100 жылдығына арналған «Батыр Бауыржан» атты үлкен кештің ұйымдастырушысы, сценарисі болды. С.Әкелеев – ТМД елдері саяси әндер фестивалінің, республикалық бірнеше әскери-саяси патриоттық ән фестивальдерінің және халықаралық ән байқауының лауреаты. Әкелеев Сахан Долдиұлы 2010-2014 жылдары -  ШҚО КМҚК Жамбыл атындағы драма  театрының директоры, 2015 жылдан -  облыстық драма театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. Өзінің режиссерлік, актерлік қабілетінің жоғары екенін де дәлелдеді. Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясына режиссерлік етіп,  көрерменнің көңілінен шықты. 2011 жылы наурыз айында Ресей федерациясы, Мордовия республикасының Саранск қаласында өткен VІ Халықаралық театр фестиваліне, театрдың шығармашылық тобы Сахан Долдиұлының басшылығымен қатысып, Балтық және ТМД елдерінің орыс драма театрлары арасында, жүлделі бірінші орынға ие болды. Сол жылы мамыр айында Татарстан Республикасы Қазан қаласында түркі халықтарының  Х  Халықаралық «Наурыз» театр фестиваліне  қатысып, жоғары жетістіктерге жетті. 2014 жылы желтоқсан айында Б. Рамазанның «Шырмауық» атты жаңа, екі перделі әлеуметтік драмасын сахналады. Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын негізге алып, қоғамның қауіпсіздігінің алдын алуда, актуальды қойылым болып табылды. Ағымдағы жылы  Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясын және бүгінде ғасыр індетіне айналған нашақорлық жайында Б.Ұзақовтың «Жандауа» атты психологиялық драмасын көпшілікке ұсынып, жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ, А.Үлімжіұлының «Шолақ қол келіншек» әпсанасын сахналап көпшіліктің ықыласына бөленді.   

2009 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр Шапағаты»төсбелгісімен,  Тәуелсіздіктің 10 және 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталған.

С. Әкелеевтің мақалалары

Әкелеев, С. Д. Арық сөйлеп семіз шық дейді  Жамбыл драма театрының директоры [Мәтін] / С. Д. Әкелеев // Өскемен. - 2010. - № 38.- Б.4.

С. Әкелеев туралы

Әшірбаев, Б. Әкелей Сахан Долдиұлы [Мәтін] / Б. Әшірбаев // Мәдениет жаршысы  / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2011. - N 1.- Б.24.

***

Токобаев, М. Дух свободы и независимости [Текст] : [о литературно-поэтической композиции, посвященной 100-летию Алаш в ВКО театре] / М. Токобаев // Рудный Алтай. - 2017. - 14 января. - С. 3.

 

Арғынбекова М. Қ.

Арғынбекова Майра Қаламқызы

Арғынбекова Майра Қаламқызы (1961) - театр актрисасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.


1961 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Шорға ауылында дүниеге келген. Маңырақ ауылдық орта мектебін бітіргеннен кейін Өскемендегі мәдениет және білім техникумына оқуға түсіп, оны 1984 жылы«әнші» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол бірнеше жыл Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында мәдениет саласында қызмет етті.
2000 жылы байқаудан сүрінбей өтіп, Өскеменде жаңадан ашылған Қазақ театрының труппасына қабылданып, күні бүгінге дейін актриса қызметін атқаруда.
2009 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.
Ойналған рөлдер:
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (2000, реж. Т. Бадығанов, Ш. Кәрібаев) – Мақпал;
М. Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай!» (2000, реж. Т. Бадығанов) – Зәуреш;
О. Бодықов «Ойбай, күйеу керек» (2000, реж. Г. Бақтыбаева) – Әйел;
О. Бөкей «Желтоқсан желі» (2001, реж. Ш. Кәрібаев) – Анар;
I. Ғайып «Негізгі шара» (2002, реж. С. Тасименова) — Сая;
Халық ертегісі «Ұр, тоқпақ» (2004, реж. Р. Есдәулет) – Кемпір;
Ш. Ысқақ, Қ. Ысқақ «Томирис» (2003, реж. Р. Есдәулет) – Томирис (номинация «Жылдың үздік актрисасы»);
С. Жұмат «Вампир күйеу» (2006) – Қатыш
Ж. Озюбекова «Толғақ» (2006, реж. Р. Есдәулет) — Містеқан
С. Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» (2007, реж. Р. Есдәулет) — Фарида («Маусымның үздік актрисасы» номинациясы)
К. Кикучи «Оралған әке» (2008, реж. Р. Есдәулет) – Отақа
A. Чеховтың «Шағала» (реж. Р. Есдәулет) — Қыз
К. Жүнісов «Общагадағы серілер» (2009, реж. Р. Есдәулет) – Ақмақ
Д. Рамазан «Кенесары – Күнімжан» (2011, режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б. Ұзақов) – Ана
Д. Исабеков «Мұрагерлер» (2012, қоюшы-реж. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е. Тәпенов) – Салиха («Жылдың үздік актрисасы» номинациясы)
Ұ. Есдәулет «Қара пима» (2013, реж. А. Салбанов) – Көрші (Павлодардағы «Алаштың ардақтысы» республикалық театр фестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясы)
Б. Рамазан «Шырмауық» (2014, реж. С. Ақелеев) – Ана
Ғ. Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» (реж. Б. Рамазан) – Демелі
К. Жұмабеков «Замана неткен тар едің» (2015, режиссер С. Жұмағали) – Әйгерім («Жылдың үздік актрисасы» номинациясы)
Б. Ұзақов «Жан дауа» (реж. С. Ақелеев) – Ана
Г. Хугай «Қара шекпен» (2020, реж. А. Қозықанов) – Қоян
Қ. Жүнісов «Алғашқы махаббат» (реж. А. Қозықанов) – Режиссер
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (2021, реж. Ә. Қозықанов) – Мақпал
Р. Отарбай «Көлеңке» (2023, реж. Д. Құбаш) – Ана
С. Шаймерденов «Дөкей келе жатыр» (2024, реж. Ж. Жұманбай) — Әйелі
Қ. Мұрат «Зұлмат» (2024, реж. Ә. Хасенов) — Уақыт
Майра Қаламқызы театрдың жетекші актрисаларының бірі болып қала отырып, көрермендерін талантымен қуантып келеді.

М. Арғынбекова туралы әдебиеттер
Литература о М. Аргынбековой

Арғынбекова, М. Мен сахнада өмір сүремін / М. Арғынбекова. - Мәтін // Дидар. - 2021. - 15 сәуір. - Б. 11.

Интернет ресурстар
Интернет ресурсы

Арғынбекова Майра Қаламқызы // Восточно-Казахстанский областной театр драмы и опереты : [офиц. сайт]. — Режим доступа: (дата обращения: 30.04.2026).