Байдосұлы Күркебай (Күркебай батыр) (1830-1916) – батыр, қазақ халқының қорғаушысы.
Сарыжомарт руынан шыққан Күркебай Байдосұлы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы, Кеңсу ауылында (қазіргі Маралды) дүниеге келген.
Жас күнінен жүректілігімен, асқан мергендігімен көзге түсіп, «батыр» атанған екен. Ол елін, жерін шеттен келген басқыншы, шақырусыз келімсектерден қорғап, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өмірінің көп бөлігін жортуылда өткізген адам.
Кедейлерге болысып, аштарға азық тауып беріп, қамқоршы болыпты. Зар жылағанды уатып, көкірегі қарс айырылыпты, сондықтан патшаға жақпапты. Көнекөз қариялардың айтуынша Күркебай қол мерген болыпты. Не нәрсені болсын көздемей ата салатын көрінеді және атқаны қате кетпейтін көрінеді.
Батырдың тәуелсіз, бүлікшіл мінезі оны билік үшін масқара етті – ол қамауға алынды. Алайда, Күркебай батырдың атыс дәлдігі мен батылдығына тәнті болған патша генерал-губернаторы оны босатып жібереді.
Батыр 1916 жылы қайтыс болды. Оның қабірі Маралды ауылында орналасқан. Батырдың ұрпақтары, ауыл тұрғындары қаражат жинап, оның қабіріне күмбез және ауыл орталығында мешіт тұрғызды.
Күркебай батыр туралы әдебиеттер
Кітаптар-книги
Қалиғожин, Советхан. Биік тұлға. - Өскемен : Шыгыс Полиграф, 2013. - 139 б.
Қалиғожин, Советхан. Нар Найман саңылақтары. - Өскемен : Шығыс Полиграф, 2015. - 304 б.
Қайсенов З.Ә. Найман шежіресі. - Өскемен : "Рудный Алтай" газетінің баспаханасы, 2001 - . 2-ші кітап. - 272 б.
Қалиғожин, Советхан. Күңгейлі Күршімім, көшбасшы ұланым : дастан, шежіре. - Алматы : Арда, 2008. - 144 б. п. - 272 б.
Тұрар, Қабдолда. Күркебай батыр : хикаят, өлеңдер. - Семей : ТAN баспа үйі, 2023. - 128 б.
Мақалалар – Статьи
Нұрғазин, Сейілхан. Күркебай Базардың жыры : [Әйгілі Күркебай батырдың баласы Базар туралы.] // Дидар. - 1991. - 30 қараша. - Б. 4.
Тұрар, Қ. Күркебай биігі : [Күршім ауд. "Маралды"кеңшарында (1830-1916 ж.ж) туған Байдосұлы Күркебай жайлы қысқаша дерек] // Дидар. - 1994. - 2 шілде.
Тұрар, Қ. Күркебайдың шитісі : [Күршім ауданының Маралды ауылында дүниеге келген Күркебай батыр жайлы дерек ] / Қ. Тұрар // Дидар. - 2002. - 23 шілде (№62). - Б. 4.
Саликова Р. Р. Күркебай батыр // Рауан.- 2003.- № 45. - Б. 3.
Зәкәрия Х. Баба даңқын жаңғыртуда // Дидар.- 2005. – 2 тамыз. - Б. 4
Қалиғожин С. Күркебай мерген: дастан / С. Қалиғожин // Рауан.- 2008. - 7 шілде. - Б. 2.
Қабылқайырова, К. Күркебай батыр : шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Маралды елінен шыққан Күркебай батыр туралы тарихи-таным // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. - 2019. - №2. - Б. 22-26.
Сейілханова, Әйгерім. Құралайды көзге атқан Күркебай мерген. // Дидар. - 2019. - 5 қыркүйек. - Б. 21.
Қабылқайырова, К. Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері. // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. - 2020. - №1. - Б. 5-13.
Бұрқанбаева, Кенжегүл. Күркебай батыр кітабының тұсаукесері өтті [Күршім ауданының құрметті азаматы, Мәдениет қайраткері, Үздік мәдениет қызметкері Қ Тұраровтың кітабына арналған мәдени шара] // Рауан -Заря. - 2023. - 15 қыркүйек. - Б. 12
Ғали-Асқар, А. Күркебай батыр жарық көрді. // Дидар. - 2023. - 26 қыркүйек. - Б. 4.
Есімханов, Әділхан. Халқы әспеттеген хас батыр : пушкин кітапханасында"Күркебай батыр" кітабының тұсауы кесілді. // Менің өлкем. - 2023. - 12 қазан. - Б. 4
Бұланбай Көлбайұлы (1747–1845) – палуан
1747 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы (қазіргі Тарбағатай) Сайқан тауының етегіндегі қоныста дүниеге келген. Бұланбай Көлбайұлы Жәнтекей руынан шыққан. Ол халық жадында жеңіліп көрмеген палуан ретінде сақталған. Сонымен қатар тапқыр сөзді шешен би ретінде де танылған. Орта жүздің игі жақсылары Қызылжарда өтетін Көкейірім съезіне қатысу үшін халық арасынан шыққан спортшылар мен өнерпаздарды жинайды. Жәнібек батыр жиырма палуанның ішінен сайысқа қатысу үшін Бұланбайды таңдайды. Жарысқа шақырылған Бұланбай атпен жолға шығады. Алайда жарыс өтетін жерге 125 шақырымдай қалғанда аты қатты шаршайды. Бұланбай әрі қарай жолын түйемен жалғастырады.
Осы жарыста он сегіз жастағы халық арасынан шыққан палуан Бұланбай спорттық сайыстың жеңімпазы атанып, оған «түйе балуан» атағы беріледі. Бас жүлдеге бір түйе, он бес таңдаулы айғыр және елу бас ұсақ мал тігіледі.
Бұланбай Көлбайұлы Абылай хан бастаған қазақ делегациясының құрамында Бейжіңге барған. Мұнда ол өзге елдерден келген алыптардан өзінің күш-қуатының басымдығын көрсеткен. Император сарайының алдында орналасқан арыстан бейнесіндегі тас мүсінді орнынан қозғап, өзінің теңдессіз күш иесі екенін танытқан.
ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы мұрағат құжаттарына сәйкес, Бұланбайдың ұрпақтары Омари мен Сәкари де өз заманының атақты палуандары әрі тамаша әнші, айтыскерлері болған.
Бұланбайдың жары әрі өмірлік серігі Айбике батыр болған. Ол Абылай хан әскерінде қызмет еткен әйел барлаушы ретінде танылған. Жау қолына өз еркімен тұтқынға түсіп, ұзақ уақыт қызметші болып, қажетті мәліметтер жинаған. Жиналған деректерді Абылай ханға, Қабанбай мен Бөгенбай батырларға жеткізіп отырған. Айбике батыр үлкен жиындарда палуан ретінде де өнер көрсетіп, даңқы шыққан. Қырағы әрі көреген Айбике батыр қалмақ жасақтарының Тарбағатай өңірі мен Ертіс жағалауына жасаған көптеген шабуылының алдын алған.
Бұланбай ұрпағына: «Жауға аттанған кезде сарбаздар оның есімін дабыра қылмасын. Менің атым Жәнібек батырдай атақты емес. Күрескенде өз күштеріңе сеніңдер. Менің күшім – өзімде, өз руымның намысы мен абыройын қорғауға жетерлік күшім де, даңқым да бар», – деген өсиет қалдырған.
Бұланбай өмірінің соңына дейін Кендірлік өзенінің бойын мекендеген. 1845 жылы дүниеден өткен.
Зайсан ауданындағы Сауыр тауының баурайында халық «Бұланбай жайлауы» деп атайтын жер бар. Таулы өзеннің сол жағалауында үлкен қара тас орналасқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл тасты Бұланбайдың өзі тауға көтеріп шығарып, өзінен кейін естелік ретінде қалдырған.
Б. Көлбайұлы туралы әдебиет
Литература об Колбайулы Б.
Кітаптар - Книги
Алтыбаев, Қ. Атамекен Зайсан / Қ. Алтыбаев. - Өскемен: Реклама-Дайджест, 2006. - 505 б. - Көлбайұлы Бұланбай: б. -429-432.
Қазақтың бес алыбы. - Алматы: Аруна, 2003. - 11 б. - Көлбайұлы Бұланбай: б.7.
Шәкенұлы, Ж. Алтай алыптары / Ж. Шәкенұлы, Қ. Айдарханұлы. - Алматы: Zaman-print, 2018. – 252. – Көлбайұлы Бұланбай : б.
Мақалалар-Статьи
Қабдоллаұлы, Ж. Самырат Бұланбай [Мәтін] : [Зайсан ауд. өткен балуан] / Ж. Қабдоллаұлы // Достық. - 1996. - 26 шілде.
Мағзұмұлы, Ө. Атадан қалған ұлағат [Мәтін] : [Зайсан ауд. Бұланбай балуанның туғанына - 250 жыл] / Ө. Мағзұмұлы // Достық. - 1997. - 14 шілде
Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) - қолбасы, жырау, қоғам қайраткері.
ОңтүстікҚазақстанның Қаратау тау бөктерінде дүниеге келген. Ақтамберді Сарыұлы өлеңдеріненоның Жағалбай (Кіші жүз) руынан шыққандығын аңғаруға болады.
Ол 10-12 жасынан бастап өзінің ақындық қабілетімен көзге түскен.. Өлеңдерінде қазақтың тұрмысын, отбасы мен Отанын жырлайды.
Жырау 17 жастан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен шайқастарға, сондай-ақ тарихта «Ақтабан шұбырынды» деген атпен енген көптеген оқиғаларға қатысқан. Ол жоңғар шапқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. 1738-1752 жылдары жоңғарлармен болған барлық шайқастарға қатысқан. Ақтамберді батыр 70 жыл бойы туған жерін жаудан қорғады, атақты шешен, беделді би, белгілі ақын-ертегіші болған.
Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Менімен ханым ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.
Шығармашылығында әсіресе, жылқының көшпенділердің өміріндегі орны мен рөлі туралы ойлар жеке орын алады. Атты ер «қанаты» дей отырып, оны батырдың серігі ретінде бейнелейді.
Ақтамбердінің толғаулары мен жырлары С. Мұқановтың «Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985) жинақтарына енгізілген.
Жырау 1768 ж. Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан) Абай ауданы Жүрекжота мекенінде дүниеден өткен.
А. Сарыұлы туралы әдебиеттер
Литература о Сарыулы А.
Поэзия жырау [Текст] : Стихи каз. поэтов 15-18 вв.: пер. с каз. ; ред. Л. Степанова - Алма-Ата : Жалын, 1987 . - 87 с.
Льется песня под домбру [Текст] : фольклор и литературные памятники Казахстана / - Москва : Художественная литература, 2009 . - 710
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Актамберды – жырау [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа :https://megaobuchalka.ru/11/54536.html (08.04.2020)
Актамберды-жырау [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа https://adebiportal.kz/ru/authors/view/356 (08.04.2020)
Актамберды-жырау [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа https://www.elim.kz/article/273/ (08.04.2020)
Зука (Заука) батыр Сабитулы (1866-1929) – батыр, лидер казахского освободительного движения против политики Китая в 1920-е годы, общественный деятель.
Родился в 1866 году в селе Кендерлик Зайсанского (Тарбагатайского) района Восточно-Казахстанской области. Отец Зуки был самым популярным в восточном регионе муллой по имени Сабит. В возрасте семи лет Зука был доставлен из города Упи к Уалдан хазрету для получения образования. Там он проучился девятнадцать лет, побывал в Бухаре, Казани и Самарканде. Когда Зуке Сабитулы было двадцать пять лет хазрет Уалдан женил его на своей внучке Батиме, дав им благословение. Приобретя большие знания, опыт Сабитула Зука вернулся в родные края и посвятил свою жизнь служению своему народу. Он был почитаем народом, открыл четыре медресе в Ласты, Тасты, Буыршын и Тарбагатае для обучения детей грамоте и получения религиозного воспитания. Более пятисот детей обучались в этих медресе. Молодой Зука также получал знания и от отца, брал уроки религиозного образования у муллы Мухаммада Мумина. Молодой батыр видел как тяжело жилось сиротам, беднякам, обездоленным. Он всегда выступал в защиту слабых и угнетенных. Все больше и больше людей приходили к Зуке, чтобы выразить свои мечты и жалобы. В меру своих сил и знаний он страрался помочь всем, кто к нему обращался. Все это, вероятно, способствовало становлению Зуки как народного героя. За противостояние с баями родные и близкие батыра постоянно подвергались притеснениям и гонениям. Не в силах выдержать жестокость богатеев и беспомощность бедняков Зука с родными переберается на Алтай в населенный пункт Саур. Здесь он вновь сталкивается с несправедливостью. Зука приходит к тому, что справедливости можно добиться лишь через просвещение. Он начитает заниматься просветительской деятельностью. Набирает учеников обучает их грамоте, воспитывает. С этого периода Зука Сабитулы навсегда становится на путь служения народу и не отклонялся от этого пути до самой смерти. В 1906 году совершил паломничество в Мекку и Медину через Стамбул. У алтайских казахов существует предание, что батыр Зука благословил молодого Оспан батыра. В годы Гражданской войны он посетил Казахстан поддерживал связь с прессой и представителями Алашорды. Некоторые лидеры движения «Алаш» укрывались в селе батыра. Зука возглавил восстание против китайской армии, в связи с передачей казахских земель на Алтае монголам и китайцам. Он также воевал против армии генерала Бакича, вторгшегося на Алтай в 1921 году. Кроме того, Зука батыр выступал против уплаты налогов и несправедливости по отношению к другим народам. В 1929 году в селе Кендерлик Зука батыр и 28 его товарищей были убиты китайскими войсками. Голову Зука батыра повесили на мосту в Сарсумбе, чтобы запугать местных казахов.
У Зука Батыра было 12 сыновей и 7 дочерей.
Могила находится в селе Белкудук Коктогайского района Алтайского края.
Литература о Зука Сабитулы
Зұқа Сәбитұлытуралы әдебиет
Кітаптар - Книги
Шәкенұлы, Ж. Оспан батыр және Шығыс Түркістан мәселелері [Мәтін] / Ж. Шәкенұлы. - Алматы: Нур принт, 2019. - 384 б.- Зуқа батырдың Оспанды сынап бата беруі: б. 229-231.
Мақалалар - Статьи
Хинаят, Б. Зұқа батыр [Мәтін] / Хинаят Б. // Түркістан http://www.turkestan.kz. - 2002. - 18 шілде.- Б.6
Әділет жолындағы күрескер [Мәтін] // Айқын . - 2016.- 4 қазан (№ 147). – Б.6
Бекжан батыр (1709-1730) - батыр
Порой исторические драмы развиваются по фантастическим сюжетам. Восемнадцатый век поставил казахский народ на грань полного исчезновения. Казалось, вопрос оставался только за тем, где растворится этот народ, последний оплот древней кочевой цивилизации. И кто станет следующим хозяином Великой золотой степи. Этот же век, богатый событиями глобального значения и полный трагизма, в то же время собрал под одно знамя многочисленные племена, объединил в единую сплоченную нацию. И вывел ее на очередной виток политического и духовного развития.
Найманы, предки нынешних казахов, постоянно вели борьбу против иноземных захватчиков, они имели прекрасных воинов и успешно отражали набеги калмыков, киргизов, монголов и джунгар.
В борьбе с завоевателями среди найманов выросла плеяда батыров, память о которых передается из поколения в поколение. Одним из соратников батыра Кабанбая был батыр Бекжан. Он родился в 1709 году в Чарском районе в семье известного среди казахов батыра Куттымбета из рода Матай.
После одной битвы батыр Кабанбай перед бойцами-сарбазами за особую доблесть назвал Бекжана «Белокурым сыном наймана». Это имя осталось на всю жизнь. В борьбе против джунгар отряд Бекжана каждый раз добивался значительных успехов.
Последнее сражение Бекжан батыра с джунгарами состоялось за рекой Черный Иртыш, где враги были разбиты наголову. Оставшиеся в живых ойраты пустились в бегство. Батыр со своими сарбазами решил с одной из горных вершин проследить за окончательным уходом джунгар. Это был жаркий июльский день 1730 года. Он снял с головы шлем, а в это время вражеская пуля сразила его. Так погиб батыр Бекжан.
Люди сами творят свою историю. Не зная своих предков, их дел и поступков, трудно порой, понять и самого себя, и исторические закономерности…
В своей многосложной и многострадальной судьбе казахскому народу приходилось вести постоянную борьбу за сохранение и развитие национального достоинства, за независимость, за государственность, за единство.
В основе нашего суверенитета, суверенитета РК, лежит национально-патриотическая идея независимости. Именно она двигала народ Казахстана еще со времен Кенесары Касымулы к сегодняшнему дню. Именно эта идея сплачивала казахов в их борьбе против внешних врагов, политики царизма и тоталитарной системы бывшего Советского Союза. Именно она определяла и определяет характер нового государства Казахстан после распада СССР.
Литература:
Сейсебаев К. Найманы. – Рудный Алтай. – 1998. – 12 марта, 4 апр., 7 мая