Известные имена

Ғалымдар мен ағартушылар

Құнанбаев А.

Құнанбаев АбайҚұнанбаев Абай (1845-1904 жж.) - ақын, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиеті мен тілінің негізін қалаған  классик

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл -ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев .

Дана ақын - Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі-Зере.

Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл - Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.

Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.

Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер - демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды.

1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба , "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді.

Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.

Өзі үстем таптан шықса да, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді. Қазақ әйелінің бас бостандығын жырлады.

Абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақтың әдеби тілінің негізін салды.

Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов Абайды "қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі" деп орынды атаған.

 

Мәліметтер-Источники

 

"Біздің Абай" электрондық кітапханасы

Государственный историко-культурный и литературно-мемориальный заповедник- музей Абая «Жидебай — Борили»

Их именами названы улицы Усть-Каменогорска

 

Құнантаева К. К.

К. ҚұнантаеваҚұнантаева Күләш (1931-2024) – ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік және қоғам қайраткері.

3 наурыз 1931 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген. Қазақ әйелдер педагогикалық институтының филология факультетін аяқтаған соң, Алматы облысының Жамбыл облысы, Октябрь орта мектебінде мұғалім; ҚазССР-інің Орталық комсомол комитетінде мектеп бөлімі меңгерушісі; Алматы облыстық Комсомол комитетінің хатшысы; ҚазССР жоғары және орта білім министрінің орынбасары; Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институтының ректоры; кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми зерттеу бағыты: халықтық білім беру тарихы мәселелері, Қазақстандағы әйелдер білімінің дамуы.

Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты, Ресей және Грузия Ғылым Академиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, ҚазССР Жоғары Кеңесі грамоталарымен, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған. ҚР дара зейнеткері. 

 

К. Құнантаеваның ғылыми еңбектері
Научные труды К. Кунантаевой

Кітаптар – Книги

Құнантаева, К. Оқушылардың оқудан тыс бірлестіктері: мұғалімдер мен тәрбиешілерге арналған көмекші құрал / К. Құнантаева. - Алматы : Мектеп, 1970. - 91 б.
Құнантаева, К. Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмыстары / К. Құнантаева, І. Халитова. - Алматы : Ы. Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2001. - 105 б.

***

Кунантаева, К.К вершинам знаний: (развитие женского образования в Казахстане, 1920-1977 гг.) / К. Кунантаева. - Алма-Ата : Казахстан, 1978. - 136 с.

 

К. Құнантаеваның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках К. Кунантаевой

 

Құнантаева, К. Абайдың қара сөздеріндгі педагогикалық ой-пікірлер / К. Құнантаева, И. Халитова // Ақиқат. - 1994. - № 4. - Б. 70-73.
Құнантаева, К. Қазақстанда әйелдердің білім алу мәселесі: [білім беру тарихынан] / К. Құнантаева // Бастауыш мектеп. - 1999. - № 8-9. - Б. 4-6.
Құнантаева,  К. Мақтан етер жерлесіміз / К. Құнантаева,  Ә. Бакаев // Дидар. - 2006. -  6 мамыр. -  Б. 2.
Құнантаева, К.  Ә.Тәжібаев шығармаларындағы еңбек алыптарының өнегелі істерін дәріптеу арқылы жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу / К.  Құнантаева, А. П. Мақашева // Бастауыш мектеп. - 2009. - № 3. - Б. 21-24.
Құнантаева, К. Бәсекеге қабілетті қоғамның негізі - сапалы білім / К. Құнантаева, А. Б. Алшымбаева // Бастауыш мектеп. - 2007. - № 1. - Б. 3-4.
Құнантаева, К. Ұлттық этнопедагогика ғылымының негізін салушылардың бірі - Серғазы Қалиұлы / К. Құнантаева // Қазақстан мектебі. - 2009. - № 5. - Б. 31-32.
Құнантаева, К. "Қазақстан - 2050" стратегиясы - еліміздегі білімді дамытудың жолы  / К. Құнантаева, М. Садықова // Бастауыш мектеп. - 2013. - № 1-2. - Б. 3-4.

***

Кунантаева, К. Развитие педагогических колледжей в Республике Казахстан (1970-2000) / Кунантаева К., Жусупова Д.  // Поиск.Серия гуманитарных наук. - 2000. - №4-5. - 2000. - С. 142-149

 

К. Құнантаеваның өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности К. Кунантаевой

Кітаптар – Книги

Қапанов, Б. Нәрін, дарын, бәрін берген - туған жер: очерктер / Б. Қапанов. -  Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - Күләш  Құнантаева : б. 377.
Қазақстан ғылымы: энциклопедия / бас ред. Б. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2010. - Құнантаева Күләш: б.108.
Сыдықов, М. Терістаңбалы шежіресі: тоғыз таңбалы найман / М. Қ. Сыдықов. - Павлодар :  Сытин, 2013. -  694 б. - Күләш Құнантаева: б. 649-650.
Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Құнантаева Күләш: б. 485. 
Мүсіреп, Ғабит( Габидұлла Мүсреп). Тоғызыншы территория / Ғ. Мүсіреп. - Алматы : Тоғанай Т, 2024. - 320 б. - Күләш Құнантаева: б. 168-172.

    

Мақалалар – Статьи

 

Халитова, І. Ұстаз-ғалым / І. Халитова // Бастауыш мектеп. - 2000. - № 10. - Б.12.-13.
Халитова, І. Ғылымның қия жолында / І. Халитова // Қазақстан мұғалімі. - 2001. - 28 ақпан. - Б. 8.
Зайкенова, Р. Күләш - қазақтың мақтан тұтар қызы / Р. Зайкенова // Ұлан таңы. - 2009. - 1 қаңтар. - Б. 2.
Бөлеев, Қ. Ұлт мектептерінің ұлы мұраты / Қ. Бөлеев, Л. Бөлеева, П. Бөлеева // Қазақстан мектебі. - 2013. - № 8. - К. Құнантаева: б. 27-31.
Халитова И. Ұлағатты ұстаз / И. Халитова // Айқын. - 2016.- 14 маусым (№ 86). - 6

Сманов, Б. Ұланнан шыққан ұлағат иесі : мерейтой иесі Күләш Құнантайқызы туралы бір үзік сыр / Б. Сманов // Егемен Қазақстан. - 2021. - 3 наурыз.- Б.13

Мусин, Д. Органикалық өнімдер экономикадан өз орнын алуы тиіс / Д. Мусин. - Мәтін // Егемен Қазақстан. - 2021. - 4 наурыз.- Б.3.

Ұзақбаева, С. Ұлтының ұлағатты тұлғасы: [Куляш Құнантаева туралы]  / С. Ұзақбаева  // Қазақстан мектебі. - 2021. - №3. - Б. 47-49.
Булакбаева, М. Тегіне тартар қыз бен ұлың: [Куляш Құнантаева туралы] / М. Булакбаева // Қазақстан мектебі. - 2021. - №3. - Б. 49-51.

***

Биржанова, К. Куляш Кунантаева свою жизнь посвятила служению народу и стране : [о памяти Куляш Кунантаевой — первой женщины-доктора педагогических наук в Казахстане, внёсшей вклад в развитие педагогики и образования] / К. Биржанова // Казахстанская правда. - 2025. - 10 октября : ил.

 

 Интернет ресурстар
 Интернет ресурсы

 

Биржанова, К. Куляш Кунантаева свою жизнь посвятила служению народу и стране [Электроный ресурс]: // Казахстанская правда. : сайт. - Режим доступа :  https://kazpravda.kz/n/kulyash-kunantaeva-svoyu-zhizn-posvyatila-sluzheniyu-narodu-i-strane/

Құрманбаева Ш. Қ.

kurmanbaevaҚұрманбаева Шынар Қапантайқызы (1970 ж.) - педагог, филолог-ғалым.

Шығыс Қазақстан Облысы, Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, кейін Карадениз техникалық университетінде магистратураны аяқтайды (Түркия).

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да тағылымгер-зерттеушіден профессорға дейінгі қызмет жолын атқарған. Әр жылдары аталған ЖОО-да түрлі құрылымдық бөлімдерге жетекшілік еткен: кафедра меңгерушісі, магистратура бөлімінің меңгерушісі, филология факультетінің деканы.

Негізгі ғылыми бағыты: түркология, әдістеме. 180-нен астам ғылыми еңбектің, соның ішінде монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтардың авторы. Республиканың жетекші  ғылыми орталықтарынан ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен: Абай атын. ҚазҰПУ, ҚМЭБИ (КИМЭП), Ю. Емре түрік мәдениет орталығы. "ШҚО туристік орындарына лингвистикалық елтанушылық саяхат" кешенді ғылыми жобаны жасауға қатысып,  жүзеге асырушының бірі.

Мемлекеттік марапаттары: "Жыл әдіскері-2013", "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2013", "Тіл жанашыры" құрмет белгісі.

Ш. Құрманбаеваның ғылыми еңбектері

Научные труды Ш. Курманбаевой

 Кітаптар – Книги

Құрманбаева, Ш. Қазақша үйренеміз [Мәтін] : оқу құралы / Ш. Құрманбаева. - Өскемен : Жастар, 2004. - 176 б.

Құрманбаева, Ш. Қазақ тілі [Мәтін] : экология мамандығына арналған тереңдете оқыту құралы / Ш. Құрманбаева. - Алматы : Қазығұрт, 2013. - 128 б.

Құрманбаева, Ш. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері [Мәтін] : педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Ш. Құрманбаева. - Алматы, 2009. - 44 б.

Авторлармен бірігіп шығарған кітаптары

Книги, вышедшие в соавторстве

Құрманбаева, Ш. Қазақ тілі [Мәтін] : ақпараттық технология және энергетика мамандығына арналған оқу құралы / Ш. Құрманбаева, А. Мұратбекова. - Алматы : Қазығұрт, 2013. - 248 б.

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

Құрманбаева, Ш. Фонетикалық дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары [Мәтін] / Ш. Құрманбаева // Қазақстан мектебі. - 2004. - № 4. - Б. 70-71.

Құрманбаева, Ш. Мемлекеттік тілді жеделдетіп үйретуде тұлғалық қарым-қатынас әдісін пайдалану [Мәтін] / Ш. Құрманбаева// ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Серия филологическая. - 2005. - № 7. -Б. 172-174.

Құрманбаева, Ш. Мемлекеттік тілді жеделдете оқытуда грамматикалық формулаларды қолдану [Мәтін] / Ш. Құрманбаева // Қазақ тілі : әдістеме. - 2006. - № 1. - Б. 2-7.

Құрманбаева, Ш. Ғаламдастыру жағдайында филологиялық білім берудің өзекті мәселелері [Мәтін] / Ш. Құрманбаева // Шығыс дарыны. - 2013. - № 2. - Б. 15-16.

Құрманбаева, Ш. Қазақ тілін ересектерге жеделдете оқытуда қолданылатын интерактивті технологиялардың бірі - қатысымдық ойындар [Мәтін ] / Ш. Құрманбаева // Қазақ тілі : әдістеме. - 2014. - № 4. - Б. 3-6.

Құрманбаева , Ш. Алтай Аманжолов мұралары мұқият зерттеуді қажет етеді [Мәтін] / Ш. Құрманбаева // Дидар. - 2015. - 9 ақпан.- Б. 4.

Құрманбаева , Ш. Лингвоелтанымдық материалды тиімді ұсыну жолдары [Мәтін] // Үлкен Алтай әлемі = Мир большого Алтая = World of the Great Altay. - 2015. - № 1.- Б. 244-248.

Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. -Құрманбаева Шынар Қапантайқызы: б. 486.      

Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2016. - Құрманбаева Шынар Қапантайқызы: б. 82.

Шынар Қапантайқызы - ғылым докторы [Мәтін] // Дидар. - 2009. - 13 сәуір.-Б. 4.

Құрманбаева Ш. А.

KurmanbaevaSHҚұрманбаева Шырын Асылханқызы (1958 ж.) – саяси ғылымдар докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасы-демография ісі саясаты Ұлттық комиссиясының мүшесі, РФ Саяси ғылымдар академиясының мүшесі, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің ректоры.

1958 жылы 10 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында орта мектепті бітіреді. 1980 жылы С.М.Киров атындағы (қазір әл-Фараби атындағы ҚазМУ) Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін аяқтайды. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітіреді. 1980-1982 жж. – Семей зооветеринария институтының ассистенті, 1982-1998 жж. – зерттеуші, оқытушы, аға оқытушы, Семей ет және сүт өнімдері технологиялық институтының доценті. 1998-2000 жж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясы Семей филиалының директоры. 2000-2002 жж. – Семейдің "Қазақ гуманитарлық-заң университетінің» директоры. 2007-2009 жж. – М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің президенті. 2009 ж. бері – Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің директоры.

2 монография, 10 оқу құралы, 100 ден аса ғылыми мақала авторы.

Республика және аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 2004 жылдан бері - ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасы-демография ісі саясаты Ұлттық комиссиясының мүшесі. 2006 жылдан бері – «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 2007 жылы – «Нұр Отан» партиясының қоғамдық штабында заманауи сайлау технологиясын пайдалану жөніндегі кеңесші. 2008 жылдан бері – «Нұр Отан» партиясы Семей филиалының партия ұйымы саяси кеңесінің мүшесі. 1999-2005 және 2010 жж. Н.Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне сайлау жөніндегі қалалық және облыстық қоғамдық штабтардың саяси кеңесшісі. «Нұр Отан» ХДП Семей филиалы жанындағы ИПГ құрамында Президент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге қатысады. Облыс көлемінде қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырады: жетімдер, тұрмыс-жағдайы нашар және мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көмегін береді.

«Шапағат» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» (2011 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдары (2015 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты (2001 ж.), «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін » белгісімен марапатталды (2007 жг.). «Қазақстан әйелі   - 2010» республикалық тележобасының «Ұлағатты ұстаз» номинанты (3 наурыз 2010 ж.).

«Ғылым және білім» номинациясы бойынша «Ажар» Ұлттық сыйлығының иегері (2003 ж.). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2004 ж.), РФ Саяси ғылымдар академиясының мүшесі (2007 ж. бері), ШҚО Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы (2015 ж).

 

Ш. А. Құрманбаеваның ғылыми еңбектері

Научные труды Курманбаевой Ш. А.

Кітаптар – Книги

Құрманбаева, Ш. А. Қазақстандағы саяси жүйе трансформациясы барысында сайлау технологияларының дамуы [Мәтін] : саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Ш. А. Құрманбаева. - Алматы, 2002. - 54 б.

Ш. А. Құрманбаеваның қатысуымен шыққан басылымдар

Издания, вышедшие при участии Курманбаевой Ш. А.

"Әуезов шығармашылығы және мәдениеттер диалогы" халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының матариалдары [Мәтін] : 28-29 қыркүйек 2007 ж. 1-том / [жалпы ред. басқ. Ш. А. Құрманбаева ; ред. алқа: А. С. Еспенбетов ж. б.]; ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ; Шығыс Қазақстан обл. әкімдігі; М. О. Әуезов атын. Семей ун-ті .- Семей, 2007. - Мәтіні қазақ, орыс және ағылш. тілд. . Библиогр. мақала соңында. - 355 б.

Демократия салтанаты [Мәтін] : 100 күннің хроникасы / құраст.: Е. Сыдықов, А. Еспенбетов, Ш. А. Құрманбаева. - Семей, 2011. - 468 б.

Ш. А. Құрманбаеваның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Курманбаевой Ш. А.в периодических изданиях и сборниках

Құрманбаева, Ш. А. Заңгерлерді даярлайтын оқу орны. [Мәтін] : [Семей қаласында ашылған Қазақ Мемлекеттік Заң университетінің филиалы туралы] / Ш. А. Құрманбаева // Семей таңы. - 1999. - 3-9 маусым. - Б. 8.

Құрманбаева, Ш. А. Әлемдік қолданыстағы сайлау жүйелері : қолайлы және осал тұстары [Мәтін] / Ш. А. Құрманбаева // Саясат (Политика). - 2002. - № 6. - Б. 70-72.

Құрманбаева, Ш. А. Әйел және қоғам [Мәтін] / Ш. А. Құрманбаева // Ақиқат. - 2004. - № 5. - Б. 74-76.

Құрманбаева, Ш. А. Мынау дүниеде жақсылық жасағаннан артық ештеңе жоқ [Мәтін] : [ректор, ғалым, қоғам қайраткерімен сұхбат] / Ш. А. Құрманбаева; сұхбаттасқан М. Иманғали // Дидар. - 2011. - 5 наурыз. - Б. 5.

***

Курманбаева, Ш. А. У государственного юридического конкурентов нет [Текст] : [беседа с директором Семипалатиского филиала Казах.ГЮУ] / Ш. А. Курманбаева // Голос народа. - 1999. - 3 марта. - С. 3.

Курманбаева, Ш. А. Отличительные черты, методы и технологии организации и проведения избирательных кампаний в республике Казахстан [Текст] / Ш. А. Курманбаева // Шәкәрiм атын. Семей мем. ун-тiнiң Хабаршысы = Вестник Семипалатинского гос. ун-та им.Шакарима. - 2000. - № 4. - С. 181-183.

Курманбаева, Ш. А. Специфика политических избирательных технологий на постсоветском пространстве [Текст] / Ш. А. Курманбаева // Шәкәрiм атын.Семей мем. ун-тiнiң Хабаршысы = Вестник Семипалатинского гос. ун-та им. Шакарима. - 2000. - № 4. - С. 183-186.

Курманбаева, Ш. А. Выборы и избирательные технологии в Кыргызстане [Текст] / Ш. А. Курманбаева // Оқыту технологиясының трансферi : қоғамдық ғылымдардың өзара шартты байланысы : халықаралық ғыл.-практ. семинар материалдарының жинағы = Сборник материалов Междунар. науч.-практ. семинара (18-22 июня 2001 г.) / гл. ред. Е. Б. Садыков. - Семипалатинск, 2001. - С. 88-94.

Курманбаева, Ш. А. Некоторые вопросы теории избирательных систем современности [Текст] / Ш. А. Курманбаева // Высшая школа Казахстана. - 2002. - № 3. - С. 203-210. - Библиогр.: 5 назв.

Курманбаева, Ш. А. О становлении избирательной системы в Республике Казахстан [Текст] / Ш. А. Курманбаева // Евразия. - 2002. - № 3. - С. 70-80.

Курманбаева, Ш. А. Отличительные черты современных выборов [Текст] / Ш. А. Курманбаева // Саясат. - 2002. - № 3-4. - С. 92-95.

Курманбаева, Ш. А. Женщины в системе общественной власти [Текст] / Ш. А. Курманбаева // ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Саясаттану сериясы. Мәдениеттану сериясы. = Вестник КазНУ. Серия философия. Серия политология. Серия культурология. - 2004. - № 2. - С. 21-24. - Библиогр.: 12 назв.

Курманбаева, Ш. А. Конституция как основа политического консенсуса [Текст] / Ш. А. Курманбаева // ҚазҰУ хабаршысы. Саясаттану сериясы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы. = Вестник КазНУ. Серия политология. Серия философиия. Серия культурология. - 2005. - № 2. - С. 59-61. - Библиогр.: 5 назв.

Курманбаева, Ш. А. Следуя традициям восточной мудрости [Текст] : о политической стабильности в Казахстане / Ш. А. Курманбаева // Казахстанская правда. - 2005. - 25 мая. - С. 2.

Курманбаева, Ш. А. Новый шаг на пути к процветанию [Текст] : [об университете "Семей" им. М. Ауэзова] / Ш. А. Курманбаева // Рудный Алтай. - 2007. - 12 июля. - С. 4.

Курманбаева, Ш. А. Штрихи к портрету современной женщины [Текст] / Ш. А. Курманбаева // Казахстанская правда. - 2008. - 8 марта. - С. 8.

Курманбаева, Ш. А. Женщина-лидер - это современно [Текст] : вопросы гендерного равенства / Ш. А. Курманбаева // Казахстанская правда. - 2010. - 20 августа. - С. 6.

Курманбаева, Ш. А. Знак равенства [Текст] : гендерные знания успешно внедряются в систему образования / Ш. А. Курманбаева // Литер. - 2011. - 18 февраля. - С. 4.

Курманбаева, Ш. А. Динамика развития терроризма и его современное состояние [Текст] / Ш. А. Курманбаева // ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Саясаттану сериясы. Мәдениеттану сериясы. = Вестник КазНУ. Серия философия. Серия политология. Серия культурология. - 2013. - № 3. - С. 69-77.

Курманбаева, Ш. А. Ключевые ориентиры [Текст] : [о деятельности Казахского юридического инновационнного университета в рамках программы "Стратегия-2050"] / Ш. А. Курманбаева // Вести Семей. - 2013. - 8 января. - С. 2.

Курманбаева, Ш. А. Суверенному Казахстану - сильный военнообученный резерв [Текст] / Ш. А. Курманбаева // Айбын. - 2015. - № 1. - С. 25-28.

Авторлармен бірігіп шығарған мақалалары

Статьи, вышедшие в соавторстве

Құрманбаева, Ш. А. Дамудың дара жолы [Мәтін] = Ұстаздар қауымы Елбасы назарында : Қазақстан -2050 : Мәңгілік ел / Ш. А. Құрманбаева, Г. Құнафина // Семей таңы . - 2014. - 4 ақпан. - Б. 2.

Ш. А. Құрманбаева туралы әдебиеттер

Литература о Курманбаевой Ш. А.

Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 [Текст] : анықтамалық . Т. 2. - Алматы : Золотой теленок, 2006 – Курманбаева Шырын Асылхановна: с. 419.

Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. Т. 2 : Қ-Я / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2010. - Құрманбаева Шырын Асылханқызы: б. 110.

Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2 : Қ-Я. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - Құрманбаева Шырын Асылханқызы: б. 82-83.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Құрманбаева Шырын Асылханқызы: б. 486-487.

Түйебаев, М. Ұстаз, ғалым, қайраткер [Мәтін] : [Ш. А. Құрманбаева туралы] / М. Түйебаев // Дидар. - 2008. - 8 қараша. - Б. 6.

Маликов, К. Хрупкая, но сильная женщина [Текст] / К. Маликов // Рудный Алтай. - 2008. - 8 ноября. - С. 3.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

http://www.kazguiu.kz/ru/o-rektore/

http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31379315#pos=13;-86

http://alashainasy.kz/omir/shyiryin-asyilhankyizyi-kurmanbaeva-57168/

http://procella.ru/index.php?do=person&view=4926

https://kk.wikipedia.org/wiki/Құрманбаева_Шырын_Асылханқызы

Құсанова Ш.

Кусанова Шагила Акимбаевна - Ветеран Великой Отечественной войны

Құсанова Шағила Әкімбайқызы(1923-2019) - Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих ғылымдарының докторы (1978), гуманитарлық ғылымдар академигі.

1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында туған. Ата-анасынан ерте айырылған Шағила Әкімбайқызы жетімдік пен жалғыз­дықтың ащы дәмін ерте татты. Балалар үйі мен интернатта тәрбиеленді. Табиғатынан қайсар, жаратылысы­нан табанды жан тағдырдың сал­ған тауқыметіне мойынсұнбай орта мектепті бітірген соң, Алматы қа­ласындағы Киров атындағы Қа­зақ мемлекеттік университетінің тарих және филология факультетіне оқуға түседі. Бұл Шағила Әкімбайқызы үшін ғылым­ның даңғыл жолындағы алғаш­қы баспалдақ еді. Алайда, ол уни­вер­ситеттің бірінші курсын бітірген 1941 жылы маусым айында фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына қарсы соғыс ашады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде елімізден ер-азаматтармен қатар, қазақ қыздары да өз еріктерімен майданға аттанған қыздардың қатарында Шағила Әкімбайқызы да болды. Әрине, қайсарлық пен қайраттылыққа өмірдің өзі тәрбие­леген Шағила Әкімбайқызының сол бір ел басына күн туған қиын-қыстау заманда басын өлімге тігіп, Отанды жаудан қорғауға аттануы, үлкен ер­лік еді.

1941 жылдың қыркүйек айында Ташкентте қысқа мерзімді байланыс­шылар курсынан өткеннен кейін, жел­тоқсан айында Қырым майда­нын­­дағы Керчь қаласын азат етуге қа­­тысқан десант­тық әскер құрамында болды. 1942 жылдың мамыр айында 14-атқыштар дивизиясы құрамында Дон майданындағы, Степной және Ста­линград майдандарындағы қанды шайқастарға қатысты. Сталинград түбіндегі жеңістен соң, 14-атқыштар дивизиясы Оңтүстік-Батыс, І және ІІ Украин майдандары құрамына енгізілді.

Гвардиялық атқыштар дивизиясының сержанты Шағила Құсанова Румыния, Польша, Чехославакияны азат етуге бағытталған батыл шайқастарда да майдандастарымен бірге Ұлы Жеңісті жақындата түсу үшін ерліктің тамаша үлгілерін танытты. Осылайша қайсар мінез иесі «Жауынгерлік еңбектері үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Қаһармандығы үшін» және т.б. медаль-ордендерімен марапатталды.

Ұлы жеңісті Берлинде қарсы алған Шағила Әкімбайқызы – сұрапыл соғысты, өлім мен өмір арасындағы қыл көпірді әрбір секунд сайын бар болмысымен сезініп, санасымен түйсінген қазақ жауынгері. Шағила Әкімбайқызы соғыстан кейін оқуын қайтадан жалғастырады. Кейін­нен үлкен ғылым жолына түсіп, канди­дат­тық, докторлық диссертация қорғап, ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еңбек етті. Бірқатар монография мен жүз елуден астам ғылыми еңбектердің авторы. Ол – бірнеше ғылым докторы мен кандидаттарын даярлаған танымал ғалым, ұлағатты ұстаз. 1981 жылы педагогикалық саладағы үздік еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Ал 1995 жылы «Құр­мет» ордені иегері атанды. Өз шәкірттерін ғылым жолына бағыттағанда олардың жан-дүниесіне терең бойлай отырып, оларда адами болмыстың дұрыс қалыптасуына да ерекше көңіл бөледі. Оларға өз тәлім-тәрбиесін беруден еш аянған емес. Шағила Әкімбайқызы мен отағасы Асылғазы Бекбайұлы үш бала тәр­биелеп, өсірді. Абай елінің тумасы Асылғазы Бекбайұлы кезінде мәде­ниет саласында бірқатар лауазымды қызметтер атқарған мемлекеттік қайраткер, Ұлы Отан соғысы ардагері. 14 қаңтар 2019 жылы қайтыс болған.

.

Ш.А. Құсанованың ғылыми еңбектері

Научные труды  Ш.А. Кусановой

Кітаптар – Книги

 

Кусанова, Ш.А. Укрепление аульных и сельских партийных организаций в Казахстане в период коллективизации [Текст] / Ш.А Кусанова. - Алма-Ата, 1958.- 34 с.

Кусанова, Ш. А.   Укрепление аульно-сельских партийных организаций и их роль в развертывании массового колхозного движения в Казахстане (1929-1930гг.) [Текст] : дис. на соиск. учен. степ. канд. ист. наук / Науч. рук. А. Б. Турсунбаев; КазГУ им. С. М. Кирова ; Алматы. - Алма-Ата, 1962. - 199 c.

Кусанова, Ш.А. Партийное руководство деятельностью массовых организаций трудящихся.- Алма-Ата, 1976.- 180с.

Кусанова, Ш.А. Партийное руководство деятельностью массовых организаций трудящихся [Текст] : (На материалах Казахстана, 20-30-е гг.) [Текст] / Ш. Кусанова. - Алма-Ата : Казахстан, 1976. - 180 с.

Кусанова, Ш. А. Руководство КПСС деятельностью массовых организаций трудящихся Казахстана в период создания фундамента социализма (1926-1932 гг.) [Текст] : автореферат / Кусанова Ш.А. - Алма-Ата, 1977. - 35 с

Кусанова, Ш.А. Григорий Федорович Дахшлейгер - гуманист, интеллектуал, ученый-историк, человечный Человек.- Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер; Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер; Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер; Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер; Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер; // Дахшлейгер Григорий Федорович/ Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер.- Алматы, 2009.- С.113-115.

 

Мақалалар

Статьи

Кусанова Ш.А. Партийное руководство развитием социальной активности рабочих промышленных предприятии Казахстана (1971-1975гг.) [Текст] / Кусанова Ш.А. // Деят.КП Казах-на по повыш.труд.и общ.-полит.актив.масс в услов.раз.соц. - 1976. - С.12-21. - б. . - 15.

Кусанова, Ш. А.  Судьба и жизнь [Текст] / Ш. А. Кусанова // Столичное обозрение. - 1998. - 10 апр.. - С. 22.

 

Ш. А. Құсанова туралы әдебиет

Литература о Кусановой Ш.А

Қойгелдиев, М. Ғалым,педагог, қайраткер [Мәтін] : [Ұландық жерлесіміз ,профессор Ш.Құсанова туралы үзік сыр] / Қойгелдиев М., Қаратаев Т. // Егемен Қазақстан. - 1998. - 14 сәуір.

Салықбаева, Н. Өр ұрпақтың өкілдері [Мәтін] / Салықбаева Н. // Ұлан таңы. - 2004. - 7 ақпан. - Б. 2.

Қинаятқызы, С. Ержүрек қыз Шағила [Мәтін] / С. Қинаятқызы // Ұлан таңы. - 2009. - 9 мамыр. - Б. 2.

Қазақ әйелі қаһарман [Мәтін] : [бір топ қазақ әйелдерінің өшпес ерліктері жайлы] // Аудан тынысы. - 2010. - 7 мамыр. - Б. 5.

***

Пока бьется сердце [Текст] : сборник очерков. - Алматы : Жибек жолы, 2005. - 184 с.

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

 

Кусанова, Ш. А. [Электронный ресурс] : [видеообращение к потомкам] // Победители : сайт. – Режим доступа : https://tengrinews.kz/pobediteli/video/?page=2#video17 (18.10.2019)

Кусанова, Ш. А. Герои победы. Ветеран Великой Отечественной войны [Электронный ресурс] : [видео, интервью] Массагет : сайт. – Режим доступа : https://massaget.kz/video/klipter/141/ (18.10.2019)