Известные имена

Театр

Иісова Т.

Иісова Тұратай (1931-1994) - актриса, Қазақстанның Халық әртісі

Isova.tif1931 жылы 15 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туған. Қазақ драма театрыжанындағы театр студиясын тәмамдаған (1953).1956 жылдан өмірінің соңына дейін Семей музыкалық драма театрында актриса болып қызмет атқарған. Театр сахнасында Иісованың жасаған бейнелері ірі де сан қырлы. Солардың ішінде: М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыландысында» – Қарлыға, «Еңлік-Кебегінде» – Еңлік, «Абайда» – Әйгерім, Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқтысында» – Ақтоқты, «Қозы Көрпеш – Баян-сұлуда – Мақпал, Ш. Айтматовтың «Жәмиләсында» – Жәмилә, «Ана-Жер анасында» – Әлиман, Б.Майлиннің «Шұғасында» – Күлзипа, А.Штейннің «Толасында» – Тата Нерадова, Д.Исабековтің «Әпкесінде» – Әпке, т.б. көптеген классикалық, трагедиялық, комедиялық, психологиялық, драмалық бейнелер бар.

1960 жылы Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі атағын алған.

1994 жылы 14 шілдеде Семей қаласында қайтыс болған.

 

Тұратай Иісова туралы әдебиет

Литература о Т. Исова

 

Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.

Шығыс Қазақстан облысы Энциклопедия./Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б.:Иісова Т. Б.379.

Құндақбаев, Б. Уақыт және театр : зерттеулер мен мақалалар / Құндақбаев Б. - Алматы : Өнер, 1981. - 325 б.

Құндақбайұлы, Б. Театр туралы толғаныстар / Құндақбайұлы Б. - Алматы : Өнер, 2006. - 320 б.

Қоңқараев Ғ.

KamalҚоңқараев Ғабдылкамал Ташмұхамбетұлы (1956-2020) – иллюзионист

Ғабдылкамал Қоңқараев 1956 жылы 28 мамырда ҚХР Дөрбілжің қаласында дүниеге келген. 1959 жылы Шыңжаң қазақтары жаппай Қазақстанға қоныс аударғанда олардың да отбасы туған жерге оралып, бала Ғабдылкамал алғашқы сауатын № 1 Күршім орта мектебінде ашты. 1974 жылы мектепті бітірісімен Алматыдағы КазПИ-дің көркемсурет – графика факультетіне оқуға түсіп оны ойдағыдай бітіріп шығады. Күршімде біраз жыл еңбек еткен соң өнер ордасы Алматыға қоныс аударады.

Алматыда бала күнінен өзіне ұнайтын фокус өнерімен шындап айналыса бастайды. Ресейдің Кострома қаласында әскери борышын өтей жүріп, қарулас жолдастары арасында фокус көрсетіп үйренгені де кәдеге жарады. Осы өнер жайлы қаншама кітаптар ақтарды, әлем сиқыршылары туралы ақпараттарды зерделеген жас жігіт өз өнерін еліне ғана емес, әлем жұртшылығына мойындатқан әйгілі иллюзиониске айналды.

Өнерпаз жігіт «Бауыржан-шоу» театрына жұмысқа қабылданып, онда сиқырмен қатар жарнама, хабарландырулар жазып отыратын суретші болып еңбек етті. Бауыржан Ибрагимов пен жерлесі Марат Сақатовтың қамқорлықтарын көрді. Осы театрда еңбек ете жүріп халыққа танымал болды. «Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Республикалық «Қазақстан», «Хабар» телеарналары жиі шақырып, кездесулер ұйымдастырды. Оңтүстік Кореяға келісім-шартпен барып, алты ай бойы жемісті өнер көрсетті. 1999 жылы көркөршілес Қытайдың Құлжа, Гуанчжоу, Шэнжэнь, Гонконг қалаларыда қалың көрерменді тамсантып қайтты. 2001 жылы Итальяның Миробильянди курорты аймағында үш ай бойы өнер көрсетіп зор табысқа қол жеткізді. 2009 жылы Түркияның Кайсери, Стамбул, Анталья қалаларында өнер көрсетті.

Дарынды өнерпаз, шебер суретші, қабілетті сиқыршы-иллюзионист Ғабдылкамал Қоңқараев 2020 жылы кенеттен қайтыс болды.

 

Қоңқараев Ғабдылкамал туралы мақалалар

Статьи о Г. Конкараеве

 

Қоңқараев , К. "Мені өмірдің өзі сиқыршы қылды." [Мәтін] : [Сиқыршы К. Қоңқараев туралы.] / К. Қоңқараев ; сұхбат: Анар Қоныс А. // Өмір-ай. - 2015. - 14 қазан. - Б. 7-9.

Қоңқараев Ғ. "Қолымды апталап жумай жүрген кезім болды..." [Мәтін] / Ғ. Қоңқараев // Егемен Қазақстан . - 2016.- 12 тамыз (№ 154). - 9 .

Леонов-Вендровский Л. В.

Леонов-Вендровский Леонт Владимирович (1889-1954) – театр режиссері, Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі (1946).

1889 жылы 15 қарашада Санкт-Петербургте (Ресей) дүниеге келген.

1908-1911 жж. Петербург театр училищесінде оқыды. 1933-1936 жж. сцена өнері бойынша Ленинград техникумында білім алады. РСФСР (Ленинград, Курск, Воронеж, Смоленск т.б.) театрларында жұмыс істеді. 1940-1954 жж. Абай атындағы Семей облыстық драма театрында көркемдік жетекші, бас режиссер болып, «Қарақыпшақ Қобыланды», М.О.Әуезовтің «Түнгі сарын», Ғ.Мүсірепов пен Е. Г. Брусиловскидің «Қыз Жібек», Ш. Хусаиновтың «Алдар Көсе», Ә. Әбішевтің «Достық пен махаббат», Б. А. Александров пен Л. А. Юхвидтің «Свадьба в Малиновке», Т. Г. Шевченконың «Назар Стодоля», У. А. Гаджибековтың «Аршин мал алан» т.б. қойылымдарын сахналады.

1954 жылы 5 қазанда қайтыс болды.

 

Л. В. Леонов-Вендровский туралы әдебиеттер

Литература о Леонове-Вендровской Л. В

 

Культура Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы : Аруна, 2010. – 651 с. -Леонов-Вендровский Леон Владимирович : 404 с.

 

Интернет ресурстары

Интернет-ресурсы

 

Леонов-Вендровский Леон Владимировиx [Электронный песурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : https://peoplelife.ru/164119 (03.01.2019)

Қыдыралин С.

Қыдыралин Сіләмбек (1908-1983) –актер, Қазақ КСР-нің Халық әртісі.

1908 жылы 20 қазанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған.

1927-1930 жылдары Семейдегі қазақ мектебінде білім алып, ауылдық мектепте бала оқытты. Семейдегі мұғалімдер даярлайтын курста дәріс алды (1933). Осында жүріп қаладағы драма үйірмесіне қатысты.

1934 жылы Семейде облыстық қазақ драма театры қазіргі облыстық қазақ музыкалық драма театры ұйымдастырылғанда осы ұжымда еңбек етті. Кебек, Еспембет, Қобыланды, Абай (М. Әуезовтің «Еңлік - Кебегінде», «Қара қыпшақ Қобыландысында» және Л. Соболевпен бірге жазған «Абайында»), Тарғын, Бекежан (Е. Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Қыз Жібегінде»), Балуан (Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында»), Дуанбасы (Н. Гогольдің «Ревизорында»), Назар (А. Александровтың «Малиновкадағы үйлену тойында») секілді көптеген кейіпкерлер бейнесін сомдады.

Кино өнеріне де атсалысты.

Қазақстанның халық әртісі (1954). «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

1983 жылы 27 ақпанда Семей қаласында кайтыс болды.

 

Деректер

Источники

 

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Қыдыралин С.: б. 239.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Қыдыралин С.: б. 491.

Казахская ССР  [Текст] : краткая энциклопедия. Т. 4 – Алма-Ата : Главная Редакция Казахской советской энциклопедии, 1991. - Кыдыралин Сламбек: с. 346.

Культура Казахстана  [Текст] : энциклопедический справочник. – Алматы : Аруна. - Кыдыралин Сламбек.

Маципуло О. П.

Маципуло Олег Петрович

Маципуло Олег Петрович (1948-2020 жж.) – актер, режиссер.

1948 жылы 17 ақпанда Өзбек КСР-дің Самарқанд қаласында туған. 1974 жылы Өнер институтының режиссерлік бөлімін бітірген. 1967 жылдан Приморск облыстық Жас көрермен театрының актері, 1972 жылдан бастап Вологодскі Жас көрермен театрында, одан кейін Шымкент драма театрында, М. Ю. Лермонтов атындағы Грозненский драма театрында, Самарқанд және Фрунзе театрларында қызмет атқарды.

1987 жылы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Евгений Минскийдің шақыруымен Олег Маципуло труппаға актер ретінде қабылданады. Ол ойнаған рөлдердің ауқымы ерекше кең болды, ал сомдаған образдары терең ойға толы және әрқайсысы қайталанбас ерекше еді. 1998 жылдан бері - қоюшы-режиссер болған (Өскемен). Философиялық эссе жанрында жазылған «Марина Цветаева» пьесасының авторы. 50-ге жуық рөлдер орындаған. 40-тан астам режиссерлік еңбектері бар, оның ішінде: О. Маципуло мен О. Григорьева, «Марина Цветаева»; Г. Горин, «Геростратты ұмыту»; А. Мардань, «Соңғы батыл адам»; В. Красногоров, «Любовь до потери памяти»; А.Н. Островский, «На бойком месте»; Б. Акунин, «Шағала»; А.В. Сухово-Кобылин, «Кречинскийдің үйлену тойы». С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Студенттік театрының көркем жетекшісі болған (Өскемен). «Театр өнері - 2005» сыйлығының лауреаты. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2005).

2004 жылы театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Олег Петрович Маципулоға «ҚР Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісі берілген.

Олег Петрович Маципуло 2020 жылы 18 ақпанда қайтыс болды. Ол театрды, адамдарды, әдеби сөзді, әлемді жылулық пен нәзіктікпен сүйетін жанқиярлық пен ашық, жан-жақты адам ретінде бәрінің есінде қалды…

О. П. Маципуло туралы әдебиет

Литература о Маципуло О. П.

Воронова, В. Актер без грима: о творчестве актера ВКО драмтеатра им. Жамбыла О. Маципуло [Текст] / В. Воронова // Рудный Алтай. – 1996. – 19 декабря 

Лазарева, В. Обычный творческий человек с необычной творческой биографией [Текст] / В. Лазарева // Деловой Усть-Каменогорск. – 2001. - № 4. – С. 46-48

Лазарева, В. Выпрямляющая сила театра [Текст] / В. Лазарева // Деловой Усть-Каменогорск. – 2003. - № 11. – С. 46-47

Лазарева, В. Да здравствует театр! [Текст] / В. Лазарева // Деловой Усть-Каменогорск. – 2005. – № 9. – С. 52-54

Токарева, О. Театральная кухня, или О валенке, водке с колбасой и запудренных мозгах [Текст] / О. Токарева // Устинка плюс. - 2006. - 2 июня. - С. 8

Антонова, А. Сумасшедшая комедия о душе [Текст] /А. Антонова // Устинка плюс. - 2007. - 30 марта. - С. 31.

Дашкова, А. Бенефис Олега Маципуло или Доброе слово о "бунтаре" [Текст] /А. Дашкова // Рудный Алтай. - 2008. - 19 февр. - С. 4.

Перекуто, З. Первый из равных [Текст] : его имя - в энциклопедии "Кто есть кто?" [Текст] /З. Перекуто // Устинка плюс. - 2008. - 14 февр. - С. 25.

Шавлев,а Д. Олег Маципуло: "Сделай себя сам!" [Текст] : [о режиссере ВК обл. драмтеатра им. Жамбыла, деятеле культуры РК О. П. Маципуло] / Д. Шавлева // Рудный Алтай. - 2013. - 16 февр. - С. 8.

Маципуло, О. Разговор о человеческой душе [Текст] : [интервью] / О. Маципуло, К. Кирдяпкина // Рудный Алтай. - 2018. - 22 февраля. - С. 8

Шавлева, Дарья. Человек театра : [о члене Союза театральных деятелей Казахстана, выдающемся актере, режиссере и педагоге Олеге Петровиче Маципуло] / Д. Шавлева. - Текст // Рудный Алтай. - 2022. - 19 февраля. - С. 4.

 

Интернет-ресурстар:

Интернет-ресурсы:  

Памяти Олега Петровича Маципуло. "Интервью с Маэстро" [Электронный ресурс] : Режим доступа: //https://www.youtube.com/watch?v=_jrmLtIO6hk

Олег Маципуло [Электронный ресурс] : [сайт] : Режим доступа: //https://www.kino-teatr.ru/teatr/acter/bitpart/m/post/328145/bio/

 

Коцарева

Источник: https://ustinka.kz/kazakhstan/ust-kamenogorsk/52815.html
Публикация материалов сайта ustinka.kz в социальных сетях разрешается при условии размещения только заголовка и подзаголовка, использования не более одной фотографии, а также наличия гиперссылки на статью со сниппетом. Использование материала в полном объеме запрещено.

ВНИМАНИЕ! Использование материалов, произведенное с нарушением процедуры публикаций, регламентированной Правилами, считается незаконным использованием и влечет за собой привлечение к ответственности, предусмотренной действующим законодательством РК.